Курстық жұмыс: Экономика | Банктік қызметтер және олардың Қазақстандағы дамуы » ZHARAR

0

Мазмұны

Кіріспе 3
I. Банктік қызметтер теориясының аспектілері.
1.1. Банк кызметінің мәні 5
1.2. Коммерциялық банктер қызметтерінің жіктелуі 9
II. Банктік қызметтер және олардың Қазақстандағы дамуы
2.1. Альянс Банктің шаруашылық қызметінің көрсеткіштері 15
2.2.Альянс Банктің кызмет қазіргі жағдайын талдау 23
III. Банк қызметтінің қазіргі жағдайы
З.І.Банктік қызметтердің даму перспективалары 28
3.2.Қазақстан Республикасының банктің қазіргі жағдайы 34
Қорытынды 37
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 39
Вестник Альянс Банка на 2008 год ………………………………………. 41

КІРІСПЕ
Мен курстық жұмыс істеу барысында банктердің қазіргі жағдайын қарастыруға тырыстым. Өзім банкте жұмыс істеген соң курстық жұмысты түсінікті қылдырып жазуға тырыстым.
Елімізде жүргізілген экономикалык реформа банк ісінің дамуында жаңа кезеңге алып келді. Нарыққа өту жағдайында банктердің және басқа несиелік институттардың даму перспективасы, оның іс-жүзінде іске асуы жайлы сұрақтар ерекше өзекті мәселеге айналып отыр.
Аталған міндеттерді шешу мүмкіндігі қазақстандық, сонымен қатар шетел банктердің қызмет етуінің практикалық ұғынуын зерттеу және де іс-жүзінде жұмыстың ең прогрессивті, ұтымды нысандары мен әдістерін ендіру негізінде ғана жүзеге асады. Бұл зерттеу тақырыбымның өзектілігін анықтап отыр.
Соңғы жылдарда каржы нарықтарының ақша және капитал
нарықтарының құрылуының қарқынды процесі жүріп жатыр. Капитал нарығының дамуы жинақтарды шоғырландырудың және қаражаттарды инвестициялаудың екі біріктірілген, өзара байланысты процесті жетілдіруінсіз мүмкін емес. Жинақ табыстар мен түтынудьщ айырмасын көрсетеді.
Өзінің қызметі барысында банк әр түрлі аудиториялар типтерімен байланысқа түседі: бәсекелестермен, клиенттермен, мемлекетпен және т.б. Бүлармен банк пайданы оңтайландыру мақсатымен өзара әрекет етеді.
Бірақ та бүл банктің банктік қызметтер нарығында қызмет атқара отырып, көздеген жалғыз мақсаты емес. Бүдан басқа, банктер қаржы ресурстарыньщ өтімділігі мен табыстылығының колайлы үйлесімділігін, банк атағын қүру мен қолдауын және т.б. қамтамасыз етуге үмтылады. Өз кезегінде, банктің жақсы атағы тек осы банкке келетін клиенттердің санына әсер етеді.
Банктің клиенттерімен қарым-катынасы банк өнімдерін сатып алу-сату процесінде пайда болды. Оларға мыналар жатады: несие беру, депозиттік шоттарды ашу, бағалы қағаздарды шығару, сатып алу және сату бойынша операциялар, валюталық қатынастар, есеп-айырысу операциялар табылады.
I. Банктік қызметтер теориясының аспектілері.
1.1. Банк қызметінің мәні
Банктік жүйе — нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүддерлерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналасына тікелей ықпал етеді.
Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын саларалық, ауданаралық үлестіру механизмін қамтамассыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады.
Банктің атқаратын кейбір қызметтеріне тоқталып кеттік, ал енді «банктің қызметтері» деген түсінікке анықтама беріп кетейік.
Экономикалық кітаптарда бұл терминге әр түрлі көзқарас тұрғыдан талқылау жасалынады.
«Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызметі туралы» заңында мынадай анықтама беріледі: Банк операцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы бапта белгіленген өзге де операцияларды жүргізуі банк қызметі болып табылады. Ғ.С.Сейітқасымовтың «Ақша, Несие, Банктер» кітабында «Банк қызметін — банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өніміні негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.» делінген.
«Банктік қызмет — клиенттің қажеттілігін қанағаттандыру нысаны, банк клиентіне қызмет көрсетудің нәтижесі. Банк өнімі — банк клиентіне кызмет көрсету әдісі, клиентке қызмет көрсетудің бірыңғай технологиясымен біріктірілген операцияларды орындаудың құжаттандырылған регламенті (ережелердің тәртіпке келтірілген жиынтығы). Банк операциясы — клиенттің үшінші тұлғалармен немесе банктің өзімен жасасқан мәмілені (трансакция) іске асырудың мақсаттары, орны және уақытысы бойынша тәртіпке келтірілген банктегі персоналдар әрекеттерінің жиынтығы. Осы түсініктердің өзара байланысы банк технологиясының мазмұнын анықтайды.
Аталған қызметтерді тек езіне ғана тән ерекшелігі бар арнайы қаржылық мекеме атқарады. Осы мекеменің өзіне тоқтала кетсек.
Банк — заңды және жеке тұлғаларда шоғырландырылған ақша ағымдарының қозғалысымен байланысты ерекше өнімді өндіретін, осы қаржы құралдарының есебінен банк қызметтерін көрсететін арнайы экономикалық институт.
Банк кызметінің қорытынды нәтижесін анықтау үшін «банк» түсінігінің мәні және клиент — банк — клиент схемасы қарастырылған болатын.
Егер материалдық өндіріс сферасында қызмет нәтижесі дайын өнім болса,банк сферасында қызмет нәтижесі банк қызметі болып табылады.
Экономикалық ғылымда қызметтер деп материалдық игіліктерді өндірмейтін, бірақ тек процесс ретінде пайдалы еңбектің өзгеше әсері түсіндіріледі. Қызмет — бұл жұмысты орындау процесінде жаңа, бұрын болмаған материалдық-заттай өнім өндірілмейтін, бірақ жасалған өнімнің сапасы өзгеретін еңбек түрі. Басқаша айтқанда, қызмет бұл еңбек нәтижелерінің немесе өнімдерінің ерекше түрі ретіндегі материалдық емес игілік. Яғни, бүндай кызмет әсерінің нәтижесі тұрғысынан банктердің операциялары — бұл клиенттерге қызмет көрсету. Тек клиенттердің көлемі банк операциясының оның қызметіне айналуын алдын-ала анықтайды.
Клиенттің ниетіне байланысты банк клиент пайдасына өзінің операциясын жүргізе отырып, оған белгілі бір қызметті ұсынады. Клиенттің банкте орналастырылғын ақша қаражаттарының ролі, әрине, банк үшін маңызды болса да, клиенттің өзінің пассивтік операцияларға қатысу дәрежесі үлкен емес. Банктер активтік операциялар кезінде клиенттерге ұсынатын қызметтерге, яғни несие беруден басқа өзінің жеке саясаты шеңберінде және де клиент тапсырмасы бойынша және шоты есебінен банктің жүргізетін бағалы қағаздармен операцияларына (қор операциялары) маңызды назар аударады. Іс-жүзінде келесідей банк операцияларының тобында клиентгің толық қатысуы орын алады: клиенттің тапсырмасы бойынша және комиссиондық бастамаларда жүргізілетін сенімді және комиссиондық-делдалдық операциялар. Барлық осы операциялар клиент банк — клиент схемасына жауап береді және «банктік қызмет» түсінігіне тең мағыналы. Банктің клиент қаражаттарын тартудағы мақсаты тек тікелей пайда табу емес, сонымен қатар төлемдердің қоғамдық қажетті қызметін орындай отырып, болашақта пайдалану мақсатымен берілген қаражаттарды шоғырландыру мүмкіндігі болып табылады. Операцияларды орындай отырып, өз клиенттеріне ұсынатын қызметтері үшін банк , әдетте, сыйақы алады. Сонымен, мынадай қорытынды жасауға болады: банк — бұл банк қызметтерін көрсететін кәсіпорын. Ал банктік қызмет ретінде клиенттің тапсырмасы бойынша және клиенттің пайдасына белгілі бір төлем үшін жүргізілетін банк операцияларын айтуға болады.
1.2. Коммерциялық банктер қызметтерінің жіктелуі.
Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырьш қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануга тырысады.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шарушылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметі туралы» Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
— ақылы негізде депозиттерді тарату;
— клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық кызмет көрсету;
— қайтарымдылық, мерзімдік және төлемдік шарттарымен заңды және жеке түлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;
— инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
заңда керсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттермелерді);
— төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;
— ақшалай нысанда орындауды қарастыратъш үшінші тұлғалар үшін
кепілдеме және өзгеде міндеттемелерді беру;
— тауар тасымалын талап ету құқғыын, сатып алу және қызмет көрсету,
— осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкассациялық
(факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;
— банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
— клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарын сақтандыру бойынша қызметтер (сейфтік бизнес);
— коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз (форфейтинг);
— клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару); банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету; лизингтік операцияларды жүзеге асыру.
Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды аударуға байланысты кызметтерді көрсету (инкассация).
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі қызметтерді былай құруға болады:
уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);
экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар);
қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
инвестициялық қызметті;
клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы мен тартылған
қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал — банктің несиелік ресурстарының маңызды жіне ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарьшьщ тек 10%-ын кұрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы мынадай жағдайлармен түсіндіріледі біріншіден, банктер қаржылық нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com