Курстық жұмыс: Экономика | ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ
Мазмұны
КІРІСПЕ————————————————————————————-3
І. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЕСЕБІ———————————————————5
1.1 Инвестицияның мәні және оның түрлері—————————————-5
1.2 Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың инвестицияларының есебі—————————————————————-7
1.3 Инвестициялық қорлардың түрлері: ашық және жабық инвестициялық қорлар және олардың ерекшеліктері—————————————————10
ІІ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ—————————-13
2.1 Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция есебі————————————13
2.2 Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар қызметтері————————16
2.3 Инвестицияны сатып алудағы бухгалтерлік есепің маңызы——————22
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАЛДАУ————————————————————————————25
3.1 Қазақстандағы инвестициялар жағдайының көрсеткіштері——————25
3.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары————————————————————————————-28
ҚОРЫТЫНДЫ—————————————————————————33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР———————————————-35
Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың инвестицияларының есебі
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сай шаруашылық тараптарды серіктестігі, егер басқа (негізгі немесе бас) шаруашылық серіктестігінің, оның жарғылық капиталындағы үлесінің басымдылығына байланысты немесе олардың өзара келісіміне орай немесе өзгеше жолдармен, шешімдерді айқындауға мүмкіндігі болса, онда ол еншілес деп есептелінеді; тәуелді акционерлік қоғам, яғни бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар деп жасалған келісімдер нәтижесінде инвестицияланған объектіге қатысты қаржылық және өзге аспект деңгейін анықтау құқығына ие болған басқа заңды тұлғалардың ықпалына түсіп қалған серіктестерді айтамыз.
Инвестициялардың есебі 2000 «Инвестициялар» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі, оның құрамына мынадай синтетикалық шоттар кіреді: 2120 «Еншілес серіктестерге салынған инвестициялар», 2140 «Тәуелді серіктестіктерге салынған инвестициялар», 2130 «Бірлесіп – бақыланатын заңды тұлғаларға салынған инвестициялар», 2180 «Басқа инвестициялар».
2120-2180 шоттар активті және күрделі болып келеді. Талдамалы (аналитикалық) есеп инвестицияланған кәсіпорындар мен инвестициялар түрлері бойынша жүргізіледі.
Инвестицияларға есеп жүргізілгенде төмендегідей әдістер қолданылады:
Үлестік қатысу әдісі — инвестицияларды иеленген мезетте сатып алу құнымен көрсетіп, кейінірек тәуелді шаруашылық серіктестерінің таза активтеріндегі өзгерістерде инвестордың үлесі мойындалуына байланысты олардың құнының өсуін (кемуі) есепке алу әдісі. Тәуелді шаруашылық серіктестестігінің таза кірісінде (шығынында) инвестор үлесінің өзгеруі қаржылық – шаруашылық қызмет туралы есепке табысқа жатқызылады.
Үлестік қатысу әдісін қолданған кезде инвестициялардың баланстық құны тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің таза табысындағы инвестордың үлесін сараптағандағы өсуі (кемуі) табысқа жатқызады.
Еншілес ұйымдардың жинақталған таза табысының жалпы сомасынан тиісті дивидендтер инвестициялардың баланстық құнын кемітеді.
Еншілес ұйымдардың шаруашылық серіктестігінің активтерінің қайта бағалануына байланысты инвестордың үлесінің өзгеруі, инвестициялардың баланстық құнын көтереді (кемітеді) және меншікті капиталдың бөлімшесінде көрсетеді.
Инвестор өзінің еншілес ұйымдардың таза табысында үлестік қатысын қайта жаңғыртуға, тек таза табыс үлесі, таза шығындар үлесіне тең болғанда ғана мүмкіндік алады.
Құн әдісі — инвестицияларды иелену мезетінде сатып алу құнымен көрсетілетін есеп әдісі. Инвестордың қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте, инвестиция табысы деп, тәуелді шаруашылық серіктестігінің, жинақталған жалпы таза табысының сомасынан тиісті дивидендтердің мөлшері алынғаннан кейін барып мойындалады. Инвестицияланған кәсіпорын өте қатаң, ұзақ мерзімді, шектеулі жағдайларда жұмыс істеп, инвесторға табыс бере алу қабілеті төмен болса, инвестицияға иеліктің құны сатып алу құнымен есептеледі. Мұндай шектеулерді тудыратын төмендегідей себептер: реттеуші органның бақылауында болса, кәсіпорын дивидендтері бөлу аспектісіне араласуы мүмкін; кәсіпорын өз қызметін, дивидендтерді (табыстарды) шетелге аударуға шек қойылған немесе валюта бағасы жедел кеміп кететін елде жүргізілуі мүмкін.
Еншілес ұйымдардың шаруашылық серіктестігіне инвестициялар оларды болашақта сату мақсатында алғаннан басқа жағдайда үлестік қатысу әдісі бойынша біріктірілген қаржылық есепте есептеледі; тәуелді шаруашылық серіктестігі инвесторға қаражат беру қабілетін төмендететін қатаң ұзақ мерзімді жағдайда жұмыс істейді. Бұл жағдайда олар құн әдісімен есептелуі тиіс.
Бөлек қаржылық есеп-беруді жүргізуші инвестор, еншілес ұйымдарға біріктірілген қаржылық есеп – беруді жасаған кезде, тек өзінің инвестициясы туралы мәліметті ғана беруі керек. Біріктірілген қаржылық есеп-беруді жасамайтын инвестордың есебі, жеке қаржылық есеп беруден тұрғанымен, ол мынадай жайларды ескереді: үлестік қатысу әдісімен немесе құн әдісімен (тәуелді шаруашылық серіктестігі қатал ұзақ мерзімді шектеулер жағдайында қызмет істесе немесе инвестициялар жақын болашақта сату мақсатында алынса); сатып алу құнымен немесе қайта бағалау құнымен немесе ұзақ мерзімді инвестицияларды есепке алудың қабылданған есеп саясатына сай сатып алу мен ағымдағы құнының ең төменгі бағасы бойынша есептеледі.
1.3 Инвестициялық қорлардың түрлері: ашық және жабық инвестициялық қорлар және олардың ерекшеліктері
Қорды басқару және қызмет етуге келесі ұйымдар қатысады:
• компанияны басқарушылар қор мүліктерін басқарады, инвестициялық шешімдер қабылдайды, инвестицияларға әкімшілік қызмет етеді; бас-қарушылар сату процесін ұйымдастыру үшін (кері сатып алу) орналастыру бойынша агенттерді қатыстырады;
• қор активтерін сақтаушы (қор типтеріне және елге (мемлекетке) байланысты — қамқоршы депозитаршы, кастодиан) мүлкіне қатысты қор бойынша компанияларды басқарушылардың іс-әрекеттерінің заңдылық функцияларын бақылауды жүзеге асыра отырып, қор мүліктерінің есебін жүргізеді және сақтайды; қор активтерінің номиналды ұстаушысы болып табылады, қор мүлкімен басқарушының нұсқау ережесі бойынша мәмілелер жасалады;
• тіркеуші — қордың бағалы қағаздар иелерінің реестрін жүргізеді, кейде тіркеу функцияларын компанияның басқарушысы жүзеге асырады;
• аудитор — есептің дұрыс жүргізілуін және өздеріне сәйкес елдегі (мемлекеттегі) сектордың есеп беруін тексереді, бірақ олардың мақсаты барлық жерде бірдей.
Қорларды негізгі екі параметр бойынша ажыратады — заңды және операционды құрылым. Қорлар құрылымы бойынша корпаративті, трасталық және келісім-шартты болып бөлінеді.
Корпоративті қорлар. Ең кең тараған Қорлардың типі — корпоративті, ол акционерлік қоғам тәріздес құралады, басқа компаниялардың облигацияларын өздерінің акционерлерінің атынан инвестициялауды жузеге асырады; бұл инвестициялардан түскен табыс, қор акционерлерінің арасында дивидендтер түрінде бөлінеді ал олардың акция пакеттерінің құны қор инвестициясының құнындағы өзгерістерге сәйкес өседі (немесе төмендейді). Корпоративті қордың иесі акционерлер болып табылады, оны компанияның директоры олардың атынан басқарады. Қордың инвестициялық портфельдік басқаруын компанияның тәуелсіз басқарушысы жүзеге асырады.
Трасталық қорлар. Трасталық қордың қызметінің негізінде қор активтерінің және қордың жариялаған қызметінің мақсаттарының аман сақталуына жауап беретін, қамқоршысы мен қордың басқарушы компаниясы арасындағы нақты бөлініс жатыр. Қамқоршымен келісім-шарт бойынша басқарушы компания қордың инвестициялық портфелін басқарады, тәртіп бойынша, әкімшілік процедураларды жүзеге асырады. Мұндай функциялардың бөлінісі қор мен оның инвесторлары үшін қорға жетекшілік етудің қосымша қорғау құралы болып табылады. Трасталық типті қорлар Ұлыбританияда және Ұлыбританияның бұрынғы колониялары мен Австралия сияқты, британдық жалпы құқығы бар елдерге кеңінен тараған; бұл нысан сирек болса да Америка Құрама Штаттарында пайдаланылады.
Келісім-шарттық қорлар. Кейбір елдердің заңдары бойынша ұжымдық активтерді басқару үшін трасталарды жасауға рұқсат етілмейді, бұл мемлекеттерде (негізінен романо-германдық құқық немесе азаматтық кодекс жүйесімен) ол үшін қордың келісім-шарттық нысаны жасалынған. Мұндай нысан кезінде қор активтерінің заңды иеленушісі болып не басқарушы, не ұйымдасқан инвесторлар болып табылады. Активтердің сақталуына жауап беретін көбінесе банк немесе басқа кредиттік институт, еншілес құрылымы немесе оның бөлімшесі басқарушы болып табылады. Активтерді сақтау функциясымен қордың басқару функцияларын бөлу кредиттік институттардың жоғары репутациясымен және реттеушілер жағынан олардың үстінен қатаң бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Инвесторлардың өздері — акционерлер емес, дивидендтермен және капиталдың өсуін алуға құқықтары бар қатысушылар, бірақ дауыс беру құқықтары жоқ. Олар пайдалана алатын жалғыз құқық — ол өздерінің активтерін сату құқығы, егер оларға ол қорды басқару ұнамаса, одан шығып кете алады. Қорлардың бұл типі Германия және Францияда қолданылады. Операциондық көзқарас бойынша жабық және ашық типтегі қорлар болып бөлінеді.
Жабық типтегі қорлар. Мұнда акциялардың нақты белгіленген саны болады, акционерлік қоғамдағы сияқты акциялардың саны, заңдасқан нысанда құрылады. Сондықтан, қордың акцияларын қаңдай да бір тұлға алатын болса, олардың осыған сәйкес саны басқа тұлға арқылы сатылуы керек және бұл операция қор биржасында акцияларды жай қолдан-қолға беру ретінде жүргізіледі. Қосымша акцияларды жасау және шығару немесе акцияларды жою үшін сатып алу, әдетте акционерлердің келісімін талап етеді.
Ашық типтегі қорлар нақтылы белгіленген капиталы бар жабық типтегі қорға қарағанда олардың капиталы өзгермелі болады. Акциялар сатушылар және сатып алушыларға байланысты әрдайым шығарылып және жойылып отырады. Осындай тәсілмен қор капиталының өсуі немесе төмендеуіне акционерлер жиналысын ұйымдастырмай-ақ уақытымен азая немесе кеңейе алады. Ашық типтегі қордың акцияларын қорлардан сатып алуға болады немесе тұрақты түрде көбінесе күн сайын сатуға ұсына алады.
Инвестициялық қорлар қызметісіне қатысы бар ең негізгі көрсеткіштердің бірі болып қордың барлық таза активтері — қордың нарықтық бағамен бағаланған барлық активтерінің белгіленген процедуралары мең қордың барлық міндеттемелері болып табылады. Қор-дың бір акциясына (жарнапұл) есептегендегі таза активтердің құнын акция құны (жарнапұл) деп атау қабылданған. Бұл көрсеткіштер келесі түрде есептелінеді:
Қордың таза активтерінің құны (ТАҚ) = Қордың барлық активтері — Қордың барлық міндеттемелері; Акция құны (жарнапұл) = Таза активтер құны/ айналымдағы акциялар (жарнапұл) саны
ІІ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ
2.1 Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция есебі
Қаржылық инвестициялардың есебі 1100 «Қаржылық инвестициялар» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Оған 2040 «Акциялар», 2020 «Облигациялар» және 2010 «Басқа қаржылық инвестициялар» шоттары кіреді.
2040-2010 шоттары активті, күрделі, негізгі болып табылады. Осы шоттардың дебетіне қаржылық салымдардың айдың басы мен аяғындағы қалдықтары, инвестициялардың ұлғаю операциялары; кредит бойынша қаржылық инвестициялардың кему операциялары жазылады.
Қаржылық инвестициялардың шоттары бойынша талдамалы есеп инвестициялардың түрлері және осы инвестициялар салынған объектілер бойынша жүреді.
Қаржылық инвестициялар сатып алу кезінде ол оның сатып алынған бағасымен бағаланады, ал сатып алынған бағаға алумен байланысты тікелей шығыстар, яғни брокерлік марапаттауы, банктің көрсеткен қызметі үшін төленетін пайыздары, қор биржасының комиссиондықтөлемдері кіреді.
Құнды қағаздар инвестициясының өтелу құны мен оның сатып алынған құнының арасындағы айырмашылықтары (сатып алу кезінде пайда болған жеңілдік немесе сыйақы) инвестор өзі иеленген уақыт ішінде амортизацияланады.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста: не ағымдағы құнымен, не сатып алу құнымен немесе ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен есептелінеді.
Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы (нарықтық) құнымен есептелінсе, онда тұрақты түрде кезеңдік өзгерістерін ескеріп отыруға тура келеді, мысалға, қор биржасындағы инвестицияның котировкасы сияқты.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция өссе, онда ол табыс болып танылады, ал керісінше өзгерсе, онда ол шығыс болып танылады.
Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы немесе сатып алу құнының ең теменгі бағасымен алынса, онда оның баланстық құнын ……..