Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Экономикасын Кластерлер

0

Мазмұны

Кіріспе
І – Тарау. Кластер терминалогиясының даму тарихы
ІІ – Тарау. Шет елдердегі кластердің дамуы және өзгешелігі
2.1. Майкл Потердің кластер жайлы көзқарасы.
2.2. Германиядағы, Швециядағы Жапониядағы, Италиядағы кластерлердің даму процесі
ІІІ – Тарау. Қазақстан Экономикасын Кластерлер көтереді
3.1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Халыққа жолдауындағы басты мәселе «индустриялы дамытудағы кластерлік жүйені қолдану.
3.2. Қазақстан Республикасының кластерлердің түрлері және дамуы
3.3. Қазақстан Республикасының машина жасау жөніндегі кластерді құру жөніндегі мәселелер
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет

Кіріспе
Менің курстық жұмысымның басты мақсаты – кластерлерді зерттеп, олардың мемлекетке тиімділігін ашып көрсету. Өйткені экономиканы дамытатын және елге қолайлы жағдайларды туғызатын осы жүйе болып табылады. Бұл шетелдік тәжірибеде дәлелденген. Сондай-ақ жүйе әлеуметтік және демографиялық салаларды да қамтиды.
Мен курстық жұмысымды 3-үлкен тарауға бөлдім:
І – Тарау. Кластер терминалогиясының даму тарихы.
ІІ – Тарау. Шет елдердегі кластердің дамуы және өзгешелігі.
ІІІ – Тарау. Қзақстан Экономикасын Кластерлер көтереді.
Бұл тарауларда ең алдымен кластердің терминалогиясы, терминнің шығу тарихымен сипатталады.
Қалыптасқан терминология бойынша кластер сөзі өнеркәсіп топтарды білдіреді, оның ошағы бір немесе бірнеше жетекші өндіріс болады. Мұның мысалы, мұнай мен газ өндіру, елдің көмір алаптарын игеру, түсті металдар өндіру және агро — өндіріс секторының өнеркәсіптері. «Кластер немесе өндіріс топтары – М.Потердің жазуынша – бұл географиялық көрші өзара байланысқан компаниялардың тобы. Олар белгілі ортада әрекететеді және өзара толықтырушы сипатта болады. Кейін, М.Потердің нұсқауынша, кластердің географиялық масштабы бір қаладан немесе басқа территориялар әкімшіліктік бірліктен нұсқалануы мүмкін, мысалы, әкімшіліктік облыстаң елдің барлық территориясына кейде көрші елдерге дейін созылуы мүмкін. Бұл кезде кластерге бөлуді, оның өнеркәсіп — өндірісті ошақты анықтаудан бастаудан жөн. Сосын таңдап алынған ошаққа тиесілі тауар мен қызмет көрсетудің инфраструктуралық сигменттері анықталады. Кластерді қалыптакстырудың критерийі ретінде өндіріс пен оның құраушыларының тиімділігінің өсуін айтады.
Дамушы экономикады кластердің қалыптасуына білім деңгейінің төмендегі, жұмыс күшінің төменгі классификациясы, технологияның әсіздігі, керекті капиталдың жетіспеуі, қоғамдық инстуттардың әлсіз дамуы кедергі болады. Үкімет пен әкімшілктің саясаты кейде кластердің қалыптасуына кері әсе тигізуі мүмкін. Оқу орындарының бағдарламалары Қазақстанда кластер талаптарына сәйкес келмей жатады. Аймақтардағы кластерден тыс жеке жұмыс істейтін компаниялар кластердің дамуын тежейді.
Белгілі американдық ғалым Майкл Потер өзінің «Халықаралық бәсекелестік» атты кітабында компьютер ғасырының белгісін білдіретін «кластер» (яғни пакет, шоғыр, бөлшек) деген түсінік енгізді. Электрондық есептеу машиналарында (ЭЕМ) ақпарат жүйесі құрылатын сияқты экономикада да ойдағыдай бәсекелеуші фирмалар тобы салалық, ұлттық, әлемдік рыноктарда бәсекелестік жағдайын дамыта отырып, ұқсаса нұсқадағы құрамалар пайда болады. Бәсекелестік артықшылығы серпілісінің көрінісі ретінде кластер дүниеге келеді, қалыптасады, кеңейеді, тереңдейді, бірақ, олардың сондай – ақ, тарылуы да, жіңішкеруі де, байланыстырылуы да, ыдырауы да мүмкін.Тағы да бір біз басшылыққа алуға тиіс. М.Потердің әдістемелік ұстамы – ол экономикалық өркендеу көзін не фирма деңгейінде, не елді тұтас алғандағы деңгейден іздеу дұрыс емес деп санайды. Жіңішкерек амал, ұстаныс іздеу қажет. Нақтырақ айтқанда: неліктен дәл осы елде тиісті сала халықаралық бәсекелестікте табысқа қолы жетті? Басқаша айтқанда, неге осы елге негізделген фирмаларға қарағанда бәсекелестік артықшылықтарды жасай алады және оны қолдан шығармайды
Мәселен, неліктен Германия типографиялық жабдықтардың, әсем автомобильдердің және химиялық реактивтердің және толып жатқан жетекші өндірушілердің базасына айналғанын қалай түсіндіруге болады? Немесе неліктен кіп – кішкентай Швейцарияда фармацептикалық өнеркәсіптің, шоколад өндірудің әлемдік жетекшілері шоғырланған? Неге, ауыр жүк машиналарын және тау – кен өнеркәсібі үшін жабдықтар шығару жөніндегі жетекші фирмалар Швецияны база жасаған? Неге, итальяндықтар керамикалық плиткалар, шаңғы ботинкалары, орайтын жабдықтар мен автоматтындарылған өндірістік жүйелер бойынша өте күшті болып келеді? Неге, Жапония тұрмысқа қажет электроника, роюот, фото, көшірмелік қондырғылар саласында бірінші орынды мықтап ұстауда?
Бәсекеге қабілетті ұлттық салалар бүкіл экономика бойынша біркелкі таралмаған, бір – біріне бағынышты салалардан тұратын кластерлерге байланыстырыған. Мысалы, Италияда экспорттың 40 пайызға жуығы азық – түлікпен, сәнді киім жасаумен немесе тұрғын үйді көркейтумен байланысты салалар кластерлерінің үлесіне келеді. Швецияда барлық экспорттың 50 пайызынан астамын тасымалдаумен, металлургия және ағаш өңдеумен байланысты салалар кластерлері өнімдерінің экспорты құрайды.
Ал өз елімізді қарастратын болсам, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2004 жылғы 19 науырыздағы Қазақстан Халқына Жолдауында Республика Үкіметінің алдына келесі міндет қойып былай деді: «Біздің іс жүзінде барынша тиімділік беретін үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуіміз керек. Соның бір мысалы индустрияны дамытуға кластерлік тұрғыдан келу бола алады.
Биылғы жылдың соңына дейін біздің келешегі бар барлық Қазақстандық, ауқымды өңірлік және аймақтық кластерлерді (бәсекеге қабілетті салалар жиынтығы айқындап алуымыз қажет. Даму инститтуры болса, алдағы міндеттерді жүзеге асырудың тиімді құралдарына айналуы қажет».
Бірінші жарты жыдықтағы ел экономикасының дамуын қорытындылай келе Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Премьер – Министр Д.Ахметов Үкімет ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудағы кластерді дамыту жөнінде жұмыс жасап жатқанын айтты. Премьер: біздің экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы аса маңызды бөлігі аграрлық өндірістің тиімділігін көтеру болып табылады деп мәлімдеді. Сала тиімділігін арттыру мәселесі – шикізатты қосылған құны жоғары өнім алу үшін тереңірек өңдеуді ұйымдастыру және экономиканың өңдеуші салаларымен өзара байланыстырылған өндірістер тізбегінің агроөнеркәсіптік кластерлерін қалыптастыру жөніндегі жұмысты жүйеге келтіруді талап етеді.
І – Тарау. Кластер терминалогиясының даму тарихы.
Қалыптасқан терминология бойынша кластер сөзі өнеркәсіп топтарды білдіреді, оның ошағы бір немесе бірнеше жетекші өндіріс болады. Мұның мысалы, мұнай мен газ өндіру, елдің көмір алаптарын игеру, түсті металдар өндіру және агро — өндіріс секторының өнеркәсіптері. «Кластер немесе өндіріс топтары – М.Потердің жазуынша – бұл географиялық көрші өзара байланысқан компаниялардың тобы. Олар белгілі ортада әрекететеді және өзара толықтырушы сипатта болады. Кейін, М.Потердің нұсқауынша, кластердің географиялық масштабы бір қаладан немесе басқа территориялар әкімшіліктік бірліктен нұсқалануы мүмкін, мысалы, әкімшіліктік облыстаң елдің барлық территориясына кейде көрші елдерге дейін созылуы мүмкін. Бұл кезде кластерге бөлуді, оның өнеркәсіп — өндірісті ошақты анықтаудан бастаудан жөн. Сосын таңдап алынған ошаққа тиесілі тауар мен қызмет көрсетудің инфраструктуралық сигменттері анықталады. Кластерді қалыптакстырудың критерийі ретінде өндіріс пен оның құраушыларының тиімділігінің өсуін айтады.
Өндіріс тиімділгінің индикаторы ретінде кластер ошағының негізгі қызығушылықтарына сәйкес келетін әртүрлі көрсеткіштерді айтамыз. Баса айтатын нәрсе, өндірістің қосалқы құрамына әрпрофильді бірлестіеһктер мен оқу орындары кіреді, олар кәсіби кадрлар дайындаумен, жаңа технологияларды жасаумен айналысады. Бірақ, М.Потредің айтуынша, олардың негізінде кластердің қатысуңшыларына айтарлықтай әсер ететін үкіметтік немесе басқа да заң құрылымдары болуы керек. Бұл кластердің қалыптасуының аяқталуын бағалайтын негізгі сұрақ. Үкіметтің қолдауынсыз ешқандай кластер сәтті жұмыс жасауы мүмкін емес, сәйкесінше өз мақсатына жете алмайды. Мысалы, Калифорниялық шарап кластері арнайы Калифорния Сенаты мен Ассамблеясының демеуімен жұмыс жасайды. Яғни, мемлекеттік шенеуніктердің кластредің қалыптастырудағы ролін асқақтату және шығармалық еңбектерін бағалау – олардың ішінде коррупцияның дамуына қарсы қуатты құрал болып табылады.
Кез – келген кластердің шекарасы салалық құрал мен пунктердің территориялық әркелкілігімен салыстырғанда түйіндескен өндірістердің таралуы агломерация тиімділігімен анықталады. Агломарация тиімділігі кластердің салалық құрамының қосымша бір өндіріс бірлігіне өсуі, яғни кластер құрамына қосымша бір өндірістің қосылуы: егер жаңа кластердің суммасы жоғары болса, онда агломерация тиімділігіне жоғары болады. Кері жағдайда, кластердің салалық құрамының қалыптасуы аяқталады және кластер құрамына қосымша, онда бұл ұқсас жағдай: агломерация тиімділігі транспорттық тосуларды төмендету есебінен болады.
Ірі кластердің әлемдік даму тәжірибесі айтарлықтай. Олар – слотүстік және оңтүстік Каролинадағы тоқыма компаниялары, Германияның оңтүстік бөлігіндегі автокөлік компаниялары, Италиядағы модельді аяқ киім өнеркәсіптері, Калифорнияның шарап жасаушы топтар, Португалия мен Швециядағы орман және ағаш өңдейтін өнеркәсіптер. Қазақстан үшін жергілікті бәсекелестікті қамтамасыз ететін әлемдік тәжірибе үлкен қызығушылық тудыруда. Мұндай жергілікті кластерлерге мысал болатын Голливудтағы ойын – сауық индустриясы, Нью – Йоркеті қаржы кластері, Хай – Поинттегі тұрмыстық техника шығаратын кластер. Мысалы, Манхэттендегі мультимедиялық кластер фирманы қамтамасыз ететін провайдерден, олар өзара байланысты салалардан тұрады, баспалардан, радио мен видеодан құралған. Қазақстан үшін қызығушылық тудырғаны аймақтық кластер, мысал ретінде М.Потер Португалиядағы аймақтық кластердегі қарастырады.
Дамушы экономикады кластердің қалыптасуына білім деңгейінің төмендегі, жұмыс күшінің төменгі классификациясы, технологияның әсіздігі, керекті капиталдың жетіспеуі, қоғамдық инстуттардың әлсіз дамуы кедергі болады. Үкімет пен әкімшілктің саясаты кейде кластердің қалыптасуына кері әсе тигізуі мүмкін. Оқу орындарының бағдарламалары Қазақстанда кластер талаптарына сәйкес келмей жатады. Аймақтардағы кластерден тыс жеке жұмыс істейтін компаниялар кластердің дамуын тежейді.
Кластердің дамына шабыт беретін М.Потердің айтуынша ішкі сауда, ішкі бәсекелестіктің дамуы мен инвестиция. Ішкі бәсекелестік жергілікті органдар мен институттардың өздігінен дамуына жол ашса, ішкі сауда Халықаралық деңгейге шығуға жол ашады.
Шұғыл дамып келе жатқан Қазақстан экономикада бизнесті дамытуға қажетті факторлар мен институттар екі астанада немесе соның төңірегінде шоғырланған. Себебі, экономикалық өрлеудің алғашқы кезінде басқа аудандар аталмыш талаптарға сай емес. Мұнда Қазақстан үшін Жапонияның тәжірибесінің практикалық мәні бар, онда өндірістік жеткізулердің 50% Токио мен Осака үлестеріне тиесілі. Жапонияда экономикалық ұрбандалу өте тиімді жүруде. Осыны негіздеп айтсақ, Астана маңайында жаңа елді мекендер шоғырланып, жолдар салынып, Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуын тездетуде.
Қазақстан кең – байтақ жерінде әртүрлі өнеркәсіпке, минералды – шикізат базасына, ауыл шаруашылығына қажетті ірі алқаптарға бай және жергілікті халықтың төменгі урбандалу дәрежесі бірнеше кластерлердің пайда болуын талап етеді. Тарихи жағынан қарасақ, мұндай жұмыстар қазақ жерінде жүргізілген. Кеңес заманында жоспарлау органдары 3 түрлі территория — өндірістік кешендерді қалыптастырумен айналысқан, олар Павлодар – Екібастұз, Маңғыстау және Жамбыл – Қаратау, ал ірі ғылыми орталықтар олардың кешенді дамытумен айналысты. Ал қазір осы бағытта министрліктер, ведомстволарда әртүрлі органдарда жұмыс жасалуда. 2003 жылы Президент жарлығымен 2015 жылға дейін индустрия – инновациялы даму стратегиясы қаюылданды. Онда қара мен түсті металл өндірудің аяқтау сатылары көрсетілген. Осымен бірге мұнай химиясы, агросектор, транспорт пен телекоммуникация қарастырылған. Аталмыш өндірістердің бәсекелестігін арттыру критерийі ретінде қосымша құн тізбегін еңгізу қарастырылған. Осымен қатар Қазаұстанда жоғары технологияны дамыту және ғылымды көп қажет ететін ірі кластерлердің дамуына жол ашатын салалардың дамуы байқалуда. Оларды қаржылық қамтамасыз ету үшін арнайы даму инститтутарының торабы қалыптасқан.
Қазір іске асып жатқан даму бағдарламаларын сараптау мен олардың тиімділігін бағалауда және басқа да маңызды экономикадағы бағыттарды дамытуда кластерлік сараптау әдісінің ролі үлкен емес. Кластерлік сараптау әдісі өндірістік – технологиялық көппрофиьдегі тораптарды дамытуда «тар орындарды» анықтауда таптырмас әмбебап әдіс………

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!