Курстық жұмыс: Экономика | Экономикадағы банктердің мәні мен рөлі

0

Мазмұны

КIРIСПЕ ………………………………………………………………………………………………………..3
I ЭОНОМИКАДАҒЫ БАНКТЕРДIҢ МӘНІ МЕН РӨЛІ …………………………………5
1.1 Банк – экономиканың тиімді қызмет етуінің негізі ретіндегі мәні мен рөлі ……………………5
1.2 Банкттердің атқаратын негізгі қызметтері ………………………………………9
II ЕЛІМІЗДЕГІ БАНКТЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ДАМУЫНДАҒЫ ОРНЫ МЕН АТҚАРАТЫН ШАРАЛАРЫ …………….13
2.1 Ұлттық банктің экономикадағы рөлі және жүргізетін саясаттары …..
2.2 Коммерциялық банктердiң қаржы делдалы ретінде экономикадағы рөлі мен негізгі операциялары ……………………….18
ҚОРЫТЫНДЫ ……………………………………………………………………………………26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ………………………………………………………..28

КІРІСПЕ
Елiмiздiң өз егемендiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанымен , оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттiң ақша – несие саясаты және қаржы (бюджеттiк) саясат жатады.
Экономиканы ақша-неиселi реттеудi қаржы саласының басты секторы банк жүйесi iске асырады.
Банк жүйесi қазiргi заманғы экономикада екi деңгейлi болып келедi, яғни мемлекеттiң эмиссия саясатын iске асырушы Орталық банк (бiздiң елде Ұлттық банк) және екiншi деңгейдегi банктер.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттiң алтын резервтерiн сақтайды, коммерциялық бактердiң мiндеттi резервтерi банктер арасындағы шот айыру ретiнде пайдаланылады. Орталық банк ақша-несие саясаты құралдары арқылы ақша-несие саясатының мақсаттарын жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық банкi мемлекеттiк ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкi ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлемқабiлеттiлiгi мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын, бiр сөзбен айтқанда экономикалық жағымсыз құбылыс болып табылатын инфляцияға қарсы саясатты қамтамасыз етудi көздейдi.
Қазiргi таңда нарықтық экономикада банктiк жүйенiң ролi ерекше. Банктiк жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас құрылымдарының бiрi. Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық деңгейiндегi басқарумен тiкелей байланысты болады.
Осылайша банктiк жүйе елiмiзде қалыптасып, экономиканың тиiмдi қызмет етуiне ат салысатын басты секторға айналды. Оның әр түрлi саясаттары арқылы экономиканы өтпелi кезеңнен алып шығып, экономикалық өсуге бет алдық.
Қазiр елiмiзде банк жүйесi егемендiң алғаннан берi жүргiзiлiп келе жатқан нарықтық инфрақұрылым iшiнде ең тиiмдi қалыптасқан жүйе болып отырғаны белгiлi. Ал бiз осымен тоқтатпай банктiк жүйенi одан әрi дамытуымыз керек. Ол үшiн банктiк жүйе қызметтерi туралы мамандық деңгейiмiз жоғары болуы керек.
Тiптi соңғы уақытта бiздiң елiмiздiң банктiк жүйесiнен ТМД елдерi тәжiрибе де алып жүр. Бұл әрине үлкен жетiстiктерiмiздiң бiрi деп санаймын.
Мiне, сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Экономикадағы банктердің мәні мен рөлі» деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей экономикада нарықтық қатынастар өз-өзiн реттей алмайды. Оған белгiлi бiр деңгейде мемлекет әр түрлi саясаттар жүргiзу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай экономиканы реттеу саясаттарына ақша-несие және бюджеттi-салық саясаты, валюталық саясаттар жатады. Бұл қаржы нарығының саясаттарын мемлекет тарапынан банк жүйесi атқарып отырады.
Менің бұл жұмысты орындау барысындағы алдыға қойған мақсаттарыма келесілер жатады:
• Банктердің экономиканың тиімді қызмет етуіндегі мәнін, маңызын және рөлін ашып көрсету;
• Банктердің негізгі қызметтерін және олардың қоғамдық дамудағы маңызын атап өту;
• Еліміздің Ұлттық банкінің негізгі банк ретіндегі атқаратын қызметтері мен саясаттарын талдау;
• Ұлттық банктің 2003-2006 жылдардағы іске асырып отырған ақша-несие саясатының жүргізілуін қарастыру;
• Коммерциялық банктердің қаржы делдалы ретіндегі атқаратын қызметтері мен негізгі операцияларына тоқталып өту.
I ЭОНОМИКАДАҒЫ БАНКТЕРДIҢ МӘНІ МЕН РӨЛІ
1.1 Банк – экономиканың тиімді қызмет етуінің негізі ретіндегі мәні мен рөлі
Банктiк жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас құрылымдарының бiрi және несие жүйесінің негізгі буыны болып табылады. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым бөлігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектецлі серіктестіктердің, халықтың уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, оларды іс жүзіндегі капиталға айналдырады.
«Банк» деген ұғым италиян сөзі «bank» — орындық, «айырбас орны» деген ұғымды білдіреді. Тарихта банктің ең алғашқы қызметтері тұқым сату барысында ақшаны несиеге беру қызметтері жаңа эраға дейінгі ғасырларда орын алған болатын.
Банктердiң және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрдi және де олар бiр бiрiмен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық деңгейiндегi басқарумен тiкелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндiрiс үрдiсiне қатысушылардың экономикалық мүдделерiн қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретiнде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтiң үрдiсiнде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына бередi, ақшалай есеп айырысу жүргiзедi және экономика үшiн басқа да көптеген қызмет көрсетедi, соның арқасында өндiрiстiң тиiмдiлiгi мен қоғамдық өнiмнiң айналысына тiкелей ықпал етедi. (1-сызба).
Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық , ауданаралық үлестiру механизмiн қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметiн атқарады.
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметiнiң үрдiсiнде, олар ақша нарығында тауар болатын , жаңа талаптар мен мiндеттемелердi жасады. Клиенттердiң салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа мiндеттеме жасаса , ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қояды. Осы жаңа мiндеттемелер мен талаптарды жасау үрдiсi қаржылық делдалдықтың негiзiн құрайды. Несие берушi қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметiнiң қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей, мемлекеттiң Орталық банкке кең өкiлеттiк беруi екiншi деңгейлi банк жүйесiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi. Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негiзiнде экономиканы жалпы мемлекеттiк тұрақтандыру саясатын, тауар – ақша тепе-теңдiк саясатын жүргiзедi. Әр түрлi көздерден ақша капиталын жинау арқылы банктер жалпы ақша қаражаттарының “тобын” құрайды және оларды жұмыс iстеп тұратын капиталға айналдырып, әр түрлi шарттарға несиеге деген талаптарды қанағаттандыра алады. Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық-несиелiк қызмет көрсетуiн ұйымдастыру және несиелiк жүйенiң қызмет етуi шаруашылық құрылымдардың дамуында маңызды мәнге ие.
Депозит түрiнде және Займдар жеке салым-
басқа жолмен берiлетiн дар және келiсiм бо —
ақша қаражаттары. йынша берiлетiн ақ-
шалай қаражаттар
Тiкелей инвестициялар Нарықта акциялар ,
жолымен акциялар, обли- облигациялар және
гациялар және басқа да басқа да қаржы
қаржы құралдарын сатып құралдарын сату
алу арқылы ұсынылатын арқылы алынған ақша
ақша қаражаттары. қаражаттары.
1-сызба. Қаржылық – несиелiк институттардың қаржылық дедалдар ретiндегi ролi
Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналыды және барлық қаржылық капитал арқылы нақты экономиканы басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шығып , ұдайы өндiрiстiң барлық фазасының аясына ғана кiредi. Банктер шаруашылық өмiрдiң орталығы, барлық экономиканың негiзгi түйiнi болып табылады.
Банктiк жүйенiң мақсаты мен мiндеттерi негiзiнен экономиканы жалпы басқарудың мақсаттары және мiндеттерiмен бiрдей, әйтсе де банктер басқарудың кiшiгiрiм жүйелерi ретiнде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетудi қамтамасыз ететiн, өзiне тән жеке мiндеттерiн орындайды. Экономиканы басқару органы ретiндегi негiзiнен басқарудың экономикалық қатынастарын көрсетедi, ал әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен мүдде ретiнде көрiнiс алады, ал экономикалық мүдде өндiрiстiң мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын әдiстемелердi пайдаланады. Мүдденi осылай деп түсiнуден келесi туындайды, яғни оларға қажеттiлiктердi қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты.
Банктер басқарудың экономикалық әдiстерi мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлi буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттiлiктерiн әр түрлi несиелер мен немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздiксiз қызмет қызмет етуiндегi қажеттiлiгiн қанағаттандырады, қоғамдық өнiмнiң тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етедi.
Банктер есеп айырысу операцияларын жүргiзудiң тәртiбiн бұзғаны үшiн айыппұл, төлем төлеу күнiн созғаны үшiн өсiм, несиенi өз уақытында қайтармағаны үшiн жоғары пайыздарды алуымен өзiнiң мүддесiн ғана емес, сонымен қатар, бұл операциялардың басқа да қатысушыларының мүддесiн қорғайды.
Банктер өз қызметтерiн орындау кезiнде функционалдық (экономикалық), салалық (министерстволар, компания, фирмалар) және аумақтарды (жергiлiктi орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс iстейдi.
Банктерде басқарудың басқа органдарындағы жоқ ағымдағы ақпараттар болады. Ең алдымен ол қызмет көрсетiлген клиенттерiнiң негiзгi қызметi туралы ақпарат болып табылады. Шотта еңбекақы беру, жабдықтаушыларға төлем жасау, банктiк несиелердi қайтару үшiн қаражаттың болмауы тек объективтi ғана емес, сонымен бiрге, осы шарт иесiнiң жұмысының нашар екендiгiнiң күнделiктi оперативтi көрсеткiшi болып табылады. Банктiң мәлiметтерi бухалтерлiк есептi құруды күтпей-ақ кәсiпорын қызметтерiнiң көптеген маңызды факторлары туралы, әрi олардың нәтижелерiн алдын-ала көруге мүмкiндiк бередi.
Банктiк жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорлары шоғырландырылған: мемлекеттiк шаруашылық буындардың қаражаттары, халықтың жинақ ақшалары, т.б. бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуынабелсендi қатысады, яғни оларды пайдалану бойынша бақылау жүргiзедi, ақша айналымын реттейдi және сол арқылы ұдайы өндiрiстiк үрдiске әсер етедi. Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуiмен банктердiң алдында жаңа мүмкiндiктер ашылуда. Меншiктi жекешелендiру мен мемлекетсiздендiру нәтижесiнде жеке меншiк, меншiктiң ұжымдық және акционерлiк түрлерi, кооперативтiк қозғалыс кең етек алуда, меншiктiң аралас түрi негiзiнде кәсiпорындар құрылуда. Қоғамда белгiлi-бiр класқа ие комерсанттар, кәсiпкерлер пайда болуда. Нарықтық қатынастардың дамуы бойынша экономикада, қоғамда банктердiң ролi күшеюде. Олардың жұмысында әмiршiл — әкiмшiл әдiстердiң орнын – экономикалық әдiстер алмастырды. Сөйтiп экономикаға банктiк ықпал етудiң құндық құрылымдарының мағынасы арта түстi.
Бұл жағдайда экономикада инфляцияның төмендеуiнде және олардың нарықтық жолға көшуiнде , ең алдымен меншiктi жекешелендiрудегi ролi айрықша. Мұнда банктiк жүйенiң негiзгi мақсаты – несиелiк механизмдi жетiлдiру, ақша массасын реттеудегi әдiстерiн жетiлдiру, есеп айырысуды тездету және төлем тәртiбiн сақтау болып табылады. Елiмiзде 1993 жыл 15 қараша айынан бастап өзiмiздiң ұлттық валютамыз – төл теңгемiздi енгiздi. Бiрақ инфляция тоқтамады. Оның шыңы 1994 жылы шiлде айында 46% -ке жеттi. Ұлттық банкпен үкiметтiң монетарлық саясаты қабылдануының нәтижесiнде 1994 жылы тамызда 13,5%-ке, ал бүгiнгi таңда инфлиция жоспарланудан ауытқымай 5,8%-тi құрады.
Мемлекеттiк меншiкке кәсiпорындарды жекешелендiрудi қайта құруға банктiк жүйенiң ролi маңызды. Сондықтан, банктiк реформаның негiзгi мақсаттарының бiрi – экономикалық жеке секторды құру және кәсiпорынды жекешелендiруде демеушiлiк көрсету болып табылады.
Банктiк жүйенiң реформасы инвестициялық қорлардың ролiн жоғарылату және сауықтыру банктерiн құру жолымен жекешеленген кәсiпорындарды қайта құруға қолғабыс етедi. Сауықтыру банкiнiң ролi жекешелендiру бағдарламасының негiзгi мақсаты болып табылатын , тиiсiнше жекешеленген және көп шығынды кәсiпорындарға корпоративтi жетекшiлiктi күшейтуге қатысты арта түседi.
Банктiк жүйенiң реформасы жеке кәсiпорындардың банктен несие алуын қамтамасыз етедi, жеке сектордың дамуына жәрдемiн тигiзедi. Осы мерзiмде ол шығынды мемлекеттiк кәсiпорындарды қайта құруды ынталандырады.
Банк ісі – қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктердің экономикадағы маңызының ерекше екендігін олардың жүргізетін 200-ден аса қызметтері мен операцияларынан көруге болады.
1.2 Банкттердің атқаратын негізгі қызметтері
Қандай жүйе болмасын оның өзiнiң формалары мен қызметтерi болатыны анық. Жалпы банктiң атқаратын қызметтерiн төмендегiдей қарапайым жiктеуге болады:
• Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;
• Кәсiпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу;
• Ақша айналымын реттеу. Банк — әр түрлi шаруашылық субъектiлерiнiң төлем айналымы жүретiн орталық. Банк өзiнiң есеп айырысу жүйесi арқылы клиенттерiне айырбас, ақша айналымын жүргiзуге мүмкiндiк туғызады;
• Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентiне тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиттiк чектердi , вексельдердi шығарумен де несиелейдi;
• Экономикалық және қаржылық ақпарат берiп отыру ;
• Орындайтын айрықша қызметтерiне байланысты банктер: эмиссиялық және эмиссиялық емес болып екiге бөлiнедi.
Эмиссиялық банк – ол айналысқа ақша белгiлерiн эмиссиялауға (шығаруға) құқы бар, әдетте Орталық банк деп аталады. Бiздiң елде ол – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi деп аталады. Мемлекеттiң Орталық банкiнiң негiзгi мақсаты – айналысқа ақша бiрлiгiн шығару, қалған банктерге ерекше тауар – ақша белгiсiн сату және банк жүйесiнiң несие есеп, эмиссиялық жұмысын басқару болып табылады.
Мемлекеттегi басқа банктердiң барлығының да ақша белгiлерiн шығаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және т.с.с. банктер. Коммерциялық банктер клиенттерге көрсететiн қызмет түрлерiн үнемi ұлғайтып тұратын әмбебап үлгiдегi банк. Ал басқа банктер бiр-екi қызмет түрiне маманданған банктер.
Инвестициялық және инновациялық банктердiң екi түрi де ұзақ уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейiн ұзақ мерзiмге қарызға бередi. Инвестициялық банктер кәсiркерлерге қарыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеудi және оны игерудi несиелейдi.
Ипотекалық банктер – жердi және жылжымайтын мүлiктердi кепiлдiкке алып, ұзақ мерзiмге несиеге бередi. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинайды.
Бағанадан бергi банктiк жүйеде басты банк деп айтып жүрген Орталық банктiң қызметтерiне тоқталсақ. Кез-келген орталық банктiң мiндетi – ұлттың ақша өлшемiнiң төлем қабiлеттiлiгi мен валюталық курсының тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Осы мiндеттердi атқару үшiн орталық банк негiзiнен мынадай қызметтердi орындайды:
• Банкноталарды монополиялы түрде эмиссиялау;
• Ақша – несиелiк қатынастарды реттеу;
• Сыртқы экономикалық қатынастарды жүргiзу;
• Банктердiң банкiсi болу және үкiмет банкiсі қызметі;
Орталық банктiң ең алғашқы қызметi – ежелден қалыптасқан мемлекеттiң өкiлi ретiнде заңды түрде – банкнота шығару. Ол – елде төлем мiндеттемелерiн өтейтiн, халық қабылдаған жалпы ұлттық төлем құралы. Кейбiр мемлекеттерде орталық банк монополиялы түрде монеталар шығарады. Көп елдерде монетаны қаржы министрлiгi соғып, орталық банк оларды номиналымен сатып алады. Сөйтiп , орталық банк сатып алған монеталарды өзi өзi шығарған банкноталармен қосып айналымға түсiредi.
Орталық банктiң эмиссиялық монополиясы оны банк жүйесiнiң эмиссиялы-кассалық орталығына айналдырды. Себебi орталық банктiң мiндеттемелерi кез-келген коммерциялық банктiң кассалық қоры болып табылады. Өйткенi орталық банктiң басты клиентi – коммерциялық банктер, ал олар орталық банк пен экономика салалары арасында делдал ретiнде қызмет атқарады.
Орталық банктiң ақша несиелiк реттеу қызметi. Экономиканы ақша және несие айналымына әсер ету жолымен реттеу – мемлекеттiң экономикалық саясатынығ құрамдас элементi. Оның негiзгi мақсаты экономикалық өсудiң тұрақтылығы, инфляция мен жұмыссыздықтың төменгi деңгейiне және төлем балансының тепе-теңдiгiне қол жеткiзу болып табылады.
Орталық банктiң сыртқы экономикалық қызметi – ол орталық банктiң мемлекеттiң валюталық саясатын жүргiзетiн және валюталық бақылау органы болуы. Ол – ұлттық валютаның айырбастау курсын анықтау және оны реттеу; елдiң ресми алтын валюта резервiнбасқару жөнiде операциялар жүргiзу; халықаралық есеп айырысу, төлем балансын реттеу; елдегi және одан тыс жерлердегi валюталық құндылықтардың қозғалысын қадағалау; болжамдарды жасауға қатысу және төлем балансын құрастыруды ұйымдастыру жұмыстарын жүргiзу. Орталық банк дүниежүзiлiк қарыз капиталы нарығы мен алтын нарығына қатысу үшiн халықаралық келiсiмдердi дайындауға, сонымен бiрге, халықаралық және аймақтық валюта-несие ұйымдарында өз еленiң өкiлi болып қатысады.
Орталық банктiң банктердiң банкiсi қызметi – ол орталық банктiң кәсiпорындарға және халыққа тура қызметкөрсетпеуi, яғни орталық банктiң негiзгi клиентi коммерциялық банктер болуы. Бұл оның коммерциялық банктерден айырмашылығы. Орталық банк коммерциялық банктердiң кассалық қорларын жинақтау және сақтау қызметiн атқарады. Бұл қорлар банктiк мiндеттiрезерв қорлары деп аталады. Орталық банк банктердiң депозиттерi бойынша мiндеттемелерiнiң ең аз резервтерiне арақатынасын, яғни мiндеттi резервтердiң нормасын бекiтедi.
Коммерциялық банктердiң кассалық резервтерiн сақтауға қабылдаумен қатар орталық банк оларға несиелiк көмек көрсетедi. Оның несие үшiн проценттiк төлем мөлшерi нарықтық мөлшерден анағұрлым жоғары болады, сондықтан орталық банктiң несиесiн басқа несие алу мүмкiндiгi болмаған ақырғы жағдайда ғана алады.
Орталық банк банктердiң банкiсi ретiнде елдiң төлем жүйесiнiң басты реттеушi органы қызметiн атқарады. Ол банкаралық есеп айырысуды ұйымдастыру, есептесу жүйесiн реттеу және үйлестiру жұмыстарын жүргiзiп , банк жүйесiнiң есеп есеп айырысу орталығы болып табылады.
Орталық банктер қадағалау мен бақылауды негiзiнен мынадай бағытта жүргiзедi:
• Банктiк қызмет түрлерiне лицензия беру;
• Кейбiр операция түрлерiн жүргiзуге,
• Банктер берген қаржылық есептi тексеру және талдау;
• Клиенттердi ревизиялау (тексеру);
• Мiндеттi резервтердiң нормативтi және экономикалық нормативтердiң жүйесiн белгiлеу, сонымен бiрге олардың орындалуын тексеру.
Орталық банктiң үкiмет банкiсi қызметi. Үкiметтiң банкирi ретiнде орталық банк оның әрi кассирi, әрi несие берушiсi, әрi қаржылық кеңесшiсi. Орталық банкте үкiмет мен мемлекеттiк органдардың есепшоттары ашылған. Орталық банк мемлекеттi несиелеумен, мемлекеттiк заемдарды орналастыру және оларды өтеу мәселелерi бойынша, нарықтық жағдайларға байланысты мемлекеттiк бағалы қағаздарды және оның табысты уақытын таңдау жөнiнде кеңес берумен, мемлекеттiк борышты басқарумен шұғылданады.
Қорыта айтқанда, орталық банктiң атқаратын қызметтерi бiрiмен-бiрi тығыз байланысты.
Мемлекеттiң несие жүйесiнде коммерциялық банктердiң алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлi саласында жан–жақты iс-әрекет етедi. Коммерциялық банктер несие ресурстарының негiзгi бөлiгiн шоғырландырып, өз клиенттерiне нсие беру, депозит қабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу – сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетедi.
Коммерциялық банктер – нарықтық экономикада несие жүйесiнiң негiзгi буыны. Олардың мiндетi ақша айналымы мен капитал айналымының үздiксiз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсiп мекемелерiн, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруащылығына қор жинау үшiн жағдай жасау болып табылады. Қазiргi коммерциялық банктер қаржы делдалы ретiнде ақша капиталын салааралық және аймақаралық қайта бөлудi қамтамасыз етiп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Ендi коммерциялық банктер туралы кеңiрек танысу үшiн олардың қызметтерiн айтып өтейiк:
Ақша қаражатын шоғырландыру және тарту қызметi – банктердiң ежелден атқаратын қызметтерiнiң бiрi. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшасын банкке тарту, бiр жағынан, олардың иесiне процент түрiнде табыс түсiрсе, ал екiншi жағынан банктiң несие операцияларын жүргiзуiне негiз қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр түрлi экономикалық және әлеуметтiк қажеттiлiктерге жұмсалуы мүмкiн.
Коммерциялық банктердiң атқаратын келесi қызметi — несие беруде делдал болу. Бос ақша қаражат иесi мен қарыз алушының арасында тiкелей несие қатынастарының туындауына кедергi болатын жәйттер: ұсынылатын капитал ……

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!