Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның несиелік операциялар есебі

0

Мазмұны

Кіріспе:
А) Несиенің мәні мен қажеттілігі;
2. Негізгі бөлім:
А) Кәсіпорынның несиелік операциялары;
Ә) Кәсіпкердің несие алу үшін дайындалатын құжаттары;
Б) Кәсіпкердің несие алу үшін дайындалатын тиісті
құжаттары;
В) Ұзақ мерзімді несие бойынша пайыздарды шигерімге жатқызу;
3. Қортынды:
А) Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі

Несиенің қызметтері
Несиенің экономикадағы орны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынадай қызметтерді атқарады:
— қайта бөлу;
— айналыс шығындарын үнемдеу;
— айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
— капиталдың шоғырлануын жеделдету;
— ғылыми – техникалық прогресті жеделдету;
Несиенің қайта бөлу қызметін кез келген елдің ұлттық экономикасының толық қанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінің көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізінде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие аралық, яғни ол нарықтық механизім негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асыуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындайды. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.

Ал келесі қызметі, яғни несиенің айналыстағы нақты ақшалардың
орнын алмастыру. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орнын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметті іске асу процесінде тек қана
тауар айналысын емес, сондай – ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чек, векселдер, несиеліе карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенің бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығымен қатар, айналыстағы ақша массасына және төлем айналымына да ықпал етеді.
Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндеттерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.
Несиенің ғылыми – техникалық процесті жеделдету қызметі ғылыми – техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, неиенің көмегінсіз көптеген ғылыми – зерттеу орталықтарының (бюджеттік қаржыландыруда отырғандардан басқарлары)
жұмыс жасауы қиынға түседі. Сондай – ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктің несиелері есебінен қаржыландырады.

Несиенің формалары және олардың жіктелуі
Несиенің формалары, оның құрлымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.
Несиенің формасы – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады.
Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені – коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені банктік деп атайды.
Қалаған несиенің түрлері осы екі форманың тәжірибеде қолдануынан туады.
Коммерциялық несие – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді.
Коммерциялық несие – бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл формасының басты мақсаты – тауарларды өтеу процесін жеделдету, сондай – ақ одан пайда табу.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда айналыс құралы ретінде қарыз алушының көрсетілген соманы

уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық мінеттеме – вексель қолданылады.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы мынадай:
— қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметті сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады;
— коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
— қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
— коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
— қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңды түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар құнына қосылады.
Банктік несие – бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие – бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеден несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты – бұл пайыз түрінде табыс алу.
Несиенің түрлері коммерциялық және несиеден туындайды.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Олар мынандай белгілеріне байланысты жіктеледі:
1. Қарыз алушылар категорияларына қарай;
А) Қаржылық институттар берілетін несиелер;
— мақсатты қорларға;
— банктерге;
— қаржы – несиелік мекемелеріне;
Б) Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
— өнеркәсіп салаларына;
— ауыл шаруашылығына;
— саудаға;
— дайындау ұйымдарына;
— жабдықтау – сату ұйымдарына;
— кооперативтерге;
— жеке кәсіпкерлерге;
В) Тұтыну мақсатына берілетін несиелер:
2. Мерзіміне қарай:
— мерзімді (1 жылға дейін)
— орта мерзімді (1 жылдан 3 – 5 жылға дейін)
— ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары)
3. Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай:
— негізгі қорларға жұмсалатын;

— айналым қаражатына жұмсалатын;
4. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
А) Қамтамасыз етілген:
— кепілхатпен
— кепілдемемен
— кепілдікпен
Б) Сақтандырылған;
В) Қамтамасыз етілмеген:
— сенім (бланктік) несиесі.
5. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
А) Стандартты несие – қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында
ешқандай күмән жоқ несиелер.
Б) Күмәнді несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі
ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер.
В) Үмітсіз несиелер – қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен ссудалар шотына жазылған несиелер.
6. Валютамен берілуіне қарай:
— ұлттық валютамен;
— шетел валютасымен;
7. Берілу шартына қарай:
А) Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып
алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
Б) Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді,
өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып , ұзақ
мерзімге берілетін несие.
В) Овердравт несие – клиенттің шотынан қаражатты шигеру, дебиттік
қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
Г) Овернайт несиесі — өтімділікті қолдау мақсатында біртүнге
берілетін банкаралық несиенің түрі.
Д) Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін
қысқа мерзімді несие.
Е) Банкаралық несие – банктердің бір-біріне беретін несиелері.
Ж) Ломбардтық несие – тез іске асатын бағалы заттарды немесе
бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
З) Лизингтік несие – құрал-жабдықтарды жалға алу мен байланысты
берілетін несие.
И) Рамбрустық несие – шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай
фабрикаттар мен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде
пайдаланылатын несие.
К) Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген төлем қабілеті жоғары
клиенттерге берілетін несие.
Л) Маусымдық несие – жабдықтаушылардың қаржыландыру уақыты

мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықтықты
жабуға алынған несие.
8. Несиелеу объектісіне қарай:
— меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;
— материалдық қорлар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;
— сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен импорттауға;
— азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер алуына;
— ломбардтық, кепілдік және ссудалық операцияларға;
— театрлар мен демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары арасындағы маусымдық үзілістерге;
— күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
— тез өтелетін тиімділігі жоғары шараларға;

Кәсіпорынның несиелік операциялары.

Соңғы уақытта шағын бизнестің пәрменді түрде өсу үрдісі байқалып отыр, мұның өзі еліміздің экономикасына қажетті үйлесімділік сипатын беріп, оны дамытудың шешуші факторына айналуда. Сондықтан мемлекет тарапынан шағын бизнеске ерекше назар аударылып келеді: оған қолдау көрсетудің әртүрлі бағдарламалары жасалып, іске асырылуда. Атап айтқанда, қаржы – несие ресурстарымен қамтамасыз ету жөнінде белсенді жұмыс жүргізілеуде. Кәсіпорынның орнығуы мен дамуы үшін тіпті көлем жағынан аздаған кредиттің өзінің орасан зор маңызы болады.
Қазақстан аумағында осы сектор дамуының серпін, шағын және орташа бизнес (ШОБ) субъектілерінің тұрақты өсуі (2003жылдың 1 маусымында шағын бизнестің 168,8 мың кәсіпорын тіркелген, мұның өзі 2002 жылдың 1 маусымындағыға қарағанда 13,3% жоғары болып отыр) олардың өзара қаржы ресурстарын алмасуындағы қажеттіліктерінің тұрақты өсуіне жеткізіп отыр. Қазақстандық ШОБ субъектілерінің екінші деңгейдегі банктерден (ЕДБ) коммерциялық несиелер алуы кәсіпорынды дамыту үшін қаражаттарды молықтырудың іс жүзінде негізгі көздерінің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша 2003 жылдың 1 мамырында ЕДБ – дің экономика салаларына кредиттік салымдары 736,8 млрд. теңге болды, мұның өзі өткен жылғы тиісінші осы кезеңмен салыстырғанда 40 % — ға дерлік көп болды.Экономикадағы несиелердің жалпы көлемінде ШОБ субъектілеріне берілген несие үлесінің өсу үрдісі бар және ол қазіргі кезде 21,2 % (156,4 млрд. теңге ) болып отыр.
Жұргізілген сұрау бойынша, Қазақстанда ШОБ кәсіпорындары арасында респонденттердің жалпы санының 50 % ЕДБ – не несие үшін өтініш жасаған. Алайда олардың жартысынан астамы несие алуларынан бас тартты.

Өздерінің жеке істерін ұлғайту мен айналым қаражаттарын молықтыру үшін шағын кәсіпорындардың несие ресурстарын алу проблемасы, зерттеулердің деректері бойынша, соңғы бірқатар жылдар бойында Республикада шағын бизнесті дамытуды тежейтін негізгі факторлардың қатарына жататындар:
— ішінара кредит алғысы келетін кәсіпорындардың жеткілікті дәрежеде
әзір болмауына;
— ШОБ – ке несие беру бағдарламаларын жүзеге асыру және кредит алу шарттары туралы жеткілікті хабардар болмауы;
— Құжаттар топтамасын (бизнес – жоспарын немесе техникалық – экономикалық негіздемесін) әзірлеу сапасының төмен болуына;
— Өзін — өзі өтеу талаптарына сай қабілетті жобалардың болмауына байланысты болады;
Несие алған кезде кәсіпкер өтімді кепілдің болу проблемасына да кезігеді.
Несие беруші банк пен кредит беру бағдарламасын таңдаған кезде кәсіпкер өзі үшін, бірінші кезекте, қаржыландырудың мерзімдері мен мақсаттарына байланысты қаржыландырудың неғұрлым қолайлы түрін анықтауға тиіс. Мысалы, банк:
— Ұзақ және орташа мерзімді несиелер (1 жылдан астам мерзімге) – негізгі құралдарды (жылжымайтын мүлікті, машиналар мен жабдықтарды) сатып алу, құрылысты инвестициялау, жылжымайтын мүлікті қайта құру, бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыру кезінде;
— Қысқа мерзімді несиелер (1 жылға дейінгі мерзімге) – коммерциялық қызмет үшін, тез сатылатын тауарларды өндіру, қызмет көрсетулер кезінде беріледі.
Қазіргі таңда шағын және орташа бизнес субъектілері арасында қысқа мерзімді несиелер іс жүзінде жиі ретте қолданылады, бұл орайда шағын және орташа бизнес субъектілерінің сауда – делдалдық қызметке, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге, қоғамдық тамақтандыру қызметтерін көрсетуге бағдарлануы ескіріледі. Қаржыландырудың бұл түрлері қарыз алушы, сондай – ақ банк үшін де тиімді болады.
Несие берудің неғұрлым сирек ұшырасатын түрі ұзақ мерзімді несиелер болып табылады. Мұндай несиелерді екінші деңгейдегі банктердің бәрі бірдей бермейді. Оларға жаңадан құралған компаниялардың қол жеткізуі қиынға соғады, өйткені ұзақ мерзімді несиелерді берген кезде қарыз алушы борышын таза пайдадан өтеуге тиісті болады. Сондай ақ қаржыландыруды беру жөніндегі қызметтердің қосымша түрлері де болады: олар – құжаттамалық несие операцияларын – шағын және орташа бизнес субъектілері барған сайын барынша кеңінен қолданылып отырған банк кепілдіктер, аккридитивтер, векселдер. Қазіргі кезде шағын және орташа бизнесті қолдану саясатының жалпы ауқамында екінші деңгейдегі банктер шағын және орташа бизнес субъектілеріне жеңілдікті несие берудің әртүрлі бағдарламаларын жүзеге асырады. Әңгіме екінші деңгейдегі банктердің сыртқы қарыздары, атап айтқанда екінші деңгейдегі банктердің, Дүниежүзілік банктің, Исламды дамыту
банкінің, Азия дамыту банкінің несие линиялары туралы болып отыр. Бұдан басқа, шағын кәсіпкерліктің өндіріс секторына банктердің несие берулері жергілікті және республикалық бюджеттер қаражаттары есебінен жүзеге асырылады. Мұндай бағдарламаларды зерделеу мен олардың мейлінше қолайсыз таңдап алу, сірә кәсіпкердің несие алу жолындағы алғашқы қадамы болуға тиіс.
Белгілі бір несие алуға байланысты белгілі бір бағдарламалар және оның талаптары болады. Мұндай бағдарламалар жеке кәсіпкерлер, өндірістік кооперотивтер, шаруашылық серіктестіктеріне – шағын бизнес үшін қызметкерлердің саны кемінде 50 адам және орташа бизнес үшін 250 адам болатын кәсіпорындар жататын тікелей шағын және орташа бизнес субъектілеріне қолданылады. Алайда кейбір несие линиялары бойынша жекелеген жағдайларда қызметкерлердің көп санына да жол беріледі. Шағын бизнес үшін жыл ішіндегі активтердің жалпы құны 60000 мың айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс. Осындай бағдарламалар бойынша несие берген кезде экономиканың басым салаларында, атап айтқанда, өнеркәсіптің ұқсату салаларында айналысатын, ауыл шаруашылығы өнімнің жаңа түрлерін игерумен айналысатын, техникалық және технологиялық ілгерілеуге ие болатын кәсіпкерлерге және компанияларға неғұрлым көп артықшылық беріледі. Алайда сонымен бірге тұрмыстық қызмет көрсету мен сауда секторы да осыған жатады.
Мыслы, ЕДҚБ –нің шағын бизнеске кредит беру бағдарламасы бойынша тауар айналымын молықтыру, өндірісті ұлғайту,машиналар мен жабдықтарды сатып алу, жылжымайтын мүлікті алу мен салу, қызмет көрсету салаларын ұлғайту қаржыландырлады. Дүниежүзілік банктің «Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау » бағдарламасында ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен (аграрлық — өнеркәсіптік ұқсатумен, аграрлық қызметпен) тікелей байланысты егіншілік, мал шаруашылығы және басқа да қызмет салаларына несие беру көзделген. Бұл орайда несие беруші қаржы ұйымы әдеттегідей кәсіпкер негізгі құралдарға жұмсауға тиісті қарыз қаражаттары үлесінің мөлшерін және айналым қаржыландыру мөлшерін ескереді. Мысалы, ……

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!