Курстық жұмыс: Экономика | Меншікті мемлекетсіздендіру және жекешелендіру

0

Мазмұны

Кіріспе ………………………………………………………………………3
1. Жеке меншіктің түрлері, мәні, маңызы ………………………….5
2. Қазақстан Республикасында жеке меншіктің қалыптасу мәселесі ……………………………………………………………………24
3. Қазақстан Республикасында жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу мен кезеңдері және оны жетілдіру………………29
Қорытынды ……………………………………………………………….36
Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………38

Кіріспе
Кейінгі жылдардағы оқиғалар экономиканы нарықтық қатынастар негізінде түбегейлі қайта өзгерту кең ауқымды экономикалық іркілістермен және қоғам тарапынан көп күш-жігер жұмсауды қажет ететінін көрсетті. Нарықтық жарлықпен немесе декреттен енгізуге болмайды, нарыққа көшу үшін , ұзақ уақыт керек. Өтпелі кезеңде әртүрлі асығыс, жеткілікті дәрежеде негізделмеген шаралардың жүзеге асырылуы қауіпті теріс зардаптарға сөзсіз әкеліп соғады, мұны нарықтық даму жолына түскен елдердің тәжірибесі айқын дәлелдейді. Өткен жылдардың қорытындылары оптимистік тұжырымдар жасау үшін негіз бермейді. Кезінде жарияланған мақсаттар мен бағыттар тым қарама-қайшы жүзеге асырылуда, қат-қабат әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың орын алып отырғаны айқын. Мұның өзі экономикалық реформа мәнінің, әлеуметтік-экономикалық реформалардың объективті мүмкіндіктері мен шектерінің өз кезінде аяғына дейін ұғынылмауына, реформаны жүзеге асырудың уақытша параметрлерімен кезеңдерінің дұрыс анықталмауына байланысты. Сөз бен істің арасында алшақтық көп болады.
Экономикалық реформа қоғамдық жарасымдылық, өткен кездің оң жетістіктері мен тенденцияларын сақтау мемлекеттік қауіпсіздігін және халықтың барлық топтарының құқықтары мен оның ерекшеліктерін қамтамасыз ету принциптеріне негізделген түбегейлі шаралардың біртұтас жүйесін қажет ететіні айқын болды.
Қазақстан Республикасының Президенті жүргізіп жатқан экономикалық реформалар бағыты стратегиялық тұрғыдан, жалпы алғанда дұрыс.
Бірақ Қазақстандағы экономикалық реформалардың жайына жасалған талдау және олардың барысы, тактикалық тұрғыдан алғанда, Үкімет пайдаланып отырған әдістердің, нарықтық қатынастарға көшудің модельдері мен кезеңдерінің тиімсіз екенін дәлелдейді. Реформаларды жүзеге асыру барысында елеулі қателіктерге жол берілді.
Шағын және орта бизнес экономиканы тұрақтандырудың аса маңызды факторы болып табылады. Осыған байланысты автор шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету бағдарламасын, кәсіпкерлікті дамытудың отандық және орта бизнес саласында сондай тауар отандық және шетелдік озық тәжірибесін ұсынған.
1. Жеке меншіктің түрлері, мәні, маңызы.
«Жеке меншік» ұғымы әрбір экономикалық жүйенің фундаменті болып табылады. Ол тарихи түрде адаммен қоғаммен бірге пайда болды. Меншік — адамдардың өндірістік және өндірістік емес заттарды иемденудің тарихи анықталған қоғамдық тәсілі. Меншік жеке меншік қатынастардың құқықтарын айыра білу талап етіледі. Меншік құқығы заң санатының тұрғысынан алғанда иелік ету, ұйғарым жасау және мүліктерді пайдалану қатынастарының жиынтығы болып шығады. Меншік құқығы дегеніміз – адамның «өзінікі сияқты» немесе «бөтендікі сияқты» заттарға қатынасын айтады және ол : « субъект объект » деген формулаға негізделеді. Материалдық игіліктерді адамдар бірлесе жүзеге асырғандықтан, өндірісті иелену қоғамдық қатынастар шең берінде адамдар арасында жүзеге асады. Өткен дәуірдегі экономикалық ой жеке меншіктің мәні мен мазмұнын қарастыруда ерекше қадам жасады. Физократтар мектебінің негізін қалаушы француз экономисі Франсуа Кенэ ( 1694 – 1774 жж) «Экономикалық кесте» деген еңбегінде меншікті көбейту процесінде еңбек өнімділігі ролінің басымдығын қолдап,оны барлық байлық пен әл-қуаттың қайнар көзі деп санаған.
Жеке меншіктің пайда болу табиғатына қомақты үлесті классикалық экономикалық ғылым өкілдері: Уильям Петти, Давид Рекардо және Адам Смит қосты. Олар алғашқы рет қоғамның тапқа – жалдамалы жұмысшы, капиталист және жер иеленуші – болып жіктелуін негіздеді.
Уильям Петти « Еңбек – байлықтың атасы, жер – оның анасы » деген қанатты сөздері кезінде дұрыс айтылған.
Француз экономисі Пьер Жозеф Прудон жеке меншікке көзқарасын өзінің « Кедейліктің философиясы» атты еңбегінде баяндаған. Онда ол ұсақ буржуазиялық пен жеке меншікті сынаған «Меншік – бұл ұрлық » деген сөзді Прудон айтқан. Меншіктің сипаттамасы кең тара қоймайды және ғылыми сынға ұшырады.
Карл Маркстің тұжырымдауы бойынша меншік экономикалық категория ретінде адамдардың еркі мен санасына тәуелсіз өмір сүреді. Жеке меншік – бұл өндіріс құрал – жабдығын иелену қатынасы және материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну процесі.
Маркстік теорияға сәйкес құралдар, заттар және т.б. Меншіктің заттық мазмұнын құрайды . Алайда «жеке меншік» ұғымы тек қана заттың мазмұнымен немесе адамның затқа қатынасымен шектеліп қана қоймайды. Адам басқа адамдармен тығыз байланыста өмір сүреді, еңбек өнімін өндіреді және тұтынады. Ешкіәмге жатпайтын нәрсені – қоғамнан тыс, басқа адамдармен байланыссыз иемдену мүмкін емес. Айталық, тіл бір ғана адамның өнімі болып табылады. Себебі, ондай жағдайда адам ешкіммен сөйлесе алмайды. Жеке меншікте дәл солай: ешкіммен қатынаспайтын адамның меншігі – экономикалық категория ретінде мазмұнын жояды. Меншік табиғи емес, ол заттардың қоғамдық қасиеті.
Меншік теориясына сүбелі үлесін қосқан батыстың қазіргі экономикалық мектебінің өкілдері американ экономистері – Рональд Коуз және Армен Апгион қосты. Бұл теория кейінірек И.Барцель, Г. Демесц және басқалардың еңбектерінде өзінің жалғасын тапты. Осы ғалымдардың тұжырымдасына сәйкес, ресурс өзінен өзі меншік бола алмайды, тек ресурстарды қолдану арқылы тұтас кешенді құқық міне осы меншіктің мазмұнын құрайды. Бұл процеске қатынасатындарының барлығы меншік құқығын өткеру кезінде «ойын ережесін» білу қажет. Меншік кімге жетеді және өзара іс-әрекетті ұштастыруға қол жеткізу үшін олармен келісу керек пе? Олардың ойынша, меншіктің кешенді құқығы төмендегідей он бөлімнен тұрады:
1.Иелену құқығы, яғни иеліктерге міндеттелген денелік (күш-қуаттылық) бақылау қажет;
2. Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдау құқығы;
3.Басқару құқығы, Яғни игіліктерді қолдануды кім және қашан қамтамасыз етуді шешу құқығы;
4. Табысқа деген құқық, яғни бейтараптандыру, тұтыну, игілікті жою немесе өзгерту құқығы;
5. Қауіпсіздік құқығы, яғни игілікті қанаудан және сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы;
6. Игілікті мұрагерге беру құқығы;
7. Игілікті иеленудегі мерсіздімдік құқығы;
8. Сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға қарсылық жасау құқығы;
9. Жауапкершілікке жазалау түрін қолдану құқығы, яғни қарызды төлеуге игіліктермен жазалау мүмкіндігі.
10. Қалдықты сипат құқығы, яғни процедура мен институттардың өмір сүру құқығы, бұзылған құқық шараларын қалпына келтіруді қамтамасыз ету.
Меншіктің экономикалық мазмұнына жүргізілген қысқаша талдау мынаны байқатады: меншік – бұл адамдар арасындағы материалдық және рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну саласындағы күрделі әлеуметтік – экономикалық қатынастарды байқатады.
Меншік қатынастары қамтитыны иелену (затты иеленуді жүзеге асыру), пайдалану (заттың өзіне пайдалы қасиеттерді табу), билік ету (заттың құқықтық тағдырын анықтау – сату, айырбастау, сиға тарту т.б.) және меншік объектісінің экономикалық өткерілуі. Меншіктің экономикалық өткерілуі иесіне, табыс, рента, пайыз, дивиденд алып келсе ғана жүзеге асады.
Әрине әртүрлі игіліквтері мен қызметтерді көрсетудің иелену процесін қарастыру маңызды, бірақ теория үшін өндіріс құралжабдығын иелену процесін талдау ғана емес сондай-ақ оның әлеуметтік экономикалық салдарын талдау маңызды.
Өндіріс құрал-жабдығына деген жеке меншіктің экономикалық қатынастары кез – келген экономикалық моделін (нарықтық, әміршілдік, әкімшілдік, мемлекеттік, аралас т.б.) құрастарушы болып табылады.
Адамзат қоғамның даму тарихтың меншіктің тайпалық немесе қауымдастық түрі белгілі. Алғашқы тұрмыстық қауымдастықтың ыдырауы, отбасының бөлінуі және соның негізінде жеке меншік пайда болды.
Жерге жеке адам меншік иесі болып, оны өндіру сол адамға және оның отбасына беріледі.
Өзін басқа отбасы қаымдастығының шапқыншылығынан қорғау үшін қайтадан қауымдастыққа біріге бастап, қауымдастық меншігін құрады. Қалалық мекендер құрылып, қалаға берілген жерлер қауымдастық меншігін құрады. Бұл жерде қауымдастық меншік мемлекеттің меншіктік бизнесі ретінде көрінеді.
Тіпті, ерте дүниенің өзінде-ақ ұжымдық (қоғамдық) еңбектің және мемлекеттік (Қауымдық меншік иелері) меншік түрлері қалыптаса бастады. Осылардың ішінен кейінірек жеке және мемлекеттік меншік өзінің барынша дамуын әкімшілдік-әміршілдік экономикалық жүйеде, бұрыңғы КСРО-да (1917 – 1991ж) жүзеге асырылып, оның үлесі басқа меншік түрлерінің жалпы құрылымында — 88,6% құрайды. Алайда, нарықтық экономиканы дамыған елдерде мемлекеттік меншіктің үлесі – 5% — дан 30% — ға дейін ауытқыды.
Экономикалық және әлеуметтік құрылысқа байланысты мемлекеттік меншік басқа меншік түрлерімен салыстырғанда тиімді болуы мүмкін. Ол оның атқаратын қызметімен жалпы қоғамның экономикалық даму стратегиясының қалыптасуы экономикалық салалықұ құрылымының оңтайландырудың – нәтижесінде адамға бағытталған ең жоғарғы тиімділікке қол жеткізу арқылы сабақтастырылады.
Экономикада бұл меншік түрінің басымдау болуы нақты өмірде жағымсыз тұтастарға, яғни мемлекеттік манополиялардың пайда болуына алып келді. Ол экономика үшін аса қауіпті еді. Мемлекеттік өндірушінің тұтынушыға үстемдігі пайда болып, арзан тауарлар түрлерін жою жүзеге асты тапшылық пайда болды.
Жеке меншік өзінің әріптестерімен заңды келісім жасай отырып, жеке тұлғаларға немесе кәсіпорындарға материалдық ресурстарды өз қалауларынша тауып, бақылап, қолданып және кадеге жаратуларына ерік береді. Жеке меншік институты………

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!