Курстық жұмыс: Экономика | Банкткрдің депозиттік операцияларын реттеу » ZHARAR

0

Мазмұны

Кіріспе
Негізгі бөлім
І-ТАРАУ. Банкткрдің депозиттік операцияларын реттеу
1.1 Банктік депозит шарты және банктік депозиттік құқықтық қатынастар
1.2 ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2003ж 4 шілдедегі қаулысына сәйкес жағдайлар
1.3 Заңды және жеке тұлғалардан салым қабылдау
1.4 Депозиттік салымдардан кім,қанша пайда табады?
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстанның банк саласының бүгінгі күнгі даму үрдісі тұрлаулы әрі тұрақты түрде нығайып келе жатқан жүйе ретінде сипатталады.Еліміздің эконамикасы да үнемі өркендеп ,дамып келеді.Бұл әрине ең алдымен ұтымды экономикалық реформалардың нәтижесі, сондай –ақ Ұлттық банк пен Қаржылық қадағалау агенттігінің банк жүйесін дамыту банктерде жинақталған жалпы капитал мөлшеріне қойылатын нормативтік талаптарды күшейту ,банк жүйесінің тұрлаулылығы мен сенімділігін олардың ел ішіндегі және халықаралық капитал рыногындағы бәсеке қабілеттілігін өсіруді қамтамассыз ету бағытындағы ұстанып отырған саясаттың нәтижесі.
Банктер арнайы қаржылық мекеме бола отырып ,өздеріне тән жарғылық капитал мен қаржы рыногында мамандану ерекшелігіне қарамастан бірінші кезекте банкке қаржы салушы халық сенімінің артуына тәуелелді болады . Бұл олардың қызметінің әлеуметтік мәні бар бөлігі ,әрі экономикалық өсімді жеделдетуге ықпал ететін кредиттік, депозиттік операциялар көлемін кеңейтудің қосымша көзі . Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары олардың есебінен банктің активтік опнрацияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты ,сондай –ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы тартылған қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.
Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөлінеді:
— депозиттік қаражаттар
— депозиттік емес тартылған қаражаттар
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден бір арзан ресурс көзі болып табылады.
І-ТАРАУ. Банкткрдің депозиттік операцияларын реттеу
Депозит (латын тіліндегі мағынасы depositium- сақтауға берілген, қщйылған зат) Банк клиентінің банктік депозиттік ( салымдық ) шарт негізінде өз банкіне уақытша пайдалануына ақша қаражатын беруіне байланысты туындайтын банктік (экономикалық) қатынасты білдіреді.
Қандай болмасын банктің кредиттік ресурстарын негізінен алғанда банк клиенттерінен тартылып жұмылдырылған депозиттер ( заңды және жеке тұлғалардың банкке соқтауға салған уақытша бос ақша қаражаттары құрайды. [ 4. 172 б ]
Қазақстан Республикасының заң шығарушысы депозит деп – депозиттердің қайтарымдылық шарттылығымен оның алғашқы талап етуі бойынша немесе белгіленген мерзімі өткеннен кейін толық мөлшерді бірден не болмаса бөліп-бөліп банктік депозит шартында келілген үстемесімен не ондай үстемесіз ( процентсіз қайтарылуға тиіс банкке беретін ақша қаражатын есептеген [ 2 ]
Демек, депозит банк клиентінің кез келген уақытта талап етуін және банктік депозит шартында көзделген мерзімнің аяқталуына орай толығымен немесе бөліп-бөліп процентімен не процентсіз өзіне қайтару шарттылығымен өз банкіне сақтауға беретін ақша қаражаты болып табылады. Банктер капиталының 90%-ке жуығын әдеттеп клиенттерден тартылған ақша қаражаттары құрайды. Нарықтық қатынастар аясындағы заңды немесе жеке тұлғалардың уақытша бос және өзге де қаражаттарын депозит ( салымдар ) ретінде банкке тарту депозиттік операциялар деп аталады. Банктер үшін депозиттік операциялар олардың пассивтік операцияларының нәтижесінде жымылдырылған депозиттер ( ақша қаражаттары ) активті банктік операциялар жүргізудің негізгі ресурсы болып саналады.
Банкке қолма-қол және қолма-қол емес нысанда ұлттық немесе шетелдік валютада белгілі бір мәнжайлары көздеп меншік иесі ( клиент ) берген депозиттер “ банктегі ақшалар “ ретінде өзінің иесіне ақшасын қандай болмасын түрде жұмсауына әрі капитал ретінде проценттік табыс алуына мүмкіндік береді. [ 3. 152 б ]
Банктік депозиттер:
1. Талап етілгенге дейінгі ( талап етілмелі депозит
2. Мерзімді депозит
3. Шарттылы депозит болып бөлінеді.
Талап етілгенге дейінгі депозит – депозиттердің ақша қаражаттарын банктен бірінші талап етуі бойынша бірден ( толығымен ) немесе ішінара ( бөліп-бөліп ) қайтарылады.
Мерзімі депозит-банктік депозит шартында көзделген мерзімге салынады және осы келісілген мерзім өткеннен ( аяқталғаннан ) кейін қайтарылады.
Шарттылы депозит-банктік депозит шартында белгіленген мән-жайлары туындағанға дейін салынады.
Талап етіліп алынатын депозит банкті алдын ала хабарда етпей ( ескертпей ) кез – келген уақытта талап ету арқылы алынатын ақша қаражаттары болып табылады. Бұл ретте талап етіліп алынатын депозитке ағымдағы, есеп айырысу бюджеттік және тағы басқа шоттардағы есеп алырысуға немесе белгіленген мақсатта пайдалануға арналған қаражаттар жатады. Ағымдағы есеп айырысуға арналған талап етілмелі депозиттердің банктер арқылы қщзғалысы қолма-қол ақшамен, чекпен, аудару жолымен және тағы басқа құжаттармен рәсімделеді. Банктердің корреспонденттік шоттарындағы Қазақстан Ұлттық Банкінің есеп айырысу кассалық орталығындағы немесе корреспондент (коммерциялық банктегі ) қаражаттар да талап етілмелі депозит болып табылады. Дүниежүзілік банктік практикада пайдаланылатын конторренттік ( ағымдағы ) шоттардағы қаражаттар да талап етілмелі депозитке жатады. Осы орайда көрініс табатын кредиттік сальдо банк клиентінің өз қаражатын, ал дебеттік сальдо банктік шот иесінің банкке қарыз екенін білдіреді.
Талап етілмелі депозит банктік корроспонденттік шоттарда сақталатын, тұрақсыз ( қалдық мөлшері әрдайын өзгеріп отыратын ) сипаттағы депозит ( салым ) түрі болғандықтан аталмыш шот бойынша проценттік өсім төленбейді ( тек сапалы әрі қосымша қызмет көрсетіледі ).
Депозиторлар ( салымшылар ) санатына орай заңды тұлғалардың депозитімен жеке тұлғалар депозиті көрініс табады.
Мерзімді депозит банк клиентінің табыс табу мақсатында нақтылы белгіленген мерзімге банкке салынған ( сақтауға, пайдалануға берген ) өз меншігіндегі ақша қаражатын білдіреді.
Белгілі мерзімге өз қарамағына берілген депозитке орай банк төлеуге тиіс проценттік ставка мөлшері салынған қаражат ( депозит ) шамасына ( көлеміне ) және оны сақтау ( пайдалану ) мерзіміне байланысты болады. [ 10. 103-105 б ]
Мерзімді депозит ( қаражаттары ) депозиторға тек банктік депозит шартында көзделген мерзім аяқталған кезде ғана қайтарылады
Мерзімді депозит белгілі бір негіздерге ( себептерге ) байланысты көзделген мерзімінен бұрын алынған жағдайда осы депозит түрі бойынша айқындалған проценттік өсім мөлшері айтарлықтай кемиді.
Депозиторларды қызықтыру үшін мерзімді депозит бойынша оларңа күрделі процент түріндегі табыстар төленеді. Мерзімді депозит тек мерзімі аяқталғанда ғана алынады және ол бойынша банктік депозит шартында белгіленген процент мөлшері депозит ( салым ) сомасына белгілі кезең сайын есептелініп, осы есептелінген табысқа келесі кезеңде тағы да тиісті процент есептелінеді.
Мерзімді депозит бойынша белгіленген жай проценттердің табысы сақтаулы қаражаттың нақтылы мөлшеріне банктік депозит шартында көзделген процентті есептеу арқылы төленеді. Банктер үшін депозит ссудалық капитал болып табылады [ 3. 115-116 б ]
1.1 Банктік депозит шарты және банктік депозиттік құқықтық қатынастар

Банктік депозит шартында жазбаша нысанындағы, заттай ( депозит сомасы ), ақылы және біржақты міндеттеуші сипаттағы клиент пен банктің өзара келісімі, сондай-ақ тиісті заңнамалық және знңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер негізінде жасасылған құжатта банкке берілетін ( салынатын ) депозит сомасы, оның мерзімі, проценттері, оларды есептеу және төлеу тәртібі, депозитордың міндеттері мен құқықтары, банктің міндеттері мен құқықтары, тараптардың шартта белгіленген мән-жайлары сақтау жөніндегі жауапкершілігі, талас-тартыстарды шешу тәртібі көзделеді.
Банктік депозит шартының нысанын ( әдетте жазбаша нысанда ) депозит түрлеріне орай банктер дербес әзірлейді.
Банктік депозит шарты бойынша бір тарап – банк екінші тараптан депозитордан депозит алуға және оны пайдаланғаны үшін аталмыш шартта көзделген мөлшерде және белгіленген тәртіппен оған сыйақы төлеуге әрі депозит түріне қарай ақша қаражаттарын уақтылы қайтаруға міндеттенеді. [ 6.108 б]
Банкке тартылған депозиттердің түрлеріне орай клиенттің ақша қаражатын есепке алу мақсатында банктер өз клиентіне біріздендірілген жекелей код ( БИК ) береді.
Банктік депозит ( салым ) шарты жазбаша нысанда, сондай-ақ банктік заңнамада, Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде және банктік тәжірибеде қолданылатын іскерлік айналым дағдыларында белгіленген талаптарға сай жасалады.
Депозитордың ( салымшының ) талабына сәйкес депозиттің салынғанын куәландыратын құжат депозитордың атына не болмаса көрсетілген үшінші тұлғаның атына ресімделуі мүмкін.
Банкті депозит шарты келісілген депозит сомасының банктегі шотқа келіп түскен күнінен бастап жасалынды деп есептеленіледі.
Банк клиенттері ( депозиторлар ) депозиттерін қолма-қол ақшамен де, қолма- қол ақшасыз аудару арқылы да енгізе алады. Талап етілгенге дейін ( талап етілмелі ) депозит кез келген сомада және кез келген кезенде жекелеген жарналар түрінде енгізіледі.
Мерзімді депозиттер мен шарттылы депозиттер бір жолғы жарна түрінде бірден енгізіледі.
Банк өз депозиторына банктік депозит шартына айқындалып көзделген мөлшерде және белгіленген тәртіппен депозит сомасына сиақты төлейді.
Депозитор талап етілмелі депозит бойынша өзіне тиесілі сыйақыны депозит сомасынан бөлек алуға құқылы.
Талап етілмелі банктік депозит шарты мерзімсіз болып табылады.
Мерзімді депозит бойынша депозиторға тиесілі сыйақыны сақтау мерзімі аяқталғанда ғана берілетін депозит сомасынан бөлек алуға болады.
Мерзімді депозит бойынша белгіленген мерзімнің аяқталуына орай депозитор өзіне тиесілі сыйақына да және депозит сомасын да толық мөлшерде алуға құқылы.
Депозитордың алғашқы талап етуі бойынша банкдепозитті немесе оның бір бөлігін:
1. талап етілмелі депозит бойынша – депозитор талабының банкке келіп түсуіне орай;
2. мерзімді депозит бойынша – банктік депозит шартында көзделген мерзімнің басталуына байланысты;
3. шарттылы депозит бойынша – банктік депозит шартының басталуын және депозиттің қайтарылуын байланыстыратын мән – жайлар орын алған кезде беруге міндетті
Шетел валютасымен салынған депозит тиісті заңнамада, банктік депозит шартында немесе банк пен депозитордың қосымша келісімінде өзгеше көзделмесе, шетел валютасымен қайтарылуға тиіс.
Депозитор банктердің депозиттік операциялары барысында өзіне көрсетілген банктік қызметтер үшін шартта белгіленген тәртіппен ақы төлеуге міндетті.
Сонымен, депозитор талап етілмелі депозитті тиісті банктік шотқа кез келген сомада және кез келген кезеңде ( уақытта ) жекелеген жарнамалармен енгізе алады. Ал банкке мерзімді депозит пен шарттылы депозит салу кезінде депозитор қажетті мөлшердегі ақша қаражаты сомасын бірден енгізеді.
Жеке тұлғалардың жинақ кітапшсында шот ашқан банктің немесе оның филиаының орналасқан орны және аталуы; депозиттің түрі, мерзімі; депозит шотының нөмірі; депозитордың фамилиясы, аты-жөні; шотқа салынған депозиттің сомасы; шоттан шығарылған ақша қаражатының сомасы; есептелген процент шамасы; шоттағы ақша қаражатының қалдығы көрсетіледі…

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com