Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы корпоративтік бағалы қағаздардың дамуы

0

Мазмұны

КІРІСПЕ

I. Бөлім. Бағалы қағаздар сипаттамасы.

1.1. Бағалы қағаздардың туралы түсінік.
Бағалы қағаздардың түрлері, олардың жіктелуі ———————4
1.2. Бағалы қағаздар туралы
Қазақстан Республикасының қазіргі заңдары ————————8

II. Бөлім. Корпоративтік бағалы қағаздар

2.1 Корпоративтік бағалы қағаздар түрлері:————————11
а) Вексельдер.
б) Акциялар.
в) Облигациялар.

III. Бөлім. Қазақстан Республикасындағы корпоративтік бағалы қағаздардың дамуы.

3.1 Қазақстан Республикасындағы акцияларды
сату жолдары.——————————————————————23
3.2 Қазақстан Республикасындағы корпоративтік және муниципалды бағалы қағаздардың дамуы.——————————25
Қорытынды———————————————————————27
Пайдаланған әдебиеттер—————————————————28

1.1. Бағалы қағаздар туралы түсінік. Бағалы қағаздардың түрлері, олардың жіктелуі.

Бағалы қағаз – бұл иесіне (ұстаушы) белгілі бір мөлшерде табыс алуға құқық беретін, сондай-ақ оны шығарушылардың басқару шешімдеріне араласуға құқық беретін куәлік немесе құжат.
Бағалы қағаз категория ретінде күрделі және динамикалық болып келеді. Бұл әсіресе қор нарығының қалыптасу сферасында болып жатқан процестердің қайшылығы мен интенсивтілігімен расталады. Бағалы қағаз жеке мазмұны мен көрініс формасы бар, тарихи және спецификалық категория болып табылады.
Көптеген авторлар бағалы қағаздар түсінігін, тек оны иеленуші тұлға мен айналысқа шығарушы тұлға арасындағы құқықтық қатынас ретінде қарастырады.
Ең алғаш рет бағалы қағаз түсінігін 1882 жылы Брунер ұсынған. Ол бағалы қағаздарды жеке құқық туралы құжат ретінде анықтады.
Осы күнгі әдебиеттерде бағалы қағаздарға басқа да түсініктер берілген.
«Общая экономическая теория (политэкономия)» оқулығында, бағалы қағазға келесідей анықтама берілген: « бағалы қағаз – қандай да бір мүлікке иеленушінің меншік құқығын куәландыратын және дивидент немесе пайыз түрінде берілген қарыздық капитал құжаты.»
Мельников В.Д. мен Ильясов К.К.: «бағалы қағаз – мүліктік құқықты куәландыратын немесе осындай құжат шығарушы мекеме мен иеленуші арасындағы қарыздық қатынасты көрсететін ақша құжаты» деп анықтама берген.
Бірнеше ғалымдар тобы (Кашаев В.Д., Булатов А.С.) : «бағалы қағаз – қандай да бір мүлікке иеленушінің беретін меншік құқығы немесе ақша алуға мүмкіндік беретін қаржы құжаты» деп санайды.
Клещев Н.Т., Федулов А.А. бағалы қағазды азаматтық құқық объектісі ретінде қарастырады.
Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінде бағалы қағаздарға келесідей анықтама берілген : белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырулы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Бағалы қағаздың берілуі оған деген құқықтың өтуімен сипатталады, ол оны жоғалтқан жағдайда толық құжаттан айырылғандығын көрсетеді. Бағалы қағаздың келесідей негізгі белгілері бар:
— бұл құжат
— құжат арнайы форма мен міндетті реквизмттерді сақтаумен құрылады.
— мүліктік құқықтарды айғақтайды
— мүліктік құқықтар оны көрсеткен немесе біреуге берген жағдайда, бағалы қағазды алғаннан кейін құқықтары қолына өтеді.
Бағалы қағаз келесідей белгілеріне байланысты жіктеледі.
1. Экономикалық жаратылысына қарай:
— Үлестік, яғни жарғылық капиталға үлес қосқандығын куәландыратын бағалы қағаз.
— Қарыздық, яғни эмитеттің қарыздық міндеттемесін сипаттайтын бағалы қағаз .
— Туынды, яғни белгілі бір тауарларды немесе валюталарды сатып алу, сатуға құқық беретін екінші ретті бағалы қағаздар.

2.Эмитеттеріне байланысты:
— Мемлекет
— Акционерлік қоғам
— Комерциялық банк
— Ұлттық банк
— Инвестициялық қорлар
— Жеке зейнетақы қорлары
— Қор биржалары
— Брокерлік фирмалар
— Сауда ұйымдары

3.Айналыс мерзіміне байланысты:
— Мерзімді
— Мерзімсіз

4.Шығару нысанына (формасына) байланысты:
— Құжатты
— Құжатталмаған

5.Табыс төлеу тәсіліне қарай:
— Дивидентті акция
— Пайыз
— Купондық облигация

6.Айналыс аумағына қарай:
— Аймақтық
— Ұлттық
— Халықаралық

Мемлекеттің бағалы қағаздары – мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін пайдаланылатын мемлекеттік органдар тарапынан шығарылатын бағалы қағаздар. Мемлекеттік бағалы қағаздар келесідей түрлерге бөлінеді:

1. Шығару формасына қарай:
— құжатты
— құжатсыз
2.Нарыққа айналуына қарай:
— айналыста болатын – нарықты
— айналыста болмайтын – нарықсыз

3.Иелену тәсілдеріне қарай:
— атаулы
— мәлімдеуші

4.Мерзімдеріне қарай:
— қысқа
— орта
— ұзақ

5.Табыстылығына қарай:
— дисконттық
— купондық
— аралас

6.Эмитенттеріне қарай:
— Үкіметтік
— Ұлттық банктік
— Жергілікті билік органдар

Бағалы қағаздарға: облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда бекітілген тәртіппен бағалы қағаздар қатарына жатқызылған басқа да құжаттар жатады.
Бағалы қағаздар ұсынбалы, ордерлік және атаулы болуы мүмкін.
Атаулы қағазбен куәландырылған құқықтар, онда аталған адамға тиесілі болады.
Ұсынбалы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар бағалы қағазды ұсынушыға тиесілі болады.
Ордерлік бағалы қағаздармен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесілі болады, ал ол бұл құқықтарды көзделген тәртіп бойынша берген жағдайда басқа құқықты адамға тиесілі болады.
Жоғалған бағалы қағаз бойынша және де ордкрлік бағалы қағаз бойынша ұсынушы құқығын қалпына келтіруді, із жүргізу заңдарында көзделген тәртіппен сот жүргізеді.

Бағалы қағаздардың жіктелуі.

1.2. Бағалы қағаздар туралы Қазақстан Республикасының қазіргі заңдары.

Қазіргі заңдар Республика Конституциясына негізделген. Олар мемлекеттік және жеке меншікті мойындап, оларды бірдей қорғауға кепіл болады.Сонымен қатар, заңдар кәсіпшіліктің еркіндігін қамтамасыз етумен қатар бәсекенің адалдығын қорғайды. Осы негізгі бастамаларды біріктіретін Республиканың Азаматтық кодексінің (1994 жылы желтоқсанның 27-де қабылданған) жалпы бөлімінде бағалы қағаздар мүліктік игіліктің бір түрі ретінде азаматтық құқықтық объектісі болып еркін айналымға арналғаны танылған. Азаматтық кодекстің 3 бөлімінің 2 бабында бағалы қағаздардың мазмұны көрсетіліп , олардың түрлері анықталып, бағалы қағаздарды шығарудың және оларды беруге берудің негізгі ережелері мен талаптары бекітілген.
Азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес мемлекет басшысы заң күші бар жарлықтар шығарды. Олар Азаматтық кодекспен бірге бағалы қағаздар нарығын дамытудың заңды негіздерін құрайды:
1. 1995 жылдың 21 сәуіріндегі «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» № 2227 Проезиденттің заң күші бар жарлығы. Жарлықтың әрекеті мемлекеттік емес бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеуге қойылатын талаптарға, оларды орналастыру ережесі мен мезгіліне , акционерлерді тіркеуді жүргізетін негізгі жағдайларға бағытталған. Атап өтетін басты жағдай, онда Ұлттық комиссияның статусы анықталған: бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби істердің түрі, оны лицензиялаудың жағдайы және бағалы қағаздармен жүргізілген мәселені тіркеу тәртібі бекітілген;сонымен бірге жарлықта қор биржасын құру және оның қызметін ұйымдастыру туралы ереже орын алған, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың құқы бекітілген.
Аталған жарлыққа Президенттің 1995 жылдың 5 желтоқсандағы №2672 және 1995 жылдың 23 желтоқсандағы №2720 жарлықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
2. 1995 жылдың 2 мамырдағы «шаруашылық серіктестіктері туралы» №2255 Президенттің заң күші бар жарлығы. Жарлықта шаруашылықсубъектілерінің бизнес құрып және оның дамуы үшін акция және облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарып, акция қаражатын тарту механизмінің құқықтық мүмкіншілігі бекітілген. Акцияларды тек акционерлік қоғамдар шығарса, облигацияларды акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер шығаруына болады.
Аталғана жарлыққа Президенттің 1995 жылдың 31 тамызындағы №2447 жарлығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
3. 1995 жылдың 30 наурызындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» №2155 Президенттің заң күші бар жарлығы. Онда «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруға құқылы және ол туралы жауапты( делінген. Аталған жарлыққа Президенттің 1995 жылдың 20 шілдесіндегі №2370, 1995 жылдың 2 тамызындағы №2396, 19955 жылдың 12 желтоқсанындағы №2672, 1996 жылдың 27 қаңтарындағы №2830 жарлықтарымен және 1996 жылдың 3 шілдесіндегі Қазақстан заңымен түзетулер енгізілді.
4. 1995 жылдың 31 тамызындағы «Қазақстан Республикасының банктер және банк ісі туралы» №2444 Президенттің заң күші бар жарлығы екінші деңгейдегі банктерге акция эмиссиялауға құқық берген. Банктік операцияларға:құқықтықесептеу, бағалы қағаздарды сақтау, акциядан басқа бағалы қағаздарды (облигациялар, депозиттік сертификаттар, вексильдер) эмиссиялау, лицензиясы болған жағдайда бағалы қағаздар нарығындағы делдалдық опнрациялар жатады.
Аталғана жарлыққа Президенттің 1996 жылдың 27 қаңтарындағы №2830 жарлығымен және 1996 жылдың 27қыркүйектегі Қазақстан заңымен өзгерістер және толықтырулар енгізілді.
5. 1995 жылдың 24 сәуіріндегі «Салықтар және басқа бюджетке т өленетін міндеттемелер туралы» №2235 Президенттің заң күші бар жарлығы. Осы жарлықтың біраз тармақтары бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардансалық төлеу сұрақтарына арналған. Бұл жарлыққа да бірнеше өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
6. 1995 жылдың 23 желтоқсандағы «жеке меншіктендіру туралы» №2721 Президенттің заң күші бар жарлығы мемлекет меншігіндегі акционерлік қоғамдардың акциялары жекемкеншіктендіру объектісі екенін, акциялардың мемлекеттік думаларын жекемкеншіктендіру жағдайларын және тәртібін көрсеткен.
7. 1995 жылдың 17 сәуіріндегі «Лицензиялау туралы» №2200 Президенттің заң күші бар жарлығы бағалы қағаз нарығындағы кәсіби қызметті және қор биржасының қызметін міндетті түрде лицензиялау керектігі көрсетілген. Бұл жарлыққа да бірнеше дүркін өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
8. 1998 жылдың 10 шілдесіндегі «Акционерлікқоғамдар туралы» №2811 Қазақстан Республикасыныңзаңы. Осы заң акционерлік қоғамның құқықтық жағдайын, оны құру, капиталдандыру, қайта құру және тарату тәртібін, акционерлер мен үшінші тұлғалардың құқықтарын, міндеттерін, олардың құқықтары мен мүддлелерін қорғау жағдайларын, қоғамның органдары мен лауазымды адамдардың өкілеттілігі мен жауапкершілігін айқындайды.
9. Басқа заңдар және нормативті-құқықтық актілер. Оған бағалы қағаздарды шығару және айналымға түсіру мәселелерін, Ұлттық комиссия өкілдігін реттейтін Президенттің заң күші бар жарлықтары жатады. Мысалы, «Валютаны реттеу туралы қаң бойынша Ұлттық комиссия валюта қатынастарын, соның ішінде, ішкі нарыққа шетел бағалы қағаздарын түсірудің тәртібін реттейтін орган болып тағайындалады.
Басқа нормативті-құқықтық актілердің ішінде төмендегілерді атап айтуға болады:
• Бағалы қағаздар нарығының кейбір мәселелерін реттейтін ережелері бекіткен Қазақстан мемлекетінің қаулылары. Мысалы, «Ұлттық комисси туралы ережені бекіту – 1996 жылдың 28 наурызындағы №370 қаулы, «Бағалы қағаздар нарығын дамыту бағдарламасын бекіту туралы» — 1996 жылдың 15 мамырындағы №608 қаулы, «Орталық дипозиттері туралы ережені бекіту, бағалы қағаз ұстаушыларының риестерін енгізу туралы, кастодиалдық әс туралы» — 1996 жылдың 29 шілдесіндегі қаулы. Осы ережелер Ұлттық Комиссияның бағалы қағаздар жөніндегі орталық атқару орган ретінде өкілеттігін және құрылымын анықтайды, ол үкіметке кірмейді, орталык депозиттерді құру мен оның жұмысы жөніндегі мәселелерді реттейді; бағалы қағаздар ұстаушылардың және кастодиалдық істің (бағалы қағаздар сақтау және есептеу ітері) жағдайларын анықтайды.
• бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның актілері — бағалы қағаздар нарығы қызметін реттейтін ережелер. Соның ішінде, акциялар мен облигациялардың мемлекеттік тіркеуін реттейтін, эмиссияларды (мемлекеттік) орналастырады, брокерлер, диллерлер және тіркеушілерді лицензиялауды, қор биржасының қызметін реттейтін ережелерді бекіткен Ұлттық комиссияның қаулылары.
Басқа орталық атқару органдарының бағалы қағаздар айналымына байланысты актілері. Мысалы, мемлекеттік меншікті басқару және жекешелендіру жөніндегі Мемлекеттік Комитеттің актілері, Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру жөніндегі актілері.
Жоғарыда айтылған құқықтық негіздерге сай қазіргі кезде Қазақстанда бірсыпыра қор биржалары құрылды, брокерлік және диллерлік кеңселер ашылып, олар акциялардың мемлекеттік бағалы қағаздар түрлеріменмәмлелерге қатысты.Сонымен қатар, Қазақстандағы акйионерлік қоғамдардың эмиссиясын мемлекеттік тіркеуден өткізу іске асырылып, көптеген азаматтар бағалы қағаздар нарығ,ында қызмет істеуге мамандандыру куәлігін алады. Алғашқы тіркеуші компаниялар пайда бола бастады. Бағалы қағаздар нарығын дамыту барысында алғашқы даулар да (оның ішінде сотқа талап қою! Кездесе бастады.
Қорыта айтқанда, қазіргі уақытта бағалы қағаздар туралы шыққан заңдар жетілген және бағалы қағаздар нарығының құқықтық негіздерін қалыптастыру процесі аяқталды деуге болмайды. Нарықтық инфрақұрылым да қалыптасу жолында. Дегенмен бүгігі күні айтылған заңдарды пайдаланудың нәтижесінде республикадағы бағалы қағаздар нарығын құқықтық қамтамасыз етудің жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік бар…….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!