Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан агроөнеркәсіп өндірісін дамыту

0

Мазмұны

Кіріспе

1.1 Ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуы.
1.2. Қазақстан өнеркәсіп кешені, оны реформалау.
1.3. Қазақстан агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі
бағыттары.
1.4. Аграрлық реформаны тереңдету мен кеңейту.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

1.1 Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді жақсарту
әлеуметтік абыржуды тоқтатуға немесе барынша байыпты арнаға
түсіруге мүмкіндік беріп, этностық проблемаларды шешуде
толқуларды басып, мұнай, газ және басқа орны толмас табиғи
ресурстарды сыртқа шығаруды қысқартып, инфляцияны
ауыздықтап, қаржылық және ақша жүйелерін сауықтырады.
Агроөнеркәсіптік өндірісі дамыған елдердегі эволюция
меншікке құқық пен жерді шаруашылық жүргізу құқығын бір-
бірінен бөліп тастау болмайтын іс екенін дәлелдеп берді. Міне, дәл
осындай себептен аграрлық өндірістің кеңшар-ұжымшар моделі
көпшіліктен қолдау таппай, бұрынғы Кеңес Одағының елдерінде
дами алмады.
Өткен жылдар ішінде біздер соншалықты ұмтылған
қоғамдастырудың деңгейін арттыру жұмысшының меншіктен
аластатылу масштабын одан сайын арттыра түсті. Өндірістің
көлемін қалай дегенде де көбейтуге тырысушылық аграрлық
өндірістің ішкі табиғатына қарама-қарсы қайшылықта болатынын
кеш ұқтық.
Бір қарағанда қарапайым көрінетін ауыл шаруашылығы
өндірісі- өте нәзік, жеңіл үзілетін және көп аялауды қажет ететін
жүйе, ол қатаң қалыпқа салғанды көтермейді. Ауыл шаруашылығы
өндірісі басшылықтың білікті болғанына, жұмысшылардың
белсенді күш-жігеріне қарамастан көптеген факторлардың әсерінен
азапқа түскен адамдай ауыр халды басынан кешіреді. Мысалы,
әзірге адамның бақылауына аз көрінетін табиғи фактор, оның
ішінде ауа райының жағдайын алайық. Қуаңшылық, бұршақ жауу
және басқа қолайсыз құбылыстар жұмысшылардың барлық
ұмтылысына айтарлықтай зиян әкеледі немесе тіпті жоққа
шығарып тынады.
Аграрлық өндірістің тағы бір ерекшелігі дұрыс пайдаланған
жағдайда тозбайтын, қайта керісінше құнарлана түсетін, өндірістің
айырбастауға келмейтін ең басты мәңгілік қоры—жердің алабөтен
орны болып табылады. Жердің құнарлығындағы айырмашылық
еңбек пен капиталды бірдей жұмсағанның өзінде де өндіріс пен
табыстың көлеміндегі айырмашылықты туғызады. Осыдан барып
жер рентасы және табысты реттеу, сондай-ақ жақсы ауыл
шаруашылық жерлерінің шектелу проблемалары туады.
Табиғи биологиялық фактор өндірістің тиімділігін анықтауда, технологияны таңдауда ең басты факторы болып саналады. Мал мен өсімдіктер дамуының табиғи заңдылықтарын сақтамау басқа өндірістік экономикалық ресурстардың тиімділігінің төменділігіне әкеліп соқтыратын болғандықтан техника, еңбек ұйымдастыру жүйесі аталмыш факторға қарай ыңғайланады. Осы жерден келіп, әміршіл-әкімшіл экономика кезеңінде өсімі төмен мал өсіру мен нашар жем-шөп базасы жағдайында ірі мал шаруашылығы кешендеріне, қарапайым агротехникалық талаптарды сақтамаған жағдайда жерді мелиорациялауға жұмсалған орасан шығын ауыл шаруашылығының өнімдері мен шикіізатын жоғалтуға алып келді.
Ең жетілдірілген техника, озық технология және өндірісті білікті ұйымдастырудың өзі де өнім өндіруді белгілі бір «биіктіктен» асыруға мүмкіндік бермейтін мал мен өсімдіктің табиғи-генетикалық потенциялы сияқты ауыл шаруашылығының осындай биологиялық факторын жеңе алмайды.
Ауыл шаруашылығының маусымдық қасиеті оның табиғи ерекшеліктері болып табылады. Мұның өзі өндіріс кезеңі мен жұмыс кезеңінің тура келмеуін тудырып, жыл бойы жұмысшы күші мен материалдық-техникалық ресурстардың тепе-тең пайдалануына қолбайлау жасап, табыстың түсуін де ала-құла қылады. Салыстырмалы түрде аз ғана уақыт жұмыс істейтін техниканы пайдаланудың қажеттілігі, сондай-ақ өндірістің қуат көздерін көп керек ететіндігі тұрақты капиталдың жоғары үлесін қажет етеді. Өндіріс жалға алған жерде жүргізілетін жағдайда тұрақты шығынның деңгейі сонымен бірге жалға төленетін ақы есебінен де өсіп отырады.
Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының осындағы
экономикалық процестерге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің
рыногіне үлкен бизнестің әсері күшейген шақтағы аралас
салалармен тығыз топтасып кетуі ауыл шаруашылығындағы
экономикалық бағыттарды аралас салалардың әсерінен бөлек
қарастыру терең зерттеуге мүмкіндік бермейтіндіктен, агробизнесті
жүзеге асырудың теориялық-әдістемелік негіздерін дамыту және
практикалық әдістерді оқып үйрену қажеттілігі туады.
Агробизнестің салалары да төрт негізгі сфераға бөлінеді.

Агробизнес кешені
1сфера. Ресурстар
техника, жем, тұқым,
тыңайтқыш, улы химикаттар,
несиелік ресурстар

4 сфера. Агросервис:
мемлекеттік,

кооперативтік,

жеке
Агробизнес комплексінің басқа сфераларды байланыстырып
тұратын ұйытқысы ауыл шаруашылығы болып табылады. Бірінші
сфераға ауыл шаруашылығын техникамен, жем-шөппен, тұқыммен,
тыңайтқышпен, өсімдіктер және малды қорғайтын дәрі-дәрмекпен,
яғни өндірістің материалдық факторымен қамтамасыз ететін
салалар жатады.
Сфералардың үшінші тобы егіс даласынан өнімдерді
тұтынушыға жеткізумен айналысатын салалардың жұмысын
қамтамасыз ететін маркетингтік сфераны құрайды.
Төртінші сфера агробизнесті толықтай және оның жекелеген
салаларының қызметін жақсартуды қамтамасыз ететін
агросервистен тұрады.
Агроөнеркәсіптік кешен құрылымы агробизнес кешені
құрамымен өте ұқсас және ол үш сфераның басын құрайды.

Агроөнеркәсіптік кешен
1 2 3

Қор шығаратын салалар
Ауыл шауашылығы өндірісі

Бірінші сфераға трактор және ауыл шаруашылығы
машиналарын жасау, минералдық тыңайтқыштар және өсімдік пен
малды қорғаудың химиялық құралдары, сондай-ақ суландыру
құрылысы сияқты қорды қажет ететін салалар кіреді.
Екінші сфераға таза ауыл шаруашылық өндірісінің салалары-
егін шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық
мал азығын өндіру жатады.
Үшінші сфера әдетте ауыл шаруашылығы шикізаттарын
дайындау, тасымалдау, сақтау және өңдеуді қамтамасыз ететін
салалар мен өндірістің жиынтығы болып табылады.
Агроөнеркәсіп кешенінің құрылымын ретке келтіру
мақсатында Азық-түлік бағдарламасы қабылданып,
агроөнеркәсіптік өндірісті басқару қайта құрылды. Бірақ, шамадан
тыс орталықтандыру мен әміршіл-әкімшіл экономика шеңгелінде
бұл міндетті орындау мүмкін емес еді.
Экономика сферасында, оның ішінде аграрлық секторда
бірдей бастау алғанына қарамастан, бұрынғы одақтық
республикаларда көзге ілмей кетуге болайтын өзіндік ерекшеліктер
бар. Мұның өзі КСРО тарағаннан кейін пайда болған барлық жаңа
мемлекеттерге, оның ішіде Қазақстанға да теңдей қатысты.
Нарықтық экономикаға барар жолдағы Қазақстан
республикасы агроөнеркәсіп кешені дамуының жай-күйі, негізгі
проблемалар мен бағыттарын қарастырайық.
1.2 Қазақстан- 16,5 миллион адам тұратын Орталық Азиядағы ірі
ел, ол өзінің көлемі жағынан дүние жүзінде сегізінші орын алады.
Көмір қара және түсті металл, мұнай, газ өндіру жөніндегі
дамыған өнеркәсібі, металлургия және металл өңдеу, машина
жасау, химия және жеңіл өнеркәсібімен қатар республиканың
мықты агроөнеркәсіптік потенциалы да бар.
Ауыл шаруашылық жерінің жалпы көлемі 222,3 миллион
гектар, оның ішінде егістік жер 36 миллион гектар, жайылымдық
жер 182 миллионнан астам гектар және шабындық жер 5
миллионға жуық гектар құрайды. Әрбір жан басына шаққанда
шамамен 2,2 гектар жерден келеді. Бұл дүние жүзіндегі ауыл
шаруашылығы жағынан дамыған көптеген елдердегіден әлдеқайда
көп. Соңғы жиырма жылдың ішінде жыл сайын орташа есеппен 24
миллион тоннаға жуық астық, 1,5 миллион тоннаға жететін ет,
3,5 миллион тоннадан астам сүт және 100 мың тоннаға жуық жүн
өндірілді.
Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдарының 60-қа жуық
түрі өсіріледі, сүтті және етті ірі қара, жүнді, етті-майлы және
қаракөл қойлар, жылқы, түйе, шошқа, құстың бірнеше түрлері,
марал, сондай-ақ ара мен балық, мамық жүнді аң шаруашылығы
бар. Республиканың агроөнеркәсіп кешенінің бірінші сферасы
машина жасау, микробиологиялық және химиялық өнеркәсіппен
айналысады.
Агроөнеркәсіп үшін машина жасаумен Павлодар трактор
зауыты, Ақмола эрозияға қарсы техника шығару өндірістік
бірлестігі және «Манкетживмаш», «Актюбсельмаш» пен Мамлют
машина жасау зауыттары мал шаруашылығы үшін машина
жасаумен айналысады. Бұдан басқа, бөтен саладағы, оның ішінде
қорғаныс зауыттарында да ауыл шаруашылық машиналарының
кейбір түрлері және қосымша бөлшектер шығарылады.
Химиялық өнеркәсіп саласында Жамбыл және Ақтөбе облыстарындағы кәсіпорындар минералдық тыңайтқыштар шығарады. Мұндай өнімдерді жолай өнім ретінде Қарағанды металлургия және Өскемен титан-магний комбинаттары да шығарады. Шымкенттегі »Фосфор» өндірістік бірлестігі өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарын шығаруды жүзеге асырады. Микробиологиялық өнеркәсіптің басын Шымкент гидролиз, Түркістан жемдік дәрілер және Степногорск «Өркениет» сияқты үш зауыт біріктіріп тұр.
Республика агроөнеркәсіп кешенінің екінші сферасында экономикалық реформалардың басында 2200 кеңшар және басқа мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен 406 ұжымшар жұмыс істеді.
Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің үшінші сферасында тамақ,
ет-сүт және ұнжарма өнеркәсібі кәсіпорындарынан, дайындау,
сақтау,сондай-ақ ауылшаруышылығын өндірістік-техникалық,
транспорттық, агрохимиялық, мал дәрігерлік-санитарлық және
суландыру жөнінен қызмет ететін кәсіпорындар мен ұжымшардың
жүйесінен және агроөнеркәсіп кешенінің басқа да салаларынан
тұрады.
Қазақстан агроөнеркәсіп өндірісі дамуының маңызды
ерекшелігі алабөтен- топырақтық-климаттық жағдайы мен өсімдік
өсіретін топырақ бетінің әр түрлілігі, олардың көлденеңнен және
тігінен аймақтануын анықтайтын кең байтақ жер аумағы алып
жатқандығы болып табылады. Температураның (100оС) тиімді
жиынтығы солтүстіктегі 25000-нан оңтүстік және оңтүстік-
шығыста 45000-ға дейін аралықта құбылып отырады. Мұның өзі
суптропикалық және тропикалық дақылдардан басқа, ауыл
шаруашылығының барлық дақылдарын, дәнді дақылдардан бастап
жүзім мен мақта өсіруге дейін мүмкіндік береді.
Қазақстан жер аумағының көп бөлігі егіншілікпен айналысуға
болатындай аймақта орналасқан. Республиканың солтүстігі мен
орталығында жауын-шашын 140-350 мм-ден оңтүстіктің, оңтүстік-
шығыстың және шығыстың таулы және биік таулы аймақтарында
450-900 мм-ге дейін жетеді.
Жер аумағының топырақ беті де қатты ерекшеленеді-
республиканың солтүстігінде кәдімгі, қою қоңыр топырақ, қоңыр
топырақ және ашық қоңыр топырақ және таулы сілтілі қара
топырақты болып келеді. Қара топырақты жер көлемі бар-жоғы 15
миллион гектарға жуық жерді құрайды. Бұдан басқа, Қазақстанда
77 миллионға жуық гектар топырақтың эрозияға ұшырауына бейім
жер, 50 миллион гектарға жуық эрозияға қауіпті жер, оның ішінде
17,7 миллион гектарға жуығы егістік жер, 74 миллион гектардан
астам сортаң және кейбір топырақты жер, оның 8 миллионға
жуығы өңделген жер бар.
Республика агроөнеркәсіп кешенінің тағы бір ерекшелігі-
өндірістің мамандандырылуы мен шоғырландырылуының жоғары
деңгейде болуы. Қазақстанның ауыл шаруашылығы кәсіпорындары
егістік жер көлемі жағынан кеңестік кезеңінде ТМД елдері
бойынша орташа есеппен алғанда 6 есеге жуық артық болды.
Жалпы өнім өндіру көлемі бойынша 2-3, одан да көп есе болды.
Қазақстан агроөнеркәсіп өндірісінің келесі ерекшеліктері-
мұнда жақын шетелдерге қарағанда агроөнеркәсіп кешеніндегі
салалық сәйкессіздіктер көзге бірден түседі, ауыл шаруашылығы
өнімдері мен шикізатын өңдеумен, оларды сақтау және
тасымалдаумен айналысатын қор шығарған сфералар мен салалар ,
сондай-ақ жалпы агроөнеркәсіп инфроқұрылымы нашар дамыған.
90-жылдардың басында агроөнеркәсіп кешені құрылымында ауыл
шаруашылығының үлес салмағы 64%-ке жуық, 1-сферада 8%-ке
жуық және 3-сферада 28%-тен астамырақ болды. Республикада
автомашина және комбайн жасау өнеркәсібі мүлдем жоқ. Қолда
бар элеваторлық қуаттар астықты өңдеуді, ал ет комбинаттары етті
өңдеуді толық қамтамасыз ете алмайды. Осының салдарынан
өндіріс өнімі көлемінің 30%-і ысырапқа ұшырайды. Бұрынғы КСРО
кезінде Қазақстан кооператорлары шикізатты республикадан тыс
жерге шығарып, оны сонда өңдеп, дайын өнімді қайта алып келетін.
Республикадан тыс жерге екі жақты тасымалдауға кететін
шығыннан басқа бірқатар өнім алу үшін бастапқы шикізат болып
табылатын өнім қалдықтары да өнім өңделген жерде қалып қоятын.
Сондай-ақ Қазақстан еңбеккерлері өндірген үстеме өнімнің бір
бөлігі де сол ауыл шаруашылық өнімдерімен бірге сыртқа
шығарылып тұратын.
Материалдық өндіріс сфераларының шамадан тыс шашыраңқы орналасуы жағдайында транспорттың жетіспеушілігі мен жол жүйелерінің нашар дамуы Республиканың агроөнеркәсіп өндірісінің дамуын қиындата түсетін ерекшеліктердің қатарын толтыра түседі. Мысалы, Қазақстанда бір погон километр автожол жүйесіне бар-жоғы 38 метр асфальтталынған жол келеді. Ал, бұл көрсеткіш Өзбекстанда — 129 метр, Украинада — 324 метр, Эстонияда 600 метрге жуық. Халықтың аз орналасуы да Республика агроөнеркәсіптік өндірісін орналастыру мен дамытуға кәдімгідей әсер етеді.
Міне, осындай қиыншылықтарға қарамастан, егістік жерлердің орасан көп болуы, топырақтық-климаттық аймақтың көптүрлілігі мен олардың биоклиматтық потенциялының мол болуы, ауыл шаруашылық өсімдіктерді жергілікті сорттарының және мал тұқымдарының генетикалық мүмкіндіктерінің болуы, …..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!