Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпкерлік қызметіндегі бәсекелестік

0

Мазмұны

КІРІСПЕ 3
.1 . БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 5
1.1.БӘСЕКЕЛІСТІК ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛДАУ ҚАЖЕТТІЛІГІ …………………………………..5
1.2. БӘСЕКЕЛЕСТІКТІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ФОРМАЛАРЫ 8
1.3. БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ 14
2.»АЛМАТЫ НАН» АҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН БАҒАЛАУ…………………………….17
2.1.»АЛМАТЫ НАН» АҚ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ………………………………17
2.2. «АЛМАТЫ НАН» АҚ ТЕХНИКО ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ 19
2.3. «АЛМАТЫ НАН» АҚ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІГІН БАҒАЛАУ………………………………….23
3. КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ 24
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 30…..

1 . Бәсекелестік туралы түсінік
1.1Бәсекелестік және оны талдау қажеттілігі
Нарық механизмнің қалыпты әрекет етуі еллдің қаржы, ақша және валюта жүйелердің тұрақтылығы жағдайында ғана болуы мүмкін. Бұл жүйелердің тұрақсыздығы нарықтық іс-әрекеттердің «наразылығын» тудырып, жағымсыз жағдайларға алып келетін нарықтық үрдістерді, соның ішінде, ең бастысы, бәсекелестікті бұрмалайды. Орталықтанған жоспарлы экономикалы елдер нарықтық экономикаға өту барысында шешуге тура келетін басты мәселелер болып, нарықтық экономиканың қалыптасуы мен дамуына қажетті талаптарды құру және бірінші кезекте, нарық монополизациясының дәрежесін біршама төмендету табылады.
Өтпелі кезеңде Қазақстан экономикасына әкімшіл-әміршіл жүйеден мұраға қалған өте жоғары монополизация нарықтық бәсекелестікті әлсіздетеді. Бұл мәселені шешеудің басты құралы ретінде, демонополизацияның ізділікті, экономикалық қамтылған саясатын жүргізу табылады. Соның ішінде, біріншіден, жоғары монополизация мен бәсекелестіктің шектелуіне алып келетін қосылу және ззге де шаруашылық аралық келісімдерге шектеулер жүйесін әзірлеу; екіншіден, қалыптасқан кәсіпкерлік монополиялардың шоғырланбауын ойластыру; үшіншіден, мемлекет тарапынан монополияланған салаларда бәсекелестікке белсенді көмектесу.
Тауар өндіруші өзінің нақты бәсекелестерін, олардың мүмкіндіктерін, артықшылықтары мен кемшіліктерін ғана емес, сондай-ақ тандаған нарықтағы бәсекелестіктің жалпы жағдайын, яғни осы нарықтың бәсекелестік сипатына байланысты типін, өзінің салалық нарығындағы бәсекелестіктің қозғаушы күштерін өте жақсы білуі керек. Бұл жағдайда өз бәсекелестерінің іс-әрекеттері сипатын бағалау жүйесін, оның ішінде олардың іс-әрекетінің құрылымдық талдауын пайдалануға болады.

Бәсекелестер мақсаттары мен талаптарының диагностикасы

Бәсекелестердің нарықтық үлесін
Талдау және бағалау

Бәсекелестердің тауар-
лық саясатының фор
малары мен әдістерін
зерттеу Бәсекелестер
бағаларының
өзгерісін зертеу
Бәсекелестер өткізу
торабының құралуын
және олардың өтізуді
ынталандыру
құралдарын талдау

Бәсекелестердің қаржылық қуаты мен тұрақтылығын бағалау

Нарықтың бәсекелестік картасын құрастыру

1 –cурет. Нарықтағы бәсекелестер іс-әрекетінің құрылымдық талдауы*

Бәсекелестіктің салалық деңгейіндегі қозғаушы күштерін зерттеу нарықтық экономика жағдайында барлық деңгейлерде көрініс табатын жалпылама бәсекелестік механизімнің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мұндай зерттеу келесідей аспектілерді қамтиды:
Салада потенциалды бәсекелестердің, яғни жаңа тауар өндірушілердің пайда болуы, бағалардың төмендеуі және (немесе) шығындардың өсуі, тиісінше пайда нормасының түсуіне алып келуі мүмкін өндірістік қуаттардың артуына әкеліп соқтырады.
Нарыққа жаңа бәсекелестердің енуі барысында белгілі бір тосқауылдар болуы мүмкін. Олардың негізгілері:
— өндіріс қажеттіліктерінің үнемделуі;
— өнімнің жіктелуі мен сатып алушылардың көп түрлілікке әдеттенуі;
— капитал қажеттілігі;
— жабдықтаушыларды:ң алмасуына байланысты сатып алушылардың да сол кезеңдегі шығындары;
— тарату каналдарының салыстырмалы жетіспеушілігі;
— саладағы артықшылықтардың болуымен белгіленген тосқауылдар.
Нарықта әрекет етуші компаниялар арасындағы бәсекелестіктің қарқындылығы мынадай факторлармен анықталады:
-бәсекелестердің сан жағынан көп болуы және олардың күштерінің теңдігі
— саланың салыстырмалы баяу өсуі;
— үстеме шығындар немесе тауарлы-материалдық қорлар құны түріндегі тұрақты шығындардың жоғары деңгейі;
— дифференциацияның жоқтығы (және тиісінше – конверсия шығындары);
— қуаттардың секірмелі өсімі;
— жоғары деңгейге шығу тосқауылдары.
Өнімнің бағасы, дизайны және сапасы нарыққа шығарылған ұқсас өнімге бергісіз болса ғана өнім бәсекеге қабілетті деп есептеледі.
Өнімнің бәсеке қабілеттілігі ISO 9000 және 14000 серияларының талаптарына сай болуы тиіс. Оны жобалау, жасау, өндіру және өткізу сияқты «сапа ілгесінің» барлық сатысында мақсатты және жүйелі түрде жүзеге асыра отырып, анықтау қажет.

1.2. Бәсекелестіктің түрлері және формалары
Нарықтық экономиканың ең басты принципі – тауар өндірушілердің еркін бәсекелестігі. Бәсекелестік – бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес.
Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы өзіне лайықты орын алу үшін күрес, ол тауардың сапасы мен арзандылығына байланысты.
ІХІ ғасырдың орта кезінде нарықта еркін бәсекелестік кең өріс алды. Мұндай нарық сұраныс пен ұсыныс негізінде бағаның ауытқуымен байланысты болды.
Ол тұтынушылардың талабымен есептесіп, тауардың сапасын жақсатуға, еңбек өнімділігін арттыруға, өндірісті ұлғайтуға, өнім бірлігіне шығынды азайтуға ынталандырды.
Бәсекелестіктің негізгі екі түрі бар:
1) Бір сала ішіндегі бәсекелестік – бұл бір саланың тауар өндірушілері арасында болады. Онда ең жоғары еңбек өнімділігі бар, ғылыми-техниканы қолданатын кәсіпорын жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған кәсіпорындардың табыстары төмен болады, тіпті күйреуі мүмкін.
2) Салааралық бәсекелестік – бұл халық шаруашылығы салалары арасындағы күрес. Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан капитал пайда деңгейі жоғары салаға құйылады. Оның қортындысында жаңа сапалы тауарлар көптеп шығарылып, халықтың әл-аухаты жоғарылайды. Ол саладағы пайда деңгейі төмендегенде ғылыми-техникалық жетістіктер негізінде жаңа тауарлар пайда болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі, осылай жаңа сатыға өсе береді.
Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері – бұл шексіз нарыққа қатынасушылардың әр қайсысы кәсіпкерліктің қай түрімен болмасын айналысуы және кәсіпкерлекті қоюға еркі бар. Кәсіпкерліктің алуан түрі бар: біреу, өзі араласып кәсіп жасайды, екіншісі- жұмысшылар жалдайды, үшіншісі- акция, облигация сатып алады, төртіншісі, ақшасын банкке салады, кейбіреу өндірісті қаржыландырады (инвестициялайды) т.б. Әрбір кәсіпкер немесе бәсекелестікке қатынасушылар өз ақшаларына қосымша пайда тауып, байлығын арттыруға тырысады, кем дегенде сол пайда арқылы күнін көруге тырысады. Еркін бәсекелестік жағдайда ұсыныс пен сұраныстың ауытқуы бір салада өнімді көп шығарып дағдарысқа ұшыраса, екінші салада тауар жетіспейді. Бір фирманың табысы өссе, екіншісі күйрейді, сондықтан өндіріс пен капитал шоғырланып орталықтанады ол монополия құрылуына әкеледі, яғни нарықты басып алады, әлсізді шығарады. Монополия деген сөздің мағынасы: моно-жалғыз, полия-сату.
Жетілмеген бәсекелестік нарығы – бұл таза монополия, монополиялық бәсеке, олигополия.
1. Таза монополия — өнім шығаратын бір фирма бәсекелестігі жоқ. Оның төрт ерекшелігі бар: 1) сатушы тек қана бір фирма, 2) сатылатын тауардың орнын басатын тауар жоқ, 3) монополист нарықты билейді, бағаны бақылайды, 4) нарыққа кірер жерге өте алмайтын кедергі қояды. Бұларға: электр, газ компаниялары, сумен қамту, байланыс, жылу жүйесі, транспорт кәсіпорындары, метрополитен т.б. жатады. Көпшілік жағдайда бұл салалар мемлекет меншігінде болады, немесе мемлекеттің қатаң бақылауында болады.
2. Монополиялық бәсеке – нарық жағдайында көп өндірушілер ұқсас тауарлар ұсынады. Бұл жағдайда өнім және қызмет сапасыүлкен рөль атқарады, оған қосымша сатып алғаннан кейін сервис жұмысын атқарады.
3. Олигополия – мұның ерекшелігі бәсекелестіктер көп болмайды. Олар өзара баға жөнінде келісім жасайды. Мұнда бәсекелестік шектелген. Олигополия сөзінің мәні: Олиго- көп емес, азғантай; полия- сату.
Бәсеклестік әдістері:
1. Баға бәсекесі – басқа бәсекелестіктерге қарағанда төмен бағамен тауар сату, төмен тарифпен қызмет көрсету. Бұл жағдайда бағаның төмендеуі өнім бірлігіне шығындарды азайтқаннан немесе пайда есебінен болады. Ірі монополистер бағаны төменге түсіріп барлық бәсекелестіктерді жояды, сонан кейін бағаны өсіріп жіберген зиянын немесе ала алмаған пайдасын қайтарады.
2. Баға емес бәсеке – нарыққа жоғары сапалы, артық сенімділігі бар, пайдалану мерзімі ұзақ, жоғары өнімділікті, көп ассортиментті тауар ұсынады. Өнімнің аса ерекше маңызды параметрі – экологиялық тазалығы, қуат сиымдылығы, эстетикалық көрсеткіші, қауіпсіздігі т.б.
3. Арсыз бәсекелестік – бұл әдіс бәсекелестіктің нормасын, ережесін бұзу, демпинг (төмен бағамен сату), нарықта үстемдік ету, өтірік мәлімет т.б.
Бәсекелестер фирманың өзі қызмет істеуге тырысатын нарық түрлерін таңдауына өте қатты әсер етуге алады. Бұл жерде бәсекенің 3 түрін көрсетуге болады
Функционалды бәсеке – бұл әр түрлі қажеттіліктерді көптеген тәсілдермен қанағаттандыруға болатындықтан туындайды Осыған сәйкес қанағатты қамтамасыз ететін барлық тауарлар функционалды бәсекеге жатады, оған спорт дүкендеріндегі спорт құралдары мен жабдықтары жатады.
Көріністі бәсеке – бір ғана мақсатқа арналған маңызды өлшемдермен ерекшеленетін тауарлардың түрі. Мысалы: бір класты 5 орынды жеңіл автокөліктер, бірақ двигательдерінің мүмкідіктері әр түрлі болады.
Затты (предметная) бәсеке – фирмалардың ұқсас тауарларды шығаруының нәтижесі, олар дайындаудың сапасымен, кейбір жағдайда бірдей сапамен ерекшеленеді./2/
Кәсіпорын өнімінің бәсеке қабілетілігін қалытастыру үшін басқару мен өндірісті жаңалап қана қоймай, бұл не үшін істеліп жатқанын нақты біліп, қандай мақсатқа қол жеткізу керек екенін айқындау керек. Бұл жерде ең бастысы: бәсекелестік күресте өзіңнің салыстырмалы артықшылықтарыңды тез және тиімді қолдана білу. Барлық күштер сені әлеуетті бәсекелестеріңнен оңашалайтын салаларды дамытуға бағыттау қажет. Көптеген алдыңғы қатарлы фирмалар барлық жұмысшылары еруге міндетті өзінің салыстырмалы артықшылықтырын ереже, лозунг түрінде қалыптастырды.
Кәсіпорын ондірісінде әлемдік класты қалыптастыру үшін өзің жұмыс істейтін әлемдегі ең таңдаулы салада немесе нарықта маңызды бір өндірістік қызметтің аспетісін таңдауы қажет. Ол үшін бәсекелестік нарықтағы кәсіпорын өнімінің салыстырмалы артықшылықтары қандай екенін айқындап, өндірістің қандай аспектілеріне немесе шаруашылықтың қандай қызметіне ең бірінші көңіл аудару керектігін анықтаған жөн (мысалы, өндіріс шығындары және баға, сапа, техниккалық деңгейі, қызмет көрсету деңгейі, өндіріс икемділігі және т.б.).
Жалпы кәсіпорынның төрт негізгі бәсеке қабілеттілік деңгейін немесе дәрежесін бөліп көрсетуге болады. Бірінші деңгейлі кәсіпорынның басшылары басқарудлы ұйымдастыруды ішкі нейтралды деп қарастырады. Басшылар өз қызметін өнімді беруде деп қана түсінеді де, тұтынушылары мен бәсекелестері үшін ешқандай сыйлық ойластырмайды. Олар өз өнімдерінің техникалық және конструкциялық жетілу деңгейіне соншалықты сенімді, яғни бәсекелестерімен салыстырғанда артықшылықтары маркетинггтік қызметте және тұрмыстық бөлімдердің қуаттылығында, олар жарнамаға тауарын қою арқылы сатып алушыны қуантуға дайын. Барлық қосымша өндірістегі немесе басқарудағы жоғарылау ешбір мотивациясыз артық болып саналады.
Мұндай жақындау жоғары дәрежеде жеткіліксіз болып көрінгенмен егер ол жылдам бәсекеден сақтайдын нарықта өз нишасын таба алса, кәсіпорын табысты болып саналады. Бірақ кәсіпорын немесе фирма өсіп өндіріс көлемін ұлғайту барысында келесі әрекеттер қалыптасуы мүмкін: кәсіпорын алғашқы жұмыс істеген нарық нишасынанкелесі бір оның сегментінде бәсекеге түсуі мүмкін немесе алғашқы ниша өсуші нарыққа айналып басқа өндірушілер үшін тартымды бола бастайды. Бұл жерде тек қана өнімді өқндіре білу аз, яғни бәсекелестер ұсынған өндіріс шығыны, сапа, жеткізудің нақтылығы, қызмет көрсету деңгейі аясындағы салыстырмалы артықшылықтарды иеленуге тырысу керек.
Сондықтанда бәсеке қабілеттілігі екінші деңгейдегі компаниялар өздерінің өндірістік жүйесін «сыртқы нейтралды» етіп жасауға тырысады. Бұл дегеніміз кәсіпорынның негізгі бәсекелестері орнатқан стандартқа толық сәйкес болу. Олар техникалық приемдарды, технологияларды, өндірісті ұйымдастыру әдістерін алдыңғы қатарлы кәсіпорындардан алып өзінде қолдануға және шикізат материалдарын, полуфабрикаттарды және толықтырушы заттарды да басты бәсекелестері алатын көзден алуға тырысады. Өнімнің сапасын басқарудағы принциптері, қор деңгейін бақылауы, ішкі өндірістік бітеулері, өзінің өндірісіндегі жұмыскерлермен қатынасты да дәл сондай сипатты орнатады. Керек болса олар басқарушылар мен мамандарды, әсіресе жоғары квалификациялы, білікті инженер – техник мамандарын осы саладағы компаниялардан шақыруға тырысады.
Осындай туындаған мәселелерді шеше алған кәсіпорындар ғана өз бәсәкелестерін жеңіп бәсекеқабілеттіліктің үшінші деңгейіне жетеді, басқару өндірістік жүйеге, оны дамытуға және жетілдіруге белсенді әсер ете бастайды./2/

Нарықтық жағдайда тұтынушының қанағаттануы тауарға деген өзінің ерекшелігінің жиынтығы сатып алу сату актісінде көрінеді. Мұндай ерекшеліктердің үйлесуі, өндіруші мен тұтынушының мүдделерінің сақталу…….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!