Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның өндірістік шығындары есебінің ақпараттық жүйесі
Мазмұны
Кіріспе…………………………………………………………………………………..3
• Курстық жұмыс мақсаты…………………………………………………3
• Курстық жұмыс құрылымы……………………………………………..4
1. Негізгі бөлім
1.1 Қолдану саласына жалпы сипаттама…………………………………5
1.2 Ақпараттық жүйені тұрғызу мақсаты………………………………..9
1.3 Тұрғызылған ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар…….10
1.4 Ақпараттық жүйенің концептуалды сызбасы…………………..18
2. Ақпараттық жүйені жобалау
2.1 Мәселе қойылымы…………………………………………………..21
2.2 Кіріс ақпарат…………………………………………………………..23
2.3 Шығыс ақпарат……………………………………………………….25
2.4 Қорытынды………………………………………………………..28
2.5 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………29
1.1 Қолдану саласына жалпы сипаттама
Кәсіпорын шығындары есебінің жалпы сипаттамасы
Кәсіпорын шығындары — өнім өндіру және оны сату мақсатында пайдаланылатын өндірістік факторлардың ақшалай көрінісі.
Нарықтық экономикадағы шығындар:
• Айқын (бухгалтерлік);
• Жүктеме (арттыру);
• Қайтпайтын шығындар болып бөлінеді.
Жалақы төлеуге, өнімдерді сатуға және өндірісті одан әрі дамыту қажетіне жұмсалған шығындар кәсіпорынның айқын шығындары деп аталады, қаржылық есеп беру негізінде есептелінетін болғандықтан, оларды бухгалтерлік шығындар деп те атайды. Барлық айқын шығындардың жиынтығы өнімнің өзіндік құнын құрайды, ал өнімнің өзіндік құны мен тауароларды сату бағаларының арасындағы айырма пайда болып есептелінеді.
Қандай да бір өндіріс факторын пайдалануға, өлшемдерге, оларды баламалы пайдалануды жақсартуға жасалған шығындар жүктеу шығындары деп аталады.
Қайтпайтын шығындарға орны қайта толтырылмайтын шығындар жатады.
Өндірістік шығындарды тұрақты және өзгермелі деп те бөледі.
Тұрақты шығындар — өндірістік факторларды пайдалануға байланысты тікелей шығындар.
• Кәсіпорынның штаттық жұмысшыларының жалақылары;
• Үй – жай жалдауға жұмсалатын шығындар.
Ал өзгермелі шығындар өнімдерді өндіру процесінде оның көлеміне байланысты өзгеріп отырады.
Бұған:
• Жұмысшылардың еңбекақы төлемдері;
• Материалдық өнімдер мен қызметтер құрамы;
• Энергия, отын;
• Басқа да жұмсалған шығындар жатады.
Тұрақты және өзгермелі шығындар кәсіпорынның іс — әрекеттерінің уақыт аралықтарына қарай қысқа және ұзақ мерзімді болып екіге бөлінеді.
Қысқа мерзімді өндіріс шығындары кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын өзгерте алмайды. Бұл тек материалдық және еңбек қорларын арттырады немесе төмендетеді, сондай-ақ өнім шығындары көлемін соншалықты шамада өзгертеді.Осы кезеңде шығарылған өнім өзгермелі шығынға байланысты болады, тұрақтышығынның шамасы сол қалпында қалады.
Ұзақ мерзімді кезеңдерде кәсіпорынның барлық өндірістік қуатын пайдаланудың маңызы зор.
Тұрақты(ҒС) және өзгермелі шығындар(VC) сомасы жалпы немесе барлық шығындарды көрсетеді және ол былайша белгіленеді:
ТС=ҒС+VC (1 –кесте )
Өнім өндіруде өнімді бір өлшемге арттыруға байланысты, қосымша шығындар шекті шығындар деп аталады.
Mc=∆VC∕∆Q
Q — өнім өндірудің арту көлемі;
Орташа шығындар — өндірілген бір өнім өлшеміне кеткен шығындар.
Оның үш түрі бар:
• Жалпы орташа;
• Орташа тұрақты;
• Орташа өзгермелі.
Жалпы орташа шығындар өзіне шығарылған өнім көлеміндегі жалпы шығындардың жекелеген бөліктерін сипаттайды:
АТС =SOP∕Q
Орташа тұрақты шығындар (АҒС):
АҒС=FC/Q
Орташа өзгермелі шығындар(АVC):
AVC=VC/Q
1 –кесте. Шығындар құрамы
Өнім көлемі Q Шығындар
Тұрақты
ҒС Өзгермелі
VC Жалпы
ТС Шекті
МС Орташа
Тұрақты
АҒС Орташа
өзгермелі
АVC Жалпы
Орташа
АТС
0 100 0 100 — — — —
1 100 75 175 75 100 75 175
2 100 110 210 35 50 55 105
3 100 130 230 20 33.3 43 76.6
4 100 160 260 30 25 40 65
5 100 210 31 50 20 42 62
Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар мына төмендегі элементтерге тоқталады:
• Материалдық шығындар;
• Жалақы шығындары;
• әлеуметтік жеткіліктерді өтеу аударымдары;
• негізгі қордың амортизациясы;
• басқа да шығындар.
Материалдық шығындарға жататындары:
• кәсіпорын иелігіндегі өнімдерді дайындау құрамына кіретін немесе техналолиялық процесті қамтамасыз ететін және буып –түю үшін дайындалатын шикізаттар мен материалдар;
• сатып алынған,қосымша өңдеуге және монтажға ұшыраған комплекті бұйымдар мен жартылай фабрикаттар;
• соның иелігіндегі барлық отынның түрлері;
• сатып алынған энергияның барлық түрлері.
Жалақы шығындары:
• кәсіпорынның өнеркәсіптік өндірістік қызметкерлерінің жалақысы;
• жұмысшылар мен қызметкерлерге өндірістің тиімділігі есебінен берілетін сыйлықтар;
• ынталандыру немесе өтемақы төлемдері;
• заттай түрінде берілген өнімдердің құны;
• жұмысшыларғы келісім –шарттардың орындалу қорытындылары бойынша берілетін төлемақы;
• басқа да төлемдер.
Әлеуметтік қажеттіліктер аударымы:
• зейнетақы қорына;
• әлеуметтік сақтандыру қорына;
• халықты жұмыспен қамту қорына;
• медициналық сақтандыру қорына аударылатын қаржылар жатады.
Негізгі қордың амортизациясы есебіне: негізгі өндірістік қорларды толық қалпана келтірудегі амортизациялық аударымдардың сомасы жатады.
Басқа да шығындар құрамына:
• салықтар;
• алымдар;
• арнайы бюджеттен тыс қорларға аударымдар;
• жалға төлеу;
• мүлікті міндетті сақтандыру;
• ластанған заттарды шығарып тастауға байланысты мөлшері шектелген төлемдер кіреді.
Көмекші өндіріс:
• кәсіпорынның жөндеу жұмыстарын;
• кәсіпорынның электр энергиясын;
• көлік;
• қойма;
• басқа да көмекші шаруашылық түрлерін қамтиды.
«Асем-ай» ЖШС – і туралы деректер
Менің курстық жұмысымда қарастырып отырған кәсіпорным «Асем-ай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
«Асем-ай» ЖШС минералды сусын зауыты Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш қаласында 1993 жылы наурыз айында Әділет министірлігінде тіркелді. Бір немесе бірнеше тұлғалармен құрылған серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады. Оның жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленетін үлестерге бөледі. Серіктестік өз қызметін ірі бизнестің субъектісі ретінде жүзеге асырады.
«Асем-ай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ірі бизнестің субъектісі болып табылады, яғни кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы,жұмыскерлердің орташа саны 250 адам, бір жылғы активтерінің құны айлық есептік көрсеткішінің 325 мың есесі болады.
«Асем-ай» ЖШС түрінде, енді «серіктестік» деп аталатын, өзін-өзі қаржыландыру толық шаруашылық есеп принципінде қызмет етеді және заңды тұлға болып табылады. Оның жеке балансы, Қазақстан банктерінде жеке шоты өзінің атауы жазылған мөрі мен мөртабаны бар, ол банктерден қарыз алуға, сондай-ақ Жарғыға сәйкес Қазақстан Республикасының заңдары бойынша заңды тұлғаларға рұқсат етілген басқа да операцияларды жүзеге асыра алады.серіктестік мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі, Мичурин бөлімшесінде орналасқан.
«Асем-ай» ЖШС Қазақстанда пластикалық ыдыстарда минералды су өндірушілердің алғашқылардың бірі болып табылады. Алғашқыда кәсіпорында 12 жұмысшы мен 1 цех жұмыс жасады, 6 жылдан кейін кәсіпорындағы штаттық жұмысшылар саны 342 адамға жетті. Пайдалануға №2 ; 3 цехтар берілді, мұздатқыштар-компрессорлар іске қосылды. Бүгінгі таңда кәсіпорын екі скважинаға иелік етеді, ол скважинаның біреуінің ерекшелігі құрамында 100мгкдм 3 йод бар, яғни адам организміне деген иод тапшылығын қамтамасыз етуге көмектеседі.
Кәсіпорын негізгі қызметі минералды сусындар өндіру болып табылады. Олардың кең тараған негізгі екі түрі: әр түрлі көлемді ыдыстағы газдалған және газдалмаған «Сарыағаш» минералды сулары. Сарыағаш минералды сулары1,5л ; 1л ; 0,5л пластик мөлдір ыдыстарда өндіріледі.
Кәсіпорында негізгі бір зауыт бар. Ол зауыттың құрылымы төмендегідей:
1. Негізгі технологиялық цехтар:
• №1 ,2 ,3 ,4 , цехтар кешенді құн қондырғысы;
• Пластик ыдыстарды жасау бойынша цех;
• минералды суды салқындататын цех;
1. Көмекші цехтар:
• Тауарлы шикізаттық цех;
• Электроцех;
• Зауыттық лаборотория;
• Ауамен қамтамасыз ету үшін ауа компрессоры;
2. Жалпы зауыттық шаруашылықтар:
• Әскериленген ведомствалық күзет;
• Тауарлы-көліктік басқару;
• Өрттен құтқарушы топ;
• Материалды ресурстарды басқару бөлімі;
Кәсіпорында қызметкерлер үшін толық және өнімді еңбек етуі үшін жағдайлар жасалынған- асхана жұмыс істейді, медпункт қалыпты қызмет етеді.
Құйылып жатқан минералды судың күнделікті санитарлық-химиялық және микробиологиялық бақылауын ҚР стандарттау, метрология және сертификаттау комитетімен аттестацияланған өндірістік лабаратория жүргізеді КФОАО «НацЭкС» 3.09.2004 ж.
Кәсіпорын қызметтеріне сәйкес
қолданатын заңдар
Қазақстан Республикасында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді реттейтін негізгі заңдық актілер тізбесі:
• «ҚР Агентігінің ЖШС-ті қолдау мәселелері жөніндегі» ҚР Үкіметінің қаулысы. 26.04.99 ж. № 475
• «Кәсіпорын мәселелері жөніндегі » ҚР Үкіметінің қаулысы. 08.04.97 ж. № 499
• «Кәсіпорынды және кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы ». ҚР Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы Жарлығы.
Жүйені тұрғызу барысында құқықтық құжаттарға: тапсырушы мен атқарушының келісім-шарты, жүйені тұрғызушылар арасындағы құжаттар кіреді. Ал, жобаны енгізу кезінде оған мынадай құжаттар жатады: жасалып жатқан жүйе деңгейінің мінездемесі, ақпарат жүйесі бөлімдерінің құқығы, ақпаратты өңдеудегі жеке құжаттардың құқықтық орындамасы, техникалық құралдарды қолдану кезіндегі қолданушылардың құқықтық қатынасы.
1.2 Ақпараттық жүйені тұрғызу мақсаты
ЖШС «Асем-айдың» өндірістік шығын есебін талдаудың
АЖ-сін құрудың мақсаты
Кез келген АЖ-ның мақсаты, оның қолданылу аумағынан құрудың әдістерінен, техникалық базадан, байланысты қолдау аппаратынан тәуелсіз түрде толық, сенімділікті және өз уақытында ақпаратты беру.
ЖШС «Асем-айдың» өндірістік шығын жағдайын талдаудың АЖ-сін құрудың негізгі мақсаты – кәсіпорынның әрбір бөлімшесі бойынша шығын есебі жайлы ақпаратты беру мен іздеудің, өңдеуді, сақтауды, жинауды автоматтандыру болып табылады.
ЭАЖ-ні құрудың негізгі мақсатымен сәйкес АЖ-нің міндеттері мыналар болып табылады:
— тұтынушыға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлерінің еңбегінің оперативті жұмысы мен өнімділігі;
— жеткізілетін мәліметтердің сенімділігі;
— тұтынушы сұраныстарымен сәйкестікте бөлімшелер жөнінде мәліметтерді алудың оперативтілігі;
— берілетін ақпараттың қорғалуы мен сенімділігі бойынша талаптардың барлық кешенін орындау.
ЖШС «Асем-айдың» шығын есебін талдаудың АЖ-нің міндеті болып шығын есебін беру не бақылау, қалыптастыру бойынша кәсіпорын жұмысын автоматтандыру болып табылады, нақты алсақ: сұраныстар бойынша шығын есебі жөніндегі ақпараттарды беру.
1.3 Тұрғызылған ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар
ЖШС «Асем-айдың» өндірістік шығын есебін талдаудың
АЖ-сіне қойылатын талаптар
Ақпараттық жүйе (АЖ) – бұл қолданушыларға олардың сұраныстарына сәйкес түрде ақпаратты жинау, сақтау, іздеу, өңдеу және жеткізу үшін арналған. АЖ бағдарламалық құралдар кешенінен шешілетін есептерді өзіне қосады. Қолданушы үшін жүйе ыңғайлы және жақсы интерфейске және санкцияланбаған әрекеттерден қорғауға ие болуы қажет.
АЖ құрылымы – бұл ішкі жазықтық-уақыттық байланыстардың тұрақты тәртібі және элементтер мен ішкі жүйе бөлімдерінің арасындағы қатынасы, ішкі жүйенің атқаратын қызметтердің анықталуы және сыртқы ортамен өзара байланысы.
АЖ жабдықтаушы және функционалды бөлімдерден тұрады. Жабдықтаушы бөлімі – бұл есептердің және есептер комплексінің немесе ішкі жүйелерінің жиынтығы, бұл басқарудың маңызды бөлігін құрайды.
Есеп – бұл автоматтандырылған функциялардың бөлігі, ақырғы немесе орта аралық қорытындының нақты формада көрсетілуі (құжат, хабарлама және т.б.).
Ақпараттық қамтамасыздандыру мінездемесі
Элементтері Мінездеме
Ақпараттық технология Барлық ақпараттар МБ түрінде сақталады
МБ түрі Реляционды
Жіктеу жүйесі Иерархиялық, фасеттік кодтау жүйелері
Кодтау жүйелері Нөмірленген, реттелген және жүйелі
Қорғау Парольдердің жүйесі АЖ-мен жұмыс істегенде, өшіп қалған сәтте, бұрыңғы қалпына келу мүмкіншілігін береді.
Бағдарламалық қамтамасыздандыру мінездемесі
Түрі Мінездеме
Жалпы Операциялық жүйе: Microsoft Windows ХР, Office XP
Арнайы Borland Delphi 7.0
Техникалық қамтамасыздандыру мінездемесі
Техникалық құрал атауы
Физикалық модуль Мінездеме
ДЭЕМ – Intel Pentium 4 Материнская плата
Процессор
ОЗУ
Video card
Монитор
Клавиатура
Мышь ATX Pentium 4
Intel, 1800 MHz
256 Mb
64 Mb
SVGA, 1280×1024
102 клавишті
2 кнопкалық
Принтер Принтер HP LaserJet 1100
Сканер Сканер HP Sсan Jet 3200 C
ЖШС «Асем-айдың» өндірістік шығын есебін талдаудың
құрылымына қойылатын талаптар
— жүйешіктердің функционалдық міндеті мен олардың сыртқы ортамен өзара әрекетін анықтайтын, оның жеке жүйешіктері мен элементтері ……