Курстық жұмыс: Экономика | Банк ісі, банктердің пайда болуы, банктердің негізгі операциялары
Мазмұны
Кіріспе
I Банктің теориялық негіздері.
1.1.Банктің пайда болу тарихы
1.2.Банктің мәні,түрлері
1.3.Банктің нарықтық экономикадағы ролі
II Қазақстан Республикасындағы банк ісі.
2.1.Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы
2.2.Екі деңгейлі банк жүйесін құру
IIIҚазақстан Республикасындағы банк ісін жетілдіру мәселелері.
3.1.Банктік жүйеде реформа жүргізудің қажеттілігі
3.2.1995-2005жж. аралығында Қазақстанның банктік жүйесін реформалау бағдарламасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Банктердің керемет мүмкіндігі мен оларды басқа қаржылық институттардан ерекшелейтін сипаттама – ақшаларды құру несиелік жүйенің икемділігімен іске асады. Өзінің депозиттік және несиелік операцияларымен банк уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, оларды несие түрінде ұсынады, сонымен, олар халық шаруашылығын ақшаға деген қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа жолмен қаражаттарын құрайды. Сонымен қатар, банктер өз қызметі үрдісінде ақшалардың бір бөлігін жояды. Бұл клиенттің банктегі өз шотынан ақшаны аудару арқылы өтелен кезде болады.Банктің орындайтын операцияларының экономикалық мазмұны мен көлемі – банкті ұйымдастырушылық жағынан құрудың негізгі критерийі болып табылады. Банктің негізгі қызметтері: уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыру, экономика мен тұрғындарды несиелендіру, қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру мен жүргізу, инвестициялық қызмет пен басқада қаржылық қызметтер.Банктердің ақша қаражаттары оларды табысты орналастыру мақсатында салымдарға тарту жұмыстары депозиттік (пассивтік) операциялар деп аталады. Экокномика мен тұрғындарды несиелендіру – банктік қызметтің ерекше оьлысына және ьанктердің активтік операцияларына жатады. Осыған байланысты банктер несиелік институттарға жатады. Несиелік операциялар – бұл несие беруші мен несие алушының арасында біріншінің екіншіге ақша қаражаттарын төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шартымен беруі бойынша қарым-қатынасы.
I Банктің теориялық негіздері.
1.1. .Банктің пайда болу тарихы
Несие жүйесінің негізгі буыны – банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырды.Сонымен қатар банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.
Банк деген ұғым не, ол қалай пайда болды деген сұраққа жауап іздестірейік. «Банк» деген ұғым италян сөзі «bank» – орындық, «айырбас орындығы – айырбас орны» дегенді білдіреді.Тарихта банктің ең жай қызметі, мысалы, тұқым сатып алуға ақшаны несиеге алған жағдай жаңа эраға дейінгі VIII-V ғғ. Вавилонда кездескен.Сол сияқты ақшанынесиеге алып ертедегі Египетте, Грецияда, Римде зәулім ғимараттар салған. Ал феодализмге өту кезінде тауар-ақша айналысы және және несие қатынастарының ауқымы тарылып, VII-XIV ғғ. Сауданың кең өрістеуіне байланысты төлем делдалы ретінде банк ісі қарқынды өрістей бастаған. Орта ғасырда банк ісінің орталығы Италия, Германия,Нидерланды болып саналса, ал ерте капитализм жағдайында Англия болған.
Капиталистік банктердің алғашқы ізашарлары Флореннция мен Венецияда 1587 ж. Айырбас ісінің негізінде , яғни әр түрлі елдер мен қалалардың ақшасын айырбастауда пайда болды. Банктердің негізгі операциялары ақшаны сақтауға қабылдау мен ақшасыз есеп айырысуды жүргізу болған. Ақшасыз есеп айырысуды жүргізудің мәні – екі клиенттің қатысуымен банкирдің кітабына бір шоттан екінші шотқа белгілі бір соманы аударып жазу. Кейінірек ол сондай негізде Амстердамда (1609ж.) және Гамбургте (1618 ж.) ұйымдастырылды. Бұл банк ісінің анайы тұрі еді. Бұл кезде банктер саудаға және есеп айырысуға қызмет еткенмен, олардың өндіріспен, өндірістік капиталдың қайталама айналымымен байланысы аз болды, несие ақшаларын шығару қызметі де дамыған жоқ.
Ал капиталистік банктер, керісінше ұдайы өндірістің , өнеркәсіп және сауда капиталдарының қажеттіліктерінен пайда болды. Натуралды шаруашылықтың ыдырауы, сауда мен тауар айналысының дамуы есеп айырысумен несиенің маңызын арттырады. Жалдамалы еңбекке көшу халықтың табысының көп бөлігін ақша түрінде төлеуге мәжбүр етті. Тұрақты ақша айналысы пайда болып, оны ұйымдастыру мен техникалық жағынан қамтамасыз етуді банктер өздеріне алды.
К. Маркс банктердің пайда болуы туралы былай деген: «Кәсіпкерліктің ерекше саласы пайда болды, себебі ол ерекше сала ретінде барлық таптардың ақша мезанизмін қамтамасыз етеді, ол шоғырланып, ірі масштабта жүргізіледі…»[40; 442.].
Сонымен қатар банктер «несие ісінің екінші жағы — өсім әкелетін капиталды да» басқарады . Өйткені банктер фирмалар мен табыстары сияқты уақытша бос ақша қаражатын өзінде шоғырландырып және оны несиеге беру арқылы несие үшін ақы алып, табыс табады. Банктер іріленген сайын тұтас несие беруші ретінде капиталистік кәсіпкерліктің дербес саласына айналады.
1.2. Банктің мәні, түрлері,атқаратын қызметтері.
Банк ісі – қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктер көптеген операциялар жүргізеді. Олар ақша айналымы мен несие беруші қатынастарын ұйымдастырумен ғана шұғылданып қоймай, сонымен қатар банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операциялары жүргізіледі.
Осы айтылған жағдайларды қорыта келе банктің атқаратын қызметтерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады.
1. Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз кпиталына айналдыру.
2. Кәсіпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу.
3. Ақша айналымын реттеу.Банк — әр түрлі шаруашылық субъектілерінің төлем айналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын мүмкіндік туғызады.
4. Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді.
5. Экономикалық және қаржылық кеңес беру.
6. Орындайтын айрықша қызметтеріне байланысты банктер: эмиссиялық және эмиссиялық емес болып екіге бөлінеді.
Эмиссиялық банк — ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға) құқығы бар, әдетте, орталық банк. Әр мемлекеттерде орталық банк әртүрлі аталады. Мысалы, бұрынғы КСРО-да ол мемлекеттік деп, ал қазіргі Қазақстанда – Қазақстан республикасының Ұлттық банкі деп аталады.Мемлекеттің орталық банкінің негізгі мақсаты – айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар – ақша белгісін сату және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол – елдің екі деңгейлі банк жүйесінің – жоғары деңгейіндегі банк.
Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша белгілерін шығаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инновациялық, ипотекалық және т.с.с. банктер. Коммерциялық банктер клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап үлгідегі банк. Ал басқа банктер бір-екі қызмет түріне маманданған банктер.
Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге қарызға берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны игеруді несиелейді.
Ипотекалық банктер — жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды.
Коммерциялық банк – кәсіпорындар мен ұйымдарға, сондай-ақ халыққа тікелей және жан-жақты кешенді қызмет көрсететін банктер. Бұл олардың басқа арнаулы несие мекемелерінен айырмашылығы. Ал банк емес несие мекемелерінің банктерден өзгешелігі олар тек кейбір банктік операциялар жүргізумен және кейбір қызмет түрін көрсетумен шұғылданады. Коммерциялық банктердің негізгі мақсаты — неғұрлым жоғары пайда табу.
1.3. Банктің нарықтық экономикадағы ролі.
Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді,ақшалай есеп айырысу жүргіжеді және экономика үшін басқа да көптген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.
Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық үлестіру механизмін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады.
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қойды.
Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық делдалдықтың негізін құрайды. Несие беруші қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметінің қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады….