Курстық жұмыс: Экономика | Инновациялық сабақты ұйымдастыру
Мазмұны
КІРІСПЕ
І-ТАРАУ. ИННОВАЦИЯЛЫҚ САБАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ (ЖОСПАРЛАУДЫҢ) ҚАЗІРГІ ФОРМАСЫ.
1.2. Инновациялық сабақтың түрі және ол туралы түсінік.
1.3. Инновациялық сабақтың негізгі сипаттамасы.
1.4. Инновациялық сабақ-іскерлік ойын.
ІІ-ТАРАУ. САБАҚТА ІСКЕРЛІК ОЙЫНДЫ ЖҮРГІЗУ ӘДІСІ ЖӘНЕ ЖОБАЛАУ.
2.1. Іскерлік ойынды жоспарлау.
2.2. Іскерлік ойын сабағының конспект жоспары.
«Болат туралы түсінік, оның түрлері және маркілеу принциптері»
тақырыбының материалын жинақтау,жазу.
2.3. Іскерлік ойынды жүргізудің қиындығы.
ҚОРЫТЫНДЫ.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
І-бөлім. «Инновациялық сабақты теориялық негізде қолдану»
Қазіргі қоғамдағы қарқынды өзгерістердің бірі – кәсіптік оқыту үрдісінде сапалы білім бере отырып, білікті кадрлар даярлау ісінде тиімді жаңа тәсілдерді талап етуде.Осыған байланысты педагогтарға білім беру ісінде оралымды, құрамдасқан, өзекті, оқу сапасын арттыруға бағытталған сенімді педагогикалық технологиялар аса қажет болып отыр. Инновациялық әдіс-тәсілдердің мақсаты- әр алуан нәтижеге бағдарланған түрлі бағдарламаларды жасаудың негізінде оқыту үрдісінің деңгейі мен сапасын кезең-кезеңмен көтеру. Аталмыш жаңалықты енгізу жұмысшы мамандықтарына оқытудың сапасын елеулі арттырып, жеке оқытудағы мүмкіндіктерді кеңейтеді. Инновациялық технологияны қолданудың тиімділігі оқу үрдісін икемді етіп ұйымдастыруға, педагог шеберлігін арттыруға, оқу сапасының оқытушы мен өндірісте оқытатын шеберге тәуелділігін төмендетіп, бағдарламалар мен оқу құралдарын тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер жаңа технологияны пайдалану жолдары түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесі және оның дамуымен арнайы айналысатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажет. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.Инновациялық сабақ –тың мақсатын жүзеге асыру барысында оқушыны объект деп қарамай,оны дамытушы тұлға ретінде қабылдап, олармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысы осыған лайық өзгерістерге ұшырап, жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа технологияны енгізу өте қажет. Жаңа технологияны пайдаланудың негізгі мақсаты-міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге дейін жету. Жаңа технологияның тиімділігі,артықшылығы: — көп деңгейде даярлау мүмкіндігіне ие болады; — жеке тәсілдер арқылы оқушылардың коммуникативті дағдыларын, оқытушымен арада тығыз байланыс орнатуға жағдай жасау; — кәсіптік мәнді пәндерді анағұрлым саналы, ынталана үйренуге жағдай жасау; — әр білім алушының белгілі бір дидактикалық мақсаттарға жетуін қамтамасыз ететін оқудағы ақпараттың бір бөлігі. Олар: а)танымдық; б) іскерлік түрінде болады.
1) Танымдық үрдістерін дамыта түсуге мыналар әсер етеді: — меңгерілген түсініктерді сақтап қалуға мүмкіндік беретін таныс үлгілер мен сызбаларға сүйене отырып, жаңа оқу материалдарын түсіндіру; — адамның белгі беру жүйелеріне сүйену;
— күрделілік деңгейлері түрліше оқу материалдарына жиі қайта оралып отыру; — әр оқушы өз еңбегіндегі ақырғы нәтижелерге қызығушылығы;
— жеке тәртіпте жұмыс істей алудың мүмкіндігі;
— сабақтағы өзара көмек,өзара іс-әрекет;
— әріптестік қарым-қатынас;
— танымдық іс-әрекеттерден ләззәт алып, қуану, қол жетімді өз деңгейінде жұмыс істеудің мүмкіндігі, іскерлік ойындарға қатысу, қорқыныштың болмауы, өзіндік әне өзара бірігіп дайындала алу мүмкіндігі.
2) Іскерлік түріндегі әдістер жекелеген функцияларды тиісті операцияларды оқыту кезінде бөлуге негізделген қызмет тәсілдерімен анықталды.Оларда қызметтің сипатына қарай нақты дағдыларды дамытуға бағытталған ақпаратты білім беріледі.
Іскерлік түріндегі сабақтың сипаттамалары:
— жазылуы айқын, нақты,түсінікті;
— мәнді, қол жетімді, ақырғы нәтижелі;
-қолайлылығы, технологиялылығы. Инновациялық технологиялық әдіс-тәсілдердің негізгі критерийлері:
— нәтижелерге,алға қойылған мақсаттарға жетуге қажетті маңызды ақпараттардың нәтижелері мен мазмұнына сәйкестік;
— баяндалуының анық және дәлме-дәл болуы;
— істің нәтижесінен келіп көрінетін деңгейі мен сапасының критерийлерін белгілеу; — нақты нәтиже алуға беталыс;
— стандартқа сәйкес бағалаудың өлшемі мен мүмкіндігі.
Іскерлік сабақ- өз кезегінде өзін-өзі бағалауға,өзіндік талдау жүргізуге, өз қол жеткізген нәтижелерді басқалармен салыстыра қарастыруға жағдай жасап, рефлексия технологиясын меңгеруге ықпалын тигізеді. Іскерлік сабақта оқушылар жеке және топтаса жұмыс істеген кезде оның жүйелі түрде жүргізілуін қамтамасыз етеді,әрі оқу үрдісіне қатысушылардың барлығы бірдей ұғымдарға сүйенеді.Оқытушы соның нәтижелеріне сүйене отырып, білім алушылардың білімі, машығы мен дағдылары жүйесін меңгеру деңгейі туралы мәліметті құрастырады.Іскерлік сабақта сабақтың конспектісі немесе оқу материалының жоспары емес, бұл оқушы-лардың белгілі бір тақырыпты үйрену әрекеті мен білік дағдысының қалыптасуына көбірек көңіл бөлінеді. Қазіргі таңдағы білім берудің басым бағыттарының бірі- сабақ өту барысында жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни өз бетінше ізденіп білім алуға бейімделген, бәсекеге қабілетті шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет.Бұл бағытта технологиялық компоненттің өзіндік рөлі зор.
Ол профессор И.В.Бондаревскийдің айтуынша төмендегідей әдіс-тәсілдерді қамтиды: — диалогтық;
-шығармашылық іс-әрекет;
— оқушының жеке басының дамуын қолдауға бағыттау;
— оқушыларға өз бетінше шешім қабылдауға, шығармашылыққа, білім алудың мазмұны мен жолдарын таңдауға еркіндік беру.
Инновациялық сабақ – сабақты ұйымдастырудың қазіргі заманғы формасы. Педагогикада оқу-тәрбие үрдісінде сыныптық-сабақ жүйесі әртүрлі формада құрылады: үй тапсырмасы (өз бетінше дайындалу), экскурсия, практикалық сабақ, өндірістік практика, семинар сабақ, сыныптан тыс жұмыс, факультатив сабақ,қосымша сабақ, консультация, зачет, емтихан.Бірақ, кәсіптік оқытудың негізгі формасы- сабақ болып табылады. Педагогикалық әдебиеттерде ұжымдық және жеке оқытудың,дамыту және тәрбиелік міндетін жүзеге асыру мақсатында ( белгілі бір уақытта, қарым-қатынас, іс-әрекеті) арнайы бағыттағы оқытудың вариативтік формасы бұл – сабақ –деген көзқарас қалыптасқан. Сабақты белгілеу қозғалмалы жүйе секілді түйіседі және оның маңызы зор, олай болса, оқушы мен педагогтың өзара қарым-қатынасы, білім-білігі және шеберлігі қабілетінің дамуы, тәжірибелік іс-әрекеті, оқушылардың білімді игеруін жүзеге асырылуы сабақ негізінде орындалады.Сабақтың нәтижелілігі мен тиімділігі – көбінесе сабақ құрылымына, сабақта дидактикалық талаптары мен өзара тақырыптық байланыстары, сабақ бөліктеріне,мақсатының дұрыс қойылуына байланысты болады.
Дәстүрлі сабақтың құрылымы 4 негізгі элементтерден тұрады: Сұрау, түсіндіру, бекіту, үй жұмысы. Мұндай сабақ білімді қалыптастырады, бірақ, оқушылардың жалпы дамуына толық талап қоя алмайды, сабақ дәстүрлі құрылым элементтерінен құралғандықтан, өз бетінше білім алуға әсер ету мүмкіншілігі төмен.Бір жағынан, мұндай сабақ ішкі оқу процесіне әсерін тигізе алмайды(ұйымдастыру, сұрау, түсіндіру, бекіту т.б). Сондықтан, дәстүрлі сабақ педагог үшін, педагог жетекшілігімен жақсы нәтиже бере алмайды.
Қазіргі таңда адамның ақыл-есі, рухани, мәдени,әдептілігі, адамгершілігі, сондай-ақ, жоғарғы дәрежеде интелекті потенциал ретінде, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына үлкен көңіл бөлінеді. Соған байланысты интелектуалды потенциалды және интелектуалды жеке тұлға ретінде оқу орнын бітіріп, ғылым негізінде білім, жалпы мәдениет, өз бетінше жылдам ойланатын, ынталы, тапқыр, шығармашыл тұлға қалыптысуы қажет. Оқушының білімін бағалау және бақылау жұмысын орындауда, қандай да бір тақырыптарды меңгерген соң,инновациялық сабақ таратылады.Мұндай сабақ жай емес, яғни дәстүрлі емес әдіспен өткізіледі. Кезекті өзгеріс әдеттегі күнделікті үйренген жағдайдан сондай-ақ, көңілді атмосфера орнатып, жұмыстың нәтижесі көрінеді,әдеттегі жағдайды бұзып алудан, қателесуден қорқатын психологиялық кедергіні жояды. Мұндай сабақ барысында барлық бала қамтылады, әдісті тиімді қолдану нәтижесінде көрнекілік есту және көру арқылы таралады (компьютер, видеотехника, көрме, буклет, стенділер). Сабақта әртүрлі методикалық әдіс-тәсілдерді педогогикалық және психологиялық ерекшеліктерді жинақтауға болатын мынадай жолдармен қол жеткізуге болады:
— белгілі бір тақырыпта оқушының ақыл-ойы дағдысы, білімі бақыланады, бағаланады;
— оқушының сабаққа ынтасын арттырып, іскерлік, еңбекшіл, ізденіс атмосферасын қамтиды;
-сабаққа мұғалімнің неғұрлым аз қатысуы қамтылады;
Әрине, инновациялық сабақ оқушыларға көбірек ұнайды, себебі, сабақты ұйымдастыру, өткізу, сабақтың күнделікті қатаң құрылымын сақтау мақсат емес, керісінше оқушының өз бетінше білім алуына жағдай жасалады. т.б. Сондықтан, мұндай сабақты әрбір мұғалім жиі өткізуге қалыптасқаны жөн. Сонымен қатар, біртекті ұқсас сабақтарда оқушылардың танымды еңбектерінің болмайтыны, нәтижелілігінің төмен болатыны сияқты мәселелер ескерілуі керек. Дәстүрлі емес сабақ барысында мұғалім жалпы сабақ құрылымын оқу, қабылдау кезінде күш жұмсамай-ақ меңгеру жолын қарастыруы тиіс.
Инновациялық сабақ туралы түсінік және оның түрлері.
Инновация – білім берудегі мақсатқа жаңаша жолмен жету әдісінің педогог жұмысымен сәйкес келетін оқыту және тәрбиелеу үрдісінің жаңа формасы, жаңа мазмұны.
В.А. Сластенин: «инновацияны» — жаңашылдық, жаңалық, өзгеріс деген мағынаны білдіреді- деп анықтама берген.
80-жылдың аяғында 90-жылдың басында сабақтың негізгі дамуы, жалпы білім беретін және кәсіптік маман дайындайтын мектептер стандартты емес сабақ өткізетін белсенді орындар болып есептелінді.
Қазіргі жаңа педагогикалық технологияның өзі де бізге осы дәстүрлі емес бағытта жаңашылдықпен жұмыс жасауға бағыттайды. Сабақ беру процесін күрделі педагогикалық объект болғандықтан оның типі дидактикалық бағытына, мазмұнына байланысты өзгере береді. Бүгінгітаңдағы беріліп жүрген сабақтар мынадай топқа бөлінеді:
Оқушыны пәнге қызықтырумен қатар, саналы да, салмақты ойлауға тәрбиелейтін, қоғамдық көзқарастарын қалыптастыра алатын, өзіндік пікірі бар, өмірдегі қоғамдағы болып жатқан түрлі қарама-қайшылықты түсіне білетін еркін сөйлеп өз пікірін ашық айта алатын ойлы ұрпақ тәрбиелеуде осындай сабақ үлгілерінің маңызы зор.Ондай сабақтардың формаларының бірі – «Іскерлік ойын» сабағы.Стандартты емес немесе инновациялық сабақ бұл — яғни, дәстүрлі емес, варианттық құрылымды және меңгеруді, негізінен оқушының білім алуға қызығушылығын арттыратын білім алудың жаңа іс-әрекетін қамтитын сабақ.
Қазіргі таңдағы әртүрлі инновациялық сабақтың сандары көп. Мұндай сабақты мынадай топқа бөлуге болады:
жарыс және ойын сабақ түрлері: конкурс, турнир, жүгіру, жекпе-жек,КТК, іскерлік ойыны, рөлдік ойын, кроссворд, викторина (сұрақ-жауап);зерттеу, іздену,суреттеу, алғашқы түпдерек бойынша талдау, миға шабуыл, сұхбат, репортаж, рецензия сияқты қоғамдық практикада белгілі жанрлық және әдістемелік жұмысқа негізделген формадағы сабақтар. Оқу материалдарын дәстүрлі емес сабақ түрінде негіздеген сабақтарға: ақыл-ой сабағы, ашықтық, «дублер әсер етуді бастайды»-сабақтары жатқызылады.
Конкурс сабақ
Мұндай сабақты жүргізу мынадай ерекшеліктерге мүмкіндік береді: — Бүкіл курстық сабақты жүргізу білім дағдарысын және практикалық қабілетін, теориялық білімін тексеру;
— Оқушы білімін жүйелеу;
— Оқушының берілген тапсырманы өз бетінше орындауы, өз еркімен еңбектенуін дамыту;
— Жетістікке, жеңіске, еркіндікке тәрбиелеу;
— Оқушының таңдаған мамандығына қызығушылығын арттыру;
— Оқушының өз бетінен іздену, ойлау қабілетін, шығармашылығын, белсенділігін дамыту.
Мұндай сабақ тапсырмасы КТК (КВН) сабағының тапсырмасындай болады.
Конференция сабақ
Конференция сабақтың мақсаты: оқушылардың ізденіс жұмыстарында кездескен жаңа өндірістік жайын талдағанда бұрынғы алған білімдерін іс жүзінде қолдану біліктілігін қалыптастыру;оқушыларды кәсіптік сана мен мәдениеттілікке тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру,сонымен қатар, оқушылардың өз бетінше ізденуге үйрету; ынтасы мен белсенділігін арттырып, ой-өрісін, дағдысын қалыптастыру. Конференция сабақ жоспарланып, сабақ қызықты, тартымды өту үшін алдын-ала оқушыларға арнайы тақырыпта реферат,ізденіс тақырыбы т.б. сияқты тапсырма береді, сол тақырыпқа олар ізденіп, дайындалып келеді.Сонымен қатар, таңдалған тақырыпқа қатысы бар арнайы қонақтар шақырылады. Сабақ мұғалімнің кіріспе сөзімен басталып, ары қарай оқушылар мен қонақтарға сөз кезегі беріліп, тақырып бойынша әңгіме қозғалады. Кейде сабақ пікірталаспен, ойқозғаумен жалғасып кетеді.
Тосын сый (Сюрприз) – сабақ
Тосын сый (Сюрприз)-сабағының ерекшелігі, оқушы оны қандай сұрақ, қандай тапсырма күтіп тұрғанын білмейді.Ол үшін арнайы дайындалған сұрақтар салынған конверт, «қара жәшік», қорапша т.б. қолданылады. Мұндай сабақтың мақсаты:
— оқушы біліміне, түсінігіне талдау жасайды, оның өзара байланысы мен маңызын көрсетеді;
-ойлау қабілетін дамытады, кеңейтеді, тарихи деректер туралы сөздік қорлар арқылы бұрынғы білімі, уақыты, ұзақтығы қайталанады;
— сабақ барысында өз өміріндегі тәжірибесі түсінік процесін, меңгерген білімін ортаға салады.
КТК (көңілді тапқырлар клубы) сабағы
Мұндай сабақтың негізгі мақсаты және міндеті төмендегідей болады: — тақырыптар процесі, құбылысы, заңдылығы бойынша оқушының білімін жүйелеу және талдап қорыту;
— меңгерген материалды жүйелеу және талдап қорыту қабілетін дамыту; — заңдылық және процеске түсінік беру;
— себеп-салдар байланысын анықтау;
— кестесін құру;
— оқушының шығармашылық және олардың ойлау қабілетін дамыту;
— ауызша жеткізу сауаттылығын қалыптастыру;
— оқушының ұжыммен жұмыс істеу қабілетін, жолдастық сезімін, өз бетінше ізденіп білім алуға, жауапкершілікке тәрбиелеу;
— пәнге танымдық қызығушылығын дамыту.
Сабақ барысында оқушылар топтарға бөлініп, әр топқа топ басшы сайланады. Кім берілген сұраққа көп жауап берсе, сол жеңімпаз болып саналады. Сұрақтарға берілген жауаптардың дұрыс-бұрыс немесе толық жауап берілуін арнайы белгіленген мұғалім, ата-анадан сайланған есеп комиссиясы таразылап, бағалайды. Мұндай сабақта берілетін тапсырма әртүрлі болады. Бұл есеп шығару, топтардың кезектесіп қоятын сұрағынан, ребусты шешу, кроссворд, ереже-заңды табу, артық сөздер мен қатені табу, алдын-ала мұғалім тақырып бойынша берген үй тапсырмасын демонстрациялау, сахналық ойын т.б.
Бұл сабақтың нәтижелілігі:
— өз бетінше білім алуға, белсенділікке тәрбиелейді.
Аукциондық сабақ
Бұл сабақ қайталау-талдау сабағы ретінде сабақ мақсатына орай меңгерген сұрақтың практикалық маңызын көрсетеді. Сабақ құрылымы мынандай: сәлемдесу, тақырып бойынша сабақты қайталау сұрақтары, аукцион туралы түсінік беру, «сату» заттары, музыкалық үзіліс, «сату» жалғасы, музыкалық финал, қорытынды.
Сабақта аукционды мынадай формада құруға болады: демонстрациялық стол жанында «өзі ойлап тапқан костюмде» жүргізуші орналасады. Олардың алдында үлкен зырылдауық, оның айналасында «сатылатын» заттар ……