Курстық жұмыс: Экономика | Бағалы қағаздар және олардың түрлері

0

Мазмұны

Кіріспе
1. Бағалы қағаздардың жіктелуі.
2. Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері.
Акция.
Облигациялар, олардың акциядан айырмашылықтары және облигациялардың түрлері.
Вексельдердің түрлері.
3. Бағалы қағаздардың басқа түрлері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстанның орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Олар – меншік қатынастары; шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмі; олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары; қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне мүдделілігінің дәрежесі.
Қоғамдағы соңғы 6-7 жылда болған өзгерістер – Қазақстан Республикасының нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандағы өтпелі кезеңдегі өзгерістері.
Нарық-күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол бір жағынан тауар және көрсетілген қызмет нарығын қамтыса, екінші жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегінде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлік нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмді құрайды. Ал бұл механизм несиеге негізделген. Басқаша айтқанда, нарықққа қатысушылардың басым көпшілігі іскерлік шартқа қол қойып, өздеріне бағалы қағаз түрінде міндеттеме алады. Кәсіпкерлердің өзара жасаған дәл осы міндеттемелері – экономикалық механизмнің тұрақтылығының кепілі.
Бағалы қағаз нарығы субъектілерінің қатынастары экономикалық-құқықтық механизмге негізделген. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрі ретінде оның маңызын дәлелдейді. Бірақ бағалы қағаздардың маңызы онымен шектеліп қоймайды. Бағалы қағаздар кез-келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады.
Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар нарығын құру және оны одан әрі өрістету мақсатында қажетті шараларды жасауда. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекеменшіктендірудің Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі элементтерін құру процесін жеделдетті. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең бір тиімді механизмдерінің бірі-акция шығаруды пайдалану мүмкіндігін ашты. Бағалы қағаздар нарығының механизмі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндік жасайды. Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан гөрі, тиімді жағдайда алуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік бюджет кемшілігін толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмиссияламай, мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен шұғылданады.
1. Бағалы қағаздардың жіктелуі
Бағалы қағаздар деген екінші нарықта белсенді түрде айналысқа түсетін қарыз міндеттемесі. Бағалы қағаздың көбі арнаулы тіркеуден өтеді. Тіркеу инвесторларға бағалы қағаздар туралы дәл және маңызды мағлұмат алуға көмектеседі. Сол арқылы инвестор өз инвестициясының сапасын дәл анықтауына мүмкіндік алады.
Бағалы қағаздар бірнеше түрлі болып жіктеледі: біріншіден, түсіретін кірісіне; екіншіден, эмитенттің сипатына; үшіншіден, айналым мезгілі мен айналым жеріне байланысты.
1. Кіріс төлеу жөнінен қарызды және үлесті бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді. Қарызды бағалы қағаздар бойынша кіріс нақты процентпен төленіп, ал қарыздың күрделі негізгі бөлігін келешекте белгіленген уақытта өтеу көзделеді. Үлесті бағалы қағаздар, немесе оны акция деп атайды. Акция оны иемденушінің корпорацияның мүлігіндегі үлесін көрсетеді және иемденушіге шектеусіз уақыт бойы дивиденд түрінде қарызды және үлесті түрлерінен туындайды.
2. бағалы қағаздар шығарушысы жөнінен (эмитенті) жөнінен де жіктеледі. Олардың эмитентері мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар, қаржы институттары және тағы басқа заңды тұлғалар болуы мүмкін. Эмитенттеріне байланысты үлесті және қарызды бағалы қағаздар төмендегідей түрге бөлінеді:
• Қазыналық немесе үкімет атынан Қаржы Министірлігі шығарған бағалы қағаздар. Бұл қағаздар еңбір сенімді қағаздардың бірі. Себебі оның төлемін (өтелуін) мемлекеттік бюджеттің қаржысы қамтамасыз етеді. Бұл бағалы қағаздардың көп тараған түрлері қазыналық вексельдер мен қазыналық облигациялар. Мемалекеттік меншіктегі кәсіпорындары да көбіне облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарады.
• жергілікті әкімшіліктер мен олардың меншігіндегі кәсіпорын бағалы қағаздары. Олардың төлемін қамтамасыз ететін жергілікті салықтар мен істің нақты жобасына үкіметтің берген дотациясы.
• Қаржы институттары мен копорациялардың, яғни ашық түрдегі акционерлік қоғамдардың акция және облигация түріндегі бағалы қағаздары. Оларды өндіріс, құрылыс, сауда, жол қатынасы кәсіпорындарымен қатар коммерциялық банктер, сақтандыру және инвестициялық компаниялар, зейнетақы қорлары шығарады.
• Банктердің бағалы қағаздары – олар депозиттік сертификаттар (салым құжаты), чектер және бұданда басқа банктің өзінің қарыз міндеттемесі.
• Кәсіпкерлердің бағалы қағалдары – олар коммерциялық вексельдер, фьючерстік шарттар және басқа коммерциялық қағаздар.
3. Бағалы қағаздар қай жерже сатылады деген сұраққа жауап бойынша да жіктеледі. Сатылу жеріне байланысты ақша нарығындағы және капитал нарығындағы бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді.
Ақша нарығы қаржы нарығының бір бөлігі, онда қысқа мерзімді бағалы қағаздар сатылып және сатылып алынады. Оның айналу мерзімі 1 күннен 1 жыл аралығына созылады. Бұл нарыққа қазыналық вексельдер, депозиттік сертификаттар және басқа коммерциялық қағаздар сатуға түседі.
Капитал нарығына 1 жылдан астам уақытқа шығарылған бағалы қағаздар түседі. Олар үлесті де, қарызды да бағалы қағаздар болуы мүмкін. Олардың эмитенттері де әртүрлі: мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар, қаржы институттары және тағы басқалар.
Айта кететін жәйт, бағалы қағаздардың кейбір түрі қысқа мерзімге яғни 1 жылға дейін айналымда болса да капитал нарығында жүреді. Мысалы, опцион.
2. Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері
2.1 Акция
Акция — үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқық береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционерлердің акцияны шығарған компанияға қайтаруға құқы жоқ.
Акцияны шығару мына жағдайда болады:
• меншікті акцияландырғанда, яғни акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда;
• бар компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
• жарғылық капиталды қосымша молайтқанда.
Жарғылық капитал деген шығарылған акциялардың бастапқы жинақ құны.
Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайтуға және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден бір түрі. Акция компанияның акционерлер алдындағы қарыз міндеттемесі. Компанияның өз акциясын қайта сатып алатын құқы бар. Бірақ бірсыпыра елдердің заңында, егер корпорацияның төлем қабілеті жоқ болса, онда ол акциясы қайта сатып алу құқынан айырылады деген де ереже бар.
Акция бірнеше түрге жіктеледі.Бір жағынан, басқа біреуге беру тәсілі бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінеді, екінші жағынан, корпорацияны басқаруға қатысуы құқығы бойынша-жай және артықшылықты акция деп екіге бөлінеді.
Атаулы акция – иесі міндетті түрде корпорацияның реестрінде тіркелуі тиіс акция. Акционерлік кітабында қанша және қай уақытта алғандағы туралы жазылған акция иесі ғана акционер деп есептеледі.
Ұсынушыға арналған акция – иесінің аты-жөні корпорация кітабында тіркелмеген акция. Кітапта ұсынушыға арнап шығарған акцияның жалпы саны ғана көрсетіледі.
Жай акция иеленушілердің корпорацияның тапқан пайдасының мөлшеріне байланысты дивиденттер алу құқы, жиналыстарда дауыс беру арқылы корпорацияны басқаруға қатысу құқы және корпорация жабылып қалған жағдацда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқы бар. Құқықтар акция мөлшеріне сәйкес көлемде жүзеге асырылады.
Артықшылықты акциялар (немесе преференционалды) – мешік туралы ерекше сертификат.олар корпорация пайдасының деңгейіне қарамастан белгіленген мөлшерде неғұрлым нақты дивиденд төленуін қамтамасыз етеді.
2.2 Облигациялар, олардың акциядан айырмашылықтары және түрлері
Облигация деп эмитенттің белгілі бір шартты орындауға, яғни алған ақша сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны (мүддені) төлеуді міндеттенген жазбаша қарыз құжатын айтады.
Облигация мерзімдік қарыз міндеттемесі болғандықтан оның кепілі болып эмитенттің жалпы кепілдігі саналады. Облигация да акция сияқты корпорацияны инвестициялаудың ең маңызды көзі. Дегенмен бұл екі бағалы қағаздардың бір-бірінен түбегейлі өзгешеліктері бар. Ол өгешеліктердің маңыздылары мыналар:
1. Облигация иемденушісі корпорацияға несие беруші болып табылады.
2. Облигация иемденушісіне сыйақы төленеді. Оның мөлшері белгіленген және нақты анықталған. Облигация бойынша сыйақы басқа өтелетін дивиденттерден бұрын төленеді. Корпорацияның сыйақыны уақытында төлей алмауы оның банкрот деп танылуына тең.
3. Басқа несие беруші сияқты, облигация иесінің дауыс беру құқығы жоқ. Ол акционерлер жиналысына, сонымен қатар, корпорация басқаруғада қатыспайды. Оған керісінше акция иесінің корпорацияның мүліктік мүддесін қорғауда шешуші дауыс құқығы бар.
4. Облигация бойынша сыйақы корпорацияның шығынына жатады. Ол салық төленетін пайдадан төленеді. Ал дивиденд салық төлегеннен қалған корпорацияның таза пайдасынан өтеледі.
Облигацияда бірсыпыра элементтер көрсетіледі: номиналы, купондық мөлшер, өтеу туралы нұсқау, эмиссия шарты, қамтамасыз етілуі, рейтингі.
Номиналы деп облигацияның бетінде көрсетілген ақша сомасын айтады. Оны облигация иесі өтелу мерзімі келгенде алады.
Купондық мөлшер – жыл сайын эмитент төлейтін облигацияның номинал құнына байланысты келісілген сыйақы – төлем.
Өтеу күні – компанияның сатып алушыға облигацияны номиналына тең соманы қайтарып және сыйақы төлеуді тоқтататын күнтізбедегі күн.
Эмиссия шарты – ашықтан-ашық облигация шығару мәмілесі. Ол қарыз алушымен траст компаниясының шарты бойынша шығарылады.
Өтеу туралы нұсқау – эмиссия шартындағы тармақ. Ол бойынша эмитент облигацияның номиналдық құны және сыйақы төлейтін арнаулы қор құрады. Ол қор траст компаниясының бақылауында болады.
Қамтамасыз етілген облигациялар – оларды шығарғанда кепілдікке корпорация активтері немесе мүлігі салынады. Облигация қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген болып екіге бөлінеді. Қамтамасыз етілген облигация корпорацияның негігі активтерін талап етуге құқық беріп және сонымен бірге оның негізгі меншігінің облигацияға салынғанын көрсетеді.
Қамтамасыз етілмеген облигациялар – жалпы кепілдігі бар, басқаша айтқанда, эмитенттің жақсы атағымен шығарылған қарыз міндеттемесі.
Облигацияның рейтингі – олардың инвестициялық сапасын арнаулы фирманың бағалауы. әдетте, облигациялардың барлық шығарылған сериясы бағаланбай, тек екінші нарықта кең көлемде сұранысқа ие болатындары ғана бағаланады.
Заемның мерзіміне қарай корпорация облигациялары:
• Қысқа мерзімді – 1 жылдан 3 жылға;
• Орта мерзімді – 3 жылдан 7 жылға;
• Ұзақ мерзімді – 7 жылдан да көп жылдарға дейінгі болып үшке бөлінеді.
Облигациялар айырбасталымды және жай облигациялар болып та бөлінеді. Айырбасталымды облигациялар айырбасталымды артықшылықты акцияларға өте ұқсас. Олар келісімге сәйкес осы корпорацияның артықшылықты немесе жай акцияларына алмастырылуы мүмкіндігі бар. Ал жай облигациялардың бұндай құқығы жоқ.
2.3 Вексельдің түрлері
Өндірістегі жұмыстың айналымдылығы, яғни өнімді өндіру, оны сату және басқа да коммерциялық қызмет көрсету кезінде көбіне қаржы қорының жетіспеі сияқты жағдайға душар болады. Сол кезде өнімді сатып алушы жабдықтаушымен есеп айырысуды кейінге қалдырады. Демек өнім несиеге сатылады. Несиені қайтару кезінде ақшалардың бір түрі – вексель пайда болады.
Вексель – қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол бағалы қағаз. Вексельді борышкер, яғни вексельберуші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. Вексельдің мәні – несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін таур сатып алушының сатушыға берген қарыз міндеттемесі.
Вексельшығарып және оны пайдалануды дамыту ертеден несие – қаржы қызметін көрсету нарығының басты бағыттарының бірі болып келеді. Себебі, вексельдің мәні – тек қарызды қацтару кепілі ғана емес, сонымен қатар, саудалық қарым-қатынастардың тиімділігін арттыру мақсатында осы төлем міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы-ресурстардың айналымын жеделдету. Сондықтан вексель иемденуші төлемнің түсуін күтпей-ақ вексель сатып алушыны немесе оны тауар сатып алу үшін, ия болмаса қызмет көрсету үшін төлем қаржысы ретінде қолданушыны іздестіреді. әлбетте, вексельді банк сатып алады.
Векскль – тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуда ертеден келе жатқан еңбір басты қаржылық құрал. Қаржы жүйесі дамыған елдердің ақша айналымында вексель елеулі орын алады.
Вексель төлем дағдарысын реттеп, заттық айналысқа қорлардың айналысқа түсуін жеделдетіп, кәсіпорындардағы тауар-зат құндылықтарының қорын азайтып және халық шаруашылығындағы есептерді тездетеді. Вексель айналымы экономикалық қатынастардың сан-алуан жүйесін қамти алады….