Курстық жұмыс: Экономика | Экономикалық өсу және макроэкономикалық тепе-теңдік теориясы
Мазмұны
Кіріспе
І. Экономикалық өсу және макроэкономикалық тепе-теңдік теориясы
1.1. Экономикалық өсу, оның типтері мен факторлары.
1.2. Экономикалық өсудің теориялары.Мультипликатор және акселератор эффектісі.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
I. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖӘНЕ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ТЕОРИЯЛАРЫ.
1.1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ, ОНЫҢ ТИПТЕРІ МЕН ФАКТОРЛАРЫ.
Экономиканың өсуі көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болады. Сонымен қатар ірі әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Сондықтан экономикалық теория «экономикалық өсу» категориясына теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді.
Экономикалық өсу деп нені түсінуге болады?
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімнің сандық әрі сапалық артуы және олар екі топтан: өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарынан тұрады. Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типіне немесе ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типіне негізделе дамиды.
Ұлғайылмалы ұдайы өндірістің экстенсивті типінде өнім шығаруды екі есеге арттыру үшін, жұмыскер саны және өндірістік қорлары екі есе ұлғаюы қажет. Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс күшін және өндірістік қорларды дұрыс қолдану арқылы қол жеткізуге болады.
Практикада бұл ұлғаймалы өндірістің типтерін белгілі арақатынаста немесе бірін-бірі толықтыратын жағдайда кездестіреміз. Қазіргі жағдайда, ҒТР жағдайында, өндірістің интенсификациялануының негізінде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты: ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өнімділігінің өсуі, ресурстарды қамтамасыз ету, қаржы қайтарымының көтерілуі негізінде жүзеге асады. Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қайнар көзі қосымша құн болып табылады, осы мақсатқа ол күрделі қаржы ретінде жұмсалады. Алайда рыноктық механизмнің сұранымы мен ұсынымы жағдайында мұның өзі жеткіліксіз.
Сұранымның қалыпты жағдайында экономикалық өсудің эстенсивті типін алатын болсақ, мұнда ерекше қиындық туа қоймайды. Экономиканың жеткілікті қарқынды дамуы сол кезге дейінгі жүзеге асуы мүмкін: қоғам қай уақытта экстенсивті өсудің шектеулі кедергілерімен жолыққанша. Ондай кедергілерге табиғи ресурстардың қосымша жетіспеушілігін жатқызамыз.
Әдетте, бұл жағдайда туындаған кедергілер шаруашылық айналымына жекелеген, қолайлы емес пайдалы қазбаларды қосу есебінен жабылады және бұл ресурстарды қымбаттатады. Өңделген кезінде ресурстар құнының бірлігі нәтижесінде түпкі өнімнің өсуін өте аз береді. Оның тиімділігінің экономикадағы пропорцияналдылық өзгереді және экономикалық өсу қарқыны төмендей бастайды.
Сұранымның өсу жағдайында табиғи ресурстар мүмкіндігі мәселесі одан әрі қиындай түседі, сондықтан экономикалық өсу бірқатар факторларға байланысты:
— табиғат ресурстарының саны мен сапасына;
— еңбек ресурстарының саны мен сапасына;
— капитал ресурстарына;
— қолда бар технологияға.
Бір сөзбен айтатын болсақ, экстенсивті дамудың өзіндік экономикалық шектеулері бар. Мұндай жағдайға тап болған қоғам өзінің бағыт-бағдарын өзгертуге тырысады. Экстенсивті дамудың қайнар көзінің жойылуы қоғамды интенсивті өсу мүмкіндіктерін қарастыруға итермелейді. Демек техникалық процестің ресурсты сақтау түрлеріне бағыт-бағдар жасау: оларға –материялды сақтау және қорды сақтау жатады. Барлық қоғам масштабындағы экономикалық өсу тауар мен қызмет көрсетудің жылдық көлемінің ұлғаюымен байқалады. Сондықтан экономикалық өсуді өлшеудің көрсеткіші: жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) немесе жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) немесе ұлттық табыс (ҰТ) болып табылады. Экономикалық өсу абсолюттік және салыстырмалы мөлшерде (алдағы кезеңдегі мөлшерде пайыз ретінде) өлшенеді. Мысалы, осы жылы реалды ЖҰӨ 210 млн. теңге құраса, ал алдыңғы да – 200 млн. теңге болған, онда абсолюттік тұрғыдағы өсімі 10 млн. теңге, ал салыстырмалы тұрғыда – 5% құрайды.
Жекелеген уақыт мерзімінде экономикалық өсу жылдық өсу қарқынымен анықталады. (ЖҰӨ-нің өсу қарқынын анықтау үшін, осы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерін алдағы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерінен шегеру қажет. Сол айырманы алдыңғы жылғы нақты ЖҰӨ-ге жатқызып, нәтижесін пайыз түрінде көрсетеді).
Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) біраз жылғы қарқынды өсу сипаттамасы көрсеткіштерін тізе отырып, оның тенденциясын ашуға, яғни экономикалық дамудың бағытын анықтауға болады.
1.2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛАРЫ. МУЛЬТИПЛИКАТОР ЖӘНЕ АКСЕЛЕРАТОР ЭФФЕКТІСІ.
Өндіріс қарқынын жеделдетуге қол жеткізу үшін, Батыс елдерінің әртүрлі мектеп өкілдері экономикалық өсудің моделі мен формулаларын жасап, алдағы уақытқа болжау құрады.
Өсу формуласының негізінде кейнстік «мультипликатор» теориясы жатыр. Ол кейінірек «акселерация» теориясымен толықтырылды.
Мультипликатор – көбейткіш, ал акселератор – бұл дайын өнім сұранымының өсушілігіне деген интенсивті өсушілік коэффиценті. «Мультипликатор» ұғымын ағылшын экономисі Кан 1931-ші жылы ендірген, кейінірек Дж. М. Кейнс өзінің «Жұмыспен қамту, өсім және ақшаның жалпы теориясы» (1936) кітабында дамытты. Бұл ұғымды А. Хансен, Р. Харрод, Дж. Хикс, П. Самуэльсон, Н. Калдор және басқалар, өз еңбектерінде қарастырған. Мультипликатор қолда бар күрделі қаржының өсу кезіндегі ұлттық табыстың қанша есеге өсетіндігін көрсетеді.
Мысалы, жаңа жолды салуға күрделі қаржы 5 млн. долл. тең бөлінсе және орташа табыс жылына 1000 долл. болатын алғашқы кезде 1000 адамды жұмысқа тартады. Бірақ жолды салуға бегілі көлемде ірі жабдықтар мен материялдар қажет және оларды өндіруге жұмыс атқаратын 1200 адам керек (сол бұрынғы табыс бойынша) болды. Жұмысты атқаратындардың (жұмыстылықтың) өсуі тұтыну заттарына сұранымды өсіре түседі. Сөйтіп келесі кезекте олардың өндірісінің ұлғаюына алып келеді және 8000 адамды қосымша жұмысқа тартады.
Демек, инвистициямен тікелей байланысты 1000 жұмысшыны жалдау нәтижесінде, жұмысты атқаратындардың түпкі жиынтығын 3000 адам жалпы 15 млн. долл. Табыспен құрайды немесе алғышқыдан 3 есе көп деген сөз. Бұл жағдайда мультипликатор 3-ке тең.
Акселератордың іс-әрекеті мультипликатормен байланысты, мультипликатор инвистицияның көбеюімен ұлттық табыстың өсуін (оның өсуі еселенеді) қарастырады; акселератор (дайын өнім сұранымын өсушілігіне инвистициялық сұраным өсушілігінің коэффиценті)-ұлттық табыстың өсуі инвистицияның өсуіне алып келеді. Кезегінде бұл барлық жүйені қозғалысқа алып келеді. Экономикалық өсудің бір текті, бір бағытта іс-әрекет жасайтын мультипликациондық процесі пайда болады. Акселерация принципін алғашқы рет 1913-ші жылы француз экономисті А. Афтальон (1874-1956) және 1913 жылы американ экономисі Дж. М. Кларк ұсынған. Кейінірек ол Р. Харрод, Дж. Хикс, П. Самуэлсон еңбектерінде одан әрі дами түсті.
Мультипликоциондық эффекті масштабын болжау үшін Дж. Кейнс өндірген тәуелділіктің мәні зор: тұтыну шығындары мөлшері мен осы деңгейдегі табыс — «орташа тұтынуға бейімділік» — арасындағы тәуелділік. Орташа тұтынуға бейімділікті («АРС»-арқылы белгіленеді) экономикалық ғылымда «психологиялық фактор» ретінде түсіндіріледі себебі адамның тұтыну тауарларын сатып алу ниетін көрсетеді: Тұтынуға бейімділік дегеніміз ұлттық табыстың тұтыну бөлігінің (С) барлық ұлттық табысқа қатнасы (Ү), яғни барлық ұлттық табысқа қатнасы (Ү), яғни
тұтыну С
АРС= немесе
табыс Ү
және «шектеулі тұтынуға бейімділік» (МРС) дегеніміз кез-келген тұтынудағы өзгерудің табыстағы өзгеруіне қатынасын көрсетуі, яғни
тұтынудағы өзгеру ДС
МРС= =
табыстағы өзгеру ДҮ
Бұдан басқа да, Дж. Кейнс жинақтау мөлшері мен сол кездегі табыс деңгейі арасындағы тәуелділікті ендірді – орташа жинақтауға бейімділік және шектеулі жинақтауға бейімділік.
Жинақтауға бейімділікті бірден-бір психологиялық фактор ретінде түсінеміз және ол адамныңниетін сақтауды білдіреді. Орташа жинақтауға бейімділік (APS) ұлттық табыстың жинақтау бөлігінің (S) барлық ұлттық табысқа (Ү) қатынасымен анықталады, яғни
жинақтау S
АРС=
табыс Y
Шектеулі жинақтауға бейімділік (MPS) жинақтаудағы кез-келген өзгерудің сондағы табыс өзгеруіне қатынасын көрсетеді, яғни
жинақтаудағы өзгеру S
MPC= =
жинақтаудағы табыс ү
Осы тәуелділіктер шекті мультипликациялық эффектіні бағалауға ықпал жасайды.
Қазіргі Батыстық неокласикалық экономикалық мектебінің өкілдері экономикалық өсудің тым күрделі көп факторлы моделін ұсынады. Нақтыласақ, көп факторлы Кобба-Дуглас функциясын айтамыз.
Оның функциясы мынандай:
dQ dQ
Q= xL+ xS,
dL dK
мұндағы Q — өнім;
L – еңбек;
K – капитал;
S – жер.
1.3. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ҚАЗІРГІ ТИПТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Экономикалық өсу экономиканың бір қалыпты алға қозғалысын және оның әлеуметтік-экономикалық прогресін көрсетеді. Мұндай прогресін жалпы критериі өндіргіш күштердің даму деңгейі болып табылады. Кез келген басқа сияқты, экономикалық прогрестің қозғаушы күші қайшылық болмақ. Өндіріс пен тұтыныс арасындағы қайшылық жалпы негізгі және озбаушы күш болып табылады. Тұтыныстар өндірісті ынталандырады, екінші жағынан өндірістің өзі жаңа тұтыныстарды қалыптастырады – сөйтіп осылай қайталана береді. Бұл қайшылық — оның қоғамдық түріне тәуелсіз ең жалпылама және өндіріс дамуының табиғи негізі. Күн келген қоғамда тұтынысты дәріптеу экономикалық заңы бар. Жыл сайын тұрғындардың саны өседі және олардың тұтыныстары да өсіп отырады. Олардың тұтыныстарын қанағаттандыру үшін экономика материалдық және рухани игіліктерді қамтамасыз етуі қажет. Осыдан байқалатындығы, экономикалық жүйе осы мәселені қандай дәрежеде шеше алатын мүмкіндігіне қарай өміршеңдігі анықталады. Ескеретін жай, қоғам ресурстары шексіз емес, сондықтан экономикалық өсудің интенсивті типі қолайлылау.
Жинақтау инвистицияның негізін құрайтын жинақтау мен инвистиция ылғида бір-бірімен тең екендігін Дж. Кейнс дәлелдеген. Себебі фактілік жинақтау мен инвистициялар табыс пен тұтыныс арасындағы айырмашылыққа тең.
Егер табысты ақшалай түрде емес натуральды заттай түрде қарастырсақ, онда табыс тұтыну және өндірістік (капиталды) тауарларға бөлінеді. Өндірістік және капиталдық тауарлардың жалпы шығарылуы нақты сұраным немесе инвистициялық сұраным болып аталады.
Инвистициялық сұраным экономикалақ жүйедегі бірден-бір ең маңызды динамикалық элемент болып есптеледі. Бұл модельдің бірден-бір міндеті экономиканы тұрақты өсу жылына салу. Дж. Кейнс мынаны көрсетті: тепе-теңдік жағдайына жету (жиынтық сұраным = жиынтақ ұсыным) инфляция, жұмыссыздықпен және өндірістің төмендеуімен сайма-сай келеді.
Жиынтық сұраным – тауар мен қызмет көрсетудің әр түрлі көлемін байқататын модель. Содықтан тұтынушы, кәсіп орын және үкімет кез-келген баға деңгейінде сатып алуға дайын.
Жиынтық ұсыным – кез-келген баға деңгейіндегі нақты өндіріс көлемі деңгейін байқататын модель. (сурет -1 қараңыз).
Баға деңгейі
AD жиынтық ұсыным
жиынтық сұраным
AS Нақты өндіріс өнімі
Сурет -1. Жиынтық сұраным мен жиынтық ұсыным.
Басқаша айтар болсақ, тепе-теңдік жағдайы ресуртарда толық қолданғанды көрсетпейді. Практикада мынадай жағдайлар кездеседі: егер өндіріс деңгейі ресурстарды толық қолдануды қамтамасыз еткенде, ЖҰӨ-м тепе-теңдігін құрауға талап еткен деңгейден жоғары болып келеді. Егер ол жоғары болса, онда ЖҰӨ тепе-теңдігіне жету үшін өндіріс көлемін қысқарту қажет, яғни өндіріс ресурстарын толық қолданбау жағдайына бару керек. Бұл кезде еңбек ресурстарын да толық қолданбау қажет, сөйтіп ол жұмыссыздыққа алып барады.
Егер өндіріс деңгейі ресурстарды толық қолданғанда ЖҰӨ тепе-теңдігін құруға талап етілген деңгейден төмен болса, онда сұраным ұсынымнан тұрақты түрде артып отырады. Ұсыным ешқандай арта алмайды, себебі ресурстар толық қолданылып біткен. Ал сұранымның шексіз артық болуы инфляцияға ұрындырады.
Сөйтіп, нарықтық экономика екі оттың арасында қалады – жұмыссыздық пен инфляция ортасында. Алайда, жұмыссыздық пен инфляция арасында тұрақты кері тәуелділік қалыптасып, оны «Филиппс қисығы» түрінде бейнелейміз. Қисықтың бұлай аталуы осының авторы Жаңа Зеландия экономисінің есімімен байланысты. Енді ғана жұмыссыздық деңгейін инфляция деңгейі есебінен реттеуге мүмкіндік туды және кері құбылыста бола алады. Ондай нәрсе тек мемлекеттің араласуын талап етеді.
II. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИКЛДЫҚ ТЕОРИЯЛАРЫ.
2.1. АРТЫҚ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ЖЕТКІЛІКСІЗ ӨНДІРУ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛАРЫ.
Қазіргі нарықтық өндіріс бір қалыпты әрі үзіліссіз еместігімен айқындалады. Өндірістің экономикалық өсу және бір қалыптылығы үнемі оның құлдырауымен қосақтасып отырады. Экономикалық дағдарыс – бұл өндіріс көлемінің кенеттен төмендеуі. Өндіріс көлемі төмендеуінің алғы шартына экономикадағы қолдану диспропорциясын жатқызамыз. Осы салдар түптен келгенде өндіріс пен тұтыныстың арасындағы негізгі пропорцияны бұзады.
Қазіргі нарықтық маркентингтік зерттеулерді фирма, корпорациялардың кеңінен қолданғандығына қарамастан, олардың ешқайсысы өзінің өндірістік және комерциялық қызметінің барлық салдарынан дұрыс есептей алмайды.
Біріншіден, бұл тауар және ақша қайшылығымен байланысты екендігі белгілі. Қай кезде ақша айналым құралы ретінде қолданылғанда, онда айырбас процесі Т-А-Т екі қарама-қарсы актіге үзіледі: 1) сату Т-А болса, 2) сатып алу А-Т болмақ. Тауарды сату деген сол мезгілде басқаны сатып алуды көрсетпейді: сатып алу кештеу басқа жерде болуы мүмкін немесе тіпті болмауы да мүмкін – ақша жинау құралы ретінде қолданылады. Алайда тауар өндірушілер өзара бір-бірімен байланысты. Мысалы: егер мата өндіруші келесі тоқыма партиясын сатып алуды кейінге қалдырса, онда тоқыма өндіруші мақта өндіруші мен есептесе алмайды, ал ол мақта жинайтын комбайнды берушілермен, олар болса машина жасаушылармен (құрастырушылармен) есептесе алмайды және т.б. Бұндай жағдай дай тауар өндірісіне ғана тән болмаған, бұл құбылыс қазіргі жаппай өндірісте де кездесуі мүмкін. Сату мен сатып алу актісіндегі үзілістер де төлем төлемеу мен шынжырының туу, пайда болуының нақты мүмкіндігі жатыр және сондықтан өндіріс құлдырауы пайда болды.
Екіншіден, бағалы қағаздардың тауар нарықтарындағы бағалардың үзіліссіз тербелуі осы рыноктағы сұраным мен ұсыным арасындағы диспропорцияның тұрақты пайда болуын байқатады. Егер осы диспропорциялар ұзақ сипатқа ие болса, онда өндіріс пен тұтыныс аясында да ұсыныс масштабының сұранымға өзгеруіне алып келеді.
Үшіншіден – бұл капиталдың артық қорлануы. Өндірістің ұлғаюы төлем сұранымымен салыстырғанда тым артық болып келеді. Сондықтан да экономикалық дағдарыстарды әдетте, артық өндіру дағдарысы деп де атайды.
Экономикалық дағдарыстар динамикасы артық өндірудің XIX-шы ғасырдағы құбылысы 1825 жалдан бастап үнемі әрбір 8-11 жылдан соң пайда болып отырған: 1825, 1836, 1847, 1857, 1866, 1873, 1882, 1891.
Ал, XX-шы ғасырда дағдарыстар арасындағы мерзімі 8 жылдан 3-4
жалға дейін қысқара бастады: 1900, 1907, 1917, 1921, 1929-33, 1937-38.Әсіресе дағдарыстар арасындағы мерзімі екінші дүниежүзілік соғыстан соң айқын байқала бастады: 1945, 1953, 1957, 1960, 1969, 1973, 1979, 1981.
Экономикалық дағдарыстар аса тереңдемейтін болды, бірақ жиілеп кетті. Егер екінші дүниежүзілік соғысқа дейін экономикалық дағдарыстар негізінен Еуропа елдерінде болса, осы соғыстан соң экономикалық дағдарыстардың орталығы америка континентіне ауысты – оның ішінде АҚШ-не (кесте 1—ді қараңыз).
Кесте -1
XX-шы ғасырдағы АҚШ-ты өндірісіндегі дағдарыстар
Жылдар Өндірістің төмендеуі
Төмендеу тереңдігі, % Төмендеу ұзақтығы, айлар
1948-1949 -7,9 11
1953-1954 -8,2 13
1957-1958 -12,6 9
1960-1961 -4,8 9
1969-1970 -8,0 14
1973-1975 -14,5 17
1979-1980 -8,1 12
1981-1982 -12,4 16
Егер екінші дүниежүзілік соғысқа дейін экономикалық дағдарыстар негізгі әлемдік сипатқа ие болса, экономикалық дағдарыстың бір мемлекетте пайда болуы мұң екен, сол мезетте өзінің орбитасына әлемдіе қауымдастықтағы көптеген елдерді үйіріп алады. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң экономикалық дағдарыстар негізінен ресми сипатқа ие болда. Мәселен, XX-шы ғасырдың екінші жартысында артық өндірудің әлемдік экономикалық дағдарысы үш-ақ рет байқалды: 1958, 1974, 1980 жылдары, ал XIX-ші ғасырда бұдан 3 рет артық болды.
Артық өндіру экономикалық дағдарыстары екі қызметті атқарады: бұзушылық және сауықтырушылық. Сөйтіп өндіріс пен тұтынушы арасындағы қалыптасқан диспропорцияны бұзады. Өндіріс мына жағдайда тоқтайды: бағаның төмендеуі оның қызметінің пайдасыздығына ұрындырады және ол кәдімгі пайданы таппайды да. Шығар жол біреу ғана — өндірісті қорларды жаңалау: машина, күрделі жабдықтарды және аз шығын жұмсайтын пайдалылық әр пайда әкелетін өнім өндірісіне кірісу қажет.
«Бәсекелестік күрес, әсіресе техникадағы шешуші төңкерістер кезінде, ескі еңбек құралдарын оның табиғи өлуіне дейін жаңасымен ауыстыруды талап етеді. Катастрофа, дағдарыстардың басты қояр нәрсесі – кәсіподақтағы ірі жабдықтарды кең қоғамдық масштабта мерзімінен ертерек жаңалауға итермелейді».
Өндірістің және оның негізгі капиталының жаңару мерзімі – бұл кезекті дағдарыстың материялдық негізін жасау мерзімі болып табылады.
ТМД елдерінде 1990-ыншы жылдары экономикалық дағдарыстың жаңа типі пайда болды – бұл өндіру жетпеген дағдарыс. Себеп КСРО-ның құрылуына байланысты бұрынғы одақтас республикалардың өзара экономикалық байланстарының үзілуі және жаңадан егеменді мемлекетердің құрылуы. Сондай-ақ статистикалық мәліметтердің көрсетуінше, өндіру жетілмеген экономикалық дағдарыстың алғы шарты КСРО-ның құдырауынан ұзақ уақыт бұрын қалыптаса бастаған, дәлірек айтсақ 70-шы жылдардың өзінде басталған. Сол кездің өзінде жанар-жағар және шикізат салаларының өндірісінде құлдырау байқалған: көмір мен мұнай, темір рудасын өндіру қысқарған, шойан мен болат балқыту кеміген. Бұл экономикалық ұдайы өндіріс мүмкіндіктерінің тығырыққа тірегіндігін көрсетті және ол жағдай ауыл шаруашылығында байқалады. Нәтижесінде соңғы 20 жылда астық, картоп, көкеніс басқа да өнімді өндіру көлемі өзгеріссіз қалып, ал елдегі тұғындар саны шамамен 20%-ға артты.
Мәселенің бұлай күрделенуі әскери шығындарға қаражаттың мол жұмсалуымен және тұғындардың ақщалай табысының кәдімгідей өсуінің байланыстырылады. Тіпті 1990 жылы тұрғындардың ақшалай табысы 17%-ға өсіп, ал тауар мен қызмет көрсетуді қанағаттандырыла алмаған сұраным 238 млрд. рурльге жетті. Қазақстан жалпы одақтық халық шаруашылығы кешенімен тығыз интеграцияда болғандықтан, бұл жерде де өнеркәсіп өндірісінің қықаруының белең алды. Ақшалай табыстың өсуі, өнеркәсіп өндірісінің қысқаруы тауар мөлшерімен қамтамасыз етімейді. Қанағаттандырылмаған сұраным республикада 1990-шы жылы 16,5 млрд. рубльден асып кетті немесе 76%-дан астам жылдық тауар айналымы мен ақылы қызмет көрсету құрды. Өндірістің құдырауы соңғы 4-…….