Курстық жұмыс: Экономика | «Южнефтегаз» АҚ ЕҢБЕК АҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Мазмұны
КІРІСПЕ
1.НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ЕҢБЕК АҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жалақының мәні, атқаратын қызметтері және ұйымдастыру қағидалары
1.2 Еңбек ақыны ұйымдастырудың нысандары мен жүйелерінің экономикалық мазмұны
1.3 Қазақстан Республикасында жалақыны мемлекеттік реттеу
2 «Южнефтегаз» АҚ ЕҢБЕК АҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ
2.1 «Южнефтегаз» AҚ тарихы мен қызметінің қысқаша сипаттамасы
2.2«Южнефтегаз» АҚ экономикалық сипаттамасы
2.3 «Южнефтегаз» АҚ-нда еңбек ақыны ұйымдастыру ерекшеліктерін талдау
3 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың шет ел тәжірибесі
3.2 «Южнефтегаз» АҚ-нда еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ
КІРІСПЕ
Меншік нысандарының трансформациялануы және әлеуметтік-еңбектік қатынастардың екі жаңа субъектілері – жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылардың қалыптасуы сияқты белгілермен сипатталатын Қазақстан Республикасындағы нарықтық өзгерістердің жаңа кезеңі еңбек ақы сияқты көптеген экономикалық категорияларға дәстүрлі қалыптасқан көзқарастарды қайта қарастыруды талап етеді. Сондықтан бүгінгі таңдағы қалыптасқан жағдайларда еңбек ақыны реттеудің нарықтық механизмдерін қалыптастыру проблемасы нарықтық жағдайлардағы еңбек ақының мәнін және оның мөлшерін дифференциациялаудың объективті факторларын анықтау қажеттілігін туындатады.
Жоспарлы жүйе жағдайында қалыптасқан еңбек ақыны төлеу мен еңбекті ынталандыру жүйесі жұмысшы күшінің тауарлық сипатын мойындамауға негізделді, ал жұмыскер жалпы халықтық әлеуметтік меншіктің иесі деп қарастырылды. Сол себептен осы кезеңде еңбек ақы жұмыскердің жұмсаған еңбегінің саны мен сапасына сәйкес оған бөлінетін ұлттық табыстың бір бөлігі ретінде қарастырылды.
Нарықтық экономика жағдайында жұмысшы күші ерекше тауар ретінде қарастырылады. Ол еңбек нарығында сатып алынады және сатылады, оның құны мен бағасы қалыптасқан сұраныс пен ұсыныс негізінде анықталады. Осыған сәйкес, сұраныс пен ұсыныс еңбек ақының мөлшерін дифференциациялаудың анықтаушы факторлары болып табылады.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, нарықтық экономикасы дамыған елдерде еңбекке ақы төлеуді реттеу екі өзара байланысты әдіске негізделеді: мемлекеттік және ұжымдық-шарттық. Ұжымдық-шарттық реттеуде негізгі көңіл еңбек ақы мәселелеріне аударылады. Еңбек ақыны ұжымдық-шарттық реттеуді жүзеге асырудың нысаны болып басты, салалық, корпоративтік, аймақтық келісімдер мен ұжымдық шарттар табылады.
Қазақстан Республикасындағы болып жатқан өзгерістердің сипаты әлеуметтік әріптестік шеңберінде әлеуметтік-еңбектік қатынастарды ұжымдық-шарттық реттеудегі еңбек ақы мәселелерін ескеруді талап етеді. Бұл жалақы жұмысшы күшінің бағасы ретінде еңбек ақының мәніне, оның соңғы жылдардағы құнсыздануына, жұмыскерлердің салалық, аймақтық және кәсіптік-біліктілік топтары бойынша еңбек ақының дұрыс бөлінбеуіне байланысты болып отыр.
Сонымен жалақының мәнін жұмыс күшінің бағасы немесе құны ретінде мінездеп, ол еңбек нарығы дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей еңбекақының бағасы жұмыс күшіне өзгеруі мыналар болғанда болады:
— жұмыс күші қайта өндіруді кеңінен қамтамсыз ету тек физиологиялық мұқтаждықтарды ғана емес, сонымен қатар жұмысшы және оның отбасын әлеуметтік және мәдени игіліктермен қамтамасыз ету.
— еңбек нарығының жұмыс күшіне бағасын көрсететін еңбек ақыны реттеудің ұжымдық-шарттық жүйесінің өркениетті қалыптасуы.
— еңбек ақы көлеміндегі айырмашылықтарды объективті есептеу.
Жоғарыда келтірілген шарттар бір-бірімен тығыз байланысты және оны іске асыру заңдық және нормативтік шараларды қолдануды талап етеді, теориялық және әдістемелік жұмыстарды қоса алғанда.
Еңбекақының жұмыс күшінің бағасы ретіндегі жанама түсінігі оның объективті және дәлелденген өзгешелігін анықтауға жаңа нұсқау жасауды талап етеді.
Өз еңбегіне, істеген жұмысына, өндірген өніміне жұмысшы еңбек ақы алады. Бұл оның еңбегі үшін сый ақы, әлеуметтік эффект әкелетін осы еңбектің қажеттілігін қоғамның мақұлдауы, жұмыс берушінің табыс алуынан көрінеді, бірақ еңбекақы төлеу — тек еңбек нәтижесі үшін ғана төлем емес. Еңбекақының рөлі оның ынталандырушы әсер етуінен көрінеді: еңбек ақы мөлшері төлеу тәртібі және ұйымдастыру элементтері әдетте адамда еңбекке деген жеке қызығушылықты дамытады.
Сонымен, еңбек ақы екі түрлі рөл атқарады: бір жағынан, бұл еңбек нәтижесінің төлемі, екінші жағынан еңбекке деген ынта .
Жоғарыда аталған себептердің барлығы жұмыскерлердің еңбек ақысын ұйымдастыру қажеттілігі мен бүгінгі таңдағы өзектілігін көрсетіп отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты – еңбек ақының экономикалық табиғаты туралы теориялық және әдістемелік аспектілерді жалпылау негізінде жұмыскерлердің еңбек ақысын басқару ерекшеліктерін зерттеу және «Южнефтегаз» кәсіпорнының қызметі мен еңбек ақы жүйесін талдау және ҚР-ғы еңбек ақыны ұйымдастыруды жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныcтар жасау. Белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылады:
-еңбек ақының мәні мен ұйымдастыру функцияларын, оларды жүйелеудің тәжірибелік аспектілерін анықтауға теориялық тәсілді қарастыру;
-еңбек ақы нысандары мен оны басқару мен реттеу жүйесін және ҚР-ғы еңбек ақыны реттеудің құқықтық аспектілерін зерттеу;
-«Южнефтегаз» кәсіпорнының қызметін және ондағы еңбек ақыны ұйымдастыруды талдау;
-еңбек ақыны төлеудегі кемшіліктері және Қазақстан Республикасындағы еңбек ақыны ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімдерден және қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде еңбек ақының мазмұны, оны ұйымдастыру қажеттілігі мен бүгінгі таңдағы өзектілігі туралы айтылған.
Екінші бөлім Қазақстан Республикасында бүгінгі таңдағы қалыптасқан еңбек ақы деңгейі мен динамикасын талдау мен «Южнефтегаз» АҚ-ның қызметін және ондағы еңбек ақыны ұйымдастыру жүйесін талдауға арналған.
Үшінші бөлімде еңбек ақыны төлеудегі шетелдік тәжірибесі және Қазақстан Республикасындағы еңбек ақыны ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалған.
Қорытынды бөлім курстық жұмыстың мазмұнына сәйкес оның барлық бөлімдері бойынша қорытындылар мен тәжірибелік ұсыныстардан тұрады.
1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ЕҢБЕК АҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жалақының мәні, атқаратын қызметтері және ұйымдастыру қағидалары
Жалақының мәнін қарастырған кезде оның жалдамалы жұмыскерлерге, яғни өз еңбегі үшін ақы алатын адамдарға қатысты екенін ескеру қажет. Ал экономикалық категория ретінде жалақы деген не? сұрағы тууы мүмкін.
Жалақы — бұл жалдамалы жұмысшының табыс алу элементі, өзіне қатысты еңбек ресурсын экономикалық жүзеге асыру нысанының құқығы. Сонымен бірге жұмыс берушіге, яғни еңбек ресурсын өндіріс факторларының бірінің сапасын жақсарту үшін, сатып алушыға жалдамалы жұмысшыларға жалақы төлеу өндіріс шығындарының элементтерінің бірі болады.
Нарықтық экономика жағдайында жалақының көлеміне нарықтық және нарықтық емес бірқатар факторлар әсер етеді.
Нарыққа өткеннен кейін еңбек ақыға қатысты жаңа қатынастар пайда болады. Яғни, нарық ресурсы болатын еңбек нарығы пайда болады. Оның субъектілері ретінде мыналар болады: жұмыс беруші (жеке кәсіпкер, біріккен кәсіпкерлер). Олар белгілі еңбек ресурсы санына сұраныс білдіреді. Сонымен бірге жалдамалы жұмысшылар – еңбек ресурсының меншіктері. Олар еңбек нарығындағы еңбек ресурсының сапалы санын ұсынады. Ал объекті, ол белгілі бір уақыт аралығында сапалы еңбек ресурсы санын қолдану құқығы болады.
Еңбек бірлігінде нарықтық баға — уақыт бірлігіне нақты кәсіби сипаттамасы бар келісім шартқа негізделген және ақы мөлшерлемесі. Жалақы мөлшерлемесі жұмысшы күшінің құнымен анықталады, яғни жұмыс күнін жақсы өндіру үшін қажетті тұтыну тауарлары, қызметтері және өмір қаражаттары. Бірақта қазір нарықтық экономикасы дамыған елдерде жалақы мөлшерлемесі өндіруші минимумынан асып кетеді және ол сол елде, салада нақты сападағы еңбек ақы деңгейінен құрылады. Одан басқа жалақы мөлшерлемесін кейде «теңестіру айырмашылығы» деп айтуға болады – төлемдер, жұмыс орнын ауыстырғандағы айырмашылақтарды көрсетеді.
Жалақының негізгі элементі – жалақы мөлшерлемесі. Бірақта ол еңбек нәтижесіне әсер ететін жұмысшылардың мүмкіншіліктерін, физикалық күнін, реакциясын ескермейді. Сондықтан жалақы құрылымында тағы бір элементті бөліп айтуға болады, ол өтпелі бөлігі. Ол еңбек қызметінің жеке нәтижесінің өзгешелігін көрсетеді: (сыйақы, қосымша төлем және т. б.) Сонымен бірге табыстың басқа түрлері де бар. Ол жұмысшының нақты кәсіпорында алатын мүмкіншілігі (материалды көмек, бағалы сыйлық, зейнетақы сақтандыруы).
Жұмысшы үшін жалақы жоғарыдағыға қосымша айтсақ отбасының жақсы тұрмысын жақсартатын табыс.
Жұмыс берушіге өз жұмысшыларына еңбекақы төлеу ол жұмысшы күшін жалдау үшін кеткен шығындар. Осыған қоса жұмыс беруші өнім бірлігіне жұмыс күшінің шығындарын қысқартуға ұмтылады.
Жалақының нақты көлемі нарықта, әлеуметтік қатынастарда, өндірісте пайда болатын әр түрлі факторларға байланысты.
Адамның өз еңбегі үшін алатын ақша саны негізінде жұмыс күшінің құны көлеміне байланысты. Әр топ үшін бұл құнның жоғарғы және төменгі деңгейі болады.
Төменгі деңгейге өмір сүруге қажетті қаражат сомасы жатады. Олар отбасын асырау, кәсіби білім алу үшін, жұмысшының жұмыс қабілетін арттыру үшін жұмсалады. Көптеген елдерде өмір сүру минимумы деген көрсеткіш саналады. Ол кедейшілік шегін – жұмысшылардың төменгі квалификациясымен жұмыс қызметін ұстайтын қаражат мөлшері.
Жоғарғы жұмысшы күші шегі ол кейбір елдерде әдет-ғұрыпты болатын әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерді өтейтін қосымша шығындар.
Жалақының мәнін атқаратын қызметтерінен айқын көре аламыз. Ол: өндірісте, тұтынуда жүзеге асырылады. Жалақының атқаратын бес қызметі болады:
1. Ұдайы өндіру
2. Ынталандырушы
3. Өлшеулік-бөлуші
4. Ресурсты-орналастырушы
5. Төлем қабілеті бар халық сұранысын қалыптастырушы
1. Ұдайы өндіру қызметті. Бұл жұмысшыларды және де олардың отбасыларының мүшелерін, жұмыс күшін, ұрпақты өндіру үшін керекті өмірлік құндылықтармен қамтамасыз етуге байланысты. Мұнда тұтынуды көтерудің экономикалық заңы іске асырылды. Бұл функция жалақыны мемлекеттік реттеу айырмашылықтарымен, жұмыс күшін ұдайы өндіруді қамтамасыз ететін заңмен бекітілген оның минималды көлеміне байланысты.
2. Ынталандырушы қызметі. Оның мәні жұмысшының еңбек үлесіне байланысты жалақы белгілеу кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметінің нәтижесіне байланысты.
3. Өлшеулік-бөлуші қызметі. Бұл қызмет өндіріс құралдарының иелері мен жұмыстар арасындағы тұтыну қорын бөлу кезіндегі еңбекті көрсетеді. Жалақы арқылы оның еңбек үлесіне сәйкес өндіріс процесінің әрбір қатысушысына тұтыну қорындағы жеке бөлігін анықтауға болады.
4. Ресурсты-орналастырушы қызметі. Бұл функцияның мәні қазіргі уақытта айтарлықтай өсуде. Оның мәні еңбек ресурстарын аймақтар, салалар, кәсіпорындар бойынша таратуды тиімді үйлестіру болып табылады. Еңбек ресурстарын шығару саласындағы мемлекеттік реттеу минимумға жақын жағдайында, ал еңбек ресурстарының қызмет етуі тек жалданушы жұмысшының еркіндігі жағдайында ғана мүмкін болса, өмір деңгейін жоғарлатуға ұмтылу оның мұқтаждығын қанағаттандыратын жұмысты табу мақсатымен түсіндіріледі.
5. Төлем қабілеті бар халық сұранысын қалыптастырушы қызметі. Бұл функцияның мәні – төлем қабілеті бар сұранысты сәйкестендіру, мұнымен сатып алушылардың ақша құралдарымен қамтамасыз етілген тұтыну көрінісінің формасы түсіндіріледі. Төлем қабілеті бар сұраныс екі негізгі факторлардың әрекетімен қалыптасатынына байланысты тұтыну мен қоғамның табысы, онда жалақы көмегімен рынок жағдайында тауарлы ұсыным мен сұранымның арасындағы керекті пропорция белгіленеді
1-сурет Жалақының атқаратын қызметтері және ұйымдастыру қағидалары арасындағы байланыс
Көбінде жалақыны ұйымдастыру қағидаларын атқаратын қызметтерімен бірге қарастырады. Себебі бұл қағидалар қызметтерін жүзеге асыру үшін бағытталған. Әр қағида бір емес бірнеше қызметтерімен байланысты. Бірақта бір басты атқаратын қызметін бөліп көрсетуге болады. Оны орындауға нақты қағида бағытталған. Бұны біз, яғни қағидалардың жалақының атқаратын қызметтерімен байланысын 1 суреттен көрдік.
1.2 Еңбек ақы нысандары мен жүйелерінің экономикалық мазмұны
Әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда еңбекке ақы төлеудің кең тараған нысандары: кесімдік және мерзімдік .
Кесімді нысаны — өнімнің әрбір данасына төлем немесе атқарылған жұмыс көлеміне байланысты. Мерзімді еңбек ақы — жұмыс істеген уақытына төлем, бірақ күнтізбелік емес, тарифтік жүйемен қарастырылған нормативтік уақыт.
Кесімді және мерзімді еңбек ақы төлеудің нысандарын жүйелі түрде көрсетуге болады.
1- кесте — Еңбек ақының жүйелері мен нысандары
Еңбекақының төлеудің жүйелері мен нысандары
Кесімді Мерзімді
Қарапайым кесімді Қарапайым мерзімді. Ол:
Кесімді сый ақылы а) Сағаттық
Жанама кесімді ә) Күндік
Аккордтық б) Апталық
Кесімді үдемелі Мерзімді сый ақылы
Жеке дара Ұжымдық
Көптеген жағдайларда еңбек ақы төлеудің керекті нысандарын таңдап алған жөн.
Кесімді еңбек ақыны қолдану жағдайлары:
— нақты жұмысшыға байланысты жұмысшының сандық көрсеткішінің болуы.
— орындалған жұмыстарды дәл есептеуге мүмкіндіктің болуы.
— нақты бөлімдегі өнім шығаруды немесе жұмыс атқаруды көбейту мүмкіндіктің болуы.
— нақты өндірістік бөлімшеде жұмысшыларды өнім көлемін немесе атқарылатын жұмыстарды көбейтуге ынталандырудың керектігі.
Кесімді еңбек ақыны қолдану төмендегі жағдайларға әкелсе, онда оны қолдану тиімсіз болады:
— өнімнің сапасының төмендеуіне;
— технологиялық режимнің бұзылуы;
— құрал-жабдықтарды күтудің төмендеуі;
— техника қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы;
— шикізат пен материалдың үлкен шығыны;
Мерзімді еңбек ақыны қолданудың жағдайлары:
— өнім шығаруды көбейту мүмкіндігінің жоқтығы;
— өндірістік процестің қатаң уақыты белгіленген;
— жұмысшының функциясы технологиялық процесті бақылауға негізделген;
— өнім шығаруды көбейту немесе сапасының төмендеуіне алып келеді;
Енді еңбек ақы формасы қолданғанда еңбек ақы қалай анықталатының қарастырайық.
Тікелей кесімді жүйеде немесе қарапайым кесімдіде еңбек өндірген өнімнің бір данасына бағамен төленеді.
Өнімнің бір данасына жеке кесімді баға былай анықталады:
Зед = Зч х Tн ; (1)
мұнда, Зч — орындалатын жұмыстың разрядына сәйкес белгіленетін сағаттық тарифтік ставка, теңге/сағ.;
Вч — берілген өнімді өндірудің сағаттық нормасы;
Tн — өнімнің бір данасына уақыт нормасы, сағ.;
Жұмысшының жалпы жалақысы кесімді бағаны өндірген өнім көлеміне көбейту арқылы анықталады.
Кесімді-сыйақылы жүйеде жұмысшы жалақысын тікелей кесімді баға және қосымша сыйақыны алады. Бірақ бұл үшін сыйақы берілетін көрсеткіштер нақты көрсетілуі керек, олар әрбір атқарушыға белгілі болуы шарт. Жұмысқа қайта алынған адамдар осы туралы хабардар болуын қадағалау керек. Және де жұмысты орындағаны және асырып орындағаны үшін сыйақы көлемі белгіленуі керек. Бұлар еңбек өнімділігі көрсеткішінің өсуі; өндіріс көлемінің ұлғаюы; техникалық дәлелденген жұмыстар нормасын орындау және нормаланған еңбек сыйымдылығының төмендеуі; өндірістік тапсырмаларды орындау; стандарттарды, нормативті-техникалық құжаттамаларды қолдану; ………..