Курстық жұмыс: Экономика | Коммерциялық банктердің тұтынушыларды несиелеу

0

Мазмұны

Кіріспе

1. Коммерциялық банктерде тұтынушыларды несиелеуді ұйымдастыру
кезеңдері мен ерекшеліктері

1.1. Тұтынушыларды несиелеуді ұйымдастыру мазмұны

1.2. Тұтыну несиесінің классификацисы және оның түрлері

2. Тұтынушыларды несиелеуді ұйымдастыру процесі

2.1. Тұтынушыларға несие беру жөнінде шешім қабылдау, несиені
беру және алған несиені қайтару есебі

2.3. Тұтынушының несиелік қабілетін талдау

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізім

1.1. Тұтынушыларды несиелеуді ұйымдастыру мазмұны

Екінші деңгейдегі коммерциялық банктер Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агентігінен банкті ашу туралы рұқсат пен банктік операцияларды жүгізуге лицензия алған жағдайда ғана қызмет ете алады. Несиелеу келесідей заңдарға негізделіп жүргізіледі: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасында бантер және банктік қызмет туралы».
Банктер, несиелеу процесі кезінде, нарықтық қатынастардың орнығуына, қоғамдық өндіріс тиімділігінің артуына, еліміздің экономикасы мен қаржысының тұрақталуына, айналымдағы ақша массасының артылып кетуіне жол бермеуге, инфляциялық процесті тежеуге сонымен қатар, ұлттық валютаның тұрақталуына үлес қосулары керек.
Банктік қарыздар өндіріс тиімділігін, яғни оның ғылыми-техникалық деңгейін арттыруға, өнімнің жаңа жоғарғы сапалы түрлерін шығаруға, халыққа түрлі қызметтерді көрсетуге, халыққа және экспортқа қажетті тауарлы-материалдық құндылықтарды шығаруға байланысты қызметтерді несиелеу үшін берулері қажет. Осыған қоса, банктер нарықтық инфрақұрылымның орнатылуын, сауда қарым-қатынастарының кеңейуін қолдап отыруы керек. Қарызды жоспарлауға, алуға, өтеуге байланысты сұрақтарға жауапты қарыз алушы өзі қызмет етіліп жатқан банктен таба алады. Яғни несиені бермес бұрын банк қарыз алушымен келісім-шарт жасасады. Бұл келісім-шартта несие процесі жайлы ақпарат толық әрі түсінікті берілуі қажет. Несиенің мерзімі, пайызы, сомасы сияқты мәліметтер келтіріледі.
Несиелеу мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділік және қарыздың мақсатты жұмсалу шарттары негізінде беріледі. Банктер қарызды өздерінде бар ресурстар шегінде ұсынулары қажет.
Қысқа мерзімді несиелеудің қызмет етіп жатқан механизмі келесі элементтерді қарастырады:
– несиелеу объектілері;
– несиенің жоспарланған көлемі және оның мақсатты бағыттылығы;
– қарызды беру және өтеу шарттары, олардың қарыз алушы қызметінің жақсаруына үлесі;
– қарыз бойынша пайыздық мөлшерлемелер, олардың төмендеуі немесе ұлғаюы;
– қарыз алушының несие өтелмей қалған жағдайда ұсынатын кепілдігі (кепіл, кепіл зат, өкілділік және т.б.);
– несиелеуге қажетті есептері мен мәліметтер тізімі, оларды қарыз алушыға ұсыну мерзімі және басқа да шарттары;
– несиелік келісім-шартта берілген шарттардың ең болмаса біреуі бұзылған жағдайда қолданылатын жазалау шаралары.
Жалпы несие ұзақ, орта, қысқа мерзімді болуы мүмкін. Қысқа мерзімді несиелеу қарыз алушының ағымдағы қызметін ұлғайту үшін беріледі.
1.2. Тұтыну несиесінің классификациясы және оның түрлері

Тұтыну несиесі – халыққа тұрғын үй, көлік құралдырын сатып алу, жолдамалардың, қымбат тұратын тұтыну тауарларының ақысын төлеу, т.б. үшін берілетін несие.
Біздің елімізде халыққа ұсынатын ссуданы тұтыну ссудасы деп атайды. Ұсынылатын ссуданың яғни несиелеу объектісінің мақсатына қарай тұтынудың сипаты анықталады. Тұтыну ссудасына кез келген халыққа ұсынылатын ссуда түрлері, соның ішінде ұзақ мерзімге қолданылатын тұтыну тауарлары ипотекалық ссуда, өте қажетті жағдайларда алынатын ссудаларды жатқызуға болады.
Тұтыну несиесі несиелік мәміленің субъектісіне, мақсатты бағыттылығына, қамтамасыз етілу түрлеріне, ұсынылу әдісіне, өтелу мерзімінің тәсіліне және мерзіміне қарай классификацияланады.
1. Несиелік мәміленің субъектісіне қарай (кредитордың түріне қарай)
1.1. банктік несиелік ссуда
1.2. сауда ұйымдарымен жеке тұлғаларға ұсынылатын ссудалар
1.3. банктік емес несиелік мекемелердің тұтыну несиелері олар: ломбарттар, прокатқа беру пунктері, несиелік кооперативтер, құрлыс қоғамдары, зейнетақы қорлары және т.б.
1.4. жеке тұлғалармен жеке тұтыну ссудасы
1.5. жұмыс істейтін кәсіпорын немесе ұйыммен берілетін тұтыну ссудасы
2. Несиені алушылардың түріне қарай
2.1.халықтың барлық құралына берілуіне қарай
2.2.әр түрлі әлеуметтік топтарға берілуіне қарай
2.3.төлеу қабілеттілігі және табыс деңгейіне қарай
2.4.студенттерге және т.б.
3. Мақсатты бағыттылығына қарай ссудалар білімге несие, бағалы қағаздар кепілге қою арқылы несие, ипотекалық несие және мақсатсыз ссудалар: овердрафт, өте қажетті игіліктерге берілетін ссудалар.
4. Қамтамасыз етілуіне қарай
4.1.қамтамасыз етілген
4.2.қамтамасыз етілмеген
Қамтамасыз етілуге кепіл, кепілдік кепіл болушылық, сақтандыру полисі жатқызылады. Тұтыну несиесіне көбінесе банктер кепіл және кепіл болушылықты артық көреді. Кепілге: әр түрлі активтердің түрлері, соның ішінде тауарлы материалдық құндылықтар, бағалы қағаздар, қозғалмайтын мүлік жатады. Бұл несиенің төлем қабілеттілігін бағалай отырып ссуданы уақытында өтей алмаушылыққа деген тәуекелді төмендетеді.
5. Ссуданың ұсынылуына қарай
5.1.біртекті
5.2.қайта қалпына келтіруге болатын
Қайта қалпына келтіруге болатын несиелерге несиелік карта бойынша берілетін несие немесе овердрафт формасында активті-пассивті шоттар бойынша берілетін несиелер жатады.
6. Тұтыну ссудасын мерзімдік несиелеуіне қарай
6. 1.қысқа уақыт мерзімді 1жылға дейін
6.2.орта уақыт мерзімді 3 – 5 жыл аралығында
6.3.ұзақ уақыт мерзімді 3 – 5 жыл жоғары
7. Ссуданың өтелу әдісіне қарай
7.1.бөліп төлеуге берілетін несиелер
7.2.бөліп төлеуге берілмейтін несиелер
Қазақстанда қазіргі кезде тұтыну несиесі сауда ұйымдары арқылы несиелеу өте қарқынды дамуда. Тұтынушылар электро тауардарды, жиһаздарды, құрлыс заттарын, әр түрлі қызмат көрсетулерді және т.б. керекті заттар мен игіліктерді бөліп төлеуге алады.
ҚР Банктік қызметі туралы Заңына сәйекес, тұтынушылық несие- қарыз операциялардың бір түрі, мерзімділік, қайтарылымдылық қағидасын жүзеге асырылатын несие, кеңес директорлары мен акционерлік қоғам бекітеді.

2. Тұтынушыларды несиелеуді ұйымдастыру процесі
2.1. Тұтынушыларға несие беру жөнінде шешім қабылдау, нсиені беру және алған несиені қайтару есебі

Кез келген банктерде сияқты, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі коммерциялық банктерінде клиентке қарызды беру несиенің мақсаты бағытына байланысты дербес шоттар арқылы жүзеге асырылады. Өнімді өткізуден түскен түсім және басқа да ақшалай қаражаттар қарыз алушының есеп – айырысу шотына келіп түседі. Несие несиелік келісім – шартта көрсетілгендей тұтынушының тауарлы – материалдық құндылықтар мен қызметтер бойынша есепті – қаржылық құжаттардың төлемін жүргізуге, аккредитивтерді ашу және қарыз алушының басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін есеп – айырысу шотында қаражаттар таусылған жағдайда беріледі. Ал кейбір жағдайларда, есеп – айырысу шотында қаражаттар болса да, банк басшысының рұқсатымен несие тауарлы – материалды құндылықтар мен көрсетілген қызметтер үшін шоттар бойынша төлем жүргізілуі мүмкін. Несиені ұсыну процесі несиелік келісім – шартта көрсетілгендей бір жолғы, күн сайын және басқа мерзімде жүргізілуі мүмкін. Бір жолғы несиелер бір жолғы контракт пен келісім – шарт үшін шоттар бойынша төлем жүргізуге беріледі.
Толық қамтамасыздандырылмаған несиелерді толық алмау мақсатында ай сайын несиені қамтамасыздандыруды тексеріп отыру қажет. Егер ссудалық қарыздан қамсыздандыру қалдығы асып түссе, яғни қарыз алушының өтініші (ходатайство) бойынша қамсыздандырудың артықшылығы байқалса, онда банк қарызды ең алдымен кешіктірілген несиені жабу үшін беріледі, ал қалған қаражат есеп – айырысу шотына түседі.
Несиелік келісім – шартта көрсетілген несиені беру және өтеу ережелері мен шарттарына сәйкес, банктің несиелік бөлімшесі несие беру туралы өкім дайындайды. Егер клиент шаруашылық субъект атынан бірінші рет келіп тұрса, ол кәсіпорын атынан жұмыс істеуге рұқсат қағазын тексеру керек. Несие әдетте қолма-қолсыз түрде беріледі. Алайда банк басшылығының шешімі бойынша кейбір жағдайларда, мысалы тұтынушыларды несиелендіру кезінде, сонымен қатар тұтыну несиесін ұсынған жағдайда қарыз қолма-қол түрде берілуі мүмкін.
Қазіргі кездегі несиелендіру тәжірибесінде банктік несиені арнайы ссудалық шоттар арқылы беруде. Бұл жағдайда түсім арнайы ссудалық шотқа келіп түседі, өткізілген тауар мен өнім бойынша шарушылық органдардың есеп айырысу шоттарына бөлінеді. Бұл тәртіппен сауда, дайындау, жадбықтау ұйымдары несиелендіреді. өйткені мұндай ұйымдарда тауарлы – материалдық құндылықтар айналымы тез жүріп отырады.
Несиені қамтамасыздандыруды тексеру баланс мәліметтерінің мерзімдері бойынша міндетті түрде тексеру өткізуі қажет. Осында бір мәселені айта кету керек, банк басшысының рұқсатына негізделе отырып, тексеру қарыз алушының қаржылық жағдайы тұрақты болмаған жағдайда да жүргізіле береді.
Несиені қамтамасыз етуге келесілер алынады: өндіріс қорларының қалдығы, аяқталмаған өндіріс, баланстық құн бойынша дайын өнім. Тауарлы – материалдық құндылықтар қамтамасыздандыру ретінде несиелік келісім – шартта көрсетілген мерзім шегінде ғана қабылданады.
Қысқа мерзімді несиелендіру ережелеріне сәйкес қамтамасыздандыру ретінде келесілер қабылданбайды:
• несиелендіруге арналған мерзімнен жоғары болатын тауарлы – материалдық құндылықтар;
• сақтау шарттары толық сақтандыруды қамтамасыздандырмайтын тауарлы – материалдық құндылықтар;
• сақтау мерзіміне байланыссыз өндірісте қолданылмайтын және сұранысқа ие бола алмайтын тауарлы – материалдық құндылықтар;
• көп мерзімге сақтауда тұрған тауарлы – материалдық құндылықтар және шектеулі көлемі ғана өткізілген материалдық құндылықтар және қызметтер.
Қамтамасыздандыру ретінде қабылданатын материалдық қорлар мен өндірістік шығындардың сомасынан несиелік берешек алынып тасталынады. Қаматамасыздандырылмаған берешек қарыз алушының есеп – айырысу шотынан төленеді, ал егер есеп – айырысу шотында ақша – қаражаты болмаса, онда ол мерзімі өткен ссудалар шотына ауыстырылады. Сонымен қатар, банк қарыз алушыны несиелендірудің мақсаттылығын қарастырады.
Егер несие бойынша қамсыздандыру сомасы артық болса, онда бірінші бөлігі несие бойынша пайызды жабуға жұмсалып, қалған бөлігі қарыз алушының есеп – айырысу шотында қалады.
Несиенi қайтару және оған сыйақы төлеуiне бақылау жасау – несиелiк операцияның маңызды кезеңi. Несиелер бойынша қарызды қайтару тәсiлi банк қаражаттарының пайдалану ұзақтығына және олардың төлем айналымын құраудағы рөлiне байланысты.
Іс жүзінде несиені қайтарудың төмендегідей көптеген варианттары болады:
1) мерзімді міндеттемелернегізінде эпизодтық қайтару;
2) меншікті қаражаттардың жинақталуының және несиеге деген есеп айрысу шотына қажеттіліктің азаю шамасына қарай қайтару;
3) алдын ала белгіленген сома негізінде жүйелі түрде қайтару;
4) түскен түсімді бірден несиелік қарызды жабуға есептеу;
5) несиенің қайтарылу мерзімін созу;
6) мерзімі өткен қарызды «мерзімі өткен несиелер»шотына аудару;
7) банк резерві есебінен мерзімі өткен несиелерді шегеру.
Неселік қарызды қайтару туралы қарастырылған варианттар бұл процесті мынадай белгілеріне байланысты жіктейді:
Қайтаруына қарай:
1) несиені толық қайтару;
2) несиені жартылай қайтару;
Қайтару жиілігіне қарай:
1) несиені бірден қайтару;
2) несиені бөліп-бөліп қайтару;
Қайтарудың жүзеге асырылу уақытына қарай:
1) несиені жүйелі түрде қайтару;
2) несиені эпизодтық қайтару;
Қайтару мерзімдеріне қарай:
1) несиені мерзімді қайтару;
2) несиенің уақытын созып қайтару;
3) несиенің мерзімін өткізіп барып қайтару;
4) несиені иерзімінен бұрын қайтару;
Қайтару көздеріне қарай:
1) клиенттің меншікті қаражаттары;
2) жаңа несиені пайдалану;
3) кепіл берушінің шотынан шегеру;
4) басқа кәсіпорын шотынан түскен қаражаттар;
5) бюджеттік түсім және т.б.
Несиені қайтару мерзiмi беру уақытында мерзiмдi мiндеттемелермен құжатталады: егерде несие тұтас қайтарылатын болса, онда бiр ғана мерзiмдi мiндеттеме толтырылады, ал несие бөлiп-бөлiп қайтарылатын болса, онда әр төлемге әр түрлi мерзiмдi мiндеттеме толтырылады. Несиенің қайтарылуына бақылау жасау үшiн банкте несиелер бойынша мерзiмдi мiндеттемелердiң картотекасын жүргiзедi. Коммерциялық банктердің қызметкелерi күнделiктi қайтарылатын мерзiмi жеткен несиелерді қарай отырып, қарыз алушының есеп айырысу шотынан қаражаттарды шегеруге үкiм ордерiн бередi. Жартылай қайтаруға байланысты төлемдер уақыты жеткен кезде мерзiмдi мiндеттеменiң келесi бетiне тиiстi белгiлерiн жасайды. Егер де қарыз алушының есеп айырысу шоты басқа банкте ашылған болса, несие бойынша қарызды және сыйақыны кайтару қарыз алушының төлем тапсырмасы негiзiнде жүргiзiледi. Жекелеген жағдайларда қарыз алушының қаржылық қиындықтарға кезігуiне байланысты банк қайтару мерзiмiн кейiнге қалдыруға рұқсат етуi мүмкiн, бiрақ бұл қарыз жоғары сыйақымен құжатталады. Сыйақы мөлшерi оны төлеу мерзiмi және тәртiбi, сондай ақ оларды iздестiру механизмi несиелiк келiсiм шартта анықталады. Сыйақы ай сайын, тоқсан сайын есептеледi және қайтару кестесiне сәйкес iздестiрiлуi мүмкiн.
Қарыздың негізгі көлемін және ол бойынша пайызды өтеу екінші деңгейдегі банктердің Несиелік Комитетімен жасалады.
Банктерде несие бойынша негізгі қарызды өтеудің түрлі схемасын қолдана алады, соның ішінде:
• Несиелеу мерзімі кезінде периодтық тең мөлшермен өтеу
• Аннуитеттік төлемдер формуласымен өтеу
• Несиелеу мерзімінің соңында бір уақытта өтеу
• Өтеудің бастапқы кезеңінде кейінге қалдыру арқылы өтеу
• Өтеудің жүйелі тәсілі
• Талап еткенге дейінгі өтеу.
Кейбір банктерде Несиелік Комитетінің шешімі бойынша қарыз алушыға қарызды өтеу мерзімін кейінге қалдыру рұқсат етілуі де мүмкін.
Егер несиелеу мерзімі үш айдан асса, онда Филиал өз еркімен несиелеу мерзімінің төрттен үш бөлігінен астайтындай қарыз алушыға өтеу мерзімін ұзарта алады. Несие бойынша негізгі қарызды өтеу мерзімі несиені өтеу кезеңі деп аталады. Өтемнің соңғы үшінші бөлігінде жүргізілетін өтем несие бойынша негізгі қарыздың жартысынан аспауы қажет. Егер несиелеу мерзімі үш айдан асса және несие бойынша негізгі қарызды өтеу мерзімі несиелеу мерзімінің төрттен үш бөлігінен асса, онда өтем Несиелік Комитетпен шешіледі.
Клиенттерге берілген несиелер келесі баланстық шоттарда есептеледі
1411 – банк клиенттеріне берілген қысқа мерзімді займдар
1417 – банк клиенттеріне берілген ұзақ мерзімді займдар

Қызмет көрсетіп отырған банк клиенттерге несие берген кезде мынадай корреспонденттік шоттар құрылады:
Дт 1411, 1417 «Клиенттерге берілген қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар»
Кт 1001 «Кассадағы қолма – қол ақша»
2203 «Клиенттердің ағымдағы шоттары»
1050 «Банктің корреспонденттік шоттары»

Клиенттерге шетел валютасымен несие берген кезде келесідей жазу жасалады:
Дт 1411, 1417 «Клиенттерге берілген қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар»
Кт 1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы»
2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы».

Сонымен бір уақытта теңгемен:
Дт 1859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық ұзақ позициясының)»
2859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық қысқа позициясының)»
Кт 1001 «Кассадағы қолма – қол ақша»
2203 «Клиенттердің ағымдағы шоттары»
1050 «Банктің корреспонденттік шоттары»

Несиені қайтару кезінде өткізбелер керісінше жасалады. Теңгелей берген несиені қайтарған кезде:
Дт 1001 «Кассадағы қолма – қол ақша»
2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»
1050 «Банктің корреспонденттік шоттары»
Кт 1411 «Клиенттерге берілген қысқа мерзімді займдар»
1417 «Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді займдар»

Шетел валютасымен берілген несиені қайтарғанда:
Дт 1001 «Кассадағы қолма – қол ақша»
2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»
1050 «Банктің корреспонденттік шоттары»
Кт 2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы».

Бір уақытта теңгемен берілген:
Дт 1859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық ұзақ позициясының)»
2859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық қысқа позициясының)»
Кт 1411 «Клиенттерге берілген қысқа мерзімді займдар»
1417 «Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді займдар»

Клиент негізгі сомасын қайтармаған кезде, ол кешіктірілген қарыз деп есептеледі:
Дт 1424 «Берілген несиелер бойынша мерзімі кешіктірілген қарыз»
Кт 1411 «Клиенттерге берілген қысқа мерзімді займдар»
1417 «Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді займдар»

Болашақта клиент кешіктірілген қарыздарын төлеген кезде:
Дт 1001 «Кассадағы қолма – қол ақша»
2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»
1050 «Банктің корреспонденттік шоттары»
Кт 1424 «Берілген несиелер бойынша мерзімі кешіктірілген қарыз»

Егер клиенттің қаржылық жағдайы үмітсіз деп табылса, онда банк оның қарыздарына тосқауыл қояды немесе провизия есебінен мерзімі кешіктірілген қарыздары алған несиелері бойынша провизия есебінен жабылған уақытта:
Дт 1428 «Клиенттерге берілген несиелер бойынша арнайы провизиялар немесе резервтер»
Кт 1424 «Берілген несиелер бойынша мерзімі кешіктірілген қарыз»

Тосқауыл қойылған қарыз бойынша пайызды есептеу тоқтатылады.
Клиенттің тосқауыл қойылған берешегі қайтарылған кезде:
Дт 1001 «Кассадағы қолма – қол ақша»
2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»
1050 «Банктің корреспонденттік шоттары»
Кт 1424 «Берілген несиелер бойынша мерзімі кешіктірілген қа
2.3. Тұтынушылардың несиелік қабілетін талдау

Қазірігі несиелеу жүйесі қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау әдістеріне де негізделеді. Айта кету керек, қарыз алушының несиелік қабілеті – бұл коммерциялық банк балансының өтімдіігін қолдау әдісі болып табылады.
Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс әрекетімен байланысты болып келеді. Сондықтан да, банк несиесінің берілуі алдын ала ықпал ететін факторларды оқып үйренуге жағдай жасайды.
Тұтынушылардың несиелік қабілеті – бұл қарыз алушының өзінің қарыздық міндеттемелері бойынша толық және уақытылы есеп айырысу қабілеті.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір айырмашылығы – онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі төлемсіздікті есепке алмайды, ал жақын перспективадағы қарызды өтеу қабілетін болжайды. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында иек артатын ең бір формальді көрсеткіш болып табылады. Егер де қарыз алушының мерзімі өткен қарызы болып, ал балансы өтімді және меншікті капиталдың мөлшері жеткілікті болса, онда банкке өткен уақыттағы төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы қорытынды үшін негіз болып табылмайды. Несиелік қабілеті бар клиенттер банкке, жабдықтаушыларға, бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын жібермейді.
Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі, банктің нақты қарыз алушыға беретін нақты несиесімен байланысты қарапайым (жеке) тәуекелдерінің дәрежесін көрсетеді.
Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын объективті бағалау және несиелік операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу банкке несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік береді.
Әлемдік және отандық банктік тәжірибе қарыз алушының несиелік қабілетінің мынандай критерийлерін бөліп қарайды: қарыз алушының мінездемесі, қаражатты қарызға алу қабілеті; ағымдағы қызметі барысында қарызды өтеу үшін қажетті қаражатты табу қабілеті (қаржылық мүмкіндігі), капиталы, несиенің қамтамасыз етілуі, несиелік мәміле жасалатын жағдай, бақылау (қарыз алушының қызметінің заңдылық негізі, банк стандарты мен қадағалау ұйымдарына несиенің сипатының дәл келуі).
Қарыз алушының мінездемесі деп оның заңды тұлға ретіндегі беделі және менеджерлерінің беделі, қарызды қайтарудағы жауапкершілігі және несиенің мақсатының банктің несиелік саясатына сай келуі түсіндіріледі.
Қарыз алушының заңды тұлға ретіндегі беделі оның сол аяда ұзақ уақыт қызмет етуінен, экономикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткіштерге сай келуінен, оның несиелік тарихынан, оның серктестерінің (жабдықтаушылары, сатып алушылары, несие берушілері) іскерлік әлеміндегі беделінен тұрады. Менеджерлерінің беделі олардың кәсіби жарамдылығына (білімі, жұмыс тәжірибесі), моральдық сапасына, жеке қаржылық және отбасылық жағдайына, оның басқаратын құрылымы мен банк арасындағы қарым – қатынастар нәтижесіне байланысты негізделеді.
Қаражатты қарызға алу қабілеті қарыз алушының несиеге өтініш беруге, несиелік келісімшартқа қол қоюға немесе келіссөздер жүргізуге құқының болуын, яғни кәсіпорынның немесе фирманың өкілдеріне белгілі бір өкілеттіліктерінің болуын білдіреді.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің ең негізгі критерийлерінің бірі – оның қарыз өтеу үшін ағымдағы қызметінің жүргізілу барысында қаражат табу қабілеті болып табылады.
Қарыз алушының капиталы оның несиелік қабілетінің біршама маңызды критерийі болып табылады. Оны бағалауда мынандай екі шарттың маңызы зор:
1) оның жеткіліктілігі, яғни Орталық банктің тарапынан жарғылық қордың (акционерлік капиталдың) ең төменгі мөлшеріне қойылатын талабы және қаржы левераж коэфициенті негізінде талданады;
2) несиеленетін операцияларға меншікті капиталды жұмсау дәрежесі, яғни ол банк пен қарыз алушының арасында тәуекелдің бөлінуін куәландырады. Қаншалықты меншікті капитал жұмсалымы көбірек болса, соғұрлым қарыз алушының несиелік тәуекеліне ықпал ететін факторларды қадағалап отыруға мүмкіндік туады.
Несиенің қамтамасыз етілуі – қарыз алушының активтерінің құны және несиелік келісімшартта көрсетілетін қарызды өтеуде екінші қосымша көздерінің (кепіл, кепілхат, кепілдеме, сақтандыру қағаздарының) болуы. Мұндағы қосымша көздер қарыз алушының басына қаржылық қиындықтар туу барысында, олардың банк алдындағы міндеттемелерін уақытылы орындауына кепілдік береді. Кепілдік сапасы, кепілхат беруші, кепілдемеші мен сақтандырушының тұрақты болуы, қарыз алушының ақшалай қаражатының жеткіліксіздігі жағдайында аса маңызды.
Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы, салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдай, саяси факторлар жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.
Соңғы критерий – бақылау, бұл мынадай сұрақтарды ескереді: қарыз алушының қызмет етуі және несиелік шаралардың жүзеге асырылуы үшін заңды және нормативтік негіз бар ма? Заңдардағы күтілетін өзгерістер (мысалы: салық заңы) қарыз алушының қызметінің нәтижесіне қалай әсер етеді? Несиелік өтініште көрсетілген қарыз алушы және несие тцуралы мәліметтер, банктің несиелік саясаты …….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз