Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан мен Еуропалық Одақ

0

Мазмұны

Кіріспе————————————————————————4
Тарау 1. Әлемдiк экономиканың процестерін талдау және Қазақстан экономикасының бәсекелестiк қабiлетiн арттыру проблемалары
1.1. Әлемдiк экономиканың даму процестерін талдау.———10

Тарау 2.Еуропалық Одақ және Қазақстан
2.1. Еуропалық Одақ құрылуы мен қызметі———————12
2.2.Еуропалық Одақ және Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар————————————————-18

Қорытынды——————————————————— 20

Пайдаланылған әдебиеттер ————————————21

Тарау 1. Әлемдiк экономиканың процестерін талдау және Қазақстан экономикасының бәсекелестiк қабiлетiн арттыру проблемалары
1.1. Әлемдiк экономиканың даму процестерін талдау
Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн капитализмнiң әлемдiк жүйесi өзгерiске ұшырап, монополистiк немесе трансұлттық капитализмнiң жаңа белгiлерiне ие болды. Мұндай өзгерiс әлемдiк сауданың едәуiр өсуiмен, трансұлттық компаниялардың пайда болуымен, шетелдiк инвестициялардың елеулi түрде артуымен және сауда шарттарының ырықтануымен сипатталады. Халықаралық валюта қоры және Дүниежүзiлiк банк сияқты институттар пайда болды. Егер елуiншi жылдары әлемдiк экономика дүние жүзiндегi барлық елдердiң ұлттық экономикасының жиынтығы болса, ал 60-жылдардан бастап корпорацияларды трансұлттық белгiлерi бойынша ұйымдастыру үрдiсi көрiнiс бере бастады. Тоқсаныншы жылдарға қарай тауарлар мен қызметтер өндiру процесi толымсыз сипат алып, әлемнiң барлық елдерi бойынша шашыраңқы орналасты. Қаржы-өнеркәсiп капиталы трансұлттық сипатқа ие болды. Дамушы елдер үшiн бұл өзгерiстердiң маңызы аса зор. Дамыған және дамушы елдер арасындағы шеткерi аймақтар шикiзат жеткiзуге, ал орталық оны өңдеп, шетке қайта жеткiзуге негiзделген дәстүрлі қарым-қатынастар айтарлықтай өзгердi. Ғаламдық капитализм жағдайында дамушы елдер өндiрiстiк процесс тiзбегiне тартылып, қосылған құны барынша төмен тауарлар өндiрiсiнiң салыстырмалы төменгi сатысындағы тауарларды өндiрумен айналысады. Әлемде индустриялық саясат жүргiзудiң мол тәжiрибесi жинақталған. Санаулы елдердiң ғана экономиканың бiр өнiмге тәуелдiлiк проблемасын ойдағыдай шешiп, өз өнеркәсiбiн әртараптандыра алғанын атап өтуге болады. Экспорттың құрылымын әртараптандыру үшiн индустриялық саясатты қолдану түрлi елдердiң тарихи өткен кезеңiнде импортты алмастыруға және экспортқа бағдарланған саясаты мысалдарынан айқын байқауға болады. Негiзiнен осындай саясат қолданылған Латын Америкасы (Мексика және Бразилия) және Шығыс Азия (Оңтүстiк Корея және Сингапур) елдерiне жасалған талдаудан экспортқа бағдарлану арқылы тұрақты экономикалық өркендеуге қол жеткiзуге болатындығы туралы негiзгi қорытынды жасауға болады. Тарихи өткен кезеңде Латын Америкасы елдерi де, Шығыс Азия елдерi де импорттың орнын басу және экспортқа бағдарланған кезеңдерiнен өткен. Шығыс Азия елдерiнiң белгiлi бiр кезеңде импортты алмастыру саясатынан бас тартып, экспортты қолдау саясатына көшуі, ал Латын Америкасының импорт алмастыруға ерекше көңiл аударуы осы елдердiң ерекшелiгi болып табылады. Экономикалық теория тұрғысынан алғанда экспортқа негізделген саясаттың табысты болуы түсiнiктi, себебi өзiнiң iшкi рыногының әлеуетiн сарқып тауысқан елдер өздерiнiң экономикалық даму процесiн тоқтатпау үшiн сыртқы рыноктарды игере бастауға мәжбүр болады. Латын Америкасының елдерi импорт алмастыруды қолдай отырып, нақты бәсекелестікке емес, жасалған әкiмшiлiк және тарифтiк тосқауылдарда негізделген салаларды құрғандығын атап өту керек. Бұл салалар нығайып алғаннан кейiн жаңғыртудың және өнiмдiлiктi арттырудың орнына өз ресурстарын импортты алмастыру саясатын одан әрi сақтап қалу мақсатында мемлекет арқылы өз мүдделерiн барынша қорғап қалуға бағыттады. Осының салдарынан ресурстар тиiмдi бөлiнбей, ұлттық экономикалар халықаралық бәсекеде ұтылып жатты. Жалпы алғанда жаңа ғаламдық экономикалық жағдайды қалыптастыратын әлемдiк экономикадағы басым үрдiстердi төмендегiше жiктеуге болады:
1. дамыған елдерде индустриялық экономикадан сервистiк-технологиялық экономикаға өту;
2. ғаламдану;
3. экономиканы ырықтандыру;
4. ғаламдық бәсекенiң артуы және өңiрлiк ықпалдасу.
Жиырмасыншы ғасырдың соңғы ширегiнде экономикалық дамыған елдер индустриялық даму сатысынан аса жоғары сервистiк-технологиялық экономикаға өттi. Бұл елдерде ЖIӨ үлкен бөлiгi қызмет көрсету секторында қалыптасады. Мұндай қызметтердiң айқын байқалатын ғылыми және инновациялық негiзi бар. Экономикасы дамыған елдерде зияткерлiк ресурстар және қаржы капиталы шоғырланған, ал индустриялық өндiрiс, әсiресе еңбектi көп қажет ететiн өндiрiстер бiртiндеп әлемнiң экономикалық даму тұрғысынан неғұрлым артта қалған елдерiне ауысуда.
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы, Азия және Тынық мұхиты елдерінің ұйымы секілді жер-жаһанға танымал, халықаралық беделді бірлестіктердің әртүрлі саладағы өкілдері Қазақстанға жиі ат басын бұрып, адамзатты алаңдатып отырған әртүрлі мәселелер турасында біздің елде пікір алмасуға құштар. Америка мен Шығыс Еуропа мемлекеттерінің бас ауруына айналған көші-қон мәселесі, Каспий аймағы елдері арасындағы, энергетика көзі мен шикізатты пайдалану, Каспий теңізі байлығы мен оның түбі мен су шекарасы хақында, Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық, Ауғанстандағы есірткі тасымалы, ТМД-дағы еңбек миграциясы, шекара маңы елдерінің ынтымағы, ондағы қандай да бір шиеленісті оқиғаның алдын алу, экология мен биологиялық ресурстарды қорғау, ғаламдық жылыну, адам саудасы мәселесі турасындағы жиын-басқосулар мен дінаралық татулық форумы сынды басқосулар өткізу дәстүрге айналды.
Бүгін Қазақстан тең, басқа әлем елдері мойындайтын әлемдік қауымдастықтың мүшесі болып отыр. Қазақстанды тәуелсіз ел деп 115 мемлекет таныды, оның 105 тен астамы дипломатиялық қатынас орнатты. Қазірде Алматыда 60-қа жуық елдің елшілігі мен халықаралық елдердің уәкілдері жұмыс істеуде. Ал Қазақстанның таяу және қашықтағы шет елдерде елшілігі мен консулдары бар: Америка Құрама Штаты, Англия, Қытай, Индия, Түркия, Иран, Италия, Германия.
Қазақстанның сыртқы саясаты жүргізіліп жатқан экономикалық реформа негізінде басқа елдермен экономикалық, ғылыми-техникалық қатынасты қамтамасыз етуге бағытталған. Халықаралық аренадағы жағдай республика үшін өте қолайлы. Олармен байланысу аумақтық тұтастық, шекараның бұзылмауы, екінші елдің ішкі ісіне қол сұқпау, оларды мойындау және құрметтеу принціптеріне негізделген. Сыртқы ортада жағымды жағдайды қалыптастыру, өзара тиімді экономикалық байланысты дамыту және интеграциялық процесті күшейту жөніндегі саясат республиканың көп қырлы қатынастарды жүргізуге ынталылығының айғағы. Бұл салада қиындықтар көп болды. Себебі КСРО құрамында өмір сүрген Қазақстанды көптеген елдер білмеді.
Ұзақ мерзімге арналған жоспарда Еуропалық одақ шешуші роль атқарады, онымен қатынастың үлкен маңызы бар. Еуропалық одақпен біріккен комитет құру республиканың сыртқы саясатындағы негізгі бағыты. Сонымен қатар Еуропа одағы мемлекеттерімен сауда-экономикалық қатынасын жүргізуге күш салынып отыр. Нарықтық экономика негізінде өзінің экономикалық потенциалын нығайта отырып Қазақстан ғылыми-техникалық, сауда-экономикалық қарым-қатынасын әлемнің барлық елдерімен жақсартуға барлық алғы шартты жасап отыр, соның негізінде дүниежүзілік әлемдік қауымдастықтың өз дәрежесіндегі мүшесі болады. Беделді халықаралық құрылымдарымен қарым-қатынасы кеңи түсуде, оның ішінде БҰҰ, Еуропа қауымдастығы, Халықаралық және Еуропалық қайта құру және даму банкісі, Халықаралық валюта қоры, МАГАТЭ, Қызыл-Крест, Юнисейф, Юнеско, ЭКАТО, ПРООН, ЮНЕП, ВОЗ, ОЭР, ОИК және т.б. Шикiзат тауарларының экспорты дамушы елдер экспортының негiзгi түрi болып табылады. Африка елдерi, ОАР-ды қоспағанда экспорттың бұл түрi барлық экспорттың 90 пайызы құрайды, Латын Америкасы және Оңтүстiк-Шығыс Азия үшiн 30-60 процент шамасында. Қытай, Оңтүстiк Корея, Сингапур сияқты бiрнеше елдерде ғана шикiзат экспорт үлесiнiң орны азғана.
Батыста әрбір іскер адам істеген ісінің олқылығы үшін, содан айналадағы адамдар мен қоршаған орта келген зиян үшін айып төлейтінін, абыройдан айрылатынын біледі. Сондықтан жоба неғұрлым аумақты болса, қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары соғұрлым салмақты болады. Бұл – жалпыға бірдей белгілі нәрсе.
Экономикалық өсу екі жолмен анықталынады; нақты Ұлттық табыстың өсуімен және инвестицияның көлемінің ұлғайуымен. Латын Америкасы осы жылдары ішкі ұлттық табыс 5 есе өскен сонымен қатар халықтың саны да өскен. Латын Америкасының экономикалық өсу көрсеткіштері басқа индустриялды өсуші елдерге қарағанда ерекше. Мысалы, Жапонияның экономикалық өсу қозғалысы мен салыстырғанда.Қазіргі Латын америкасының экономикалық өсуі техникалық прогресс нәтижесінен туындаған. Техникалық прогресс өндірісті жаңартып қана қоймайды , ол басқару мен ұйымдастырудың жаңа формаларын ұсынады. Тәжирибеде техникалық прогресс пен инвестиция салу бір-бірімен тығыз байланысты; техникалық прогресс жаңа машиналар мен құрал-жабдықтарға инвестиция салуда көрініс табады. Бұдан шығатын қорытынды атомдық электростанция салудың керектігі түсінікті. Жоғары дыбысты самолеттер, транзистір және интегралдық схемалар, компютерлер, ксерокстер, ядролық энергияны тасымалдайтын контейнерлер, космостық ұшулар — міне техникалық жетістіктер, фантастикаға ұқсағаны мен шындық. Өндірістік көрсеткіштерді жақсарту нарық пен кәсіпорынға байланысты. Бірақ, еңбек өнімділігінің өсуіне және нақты ұлтық табысқа әсер ететін факторларға; заңдар, қоршаған орта т.б. жатады
II Тарау. Еуропалық Одақ және Қазақстан
2.2. Еуропалық Одақ құрылуы мен қызметі

Еуропалық Одақ — халықаралық саяси және экономикалық бірлестік.
Жалпы саны 373 млн. адамнан асатын халқы бар Еуропа елдерінің Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люсенбург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Австрия, Швеция елдерінің қатысумен 1993 жылы құрылған.
/1951 осы ұйым Еуропалық ұйымдастырушылық негізінде қаланды/, Еуропалық экономикалық қауымдастық/ 1957жылы Рим келісім-шарты бойынша құрылған бұл ұйым » ортақ рынок» деп те аталады/, сондай-ақ Атом энергиясы бойынша Еуропалық қауымдастық/ 1957 жылы құрылған қарым-қатынасы негізінде жұмыс істейді/. Еуропалық Одақ аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаты Бірегей европалық актіде / 1987/, Мастрик келісім-шартында / 1992/және Амстердам келісімінде / 1997/ айқындалған.
Соңғы жылдары Еуропалық Одақ мынандай бағыттарда:
1. Ортақ рыноктан экономикалық және валюталық одаққа өту.
2. Кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру
3. Бірегей сыртқы саясатқауым саласында тұтастық ахуалын қалыптастыру.
Жерорта теңізінің жағалауындағы, Азия, Латын Америкасы, Африка құрылығыаймақтық саясатты жандандыру, әлеуметтік саладағы үйлесімділік туралы айтырып, құқық қорғау және ішкі тәртіп сақтау әртекті байланысты өрістету мақсатында қызмет етіп келеді.
1999 жылы 1 — ші қаңтардан бастап / алғашқы кезекте 11 мемлекет: Австрия, Белгия, Германия, Ирландия, Испания, Италия, Люксенбург, ……

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!