Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы экономиканы өркендетуде инвестицияны тартудың және оларға инвестициялық салық преференциялары

0

Мазмұны

Кіріспе ……………………………………………………………………………………………….3
I Инвестициялық салық преференциялараның теориялық негiзi
1.1.Инвестиция туралы жалпы түсiнiк…………………………………………………..5
1.2. Инвестиция типтерi мен түрлерi……………………………………………………….13
II Инвестициялық салық преференцияларын қолдану және тоқтату тәртібі
2.1 Инвестициялық салық преференцияларын қолдану тәртiбi …………………..19
2.2. Преференциялардың қолданылуын тоқтату тәртібі………………………………20
III Қазақстан Республикасындағы экономиканы өркендетуде инвестицияны тартудың және оларға инвестициялық салық преференцияларын берудің маңызды жақтары…………………………………….25
Қорытынды…………………………………………………………………………………………….35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………………..37

Кіріспе
Инвестициялар – мүлiктiк қазыналардың және оларға құқықтардың, сондай-ақ пайда мақсатында инвесторлар кәсiпкерлiк қызмет обьектiлерiне салатын интелектуалдық меншiкке құқықтардың барлық тұрлерi. Инвестиция (ағылшынның invistor — салымшы) бұл өндiрiстiк, кәсiпкерлiк және басқа да қызметтерге өнiм өндiрудi, жұмысты және қызметтi Ұйымдастыру және пайданы алу немесе басқа да түпкi нәтижелерге (табиғатты қорғау, тұрмыстық өмiрдiң сапасын арттыруы және таға басқаларға) жету мақсатында ұзақ мерзiмдi қаржылық салымдар. Олар материалдық және интелектуалдық бағалықтар болуы мүмкiн. Сонымен қатар инвестиция өндiрiстi дамытуға немесе өнiдiрiстiк емес сфераға күрделi қаржыны жұмсауды да айтамыз.
Елiмiздiң геосаяси жағдайы жерасты қазба байлықтың молдығы шетел кәсiпкерлерiнiң аңсарын аударып отырғанымен инвестициялық салада проблемаларда баршалық. Соның ең бастысы өндiрiс орындарының өнiм өндiру көлемiн мүмкiндiгiнше қалыптастыра алмай тұрғандығы дер едiк. Осының салдарынан кейбiр салаларды инвестиция үшін берген қаржының бiраз бөлiгi сол кәсiпорындардың жалақы мен зейнетақы қарыздарын төлеуге жұмсалды. Мысалы, үстiмiздегi жылы инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған қаржы мөлшерi 1,2 миллиярд теңге қысқарды. °сiлi, бұл қаржы кәсiпорындарының iшкi құрылымын жетiлдiруге, техникамен жарақтандыруға, тағы басқа мақсаттарға жұмсалуы тиiс болған.
Жалпылай алғанда, кез-келген сала инвесторға зәру әсiресе ауыл шаруашылығы қатты мұқтаж. Инвесторлар осы салаға, өмiрдiң өзi көрсетiп отырғандай, қаржы салуға онша көп ынталы емес. Оның тұрлi себептерi бар. Олар ауыл шаруашылығынан айтарлықтай пайда көрмейтiнiн жақсы бiледi.
Жасыратыны жоқ, АҚШ пен Канада дүкендегiлердiң басым көпшiлiгi шеттен әкелiнген тауарлар. Олар сол тауарлар арзан болған үшін ғана пайдаланады. Ал өздерi өндiретiн өнiмдердiң бағасы қымбат, өзiндiк құны жоғары. Оның есесiне, бұл елдерде техншика қатты дамыған.
Ел экономикасын көтеруден ендiгi бiр Үшы шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуда жатыр. ұзақ мерзiмдi қамтитын даму стратегиямызда бұл анық көрсетiлген. Шағын және орта бизнестi, шаруа қожалықтарын мүмкiндiгiнше дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашуға кемiнде 100 миллион доллар берiледi делiнген. Егер осы қаржы уақытысында бөлiнiп, шаруалар мен кәсiпкерлердiң қолына тиер болса, ауыл адамдарының жағдайы бiршама жақсаратыны анық. Бұл ретте осы неше қаржыны беретiн банктерге үлкен жауапкершiлiк жүктелмек.
Инвестициялық салық преференциялары инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын салық төлеушi заңды тұлғаларға берiледi. Преференциялар салық төлеушiлерге преференцияларды қолданудың басталу күнiн белгiлейтiн келiсiм-шартқа (оның нотариалды куәландырылған көшiрмесi салық төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша салық органына берiледi) сәйкес мынадай мерзiмдерде:
келiсiм-шартты жасасу кезiнде шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушiлер — тiркелген активтер пайдалануға берiлген жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап;
жаңадан құрылған салық төлеушiлер тiркелген активтердi пайдалануға берген кезден бастап берiледi.
Қызметiн жаңа өндiрiстердi құру жөнiндегi инвестициялық жоба (жобалар) шеңберiнде ғана жүзеге асыратын жаңадан құрылған салық төлеушiлер үшiн корпорациялық табыс салығы бойынша преференциялар осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген корпорациялық табыс салығын жүз процентке азайтуға құқық бередi. Қолданыстағы өндiрiстердi кеңейту және жаңарту жөнiндегi инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын және осы баптың 3-тармағындағы талаптарға сай келмейтiн салық төлеушiлер үшiн корпорациялық табыс салығы бойынша преференциялар амортизацияға жатпайтын, көрсетiлген тiркелген активтердi қоспағанда, жылдық жиынтық табыстан инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға қосылатын тiркелген активтердiң құнын преференцияларды қолдану мерзiмiне байланысты тең үлестермен шегерiмге жатқызуға құқық бередi.
Преференциялар беру тәртiбi мен шарты Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарында айқындалады.
Инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм берiлген кезге дейiн күнтiзбелiк он екi ай iшiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен салық төлеушiлер жаңадан құрылған салық төлеушiлер деп танылады.
Курстық жұмысым үш бөлімнене тұрады. Жұмысымның бірінші бөлімінде:инвестициялық салық преференциялараның теориялық негiзi онда:инвестиция туралы жалпы түсiнiк, инвестиция типтерi мен түрлерi, екінші бөлімінде: инвестициялық салық преференцияларын қолдану және тоқтату тәртібі: инвестициялық салық преференцияларын қолдану тәртiбi, преференциялардың қолданылуын тоқтату, ал үшінші бөлімінде: Қазақстан Республикасындағы экономиканы өркендетуде инвестицияны тартудың және оларға инвестициялық салық преференцияларын берудің маңызды жақтары қарастырылған.
1 тарау. Инвестициялық салық преференциялараның теориялық негiзi
1.1.Инвестиция туралы жалпы түсiнiк
Инвестициялар – мүлiктiк қазыналардың және оларға құқықтардың, сондай-ақ пайда мақсатында инвесторлар кәсiпкерлiк қызмет обьектiлерiне салатын интелектуалдық меншiкке құқықтардың барлық тұрлерi. Инвестиция (ағылшынның invistor — салымшы) бұл өндiрiстiк, кәсiпкерлiк және басқа да қызметтерге өнiм өндiрудi, жұмысты және қызметтi Ұйымдастыру және пайданы алу немесе басқа да түпкi нәтижелерге (табиғатты қорғау, тұрмыстық өмiрдiң сапасын арттыруы және таға басқаларға) жету мақсатында ұзақ мерзiмдi қаржылық салымдар. Олар материалдық және интелектуалдық бағалықтар болуы мүмкiн. Сонымен қатар инвестиция өндiрiстi дамытуға немесе өнiдiрiстiк емес сфераға күрделi қаржыны жұмсауды да айтамыз. Инвестицияның деңгейi қоғамның Ұлттық табысының көлемiне маңызды әсер етедi.Ұлттық экономикада көптеген макро пропорциялар оның динамикасына байланысты болады. Инвестициялар елдiң масштабында кеңейтiлген қайта өндiрiстiк процесiн анықтайды. Жаңа мекемелердiң құрылысы, тұрғын үйлердiң салынуы инвесторлау процесiне байланысты болып келедi. Инвестицияны заңды және жеке тұлғалар жүзеге асырады. Инвестициялар: венчурлiк, тiкелей, портфельдiк, аннуитет болып бөлiнедi. Венчурлiк инвестиция – шаруашылықты қаржыландыруда шешушi рол атқаратын жаңа акциялар шығару формасындағы инвестициялар. Венчурлiк инвестиция орташа және ұзақ кәсiпорындардың өмiр сұруiнiң маңызды шарттарының бiрi болып табылады: әдетте тәуекелмен байланысты./2/
Тiкелей инвестициялар – шаруашылық субьектiнi басқаруға қатысуға құқық алу мен табыс алу мақсатымен экономикалық субьектiнiң жарғылық қорына құйылым жасау.
Портфельдiк инвестиция – пайда алу мақсатымен акцияға, облигацияға және басқа ұзақ мерзiмдi сипаттағы бағалы қағаздарға қаражат жұмсау.
Аннуитет – кредитордан алынған қарызды, пайыздарын қоса, өтеу үшін оған төленетiн (әдетте ұзақ уақыт бойы) белгiлi бiр мөлшерден жыл сайынғы ақша сомасы (рента).
Қазақстан экономикасының өзектi проблемаларының бiрi ең алдымен материалды өндiрiс сферасында инвестициялық iс-әрекеттi ынталандыру болып табылады. Қазақстан экономикасының құрылымды қайта құруының негiзгi проблемасы қаржыландыру көздерi болып табылады. Қазақстанда инвестициялық iс-әрекеттiң қаржыландыру көздерi болып:
1. Кәсiпорынның өз акцияларын сатудан кен қаражаттары: акционерлiк компаниялародың өнеркәсiптiк қаржы топтарының қайтарымсыз негiзгi бөлiцнетiн қаражаттары;
2. Федералды, аймақтық, жергiлiктi бюджеттi ассигнациялау қайтарымсыз негiзiнде iскерлiктi қолдау;
3. Шетел инвестициялары;
4. Қайтарымды негiзде мемлекет ұсынған несие тұрiндегi қарыз құралдары. Шетел несиелерi, облигациялық займдар, коммерциялық банктер несиелерi, векселдер және компанияның инвестициялық қорларының, сақтандыру компанияларының, зейнеткерлер және өзара қорлардың қаражаттары.
Инвестицияның қайнар көзi болып жинақ (сбережения) табылады. Бiрақ жинақ тек бiр шаруашылықпен айналысатын субьектiлердi iске асыра алады. Инвестиция келесiдей факторларға байланысты болады:
— пайда нормасының күтiмiне немесе капиталды қаржы бөлудiң рентабельдiгiне байланысты. Егер бұл рентабельдiк, инвесторлардың пiкiрi бойынша, тым төмен болса, онда қаржы бөлу iске аспайды.
— Капиталды қаржы бөлудiң альтернатвтi мүмкiндiгiне байланысты. Инвестор өзiнiң ақшасын жаңа зауыттың немесе фабриканың құрылысына сала алады, яғни ол сонымен қатар ресурстарын банкке де жайғастыра алады. Егер пайыз нормасы пайда нормасының күтiмiнен жоғары болса онда инвестициялар iске асырылмайды, және керiсiнше, егер пайыз нормасы пайда нормасының күтiмiнен төмен болса, онда кәсiпкерлер капиталды қаржы бөлудiң жобасын iске асырады. Графикте, инвестиция мен жинақты пайыз нормасының арасындағы өзара байланыс келесiдей сипаттан көрiнедi.
S1=J
Сурет –1
Графикте, инвестиция мен жинақтың арасындағы тепе-теңдiк көрсетiлген:
JJ – қисығы инвестиция;
SS – жинақ;
Ордината өсiнде – пайыз нормасының мағынасы (r); Абцисса өсiнде – жинақ және инвестиция;
Инвестиция пайыз нормасын J=J (r) бұл келушi функция: пайыз ставкасының деңгейi жоғары болғанда инвестиция деңгейi төмен болады. Жинақта пайыз нормасының функциясы: S=S(r). Бiрақ ол артушы функция r-ге пайыз деңгейi экономиканың барлық масштабында жинақ пен инвестицияның теңдiгiн қамтамасыз етедi,
r1 және r2 деңгейi осы күйден ауытқуы. Яғни инвестиция пайыз ставкасының функциясы болып, ал жинақ табыстың функциясы болып табылады.
Салық салу деңгейiне және жалпы берiлген елдер мен аймақтың салық климатына байланысты. Салық салудың тым жоғары деңгейi инвестицияға жағдай жасамайды./7/
Инвестициялық процесс ақшаның инфляциялық құнсыздануының қарқынына септiгiн тигiзедi.
Инвестицияның, табыстың жинақтың өзара әсерiн шағылыстыратын маңызды макроэкономикалық пропорциясын келесiдей сипатта көрсетуге болады:
Y = C+S, яғни Ұлттық табыс өзiнiң пайдалануында тұтыну шығыны (C) мен инвестиция (J) сомасына тең. Тұтыну – табыс функциясы болып табылады, яғни C =C(Y).
Басқа жағынан, туындалған Ұлттық табыс Y= C+S –ке тең. S – (жинақ) ол да табыс функциясы, S=S(Y). Ендеше егер C+J=C+S онда J=S бұл жердле инвестиция — r:J=J(r) функциясы, ал жинақ — Y:S=S(Y) болып табылады. Ендi жинақ пен инвестицияның тең болуындағы Ұлттық табыстың деңгейiн анықтаймыз. Ол үшін график қолданамыз. Абцисса өсiнде – Ұлттық табыс деңгейi (ҰТ). Ордината өсiнде – жинақ және инвестиция (SJ). JJ сызығы – инвестицияның µТ-ның кез-келген деңгейiндегi айнымас көлемi. Графикте Ұлттық табыс өскен сайын жинақ арттатыны көрiнiп тұр.
Е- нүктесiнде JJ және SS қисығы қиылысады. N нүктесi J және S нүктесi арасындағы кеңдiктiң бұзылуы кезiнде елдiң экономикасының барлық уақытта Ұлттық табыс теңдiгiне ұмтылғандағы жағдайын бiлдiредi.
S N F ЅТ

Сурет – 2.
Егер SS қисығы JJ қисығынан үлкен болса, онда жинақ масштабы қоғамда инвесторлау масштабын арттырады. Ал егер SS қисығы JJ қисығынан төмен болса, керiсiнше болады.
Мемлекеттiң инвестиция процестердi реттеушi ретiндегi инвестициялық саясаттың приоритеттерiн таңдауда әртұрлi типтi инвесторлар үшін бiрдей жағдай жасауда салық жеңiлдiктерi арқылы инвестициялық iс-әрекеттер стимулдауда пайдалы инвестициялық несиенi қамтамасыз етуде жалпы қолайлы инвестициялық ауа-райын қалыптастыруда болып табылады. Инвестицияларға байланысты қызмет: бiрлескен және шетелдiк кәсiпорындарды сондай-ақ шетелдiк заңды тұлғалар филиалдарын құру, бақылау олардың жұмыс iстеуi, ұсталуы және таратылуы. Шартты жасасу мен орындау. Интелектуалдық меншiк құқығын қоса алғанда, алуан тұрлi мүлiктi сатып алу, пайдалану және билiк ету. Акцияларды, облигациялар мен басқа да бағалы қағаздарды сатып алу, шығару және сату. Инвестицияларға байлагысты Қазақстан Республикасының заңдарында тиiм салынбаған. Жердi және өзгеде табиғи ресурстарды сатып алу, кепiлге салу, оларды иесiздендiру және пайдалану құқықтарын қолданудың басқа да нысандары./6/
Сонымен “Инвстициялар” түсiнiгi көп қырлы құбылыс, оның бiрнеше мағыналы анықтамасы бар:
 ең алдымен, инвестициялар жөнiнде сөз еткенде, құрал-жабдық, технологиялар жөнiнде айтылады. Оларды енгiзу арқылы өндiрiстiк процесс жүзеге асырылады;
 соңғы кездерi бағалы қағаздарды, акцияларды сатып алу жөнiнде сөз болады;
 мүндай анықтама бiрнеше шектеушi сипатта болады, өйткенi кең мағынада алғанда, ол әр алуан тектi операциялардың тiзбектеп орындалуы бар белгiлi бiр процесс болып табылады;
 осы процестiң әлеуметтiк-экономикалық салдары бойынша оны экономиканың дамуын қамтамасыз ететiн белгiлi бiр механизм ретiнде бағалауға болады.
Экономистер үшін инвестиция — әрқашан күрделi қаржының нақтылы заттай тұрi, ал халық тұрғындар инвестицияның өздерiнi ң есептерiндегi өзгерiстер, акцияны сатып алу сақтық кассаларындағы есеп ашу деп түсiнедi. Егер адамдар қоғамдық, өндiрiстiк мүмкiндiктерiнiң бiр бөлiгiн тұтынуға қатысты күрделi қаржы ретiнде пайдаланса, экономикалық есеп оны өндiрiс көлемi деп бағалап, жалпы Ұлттық өнiмге қосады. Сондықтан анықтамаларымызды толықтыруымыз керек. Жалпы Ұлттық өнiм – түпкi, соңғы өнiмнiң сомасы, бұған тұтыну тауарларымен қызметтерiн қоса жалпы инвестицияда кiредi. Таза және жалпы инвестиция жыл бойы жасалған машиналарды, фабрикалар мен үйлердi, құрылыстарды қамтиды, олар ескi капиталды ауыстыру үшін сатып алынса да таза инвестиция капиталдың өмiрге келуiмен тең (жалпы инвестиция шығып қалған капиталға – аммортизациялық төлемдерге тең). Жалпы инвестицияны аммортизациялық төлемдердi есепке алмай-ақ дәл анықтауға болады. АҚШ-тың ашық экономикасы бар. Олар тауарды, қызметтi және капиталды шеттен алып келедi және шетке шығарады. Бұл Ұлттық есепке таза шеттен шығаруды экспорт инвестицияның бiр бөлiгi ретiнде шартты турде енгiземiз. Егер Ұлттық шетке шығару саудасы оңды болса, шеттен сатып алуға қарағанда көп сатады, сөйтiп ол шет елге инвестиция шығарады. Шығындардың басты компонентi – инвестиция. Бұл макроэкономикада екi тұрлi атқарады. Бiрiншiден, шығындардың компонентi болғандықтан инвестициядағы күрт өзгерiстер жиынтық сұранысқа, сөйтiп өндiрiстiң көлемiне, жұмыспен қамтуға шешушi әсер етедi. Екiншiден, инвестиция капиталдық қорлануына алып келедi. ґндiрiстiк қуаттардың көп болмауы өндiрiстiң көлемiн ұлғайтуды және экономикалық ұзақ мерзiмдiк дамуын қамтамасыз етедi. Соңғы жылдары жалпы инвестицияның 70 пайызы өнеркәсiп кәсiпорындары мен құрал жабдықтарға жұмсалады. Инвестицияның мәнiн ашуға мына үш элемент қажет: табыс, шығындар, нәтиже күту.
Табыстар. Инвестицияның өндiрiс көлемiнiң жалпы дәрежесiне не болмаса жалпы Ұлттық өнiмге, яғни табыстың деңгейiне байланысты. Олар жалпы экономикалық белсендiлiктiң қайнар көзi.
Шығындар. Кәсiпкерлер мен үй сатып алушылар, әдетте инвестиция үшін заемдық қорлар тұрiнде төлейдi. Оның бағасы заемдық қаржылардың пайыздық ставкасына қатысты. Экономикада пайыз ставкасы ерекше орын алады, инвестиция шығынына әсер етедi, сондықтан ол жиынтық ұсынысты анықтайды. Инвестицияның құрылымына белсендi ықпал етушi тағы бiр нәрсе – салықтар. Федералды үкiмет инвестицияға салық арқылы бақылау жасайды. үкiмет, мысалы, Президент Кеннеди түсында енгiзiлген салық, неше арқылы инвестициялық компанияларды қуаттап отырды, олар жаңа құралдар алу үшін 10 пайыздық салық қарызын бередi. Инвестициялық мақсат – мұраттың қорытындысынан жасайық. Кәсiпкерлер инвестицияны табыс алу мақсатынмен жасайды, сондықтан инвестиция шешiмi мыналарға байланысты:
а) жаңа инвестиция арқылы өндiрiлген өнiмдерге сұраныс болу керек;
б) инвестицияға әсер ететiн пайыз ставкасымен салық және экономистер бағалануына негiзделген өнер кәсiпшiлдердiң үмiтi. Нақты және номиналды пайыз ставкасы. Нақты пайыз ставкасы – тауарлар мен қызметтерге төленген заем иелерiнiң ақша сомы. Болашақ пайда бастапқы кездегiнiң жоғары, сосын инфляцияның күшейуiнен инвестицияның долларлық курсы өседi. Сондықтан инвестиция бағалағанда ңнақты инвестицияң деген термин шығады. Яғни ол инвестицияны тұрақты бағамен алу дегендi бiлдiредi. Жинақ пен инвестиция ниетiндегi алашақтар. Тұтыну мен инвестиция туралы қазiргi теорияларға қарап, бiр мынаны атап көрсетуiмiз керек: қазiргi комплекстi экономикадан жинақ пен инвестицияның бiз қалайтын дәрежесiн автоматты тұрде теңестiруге болмайды. ґйткенi оларды жүзеге асырушылар — әртұрлi адамдар, себептерi………..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!