Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның инвестициялық жобасы бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралы ретінде

0

Мазмұны

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………………….3

1. ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ

1.1 Инвестицияның мәні мен мазмұны…………………………………………………………….4

1.2 Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы және инвестициялық қызметі…11

1.3 Инвестициялық жоба түсінігі және оның жіктелуі…………………………………….14

1.4 ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар………………………………16

2. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР – ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ

2.2 Инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігі………………………………20

2.3 Кәсіпорынның инвестициялық жобасын талдау ……………………………………….28

3. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ………………………….36

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………………40

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………………………….42…..

1. ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ

1.1 Инвестицияның мәні мен мазмұны

Негізгі қорға қаржы жұмсау (өндірістің негізгі қоры) қосалқы қорларға, резервтерге, сондай-ақ пайда, дивиденд және басқа да табыс табу мақсатымен құнды қағаздар шығаруға ұзақ мерзімді капитал бөлуді инвестиция деп атайды. Инвестицияны материалдық-заттық және ақшалай нысанына бөлуге болады. Материалдық-заттық инвестиция – ол оралынуға тиісті өндірістік және өндірістік емес объектілер, жабдықтар, машиналар және т.б., сонымен қатар, олар ауыстыруға немесе техникалық парктерді кеңейтуге, материалдық заттарды, басқа инвестициялық тауарларды арттыруға бағытталған. Ал, инвестицияның ақшалай нысаны болса, ол – ақшалай капиталдың материалдық-заттық инвестициясын жасауға, тауарларды қамтамасыз етуге жұмсалады.
Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде «жалпы капиталдық салымдар» деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайыздар, акциялар және басқа да құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі – пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір жақын келеді.
Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа да түрлерінің бар екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырмады. Жоспарлық экономика жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен ғана айырықшаланатын залал түрінде көрінді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі дәлелдеп отырғандай, капиталдық салымдар инвестицияның синонимі болып табылмайды, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салымға қарағанда инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын қарастыруға баса назар аударады, себебі нарықтық экономикасы дамыған елдерде (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру бағалы қағаздар арқылы іске асады. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де қолданылады.
«Инвестиция» термині латынның investments – «жұмылдыру» сөзінен алынған. Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Пол Самуэльсон инвестицияландыру туралы былай жазады: «Біз қоғамның нақты капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар, қондырғылар, өндіріс-материалдық запастар және т.б.) «таза инвестицияландыру» немесе капитал қалыптасуы деп атаймыз. Тұрғындар үшін жерді, қолданыста жүрген құнды қағаздарды немесе меншіктің кез келеген түрін сатып алу инвестицияландыру болып табылады. Экономистер үшін тек таза трансферттік операциялар. Яғни біреуі инвестицияландырса, басқа біреуі дезинвестицияландырады. Таза инвестицияландыру тек жаңа нақты капитал қалыптасқан кезде ғана орын алады».
Кең танымал «Экономикс» кітабының авторлары инвестицияны өте кең түсінеді. Олардың инвестицияға берген анықтамасы келесідей: «Инвестиция – бұл өндіріс шығындары мен өндіріс қаражаттарын жинақтау және материалдық қордың жоғарлауы».
Батыс елдерінің экономикалық теория мектептері инвестициялық процесті былай түсінген: кез келген қаржыны жұмсаудың мақсаты табыс, пайда немесе пайдалылық табу. Бұған акция, облигация, жинақ сертификаттары, сақтық және зейнеткерлік қорға және басқаларға жұмсалған шығындар жатады. Инвестицияның қайнар көзіне кәсіпорынның көптеген пайдасы, ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жиналған ақшалары, мемлекеттік ақшалай қаржылары, яғни мемлекеттік табыстар (салық, кеден салығы және т.б.) жатады. Одан барлық шығындар алынып тасталады. Тұтынуға кеткен барлық ресурстар – жинақталған ресурстар болып табылады. Олар инвестиция ретінде жаңа кәсіпорындарды салуға, жол құрылысын, денсаулық сақтау, оқу-ағарту, мәдени объектілеріне бағытталады, яғни капиталдық қорлануына жұмсалады.
Инвестиция теориясын ағылшын экономисі Дж. Кейнс өзінің «Еңбекпен қамту, процент және ақшаның жалпы теориясы» (1936 ж.) еңбегінде қарастырады, онда ол инвестицияны өндіріске жан бітіретін және тиімді сұранымның басты факторы ретінде анықтайды. Құнды қағаздардың қозғалысы (мемлекеттік облигацияларды сатып алу және сату) инвестицияға тікелей қатынасы болмайды. Қысқа мерзімде жасалатын инвестициялардың нәтижесінде игіліктер нарығында тек сұраныс өседі. Ұсыныстың көлемі өзгермейді, өйткені салынып жатқан объектілерден өнім мен қызметтер түрінде қайтарылым болмайды. Ұзақ мерзімді инвестициялардың әсерімен сұраныс та, ұсыныс та өзгереді.
У.Шарп инвестицияны былайша анықтайды: «Нақты инвестицияларға әдетте қандай да бір материалдық-көрнекті активтер түріне инвестициялау кіреді, мысалы, жер, қондырығылар, зауыттар сияқты. Қаржылық инвестициялар қағазда жазылған келісім-шарттарды, мысалы, кәдімгі акциялар мен облигациялар сияқтыны білдіреді. Қарапайым экономикаларда инвестициялардың негізгі бөлігі нақтыға жатқызылса, қазіргі дәуірдің экономикасында инвестициялардың үлкен бөлігі қаржылық инвестициялар болып табылады. Қаржылық инвестицияландыру институттарының жоғары дамуы нақты инвестицияның өсуіне едәуір дәрежеде ықпал етеді. Әдетте, бұл екі форма бәсекелес емес, бірін-бірі толықтырушы болып табылады». В.Бочаров инвестицияны табыстың тұтынуға жұмсала алмайтын бөлігі деп түсінеді. Инвестициялық ресурстар инвестициялық іскерліктің капиталдық құнының табыс немесе әлеуметтік әсер түріндегі өсімі алынатын нақты объектілеріне трансформацияланады.
Инвестицияға анықтама берген кезде назарды тек инвестицияның мазмұнды сипатына ғана емес, оның мақсатты бағытталуын қарастыру қажет. Демек, инвестиция – жалпы ұлттық өнімнің өндірісіне жұмсалатын табыстардың маңызды бөлігі және өндірістің кеңеюі мен жаңаруының шығындарын көрсетеді, яғни капитал құрылуымен, ақша капиталына қарағанда жеке капиталдың ұлғаюымен байланысты.
Экономикалық және қаржылық тұрғыдан инвестицияландыру экономикалық ресурстарды болашақта таза пайдаға жету және бұл пайданы бастапқы салынған капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді салу деп анықталады. Капиталдық салым процесінің жалпы анықтамасы: инвестицияландыру дегеніміз бүгінгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды оны келешекте инвестициялық игіліктердің көмегімен қанағаттандыру үмітіне айырбастауды білдіреді.
Инвестиция – бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына және табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға болатын кез келген құрал. Бос ақша құралдары ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкін және ол ешқандай да табыс әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторлармен айрықшаланатын әр түрлі нысандары бар: құнды қағаздар мен жылжымайтын мүлікке; қарыздық міндеттемелерге; опциондар мен акцияларға; шағын немесе үлкен тәуекелмен; қысқа немесе ұзақ мерзімге; тікелей және жанама.
Инвестиция жайында шешім қабылдау басқарманың стратегиялық қиын міндеті болып саналады. Инвестициялау кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудағы тиімді шараның бірі болып табылады. Барлық инвестицияларды екі негізгі топқа бөлуге болады: портфельді және нақты (капиталдандырылған).
Портфельді инвестиция деп (кәсіпорынның құнды қағаздарын сатып алу сияқты) жобалар тобына капитал салуды айтады. Портфельді инвестиция жағдайында инвестордың негізгі міндеті оптималды инвестиция портфелін құрастыру және басқару болып табылады. Әдетте, ол қор нарығындағы құнды қағаздарды сату және сатып алу операциялары арқылы жүзеге асырылады. Осыған орай портфельді инвестициялар көбінесе қысқа мерзімді қаржылық операциялар түрінде көрінеді.
Нақты инвестиция деп өндіріс процессіне тікелей қатысатын инвестицияларды айтамыз. Мысалы, құралдарға, ғимараттарға, материалдар қорына салынатын инвестициялар.
Объектісіне қатысты инвестициялар келесі түрлерге жіктеледі:
1) мүліктік инвестициялар (материалды инвестициялар);
2) қаржылық инвестициялар – бұл қаржылық мүлікке салынатын салымдар, басқа фирмалардың жұмыстарына қатысу және борыштық құқығына ие болу. Мысалы, акция, басқа да құнды қағаздарды сатып алу.
3) материалдық емес инвестициялар – оларға зерттеу және талдау жасау, кадрлар даярлау, жарнама және басқаларға салынатын инвестициялар жатады.
Әрекеттің бағытына қарай инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
1. бастапқы инвестициялар немесе нетто-инвестициялар, кәсіпорынды негіздеуде немесе сатып алуда жүзеге асырылатын инвестициялар;
2. өндірістік потенциалды (әлеуетті) ұлғайтуға бағытталған кеңейту инвестициялары (экстенсивті инвестициялар);
3. қайта инвестициялау, яғни кәсіпорынның негізгі қорының құрамын қолдау мақсатында жаңа өндіріс құралдарын жасауға немесе сатып алуға бағытталған бос инвестициялық қаражаттармен байланысты инвестициялар. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
* бар объектілерді жаңа объектілермен ауыстыруға бағытталған ауыстыру инвестициялары;
* рационализациялауға арналған инвестициялар, технологиялық жабдықтарды немесе процестерді жетілдіруге жұмсалады;
* шығару бағдарламасын өзгертуге жұмсалатын инвестициялар;
* диверсификациялауға арналған инвестициялар, олар өнімнің жаңа түрлерін шығаруға және жаңа сату нарығын ұйымдастыруға жұмсалатын инвестициялар;
* болашақта кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған инвестициялар. Бұған ғылыми жұмыстарға, кадрларды дайындауға, жарнама, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестициялар кіреді.
Инвестицияның экономикалық табиғатын оны жіктеу толығырақ түсіндіреді, жіктеу негізінде түрлі белгілер салынған. Белгілер ретінде мыналар қолданылады:
1) инвестициялардың түрлері;
2) ақша құралдарын салу объектілері;
3) инвестицияландыруға қатысу сипаты;
4) инвестицияландыру кезеңі;
5) меншік түрлері;
6) инвестордың қатысу түрлері;
7) тәуекел дәрежесі;
8) ұдайы өндіріс түрлері.
1.Инвестициялардың түрлерін былайша топтайды:
• ақша құралдары, салымдар, акциялар және басқа да құнды қағаздар;
• жылжымайтын және жылжымалы мүлік;
• авторлық құқықпен, тәжірибемен және басқа да интеллектуалды құндылықтармен байланысты мүліктік құқықтар;
• жерді, суды, ресурстарды, үйлерді пайдалану құқығы және басқа да мүліктік құқықтар;
• қандай да бір өндірісті (бірақ патенттелген «ноу-хау» емес) ұйымдастыруға қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тәжірибе ретінде рәсімделген техникалық, технологиялық, коммерциялық сауаттылық.
2. Құралдардың салыну объектілері бойынша инвестициялар былайша бөлінеді:
• нақты инвестициялар немесе құралдардың материалды активтерге салынуы, яғни нақты инвестициялар – кәсіпорынның негізгі және айналыс капиталын қалыптастыратын материалды және материалды емес активтерге салынатын салым. Материалды активтер – ғимараттарға, станоктарға, қосымша материалдық бұйымдарға, дайын өнімдерге айналдырылған құраладар;
• материалды емес активтер – лицензиялардың, патенттердің, тауар белгісінің құны, жарнамаға және кадрларды дайындауға кеткен шығындар;
• қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға ақша құралдарының салынуы – депозиттер, құнды қағаздар, банктық салымдар.
3. Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
• тікелей инвестициялар, мұнда инвестицияландыру және ақша құралдарын салу объектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы қажет етіледі. Сонымен қатар, инвестор инвестициялық циклдердің барлық кезеңдеріне тартылады, оның ішінде алдын ала жүретін инвестициялық зерттеулерге, инвестицияландыру объектілерін жобалау мен тұрғызуға, дайын өнім өндірісіне;
• жанама инвестициялар, бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді орналастыратын және аккумуляцияландыратын түрлі қаржылық делдалдар арқылы (инвестициялық қорлар және компаниялар) жүзеге асады. Мұндай делдалдар инвестицияландыру объектілерін басқаруға қатысады, ал алатын табыстарын клиенттері арасында бөледі. Тұтас басқарылатын құнды қағаздарға салынатын салынымдарды портфельдік деп те атайды.
4. Инвестицияландырудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мына түрлерге бөледі:
• қысқа мерзімді, ұзақтылығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді депозиттік салымдар, жинақ сертификаттар);
• ұзақ мерзімді, бұның ұзақтылығы быр жылдан көп.
5. Меншік түрлері бойынша инвестициялар мыналарға бөлінеді:
• азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысанындағы кәсіпорындардың, өкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша құралдары;
• мемлекеттік, ол түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің бюджет көздерінен қаржыландырылады.
6. Инвестордың қатысу түріне байланысты:
• қайта құрылып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың бір бөлігін иелену (шектеулі меншік қоғамына үлестік қатынас);
• инвестор толық иеленетін кәсіпорындарды құру немесе шаруашылық жүргізіп жатқан кәсіпорындарды өз меншігіне алу;
• жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті акция, облигациялар арқылы немесе басқа да құнды қағаздар түрінде алу;
• табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану құқығына, басқа да мүліктік құқықтарға концессия алу.
7. Тәуекел дәрежесі бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
• тәуекелсіз инвестициялар. Мысалы, бірқатар мемлекеттерде қысқа мерзімді мемлекеттік облигацияларға салымдар салу қауіпсіз деп саналады, ал олар бойынша алынған табыс қауіпсіз қойылымды анықтайды, бұл қауіпсіз қойылым инвестициялық тәуекел нүктесін санау ретіндегі салымдарды бағалау ретінде қолданылады;
• тәуекелді инвестициялар, инвестициялармен байланысты тәуекел немесе белгісіздік дәрежесі, мысалы, уақыт, салыным объектісі сияқты факторларға тәуелді. Инвестицияландыру аяқталғаннан кейінгі кәсіпорынның жұмыс істеу нәтижесінің өзгеруі инвестицияландырудың мерзіміне және жобаның масштабы мен оның мақсаттарына тәуелді, сондықтан қауіптіліктің дәрежесі нарықтың мүмкін болатын әрекетін шеше алмау болып табылады (жаңа өнім түрін құру, өндіріс шығындарын төмендету, сату көлемін кеңейту, мемлекеттік тапсырыстарды орындау және т.б.). Дәрежені бағалау критерийлері мыналар болуы мүмкін:
— барлық пайда сомасын жоғалту мүмкіндігі, яғни тәуекелдің орын алуы мүмкін;
— жоба іске асқаннан кейін пайданы ғана емес, жалпы есептемелік табысты жоғалту мүмкіндігі, яғни тәуекел дағдарысты болып табылады;
— барлық активтерді жоғалту мүмкіндігі және инвестордың банкротқа ұшырауы немесе апаттық тәуекел.
8. Ұдайы өндіріс инвестицияның келесі түрлерінің бірінде жүзеге асуы мүмкін:
• жаңа алаңдарда және бастапқыда бекітілген жоба бойынша іске асып жатқан жаңа құрылыстар немесе кәсіпорындардың, ғимараттардың салынуы;
• шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі — өндіріс қуаттылығын арттыру мақсатымен шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың екінші және келесі кезектерін, қосымша өндіріс кешендерін және өндірістерді, жаңа кәсіпорындарды салу немесе қызмет етіп жүрген кәсіпорындарды кеңейту:
• шаруашылық жүргізіп жүрген кәсіпорынды қайта құру – моральды тұрып қалған және физикалық жағынан тозған қондырғыларды ауыстыру арқылы жаңа өнімнің шығарылуының профилін өзгерту мақсатымен өндірісті толық немесе жартылай қайта жабдықтауды ортақ жоба бойынша жүзеге асыру;
• техникалық қайта қамтамасыздандыру – жекелеген цехтардың, өндірістердің, учаскелердің өндірісінің техникалық-экономикалық деңгейлерін арттыруға бағытталған шара кешендерін жүргізу.
Инвестицияның ұсынылған жіктелуі қазіргі заманның инвестициялық жобалау концепцияларын толығырыақ түсіну үшін жүріп жатқан процесстерді жан-жақты бағалау үшін қажет.
Инвестициялар белгілі бір тәуекелмен байланысты. Бұл тәуекел салымдардың қайтарылу мерзімі көп болған жағдайда артады, бұл мезгілде нарық коньюктурасы, шикізат бағасы және жұмыс күші мен тағы басқалары да өзгеруі мүмкін. Сондықтан салынған қаражаттар тез қайтарылуды қамтамасыз ететін жобаларға жұмсалады.
Инвестициялаудың маңызды ережесі, құнды қағаздарға салынған салымдардың табысы инвестор баруға дайын тәуекелге тура пропорционал болады. Жүйелік амал тұрғысынан инвестициялық тәуекелдерді екі топқа бөлуге болады: жүйелі және жүйесіз.
Жүйелі тәуекел инвестицияның барлық түрлеріне қатысты және макроэкономиканың мүмкін болатын өзгерістеріне байланысты жалпы нарық жағдайымен анықталады. Олардың пайда болу себептері: инфляция, экономикалық құлдырау, жоғары пайыздық мөлшерлеме, әскери-саяси дау-жанжалдар және тағы басқалар.
Жүйесіз тәуекелге бәсекелестік инвестициямен (жоба, құнды қағаз және т.б.) байланысты тәуекелдің барлық түрлеріне жатады. Олардың пайда болу себептері фирмалар үшін дербес жабдықтаушылардың өз міндеттерін орындауы (сатып алу тәуекелі), сатып алушылардың қыр-сыры (өнімді өткізу тәуекелі), бәсекенің әсері, үлкен келісім-шарттардың қабылдануы немесе жоғалуы және тағы да басқалар жатады.
Инвестиция еліміздің экономикасында және жеке кәсіпорынның қай-қайсысы болмасын өмірінде келесі бағыттар бойынша маңызды рөл атқарады:
• ұлғаймалы ұдайы өндіріс саясатын іске асыруда және кәсіпорынның негізгі өндіріс қорын үнемі жаңалауда;
• өнім сапасын жақсарту және ғылыми-техникалық прогресті тездетуде;
• барлық халық шаруашылық салаларының тең дамуына және қоғам өндіріс құралдарының қайта құрылуында;
• өнеркәсіпте керекті шикізат базаларын жасауда;
• азаматтық құрылыстар, денсаулық сақтады дамыту, жоғары және орта мектептерді дамытуда;
• жұмыссыздық мәселелерін шешуде немесе жеңілдетуде;
• табиғатты қорғау және басқадай мақсаттарға жетуде.
Мұндай тізімдерді көп келтіруге болады. Сонымен, инвестиция бірінші жағдайда еліміздің экономикасын көтеріп, соның негізінде көптеген әлеуметтік жағдайларды шешуге, ең алдымен халықтың әл ауқатын, тұрмысын көтеруге қосатын үлесі өте зор.

1.2 Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы және
инвестициялық қызметі

Инвестициялық қызмет – шаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыратын табыс алу және меншік капиталын өсіру мқсатындағы қаражат жұмсалымы. Инвестициялық қызмет ерекше маңызды мағынаға ие, себебі экономиканы толығымен, оның басқа да салалары, шаруашылық субъектілерінің тұрақты дамауына негіз болады. Инвестициялық қызметтің субъектілері болып инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмысты жүзеге асырушылар, инвестициялық қызметтің объектісін пайдаланушылар, сонымен қатар жабдықтаушылар, заңды тұлғалар және инвестициялық қызметтің қатысушылары табылады. Тапсырыс берушілер инвесторлар мен инвестор инвестициялық жобаны жүзеге асыруға уәкіл етілген кез келген заңды және жеке тұлғалар, соның ішінде шетел азаматтары және де мемлекет немесе халықаралық ұйымар болуы мүмкін. Инвестициялық қызметтің объектілерін пайдаланушылар инвесторлар және басқа да жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік және муниципалдық органдар, инвестициялық қызметтің объектісіне арналған шетелдік мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болуы мүмкін. Инвестициялық қызметтің субъектілері инвестицияның іске….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!