Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БЮЖДЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

0

Мазмұны

КІРІСПЕ
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БЮЖДЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Республикалық және жергілікті бюджеттердің қазіргі кезеңдегі орындалу барысын талдау
1.2 Қазақстан Республикасындағы бюджеттік үрдістің қазіргі жағдайы

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БЮЖДЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2.1 Республикалық және жергілікті бюджеттердің қазіргі кезеңдегі орындалуын талдау

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы өзінің жеке бюджет саясатын қалыптастыра бастады. Алғаш қабылданған тәуелсіз мемлекетіміздің заңдарының бірі «Бюджет жүйесі туралы» заң болды. Республикадағы бюджетаралық қатынастарды реттеу заңдылықтарының негізі осы заң болып табылды. Бұл заңға сәйкес жергілікті бюджет республикалық бюджеттен тәуелсіз, сонымен қатар төменгі деңгейдегі бюджеттердің қалыптасу үрдісіне жоғарғы органдардың араласуына шектеу қойылған, жергілікті органдарға қолда бар қаражаттарын еркін пайдалануға құқық берілген.
Қазақстандағы бюджеттік үрдіс «Бюджет жүйесі туралы» Заңның үш рет (1991, 1996, 1999 жылдар) қабылдануына «куә» болып, сонымен іргелесе келе жатыр. Соңғы қабылданған (1999 жылғы) жаңа заң негізінде республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту, орындау және бақылаудың жаңа тәртібі анықталды. Осы заңмен бюджет қаражаттарын қалыптастыру мен жұмсаудың қағидаларына өзгерістер енгізілді, атап айтқанда:
1. Орталық және жергілікті билік органдарының функциялары бөлінді,
республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын бағдарламалардың тізімі анықталды;
2. Аймақтар бюджетінің жеткіліктілігін қамтамасыз ету үшін олардың орындайтын функцияларына сәйкес бюджет деңгейлерінің арасында табыстарды бөлу белгіленді.
3. Бюджеттің кредиторлық қарызының өсуінің алдын алу механизмдері жасалынды.
4. Барлық бюджеттен тыс қорлар қысқартылды.
Бұл заң шынайы тенденцияларға едәуір жақын болғанмен де, бюджет үрдісін жеткілікті деңгейде реттеуге дәрменсіздеу, кемеліне жетпеген болып шықты. Сонымен 2004 жылдың 24 сәуірінде Бюджет Кодексі қабылданды (2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді). Бұл Кодекс бюджеттік және бюджетаралық қатынастарды реттейтін және бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің негізгі ережелерін, қағидалары мен механизмдерін, бюджет қаражатының құрылуы мен пайдаланылуын белгілейтін болады.
Қазақстан Республикасындағы бюджеттік жоспарлаудың қазіргі жағдайына аналитикалық баға беру үшін бюджеттің орындалуына талдау жасау керек. Бұл мақсатта 2005 жылы Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуын қарастырып өтейік.

Кесте 2 — Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуы
Республикалық бюджет Жергілікті бюджет
2005 жылғы
1 қаңтарға кассалық атқарылуы, млн.теңге қоры-тын-
дысы-на
%-бен бір жылға бекітілген бюджетке кассалық атқарылуының %-ы 2054 жылғы 1 қаңтарға кассалық атқарылуы, млн.теңге қоры-тын-дысы-на
%-бен бір жылға бекітілген бюджетке кассалық атқарылуының %-ы
1 2 3 4 5 6 7
Түсімдер 722034 100,0 101,7 486289 100,0 104,4
Табыстар, оның ішінде: 649000
89,9 101,7 355676
73,1 104,2
Салық түсімдері 603396 93,0 104,0 343855 96,7 104,4
Салықтық емес түсімдер 39348 6,1 76,4 5575 1,6 86,8
Капиталмен жасалатын операциялардан түскен табыстар 6256
1,0 94,6 6246 1,8 111,5
Алынған ресми трансферттер 57630 8,0 100,0 122926 25,3 107,2
Кредиттерді қайтару 15404 2,1 106,7 7696
1,6 76,5
Шығыстар 768935 100,0 97,0 479119 100,0 99,5
Шығындар, соның ішінде 730459 95,0 97,1 471957 98,5 99,8
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсету 42738 5,9 96,0 21220 4,5 146,1
Қорғаныс 40415 5,5 91,3 7153 1,5 100,3
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік 73779 10,1 99,9 17771 3,8 99,6
Білім беру 23203 3,2 98,9 130966 27,7 99,2
Денсаулық сақтау 19104 2,6 100,5 74087 15,7 98,9
Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек беру 202043 27,7 97,9 40145 8,5 97,3
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 10321 1,4 99,5 33986 7,2 94,7
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік
12879 1,8 99,5 20910 4,4 96,8
2- кестенің жалғасы
1 2 3 4 5 6 7
Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану 8486 1,2 99,2 783 0,2 100,0
Ауыз су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау 41337 5,7 93,0 7022 1,5 98,5
Өнеркәсіп және құрылыс 1364 0,2 92,0 2501 0,5 95,5
Көлік және байланыс 58812 8,1 96,5 25620 5,4 96,1
өзгелер 68010 9,3 97,1 30973 6,6 98,1
Борыш қызметі 34338 4,7 90,8 1170 0,2 91,4
Ресми трансферттер 93630 12,8 99,8 57650 12,2 100,0
Кредиттер 38476
5,0 93,8 7162 1,5 82,9
Бюджет тапшылығы (профицит) -46901 7179

2005 жылдың 1 қаңтарына Республикалық бюджетке түскен түсімдер көлемі 722 млрд. теңгені құрады, бұл 2004 жылдың тиісті кезеңінің (565,3 млрд. теңге) деңгейінен 27,7% артық. 2004 жылдың тиісті кезеңімен (541,6 млрд. теңге) салыстырғандан несиелерді есепке алғандағы шығыстар 42% өсті және 2004 жылдың 1 қаңтарына 768,9 млрд. теңгені құрады. Бюджеттің тапшылығы 46,9 млрд. теңге деңгейінде анықталып отыр.
Есепті кезеңде республикалық бюджеттің 89,9%-ын табыстар (соның ішінде салықтар — 93%) құрады. Түсімдер көлеміндегі ресми трансферттер үлесі — 8%. Шығындардың негізгі бөлігі — 35,2% әлеуметтік сала мен жалпы мемлекеттік қызметтер — 21,5% үлесінде. 2003 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда бұл шығындар тиісінше 27,4% және 25,5% артты, өндірістік салаға шығындар 54,8% өсті.
2005 жылғы республикалық бюджеттің шығыс бөлімі мен 2005 жылғы республикалық бюджет жобасына салыстырмалы анализ.
Осы зерттеудің негізгі мақсаты, экономиканың осы сияқты салаларына мемлекеттік шығындар динамикасын жасау:
— денсаулық сақтау
— білім беру
— әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмек
— тұрғын-үй шаруашылығы
— ғылыми зерттеулер
— ауыл, су, орман, балық шаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау
Республикалық бюджет елдің негізгі қаржылық құжаты болып табылады. Оның негізінде Қазақстанның барлық аймақтардың бюджетің қамтитын мемлекеттік бюджет құрылады.
Өткізілген зерттеулер келесіні көрсетті:
— 2005 жылға арналған республикалық бюджеттің шығын бөлігі 977 897 923 мыңнан 1 089 756 277 мыңға дейін көтеріліп, 11,44%-ке өсті.
— 2004 жылғы республикалық бюджеті толығымен пайдаланбады: 01.10.2004 кезеңіне ағымдағы жыл бюджеті 700 625 000 мыңға орындалып, ол 71,65% ғана құрайды.
— 2005 жылға арналған республикалық бюджеттің шығын бөлігінде білім беру шығындары 20 757 348 мыңға өсті (57,11%). Соның ішінде білім беру шығындары жалпы республикалық бюджеттің 5,24% құрып, 1,52%-ке өсті.
— 2005 жылға арналған республикалық бюджеттің шығын бөлігінде денсаулық сақтау шығындары 25 658 814 мыңға өсті (85,36%). Соның ішінде денсаулық сақтау шығындары жалпы республикалық бюджеттің 5,09% құрып, 2,04%-ке өсті.
— Ал 01.10.2004 кезеңіне жоспарланған 30 059 332 мың денсаулық сақтау шығындарының тек қана 16 872 000 мың жұмсалды (56,13%).
— 2005 жылға арналған республикалық бюджеттің шығын бөлігінде ғылыми зерттеу шығындары 2 792 941 мыңға өсті (76,11%). Соның ішінде ғылыми зерттеу шығындары жалпы республикалық бюджеттің 0,60% құрып, 0,23%-ке өсті.
— 2005 жылға арналған республикалық бюджеттің шығын бөлігінде әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмек шығындары 46 734 252 мыңға өсті (19,59%). Соның ішінде әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмек шығындары жалпы республикалық бюджеттің 26,18% құрып, 1,78%-ке өсті.
— 2005 жылға арналған республикалық бюджеттің шығын бөлігінде тұрғын-үй шаруашылығы шығындары 4 182 036 мыңға кеміді (-14,67%). Соның ішінде тұрғын-үй шаруашылығы шығындары жалпы республикалық бюджеттің 2,23% құрып, 0,68%-ке кеміді.
— 2005 жылға арналған республикалық бюджеттің шығын бөлігінде ауыл, су, орман, балық шаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау шығындары 3 350 557 мыңға кеміді (-5,11%). Соның ішінде ауыл, су, орман, балық шаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау шығындары жалпы республикалық бюджеттің 5,71% құрып, 1,00%-ке кеміді.
Алынған нәтижелер бірқатар күрделі сұрақтардың туындауына әкелді, жекелеп алғанда:
1. 2005 жылға денсаулық сақтау, білім беру және ғылым саласына түсетін қосымша қаражаттар қандай нақты мақсаттарға бағытталады?
2005 жылы осы салалардағы шешілмеген мәселелерге байланысты денсаулық сақтау және білім беру шығындарын ұлғайту орынсыз. Әйтсе де, қоғам мен Парламент бөлінген қаражаттардың максималды түрде тиімді шығындалғанына сенімді болуы керек. Міне сондықтан қосымша қаражаттарды бағыттауға жоспарланған мақсаттар туралы нақты ақпарат болуы тиіс, ал ол мемлекеттік шығындарды игеру мониторингін өткізуге мүмкіндік береді.
2. Аймақаралық бюджеттер арасындағы қосымша қаржыларды қайта бөлгенде Қазақстан аймақтарын бірқалыпты емес дамуының мәселесі қаншалықты ескеріледі?
3.Ауыл шаруашылық, су, орман, балық шаруашылығына, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға шығындар деңгейін қысқарту қаншалықты негізді? Біз білетіндей, Қазақстанның көптеген аймақтарында экологиялық жағдай бұрынғыдай өте жағымсыз болып отыр.
4. Тұрғын-үй шаруашылығындағы мемлекеттік шығындар деңгейінің қысқартылғаны қаншалықты негізді?
5. Ағымдағы жылдың денсаулық сақтау бюджетінің орындалуының төмен деңгейі немен байланысты?
6.Берілген қаражаттардың осындай төмен игерудегі денсаулық сақтау шығындары қаншалықты ақталған?
7. Осы жағдайды шешу үшін Министрліктер мен ведомстволарға қандай шараларды қолдану қажет?
Аймақтардың қаржылық мүмкіндіктерін теңестіру үшін мемлекет жалпы трансферт жүйесін қолданады. Әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды (білім беру, денсаулық сақтау, шаруашылық және көлік инфрақұрылымы, қоршаған ортаны қорғау) жүзеге асыру үшін мақсатты трансферттер жүйесі қолданылады. Мақсатты трансферт алдын-ала келісілген шартпен қаржыландырылады. Соңғы жылдарда еліміздің республикалық бюджетінен бөлінген субвенцияның мөлшері мынадай сипатта (Кесте 3)
Осы кестеден көріп отырғанымыздай, субвенция көлемі жыл санап арта түскен. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жағдай бірқалыпты. Дегенмен, Ақмола облысына бөлінген субвенция 2001 жылы 12,4%-жы құраса, ол жылдан жылға азайып 2005 жылы 10,7% болып отыр.
Қостанай облысының динамикасы да осындай, ал Солтүстік Қазақстан облысы жергілікті бюджеті табысының 2001 жылы 9,5%-ы субвенция есебінен, кейінгі 2003, 2004, 2005 жылдары 8,7%, 7,7 және 8,8% құралып отыр. Алматы облысындағы күрт өзгерістер ерекше көрініп тұр. Мәселен, 2002 жылы республикалық бюджеттен бөлінген субвенция облыс бюджеті табысының 25%-ын құраса, оның үлесі жыл сайын жылдам азайып, 2003 жылы 17%, 2004 және 2005 жылдары 12,5 және 10,7%-ды құрап отыр. Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының динамикасы біркелкі, яғни субвенция көлемі жылдан жылға азайып отырған жоқ. Субвенцияның ең көп мөлшері Оңтүстік Қазақстан облысында, мұнда оның үлесі 2002 жылы облыс бюджеті табысының 31,2% болса, 2003 жылы 21,6% болып, 10%-ға азайып кеткен. Соңғы жылы субвенция алатын облыстар қатары Павлодар және Ақтөбемен толыққанымен, оларға бөлінген субвенция көлемі басқалармен салыстырғанда аз ғана, Павлодарда 1,1%, Ақтөбеде 1,4%.

Кесте 3 — Республикалық бюджеттен бөлінген субвенцияның мөлшері
мың теңге
Облыстар жылдар:
2002 2003 2004 2005 (болжам)
мың тг. %-бен мың тг. %-бен мың тг. %-бен мың тг. %-бен
Ақмола 4227 876 12,3 7 191511 12,0 9 353 447 11,6 13 866 205 10,7
Алматы 8340 023 25 10 289366 17,2 10125 030 12,5 13 908 593 10,7
Шығыс-Қазақстан — — 5 189 908 8,6 9 348 241 11,6 14 913 135 11,5
Жамбыл 5437 028 16 6 877 104 11,5 10409 918 13 14 923 777 11,5
Қарағанды —
— — — — 1835447 2,2 6 605 669 5,2
Батыс –Қазақстан — 1 285 861 2,1 — — 2 494 466 6,9
Қостанай — 4 181 616 7,0 5 191 128 6,4 8 884 864 6,9
Қызылорда 2156 267 6,2 6 64 453 11,2 8 972 104 11,1 10 629 369 8,2
Солтүстік–Қазақстан 3252 656 9,4 5201645 8,7 6 205 549 7,7 11 407 502 8,8
Оңтүстік –Қазақстан 10636332 31,1 12900814 21,6 19072 344 23,6 27 955 336 21,6
Павлодар — — — 1,1
Ақтөбе — — 1,4
Барлығы: 34051182 100 59763278 100 80513 248 100 128944 652 100

Осы кестеден көріп тұрғанымыздай, республикалық бюджеттен бөлінетін субвенцияның көлемі жылдан жылға өспесе, төмендемеген. Аймақтар экономикалық, әлеуметтік, табиғи және экологиялық жағдайлары бойынша әртүрлі. Осы факторларды есепке ала отырып, аймақтың бюджеттің ең төменгі нормасымен қамтамасыз етілу нормативі жасақталуы қажет, олай болмаған жағдайда облыс бюджетінің шығындарын анықтау мүмкін емес. Бұл норматив бюджетаралық қатынастар механизмін жасақтауға мүмкіндік береді, соның ішінде республикалық бюджеттен бөлінетін ресми трансферттер (субвенция, субсидия, ресми мақсатты трансферттер) мәселесі де шешілер еді. Ал бюджеттен яғни дәлірек айтсақ, облыс бюджеттерінен директивті түрде қаржы алу 1999 жылдан бастап қолданыла бастады, бірақ заңды рәсімдемесі болған жоқ. Үкімет Парламентке «Субвенция және бюджеттен алу туралы» Заңды 1999 жылы ұсынғанымен, Парламент оны екі рет кері қайтарғаннан кейін, орталық пен аймақтар және аймақаралық бюджет қатынастарының механизмдері нақтыланбады /19/]. Ал бюджеттен алынған қаржының сипаты мынадай:
Кесте 4 — Донор облыстардан бюджеттік алу (млн. теңге)*

Облыстар жылдар:
2002 2003 2004 2005
Ақтөбе 2513486 569100 428735 412341
Атырау 29880867 19602863 20114903 19685056
Шығыс-Қазақстан 2407479 — — —
Батыс-Қазақстан 53566 — 497040 467825
Қарағанды 6655646 81131 — —
Қостанай 38406 — — —
Маңғыстау 8434024 9000442 10651255 11458908
Павлодар 2057745 1895969 974293 968524
Алматы қаласы 26298355 17915000 24963765 25896304
Барлығы: 78339574 49064505 5729991
* [17-20]

Кестеде әр жылда бюджеттен алулар бір қалыпты болмағы көрініп тұр. Атырау облысының үлесі ерекше. Дегенмен жарты миллион халқы бар Атырау облысының әлеуметтік тұрмысы көңіл қуантарлықтай жағдайда емес. Статистикалық деректерде жалақы мөлшерінен алдыңғы қатардағы облыстың бұл көрсеткішін тек мұнайшылар не сол салаға жұмыс жасайтындар құрайды. Дәлірек айтсақ, облыстың 42000 тұрғыны күнкөрісі өте нашарлар қатарына жатқызылады [82]. Дегенмен облыста 2003 жылы 323,3 млрд. теңгенің инвестициясы игерілілгенін ескерсек, оң бағыттар байқалады. Оның 217,4 млрд. отандық инвестиция. Салыстыру үшін айта кетсек, 2003 жылы инвестиция көлемі 244,5 млрд. теңге болған, ал 2002-де одан 12,9 млрд. төмен болған. Облыста қазіргі күнге дейін жасалған және жүзеге асып жатқан 23 салалық бағдарлама бар. Негізгі бағдарламалар халықтың әлеуметтік жағдайы мен денсаулығын көтеруге бағытталған. Облыста ауыл инфрақұрылымын дамытуға айтарлықтай іс-шаралар қолға алынып, осы мақсатқа 8,25 млрд. теңге бөлінген. Бұл – бүкіл жергілікті инвестициялық бағдарламалардың 48%-ы. Оның ішінде білім беру мекемелерінің құрылысына — 1339,2 млн. теңге, денсаулық сақтау ……

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!