Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы қосылған құн салығы

0

Мазмұны

Кіріспе
І. Қосылған құн салығының экономикадағы мәні және мазмұны.
1.1 Қосылған құн салығының экономикалық мазмұны
1.2 Қосылған құн салығының жекелеген шет мемлекеттердегі алыну механизмін талдау
ІІ. Қазақстан Республикасындағы қосылған құн салығының қызмет ету механизмін талдау
2.1 Қосылған құн салығын есептеу механизмі
2.1 Қосылған құн салығының бюджет жүйесіндегі алатын орны
ІІІ. Қосылған құн салығының алыну мәселелері және дамыту перспективалары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстан Республикасы XXI күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ол үшiн елде тұрақты экономикалық өсу және соны жүзеге асыру үшiн экономикалық жүйелердiң тиiмдi қызмет етуi болып табылады.
Тақырыптың өзектiлiгi бүгiнгi таңда мемлекеттiң негiзi экономика болса, ал экономиканың негiзi қаржы және бюджет болғандықтан, және дамыған мемлекеттердің тәжіриебесі көрсеткендей нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің негізгі қаржы тірегі салықтар болғандықтан, салықтардың ішінде бюджетте маңызды орын алатын қосылған құн салығын қарастыру ерекше өзекті болып саналады.
Жұмыстың зерттеу пәні болып- Қазақстан Республикасындағы қосылған құн салығы .
Курстық жұмыстың басты мақсаты — жанама салықтардың ішіндегі негізгі салық болып табылатын, қосылған құн салығының мәні, Қазақстан Республикасындағы қалыптасуы мен қазіргі жағдайы, сонымен бірге алыну мәселелерін талдап, бюджеттегі орнын ашып көрсету және жетілдіру жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың әрбір бөліміне сипаттама жасап кететін болсақ, бірінші бөлімде қосылған құн салығының мәні,Қазақстандағы дамуы және қалыптасуы жайлы,
экономикаға тигізетін ықпалы және алыну механизмі жайлы мәселелер талқыланған.
Екінші бөлімде, қосылған құн салығын бюджетпен өзара қатынасы жайлы Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы » Заңындағы өзгерістері айтылған, және ҚҚС есептеген кезде кездесетін кейбір мәселелері туралы баяндалған.
Үшінші бөлімнің мазмұны келесідей: қосылған құн салығының дамыған елдердегі іс-тәжірибесі жайлы баяндалған, қосылған құн салығының салық жүйесіндегі орны жайлы сұрақты талдау негізінде біздің тарапымыздан салық саясатын тұрақтандыруға байланысты ұсыныстар беруге тырыстық.
І. Қосылған құн салығының экономикадағы мәні және мазмұны.
1.2 Қосылған құн салығының экономикалық мазмұны
Әлемдік тәжірибеде жанама салықтардың келесідей түрлері бар:
1. айналымға салынатын салық
2. сатудан алынатын салық
3. қосылған құн салығы
4. акциздер
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында жанама салықтардың 2 түрі бар: қосылған құн салығы және акциз. Осылардың ішіндегі ең маңыздысы 1992 жылы енгізілген қосылған құн салығы болып табылады. Бұл салық бюджет кірістерін құрайтын салықтық түсімдердің ішіндегі негізгі салықтардың бірі.
Ресей экономикалық ғылымының докторы, профессор Д.Г Черниктің пікірінше ҚҚС — бұл өндіріс пен айналымның барлық сатыларында пайда болатын қосылған құннның 1 бөлігін бюджетке аударуды білдіреді,және сатылған өнім (тауар,жұмыс,қызмет) құны мен шығындарының құнының айырмасы ретінде сипаттайды.
Экономикалық ғылымдардың кандидаты Б.Ж. Ермекбаеваның тұжырымдауы бойынша ҚҚС – тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды білдіреді.
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексі ( Салық Кодексі ) бойынша қосылған құнға салынатын салық деп тауарларды өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салынатын салық айналымының құнының бір бөлігі бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды айтады.
Бұл салықтың ерекшелігі – оның салық салынатын объектісі сатудан ( өткізуден ) түскен бүкіл түсім – ақша емес, тек салық салынатын айналым мен салық салынатын импорты қамтитын қосылған құн болып табылатындығында. Қосылған құн салығы дүние жүзінің 40-тан астам елінде соның ішінде Еуропа Экономикалық Одаққа мүше 17 елінде пайдаланылады. Бұл салықтың артықшылығы келесіде:
— төлеушілер үшін салықты есептеу салыстырмалы қарапайым;
— бағалардың өзгеруіне, төлеушінің қаржылық ахуалына қарамастан мемлекет бюджетінің кірістерін қалыптастыруының сенімді және тұрақты базасын қамтамасыз етеді.
2004 жылы қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджет кірістеріндегі үлес салмағы 20,8 пайызды құрады.
Қосылған құн салығы өндірістің әр кезеңінде құрылатын құн өсімінің бір бөлігін бюджетке аударады. Қазіргі уақыттағы қосылған құн салығын есептеу механизмі қосылған құнды анықтауды қажет етпейді. 1997 жылдан бастап егер келесідей шарттар орындалатын болса, қосылған құн салығының төленген сомасы есепке алынады:
— сатып алынған ( импортталатын ) тауарлар кәсіпкерлік қызметте қолданылады;
— сатып алынған тауарлар шот-фактурамен рәсімделіп, онда қосылған құн салығының сомасы жеке бір жолда көрсетілуі тиіс;
— салық төлеушілер қосылған құн салығы бойынша есепте тұруы қажет.
Қосылған құн салығының ынталандырушы қызметі тауарды өткізу мақсатында нольдік ставка және жеңілдіктер беру құралдарын қолдану арқылы көрініс табады. 1992 жылы қосылған құн салығының ставкасы 28 пайыз болып бекітілді. Өндірістің құлдырауы кезінде, инфляция жағдайында, сұраныстың төлем қабілетілігінің төмендеуі барысында бұл ставка жоғары болып табылатын. Сондықтан да соңғы тұтынушыға түсетін салық ауырпалығы өте жоғары болып келді. Сол кездегі қосылған құн салығының төлеу механизмінің кемшілігі – шикізат және материалдар үшін қосылған құн салығын төлеу мерзімі мен дайын өнім өткізуден алынатын табыс уақыты сәйкес келмеу нәтижесінде кәсіпорынның айналым қаражаттарын қолдануды қажет етті.
Экономиканың барлық секторларының жағдайын жақсарту мақсатында еліміздің салық жүйесіне қосылған құн салығының 1992 жылы енгізілуі келесідей бағыттар бойынша дамуды көздеді:
— салық салу базасының кеңейтілуін, яғни салыстырмалы түрдегі төмендетілген ставкалар енгізілуі негізінде мемлекеттік бюджетті толықтыру;
— бюджеттің кіріс бөлігінің салықтық түсімдерін инфляциялық құнсызданудан қорғау;
— экономиканың тұрақсыздығы жағдайында кірістердің тұрақты қайнар көзін қамтамасыздандыру;
— 1995-1996 жылдары болған тауар тапшылығын жою.
Қосылған құн салығының еліміздің салық жүйесіндегі дамуының келесі бір кезеңінде нольдік және 20 пайыздық ставкасынан басқа 10 пайыздық ставка енгізілді. Бұл ставка бірінші қажеттіліктегі тауарларды импорты мен өткізу айналымына қолданылады. Сонымен қатар, газет-журнал өнімдеріне, дәрі-дәрмек заттарының және балалар шығармашылығы баспасы қосылған құн салығынан босатылады.
Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің кемшіліктерін атап кетпес бұрын келесідей екі жағдайды анықтау қажет. Ол ең алдымен:
1. салық заңнамасының жиі өзгертілуі салық төлеушілерді ғана емес, салық мамандарының да қызметіне кедергі жасайды.
2. салық заңнамасының нормаларын орындауды қамтамасыз ететін жалпы сипаттағы қосымша ақпараттың жоқтығы.
Қосылған құн салығын қолданатын елдер келесідей мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді:
— мемлекеттік табыстардың ұлғаюының кепілдемесі;
— соңғы тұтынушыға салық ауыртпалығын аудару;
— салықтан жалтаруды болдырмау үшін бақылауды күшейту;
— өндірістік циклдің әр этапында табыс ала алу мүмкіндігі.
Қосылған құн салығын механизмін жетілдіру үшін салықтың дифференцияланған ставкаларын орнатуымыз қажет. Олар жоғарлатылған және төмендетілген болып бөлінеді. Төмендетілген салық ставкасы бірінші қажеттіліктердегі тауарларға, ал жоғарлатылған салық ставкасы екінші қажеттіліктегі тауарларға орнатылады. Қосылған құн салығын алуды тауарды сату кезінде әрбір сатушы жүзеге асырып отырады. Алынған сома өзі төлеген қосылған құн салығының көлеміне азайтылады да айырмасы мемлекетке төленеді. Қосылған құн салығы тұтынушыларға күшті әсерін тигізетін болғандықтан оның қолданылуы өлшеніп, талданып жасалумен ерекшелінеді. Одан басқа қосылған құн салығы қоғамда тұтыныланатын барлық тауарлар мен қызметтерге қосылады.
Сол себептен қосылған құн салығы тауардың сатылу бағасына қосылатындықтан оның бағасын ұлғайтады. Әсіресе, бұл Тәуелсіз мемлекеттер Достастығына мүше елдерде және Қазақстанда қосылған құн салығын алу механизмінің әлі де жоғарғы деңгейде болмағандықтан осы елдердің тәжірибесінде кездеседі.
Әртүрлі тауарларға қосылған құн салығын енгізудің нәтижесінде мемлекеттің алатын пайдасы әртүрлі болып келеді. Мұнда сұраныстың икемділігіне тәуелділік көп. Сұраныс икемділігі бірінші қажеттіліктегі тауарларға әсер етпейтіндіктен, басқа тауарлардағы қосылған құн бірінші қажеттілік тауарларға қарағанда жоғары болады. Сұранысы икемсіз тауарларға қосылған құн салығының деңгейі төмен болды. Бұлардың ең маңыздысы бірінші қажеттіліктегі тауарлар. қосылған құн салығының тауарлардағы ставкасының төмен болуы бұл тауарлардың халық үшін өмір сүруге қажеттілігімен түсіндіреді.
1.2 Қосылған құн салығының жекелеген шет мемлекеттердегі алыну механизмін талдау
Өткен тарауларда айтылып кеткендей, Қазақстанның салық жүйесінде 1995 жылдан бастап Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының көптеген елдерінде қосылған құн салығы негізгі салықтардың біріне айналған.Бұл салық 1954 жылы Францияда М.Лоре енгізген болатын. Бұл елдің салық жүйесі негізінен жанама салықтарға басым көңіл бөлді. Қосылған құнға салынатын салық жанама салықтың кеңінен тараған бір түрі болып табылады. Қосылған құнға салынатын салықтар есептеу барысында негізінен төрт әдіс қолданылады:
— тура аддитивтік немесе бухгалтерлік;
— жанама аддитивтік;
— тура шегерім жасау әдісі;
— жанама шегерім жасау әдісі немесе шоттар бойынша есепке жатқызу әдісі.
Егер шартты түрде салық ставкасын Р деп белгілесек, онда төрт әдіс бойынша салықты есептеу формула түрінде мынадай көрініс береді:
1. P (V+m) ҚҚСС
2. PV+Pm ҚҚСС
3. P(B-И) ҚҚСС
4. PB-PИ ҚҚСС
Бірінші және екінші әдістер балансқа негізделген, яғни пайданы анықтау негізінде есептеледі. Үшінші әдіс — өндірілген өнім құнынан жұмсалған шығындарды шегеріп тастағаннан кейін ғана салық сомасы есептеледі. Бұл үш әдісті біртұтас салық ставкасын қолданған жағдайда ғана пайдалануға ғана болады.
Тәжірибеде негізінен төртінші әдіс кеңінен тараған. Бұл әдіс арқылы дифференцияланған салық ставкасы мәміле жасалған сәтте бірден қолданылады, сондай-ақ шот-фактураны толтыру арқылы жасалған мәміле туралы компанияның салық міндеттемелері арқылы ақпарат алып отыруға мүмкіндік туады.
Франциядп табысқа ( пайдаға )және меншікке салынатын салықтардың ставкалары төмендетілген. Қосылған құн салығын төлеуді жасалатын келісім шарттар сипатымен анықталады және салық төлеушілердің қаржылық жағдайы ескерілмейді. Экспорттық операцияларды жасаған және қосылған құн салығын төлеген тұлғалар есептелген салық сомасын қайтарып алуға құқылы. Ал, импорттық операцияларға ел ішіндегі заңнамаға сәйкес салынады.
Қазіргі уақытта салық ставкасы 18,6 пайызға тең. Жоғарлатылған ставка – 22 пайыз. Ол кейбір тауарларға қолданылады: автомобильдер, кино және фото тауарлары, темекі өнімдері, парфюмерия, бағалы былғары бұйымдары. Төмендетілген ставка – 5,5 пайызға тең. Ол азық-түлік тауарларына, ауылшаруашылық өнімдеріне, кітаптарға және дәрі-дәрмектерге қолданылады. Бұл ставка, сонымен қатар, қызмет көрсетулердің кейбір түрлеріне: туристік және мейманхана қызметтеріне жүк және адам тасымалдау қызметтеріне, кәсіпорынның жұмысшыларына берілетін түскі астарға қолданылады. Осы салық бойынша кейбір жеңілдіктер қарастырылған. Мысалы, егер кәсіпорынның алдыңғы қаржылық жылы ішіндегі айналымы 70 мың франктен аспаса, онда қосылған құн салығын төлеуден босатылады. Мұндай жағдайда есепті жылдан кейінгі жылдың басынан бастап қосылған құн салығынан босатылатын режимді пайдаланылады.
Сонымен қатар қосылған құн салығын төлеуден келесідей тұлғалар босатылады:
1. әкімшілік, әлеуметтік, тәрбие, мәдени және спорт саласында жұмыс жасайтын мемлекеттік мекемелер, ауыл шаруашылық өндірісімен айналысатын тұлғалар.
2. білім беру және емдеу ісімен айналысатын тұлғалар
3. жеке білім беру, емдеу, рухани салада қызмет көрсететін тұлғалар.
Қосылған құн салығы ай сайын декларация негізінде бюджетке төленеді. Сондай-ақ тауар айналымының көлеміне байланысты тоқсандық, жылдық салық төлеу кезеңдері заң бойынша қарастырылған.
Кесте 3. Францияның мемлекеттік бюджетінің құрылымы.
Салық түрлері пайыздар Франктер, миллион
Барлығы: 100 1617217
Қосылған құн салығы 41,4 669962
Жеке табыс салығы 18,1 293110
Кәсіпорын пайдасына салынатын салық 10,6 170140
Мұнай өнімдерінен алынатын ішкі салық 7,3 118618
Басқада салықтар 15,2 245120
Салықтық емес түсімдер 7,4 120267
3-кестеде көріп отырғанымыздай, қосылған құн салығы салықтардың ішіндегі жетекші орынды алып отыр. Бұл дегеніміз мемлекеттік бюджет табысының көп бөлігін қосылған құн салығы құрайды.
Қосылған құн салығы Испания аумағындағы тауарлар мен қызметтер бойынша мәмілелерге салынады. Қосылған құн салығын салу барысында …….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!