Курстық жұмыс: Экономика | Еуропалық валюта жүйесі

0

Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………………………………………………………6-7
I Валюта туралы жалпы түсінік.
1.1 Валюта түсінігі, мәні……………………………………………………………………………8-9
1.2 Еуропалық валюталық жүйе, негізгі кезеңдері мен
оның дамуы……………………………………………………….. ………………………………10-12
II Еуропалық валюта жүйесін талдау.
2.1 Еуропалық валюта жүйесінің (ЕВЖ) даму кезеңдері…………………….13-18
2.2 Қазақстан Республикасының Еуропамен дербес валюта
қатынастарын құруының маңыздылығы…………………………………………..19-24
III Әлемдік валюта жүйесінің даму тенденциясы.
3.1 Әлемдік валюталық нарықтар түсінігі……………………………………………25-30
Қорытынды………………………………………………………………………………………….31-32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………………33

Кіріспе.
Жалпы валюта жүйесі дегеніміз халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол — халықаралық несие-қаржы институттарымен халықаралық шарт және мемелекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже шарттардың негізгі міндеті — халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты — кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм) әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасау.
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. «Дүниежүзілік валюта жүйесі» деген ұғымға кіретін ішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретін түйін әлемдік ақша белгілері.
Алғашқыда әлемдік ақшаның бірден-бір түрі болып алтын, кейін құйма формасындағы алтын есептелді. Алтын монетаны халықаралық есептесуде қолдану үшін алдымен құйма жасау, содан соң басқа елдің монетасын соғу қажет болды. Біртіндеп айналыс шығындарын азайту мақсатында халықаралық есеп айырысуда ұлттық алтын монета және несие айналым құралдары қолданыла бастады. Валюта қатынастары — әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтардың нәтижесінің (тауарының, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде (ежелгі Египетте, Римде) вексель және айырбастау істері ретінде пайда болған. Валюта қатынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше де әсер (жағымды немесе жағымсыз) етеді. Валюта қатынастары құқықтың нормалармен және ережелермен реттеледі.
Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта жүйесі пайда болды. Валюта жүйесі — экономикалық көзқарас тұрғысынан — шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасатын валюта экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық-заңдылық тұрғысынан — ол белгілі бір қоғамдық-экономикалык формация шегінде мемлекеттік-құқықтық түрде ұйымдасқан валюта-экономикалық қатынастар.
Тарихи үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық немесе аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды.
Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады. Ұлттық валюта — елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета) және қолма-қол емес формада (банктік шоттардағы ақша қалдығы) болады.
Валюталық шектеудің болуы немесе болмауы. Мысалы, Ресейде ел экономикасының тұрақсыздығына байланысты шектеу, лимит белгілеу, белгілі бір валюталық құндылықтармен жүргізілетін операцияларға тиім салу енгізілген; 50-жылдардың аяқ кезінен бастап дамыған мемлекеттер бірте-бірте валюталық шектеуді алып тастаған. 1996 жылы Ресей ХВҚ Жарғысының VIII бабына қосылып, саудалық және саудалық емес операцияларға валюталық шектеулерді жойды. Төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері, СДР есепшоттары, еуро, 1995 жылдан ЭКЮ-дың орнына), ХВҚ резервтік позициясы
(бағыты) және елдің сыртқы қарызын өтеу мүмкіншілігін білдіретін мемлекеттің халықаралық валюта өтімділігін реттеу. Дүниежүзілік валюта жүйесі деген халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол — халықаралық несие-қаржы институттарымен халықаралық шарт және мемелекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті — халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты — кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм) әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасауды қарастырады.
1.1 Валюта түсінігі, мәні.
Валюта (итальян сөзі, сөзбе-сөз — құн) — елдің ақша бірлігі, оның шартты түрі, халықаралық төлем-есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы.
Шаруашылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек бөлінісін интенсивтендіру (күшейту) харықаралық нарықтың құрылуына себепші болды. Өндіріс күштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркендеген салаларының өнімін сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлардың тасымалын жағдайларын жетілдіру — міне осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстарының кеңеюіне әсер етті. Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатуының ұлғаюына байланысты болды.
Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды интернационалдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды, оның жолындағы кедергілерді жоюды, ішкі сауда-саттықты босаңдатуды талап етті. Өз тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз қозғалыста жүруіне транскорпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олар-дың дамушы мемлекеттердің тауарларын нарыққа түсуін жеңілдетуі, сондай-ақ интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық тауар айналымының ұлғаюы — ресурстарды толық және тұрақты қолдануға қол жеткізгендіктің айғағы. Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарының тереңдеуі және кеңуі осы елдердің экономикалық жағдайын анықтайтын барлық факторлардың — өндіріс пен әлемдік айырбастың, жалақы мен бағаның өсу карқынына зор әсер етті. Әлемдегі елдердің шаруашылық қарым-қатынастарына тауарлар қызмет, капитал және несие легі жылдан-жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік нарыққа ұласады және де әрбір егемен мемлекеттің заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы қолданылады. Бұл әлемдік шаруашылықта жалпы бүкіл мемлекеттерге міндетті деп танылған халықаралық несие ақшасының әзірше жоқтығынан.
Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы (экономикалық одаққа кіруі) ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына және керісінше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта, есеп айырысу жэне несие-қаржы қатынастарында жүзеге асады.
Валюта қатынастары — әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтардың нәтижесінің (тауарының, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде (ежелгі Египетте, Римде) вексель және айырбастау істері ретінде пайда болған. Валюта қатынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше де әсер (жағымды немесе жағымсыз) етеді. Валюта қатынастары құқықтың нормалармен және ережелермен реттеледі.
Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта жүйесі пайда болды. Валюта жүйесі эномикалық көзқарас тұрғысынан — шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасатын валюта экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық-заңдылық тұрғысынан – ол белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегінде мемлекеттік-құқықтық түрде ұйымдасқан валюта-экономикалық қатынастар.
Тарихи үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық немесе аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды.
1.2 Еуропалық валюталық жүйе, негізгі кезеңдері мен оның дамуы.
Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады. Ұлттық валюта — елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета) және қолма-қол емес формада (банктік шоттардағы ақша қалдығы) болады. Оның эмитенттері ұлттық орталық банк және коммерциялық банктер. Ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтері төмендегілер:
-ұлттық валюта;
-ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни айырбасталудың екі түрлі болуы:
а) шетел валютасына шектеусіз еркін айырбасталатын валюта. 1978 жылдан Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Жарғысында «еркін қолданылатын валюта» деген ұғым енгізілген. Оған американдық доллар, немістің маркасы, жапон иені, француздық франк, ағылшындық фунт стерлинг;
ә) жарым-жартылай айырбасталатын валюта, мысалы, ресейлік рубль;
б) айырбасталмайтын (тұйық) валюта;
валюталық паритеттің бірдейлік ережесі — валюталардың алтын құрамына байланысты өзара қатысы. Ақша өлшемінің алтын мазмұнына негізделген ондағы алтын паритеті алынып тасталды (Батыста 70-жылдарда, ал КСРО-да 1991 жылдан). ХВҚ-ның Жарғысы бойынша валюта паритеті тек СДР — арнаулы ақша өлшемімен немесе басқа халықаралық валютамен, бірақ алтынмен емес, анықталуы мүмкін. 70-жылдардың орта шенінен бастап паритеттер валюта қоржыны негізінде анықталады. Валюта қоржыны деп – бірнеше валюталардың белгілі бір бөліктерінің сомасын сол валюталардың нарықтық бағамына көбейтіп, оларды АҚШ долларына бөлумен анықталатын бір валютаның орташа өлшенген бағамын айтады. Мысалы, СДР валюта қоржыны жоғарыда көрсетілген бұрын еркін қолданылатын валюталардан құралады, қазір ондағы американдық доллардың үлесі шамамен 39%, неміс маркасы — 21, жапон иені — 18, француздық франк және фунт стерлингтің әрқайсысының үлесі 11%-дан болады. Еуропа қауымдастығының еуропалық валюта өлшемі (ЭКЮ) он екі елдің валютасынан тұратын валюта қоржынынан құрылған, ЭКЮ 1999 жылдың 1 қаңтарынан ұжымдық валюта — еуромен біртіндеп алмастырылмақшы;
-валюта бағамының тәртібі (белгіленген, белгілі бір аралықта өзгермелі). Мысалы, Еуропа валюта жүйесіндегі орталық бағамында он екі валюта бағамының өзара ауытқу шегі ± 15% шамасында бекітілген; 1995 жылдың екінші жартысында Ресейде АҚШ-тың 1 долларына шаққанда 4300-4900 руб. аралығында, ал 1997 ж. 5750-6350 руб. болды. 1998 ж. валюта коридорының жоғары шегі 9500 рубльге дейін көтерілді. Валюта-қаржы дағдарысы кезінде, 1998 жылдың тамызынан, рубльдің долларға шаққандағы бағамы бұл шектен шығып, деноминацияланған 15-25 рубльге дейін көтерілді. Көптеген елдерде валюта бағамының өзгеретін шегі заңмен бекітілмеген;
-валюталық шектеудің болуы немесе болмауы. Мысалы, Ресейде ел экономикасының тұрақсыздығына байланысты шектеу, лимит белгілеу, белгілі бір валюталық құндылықтармен жүргізілетін операцияларға тиім салу енгізілген; 50-жылдардың аяғынан бастап дамыған мемлекеттер бірте-бірте валюталық шектеуді алып тастаған. 1996 жылы Ресей ХВҚ Жарғысының VIII бабына қосылып, саудалық және саудалық емес операцияларға валюталық шектеулерді жойды. Төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері, СДР есепшоттары, еуро, 1995 жылдан ЭКЮ-дың орнына), ХВҚ резервтік позициясы
(бағыты) және елдің сыртқы қарызын өтеу мүмкіншілігін білдіретін мемлекеттің халықаралық валюта өтімділігін реттеу;
-халықаралық несиелік айналым құралдары мен халықаралық есеп айырысу формаларын қолдану тәртібін белгілеу;
-валюта нарығы мен алтын нарығы ережесі;
-валюта қатынастарын реттейтін ұлттық органдардың статусы (Орталық банк, Қаржы министрлігі, арнаулы органдар, мысалы, Қазақстанда Ұлттық банк, Ресейде валюталық және экспорттық бақылаудың федералдық қызметі).
Әлемдік шаруашылық қатынастарының дамуына байланысты әр елдің ұлттық валюта жүйелерінің негізінде дүниежүзілік және аймақтық валюта жүйелері қалыптаса бастады. Олардың негізгі принциптері мемлекетаралық келісіммен заңды түрде бекітіледі.
Еуропалық валюта жүйесі деген – халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол — халықаралық несие-қаржы институттарымен халықаралық шарт және мемлекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті — халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты — кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм) әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасау.
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. «Дүниежүзілік валюта жүйесі» деген ұғымға кіретін ішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретін түйін әлемдік ақша белгілері.
Алғашқыда әлемдік ақшаның бірден-бір түрі болып алтын, кейін құйма формасындағы алтын есептелді. Алтын монетаны халықаралық есептесуде қолдану үшін алдымен құйма жасау, содан соң басқа елдің монетасын соғу қажет болды. Біртіндеп айналыс шығындарын азайту мақсатында халықаралық есеп айырысуда ұлттық алтын монета және несие айналым құралдары қолданыла бастады.
Ұзақ тарихи дамудың нәтижесінде дүниежүзілік валюта жүйесінің негізгі элементтері қалыптасты. Олар:
-әлемдік ақшаның міндетті формасы (алтын, резервтік валюта, халықаралық валюталық өлшем);
-валюталардың айырбасталу шарттарын белгілеу;
-валюталық паритет пен валюта бағамы тәртібін үйлестіру;
-валюталық шектеу көлемін тәртіптеу;
-халықаралық валюта өтімділігінің құрамдас бөліктерін белгілеу (мысалы, ХВҚ 1970 жылдан айналымға жаңа халықаралық валюта өлшемі СДР-ды, ЕВҚҚ — 1979 жылдан еуропалық валюта өлшемі ЭКЮ-ді, ал 1999 ж. қаңтардан еуроны енгізді);
-халықаралық несиелік айналым құралдарын қолдану тәртібін
үйлестіру;
-әлемдік валюта нарығы мен алтын нарығының ережесі;
-мемлекетаралық реттеу институтының статусы — 1944 жылдан
Халықаралық валюта қоры бекітілді…..