Курстық жұмыс: Экономика | Дамушы елдердiң экономикалық өсуi
Мазмұны
КIРIСПЕ …………………………………………………………………………………………………3
I ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЭКОНОМИКАНЫҢ БАСТЫ КАТЕГОРИЯСЫ РЕТIНДЕ ……………………………………………………………………………………………………5
1.1. Экономикалық өсудiң эволюциясы …………………………………………………..5
1.2. Экономикалық өсудiң үлгілері мен факторлары ……………………………….8
1.3. Экономикалық өсудiң түрлерi және ғылыми-техникалық прогресс ….17
II ДАМУШЫ ЕЛДЕРДЕГI ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ ……………………………………………………………………………………21
2.1. Дамушы елдердiң экономикалық өсуiнiң ерекшелiктерi мен
мәселелерi ………………………………………………………………………………………………..21
2.2. Қазақстанның дамушы ел ретiнде экономикалық өсуi ………………………28
ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………………………………………………………………32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ……………………………………………………………..34
I ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЭКОНОМИКАНЫҢ БАСТЫ КАТЕГОРИЯСЫ РЕТIНДЕ
1.1 Экономикалық өсудiң эволюциясы
Экономикалық өсудiң теориясы бұл көптеген концепциялар және бұлар әр кезеңде әр түрлi бағытта дамыды. Бұл жағдайлар экономикалық өсудiң бiр деңгейден екiншi деңгейге ауысуына негiз болады. Оларды әдiстемеге байланысты өсу теориясында үш бағытты атап өтуге болады:
• Неокейнстiк;
• Неоклассикалық;
• Тарихи-әлеуметтiк.
1) кейнсиандық (неокейнсиандық) мекроэкономикалық тұрақтылық теориясы.
2) классикалық (неоклассикалық) теориялар, өзiнiң теориялық бастауын сонау Ж.Б. Сэйден алып және Дж.Б. Кларк, Р.Солоудың еңбектерiмен аяқталды /4/.
Классикалық бағыттағы ойда рыноктық жүйенiң тиiмдiлiгi, яғни өзiн-өзi реттеу механизмi қарастырылған, мұнда тек қана экономикалық субъект қана емес бүкiл экономикалық өндiрiс факторлары қарастырылады. Мүлтiксiз еркiн бәсеке, рыноктық баға жалпы тепе-теңдiктi қамтамасыз еттi. Осы мақсатта классикалық теория XIXғ. және XX ғ. Басында экономикалық өсуде басты орында болды.
Ұлы экономистер А. Смит, Д.Рикардо, Т.Мальтус және К.Маркс халықтар байлығы қорлануына басты көңiл бөлдi. Ал екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн Р.Харрод өзiнiң ғылыми статьясында ұлттық өнiмнiң өсуiне байланысты өсудiң үш концепциясын ұсынды: неокейнсиандық (Т.Харрод, Е.Домар); неоклассикалық (Р.Солоу); посткейнсиандық (Н.Калдор); /4/.
Ал XX ғасырдағы болған дүниежүзiлiк экономикалық дағдарыс тұсында, яғни өндiрiс қатынастары бұзылуы нәтижесiнде классикалық теорияның экономиканың рыноктық тепе-теңдiкте бола алмайтындығын дәлелдедi. Осы дағдарыстан шығуда экономикаға мемлекеттiң араласуы керек болды, яғни кейнсиандық бағыт қалыптасты. Ол экономиканы қысқа мерзiмде қарастырады.
Кейнсиандық модельдiң таянышына ұлттық шаруашылық түгелiмен кiредi. Кейинсиандық теорияның басты макроэкономикалық мәселесi ұлттық табыстың анықтауыш деңгейi динамикасы және оны бөлу болып табылады. Бұл факторлар кейнсиандық эффективтi сұраныс арқылы қаралады. Дж. Кейнс концепциясы макроэкономикалық тепе-теңдiкке жетуде толық жұмысбастылықты айта отырып , ЖҰӨ көлемiне қашан эффективтi сұраныс болмай болмай қалған жағдайда оған мемлекет жағынан қосымша инвестициялар бөлiну керек дедi.
Кейнстiк өсу үлгiсi негiзiнде логикалық құрал қолданылады, бiзге белгiлiсi кейнстiк қысқа мерзiмдiк тепе-теңдiк моделi. Кейнстiк өсу моделiнiң қарапайым түрi Е. Домар үлгiсi болып табылады, бұл моделде қапиталдың шектi өндiрiсi Леонтьев функциясы ретiнде қарастырылады.
Домар үлгiсi еңбек нарығында ұсыныстың артықшылығынан шығады, бұл бағаның тұрақтылығын ескередi. Капиталдың шығып қалуы жоқ, ал капиталдың У-ке қатынасы ( K / Y) және қор жинағы нормасы тұрақты болып келедi. Өнiм тек 1 ресурсқа ғана тәуелдi деп айтуға болады, ол – капитал /5/.
Неоклассиктер көзқарасы бойынша, экономикалық дамудағы басты шарт бұл iшкi ресурстар жиыны, яғни шетел көмегi емес, капиталдың қорлануы және халықтың өсуi.
Неоклассикалық модельдiң жалпы көрiнiсi келесi көрсеткiштерде:
1. Өндiрiстiк функция, яғни тоқтаусыз еңбек және капитал комбинациясы санына байланысты өнiмнiң белгiленген мөлшерiн беруге мүмкiншiлiк беретiн.
2. Еңбек ұсынысы функциясы. Халықтың тұрақты экзогендi өсу қарқыны, ал адам-сағат та тұрақты өседi.
3. Жинақ функциясы.
4. Рыноктағы қызметтердiң тепе-теңдiгi
Яғни неоклассикалық модельде басты орында өндiрiстiк функция тұрады /5/.
Ендi экономикалық өсудiң бiрнеше жаңа модельдерiне тоқталсақ. Жапондық модель 70-80 жылдары, өнеркәсiп, ғылым, қоғамдық кәсiпкерлiк, қаржы кеңiстiгi экономиканы мемлекеттiк реттеу, сыртқы экономикалық қатынасқа байланысты құрылды. Ондағы бәсекелестiк фирмаларға жаңа материалдардыигеруге және өңдеуге, шикiзаттарды өңдегенде жаңа әдiстердi енгiзуге, жартылай фабрикаттардың мөлшерiн арттыруға, ресурс жинақтаушы және қалдықсыз технологияға ауысуға итермеледi. Мемлекет қандай жағдай болмасын экономикаға өзiнiң тиiмдi әдiстерiмен қатысып отырды.
Еңбек ресурсын пайдалануды қарқындандыру жұмыскүшiнiң тиiмдiлiгн арттырып, жапониядағы экономикалық өсудiң ыңғайлы жаңа моделiн ұсынды. Жапонияның экономикада көлемдi құрылымдық бағытышикiзаттық тапшылығына байланысты құрылды. Осының есебiнен қызмет көрсету, ақпараттық және интелектуалдық кеңiстiкте экономика қарқынды дамыды. ҒТП ұлттық шаруашылықта 70-80 жылдары экономикалық өсудiң 70%-iн, ал қалған жылдары 90% iн қамтыды.
АҚШ-тың экономикалық өсудегi жаңа моделi қауiп-қатердiң көзiн құрту немесе әлемдегi лидерлiк позициясын ұстау есебiнде қарастырылады. Ұлттық шаруашылықтың дамуының басты жолы экспортты кеңейту және импортты алмастыруға байланысты.
Жапондық моделден өзгешелiгi Американдық экономикалық модель статистикалық көрсеткiштерге бағындырылады. АҚШ-та мемлекеттiк реттеу негiзiнен сырқты саясатта жүргiзiледi /8/.
1.2 Экономикалық өсудiң үлгілері мен факторлары
Қазiргi экономикалық теорияда, әдетте экономикалық өсу деп, өндiргiш күштердiң ұзақ мерзiмдiк дамуымен байланысты өндiрiстiң нақты көлемiнiң табиға дәрежесiнiң ұзақ мерзiмдегi өзгерiстерiн атайды.
Соңғы жүзжылдықта дүниежүзiнiң көптеген мемлекеттерiнде адам басына шаққандағы ЖҰӨ және жиынтық ЖҰӨ тұрақты түрде өсуде. Экономиканың өсуi кеңiнен тараған құбылыс болып есептеледi. Экономикада болып отыратын дағдарыстарды ескерсек те, ұзақ мерзiмдi экономиканың өсуi қарқыны ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуi, адам басына шаққандағы табыстың өсуi – бұл экономикадағы жаңа құбылыс /3/.
Экономиканың өсуiн өлшеудiң екi жолы бар:
1) Макроэкономикалық көрсеткiштердiң өсуi (ЖҰӨ,ЖIӨ, ТҰӨ, ҰТ) арқылы;
2) Әлеуметтiк институттар үрдiсiнiң өзгерiсi (жеке меншiк құқығы құрылымының өзгеруi, өндiрiстi ұйымдастыру және бөлу формалары) /5/.
Әрине қандай пән болмасын оның өзiнiң басқалардан ерекшелеп тұратын факторлары және түрлерi болады.
Экономикалық өсу факторларына нақты өндiрiс көлемiнiң кеңеюiмен байланысты оның өсiнiң тиiмдiлiгi мен сапасын анықтайтын үрдiстер.
Экономикалық өсу факторлары қызмет ету әрекетiне байланысты нақты және жанама факторлар болып бөлiнедi. Нақты факторлар экономикалық өсудiң физикалық өсуiнiң мүмкiншiлiгiн көрсетсе, ал жанама факторлар осы әрекеттердiң iске асуын қамтамасыз етедi. Олар нақты экономикалық өсу факторларына оң немесе терiс әсер етуi мүмкiн.
Нақты факторларға негiзгi бес факторды жатқызуға болады, яғни жиынтық ұсыныс пен өндiрiстiң динамикасын көрсететiн факторлар:
• еңбек ресурстарының сандық және сапалық өсуi;
• негiзгi капиталдың сапалы құрамының көлемiнiң өсуi;
• өндiрiстi ұйымдастыру және технологиялар қатысуымен;
• табиғи ресурстардың айналымының сандық және сапасының артуы;
• қоғамды ксiпкерлiк қызметтiң дамуы.
Жанама факторларға мына факторларды жатқызуға болады:
• нарықты монополизациялаудың төмендеуi,
• өндiрiстiк ресурстарға бағаның төмендеуi,
• пайдаға салықтың төмендеуi,
• несие алу мүмкiншiлiктерiнiң артуы және т.б. /2/.
Экономикадық өсу экономикадағы прогрессиялық қозғалысқа байланысты деп бiр анықтама келтiрсек ал екiншi экономикалық өсу бұл халық басына шаққандағы ЖҰӨ-нiң өсуi.
Егер әскери-саяси мәселе болса онда көбiнесе алғашғы анықтама қолданылады, ал халықтың тұрмыс деңгейiне байланысты екiншi анықтамаға жақынырақ боламыз. Экономикалық өсу қандай болмасын барлық әлеуметтiк-экономикалық жүйеде басты қызметтi атқарады. Экономикалық өсудiң басқа экономикалық категориялардан ажырата көрсететiн бiрнеше бегiлерi бар:
1. Негiзгi факторлардың құрылымы мен деңгейiн анықтайды.
2. Экономикалық өсу макроэкономикалық категория, ұлттық экономиканың жағдайымен сипатталады.
3. Экономикалық өсу динамикалы түрдегi заңдылық үрдiс
4. Ол тек қана елдiң iшкi экономикалық қызметiне ғана емес, сыртқы факторларға да байланысты.
5. Бұл макроэкономикалық көрсеткiш бола отыра, микроэкономиканы да қатар бақылайды. Яғни салааралық және индустриялық дамудағы негiзде.
Экономикалық өсудiң негiзгi мақсаты халықтың тұрмыс-тiршiлiгiнiң өсуi, ол бiрнеше жағдайда көрiнедi:
1. Халықтың орта кiрiсiнiң өсуi, яғни жан басына шаққандағы ұлттық табыс.
2. Бос уақыттың өсуi.
3. ҰТ өсуiнiң халықтың орта тобы арасында бөлiнуi.
4. Әр-түрлi товарлар және қызмет көрсетулердiң санының және сапасының өсуi /8/.
Нақ осы факторлар өндірістің өсуін нақты түрде мүмкін етеді. Ұсыныс факторлары түпкілікті бір сипатқа ие: олар өте сирек немесе мөлшері шектеулі. Ал адам қажеттіліктерінің іс-жүзінде ұшы-қиыры жоқ. Сондықтан әлеуметтік экономикалық дамудың белгілі бір деңгейінде елдердің әйтеуір біреуінде азық-түліктік, экологиялық, демографиялық проблемалар туындайды. Өндірістік ресурстардың сиректік немесе шектеулілік салдарынан экономика соған бейімделуі, қайта жаңғыру (өзгеруі), өсудің жаңа үлгілерін таңдауы тиіс, үрдістерді ынталандырып немесе, керісінше, керексіздерін тежеп отырады.
Экономиканың нақты өсуі, сондай-ақ сұраныс факторларына да байланысты болады. Олар өндірістің өскелең көлемін іске асырудың мүмкіндігін анықтайды. Солардың ең маңыздыларының қатарына тұтынушылық, инвестициялық, мемлекеттік шығындарды, өткізудің жаңа рыноктарын игерудің есебінен экспортты ұлғайтуды немесе елде шығарылатын өнімнің әлемдік рыноктағы бәсеке қабілетін арттыруды атауға болады.
Жоғарыда көрсетілген факторлармен қатар экономиканың бөлу факторлары да ықпал етеді. Экономикалық өсуге ықпал жасайтын осындай факторларға жататындар:
өндіріс ресурстарын салалар, кәсіпорындар, елді аймақтар
бойынша нақты бөлу;
шаруашылық қызмет субъектілірнің арсында табыстарды
бөлудің қоғамда қолданылатын тәртібі.
Экономикалық өсуге екі жол арқылы жетуге болады: экономикалық қызметке жаңа жұмыс күшін тарту және экономикалық белсенді халықтың бұрынғы сондай санын анағұрлым тиімді пайдаланудың есебінен, яғни экстенсивті және қарқынды даму жолдарының көмегі арқылы қол жетеді.
Экономикалық өсудің экстенсивті үлгісі ұлғайтылған үдайы өндірістің ең қарапайым жолы. Соның көмегімен жұмыссыздықты жылдам қысқартуға, жұмыс күшінің жұмыспен көп қамтылуын қамтамасыз етуге болады. Экономикалық өсудің мұндай жолының күрделі кемшіліктері де бар. Біріншіден, оған техникалық тоқырау кідірісі тән, мұндай тоқырау кезінде өнім шығаруды ұлғайту техникалық прогреспен қатар жүрмейді. Екіншіден, капитал қайтарымы, материал сыйымдылығы, еңбек өнімділігі сияқты көрсеткіштер өзгеріссіз деңгейде қалады. Үшіншіден, экономикалық өсу шығындық сипат алады, оның себебі, өндірісті экстенсивті кеңейту еңбек және табиғи ресурстардың жеткілікті көлемдерінің болуын ұйғарады және экономиканың масштабтары солардың есебінен ұлғаяды. Бұл орайды ұдайы өндіріс жағдайлары шарасыздан нашарлай түседі. Сондықтан экономикалық өсудің экстенсивті жолына ұзақ мерзімде бағдарлану тұйыққа әкеп тірейді.
Экономикалық өсудің қарқынды үлгісінің басты айрықша белгісі-техникалық прогресс базасында өндіріс факторларының тиімділігін арттыру. Өндірісті қарқынды ұлғайтудың шүбәсіз құндылығы табиғи ресурстардың шектеулілігінен туындайтын экономикалық өсу тосқауылдарын жеңетіні болып табылады. Қарқынды экономикалық өсу кезінде өндіріс ауқымын ұлғайту анағұрлым ілгерішіл техниканы, озақ технологияларды, ғылым жетістіктерін қолданудың, сондай-ақ кадрлардың біліктіліктерін арттырудың есебінен жүреді. Экономикалық өсудің қарқынды үлгісінің ерекшеліктері мынада, мұнда экономикалық өсу қарқынының өте жоғары болуы мүмкін емес, ал ғылыми-техникалық прогресс жұмыссыздықты тудыру мүмкін.
Сонымен, экономикалық өсу қарқынды және экстенсивті сипат алу ықтимал. Бұл ретте мемлекеттің экономикалық дамуы өндіріс ресурстарын пайдалану тиімділігін ұдайы өсу жағдайларында, яғни өндірістің қарқынды сипат кезінде қамтамассыз етіледі.
Экономиклық өсуді сипаттайтын индикатор болып табылатындар: ЖІӨ нақты өсу, халық табыстарының нақты өсу, инфляция деңгейі, валютаның айырбас бағамы, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және ЖІӨ қатысты үкіметтің сыртқы борышының деңгейі, елдің сауда балансы (экспорт, импорт және сауда сальдосы),экономикаға тартылатын инвестициялардың нақты өсуі, сондай-ақ экономика салалары мен экономикалық қызмет түрлері бойынша ……