Курстық жұмыс: Экономика | Банктер жүйесі
Мазмұны
Кіріспе 3
1. Банк туралы түсінік, оның түрлері, қызметтері 4
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 8
3. Ұлттық банк туралы заң 11
Қортынды
Пайдаланылған әдебиет тізімі
Кіріспе
Қазақстан егемендік алғаннан кейін мемлекеттік тілдің қоғам дамуының әр түрлі саларында ─ сыртқы дипломатиялық, ішкі әлеуметтік-экономикалық, педагогикалық және басқа көптеген бағыттарда білікті мамандарды даярлау ісінде кеңінен қолдану және тереңдете меңгерудің алғы шарттарын іргелі түрде жүргізу бүгінгі таңда кезек күттірмес мәселелердің бірі. Ақша, несие, банктер ─ қазіргі өркениеттіліктің өзінен ажырағысыз белгілері. Олардың қызметтері қоғамдық өнімді өндіруді, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды бір-бірінен бөлінбейтін үздіксіз процеске айналдырады. Оларды пайдаланбай ешбір шаруашылық субъектісінің ісі тынбайды, ал кез-келген адам үнемі немесе анда-санда банк қызметін пайдаланады. Банктер уақытша қолданылмаған ақша қаражатан жинақтап, оларды салалар мен аймақтар, кәсіпорындар мен халықтар арасында қайта бөлумен қатар, экономиканы қосымша капиталмен қамтамасыз етіп, сайып келгенде қоғамдық байлықты көбейтуге негіз қалайды.
Банк туралы түсінік, оның түрлері,
қызметтері
Несие жүйесінің негізгі буынын ─ банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серістіктердің, мектеп пен ауруханалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар, банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операцияларды жүргізеді.
Банк деген ұғым не, ол қалай пайда болды деген сұраққа жауап іздестірейік. «Банк» деген ұғымы италиян сөзі «bank» ─ орындық, «айырбас орындығы ─ айырбас орны» дегенді білдіреді.
Банктің атқаратын қызметерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады:
• Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;
• Кәсіпорынға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу;
• Ақша айналымын ретеу. Банк ─ әртүрлі шаруашылық субъектілердің төлемайналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады;
• Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қана қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді;
• Экономикалық және қаржылық кеңес беру.
Орындайтын айырықша қызметтеріне байланыты банктер эмиссиялық және эмиссиялық емес болып екіге бөлінеді.
Эмиссиялық банк ─ ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға) құқығы бар, әдетте, орталық банк. Мемлекеттің Орталық банкінің негізгі мақсаты ─ айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар ─ ақша белгіін сату және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол ─ елдің екі деңгейлі банк жүйесінің ─ жоғары деңгейіндегі банк.
Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша бірліктерін шығаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және т.с.с. банктер. Коммерциялық банктер клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап үлгідегі банк. Ал басқа банктер бір-екі қызмет түріне маманданған банктер.
Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны игеруге несиелейді.
Ипотекалық банктер ─ жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды.
Қазақстан респбликасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 жылы желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабылдаған «Банктер және банк қызметі туралы» Заңынан бастау алады. Заңға сәкес республикада екі деңгейлі банк жүйесі құрылды:жоғары (бірінші) деңгейдегі банк ─ ҚазКСР-ның Мемлекеттік банкі және төменгі (екінші) деңгейдегі банк ─ коммерциялық банктер жүйесі.
Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.
Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері:
• Ақша қаражаттарын шоғырландыру және тарту;
• Несие беру;
• Шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;
• Төлем құралдарын шығару,
• Бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру;
• Сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару ( яғни траст операциясын жүргізу);
• Клиенттерге кеңес беру.
Банктердің экономикадағы маңызын олардың олардың атқаратын операциялары анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді: пассив (қаражат тарту); актив (қаражатты орналастыру); комиссиялық-делдалдық (клиенттің тапсырысы бойынша комиссиялық ақылы) және сенімді операциялар.
Соңғы кездері коммерциялық банктермен басқа несие мекемелерінің арасындағы бәсеке күшейе түсуде. Бәсеке банктердің жаңа қызмет түрлерін іздестіруге, клиенттерге ұсынатын қызмет түрлерін өсіруге және қызмет көрсету сапасын жақсартуға ынталандырады. Сондықтан қызмет нарығындағы өз орнын нығайту үшін олар банктерге тән емес операцияларды батыл меңгеріп, қаржылық кәсіпкерлікте кең қолдануда. Сайып келгенде банктердің экономикадағы ролі артуда.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі
Қазақстан Республикасының Орталық банкі еліміз тәуелсіздік алған соң КСРО Мембанктің Республикалық Кеңесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның мемлекеттік банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі деп аталады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі болып табылады, Қазақстан Республикасының банк жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді жәнеөз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды , халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.
Қазақстан Ұлттық банкі басқа елдердің Орталық банктерімен және тағы басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-несие ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді. Ұлттық банк пен оның бөлімшелері салықтың, алымның және баждың, соның ішінде кеден бажының барлық түрлерін төлеуден босатылады.
Қазақстан Ұлттық банкі заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады және өз қарамағындағы бөлімшелермен бірге біртұтас құрылым құрайды.
Ол республиканың кез-келген жерінде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқа да бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді.
Қазақстанның Ұлттық банкінің негізгі міндеті Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасызету болып табылады.
Қазақстан Ұлттық банкіне сонымен қатар:
• Қазақстанның экономикалық мен оның дүниежүзілік экономикаға кірігуіне қол жеткізу мақсатында ықпал ететін ақша айналысы, несие, банктік есеп айырысуды ұйымдастыру және валюталық қатынастар саласында мемлекет санатын әзірлеу мен жүргізу;
• Ақша, несие және банк жүйесінің тұрақты болуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
• Кредиторлар мен банк салымшылардың, сондай-ақ банктер мен басқа ұйымдардың қызметін реттейтін актілерді қабылдау және олардың орындалуын бақылау жолымен шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар, клиенттердің мүддесін қорғау жүктеледі.
Қазақстан Ұлттық банкі айналыстағы ақша көлемінің мөлшерін реттеу жолымен мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді, банкноттармен тиындардың бірден бір элементі болып табылады. Республика аумағында банктер, еншілес банктер ашуға рұқсат береді. Банктердің, сондай-ақ шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін қадағалайды және оларға пруденциалдық нормативтерді белгілейді. Ресми ставкаларды өзгерту жолымен банктердің проценттік ставкалары деңгейін реттеуді жүзеге асырады.
Валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыруға және валюталық операциялардың барлық түрлерін жүргізуге құқылы.
Қазақстан Ұлттық банкінің басқару органдары басқарма мен директорлар кеңесі (Директорат) болып табылады.
Ұлттық банкінің басқармасы мен төрағасы Қазақстан Ұлттық банкінің қызметі үшін жауап береді. Ұлттық банкінің құрамына департаметтер мен дербес қызметтерден тұратын орталық аппарат, облыстық фирмалар кіреді.
Ұлттық банк өз шығындарын өз қаражатымен өтейді. Оның қаражаты: жарғылық ,резерв капиталынан, қайта бағалау шоттары және арнайы провизияларынан құрылады.
Ұлттық банктің жарғылық капиталы 20 млрд. теңгеден қалыптасады және оның міндеттемелерін қамтамасыз етеді. Жарғылық капитал мемлекеттік бюджеттен, бөлінген қаржыдан, мемлекет берген негізгі қорлардың құнынан және Ұлттық банктің алған пайдасынан құрылады.
Резерв капиталы жарғылық капиталы мөлшерінен тұрады. Таза табысы есебінен толтырылып, жүргізілген операциялар бойынша шығындарды өтеуге жұмсалады.
Қорыта айтқанда, орталық банктің атқаратын қызметтері бір-бірімен тығыз байланысты. Мемлекет пен басқа банктерге несие берген кезде ол несиелік айналым құралдарын шығарып, үкіметтік міндеттеме шығару және оны өтеуде қарыз процентінің деңгейіне әсер етеді. Бұл орталық банктің банктік жүйедегі алатын ерекше орнын айқындап, сонымен қатар өзінің басты қызметі ─ ақша-несиелік реттеу қызметін орындауға объективтік алғы шарттар жасайды….