Курстық жұмыс: Экономика | Монополия; пайда болу себебi, мәнi және ұйымдастырушыылқ-экономикалық формалары
Мазмұны
КІРІСПЕ ……………………………………………………………………………………………..3
НЕГIЗГI БӨЛIМ
I РЫНОК ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ РЫНОКТАҒЫ МОНОПОЛИЯ ТАБИҒАТЫ …………………………………………5
1.1 Рынок құрылымының сипаттама белгілері …………………………………….5
1.2 Монополияның белгілері мен түрлері ………………………………………….11
II МОНОПОЛИСТІҢ НАРЫҚТАҒЫ ӘРЕКЕТТЕРІ ЖӘНЕ
ОНЫҢ ЕЛІМІЗ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ КӨРІНІСІ ………………………14
2.1 Монополия және нарық жағдайындағы монополия табиғаты ………..14
2.2 Ұзақ мерзiмдi монополиялы рынок қызметi …………………………………19
2.3 Қазақстандағы монополиялық жағдай (“Қазақтелеком” ААҚ) мысалында …………………………..23
ҚОРЫТЫНДЫ ……………………………………………………..………27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ………………………………………….29
КІРІСПЕ
Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты экономикамызда микро және макродеңгейде қатынастары күрделенiп, экономикамызға әр түрлi әсерiн тигiзуде.
Қазiргi кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек қана сұраныс пен ұсыныс деп төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр рынокта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi рынок құрылымының негiзiнде әрекет жасайды.
Рынок құрылымы фирмалардың саладағы санына, фирманың көлемiне, тауар сипатына, оның рынокқа ену жеңiлдiгiне немесе ақпараттың қолда болуына байланысты. Осындай рынок құрылымдарының бiр түрi – монополия.
Монополия дегенiмiз белгiлi бiр тауарды немесе қызметтi өндiретiн жалғыз фирма және осы тауарды жақын алмастырушысы жоқ нарықты айтамыз.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын Монополия; пайда болу себебi, мәнi және ұйымдастырушыылқ-экономикалық формалары” деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi рыноктық экономикадағы монополияның орны, табиғаты, оның экономиканың әлеуметтiк және экономикалық салаларына тигiзер оң және терiс әсерлерiн қарастыру.
Экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуiне байланысты бәсеке түралы көп кездестiремiз. Бәсеке өз кезегiнде рыноктық экономиканың сұраныс пен ұсыныс сияқты негiзгi элементi болып табылады. Бiрақ қазiргi жағдайда қайбiр елдiң болмасын, оларда таза бәсекелестiк экономикалық рынок жоқ. Өйткенi қоғамның кейбiр салаларында көптеген кәсiпорындар бiрдей қызмет ете алмайды. Мысалы, ел аумағындағы электр желiсiн алатын болсақ ол табиғи монополия болып табылады, өйткенi бұл рынокқа бәсекелес фирма кiру үшiн ол фирма тағы да бүкiл ел аумағына электр тораптарын жүргiзуге тура келедi, ал бұл өз кезегiнде жалпы қоғамға немесе ұлттық экономикаға зиян шығындарды туғызады.
Бiрақ рыноктық экономикада қандай-да болмасын монополиялық әрекеттердi өз бетiнше жiбермейдi, оны мемлекет белгiлi бiр деңгейде әр түрлi шаралармен реттеп отырады. Оны экономикада “антимонополиялық саясат” дейдi.
Осылайша мен курстық жұмысты оындау барысындағы мақсатым мен мiндетiм монополиялық жағдайды толық қарастырып, оның теориясын және қызмет ету ерекшелiктерiн, қысқа және ұзақ мерзiмдегi монополист әрекеттерiн, монополиялық нарықтың жетiлген бәсеке рыногынан айырмашылығын қарастырмақшымын. Әрине соңғы бөлiмде Қазақстандағы осы рыноктың жалпы көрiнiсi және телекоммуникация саласындағы табиғи монополия (“Қазақтелеком ААҚ”) мысалында қарастырып өтпекшiмiн.
I РЫНОК ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ РЫНОКТАҒЫ МОНОПОЛИЯ ТАБИҒАТЫ
1.1 Рынок құрылымының сипаттама белгілері
Нарық құрылымының ерекшелiктерiн сипаттайтын ең басты көрсеткiштердiң бiрi, осы қарастырылып отырған нарықтағы фирмалардың саны боп табылады.
Экономикада рынокты анықтайтын, оны зерттейтiн, бағаны белгiлейтiн сұраныс пен ұсыныс қана емес, сондай-ақ рынок құрылымы болып табылады. Өйткенi әр рынок құрылымында бәсеке түрлерi де әр түрлi, соған сәйкес баға құру тәсiлi және фирманың қызмет етуi де өзгеше болып келедi.
Рынок құрылымының негiзгi түрлерiн келесi суреттен көруге болады:
Жалғыз Бiрнеше
фирма фирма Көптеген фирмалар
Сурет-1 – Рынок құрылымының жiктелуi
Бұл суреттегi жетiлген бәсеке қалыптасу үшiн ондаған фирмалар әрекет жасап, олардың өзара келiсiм жасауға мүмкiндiгi болмауы тиiс.
Жетiлген бәсеке қалыптасу үшiн ондаған фирмалар әрекет жасап, олардың өзара келiсiм жасауға мүмкiндiгi болмауы тиiс.
Жетiлген бiсекелес нарығы дегенiмiз — төмендегi шарттар орындалатын нарық:
1. Нарықта өнiм ұсынатын тәуелсiз сатушылар саны көп және өнiмдерi бiртектi болып келетiн;
2. Iр фирманың жалпы нарықтық ұсыныстағы сату үлесi елеусiз. Сондықтан, оның өнiм көлемi туралы өндiрiстiк шешiмдерi жалпы ұсынысқа ықпал етпейдi, соған орай фирмалар нарықтар бағасына да әсер ете алмайды;
3. Баға, техология, ықтимал пайда жөнiндегi ақпараттар белгiлi болады;
4. Жаңа фирмалардың салаға кiруiне немесе одан шығуына тосқауылдар жоқ болуы.
Бәсекелес фирма нарықтық бағаға әсер ете алмайды, сондықтан ол бағаны сырттан белгiленген баға ретiнде қабылдайды. Яғни, өндiрушi өндiрiлген өнiмнiң кез келген мөлшерiн рыноктық бағамен сатады. Олардың сұраныс абсалюттi икемдi болып келедi.
Суреттен көрiп отырғанымыздай өндiрiлген өнiм тұрақты (Q) тұрақты бағамен (Po) сатылатындықтан, жалпы түсiм өсiмi немесе шектi түсiм MR нарықтық бағаға тең болады, яғни MR = Po. Сондықтан жетiлген бәсеке жағдайында шектi түсiм (MR) қисығы жеке фирманың сұраныс қисығымен (D) сәйк Фирманың жалпы не ортақ табысы өндiрiс көлемiнен өндiрушi баға көбейтiндiсiне тең , яғни
TR = p * Q
Мұндағы: TR – жалпы түсiм;
р – баға;
Q — өнiм көлемi.
Р
Р0 D = MR Q
Сурет- 2- Бәсекелес фирманың сұраныс қисығы
Бәсекелесу деген сөздiң өзi экономикалық пайданы бөлу және ұтынушының таңдауының бар екендiгiн көрсетедi. Дәл осы себептен де өндiрушiлер тұтынушының сұранысын арттыру үшiн әрекеттер жасайды.
Жетiлген бәсекелес нарығында тауарды сатушылар және стаып алушылар саны өте көп болады, сондықтан олардың әрқайсысы жеке түрде тауардың нарықтық бағасына әсер ете алмайды. Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыс арқылы анықталады. Осының салдарынан тұтынушылар мен сатушылар жетiлген бәсеке нарығында тауардың бағасын тұрақты деп және өздерiнiң бақылауынан тыс деп қабылдайды. Өнiм өндiрушiлердiң басты мақсаты пайданы ең жоғары деңгейге жеткiзу, сондықтан олар әрдайым ұтымды өнiм көлемiн анықтауға ынталанады.
Жетiлген бәсекеге қарама-қарсы бәсеке түрi монополия болып табылады. Ал монополия жағдайында тұтынушының алдында бiр ғана iрi өндiрушi тұрады. Тұтынушы қаласа да, қаламаса да монополистiң өнiмiн пайдаланып, оның тағайындалған бағасын қабылдауға мәжбүр болады. Монополистiң үлкен билiкке ие болуына оның тауарының ерекшеленуiмен қатар, осы тауардың алмастырушысы аз болуы да әсерiн тигiзедi. Бұл 3-суреттен көре аламыз.
Сурет-3 – Монополияның экономикадағы ерекшелiктерi
Берiлген тауарды өндiретiн тек бiр ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа тауралар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық – монополия, ал фирма – монополист деп аталады. Монополист берiлген тауарды өндiретiн жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бiр мезгiлде нарықтың сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың шамасының бағасын анықтайды. Монополист өзiнiң ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес бағасынан жоғары деңгейде белгiлейдi және де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер сатушы өз тауарының шығару көлемiн өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерiн тигiзе алса, онда ол монополиялық билiкке ие болады деп айта аламыз.
Егер нарықта жеке өндiрушiнiң монополиялық билiгi орнықса, онда қоғам жалпы белгiлi шығындарға ұшырайды, себебi тұтынушылар тауарды тұтынудың көлемiн азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейдi. Сондықтан да көптеген елдерде нарықты монополиялауды шектейтiн монополияға қарсы заңдар қабылданып, iске асырылуда. Бұл заңдарға қарамастан әлемнiң барлық елдерiнде өндiрушi-монополистер бар.
Бұл шектеулер төмендегiдей:
1) Iрi өндiрiстiң басымдылығы;
2) Легальды тосқауылдар ( шикiзат қорын, жердi ғылым мен техниканың жетiстiктерiн монополиялық түрде иелену, тауарды жеке өндiру үшiн үкiметтен алынған ерекше құқықтар);
3) Бәсекелесудi әдiлетсiз жүргiзу.
Iрi өндiрушiлердiң ұсақ өндiрушiлермен салыстырғанда өте көп артықшылықтары бар. Монополиялық өндiрсте iрi фирмалардың жұмыс iстеуi тиiмдi, себебi iрi өндiрiстiң шығындары ұсақ өндiрiстiң шығындарынан гөрi төмен болатыны практика жүзiнде дәлелденген.
Монополияны тек қана экономикалық шектеулер ғана емес, сонымен қатар құқықтық шектеулер де қорғайды. Құқықтық шектеулердiң көп тараған түрлерi – жеке меншiк құқығы. Егер бiр фирманың меншiгiнде өте сирек кездесетiн шикiзат болса, онда ол фирма монополист болады. Легальды тосқауылдарға патенттер мен авторлық құқықтар жатады. Жаңалық ашқан адам патент алмаса, онда ол өзiне берiлген ерекше жеңiлдiлiктерге ие бола алмайды. Бұл жағдайдың бiздiң мемлекетiмiз үшiн маңызы зор, өйткенi Кеңес үкiметi кезiнде ойлап тапқан жаңалықтардың көбiнiң мемлекет аралық патентi жоқ болды, сондықтан да бұларды шет елдiң адамдары тегiн пайаланды.
Бәсекенi әдiлетсiз түрде жүргiзудiң негiзгi түрi – демпинг – бәсекелесiн ығыстыру мақсатында өнiмдi өзiдiк құнынан төмен бағамен сату. Iрi фирмалар – мүмкiндiгi мол монополистер. Олардың қаржы мүмкiндiктерi де жоғары. Сондықтан да тауарларды өздерiне тиiмсiз бағамен ұзақ уақыт сату арқылы, ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады.
Монополист өзiнiң ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгiлейдi де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Мұнда сатушы өз……