Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік шығыстар
Мазмұны
Кіріспе 2
I. Мемлекет шығыстарының жалпы сипаты.
1.1. Мемлекеттік бюджет шығыстарының жүйесі 4
1.2. Мемлекеттің жалпы сипаттағы шығыстарын жоспарлау жэне қаржыландыру 10
II. Жалпы мемлекеттік қажеттіліктер мен әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын бюджет шығыстары.
2.1. Қорғаныс шығындары 14
2.2. Әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын мемлекеттік шығындар 17
2.3 Экономиканы қаржыландыруға бюджет шығындары 22
III. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік шығыстар өкілеттігін бөлу саясаты 24
Қорытынды 27
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Мемлекттің шығыстары-бұл мемлекттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен жэне тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттің шығыстары — мемлекеттің қаржы саясатының маңызды шаралары, оның орталықтандырылған жэне орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, элеуметтік, басқару, қорғаныс жэне т.б. функцияларымен тікелей байланысты.
Қайтарылматын негізде бөлінетін бюджет қаражаты бюджет шығындары болып табылады.
Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:
1. мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;
2. тұрақты сипаты жоқ іс сапарларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;
3. мемлекеттің тапсырысқа арналған шығындар — мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында өндірілетін тауарларға мемлекеттік органдардың ақы төлеуі;
4. жеке түлғаларға ақшалай төлемдер — қызметкерлерге еңбегі ұшін ақшалай төлемдерден басқа, ҚР заң актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақшалай нысандағы төлемдермен байланысты шығындар;
5. заңды тұлғаларға субсидиялар — мемлекеттік мекемелер жэне қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңды тұлғаларды өтеусіз жэне қайтарылмайтын негізде қаржыландыру;
6. ресми трансферттер — бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай-ақ ҚР Ұлттық қорына трансферттер төлмге;
7. мемлекеттің міндеттемелерін орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері.
Заңды тұлғаларға субсидиялар нақты саланы немсе қызмет саласын әлеуметтік-экономикалық дамытуміндеттерін іске асырудвщ басқа неғұрлым тиімді тәсілі болмаған реттерде ғана ҚР заң актілерінде көзделген жағдайларда берілуі мүмкін. Заңды тұлғаларға субсидия берудің басым бағыттары орта мерзімді фискалдық саясатпен айқындалады.
I. Мемлекет шығыстарының жалпы сипаты. 1.1. Мемлекеттік бюджет шығыстарының жүйесі.
Мемлекет шығыстарының қүрылымы жэне олардың үлттық табыстагы
үлесі көптеген себептерге байланысты. Бул қоғамдық дамудың кезеңімен қатар, мемлекеттік құрылым да, мемлекеттің сыртқы жэне ішкі саясаты да болып табылады. Мемлекеттік шығыстардың құрылымы мен көлеміне мемлекет сачсаты, экономиканың жалпы деңгейі, халықтың түрмыс жағдайының деңгейі жэне экономикадағы мемлекеттік сектордың көлемі жэне т.б эсер етеді.
Бюджеттің шығындары — қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаттары. Мемлекет функциясының ұлғаюына байланысты шығыстардың құрылымы да өзгереді. Басқару шығыстары артады. Ғылыми техникалық прогрестің өсуіне байланысты мемлекеттің білім жэне ғылымға жүмсалатын шығындары, сонымен қатар элеуметтік қажеттіліктер мен қорғанысқа жұмсалатын шығындары да өседі.
Мемлекеттік қажеттіліктерге біз өз табысымыздан салық төлейміз. Кез келген салық — бул ел қорғанысына, азаматтардың қаіпсіздігі мен әлеуметтік сақтандыруларға жэне т.б қызмет көрсетеді.
Мемлекеттік шығыстар: а) мемлекеттің бар болу фактісімен байланысты, яғни императивтік сипатқа ие; Ъ) нақты уақытта, нақты мемлекеттегі қалыптасқан экономикалық және элеуметтік қатынастарды қалыптастырады;
с) өзінің экономикалық табиғатына байланысты мемлекеттік шығыстардың негізгі қалыптасу көзі жалақы мен табыстардан алынатын салық болғандықтан, ол қоғамдық класстар арасындағы қатынас болып табылады.
сі) негізгі массада жалпы мемлекеттік шығыстар өнімді емес, себебі олар өндірістік процестен шыққан үлттық табыстың үлесі болып табылады. Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:
1. мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;
2. түрақты сипаты жоқ іс шараларды үйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;
3. мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар — мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында өндірілетін тауарларға мемлекеттік органдардың ақы төлуі;
4. жеке түлғаларға ақшалай төлемдер — қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, ҚР заңнамалық актілеріне сэйкес жеке
түлғаларға ақша нысанындағы төлемдермен байланысты шығындар;
5. заңды түлғаларға субсидиялар — мемлекеттік мекемелер жэне қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңды түлғаларды өтеусіз жэне қайтарусыз негізде қаржыландыру;
6. ресми трансферттер — бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне сондай-ақ ¥лттық қорға трансферттер төлеуге жэне мемлекеттік міндеттемелерді орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері.
Заңды түлғаларға субсидиялар нақты саланы немесе қызмет аясын элеуметтік-экономикалық дамыту міндеттерін іске асырудың басқа, неғұрлым тиімді жолдары болмаған кезде ҚР заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда берілуі мүмкін. Заңды түлғаларға субсидия берудің басым бағыты орта мерзімді фискалдық саясатпен айқындалады.
Ресми трансферттердің жалпылама сипаты да, нысаналы мақсаты да болуы мүмкін. Нысаналы сипаты бар трансферттер болып табылады.
Мемлекеттік шығыстар 4 негізгі топқа бөлінеді:
1. Әлеуметтік-мэдени қажеттіліктерге жүмсалатын шығындар;
2. Экономиканы қолдауға жүмсалатын шығындар;
3. Әскери шығынтар;
4. Басқаруға кететін шығындар.
Шығындардың құрылымы сыртқы жэне ішкі факторлардың әсер етуімен өзгереді. Бүл факторлар экономикалық, эскери, элеуметтік, саяси және т.б болуы мүмкін.Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.
Мақсатты бағытталуына байланысты мемлекет шығындары мыналарға бөлінеді:
• қатаң қайтару мен өндіруді кеңейтуге кететін шығындар;
• мемлекеттің ағымдағы шығындары — басқаруға, әскери шараларға,
зейнетақы жэне жэрдемақы жэне т.б төленетін шығындар;
• сақтандыру жэне резервтік қорларды қалыптастыруға жұмсалатын
шығындар.
Эконмикалық мазмунына байланысты:
• жалақы;
• стипендия;
• зейнетақы жэне жэрдемақы;
• медикаменттер;
• түлъшу;
• кеңселік шығындар;
• жиьаз сатып алуға жүмсалатын шығындар;
• ағымдағы жэне капиталды жөндеуге жұмсалатын шығындар т.б.
Территориалдық белгісіне байланысты:
• жалпы мемлекеттік;
• республикалық;
• жергілікті шығындар.
Қалыптасу кәздеріне байланысты:
• бюджеттік қаржыландыру;
• резервтік жэн сақтандыру қорларының есебінен;
• қаржыландырудың несиелік көзіне байланысты.
Шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты мемлекет шығындарын қаржыландырудың екі эдісі бар:
1. Кэсіпорындар мен ұйымдарды қаржыландыру меншікті ресурстары, банк несиелері және кейде бюджеттік қаржы бөлу есебінен жургізіледі;
2. Сметалық — бюджеттік қаржыландыру. Сметалық тәртіппен смта негізінде анықталатын элеуметтік-мэдени шаралар, мемлекетік билік органдарын жэне қорғанысты қамтамасыз етудің қаржыландырады. Сметалық тэртіппен қаржыландырылатын мекеме мен ұйым -бюджеттік деп аталады.
Бюджеттік қаржыландырудың клесі формалары қолданылады:
— дотациялар;
-субвенциялар;
— субсидиялар.
Дотация кезінде ақшалай қаражаттар қайтарымсыз негізде бюджеттен жэне бюджеттен тыс қорлардан кэсіпорындар менұйымдардың жэне жекелеген өндірушілердің залалдары, олардың кірістері мен шығыстары арасындағы алшақтықты жабу үшін бөлінеді.
Субвенция — халықты әлеуметтік қолдау мен басқа да мақсаттардың бағдарламалары мен шараларына мақсатты мемлекеттік қаржылық көмек формасы, мақсатты емес пайдаланылған жағдайда қаражат қайтарымды болады.
Субсидия — іскерлік негізде белгілі бір шараларды қаржыландырудың қайтарымсыздық тәртібімен бюджет, бюджеттен тыс жэне арнаулы қорлар қаражаты есебінен берілетін ақшалай немесе натуралды формадағы жэрдем қаражат.
Трансферттер — бюджет жэне бюджеттен тыс қорлардан белгілі қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қаражаттарды қайта бөлу кезіндегі өтеусіз жэне қайтарымсыз негізде қаражаттардың берілуі. Әдетте, бү_л: элеуметтік сақтандыру мен қамтамасыз ету, жұмыссыздыққа байланысты жэрдемақы, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және т.с.с жүйелерді қамтамасыз етуге төленетін төлемдер.
Мемлекет шығындары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаттары қорларын бөлу мен пайдалану кезінде пайда болатын
мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субьектілермен, министрліктермен, ведомостволармен жэне халықпен қатынасын көрсетеді.
Бюджет шығыстарын қалыптастыру кезінде бюджет арасында бөлу маңызды. Республикалық жэне жергілікті бюджет арасында шығыстар республикалық заң жағдайына сәйкес бөлінеді. Республикалық бюджет республикалық маңызы бар экономикалық-элеуметтік жэне мәдени дамуды қажетті қаражаттармен қаржыландыруды қамтамасыз етеді, ал жергілікті бюджеттер — территорияға сәйкес аналогтық шараларды қаржыландырады.
Республикалық бюджет қаражаттары мемлекеттік билік органдары мен мемлекеттік басқаруды, оның ішінде Президентті, оның аппартын, ҚР Парламентін, Конституциялық кеңесті, Есептік комитетті, Орталық сайлау комиссиясын, ҚР Үкіметін, Мнистрліктерді, Комитетттерді, Агенттіктерді жэне басқа да мемлекеттік басқарудың ортақ функцияларын орындайтын органдарды қамтамасыз етуге жұмсалады:
— соттық-құқықтық жүйе;
— сыртқы саяси іскерлік;
— қаржылық іскерлік;
— қорғаныс жэне қауіпсіздік;
— құқық қорғау ісі;
— әділет сферасындағы іскерлік;
— төтенше жағдайлар жэне басқа жұмыстарды ұйымдастыру.
Жергілікті бюджет қаражаттары төмендегілерді қаржыландыруға
жұмсалады:
— мектепке дейінгі, жалпы бастауыш, жалпы негізгі білімге, жалпы
орта, орта мамандық жэне қосымша білім беруді;
— арнайы білім беру бағдарламаларына;
— жергілікті деңгейде төтенше жағдай жұмыстарын;
— кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемін;
— денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды;
— заңда қарастырылған жергілікті бюджеттен жэрдемақы алатын
азаматтар категорияларына арнайы мемлекеттік жэрдемақы беру;
— элеуметтік қамтамасыз ету жэне адресті элеуметтік көмек шараларын;
— мэдениет, спорт жэне ақпарат саласындағы істі;
— тұрғындардың жағдайларын жақсарту, ішуге жарамды сумен
қамтамасыз етуге, ағын суларды тазартуға және т.б эксплуатациялар мен
құрылыстар жүргізу.
Соңғы жылдары бюджет шығыстарының ішінде білім бер, денсаулық сақтау, қоамдық тәртіп жэне қауісіздікті қоғамдық қамтамасыз теуге жұмсалатын шығындар үлесі көп…..