Курстық жұмыс: Экономика | ИНВЕСТИЦИЯ ӨНДІРІСТІК ҚОРЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗІ
философиялық мәселелері
Әлемдік қаржылық дағдарыс көп жағдайда әлемде қалыптасқан экономикалық қатынастар шеңберінде қарастырылып, соның кемшіліктері ретінде қарастырылып жүр. Бұл мүмкін дұрыста болар, бірақ атам қазақ айтқандай «жұт жеті ағайынды» деген қағиданы ескеріп, дағдарыс феноменіне кеңірек көз салар болсақ, оның бірнеше себептері бар екенін байқаймыз. Солардың бірі адамзат баласының рухани құндылықтарымен байланыстылығы, іс-әрекеттің құндылықтарды қалауы мен таңдауы, олардың қоғам, өркениет негізінде басты ұстаным болып қалыптасуы. Осы тұрғыдан келгенде, нарықтық экономикалық қатынастар негізінде жатқан құндылықтар мен ұстанымдар қандай, олар өркениеттік дамудың мызғымас негізі бола алама деген сұрақтар туындайтыны заңды нәрсе. Бұл сұрақ бүгін ғана пайда болды десек қателескен болар едік. Мұндай рухани негізді іздемеген ғалым, философ ойшылдар кемде кем болар. Олардың қатарында К.Маркс, В.И.Ленин, М.Вебер, С.Хангтингтон, П.Бурдье, Ж.Бодрияр тағы басқалар да болғаны белгілі.
Заман өзгереді, бір құндылықтар кетіп, екінші құндылықтар келіп жатады. Бұл өмірдің заңды құбылысы. Кезінде К Маркс қоғамның ең негізгі клеткасы «товар» десе, бүгінде қоғамның басты субстанциясы «ақша» болды. Бүгінде ақшасыз қозғалыс жоқ. Бәрінің өлшемі ақша. Ақша шексіз билікке ие болған. Ақша жалпыбайлыққа айналған. Бұрын ақша товардың эквиваленті ретінде болса, бүгінде ол өз қызметін өзгерткені соншалықты, ақша адамдардың іс-әрекетін, ұстанымы мен көзқарасын, дүниетанымын, жалпы болмысының өлшемі қызметін атқаруда. Қазақ текке айтпаса керек « ақшаң болса қалтаңда, талтаңдасаң талтаңда», немесе «алтын көрсе періште жолдан таяды» деп. Бүгін қоғамға товар емес, ақша керек, бәрінің өлшемі ақша. Өндіріссіз ақша жасауда күнделікті дағдыға айналған. Ақша буына піскендер жеті жұртты аузына қаратып, дүниені ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап өз үстемдігін орнатқысы келеді. Тіпті ақшаның құдіреттілігі соншалықты, ақша адамдар арасындағы қарым қатынастың өлшеміне айнала бастаған. Адамдар ақша үшін жан беріп, жан алысуға да бар. Нәтижесінде адам өмірінің мәні де, моральдық қағидалары да, тіршілік өлшемі де ақша болуда. Ақша жеке тұлғаның тұтастығын ыдыратудағы негізгі фактор болып отыр.
Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі нарықтық қатынастардың қозғаушы күші ақшаға негізделген жекелеген адамдардың құмарлығы мен ерік жігері болып қалуда. Әлемдік қаржылық дағдарыстың ментальдық негізі де осында жатырғаны сөзсіз. Бұл өмір парадоксы, сондықтан да оның объективтік логикасы, стийхияға толы қайшылықтары қоғам дамуының заңдылықтарынан тысқары жатқанын байқаймыз. Демек, қаржылық дағдарыс тек капиталистік дамудың түбегейлі нәтижесі ғана емес, сонымен бірге либеральдық теориялар мен құндылықтардың да нәтижесі деп санауға болады.
Бір кездері қоғамның, мемлекеттің байығаны жеке бастың байығаны, елің бай болса, сен де бай боласың деген түсінік, адамдардың санасында нық орнап еді. Бүгінгі нарық жағдайында «әркімнің бай болуы, байлыққа ұмтылуы» қоғамның негізгі қозғаушы күшіне айналып, жалпылама сипатқа ие болды. «Ақша жасау» қағидасы адамдар іс әрекетінің жетекші күшіне айналды. Нәтижесінде, қоғамның жалпы дамуы жекелегенген адамдардың ерік жігеріне, ұстанымдарына тәуелді болды. Ақша негізінде адамдар бірлігін қалыптастыру мүмкін еместігін, керісінше, ақша адамдарды бір-бірінен алшақтататынын, ақшаға негізделген қоғамдық жүйенің де болашағы бұлыңғыр екенін әлемде болып жатқан қаржы дағдарысы тағы бір дәлелдеп отыр. Сондықтанда бүгінгі қаржы дағдарысының себептерін де осы жеке адамдардың іс-әрекетінің негізінде жатқан құндылықтардан іздеген дұрыс деп есептейміз.
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Российская газета» басылымында жарық көрген «Дағдарыстан шығу кілті» атты мақаласында: « Бүгінде елдер мен континенттерді тітірентіп тұрған жаһандық әлемдік дағдарыс- бұл адамзат әлі біліп болмаған теңдесі жоқ және әлемдік тәртіпті, барлық экономикалық бастауларды түбегейлі өзгертетін құбылыстар санатына жататыны анық. Сондықтан да оны талдауға, ой елегінен өткізуге және еңсеруге барлық ескі догмалар мен стереотиптерді қайта қарастыратын жаңаша көзқарас қажет» -дейді.
Капиталды жекелендіру қажетті сипат алып отырған жағдайда, ақшадан ақша туындап, жекеленген топтардың астамшыл сұраныстары мен тұтыныстарын қанағаттандырып жатқанда Ел басының бұл үдерістерге жаңаша көзқарас қажет деуі үлкен саяси маңызы бар іс деп есептейміз. Себебі, ақша өндіріске бағытталмай, одан түскен қосымша құн қоғамға қажетті деңгейде тұтыну құнын жасамай қоғамда тұрақтылық орнауы мүмкін емес. Болмаған жағдайда қоғам іштей ыдырау, күйреу үдерістерін бастан кешу қауіпі туындауы әсте мүмкін. Сондықтан да бүгінгі жағдайда, шетелдің жеңіл несиелері мен инвестицияларының үстінен үстеме пайыз алып, ақшадан ақша жасап отырғандардың жолына тосқауыл қойылу қажеттілігін қоғам енді сезіне бастағандай. Ең бастысы әлемдік қаржылық дағдарыс, шетелдік ақаулы капиталдың шамадан тыс біздің экономикамызға өз билігін жүргізуі қоғамдық санада капитализм қарыштап дамып келе жатыр, үнемі өрлеуді қамтамасыз етуде деген пікірдің жалған екенін де мойындатуда.
Қаржы дағдарысының әлеуметтік- философия негізі туралы айтқанда тағы бір айналып өтпейтін мәселе, ол «жалпылық сана» мәселесі. Қаржылық дағдарыстың негізгі көрінетін жері де осы жалпылық сана. Себебі жалпылық санада қалыптасып үлгірген капиталистік жүйенің мінсіз, ақаусыздығы күлі көкке ұшуда. Әлемдік валюта болып танылатын доллордың өзі ақаулы екендігін Ел басы әлем алдында жайып салды. «Бұл әлемдегі әдет бойынша біз әлемдік капитализм дейміз. Ақаулы валютаға негізделген жаңағы ақаулы капиталды шынайы атымен, мәселен «дефектал» деп атау дұрысырақ әрі адалырақ болатынын түсінсек те әлемдік капитализм деп келеміз. Жуырда бүкіл әлем бойынша жүздеген миллиардерлер санаулы айлардың ішінде олардың бүкіл «ақаулы капиталы» кенеттен бірқыдыру дерлік құлап түскенде өздерінің қиялдағы капиталдарының бүкіл нақты ақаулығын іс жүзінде бастан кешірді. Енді олардың өздері де бұл нағыз «дефектал» екенін айқын көріп отыр» деп жазады.
Демек, бұл ойды одан әрі жалғастырар болсақ, нарықтық экономика дамуының өзі мифологемдерге толы болғандығы. Қазіргі таңда ақаулы нарықтық экономика ақаулы капитализмнің іріп-шіріп бара жатқан соңғы сатысы десе де болады. Себебі, онда болашаққа деген сенім, алға дамудан бұрын құлдырау, жалпылай жатсыну, ақшаға негізделген күштілермен алпауыттардың жолының басымдылығы, әлеуметтік әділетсіздіктің өрескел шамадан тыс бұзылуы т.б. жағдайлар нарықтық қатынастың болашағына деген сенімнен бұрын күдікті күшейте түскендей. Демек, бүгінгі біздің дамуымызға тарихи тұрғыдан қарайтын болсақ, біз жоғарлау үдерісін емес, керісінше ылдилау мен құлдырау үдерісін басымыздан кешіп жатқандаймыз. Осы жағдайда «дефекталға» негізделген ақаулы капитализм апологеттерінің ой пиғылының да жымысқы екенін сезінуге болады. Себебі қайыссының жаны ашып, осылар өз тәуелсіздігін әлемдік бәсекелестік жағдайында қорғасын, экономиканың нақты секторлары әлемдік деңгейде сапалы бәсекеге қабілетті өнім шығарсын деп бүйрегі бұрар дейсің. Бұл да қаржы тоқырауының біз үшін көзімізді ашқан жаңалығы екені сөзсіз.
Осындай жағдайда қоғамда жүріп жатқан үдерістерге нақты баға беру, оның даму тенденциясын анықтау әлеуметтік гуманитарлық ғылымдардың алдында тұрған маңызды проблемалардың бірі болып отыр. Бұл жолда бүгінгі қоғамдық дамуды талдауда қандай методологиялық ұстаным болу керектігін анықтаудың да маңыздылығы арта түседі. Қаржылық тоқырау мәңгі болмайтынын ескеріп, оған дамудың бір сатысы ретінде және жаңа қатынастардың сапалық деңгейге көтерілуінің бір кезеңі ретінде қараған жағдай да ғана қоғамның даму тенденциясын байқауымызға болады.
Қаржылық дағдарыстың әлеуметтік рухани саласының басты субъектісі адам. Бүгінде қаржылық дағдарыстың барлық ауыртпалығы қарапайым адамдарға, олардың арақатынасына түсуде. Жұммыссыздықтың кеңінен етек алуы, оларды материалдық және рухани күйзеліске әкелуде адамдар арасында қалыптасқан қатынастарды өзгертуде. Осыдан келіп адамдар бойын билеген үрей мен қорқыныш, болашаққа деген сенімнің әлсіреуі қоғамда кеңінен етек алуда. Мұндай жағдайда адамдардың әлеуметтік белсенділігі жасампаздыққа емес, қиратушылыққа бағытталу мүмкіндігі арта түсетіні сөзсіз. Бұл салада мемлекет тарапынан көптеген әлеуметтік жеңілдіктер жасалып жатқаны да белгілі. Дегенменде, бұл шаралар түптеп келгенде адам мен нарық арасындағы қарым қатынасты толық түбегейлі реттей алмайтыны белгілі. Ол үшін адамдар арасындағы қарым-қатынастар заттық сипаттан гуманистік сипатқа ауысуы керек. Яғни айтқанда, қаржылық дағдарысты айтқанда,біз оған тек экономикалық тұрғыдан қарап, адами жағына мән бермейміз. Мұндай көзқарастың сыңаржақты екендігін айта кеткен жөн. Айналып келгенде, қоғамдағы қандай да болмасын өзгерістер мен даму адам іс-әрекетінің нәтижесі екені белгілі. Олай болса, қаржылық дағдарыстың негізінде адамның пендешіліктен туындайтын кемшіліктері жатқаны рас. Қаржылық дағдарыс адам бойындағы моральдық этикалық қасиеттердің төмендеуінің, руханисыздықтың нәтижесі десек артық айтпаған болармыз. Өз кезегінде бұл мәселе адам мен қоғам арасындағы қалыптасып отырған қайшылықтарды методологиялық тұрғыдан жеке талдауды қажет етеді. Біздіңше мұндай ұстаным мына төмендегі мәселелердің басын концептуальды тұрғыдан ашып алуды қажет етеді.
Біріншіден, біздің экономикалық дамуымыздағы соңғы он жеті жылы көрсеткендей, Қазақстан Батыстық үлгідегі «нарықтық қоғам» құруға ұмтылуда. Бұл объективтік тұрғыдан қараған кезде заңды құбылыс екені сөзсіз. Дегенменде, қоғамдық сана деңгейінде әлі де болса «капиталистік қоғам» мен «нарықтық қоғам» ұғымдары орынсыз орын алмастырылып еркін тұрғыдан жөнді -жөнсіз пайдаланылуда. Нәтижесінде әртүрлі түсініктер мен ұстанымдар қалыптасуда. Бұл не деген сөз? Ол, біз әліде болса қандай қоғам құрып жатырғанымызды білмей отырғанымызды көрсетсе керек. Басқаша айтқанда, қоғамдық гуманитарлық білімде бұл сұрақтар төңірегінде айқындық пен бір ізділіктің жоқтығын көрсетеді.
Екіншіден, Батыста және бізде «нарықтық қоғам» әртүрлі түсінік пен мазмұнға ие болған. Олай болса, біз Батыстық үлгідегі «нарықтық қоғам» құрып жатырмыз деп, нық сеніммен айта алмаймыз. Сондықтан да бұл мәселелер қоғамдық әлеуметтік ғылымдарда нақтылану қажет. Сонда ғана біз қаржылық дағдарыстан шығудың жолын дәл анықтауға мүмкіндік аламыз.
Үшіншіден, осындай қарама-қарсылықты түсініктердің нәтижесінде ақша Батыстық әдіспен жұмыс істемей, бізде тек жекелеген адамдардың тұтынысын қанағаттандыру негізінде жұмыс істеуде. Осы жағдайда әлемдік қаржылық дағдарыстан ұзамай құтыламыз деудің өзі, немесе бұл дағдарыстан тек Америка, Батыс елдерінің көмегіне ғана сүйене отырып жеңіл шығамыз деудің өзі жаңсақтық пікір болар еді.
Егерде, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы ұлы депрессиядан шығу екі жүйенің күресі негізінде жүріп, капитализм өзінің ішкі мүмкіндіктерін толық пайдалана отырып, қоғамдық дамудың жаңа қағидаларын өмірге әкелсе, бұл жолы да дағдарыстан шығу үшінде капитализм тарихи жүйе ретінде, жаңа ұстанымдар мен қағидаларды дүниеге әкелуі тиіс. Олай болмаған жағдайда, ол өзінің адамзат алдындағы тартымдылығын, тарихи өміршеңдігін жоғалтуы әсте мүмкін. Сондықтан қаржылық дағдарыстан шығу тек экономикалық қатынастарды реттеумен шектелмеуі тиіс. Капитализм өзінің тарихи өміршеңдігін әлем алдында дәлелдеу үшін рухани салада да үлкен өзгерістер әкелуі тиіс. Ал соңғысына келер болсақ, көптеген зерттеушілердің ойынша Батыс қоғамы рухани салада өз мүмкіндіктерін баяғыда сарқыған. Рухани жаңару мен жаңғыруды Шығыстан іздеу қажеттігі күнен күнге анық айтылуда. Әсіресе ислам құндылықтарын адамзат өркениеті дамуының негізі ретінде қарау қажеттігі күн тәртібінде пайда болуда. Бұл бұрын сонды болмаған әлемдегі қалыптасып отырған бет бұрыстың басы екені сөзсіз.
Әлемдік қаржылық дағдарыстың әлеуметтік философиялық астары туралы айтқанда тағы бір ойға келетін мәселе – бүгінгі қоғамдағы мемлекеттің ролі. Кешегі күні мемлекет нарықтық қатынастарға араласуға болмайды деген көзқарас басым болып келгені белгілі. Мемлекеттің міндеті «түнгі күзетші» сияқты нарықтық қатынастарды сырттан бақылау, реттеу, бірақ ешқандай жағдайда нарық ісіне араласуға болмайды деген көзқарастың болғаны белгілі. Себебі мемлекет жақсы менеджер бола алмайды, демократиялық қағидаларды өрескел бұзуға ұмтылып тұрады деген ой пікір басым болды. Нәтижесінде мемлекет өз азаматтарын жекелеген миллионерлердің, ақшалылардың деструктивті іс-әрекеттерінен қорғай алмады, солардың жетегінде кете барды. Бұның барлығы қоғамда мемлекетке деген сенімді азайтты. Халық пен мемлекет арасында алшақтық, түсінбестік пайда болды. Осының барлығы қоғамның ретті және ырғақты дамуына кедергісін тигізді. Әлемдік қаржы дағдарысы бұл мәселенің де ұрымтал жерлерін аша білген тәрізді. Осы тұрғыдан келген кезде, нарықтық қоғам жағдайында мемлекеттің қызметі мен ролі заман талаптарына сай қайта қаралу керек деп есептейміз.
Дағдарыс жағдайында экономикалық үдерістерді ынталандыру мен үйлестіруде мемлекеттің рөлі анықтаушы мәнге ие болады. ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрайымы Елена Бахмутова айтуынша: баршаға мәлім, экономикадағы рецессия әдетте іскерлік белсенділіктің құлдырауы, ІЖӨ өсім қарқынының, тұтыну сұранысының төмендеуі секілді қазір бүкіл әлемде байқалып отырған түрлі құбылыстармен қатар жүреді. Еліміздің қаржы нарығына келсек, банктердің сырттан белсенді түрде қарыз алу саясаты бірқатар тәуекелдердің тууына және өсуіне әкелді. Ол турасында мемлекеттік реттеуші органдар бірнеше рет ескерткен болатын. Бұл ретте, әлемдік қаржы рыногындағы тұрақсыздық отандық банк секторындағы жағдайды да күрделендіріп, сол арқылы төлемпаздық тәуекелінің артуына, кері қаржыландыруға әкелді. Сыртқы әсерлерден кейінгі, қазіргі ахуалға келсек, біздіңше, жаһандық тұрақсыздықтың нәтижесінде туындаған сыртқы қатерлерді бәсеңсітуде Қаржы нарығын қадағалау агенттігінің іс-қимылы айрықша рөл ойнады. Осы орайда, Үкіметтің қазір қабылдап жатқан шаралары әлемдік қаржы дағдарысының отандық экономикаға тигізер кері салдарларын мейілінше азайтуға мүмкіндік береді. Мұны отандық және шетелдік экономист-сарапшылардың соңғы кездері айтқан түсініктемелері де қуаттап отыр ›› Дағдарыс салдарын мейлінше азайтуға байланысты Агенттіктің алдағы екі жылға іс-әрекет бағдарламасы қандай болмақ? Өйткені, тұрақтандыру бағдарламасына Ұлттық қордан 10 миллиард АҚШ доллары бөлінетіндігі мәлім. Аталған бағдарлама аясында қаражат қалай бөлінбек? Ел Президентінің кеңейтілген Үкміет отырысында берген тапсырмасына сәйкес, Үкімет Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын қадағалау агенттігімен бірлесіп, Қазақстанның қаржы жүйесі мен экономикасын тұрақтандырудың 2009-2010 жылдарға арналған жоспарын әзірледі. Онда өзге де іс-шаралармен қатар, қазақстандық банк секторының төлемпаздығы мен капиталдануын нығайтуға және қолдауға бағытталған кешенді шаралар да қарастырылған. Атап айтқанда, екінші деңгейлі банктерді қосымша капиталдандыру арқылы мемлекеттік қолдауды ұсыну, Ұлттық банк тарапынан төлемпаздықты сақтау, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» шығаратын облигацияларды ҚР Ұлттық қорының сатып алуы арқылы банктерге төлемпаздықтың қосымша көздерін ұсыну. Мәселен, Агенттік әзірлеген ұсынымға сәйкес, Үкімет еліміздің Альянс Банк, ТұранӘлемБанкі, Халық Банкі және Казкоммерцбанкі секілді жүйеқұраушы төрт банкінің акционерлеріне олардың капиталдарын нығайту шарасы ретінде акционерлік капиталдарына қосымша қаражат құю туралы ұсыныспен шықты. Бұл ұсыныстың аясында қосымша капиталдануды қарапайым және басым акциялар эмиссиясы арқылы және жалпы көлемі 5 миллиард АҚШ доллары сомасында субординді заемдар беру арқылы жүзеге асыру көзделеді. Акционерлерге жаңа шығарылған қарапайым және басым акцияларды басымдықпен сатып алу құқығы беріледі де сол арқылы банктерге қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті капиталдану көлемі ұсынылады. Бұл ретте, Үкіметтің қандай да бір банктің капиталындағы бақылау пакетін сатып алуды жоспарлап отырмағанын атап айту керек. Жоспар іске асқан жағдайда, мемлекеттің меншігіне жоғарыда көрсетілген 4 банктің дауыс беретін 25 пайыз акциялар үлесінің түсуі көзделуде. Бұл банктердегі мемлекеттің мүддесін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» қадағалайтын болады. Банктердің жоғарыда аталған бағалы қағаздарын сатып алу үшін Қор мемлекет тарапынан қосымша 5 миллиард долларға капиталдандырылды. Тағы да қайталап айтамын, Үкімет банктердің үлескері болып ұзақ мерзімге қалуды жоспарлап отырған жоқ және әлемдік қаржы нарығындағы жағдайға байланысты олардың капиталынан орта мерзімді болашақта шығатын болады. Сол кезде мемлекетке тиесілі акциялар нарық қағидаларына сәйкес сатылады. Ал жоғарыда айтқан, банктерге төлемпаздықтың қосымша көздері ретінде ұсынылатын және Ұлттық қор арқылы сатып алынатын облигациялардан түсетін қаражат экономиканың нақты секторын, соның ішінде серпінді және инфрақұрылымды жобаларды да несиелеуге, шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерін қаржыландыруға бағытталады. Ал уақытша бос қаражаттар бірқатар банктердің депозиттеріне салынып, олардың жаңа жобаларды несиелеуіне және ағымдағыларын қаржыландыруына мүмкіндік береді. Сөз болып отырған жоспарда банктердің минималдық резервтік талаптарын азайту арқылы репо операциялар бойынша қабылданатын құралдар тізбесін кеңейту арқылы қосымша қаражат көзін ұсыну негізінде барлық екінші деңгейлі банктердің ағымдағы және қысқа мерзімді төлемпаздығын қолдау шарасы жүзеге асырылады. Мемлекет осының бәрін серпінді және инфрақұрылымдық жобаларды қоса алғанда, экономиканың нақты секторын несиелеуді ынталандыру үшін, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерін қаржыландыру үшін істеп отыр. Төлемпаздық көлемінің одан әрі қысқаруы мен сыртқы қарыз алу көздерінің шектеулілігі банк активтері сапасының нашарлауына, экономиканың нақты секторын несиелеу көлемінің қысқаруына, түпкі нәтижеде қазақстандық кәсіпорындардың іскерлік белсенділігінің төмендеуіне әкелді. Мұндай жағдайда экономикалық үдерістерді ынталандыру мен үйлестіруде мемлекеттің рөлі айқындаушы мәнге ие болатынын бірқатар елдердің үкіметтері мен реттеуші органдарының әрекеттері көрсетіп отыр. Халықаралық қаржы көздерінің шектеулілігіне қарамастан, қазақстандық банктер бүгінге дейін сыртқы қатерлерге лайықты төтеп берді және өзінің ішкі-сыртқы міндеттемелерін толығымен өтеп келді. Мына кезеңде банктерге Үкімет пен Ұлттық банк айтарлықтай қолдау көрсетті. ? Бүгінде қаржылық тұрақтылық туралы заң қабылдау неліктен маңызды? Осы құжатты қабылдау арқылы мемлекет қаржы институттарын қалай реттемек? ? Ел экономикасы үшін қиын кезеңдерде экономиканың шешуші салаларын мемлекеттік реттеу бірінші кезекке шығады. Әлемдік қаржы нарығындағы дағдарыс жағдайында отандық қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету басымдыққа ие болады. Соның ішіне заңнамалық құралдар да кіреді. Осыған байланысты елдің заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселесі бойынша тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде шешім қабылданды. Аталған заңды қабылдаудағы басты мақсат ? қаржы жүйесіндегі қатерді ерте болжау тетіктерін жетілдіру, қаржы ұйымдарының ………