Курстық жұмыс: Экономика | Банктің құқыктық даму және оның тарихи аспектілері » ZHARAR

0

Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………… 5-7
1. Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы.. 8-20
2. Банктердің мәні және атқаратын қызметтері……………….. 21-32
3. Банктің нарықтық экономикадағы қызметі…………………. 33-37
Қорытынды………………………………………………………………. 38
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………. 39
Қосымшалар……………………………………………………………………………… 40-41

КІРІСПЕ
Банктің пайда болуы
Бірқатар ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализм дамуының мануфактуралық сатысында — XIV және XV ғасырларда Италияда несие қатынасының кең ауқымды дамуымен байланысты пайда болған. Кейбір ғалымдар банктердің бұдан да ертерек — феодализм кезінде төлем делдалдары ретінде пайда болды деп есептейді.
«Банк» сөзі «үстел» мағынасын беретін италияндық «banco» сөзінен шыққан. Банко — үстелдер тауарлардың сауда-саттығы қызу жүретін алаңдарға қойылатын. Сауда-саттық мемлекеттерде, қалаларда және жекелеген қалаларда шақа соғылатын (чеканившихся) әр түрлі монеталармен жүзеге асырылды. Бұл жағдайда көптеген монетаның әр түрлі айналасынан хабары бар, айырбас бағамы бойынша кеңестер беріп, бағалай алатын арнайы мамандар қажет болды. Бұл айырбастаушы мамандар әдетте өз үстелдерімен нарықтарда отырады. X ғасырда Италия әлемдік сауданың орталығына айналды, сол себепті де өздерінің ерекше банко-үстелдері бар айырбастаушы банкирлер әйгілі болады әрі олар Ежелгі Грецияда (трапезиттер деп аталған, «трапеза» — үстел), Ежелгі Вавилонда және басқа да елдерде кеңінен тарайды.
Әр түрлі монеталарды бір-бірімен үзбей айырбастау үшін олардың қоры болуы керек. Осылайша, бұл айырбастаушы-үстелдер айырбастаушы-үйге айналады. Бұл үйде құны әр түрлі монеталардың айырбасталуы жүзеге асырылды.
Алайда ақшаның табиғатын валюталарды айырбастау бойынша операциялармен қатар қою банктердің шығу тегін жаңсақ (қате) ұқтыруға әкеп соқтырады. Бұл өз кезегінде банктерді ақшаның әлемдік ақша қызметін орындай бастағанда ғана пайда болған тәрізді етіп көрсетеді. Әрі бұдан да ертерек — ақшаның ішкі нарықтағы айналыста жүрген кезеңде банктерді мүлдем болмаған етіп көрсетеді.
Ғалымдардың пікірінше, біздің эрамызға дейінгі VI ғасырларда Ежелгі Вавилонда салым ақшаларды қабылдау және осы ақша бойынша пайыз төлеу тәжірибеде кездескен. Мұндай валюталық және несиелік операциялар біздің эрамызға дейінгі IV ғасырда Грецияда да тәжірибеде кездескен.
Тарихшылардың пікірі бойынша бұл операциялар жеке тұлғалармен де, шіркеу мекемелерімен де жүргізілген. Храм ақша мен құндылықтарды сақтаудың сенімді орнына айналады, өйткені ол мемлекет тарапынан да, қауым тарапынан да үлкен сенімге ие болған еді. Храмдар тауарлық ақшаны сақтау секілді ақшалай операцияны ұдайы жүргізіп отырды. Ал бұл салмақ өлшемінде жүзеге асырылатын есептік және есеп айырысу секілді қосымша операцияларды қажет етті. Олар мынадай сапаларға ие болуы керек: бөлінетіндей және сақталатындай әрі бір текті болуы тиіс. Мұндай сипаттарға металдар, әсіресе алтын мен күмістер ие болды.
Храмдар негізгі ақшалай операциялармен қатар карыз (ссуда) берумен де айналысты. Оны заң нормаларын қатаң сақтай отырып ресімдеді әрі берілген қарыз үшін пайыз өндіріп алды.
Сол уақытта-ақ адамдар көп мөлшерде жинақталған ақшаның айналысқа түспесе пайда әкелмейтінін ұқты. Сондықтан да ақшаны уақытша пайдалануға беріп, одан пайыз алудың немесе сауда және қолөнер кәсіпорныы ашудың тиімді болатынын да ұқты.
Міне, осы уақытша несиені жоғары пайызбен беретін өсімқорлық пайда болды, ссуданың негізіне тараптардың несие беруші қоятын өктем шартымен жасасқан жеке келісімі жатады. Сауда үйі түрінде жеке несие берушілердің пайда болуымен бірге бір мезгілде мемлекеттік сауда-саттық агенттіктері де әрекет етеді. Ежелгі шығыста олар тамкаралар деп аталған. Олар металл құймалары түріндегі ақшаны сатумен және сатып алумен айналысты, басқа мемлекеттермен сауда-саттық жүргізді.
Храмдар, өсімқорлар, сауда үйлері және сауда-саттық агенттіктері жүзеге асырған барлық акша операциялары банктердің қалыптасуына себепші болды. Банк — бұл аса ірі несие кәсіпорны. Осыған қарай жоғарыда аталған несие берушілерді банк деп ұғуға болмайды. Олар банк деп аталуы үшін несие істерінің даму деңгейі жоғары болуы керек әрі несие берушінің өз клиенттеріне қызмет көрсету бойынша орындайтын операциялардың жиынтығы толық болуы қажет. Несие операциялары қалай жүйеге айналады, солай өсімқорлық та тоқтайды, өйткені несие берушілердің арасында бәсекелестік пайда болады, өсімқор өз ссудасы үшін жоғары пайыз белгілей алмайды, егер жоғары пайыз белгілейтін болса, қарыз алушы одан бас тартады. Несие мәмілелерін орындаумен қатар несие беруші өз клиенттерінің өкімі бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды жүргізеді. Банк — несие, ақша, есеп айырысу операцияларын бір орталыққа шоғырландыратын ақша шаруашылығының даму деңгейі. Мұндай мекемелер Солтүстік Италияда XVII ғасырда пайда болды.
1619 жылы Венеция қаласындағы қоғамдык серіктестік жиробанк (латынша giro – айналым) деп аталды. Металдық монеталар төлемі мен оны қағаз серіктестіктеріне ауыстыру олардың айналысатын негізгі операциялары болды. Еуропа мемлекет құрған экономикалық қызметке, банктердің пайда болуына тән ақшалай операциялардың тұрақты ену орталығына айналды. Банк ісінің шынайы мәні мемлекеттер арасындағы сауда-саттық байланыстың даму процесінде айқындалды. Банк ісін жүргізудің италияндық тәжірибесі өзіндік банктерді құрудың тек ынталандырушы факторы ғана болды.
Амстердамда айырбастаушы банк құрылды, содан соң ол депозиттік банкке және жиробанкке, ақыр аяғында ссуда банкісіне айналды. Германияда италияндық сауда үйлерінің филиалдары негізінде неміс сауда үйі құрылып, одан алғашқы неміс банктері, ал Францияда француз банктері пайда болды және т.б. XVII ғасырдың ішінде банктер Еуропаның бүкіл мемлекеттерінде пайда болып үлгерді.
Ежелгі банктердің несие операцияларымен қатар трансферит деп аталатын операцияның көмегімен есеп айырысу да біртіндеп дамыды, яғни ақшалай қаражатты бір кестеден (шоттан) екіншісіне ауыстыру кеңінен қолданыла бастады. Банктер клиенттермен өзара және клиенттер арасында келісімшарттар бекітіп, сауда мәмілесінде делдал ретінде алға шықты. Есеп айырысуды қамтамасыз ету үшін ежелгі банктер ақшамен тең дәрежеде айналыста жүретін банк билеттерін (hudu — «гуду») шығарды.
Осылайша, несие, ақша және есеп айырысу операциялары бір орталыққа (банкке) шоғырлана бастады. Ақша шаруашылығының бұл даму кезеңінде банк секілді аса ірі несие мекемелері пайда бола бастады.
XVII ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап, банктердегі эмиссиялық операциялар Англияда да жүзеге асатын болды және XIX ғасырдын басында оған елдің эмиссиялық банкісі деген атақ (статус, мәртебе) берілді. Оның банкноттары төлемнің әмбебеп, заңды құралына айналды.
1846 жылы Германияда жергілікті 33 эмиссиялық банктерді біріктірген елдің орталық банкісі ретінде Пруссиялық банк құрылды.
Ресейде банк ісі мемлекеттік тұрғыдан дамиды, ал жекеше эмиссиялық банктер болған жоқ, тек XIX ғасырдың соңында ғана (1894 ж.) орталық эмиссиялық банк ретінде Мемлекеттік банк пайда болды.
XX ғасырдағы 90-шы жылдардың басына дейін Қазақстанның банктері болған емес. Бұл турасында осы тараудың келесі тармағында айтылады.
1 ҚАЗАҚСТАНДА БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанның өз банк жүйесі болмады, өйткені республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімшелері жұмыс істеді. Сол себепті де банк жүйесінің тарихы КСРО тарихымен және революцияға дейінгі Ресейдің тарихымен ажырағысыз байланыста болды. Патшалық Ресейдің банк жүйесіне мыналар кірді: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, өзара несие қоғамы, қалалық банктер, ипотекалық несие банкісі және басқа несие мекемелері.
Ресейдің Мемлекеттік банкісі (өз қызметін 1860 жылы бастады) бүкіл несие жүйесінің Орталық банкісі болып табылды. Қағаз ақшаларды айналысқа шығарудың монополиялық құқығы тек осы банкке ғана тиесілі болды. Ресейдің Мемлекеттік банкісі 1914 жылы салым ақшалар мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін, барлық акционерлік-коммерциялық банктердің шамамен 1/3 есептік-ссудалық операцияларын өз жағына тарта білді. Басқа елдердің орталық эмиссиялық банктерден Рессейдің Мемлекеттік банкісінің айырмашылығы: ол тек банктерді ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауда-саттықты және т.б. несиеледі. 1914 жылы оның 10 кеңсесі, 124 бөлімшесі және 791 басыбайлы мемлекеттік қазынашылық кассасы болды.
Акционерлік-коммерциялық банктердің (743 филиалы бар 47 банк) жағдайы ссудалық капитал нарығында үстем болды және 1914 жылы шоғырланудың жоғары деңгейіне жетті.
Орта және ұсақ буржуйларға қызмет көрсету үшін ұсақ несие мекемелері жұмыс істеді: өзара несие қоғамы (11081), қалалық-қоғамдық банк (343).
Ипотекалық несие жүйесі мемлекеттік-дворяндық жер банкісін және мемлекеттік жер банкісін, 10 акционерлік жер банкісін, 36 қалалық несие банкісін, басқа да ипотекалык несие банктерін қамтиды.
Басқадай несие мекемелерінің арасында деревняның ауқатты тұрғындарына қызмет көрсететін несие кооперациялары кеңінен тарады. Ол несие-жинақ кассаларын және несие серіктестіктерін қамтыды.
Қазан төңкерісінен кейін 1917 жылы банктерді мемлекеттік тұрғыдан монополиялады. Елде мемлекеттік банк құрылды, содан соң, басқа банктер — мемлекетке тиесілі салалық және аумақтық банктер пайда болды. Банк жүйесінің бір буыны — мемлекеттік еңбек-жинақ кассасы. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында мемлекеттік банктермен қатар бір мезгілде мемлекеттік емес несие мекемелері; кооперативтік және жеке меншік, мемлекеттік-капиталистік, оның ішінде, шетелдік капитал қатыстырылған мекемелер құрылды. 1922 жылы несие және ссуда-жинақ серіктестіктері мен олардың одақтары ұйымдастырылды. Олардың міндетіне деревняларды және майдагерлік өнеркәсіпті өркендету кірді. 1924 жылы ауыл шаруашылық кооперацияларына салым ақшаларды қабылдау, ссуда беру және есеп айырысуда делдал болу секілді формалардағы несие операцияларын жүргізуге рұқсат берілді. 1926 жылдың 1 сәуіріндегі есеп бойынша КСРО-да 16185 серіктестік жұмыс істеген. Оның 2426-сы несие және сауда-жинақ мекемесі, 12424 — ауыл шаруашылыгына арналған несие мекемесі.
1922 жылы жеке сауда-саттықты, өнеркәсіпті несиелейтін өзара несие қоғамы, мемлекеттік-капиталистік әрі акционерлік Оңтүстік-шығыс банкісі және шетелдік капиталдың қатысумен Ресей коммерциялық банкісі құрылды.
Социалистік экономика секторының дамуына қарай кооперативтік және жеке несие мекемелерінің маңызы кеміп, жұмыс істеуін біржола тоқтатады. Ауыл шаруашылығы ұжымдастырылғанда несие кооперативтерінің қажеті болмай қалды. Ол 1931 жылы таратылды. Экономиканың жеке секторынан сауда мен өнеркәсіп салаларының ығысуына байланысты өзара несие қоғамы да өз қызметін тоқтатады. Басқа да несие органдарының міндеті мемлекеттік салалық банктерге ауысады. Олар 1922-1925 жылдар аралығында құрылған Өнеркәсіп банкісі Цекомбанк, Всекобанк, Орталық ауыл шаруашылық банкісі және басқалары.
КСРО-да жүргізілген несие реформасының нәтижесінде 1930-1932 жылдары салалық банктер жаңа принциппен ұйымдастырылады. Капитал салымдарын қаржыландыру және несиелеу бойынша 4 арнайы банк құрылады.
Өнеркәсіптерді және электр шаруашылығын ұзақ мерзімге несиелейтін банктен қайта құрылган өнеркәсіптердің және электр шаруашылығының капиталдық құрылысын каржыландыратын банк (өнеркәсіп). Ол 1959 жылы КСРО Құрылыс банкісі боп қайта ұйымдастырылады.
Социалистік егіншілікті қаржыландыратын банк (КСРО Ауыл шаруашылық банкісі). Ол көптеген несие серіктестіктерінің және республикалык ауыл шаруашылық банктерінің орнына құрылды (1959 жылы жабылып, оның қызмет ету аясы КСРО Құрылыс банкісі мен Мемлекеттік банкісіне ауыстырылды).
Кооперациялардың капиталдық құрылысын қаржыландыратын банк (Всекобанк). Ол Бүкіл ресейлік кооперативтік банкісінің негізінде құрылды (Всекобанк 1936 жылы таратылып, оның активтері мен пассивтері 1959 жылы жабылып қалған КСРО Сауда банкісіне берілді).
Коммуналдық және тұрғын үй құрылысын қаржыландыратын банк (Цекомбанк); 1959 жылы жабылып, оның қызметі КСРО Мемлекеттік банкісі мен Құрылыс банкісіне берілді.
Осы салалық банктердің барлығы салаларды ұзақ мерзімге несиелеумен және қаржыландырумен айналысты. Ал, КСРО-ның Мемлекеттік банкісіне ауыл шаруашылығының барлық саласына арналған қысқа мерзімді несиелер шоғырландырылды. Барлық несие жүйесінің орталық әрі жетекші буыны ретінде КСРО Мемлекеттік банксінің ролі өсе түсті. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысуға арналған және ағымдағы шоттары КСРО Мемлекеттік банкісіне шоғырландырылды.
Барлық одақтас республикаларда, оның ішінде Қазақстанда барлық банктердің республикалық мекемелері ұйымдастырылды. Бұл арада банк ісін орталықтандырудың принципі қатаң сақталды, банк мекемелері жоғары банк органдарына бағынды, қандай да бір жергілікті мәні бар ереженің енгізілуіне үзілді-кесілді тыйым салынды.
Сондай-ақ, іс-тәжірибеде ақша айналымын тек бір ғана банкте шоғырландыру принципі жүзеге асырылды, яғни, әрбір кәсіпорын, ұйым немесе мекеме есеп айырысу және ағымдағы шотын тек бір ғана банкте аша алатын. Олар өз қаражатын осы банкте сақтады, несие мен қолма-қол ақшаны осы банктен алды және осы банк арқылы ақшасыз есеп айырысты.
КСРО-да банк реформасы 1987-1988 жылдары жүргізілді. Осы реформаның нәтижесінде КСРО Мемлекеттік банкісінің және КСРО Құрылыс банкісінің негізінде Өнеркәсіп құрылыс банкісі (Промстройбанк), Аграрлық өнеркәсіп банкісі (Агропромбанк) және Әлеуметтік тұрғын үй банкісі (Жилсоцбанк) құрылды. КСРО Мемлекеттік банкісінің құрамына кіретін жинақ касса жүйесінің негізінде Жинақ ақша банкісі құрылды, ал Сыртқы сауда банкісінің негізінде Сыртқы экономика банкісі құрылды, осы тұста КСРО Мемлекеттік банкісі кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық тұрғыдан және несие-есеп айырысу секілді қызмет көрсетуін тоқтатты. Ол елдің Орталық банкісі боп жарияланды.
КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкісіне (Промстройбанк) несие саясатын жүргізу, несие жүйесінің тиімділігін арттыру жүктеліп, капитал салымдарын, сонымен бірге, өнеркәсіптегі, құрылыстағы, көліктегі және байланыстағы, КСРО Мемлекеттік жабдықтаудағы есеп айырысуларды қаржыландыру мен несиелеу де оның міндетіне кірді. Банк кәсіпорындардың және шаруашылықтың бірлескен салаларының есеп айырысу, ссудалық және басқа да шоттарын жүргізді. Мұндай кешенді несие-есеп айырысу қызметін аграрлық-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындары үшін — КСРО Аграрлық өнеркәсіп банкісі, сауда мен әлеуметтік салалардагы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін — КСРО Әлеуметтік тұрғын үй банкісі жүзеге асырса, ал халыққа КСРО Жинақ банкісі қызмет көрсетті. КСРО Сыртқы экономика банкісі экспорттық және импорттық операциялар бойынша есеп айырысуды ұйымдастырды әрі жүргізді.
Мамандандырылған банктердің құрылымы аймақтық-әкімшілік принципі бойынша құрылды. Одақтас республикаларда республикалық банктер, ал облыстар меи өлкелерде банк басқармалары ұйымдастырылды. Аудан орталықтарында немесе қалаларда банктердің өз мекемелері болды. Олар бастапқыда мынадай принцип бойынша құрылған болатын: мамандандырылған банктердің клиенттері бар аудандарда ғана олардың (мамандандырылған банктердің) мекемелері (әр ауданда бір мекемеден) болды. Тек КСРО Жинақ банкісінің ғана мекемелері әрбір ауданда, ұжымшар мен кеңшарда ашылды. Мамандандырылған банктердің (Жинақ банкісінен басқасы) төменгі буындары мамандандырылғанына қарамастан өздерінің клиенттері бар аудандарда қызмет көрсетті. Банктердің мамандану мәні тек басқару деңгейінде ғана көрінгені болмаса, олардың төменгі мекемелерінің әмбебеп несие мекемесінен ешқандай айырмашылығы болған жоқ. Олар ауданның барлық клиенттеріне, яғни, кәсіпорындарға, барлық салаларға қызмет көрсетуіме тура келді.
Банктердің санына қарай олардың 4 жоспары болды. Аталмыш банктердің салалық өзгешеліктері өз клиенттерінің әмбебаптығына қайшы келгендіктен, ең алдымен несие ресурстарына байланысты көптеген проблемалар туындады. Бұл проблемалар бір банктен екіншісіне өзара аймақаралық есеп айырысу жүйесі арқылы құйылатын қаражатқа бақылау болмағандықтан одан ары тереңдеді. Әрбір банк өз ресурстарының шегінде жұмыс істеуі үшін КСРО Мемлекеттік банкісінде ашылған корреспонденттік шот бойынша аймақаралық есеп айырысуға көшуі қажет болды. Мемлекеттен банктен бөлінген коммерциялық банктер әдетте мамандандырылған банк ретінде жұмыс істеді, нақты салаларда (өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, сыртқы сауда) әрбір банктің өз монополиясы болды. Олар өз кәсіпорындарын көбінесе олардың (кәсіпорындардың) қабілетін, мүмкіндігін және т.б. ескермей өте төменгі пайызбен қаржыландыруды және несиеледі. Бұл банктердің активтері залалға ұшыраған мемлекеттік кәсіпорындардың мерзімі өтіп кеткен сапасыз ссудаларына ие болды.
Тұтастай алғанда банктерді мамандандыру туралы идея банк жүйесінің жұмысын тығырыққа тіреді, ал монополиялаудан арылмады, несие тетігіне түбегейлі өзгеріс енгізе алмады, керісінше, үлкен кедергі келтіріп, елеулі шығынды қажет ететін көп буынды болуымен сипатталды. КСРО Мемлекеттік банкісінің ролі де көп төмендеп кетті — ол мамандандырылған банктердің жұмысына елеулі ықпалын тигізе алмады.
Бұл жағдайдан шығудың бірден бір дұрыс жолы мыналар болды: банк реформасын жүргізу, банк жүйесін батыс үлгісіндегі екі деңгейлі ұйымға көшіру.
Банк құрылымын қайта құру үшін Мемлекеттік банктің монополиясын банк деполарына тарту кажет болды. 1988 жылға дейін Орталық, коммерциялық және инвестициялық банктердің қызметтерін орындайтын КСРО Мемлекеттік банкісінің әмбебеп несие мекемесінен еш айырмашылығы болмады десек артық айтпаймыз.
Қазақстандағы КСРО Құрылыс банкісінің республикалық кеңсесі қаладағы — өнеркәсіптегі, көліктегі және шаруашылықтың басқа салаларындағы инвестицияларға қызмет көрсетті. Акционерлік негізде жұмыс істейтін КСРО Сыртқы сауда банкісі валютадагы және валютамен операцияларды жүзеге асырды.
КСРО-ның банк жүйесінде, оның ішінде, Қазақстанда 70 жыл бойы қатаң орталықтандыру мен шоғырландыру саясаты үстемдік етті, несие-банктік ықпал ету әдістерінде әкімшілік және ұсақ реттемелеу, сондай-ақ шаруашылық органдарының қызметінде де осындай жағымсыз жағдайлар басым болды.
Акша-несие қатынасының қалыптасқан іс-тәжірибесі нарық қатынасы тудырған шарттармен сәйкес келмейді.
Социалистік жүйе ғасырлар бойы қалыптасқан қаржы нарығының институттары мен аспаптарын жойды. Утопиялық әрі идеологиялық тұжырымдаманың негізінде КСРО Мемлекеттік банк түрінде орасан үлкен дара банк (монобанк) пирамидасы тұрғызылды. Ол барлық несие жүйесін өз….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com