Курстық жұмыс: Экономика | Инфляция мен жұмысыздықты мемлекеттік басқарудағы жолдары

0

Мазмұны

Кіріспе

І . Инфляция мен жұмысыздықты мемлекеттік басқарудағы жолдары

1.1 Инфляцияның мәні, түрлері және оның пайда болу себептері

1.2 Инфляция деңгейін анықтау жолдары

1.3 Жұмыссыздық нысандары және түрлері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

І-ТАРАУ. Инфляция мен жұмысыздықты мемлекеттік басқарудағы жолдары

1.1 Инфляцияның мәні, түрлері және оның пайда болу себептері

Инфляцияның мәні – ол тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуі және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіндігінің құлдырауы. Инфляция қоғамдық ұдайы өзгерістегі диспропроцияның көрінісі. Ол мемлекеттің табысы мен шығынның үйлеспеуі салдарынан кездесетін кез – келген экономикалық формацияға тән құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономиканың салалары арасында, комерциялық құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттің және шаруашылық субъектілері арасында қайта бөлуге тірейді.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині латын сөзі – inflatio – ісу, қампаю, қабару деген сөзді білдіреді. Инфляция тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861 – 1865 жыдлардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кету прцесін білдірген. ХIХ ғасырда бұл термин Англиямен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20 – жылдардың орта кезінде көрінді.
Инфляцияның жалпы анықтамасы – айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі – Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда инфляцияны айналым процесін құнсызданған қағаз ақшамен толтыра беру деп түсіну жеткіліксіз. [1400-411б-б]
Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшаға тән «ғажайып» құбылыс емес. Ол — күрделі әлеуметтік – экономикалық құбылыс, оны тудырушы нарық шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір прблемалардың бірі.
Ақша тауарларды сатып алу қабілеті тұрақты балютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар нарығында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайларда әсер етеді. Мысалы, 70- жылдардағы энергетикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуінен (мұнай бағасы 20 есеге өсті) емес, басқа да тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен байланысты. 1973 жылы жалпы бағаның деңгейі 7 пайызға, 1979 жылы – 9 пайызға артты. Ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына, циклдық және маусымдық толқуларға, ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік реттеуге, салықтың жаңа ставкаларын енгізуге, ақша өлшемінің девальвациялануы мен ревальюциялануына, нарық коньюктурасының өзгеруі мен сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына және тағы басқаға байланысты. Демек, бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері болады.
Коньюктураның циклдық толқуынан болатын бағаның өсуін инфляцияға жатқызуға болмайды. Циклдің түрлі фазаларынан өту барысында (әсіресе ХIХ – ХХ ғасырдың бас кезіне тән «классикалық түрі») бағалардың динамикасы өзгеріп отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен депресия фазасында төмендеп, жандану кезінде баға тағы да көтеріледі. Еңбек өнімділігін арттыру бағаның төмендеуіне әкелуі тиіс. Циклдық толқулардың тағы бір көрінісі жалақының өсуі еңбек өнімділігінен артып кетуінде. Мұндай құбылыс шығынның инфляциясы деп аталады. Ол өз кезінде баға деңгейінің жалпы өсуіне алып келеді. Кездейсоқ апаттар да бағаның инфляциялық өсуіне көп әсер етпейді. Айталық, су басып кеткен аймақтардағы құрылыс материалдарының бағасы өсіп кетеді. Бұл құрылыс материалдарын шығаратын өндірісті ұлғайтады, ал олар нарықты толтыру барысында баға төмендеуі тиіс.
Сонымен баға өзінің инфляциялық себептеріне мыналарды жатқызамыз:
Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе – теңдігінің бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тпшылығынан көрінеді. Егер дефициті Орталық эмиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырылса, онда айналыста ақша массасы көбейеді. Айырбастың сандық теңдігі МV ═РО болса, М мен Р көрсеткіштері өсуінің байланысы анық.
Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. әсіресе, экономиканы милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияы өршітеді. Ұлттық табысты әскери мақсатқада пайдалану, өндірістік емес шығындар – олар қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. әскери ассигнациялар бір сәтке ғана қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасының өсуіне әкеледі. әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.
Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі нарықтық экономиканың ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі нарықта көптеген өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа мүлдем ұқсамайды. Қазіргі нарық белгілі дәрежеде олигополиялық нарық. Ал, олигополист (жетілмеген бәсекелес) едәуір дәрежеде бағаны билейді. Олигополиялар бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдауға ынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін ондіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. өздері илік жүргізетін нарықты бағаның төмендеуін олдырмау үшін олигополия мен монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа өндірушілердің келуін тежеу үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі көмектеседі. [2144-б]
Төртіншіден, елдің экономикасының анық болуы оның бірте – бірте әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында «импорттық» инфляцияның қаупі туады. Жоғарыда аталған 1979 жылға энергияға бағаның шарықтауы (энергетикалық дағдарыс) сырттан әкелетін мұнайға бағаны өсіріп, технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағасының қымбатауына әкеледі.
«Импорттық» инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. әрине өз валютасын ревалюциялау ұлттық балютаның құнын жоғарлату арқылы мұнай импортын арзандатуға болады. Бірақ, ревальвация отандық тауарлардың экспорттық бағасын да қымбаттатады, ал бұл дүниежүзілік нарықта бәсекестік қабілетті төмендетеді.
Бесіншіден, инфляция өзіне — өзі дем беретін сипат алады, ол «инфляцияны күту» нәтижесінде орын алады. Батыс елдерінің көптеген экономистері және біздің де осы факторды ерекше көрсетуде. Халық пен өндірушілердің инфляцияны күту себептерін жою инфляцияға қарсы саясаттың ең басты міндетті.
Инфляциялық күту жағдайындағы экономикаға ықпал етудің механизмі қандай? Баға деңгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық, бағаның одан әрі өсуін күтеді. Мұндай жағдайда еңбекшілер жалақыны көбейтуді талап етеді. Халық тауарларды көптеп алады, өйіткені олардың бағасы ертең тағы да өсуі мүмкін. өндірушілер өз өнімдеріне өте жоғары баға белгілейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикізат, материал, қосалқы бөлшектер қымбаттайды. Мысалы, Ресей экономикасындағы (қаңтар – көкек 1992 жылы) инфляцияның жоғарғы қарқынды тұсында өндірушілер өздерін жабдықтаушылардың бағаны көтеру мүмкіндегінен сақтанып, алдын – ала өз өнімдерінің бағасын жоғарлатты. Нәтижесінде, Ресей эконоикасындағы басқа да ТМД елдеріндегі бағалар бұрынғы төлем қабілеті бар сұраныс деңгейінен ғана емес, инфляцияны куткен деңгейден де асып түсті.
Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляция өршуінің сан түрлі себептері бар. Алайда бұл құбылысты қоздыратын факторлардың комбинациясы жекелеген нақты елдердің экономкалық жағдайына байланысты. Айталық, Батыс Европада II дүниежүзілік соғыс біткен соң инфляция көптеген тауарлардың тапшылығынан пайда болады. Одан кейінгі жылдарда инфляциялық құбылыстың күшеюіне мемлекеттік шығыстар, баға мен жалақының арақатынасы, инфляцияның басқа елдерден келуі және т.б. фактрорлар себепші болады. Бұрынғы КСРО – ны алатын блсақ, жалпы заңдылықтармен қатар, соңғы жылдардағы инфляцияның себептеріне экономикадағы ерекше тепе – теңсіздік жатады ол әкімшіл — әміршіл жүйе салдары еді. Кеңес экономикасына тән жағдай ЖҰО – дегә әскери шығындар үлесінің көптігі, өндіру, басу және қаржы – несие жүйесін монополияландырудың жоғары деңгейі ұлттық табыстағы жалақы үлесінің аздығы және т.б. ерекшеліктер.
Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция әдетте төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарындағы мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде қағаз ақшаларды шығаруға мәжбүр болады. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол айықпас ауруға, ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.
Инфляция қарқынының жай, орташа жүруі кезінде бағаның өсуі 10 % — тен аспайды. Экономикалық теория, мысалы кейнешілер мұндай инфляцияны экономикалық даму үшін оңды жағдай деп есептейді. Мұндай инфляция өндіріс пен сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруға мүмкіндік береді.
Жоғары қарқынды (галопирующая) инфляция тұсында бағаның өсуі 20- дан 200 % ке жетеді. Ал бұл экономика үшін үлкен салмақ. Бірақ, көптеген контракт, келісімдер бағаның мұндай өсу қаркынын есепке алады.
Аса зор, шексіз инфляция (гиперинфляция) айналымдағы ақша мөлшері мен тауар бағасы шарықтап, шектен тыс өсуін білдіреді. Мысалы, Никарагуада азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300 % — ке жетті. Мұндай жағдайда халық үлкен зиян шегеді, тіпті қоғамның ауқатты тобына да қиын болады. Ұлттық шаруашылық бүлінеді. Гиперинфляцияны басынан өткізген бірқатар елдерде бағалардың өсу қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінің өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары болады. Мұндай құбылыс, мысалы, 1945-1946 жылдары Венгрияда байқалды. Шаруашылық субъектілері ұлттық валютаға деген сенім жоғалған кезде, қолдағы құнсызданған ақшадан құтылуға тырысады. Нәтижесінде, айналымдағы ақша айтарлықтай өсіп, ал оның санының көбейуіне тең болады. Салдарында баға қауіпті шектерге дейін шарықтайды. Гиперинфляцияның басталуына инфляциялық күтудің де үлкен әсері блатындығын атап өту орынды. Басыңқы инфляция кезінде бағаның өсуі байқалмай қалады. [372-75 б-б]
50 -60 жылдарда көптеген елдерде инфляция орташа, бірқалыпты қарқынмен жүрді. Ал, 70- жылдары ол бақылаудн шыға бастады, ұдайы өндірістің қалыпты жүрісін бұзды, қоғамдық өндірістің бірінші жауына айналды. Инфляциялық процестің ең қызған шағы 70 – жылдардың екінші жартысы. Мысалы, бөлшек сауда бағасының жылдық орташа өсуі АҚШ – та 1956-1965 жылдары 1,7 %, 1966-1974 жылдары — 51 %, 1975-1980 жылдары – 9,3 % болды. Англияда осы кезде 3,1: 6,0 және 17,9 %, Францияда 5,0 : 5,9 және 1,9 %. 80 – жылдардың соңына қарай бағаның өсу қарқыны төмендеп, жылына 4 % — ке тең болды. 1987 жылы -3,7 % — ке төмендеп, орташа инфляцияның үлгісіне сәйкес келді. Мұны көптеген себептермен түсіндіруге болады, олардың ішінде негізгілері: мұнайға әлемдік бағаның төмендеуі, баға бәсекесінің артуы, жалақы өсуін тежеу шаралары.
Инфляция баланстанған, тепе – теңдікті болуы мүмкін, яғни бағаның өсуі баяу, яғни барлық тауарлар мен қызметтерге бірдей өседі. Мұндай жағдайда бағаның жылдық өсуіне сәйкес ставка проценті көбейеді, бұл бағалардың тұрақтануы кезіндегі экономикалық ахуалы білдіреді.
Болжамды, күткен инфляцияны кенеттен өршитін инфляциядан ажырата білу керек. Күткен инфляция мерзімін анықтауға болады, үкімет оны «жоспарлайды», мысалы Ресей федерациясының, Қазақстанның 1991 жылы бағаны ырықтандыру алдында жасаған бағаны жоғарлату қарқынының бағдарламасын келтіруге болады.
Кенеттен болатын инфляция бағаның күтпеген кезде өсуімен сипатталады, ол ақша айналымына, салық салу жүйесіне теріс әсер етеді. Егер экономикалық инфляция күтілген болса, онда халық өз табысының құнсыздануынан қауіптеніп, артық тауарлар сатып алуға ұмтылады, қызмет көрсету шығындарын шамадан тыс көбейтеді, сөйтіп экономикаға қиындық келтіреді. Қоғамдағы шын қажеттілік бүркемеленеді, шаруашылықтың қалыпты жайы бұзылады. Бағаның тұтқиылдан шарықтауы инфляцияны күтуді одан әрі арандатып, бағаның өсуін өршітеді. Егер бағаның тұтқиылдан өсуі «инфляцияны күту» басталмаған экономикада орын алса, онда халықтың бағаның өсуіне көзқарасы өзгеше болады. Бағаның күрт өсуі қысқа мерзімді құбылыс, л төмендейді деген үмітпен тұтынушылар нарыққа сатып алу қабілеті бар сұраныс ретінде ғана ақша жұмсайды, көбірек сақтап, жинауға тырысады. Сұраныстың көлемі азайған шақта бағаның өзіне оны төмендету мақсатында қысым жасалады. Экономика тағы да өзінің тепе – теңдік жағдайына келеді.
Инфляция жұмысыздыққа да айтарлықтай ықпал жасайды, 1958 жылы ағылшын экономисі А. Филипс осы ықпалды өлшеп көрсететін сүраныс инфляция үлгісін жасап, ұсынды. 1961 – 1956 жылдар аралығында Ұлыбритания статистика мәліметтерін қолданып, Филикс еңбекақы кесімдері мен жұмысыздық деңейлерінің расындағы кері қатынасты білдіретін қисық сызықты анықтаған.
Филипистің айтуынша, Англияда жұмысыздықтың 2,3 – 3 % — тен артық өсуі бағалар мен жалақыны күрт тежейді екен. Осыдан жұмысыздықтың қысқаруы баға мен еңбекақының өсуін қалыптастырады деген қорытынды шығады. Басқаша айытқангда, ұлттық экономикада жұмысыздықты инфляцияның өсу қарқынын арттыру арқылы қысқартуға болады.
Филипс есептеулерінің теориялық негізін З. Липси есімді экономисі жасаған екен. Кейінен американ Р. Солоу және П. Самуэльсон Филипс қисығын жетілдіріп, оның орташа үлгісін жасап берген. Олар Филипс моделінде еңбекақы ставкасын тауар бағаларының өсу қарқынымен ауыстырады. Бұл түрінде Филикс қисығы белгілі экономикалық саясатты жүргізу үшін, ең алдымен, жұмыспен қамту, экономиканың өсуі, бағаларды тұрақсыздандыру жағдайларын анықтауда қолданылады. Х сызығында жұмысыздық деңгейі (% — пен), У сызығында – тауар бағаларының өсу қарқыны (% — пен) көрсетілген. Филипс қисығы осы көрсеткіштердің ара – қатынасын белгілейді:
Егер қалыптасып отырған жұмысыздық мысалы И1 (Р1 – инфляция деңгейінде) өте жоғары деп саналса, онда бұл жұмысыздық деңгейін қысқарту мақсатында белгілі ақша несие және қаржы – бюджет іс — шараларының жүргізілуі қажет болды. Жұмысыздықты қысқарту үшін өндірістің өсуіне қосымша жағдай жасалады. ЖҰО-нің өсуі жалпы сұраныс өскен жағдайда тауар бағалары да өседі, ал нарық бағаларының деңгейі өскенде ұсыныс, өндіріс арқылы өседі, түптеп келегнде ЖҰО өседі. Ұлттық өндірістің өсуі өндіріс факторларына, оның ішінде еңбекке қосымша сұранысты қалыптасырады, жұмысыздық қысқарады.айталық, жұмысыздықтың үлес салмаұы U2 – ге дейін қысқарған болып, онда инфляция қарқыны Р2 – ге көтеріледі. Бұл экономиканың «қызуын» арттырып, дағдарыс жағдайын қалыптасыруы мүмкін. Сондықтан, үкімет енді басқаша саясат жүргізуге мәжбүр болады. Инфляцияны тежеу мақсатында бюджет шығындарын қысқартады, «қымбат» ақша – несие саясатын іске қосады. Осы шаралардың нәтижесінде бағалардың өсу қарқыны Р3 деңгейге дейін түседі, ал жұмысыздық сәл өседі, оның деңгейі U3 –ке жетеді.
Батыс тәжірибесі көрсеткендей, Филипс қисығын қысқа мерзімдік экономика жағдайында қолдануға болады, ал ұзақ мерзімде Филикс заңдылығы сақталмайды және оны белгілі бір жағдайлармен түсіндіруге болады.
Осы жағдайлардың расында сұранысты ынталандыру саясатының орны ерекше. Мәселе мынада: үкіметтің жұмысыздықты қысқарту мақсатында іс — әрекеттері қысқа мерзімдік, уақытша ғана нәтиже береді.
Айталық, номиналды еңбекақының өсуіне байланысты еңбек ұсынысы артады. Сонда Филикс қисығы концепциясына сәйкес инфляцияның өсуі жұмысыздықты қысқартуы мүмкін. Номиналды жалақының өсуі осы инфляцияның өсуіне байланысты жүреді. Бірақ, уақыт өткен сайын инфляцияның өсу қарқыны нминалды жалақының өсуінен артады, сондықтан нақты жалақы төмендейді. Еңбек ұсынысы өспейтін болады.
Номиналды жалақы өскенде, кәсіпкерлер де еңбек факторына қосымша сұранысты қысқартады. Жұмысшылардың номиналды жалақыны инфляция деңгейінен артық көтеру талабы кәсіпкерлер үшін тиімсіз болады, бұл нақты пайданы азайтады. Сондықтан кәсіпкерлер қосымша жұмысшыларды жұмысқа алуды тоқтатады, ал белгілі жағдайда олар жұмыс орындарын қысқартып, жұмысыздықты арттырады. Бұл мәселеге 60 жылдары американ экономисі М. Фридмен ерекше назар аударған еді. Оның айтуынша жұмысыздықпен инфляция арұылы күресу тиімсіз, керек десе, «қауіпті іс — әрекет» екен. Еңбекақы мөлшерлемесінің номиналды өсуі табыстың нақты өсуіне сәйкес еместігі анықталған соң инфляциямен бірге жұмысыздық өсетін болады, яғни стагфляция басталуы мүмкін.
Стагфляцияны Филипс қисығы арқылы солдан – оңға қарай жылжуымен сипаттауға болады. Филикс қисығы жұмысыздық пен инфляция баламасын талдау құралы ретінде тек баяу инфляция жағдайында қолдануға болады деген пікір бар. Ал, тосын инфляция жағдайында бағалардың күрт өсуі жұмысыздықты бұрынғыданда жоғары көтеріп жіберуі мүмкін. Басқаша айытқанда, статистикалық деректердің негізінде жасалған Филикс қисығы ұзақ мерзім үшін тұрақты экономиканың заңдылығын көрсетеді. Филикс қисығының орнына 1979 жылдан бастап, АҚШ пен Англияда «жұмысыздықтың табиғи деңгейі» деп аталатын теория қолданған. Теорияның мәні: ұзақ мерзімде жұмысыздықтың деңгейі оның табиғи деңгейінен артса, қоғамда баяу инфляция экономиканың өсуіне, қоғамның оңды дамуына әсер ететін фактор болады.
Қоғамдағы жұмысыздық деңгейі оның фракциондық және құрылымдық түрлерінен құралған болса, жұмысыздықтың табиғи деңгейі еңбек нарығының құрлымымен анықталады. Бірақ, жұмысыздықтың табиғи деңгейін сақтап, инфляцияның өсу қарқынын тьөмендетуге арналған экономикалық саясат әрқашан оңды нәтиже бере бермейді. Бұл саясаттың жақсы жақтарын ескере отырып, мына мәселені ескеру қажет: жұмысыздық өзінің табиғи деңгейіне дейін төмендегенде де бағалардың өсуі бірден тоқталмайды екен, керісінше біраз уақыт өсу жалғаса береді. Бұған қоса, Батыс елдерінің көбінде жұмысыздық деңгейі өсуде. Мысалы, АҚШ – та жұмысыздықтың табиғи деңгейі 60 – жылдары 4 % — ке тең болса, 80 – жылдардың екінші жартысында 6-7 % — ке дейін өскен екен.
Ал өз еліміздің жағдайына келетін болсақ, 2003 жылғы мәліметтер бойынша ҚР-ның еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің алдында Президент қойған бірнеше тапсырма болды. Оларды министрлік және жергілікті басқару орындары орындауы тиіс.
Бірінші тапсырма – елдегі кедейлік масштабын төмендету. Бұл министрліктің тұрақты айналысатын бірінші кезектегі басты тапсырмасы. Бұл тапсырманы шешуде ең басты көңіл ауылға бөлінеді.
Кедейлік масштабын төментдету үкімет бағдарламасының бірнеше шаралары бойынша іске асырылады. Оның ішінде қоғамдық жұмыс саласын кеңейту, жұмыспен қамтылуын дамыту, табысы аз азаматтарға көмек ретінде микронесиелер беру, ауыл тұрғындарын малмен, тұқыммен, ауыз сумен, техникамен қамтамасыз ету шаралары.
Қазіргі кезде табысы кедейлік деңгейінен төмен 29 пайызды құрайды. Экономика және бюджетті жоспарлау министрі К. Келімбетовтың айтуынша, 2006 жылы үкімет кедейлік деңгейінде табыс табатын тұрғындар саны 20 пайызға төмендейді деп күтуде.
Екінші тапсырма – жұмыспен қамтудағы белсенді жәрдем, еңбек қатынастарының легализациясы және еңбек ресурстарының сапасын арттыру. Эксперттік баға бойынша (диаграмма 1) жұмысыздар саны 2003 жылдың мамыр айында 656,4 мың адам болды. Бұл 200 жылдың орташа жылдық көрсеткішінен асып түсті. Көрсетілген динамика бойынша 2003 жылы жұмысыздық деңгейі 8 % -тен аспады. Үкімет жаңа кәсіби білім беруде білімді, жұмыспен қамтамасыз ету жүйесін, әлеуметтік қамсыздандыруды біріктіру жоспарланған. Сонымен қатар, кадрларды қайта даярлау мәселесі е қарастырылды. Осылайша, 2002 жылы 20 мыңнан астам адам кәсіби оқытылды. әр адамның оқуына кеткен шығын 5000 теңгені құрады. Дәл осы жылы 211 мың қосымша жұмыс орны, ал қоғамдық жұмыстармен 10 мың адам айналысты.
Үшінші тапсырма – жаңа механизм өндіру және әлеуметтік көмек көрсету құралдарын жетілдіру. Бұл мәселені шешу үшін жұмыспен қамтуда және еңбек қатынастарын жетілдіру туралы заңнама негізін тұрақтандыру жұмыстары жүргізіледі. Ең алдымен еңбек кодекісін әзірлеу ҚР-нің «жұмыспен қамту туралы» заңына өзгертулер енгізу және «Еңбек туралы» заңға толықтырулар енгізді. 2003 жылдың сәсірінде тұрғындардың орташа номиналдық ақшалай табыстары (диаграмма 2 ) 9201 тенгені құрап, 2002 жылдың сәуірімен салыстырғанда 10,4 % ке өсті, нақтылы ақшалайтабыс 3,1 % ке өсті. Мысалы, 2003 жылдың қаңтар – наурыз айларында тұрғындардың жа басына …..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!