Курстық жұмыс: Экономика | Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қарыз үшін пайыздың экономикалық мәні.
1.1 Қарыз проценті.
2. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау.
2.1 Қарыз алушының капитал
2.2 Пайыз тәуекелін басқару – банк пайдасын ұлғайту құралы.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
1. Қарыз үшін пайыздың экономикалық мәні.
Қарыз пайызы пайданың бөлігі түрінде бола отырып, одан оның мөлшерін анықтайтын факторлармен ерекшеленеді. Мысалы, егер пайданың қалыптасуы жұмыскердің санына және еңбек өнімділігіне байланысты болса, ал төленетін қа¬рыз пайызының шамасы — пайыздық мөлшерлеме деңгейіне және қарыз алушы алған несиенің сомасына байланысты. Қарыз пайызы өзіне тән ерекше белгілі бір белгілерді білдіре отырып, пайдадан ғана өзгешеленбейді, сонымен қатар баска да экономикалық категориялардан, мысалы, бағадан да өзгешеленеді.
Бағалар тауар айналысымен, айырбаспен тығыз байланыста екені белгілі, оның бөлу фазасында пайда болатын қарыз пайызынан өзгешелігі, ол — қайта бөлу категориясы болып табылады. Екінші өзгешелігі мынада, тауар бағасы тауар айналымы негізінде, ал пайыз — мүлдем басқа, несие¬нің қозғалысы негізінде пайда болады. Алайда, несиемен сауда жасау мүмкін. Несиелік мәміледе саудалық себеп банк ісіндегі сауда-саттықпен (коммерциализация) байланысты.
Осылайша, қарыз пайызының мәніне талдау жүргізу — несиені пайдаланғаны үшін пайыздық соманы төлеуге қатысты пайда болатын экономикалық қатынастар ретінде келесі сипаттауға мүмкіндік береді. Қарыз пайызы экономикалық категория ретінде екі функциямен орындайды: үлестіру және банктің неснелік потенциалын өсіру.
Бірінші — қарыз пайызының үлестіру функциясы — барлық құнның үлестіруімен емес, оның жаңадан құрылған құнды білдіретін бөлігімен байланысты. Пайыз арқылы үлестіру салалық емес, жалпы шаруашылық сипатта.
Халық шаруашылығы деңгейінде қарыз пайызын төлеу ұлттық табысты бөлумен байланысты. Пайданың бөлінуі пайызында қарыз пайызын алушы және төлеушінің орындары ауысуы мүмкін. Экономикалық қатынастардың сол және сол тәрізді субъекті бір мезгілде кредитор да, қарыз алушы да болуы мүмкін, яғни пайыздық сомалардың алушысы және төлеушісі ретінде жүре алады. Қарыз пайызы арқылы пайда¬ның үлестірілуі меншік иесінің ауысуымен қатар жүреді. Жоғарыда айтылып өткендей, пайданың бір бөлігі өзінің иесінен кетіп, кредиторға өтеді.
Екінші функция банктің кредитор ретіндегі несиелік потенциалының ұлғаюымен және сақталуымен байланысты. Банктің несиелік потенциалының ұлғаюы — алынатын пайыз бен төленетін пайыз арасындағы айырмашылық есебіне болады.
Кредитор мен қарыз алушы арасындағы өзара қатынаста қарыз пайызы пайыздық мөлшерлеме түрінде болады. Қазіргі уақытта қарыз сипатына және ұзақтығына, несиелеу объектісіне, қарыз алушының несиелік қабілетіне, несиелік ресурстарға сұраныс пен ұсынысқа байланысты пайыздық мөлшерлемелердің көптеген түрлері бар.
Пайыздық мөлшерлеме тұрақты және өзгермелі, номиналды және нақтылы, дисконтты болуы мүмкін.
Тұрақты пайыздық мөлшерлеме қарызды пайдаланудың барлық мерзімі бойынша өзгеріссіз қалады.
Өзгермелі пайыздық мөлшерлеме несиелік ресурстарға деген сұраныс пен ұсыныс арқылы қалыптасатын ақша нарығының жағдайына байланысты, сонымен қатар экономикалық және қарыз алушыны қаржыландыру жағдайында несиелік немесе делозиттік шарттың барлық әрекет ету мерзімі бойында банк арқылы өзгертілуі мүмкін. Мөлшерлеменің өзгертілу шарттары тараптардың өзара келісімімен анықталады. Олар үнемі қайта қарастырылады және әдетте қарыз капи¬талы нарығындағы қандай да бір қаржылық актив бойынша пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне байланысты ауысып отырады.
Номиналды пайыздық мөлшерлеме екі факторға байла¬нысты қалыптасады, несиелік ресурстарға деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына және инфляция қарқынына қарай.
Нақты пайыздық мөлшерлеме есептеу жолымен табылады — номиналды мөлшерлемеден инфляция қарқыны алынып тасталынады. Кредитордың көзқарасы тұрғысынан нақтылы пайыздық мөлшерлеме табысының көзі — несиелеу және инвестициямен байланысты шығындардың орнын толтырудың негізі болып табылады. Нақтылы пайыздық мөлшерлеме мынандай құрамдас бөліктерден тұрады: ағымдык шығындар (тартылған қаражаттар құны, әкімшілік және заңды шығындар, төлем қабілетсіз қарыз алушылардан келетін шығындар), салық, тәуекел үшін төлем, пайда.
Банктік тәжірибеде барлық пайыздық мөлшерлемелер но¬миналды шамада белгіленеді.
Математикалық пайыздық мөлшерлеме қарызға берілген құннан келетін табыстың осы құнның шамасына катынасы ретінде анықталады. Мысалы, 1995 жылы 18 мамырда Ұлттық банк бекіткен пайыздарды есептеу тәртібі және олардың Қазақстан Республикасы банктерінде бухгалтерлік есеп шоттарындағы орналастыру тәртібі туралы Ережеге сәйкес пай¬ыздарды есептеудің келесі техникалары пайдаланылады:
Жай пайыздарды есептеудің техникасы. Жай пайыздар — бұл қарыздық берешек (депозит) сомасына, есептелген пайыздар.
Күрделі пайыздарды есептеу техникасы. Күрделі пай¬ыздар — бұл қарыздық берешек (депозит) сомасына ғана емес есептелген пайыздан келетін табыс сомасына да есептелген пайыздар.
Пайыздарды есептеген кезде айдағы күндер саны шартты түрде 30 күн, ал жылдағы күндер саны — 360 күн деп қабылданады. 31 күндік айларда 31 күн есепке алынбайды, ал, ақпанда соңғы санға дейінгі қалдық 30 күнге қанша жетпесе, сонша қайталанады.
Күрделі пайыздарды есептеу қажеттілігі түрлі себептерден болуы мүмкін, Ұлттық банк үшін әр түрлі мерзімдерге бір пайыздық мөлшерлеме бойынша берілетін аукциондық несиелерді қайта қаржыландыру кезінде екінші деңгейдегі банктердің әр түрлі тиімді табыс алуын болғызбаудың маңызы зор. Бұл үшін Ұлттық банк тәжірибеге күрделі пайыз әдісі бойынша пайыздар есептеуді енгізгенге дейін 1, 3 және 9 айлық несиелер бойынша бірнеше әр түрлі ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемелерін белгілеуге мәжбүр болды. Күрделі пайызға өтумен байланысты қайта қар-жыландырудың бірегей мөлшерлеме белгіленетін болды.
Нарықтық қатынастарды құрудың қазіргі уақыттағы сатысының өзгешелігі банктердің типіне және көлеміне, орналасқан жеріне, клиентурасына және шын мәніндегі өзіндік табиғаты бар басқа да міндеттемелеріне байланысты.
Екінші жағынан, банктік мекемелер жүргізетін пайыздық саясаттық ерекшеліктері сол және басқа да банктен тәуелсіз сипаты бар бірқатар жалпы факторлардың индивидуальдық көрінісінің салдары болып табылады. Жалпы жағдайда несие үшін пайыздық мөлшерлеменің қалыптасуының бастапқы негізі тартылған ресурстар үшін төлемнің орташа деңгейі болады. Нарық жағдайында орташа ресурстар үшін төлем мөлшерлемесінің екі шектік мәні бар: ең төменгі және ең жоғарғы. Бұл мәніне төмен және жоғары кезде ресурстарды сатып алу-сату мәмілесі жасалмауы мүмкін, өйткені оның шарттары тараптардың біреуін қанағаттандырмайды. Факторлар өз шекарасын қоса алғандағы, көрсетілген шектеулі мәндердің шеңберлерінде әрекет етеді.
Қарыз пайыздық мөлшерлемесі мазмұнының жалпы сызбасы келесі түрде көрсетілуі мүмкін. Жалпы жағдайда банк берген несие үшін пайыздық мөлшерлеме тартылған ресурстар үшін төлем мөлшерлемесі мен пайыздық маржаның қосындысынан тұрады. Соңғысы, өз кезегінде, бірнеше бөліктерден тұруы мүмкін: қалыпты маржадан, яғни банктің қызмет етуімен байланысты шығындарды жабуы және банк¬тің қалыпты пайда алуын қамтамасыз ететін маржадан. Қа¬лыпты маржа сенімділІгі жоғары дәрежелі несиелерге; неғұрлым жоғары болған сайын банктік қарыздың қайтарылатынына сенімділігі төмен болатын тәуекел үшін үстемелерге; нарықтың жағдайларына (сұраныс-ұсыныс), үстемелер (кемітулер) мен ондағы сатушының жағдайына қарай (монополия-бәсекелестік) бағдар ұстайды.
Үстемелер (кеміту) шамасына әсер ететін негізгі факторларға мыналар жатуы мүмкін: клиенттің төлем қабілеттілігі, жобаның тәуелділік дәрежесі, клиенттің сипаттамасы, салық салу мөлшерлемесінің мөлшері, несиеге сұраныс жағдайы, қарызды ұсыну мерзімі, қосымша несиелік ресурстарға деген қол жетушілік, инфляция деңгейі.
Пайыздық мөлшерлеменің қолдану сферасына және оның деңгейін реттеу тәсіліне байланысты ресми пайыздық (есептік) мөлшерлеме; банкаралық және базалық болып ажыратылады.
Ресми пайыздық мөлшерлемені басқа да банктерге, бірінші кезекте коммерциялык банктерге берілетін несиелер бойынша орталық банктер белгілейді. Бұл операциялар ұзақ уақыт бойы коммерциялық вексельдерді қайта есептеу түрінде жүзеге асырылды, айтылған мөлшерлеменің екінші атауы осымен түсіндіріледі. Оның деңгейін өзгерте отырып, Орталық банк коммерциялық банктердің: тиімділігіне, олардың несиелік мүмкіндіктерін жоғарылата немесе төмендете отырып әсер етеді. Есептік саясат нарықтық қатынастары дамыған елдерде экономиканы ақша-несиелік жағынан реттеудің дәстүрлі әдістерінің қатарына жатқызады. Оның келесі міндеті несиені кымбаттату жолымен елде инфляцияның күшеюіне кедергі жасау болып табылады. Мұндағы есеп айырысу қарапайым: коммерциялық банктер ресми мөлшерлеменің өсуі жағдайында клиенттер үшін пайыздық мөлшерлемені жоғарылатады, осылайша, ақшаға деген сұраныс төмендейді.
Қазіргі уақытта банкаралық мәліметтердің дамуына байла¬нысты коммерциялык банктер қажет болған жағдайда несиені эммиссиялық институттан емес, банк-корреспонденттен ала алады, қарыз алушы үшін мұндай мәміле арзан да болады. Бұл ресми пайыздық мөлшерлеме денгейінің банкаралық пай¬ыздық мөлшерлеме деңгейінен жоғары болуына әкеліп соғады.
Банкаралық пайыздық мөлшерлеменің, мысал ретінде ЛИБОР — лондондық банкаралық мөлшерлемені айтуға бола¬ды, ол евровалюталық нарықта депозиттік, несиелік операцияларда және еврооблигациялық займдарда, сонымен қатар ПИБОР — париждік банкаралық мөлшерлеме кең түрде қолданылады. ПИБОР сегіз ірі париждік банктердің мөлшерлемелері мәндерінің арифметикалық ортасы ретінде анықталады. Бұдан гөрі анағұрлым белгілі ЛИБОР банкаралык мөлшерлеме жекелеген халыкаралық несиелік мәмілелердің құнын — есептеу барысында базалық ретінде қолданылады. Бұл жағдайда ЛИБОР базалық мөлшерлемеге, әдетте, мәміле түріне, қарыз алушының қарыздық жағдайына қарай ақша нарығындағы конъюктураға байланысты маржа қосылады.
Ақша нарығында несиелер бойынша базалық мөлшерле¬ме АҚШ-та қолданылатындай бірінші класты қарыз алушыларға «ПРАЙМ РЕЙТ» жүйесі бойынша ресми немесе банка¬ралық мөлшерлемеге қарағанда анағұрлым жоғары деңгейде, бірақ шағын және орта фирмаларға берілетін несиелер бойынша мөлшерлемеге қарағанда біршама төмен деңгейде бөлінеді. Қарыз пайыздың нормасын белгілеген кезде негізгі анықтаушы жағдай — қарыз алушының сенімділігі, оның каржылық жағдайы. Қарыз алушы сенімді болған сайын базалық мөлшерлемеге қосылатын қосылым да төмен болады және бұған керісінше. Несиелік операциялар бойынша база¬лық мөшерлеме әр түрлі анықтамаларда қандай да бір деңгейде көрсетілгенімен іс жүзінде әрбір банк өз мөлшерлемесін белгілей алады, яғни қазіргі уақытта несиелік салыстырмалы түрде тәуелсіз пайыздық саясат жүргізеді, бірақ базалық мөлшерлеме олар үшін белгілі бағыт ретінде болады. Банк-клиент қатынасында пайыздық мөлшерлеме тек қарыздар бойынша ғана емес, депозиттік операциялар бойын¬ша да қолданылады. Коммерциялық банктердің депозиттік операциялары бойынша пайыздық мөлшерлеменің динамикасын анықтаушы негізгі фактор ретінде несиеге сұраныстың оны ұсынумен салыстырғандағы жоғарылау тенденциясы бо-лып табылады.
Қазақстан Республикасында несие жетімсіздігі құбылысының дамуы, әсіресе, 1994 жылдың бірінші жартысында айқын байқалды, бұған белгілі бір дәрежеде мемлекеттік рестриктивтік ақша-несиелік саясаты жағдай жасады. Бірақ депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемеде көрінетін жеткілікті түрде жалпы сипаттағы факторларға, сонымен қатар, ресурстарды тарту мерзімі несиеге деген сұраныс жағдайы, несиелік ресурстар нарығындағы жағдайлар, (төлем шамасы, ұсыныстың болуы) клиенттердің мінез-құлқы (құрылтайшылар, үлескерлер, сала кәсіпорындары, т.б.) оның сенімділігі, салық саясаты және инфляциялық тенденциялардың қатысы бар. Орталық банктің саясаты да осындай факторлардың бірі ретінде болады, бірақ пайыздық мөлшерлемелердің динамикасында көбіне тікелей емес, несиелік нарықтың жагдайлары арқылы көрінеді, сондықтан оның мөлшерлеме шамасына әсер етуі тек жанама түрде болуы мүмкін.
Ақыр соңында, мемлекеттік қазыналық міндеттемелер (МКМ) бойынша
пайыздық мөлшерлеме ажыратылады. Мемлекеттік қазыналық міндеттемелерді сатып алушы несиелік операциялардың ерекше формасы ретінде қарастыруға болады, онда қарыз алушы болып бағалы қағаздардың эмитенті – Қаржы министрлігі, ал кредитор болып олардың сатып алушылары болып табылады. Сондықтан МҚМ бойынша жылдық табыстылықты келесі формула бойынша анықтауға болады:
Т = (НК х ДБ/ДБ) х (365 х 100/Т), (5)
мұнда:
Т – жылдық табыстылық, %;
НК – МҚМ-нің номиналдық құны;
ДБ – МҚМ-нің дисконтталған бағасы;
Т — МҚМ-нің айналыс кезеңі, күндері.
1.1 Қарыз проценті
Қарыз проценті — ол уақытша қолдануға берілген құнның өзгеше бағасы болып көрінетін объективті экономикалық категория. Несиенің бағасы иррационалдық сипатта (өлшеусіз сандар) болады, алайда оның абсолюттік шамасы қарыздардың несиені пайдаланғаны үшін төлеген белгілі бір сомаға тең, оны проценттік сома деп атайды. Иррационалдық сипатта болатын себебі: біріншіден, қарызға берілген құнның ақша түрінде көрінуі; екіншіден……