Курстық жұмыс: Экономика | КАПИТАЛ МЕН ТАБЫС ІЛІМІ КАПИТАЛДЫҢ ФОРМАЛАРЫ

0
105

Мазмұны

КІРІСПЕ

І КАПИТАЛ МЕН ТАБЫС ІЛІМІ, КАПИТАЛДЫҢ ФОРМАЛАРЫ
1.1 Капиталдар нарығы және оның мазмұны
1.2 Кәсіпкерлік капиталдың қалыптасу көздері

ІІ КӘСІПКЕРЛІК КАПИТАЛ
2.1 Капитал айналымы
2.2 Капиталды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері

ҚОРТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

І КАПИТАЛ МЕН ТАБЫС ІЛІМІ, КАПИТАЛДЫҢ ФОРМАЛАРЫ

1.1 Капиталдар нарығы және оның мазмұны

Экономикалық теорияның классиктері капиталдың алғашқы қорлануын, капитализмнің қалыптасуының бастапқы кезеңі деп тұжырымдады.
Капиталдың алғашқы қорлануы (previos accumulation) өзіндік еңбекке негізделген индивидуалдық жеке меншікті жою процесі, жұмысшыларды өз еңбегінің шарттарына меншікті шектеу процесі. Ол бір жақтан, тікелей өндірушілердің тек қана жұмыскерге — идеалдық жұмыскерге, екіншіден, қоғамдык құрал-жабдықтар мен өмір сүруге қажет құралдардың капиталға алмасуы болып табылады.
Бұл жағдай Еуропада XVI-XVІІІ ғғ. орын алды. Сол замандағы кәсіпкерліктің барлық нысанының жандана дамуы, белгілі экономикалық және әлеуметтік шарттарды, жағдайларды талап етгі. Miнe, капиталдың алғашқы қорлануы кәсіпкерліктің әлеуметгік-экономикалық базасының қалыптасу шарттарын өмірге әкелді. Бұл пайда бола бастаған буржуазия табының барлық кәсіпкерлік қабілетгеріне жол ашты.
Біріншіден, еңбек «бостандык алып», жалдама жұмыскерлер табы қалыптаса бастады. Ал еңбек шарттары мен өмір сүруге қажет игіліктерден шектелген, тек өздерінің жұмыс күшін сатып қана күнін көретін адамдардьң көбеюі – бұл капиталистік өндірістің дамуының өте маңызды шарты болады.
Капиталдың алғашқы қорлануының экономикалық негізін шаруалар мен қолөнершілердің жаішай экспроприациялануы құрайды. Тауарлық-акша қатынастарының дамуы, ұсақ өндірушілердің іріктеліп жіктеле беруін күшейте түсті, ұсақ колөнершілер мен шаруалар ьдырай бастады. XVI-XVIII ғғ. батыс Еуропада мемлекет бірнеше заң қабылдау арқылы жұмысшы табының қалыптасуына елеулі ықпал етті. Бұл зандар тарихқа «экспроприацияланғандарға карсы қанды зандар» атымен кірді. Өйткені бұл зандар экспроприацияланған өндірушілерді жалданып жұмыс істеуге зорлықпен көндіруді көздеді және оларды капиталистік еңбек тәртібіне бағындырды.
Екіншіден, елдің ішкі жағында экономикалық бостандыкқа ие болған жерлер пайда болды және шетелдерден территорияларды басып алып, оларды отарға айналдыру кең өріс алды. Бұған Англияның тарихы классикалық мысал бола алады – бұнда лендлордтар шаруалардың жерін тартып алып, «қоршап тастау» әдісін жүргізді, осымен қатар отарлардан жерді тікелей тартып алу кең өpic алды.
Үшіншіден, капиталдың барлық нысандары – сауда, өсімқорлық, өнеркәсіптік – екпінді дамыды. Осымен бірге ақша түрінде, өндірістік құрал-жабдықтар түрінде қорлану жүріп отырды.
Өнеркәсіптік буржуазияның қалыптасуының алғашкы қадамдары, мүліктік жікгелумен байланысты, қолөнершілер ортасында дами бастаған. Бөлініп, кәсіпкер бейнесін алған, аса бай цех шеберлері және саудагерлер – сатып алушылар, ыдыраған ұсақ өндірушілердің жалдама еңбегін пайдалануды кеңейтті. Бірақ бүкіл әлемдік нарықтың дамуы, капиталды қорландыру қарқының жоғарылатуды талап етгі. Осы міндетті жүзеге асыру үшін мемлекеттің үкімет ақпараты кең пайдаланылды.
Капиталдың алғашқы қорлануын тездетуге, отарлық, соғыстар мен басып алған отарлар халқын шексіз тонау, мемлекет қарызы мен салық жинаудың өсуі өз үлесін қосты.
Бюджет тапшылығын жою үшін мемлекет ақша капиталының иелері арасында ірі сомаға заем орналастыратын болды. Бұл мемлекетке қарыз беруші бейнесін алған буржуазияға, үкіметтің міндеттемелеріне сәйкес төленетін, елеулі көлемдегі проценттерді иелеуіне мүмкіндік берді. Мемлекет несиесінің дамуы құнды қағаздардың, биржалық ойындардың дамуын жандардырды.
Капиталдың алғашқы қорлануының маңызды құралы болып протекционизм жүйесі қызмет етгі. Сыртқы сауда саясаты импорттық баж салығының жоғары болуын талап етті. Бұл басқа елдерден келетін тауарларға шек қоюға және өнеркәсіп тауарларын осы елден сыртқа шығарғаны үшін сыйлық төлеуге жол ашты. Бірнеше елдерде өнеркәсіп шикізаттарын сыртқа шығаруға тікелей тыйым салынды; жаңа өндіріс ашқан кәсіпкерлерге алғашқы капитал тікелей қазынадан ірі ақшалық субсидия нысанында құйыла бастады.
Капиталдың алғашқы қорлануын дайындап дүниеге әкелген өндіргіш күштердің дамуы, тауар-ақша қатынастарының өсуі және шамамен кең дамыған ұлттық нарықтардың қалыптасуы болды.
Әр елдердегі капиталдың алғашқы қорлануының негізгі заңдылықтарының баршасына тәң ортақ белгілерінің болуы, оның осы елдердің әрқайсысьна тән нақты нысаңдарының болуын жоққа шығармайды.
Бүгінгі біздің елдің басындағы өтпелі кезенді кейбіреулер капиталдың алғашқы қорлану процесімен теңдестіреді. Бірақ бұл процестер бір-бірімен толық үйлеспейді. Бүгінгі Қазақстан директивтік баға белгіленуіне және ресурстардың орталықтан бөлінуіне негізделген әміршіл-әкімшіл жүйеден, реттеудің нарықтық әдістеріне көшу кезеңінде отыр. Міне осы жағдай, капиталдың алғашқы қорлану процесінен, дәстүрлі үғым бойынша, негізгі айырмашылықты белгілейді.
Бұларға ортақ қасиет, ол жеке меншік түрінде жаңа материалдық негізде кәсіпкерлер табының қалыптасуы. Бұның ішкі және сыртқы қайнар көздері бар.
Ішкіге алдымен жекеше өндіру жатады. Ол мемлекетгік меншікке келесі әдістер арқылы бөлуге мүмкіндік береді:
• өнеркәсіптің ауыр (бұның ішінде әскери-өнеркәсіп кешені) және жеңіл салаларындағы қаражаттарды екіншінің пайдасына сәйкес қайта бөлу;
• капиталды қызметтер мен сауда сферасында шоғырландыру;
• жерді және табиғи ресурстарды отын-қуат кешендерінің және басқа да қуат сақтаушылардың «өз еркімен» өзіне қаратып алуы;
• тандаулы (элиталық) кәсіпорындарға және оның иелеріне бартерлік айырбас жүргізулері үшін олар өндірген өнімнің бір бөлігіне жарлық ету құқын беру;
• ( сыртқы сауданы ырықтандыру (либерализация) нәтижесінде түскен пайданы шетелдермен сауда жасайтын фирмалардың алуы;
• «челнок» импортынан түскен табысты алу;
• мемлекеттің кейбір мекемелерге елімізге шеттен келген спирт, арақ, темекі өнімдері үшін тағайындалған салықтық жеңілдіктерді беруі;
• коррупция, рэкет, көлеңке экономика және т.б. Сыртқы қайнар көздеріне шетелдерден келіп жатқан несиелер жатады.
Капиталдың алғашқы қорлануының маңызы мынада: осы процесс барысында кәсіпкерлер үшін барлық өндіріс факторларына еркін жол ашылады. Бұлар тауар формасын алады және өздерінің кәсіпкерлік қабілеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік беред

1.2 Кәсіпкерлік капиталдың қалыптасу көздері

Капиталистік экономикалық қатынастардың дамуы капитал категориясын әрі қарай зерттеуді талап етті: жаңа концепциялар мен ой-пікір, тұжырымдардың пайда болуын тіледі.
Жақтаушылары басым көпшілік капиталға берілетін екі негізгі анықтаманы қолдайды: бірінші — капитал деген құрал-жабдықтар жиынтығы («заттық» концепция), екінші — капитал деген ақша сомасы («монетарлық»). Екі жақ та капитал шаруашылықта пайда табу үшін қолданылады дейді.
Осымен катар «капиталдар нарығы» деген түсінік бар. Нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың арақатынастарының объектісіне байланысты, осы түсінікке анықтаманың екі варианты болуы ықтимал.
Бірінші вариант. Өндіріс факторлары нарығында капитал деп олардың құндық өлшеміндегі физикалық капитал түсініледі: станоктар, машиналар, ғимараттар т.б. Бұл жағдайда капиталдар нарығы өндіріс факторлары нарығының бір бөлшегі болып табылады.
Капиталдар нарығының негізгі субъектілеріне бизнес сферасы және хаусхолд сферасы жатады.
Факторлар нарығындағы капиталға сұраныс — бұл өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін фирмалардың физикалық капиталға сұранысы. Көрініс жағынан Бұл фирманың инвестициялық жобаларына жұмсайтын қаржы құралдары болып табылады.
Өндіріс факторлары нарығында ақшалай салым түрінде капиталы бар үй шаруашылықтары бизнеске материалдарына сұраныс түрінде қолдануға өз капиталын береді. Бұл үшін олар салынған қаражаттарға процент түрінде табыс алады.
Физикалық капиталдың фирма меншігіне айналуына, немесе, оның уақытша пайдалануға берілуіне байланысты, төлемдер екі түрге бөлінеді: капитал қызметтерінің толымсыздығы (пайдалану бағасы) үшін төлем және капиталдық активтер (сатып алу-сату бағасы) үшін төлем болып белінеді.
Капитал қызметтерін пайдалану құны капиталдың ренталық (прокаттық) бағалануы болып табылады. Бұл нарықтық котифқа түрін, немесе, фирманың капиталдың бір бөлігін жалға алғаны үшін оның иесіне төлейтін сома түрін алады.
Активтің бағасы – капитал бірлігінің қандай уакытта болмасын сату, немесе, сатып алу бағасы болып табылады
Екінші вариант. Қаржы нарығында капитал деп ақша капиталы түсініледі.
Қарыз капиталының нарығы деп ақша капиталы объектісінің кызметін атқаратын және осы капиталға сұраныс пен ұсыныс қалыптастыратын, өзара қатынастардың жиынтығы аталады. Қарыз капиталдарының нарығы ақша нарығына және капиталдар нарығына бөлшеді. Ақша нарығы мерзімі бір жылға дейінгі банк операцияларын жүргізумен байланысты болады. Капиталдар нарығы банктің орта мерзімді және ұзақ мерзімді операцияларына кызмет етеді. Осы нарық өз кезегімен ипотекалық нарықка (кепіддік қарыз куәлігімен операциялар жүргізу) және қаржылық (құнды қағаздармен операциялар жүргізу) нарыққа бөлінеді. Қаржы нарығының субъектілеріне банктер және олардьң клиенттері (ипотека нарығындағыдай), қор биржалары жатады, операциялардың объектілеріне – жеке кәсіпкерлердің және мемлекет институттарының құнды қағаздары жатады.
Ақша нарығы мен капиталдар нарығы қарыз капиталының туындысы, екіншілік нарықтар болып табылады. Осылардың әрқайсысының өз инструментарін, яғни айналыста болатын нақты қаржы бағалылықтары болады. Осылардың бір-бірінен айырмашылықтары бар және олар төмендегі жағдайлармен байланыста болады:
• статусымен (акция, немесе, облигация);
• меншіктің типімен (жеке, немесе, мемлекеттік);
• іс-әрекет ету мерзімімен;
• өтімділік дәрежесімен;
• қауіп-қатер сипатымен (банкроттық немесе нарықтық) және қауіп-қатер дәрежесімен (қатерлі, аз қатерлі, қатерсіз).
Мысалы, АҚШ-тың капиталдар нарығының инструментариіне жататындар:
• АҚШ федераддық өкіметшің ұзақ мерзімді саясатын қаржыландыруға тағайындалған казначейлік облигациялар;
• қаржы жүйесі арқылы әлеуметтік бағдарламалардың типтерін қаржыландыру үшін үкіметтщ ерекше рұқсатымен эмитентілген (шығарылған) мемлекеттік мекемелердің құнды қағаздары;
• жергілікті үкімет органдары шығаратын муниципалдық облигациялар;
• жекеменшіктік фирмалар эмитентеген корпорациялардың акциялары мен облигациялары.
Капиталдар нарығын инвестициялық қорлар нарығы деп жиі атайды. Инвестиция (капиталдық салым) деп құрал-жабдықтардың және материаддық қойманың (запас) кобеюіне экономикадағы капиталдар өсуіне жасалған шығындар аталады.
Капитаддың жеткізушілері – үй шарушалықтары,оны тұтынушылар — бизнестщ фирмалары.
Жеткізушілер мен тұтынушылардың бір-біріне әрекеті көп. Бұлардың байланыстары қаржы жүйесі, коммерциялық банктер, инвестициялық қорлар, брокерлік кеңселер т.б. арқылы жұріп отырады. Олар үй шаруашылықтарының шамалы жинақтарын қаржы құралдардың көп сомаларына айналдырады және оны капиталды тұтынушылар арасында орналастырумен айналысады. Капиталды беру нысаны әр түрлі болуы мүмкін: тікелей жаңадан шығарылған акцияларды жазылғандар арасында тарату түрінде, немесе, заемдық қарыз, корпорациялардың облигациясын сатып алу түрінде және фирмаларға тікелей қарыз беру арқылы. Бұл процесте берілген қаржылар үшін төленетін процент өте маңызды рөл атқарады.
ІІ КӘСІПКЕРЛІК КАПИТАЛ

2.1 Капитал айналымы

Іс-әрекеттерінің қандай мерзімінде болмасын, кәсіпкер инвестициялар жасап отырады, олардың сипаты мен көздері іс-әрекеттің кезеңіне тәуелді болады.
Кәсіпкерлік бизнесті ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде капиталдың алғашқы салымын жасау керек. Старттық (cope) капитал деп өндірістің бастапқы кезеңінде жасалатын капиталдың алғашқы сомасы мен ағымдағы ……