Курстық жұмыс: Экономика | Инвестицияларды алу және бағалау

0

Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………………………………….3-4
Ι.Инвестициялардың анықталуы мен жіктелуі.
1.1.Инвестициялар туралы түсінік және оның түрлері………….5-8
1.2. Инвестицияларды бағалау әдістері………………………………9-14
ΙΙ. Инвестициялардың есебі.
2.1.Қаржылық инвестициялар есебі…………………………………..15-22
2.2.Туынды мекемелерге жасалатын инвестициялар есебі….23-25
Қорытынды………………………………………………………………………..26-27
Қолданылған әдебиеттер тізімі……………………………………………28

I. Инвестициялардың анықталуы мен жіктелуі.
1.1.Инвестициялар туралы түсінік және оның түрлері.
Инвестициялар деп-өнеркәсіпке,құрылысқа,ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай,сондай-ақ ақша қаражаты түрінде,яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын жиынтығын айтады.Инвестициялық қызметтің мақсаты-түпкі нәтижесінде кәсіпкерлік табыс немесе пайыз алу.
Жалпылай алғанда, инвестиция дегеніміз-бүгінгі күні қолда бар ақшаны,мүлікті және басқа да заттарды,яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап,сол арқылы келешекте,яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді.Оның біріншісі-уақыт,ал екіншісі-тәуекелділік.Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып,елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды.Осы айтылғандар мен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың;ғылыми техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның,яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады.Басқаша айтсақ,инвестиция көзі-жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады.Шаруашылық субъектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен,өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды.
1)Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.
Нақтылық инвестиция дегеніміз-шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық,өндірістік қорлардың,яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне,дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестиция дегеніміз-акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы (құнды) қағаздар да саналады.Барлық құнды қағаздар екі топқа бөлінеді — ақшалай және күрделі (капиталды) болып.Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді.Бұл борыштық бағалы қағаздар.Оларға: вексельдер,депозиттер және сертификаттар және т.б жатады.Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдық құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады.Ақшалай бағалы қағаздар әдетте,қысқа мерзімге ( 1 жылдан аспайтын уақытқа ) беріледі.
Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін,оның капиталын (қорын ) құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады.
Бағалы қағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін куәландыру үшін былайша бөлінеді:
 бағалы қағазды ұсынушыға-құқықтарын орындау үшін,бірақ олардың иелерін теңестіруді (идентификациялауды) талап етпейді,ұстаушылардың атына тіркеу жасалынбайды.Ұсынушы бағалы қағазды куәландыратын құқығын басқа адамға қарапайым жолмен қолына береді.;
 атаулы бағалы қағаздар-белгілі бір адамның атына жазылады.бағалы қағаздарда куәландырылған құқықтары ондағы қойылған талапты жеңілдету үшін белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі.Атаулы бағалы қағаздар бойынша құқық беретін адам соған келетін талаптардың орындалуы емес,ондағы тиесілі талаптың заңды еместігіне жауап береді;
 ордерлік бағалы қағаз-ол ең алғашында иемденушінің атына оның бұйрығы бойынша жазылады.Бұл онда көрсетілген құқықтар қағазға түсірілген тәртіпке байланысты ауыспалылығын сақтайтындай етіп-индоссаментке жазып береді.Индоссамент өзінде құқықтың болғанына ғана емес,сонымен бірге,оның жүзеге асуына да жауап береді.Бағалы қағаздардан алынатын табысқа қатысты оларды борыштық және инвестициялық етіп бөлуге болады.
Борыштық бағалы қағаздар пайыздарды төлеуді және негізгі қарыздың негізгі сомасын графикке сәйкес жабуды эмитент өз міндетіне алады.Бұл кімнің эмитенті екендігіне қарамастан,оған барлық облигациялар, векселдер жатады.
Инвестициялық бағалы қағаздар эмитент активтерінің бір бөлігін иемденуге құқық береді,оларға эмитенттердің барлық типтеріндегі акциялары тұтастай жатады.
Бағалы қағаздар эмитенттік сипаты бойынша:мемлекеттік (Үкімет пен Ұлттық Банктің борышкерлік міндеттемелері),муниципалдық (жергілікті атқару органдарының борышкерлік міндеттемелері ) және корпоративтік (шаруашылық жүргізуші субъектілердің жарғылық капиталын қалыптастыру немесе қаржылық-шаруашылық қызметін жүргізу үшін қажет қаражатты тарту мақсатымен қолданыстағы заңға сәйкес шығарылатын болып бөлінеді) болып бөлінеді.
Мәмілеге байланысты шығарылатын бағалы қағаздар:фондылық (акциялал,облигациялар) және саудалық (коммерциялық векселдер,чектер,коносаменттер,кепілдік міндеттемелер,т.б) болып бөлінеді.
Фондылық бағалы қағаздар көптеп шығарылуымен (эмиссиясымен) ерекшеленеді және олар қор биржаларында айналысқа түседі.
Саудалық бағалы қағаздар коммерциялық бағытқа ие:олар негізінен сауда операциялары бойынша есеп айырысуға және тауарларды орын алмастыру процесіне қызмет көрсетуге арналған.

Инвестицияның бұл жоғарыда айтылған екі түрін бірімен-бірі бәсекелесуші емес,керісінше оларды бірін-бірі толықтыратындар деп түсінген дұрыс.Бұған,яғни бұл айтқанымызды нақтылай түсу үшін мынадай мысалдай қарастырайық.
Қандай да бір кәсіпкер құрылысты салу үшін қаржы керек етеді.Мұндай жағдайда құрылыс нақты инвестицияның объектісі болып табылады,кәсіпкер бұл құрылысты қаржыландыру үшін өзінің акцияларын шығарып,басқа біреулерге сатуы мүмкін.Сөйтіп бұл мысалда кәсіпкердің құрылысқа салған салымы нақты инвестиция,ал қатысушының акцияны сатып алуға жұмсаған шығыны қаржылық инвестиция болып саналады.Жоғарыда аталған инвестицияның қай түрінің болмасын алдына қойған мақсаты салым салған саланы,өндірісті дамыту,ондағы өндірілетін өнімдердің дайындалатын бұйымдардың сапасын барынша жақсарту,яғни оларды стандартқа сай етіп сыртқы рынокта сатып алатын дәрежеге жеткізу,өндіріске жаңа техникалар мен технологияларды қолдану арқылы табыс табу болып табылады.
2)Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:
• қысқа мерзімдік — иелену мерзімі 1 жылға дейін;
• ұзақ мерзімдік — иелену мезімі 1 жылдан артық;
• мерзімсіз инвестициялар.
Ұзақ мерзімді және мерзімсіз инвестициялар-бұл қосымша пайда алу мақсатында немесе құнды қағаздары сатып алынатын компанияға ықпал етуге ие болу мақсатында немесе бұл салада өз операцияларын жүргізетін ұйыммен салыстырғанда қаражаттың мұндай жұмсалымы әлдеқайда пайдалы болғандықтан қаражатты орналастыру.Жылжымайтын мүліктерге салынған инвестицияларды иеленуші субъектілер ұзақ мерзімдік ретінде есептейді.
3) Инвестиция мыналарға бөлінеді:
• Үлестік-жай және артықшылықты акциялар;
• Борышқорлық-облигациялар,қазыналық вексель,депозиттік сертификаттар және т.б.
4)Шығу тегі бойынша — бірінші,екінші;
5)Бөлу формасы бойынша — құжаттық,құжатсыз.
6)Ұлттық тегі бойынша — отандық,шетелдік.
7)Қолдану түрі бойынша — инвестициялық(капиталдық), инвестициялық емес;
8)Иемдену қатары бойынша — жеке,жалпы;
9)Шығарылым формасы бойынша — эмиссиондық,эмиссиондық емес.
10)Меншік формасы бойынша — мемлекеттік,корпоративтік;
11) Нарықтағы айналыс ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздары – нарықтық (айналыстағы) және нарықтық емес (айналыстағы емес) етіп бөлу мүмкін.
• Нарықтағы болатын бағалы қағаздар биржалық немесе биржалық емес айналым шеңберінде нарықта екінші рет еркін сатылуы және сатып алынуы мүмкін.Олар сатылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын ұсынылмайды.
• Нарықтық емес бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға еркін көше алмайды,яғни екінші рет айналысқа түспейді.Бұндай бағалы қағаздар қатарына оларды шығару кезінде сатылмайды деген шарт қойылса,онда оларды тек эмитенттің өзі ғана сатып алады.Сондай-ақ айналысы шектеулі бағалы қағаздар да бөлініп көрсетілуі мүмкін.Мысалға,жабық АҚ акциялары сатып алу және сату мәміле бойынша шектелген акциялардың қатарына жатады.
12)Тәуекел деңгейі бойынша — аз тәуекелдікпен,мүмкін үлкен тәуекелділікпен;
13)Қолма-қол табыс бойынша — табыстық,табыссыз;
14)Қаражатты жұмсау формасы бойынша:
• борыштық-құнды қағаздарға немесе міндеттердегі инвестиция;
• иелі үлестік — нарықты субъектінің капиталындағы үлестер немесе уақытша шектеулермен байланысы жоқ (еншілес және тәуелді компаниялардағы инвестиция ) мүліктегі үлес.
• жеке жобалар.
15)Экономикалық мәні бойынша — мүліктік,міндеттік.
16)Халықаралық және отандық стандарт бойынша бухгалтерлік есепте инвестиция мыналарға бөлінеді:
а.Қаржылық(БЕС (СБУ) 8 «Қаржылық инвестиция есебі » және оған әдістемелік ұсыныс).
ә.Еншілес,тәуелді және бірігіп бақылау арқылы шаруашылық субъектілердегі инвестициялар ( БЕС 13 «Шоғырландырмалы қаржылық есеп және еншілес серіктестіктегі инвестиция есебі» және әдістемелік ұсыныс; БЕС 14 «Тәуелді шаруашылық серіктестігіндегі инвестиция есебі» және оған әдістемелік ұсыныс; БЕС 15 «Біріккен қызметті қатысу үлесінің қаржылық есепте көрініс табуы» және оған әдістемелік ұсыныс).
Бұған қоса, инвестиция мыналарға бөлінеді:
• Тікелей — басқа субъектілердің жарғылық капиталындағы инвестициялар;
• Портфелдік — субъект иелігіндегі құнды қағаздар жиынтығы.
Сонымен,инвестициялар деп-өнеркәсіптің,құрылыстың,ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып,жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз.
1.2.Инвестицияларды бағалау әдістері.
Инвестицияларды есепке алу Бухгалтерлік есептің № 14 «Тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің инвестициялық есебі » стандарты арқылы реттеледі.
Заңды тұлғалар басқа кәсіпорындардың пакет акциясын,қатысу үлесін алу арқылы қаржылық салымдарын жүзеге асыруы мүмкін.Салынған қаржылық салымдардың деңгейіне байланысты олар : не бақылаушы немесе субъектінің басқа да саясатын едәуір әсер ететін болып белгіленеді.
Егер де инвестордың қатысу үлесі 50% және одан көп немесе 50% және одан да көп дауыс құқы бар акциясы болса,онда ол қаржыландырылатын объекті бойынша оның бақылауында болатын және еншілес серіктестігі болып табылады.
Егер де инвестордың қатысу үлесі 20%-тен астам болса оның дауыс беруге құы бар акциясы 50%-тен аспаса,онда ол қаржыландырылатын объекті бойынша оның едәуір әсер етуінде болатын және тәуелді серіктестік болып табылады .
Егер де инвестордың қатысу үлесі 20% акциясынан аспаса,онда ол бірлесіп бақыланатын заңды тұлға болып табылады.Инвестицияның есебі 1100 «Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар»,2000 «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар»,2200 «Үлестік қатысу әдісі бойынша есептелінетін инвестициялар»,2300 «Мүліктерге салынатын инвестициялар» ( ескі шот бойынша 14 «Инвестициялар» бөлімшесінің құрамындағы синтетикалық шоттарда жүргізілген:141 «Еншілес серіктестіктерге салынған инвестициялар»,142 «Тәуелді серіктестіктерге салынған инвестициялар»,143 «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға салынған инвестициялар»,144 «Басқа инвестициялар») бөлімшелерінің шоттарында жүргізіледі.
Тәуелді серіктестік инвесторлардың едәуір ықпал етуінде болады және ол еншілес шаруашылық серіктестігі де, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғасы да бола алмайды.Субъектінің қызметіне инвестор едәуір ықпал етеді,оның тек 20%-тен астам ғана дауыс беруші акциясы болса да.
Инвестицияларға есеп жүргізілгенде төмендегідей әдістер қолданылады:
1. Үлестік қатысу әдісі — инвестицияларды иеленген мезетте сатып алу құнымен көрсетіп,кейінірек тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің таза активтеріндегі өзгерістерде инвестордың үлесі мойындалуына байланысты олардың құнының өсуін (кемуі) есепке алу әдісі.Тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза кірісінде (шығынында) инвестор үлесінің өзгеруі қаржылық-шарушылық қызмет туралы есепте табысқа (шығынға) жатқызылады.
Үлестік қатысу әдісін қолданған кезде инвестициялардың баланстық құны тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің таза табысында (шығынындағы) инвестордың үлесін сараптағанда өсуі /кемуі/ табысқа /шығынға/ апарылады. Тәуелді шаруашылық серіктестігінің жинақталған таза табысының жалпы сомасынан тиісті дивиденттер инвестициялардың баланстық құнын кемітеді.
Егер де инвестордың салған инвестициясының баланстық құны тәуелді шаруашылық серіктестіктеріндегі алған зиянына тең немесе артық болса,онда бұндай зияндар келешекте есепке алынбайды.Инвестицияның нольдік құны бойынша көрініс табады.
Тәуелді шаруашылық серіктестігінің активтерінің қайта бағалануына байланысты инвестордың үлесінің өзгеруі,инвестициялардың баланстық құнын көтереді /кемітеді/ және меншікті капиталдың бөлімшесінде көрсетіледі.
Инвестор өзінің тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза табысында үлестік қатысын қайта жаңғырту үшін таза табыс пен таза шығындар тең болуы керек.
Егер де тәуелді серіктестіктің активтері қайта бағаласа,онда олардың баланстық құны да өзгереді.Баланстық құнның өсуі меншік капиталындағы төленбеген қосымша капиталда көрініс табады,ал егер де ол азайса,онда сол төленбеген қосымша капиталды азайтады.
Мысал. «Шығыс» ААҚ қоғамы «Темір» ААҚ-ның 33% және «Цемент » ААҚ-ның 28% акциясын сатып алған,сол сатып алынған акцияға сәйкес олардың құны: 3110 мың теңге және 4600 мың теңге құраған.
«Шығыс» ААҚ сатып алғаннан кейін,бір жылдан соң, «Темір» ААҚ өзінің кейбір негізгі құралдарына 300 мың теңгеге қайта бағалауды жүргізген.Бірінші жылдың қорытындысы бойынша «Темір» ААҚ 9900 мың теңге зиян шексе,ал «Цемент» ААҚ 5000 таза табыс тауып,2000 теңге деңгейінде дивидендті жария еткен.Ал келесі жылы «Темір» ААҚ кейбір негізгі құралдарының бағасын 410 мың теңгеге түсірген,ал «Цемент» ААҚ керісінше,500 мың теңгеге көтерген.
Екінші жылдың қорытындысы бойынша «Темір» ААҚ 1000 теңге таза табыс тауып,200 мың теңгеге дивидендті жария еткен,ал «Цемент» ААҚ-1500 мың теңге деңгейінде зиян шеккен.
Енді осы жасалған операциялармен байланысты шоттар корреспонденциясын қарастырып көрейік.
№ Шаруашылық операцияларының мазмұны Сомасы.теңге Дебет Кредит
1 2 3 4 5
1 Заңды тұлғалардан оларда қалыптасқан (немесе олардан алынған) баға бойынша акциялары сатып алды:
— «Темір» ААҚ — 33% айналыстағы акциясы;
— «Цемент» АҚҚ — 28
Жиыны 7 710 000
Бірінші жылы
2 «Темір» ААҚ өзінің кейбір негізгі құралдарының объектілерін қайта бағалаудың нәтижесінде үлестік қатысу сомасы артып,инвестицияның құны өскен. «Шығыс» ААҚ үлестік қатысу сомасын қайта бағаланған сомаға өсіп,ол 99 000 теңге құраған(300 000
3 Бірінші жылдың нәтижесі бойынша:
-инвестицияның құнының өсуімен бірге «Шығыс» ААҚ үлесі де өскен «Цемент» ААҚ үлесі 1 400 000теңге құраған (5 000 000*28%)
-«Темір» ААҚ зиян шекккендіктен, «Шығыс» ААҚ инвестициясының құны да азайған. «Темір» ААҚ шеккен зияннан «Шығыс» ААҚ-на тиесілі 3 267 000(9 900 000*33%) теңге құраған.(Шеккен зиянның үлесі инвестицияның құнынан асып түскендіктен, инвестицияның құнын нольдік деңгейге дейін жеткізіп,ал қалған 58 000 теңге сомасы баланстан тыс шотта есепке алынған [3
-«Цемент» ААҚ-нан «Шығыс» ААҚ-на тиесілі дивиденд сомасына инвестиция құны азайды, «Шығыс» ААҚ-ның алынатын дивиденд сомасы 560 000 теңге құраған (2
4 Бірінші жылдың нәтижесі бойынша «Шығыс» ААҚ өз балансында, «Цемент» ААҚ 5 440 000 теңге сомасындағы инвестициясын ғана көрсеткен (4 600 000+1 400 000-560
Екінші жыл
5 «Шығыс» ААҚ инвестициясының құны азайған,өйткені «Темір» ААҚ өзінің кейбір негізгі құралдарының құнын арзандатқан.
-бұрындары жасалған қайта бағаланған сомасының шегінде
-бұрындары артық жасалған соманың шегінде 36 000 теңге (135
6 «Цемент» ААҚ өзінің құралдарын қайта нәтижесінде , «Шығыс» ААҚ-ның қатысу үлестік құны,яғни инвестициясының құны өскен
7 Екінші жылдың нәтижесі бойынша:
-«Темір» ААҚ таза табысында «Шығыс» ААҚ қатысу үлесі өсуіне байланысты инвестициясының құны өскен.Қатысу үлесі 330 000 теңге құраған (1 000 000*33%).Өткен кезеңде зиян шеккендіктен,осы ағымдағы кезеңдегі инвестициясының өскен құны 001-баланстан тыс шотта есепке алынған,сол зиян сомасы ескерілген соң барып,өскен құны көрсетіледі [272 000 (330 000-58 000)].
— «Темір» ААҚ-нан «Шығыс» ААҚ-ның алатын дивиденд сомасына инвестицияның құны азайтылды 660 000 теңге (200 000*33%)
-«Цемент» ААҚ зиян шеккендіктен ондағы «Шығыс» ААҚ үлесі азаюына байланысты инвестицияның құны азайтылды.
Екінші жылдың нәтижесі бойынша «Шығыс» ААҚ балансында 5 160 000 теңге «Цемент» ААҚ-ның және 70 700 теңге «Темір» ААҚ-ның инвестициясы көрініс тапты.Нәтижесінде ол 5 230 700 теңге құрады.

2. Құн әдісі — инвестицияларды иелену мезетінде сатып алу құнымен көрсетілетін есеп әдісі.Инвестордың қаржылық-шарушылық қызметінің нәтижелері туралы есепте,инвестиция табысы деп,тәуелді шаруашылық серіктестігінің,жинақталған жалпы табысының сомасынан тиісті дивидендтердің мөлшері алынғаннан кейін барып мойындалады.
Инвестицияланған кәсіпорын өте қатаң,ұзақ мерзімді ,шектеулі жағдайларда жұмыс істеп,инвесторға табыс бере алу қабілеті төмен болса және инвестицияны жақын арада сату көзделсе,инвестицияға …….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!