Курстық жұмыс: Экономика | Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары
Мазмұны
Кіріспе ……………………………………………………………………………2
Негізгі бөлім
1.Лизингтің пайда болуы………………………………………………….4
1.1.Лизингтің экономикалық мәні…………………………………….4
1.2. Лизингтің түрлері………………………………………………………5
2. Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары ……14
2.1. Коммерциялық банк лизингтік оперцияларын талдау..14
2.2.Дамыған елдердегі лизингтік операциялар…………………16
3. Лизингтің Қазақстандағы даму жолдары мен болашағы……………………………………………………………………….22
Қорытынды…………………………………………………………………..28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ………………………………..30
1.Лизингтің пайда болуы
1.1.Лизингтің экономикалық мәні
Лизинг сөзі «to lease» ағылшын етістігінен аударғанда «жалға беру» дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден айырмашылығы – жалға беруде екі жақ қатысса, яғни жалға беруші және жалға алушы болса, ал лизингте үш қатысушы: яғни лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.
Лизинг – бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ұйымдастыру техникаларын өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдаланкға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығы келісім-шартта келісілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.
Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.э. 2000 жылдай бұрын ертедегі Вавильонда жасалғаны белгілі болғанымен, шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы «Белл Телефон Компани» деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін айта кетеді. «Юнайтед Стейтс лизинг корп.» атты алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан-Францискода (АҚШ) құрылған. Еуропада 1962 жылы «Дойче лизинг ГМбХ» деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфа (Германия) пайда болыпты. 1972 жылдан бері еуропа лизинг нарығы дамып келеді.
Лизинг операция банк құрылымының іскерлік ортамен өндірісті қаржыландыру бойынша ынтымақтастық құруына және өзара әрекеттесуіне өз ықпалын тигізетіндіктен бүгінгі қазақстандық экономикаға қажетті операция болып табылады.
Лизингілік мәміленің мәні. Әлемдік іс-тәжірибеде «лизинг» термині ұзақ пайдалануға жарайтын тауарларды жалдауға негізделген әр түрлі мәмлелерді белгілеуде пайдаланылады. Жалдау келісім-шартты бекітілген мерзімге қарай жалгерлік операцияның үш түрі бөліп көрсетіледі:
1. Қысқа мерзімді жалдау (рейтинг) – 1 күннен 1 жылға дейін;
2. Орта мерзімді жалдау (хайринг) – 1 жылдан 3 жылға дейін;
3. Ұзақ мерзімді жалдау (лизинг) – 3 жылдан 20 жылға дейін және одан да ұзақ уақытқа.
Өзінің заңды формасында лизингілік мәміле инвестициялық құндылықтарды ұзақ мерзімді жалға алудың өзінше өзгешелігі бар түріне жатады.
Лизингілік операцияны дәл анықтаудың іс-тәжірибеде маңызы жоғары, өйткені оны ресімдеудің заңмен белгіленген ережесі сақталмайтын болса, ол лизингілік мәміле ретінде танылмайды. Бұл операция қатысушылары үшін бірқатар жағымсыз қаржылық салдарды тудырады.
1.2. Лизингтің түрлері
Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.
1. Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.
2. Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.
Лизинг түрлері және лизингтік операцияларды жіктеу шетелдік және отандық теория мен іс-тәжірибеде маңызды мәнге ие. Лизинг түрлері оның белгілеріне қарай бөлініп көрсетіледі. Жіктелуіне қарай:
1. Жалға берілетін мүлікке қатынасы бойынша;
2. Лизингтік операцияларды қаржыландыру түрі бойынша;
3. Лизингтік келісім-шартқа қатысушылардың құрамы бойынша;
4. Лизингке берілген мүліктің түрі бойынша;
5. Лизингтік мүліктің өтелу деңгейі бойынша;
6. Лизингтік мүліктің өтелу көрсеткіштеріне сәйкес;
7. Лизингтік операция өтетін рынок секторы бойынша;
8. Салықтық және амортизациялық жеңілдіктерге қатынасы бойынша.
1. Жалға берілетін мүлікке қатынасы бойынша лизинг келесідей түрлерге бөлінеді:
-Таза, яғни мұнда мүлікке қызмет көрсетуге жұмсалған шығындардың барлығын лизинг алушы өзіне алады;
-Толық, мұнда мүлікке қызмет көрсетуге жұмсалған шығындардың барлығын лизинг беруші өзіне алады;
-Бөлшектеп (чистичный), мұнда мүлікке қызмет көрсетуге жұмсалған шығындардың бір бөлігі ғана лизинг берушіге тиеді.
2. Лизингтік операцияларды қаржыландыру түрі бойынша лизинг келесідей түрге бөлінеді:
-Жедел, яғни мұнда мүлікті жалға бір-ақ рет беру орын алады;
-Қайта бастау, яғни мұнда лизингтік келісім-шарттың бірінші мерзімі аяқталған соң келесі кезеңге ұзартылатын жағдай орын алады. Ол үшін белгілі-бір уақыттан соң лизинг объектілері лизинг алушының талабы бойынша жаңа түрлерге өзгереді. Құрал-жабдықтарды өзгерткге жұмсалған барлық шығындарды лизинг алушы өз мойнына алады. Қайта бастау лизингі бойынша лизинг объектілерінің саны және оларды пайдалану мерзімдері екі жақпен алдын-ала келісілмейді.
3. Лизингтік келісім-шартқа қатысушылардың құрамы бойынша лизинг келесідей түрлерге бөлінеді:
-Тікелей лизинг, мұнда мүліктің меншік иесі (жеткізуші) лизингке объектіні дербес береді (екі жақты келісім-шарт). Негізінен бұл келісім-шартқа лизингтік компания қатыспайтындықтан классикалық лизингтік келісім-шарт деп атауға болмайды;
-Жанама лизинг, яғни мұнда мүлік делдал арқылы беріледі. Бұл жағдайда келісім-шартқа жабдықтаушы, лизинг беруші және лизинг алушы қатысатындықтан классикалық лизингтік операция деп атауға болады
-Бөлінген лизинг, бұл лизинг күрделі, ірі масштабтағы обьектілерді қаржыландыру тәсілі ретінде болады. Мұндай лизинг жабдықтаушылардың, лизинг берушілердің және банктерден несиелік қаражаттарды тартатын, сонымен қатар лизингтік мүшелерді сақтандыратын бірнеше компаниялардың қатысуымен топтық немесе акционерлік деп аталынады. Бұл лизинг түріне көп арналық қаржыландырулар қатысатындықтан күрделі болып саналынады.
4. Лизингке берілген мүліктің түрі бойынша лизинг келесідей түрлерге бөлінеді:
-Жылжымалы лизинг (құрал-жабдық, техника, автомобильдер, самолеттер және тағы басқа);
-Жылжымайтын лизинг (ғимараттар, сооружения).
5. Лизингтік мүліктің өтелу деңгейі бойынша лизинг келесідей түрлерге бөлінеді:
-Толық өтелетін лизинг, мұнда бір келісім-шарттың әрекет ету мерзімі ішінде лизинг берушіге жалға алынған мүліктің құны толық төленеді;
-Толық өтелмейтін лизинг, мұнда бір келісім-шарттың әрекет ету мерзімі ішінде жалға алынған мүлік құнының тек бір бөлігі ғана өтеледі.
6. Лизингтік мүліктің өтелу көрсеткіштеріне сәйкес лизинг келесідей түрлерге бөлінеді:
-Қаржылық лизинг (капиталдық, тікелей) – бұл өзінің әрекет ету мерзімі ішінде құрал-жабдық амортизациясының толық құнын немесе оның бір бөлігін, лизинг берушінің қосымша шығынын немесе пайдасын өтеуді қарастыратын келісім;
-Оперативті лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.
7. Лизингтік операция өтетін рынок секторы бойынша лизинг келесідей түрлерге бөлінеді:
-Ішкі лизинг – бұл келісім-шарттың барлық қатысушыларының бір елден келуімен байланысты сипатталады;
-Сыртқы лизинг (Халықаралық лизинг) – бұл бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды. Сыртқы лизинг өз кезегінде экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизингте шетел лизинг алушы болса, импорттық лизингте шетел лизинг беруші болып танылады.
8. Салықтық және амортизациялық жеңілдіктерге қатынасы бойынша лизинг келесідей түрлерге бөлінеді:
-Мүлікке, табысқа, ҚҚС, әр түрлі ағымдарға, жеделдетілген амортизация және тағы басқаларға салық салу бойынша жеңілдіктерді қолдану;
-Жеңілдіктерді пайдаланусыз.
Лизинг операцияларының техникасы 1, 2 суреттерде әр түрлі сызба түрінде берілген.
Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін қаражаты жетпей қалған жағдай да болуы мүмкін, онда ол ссуда алады. Мұндай операцияны қосымша қаражат тартатын лизингтік операция деп атайды.
Тәжірибе көрсеткендей, лизинг бойынша жасалатын мәмілелердің 85%-ға жуығы қаражат тарту лизингі операцияларының үлесіне тиеді. Лизингке беруші лизиннгке беретін активтер құнының 80%-дай мөлшерінде бір немесе бірнеше несие берушілерден ұзақ мерзімді несие алады. Мұнда лизингтік төлемдер мен құрал-жабдықтың өзі ссуданы қамтамасыз ету құралы болып та
Сурет 1
1) құрал-жабдыққа тапсырыс беру;
2) құрал-жабдық үшін төлем;
3) құрал-жабдықты жеткізу;
4) лизингтік тө
Сурет 2
1) Банк пен лизинг компаниясы арасында несиелік келісімшарт жасалып, несие беріледі;
2) Лизинг компаниясы алған несиені құрал-жабдық үшін жабдықтаушыға төлейді;
3) Лабдықтаушы лизинг компаниясына құрал-жабдығын сатады.
4) Лизинг компаниясы мен лизинг алушы кәсіпорын арасында лизингтік келісімшарт жасалады;
5) Жабдықтаушы құрал-жабдықпен жабдықтайды;
6) Лизингті алушы кәсіпорын пайдаланғаны үшін лизингтік төлемдер жүргізеді;
7) Лизинг компаниясы несие беруші банкке несие үшін төлемдерін төлейді.
Мұндағы лизингтік төлемдердің жалпы сомасының есебі төмендегідей формуламен есептеледі:
ЛТ=АА + НТ + КТ + ҚТ + ҚҚС
Мұндағы,
ЛТ – лизингтік төлемдердің жалпы сомасы;
АА – ағымдағы жылдағы амортизациялық аударымдар сомасы;
НТ – лизинг берушінің несиелік ресурсты пайдаланғаны үшін төлем;
КТ – лизингтік келісімшарт бойынша мүлікті бергені үшін лизинг берушіге комиссиондық төлем;
ҚТ – көрсеткен қызмет үшін қосымша төлем;
ҚҚС – лизинг берушінің көрсеткен қызметі үшін лизингті алушының төлейтін қосылған құнға салынатын салық.
Амортизациялық аударымдар (АА) сомасының формуласы:
БҚ * На
АА = ¾¾¾¾
100
Мұндағы,
БҚ – мүліктің баланстық құны;
На — амортизациялау нормасы (%);
Несиелік ресурс үшін төлем (НТ) формуласы:
НР * НС
НТ = ¾¾¾¾¾
100
Мұндағы,
НР – лизинг берушінің пайдаланған несиелік ресурсының шамасы;
НС – несие үшін сыйақы мөлшері.
Несие ресурс (НР) шамасының анықталу формасы:
Қб — Қа
НР = ¾¾¾¾¾
2
Мұндағы,
Қб — мүліктің жыл басындағы құны;
Қа — мүліктің жыл аяғындағы құны.
Комиссиондық төлемнің (КТ) мөлшерінің формуласы:
НР * Кс
КТ = ¾¾¾¾¾
100
Мұндағы,
Кс — комиссиондық сыйақы мөлшері.
Банктің қосымша көрсеткен қызметтері үшін төлемдер (ҚТ) есебі:
ҚТ = Ші + Шқ + Шж + Шб
Мұндағы,
Ші – банк жұмыскерлерінің іссапар шығыстары;
Шқ – көрсетілген қызмет үшін шығыстар;
Шж – банктің жарнамасына кеткен шығыстар;
Шб – басқа да шығыстар.
Лизингтік операцияның негізгі элементтері:
— келісім-шарт объектісі;
— келісім-шарт субъектісі;
— лизингтік келісім-шарттың мерзімі (лизинг кезеңі);
— Лизингтік төлемдер;
— Лизинг бойынша көрсететін қызметтер.
Лизинг объектілері. Өндірістік циклда жойылмайтын материалдық құндылықтың кез-келген түрі лизингтік келісім-шарттың объектісі бола алады.
Лизинг субъектілеріне келісім-шарт объектісіне тікелей қатысы бар тараптар жатады. Бұл арада оларды тікелей қатысушыларға және жанама қатысушыларға бөлеміз.
Лизингтің келісім-шарттың тікелей қатысушыларына мыналар ……