Курстық жұмыс:Экономика | АҚШ тың салық жүйесі

0

I.АҚШ-тың салық жүйесінің экономикалық мәні мен қалыптасуы
1.1 АҚШ-тың салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдері

AҚШ экономикасы дамыған ұлы держава ретінде әлемге танымал мемлекет. Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) 1 адам басына шаққанда 36200 доллар құрайды.
АҚШ әлем бойынша мұнай, табиғи газ, тас көмір, т.б. өндіруден бірінші орында. Автомобиль өндірісі, ғарыш техникасы сияқты салалардан да әлем бойынша алдыңғы қатарда. Өнеркәсіп өндірісінің мына салалары кеңінен дамыған: тігін тігу, теріден аяқ-киім, тамақ темекі, орман және қағаз.
Ауыл шаруашылығы болса, жоғары деңгейде механикаландырылған, әлем бойынша жүгері, бидай, мақта, темекі жинаудан алдыңғы қатарда.
Экспорт бойынша мына мемлекеттермен экономикалық қарым-қатынаста: Канада (23%), Мексика (14%), Жапония (8%), Ұлыбритания (5%), Германия (4%), Франция және Нидерландия.
Импорт бойынша осы мемлекеттермен экономикалық қарым-қатынастарды жалғастыруда Канада (19%), Мексика (11%), Жапония (11%), Қытай (5%), Германия (5%), Ұлыбритания және Тайвань.
Жалпы АҚШ-тың макроэкономикасының көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ, соңғы статистикалық мәліметтерге сай: халық саны 279 миллионға жуық адам, халықтың өсу динамикасы 0,9%, жалпы ішкі өнімі – 9,963 триллион доллар, кедейшілік ішінде өмір сүріп жатқан халық – 12,7%, — құрайды, еңбекке жармады халық саны -140,9 миллион адам жұмыссыздық деңгейі -4%. Кіріс бөлігі шығыс бөлігінен басымдау дәрежеде, мысалы 2002 қаржы жылында 1,828 трмллмон доллар құраса, шығыс бөлігінде – 1,703 триллион доллар болды. Ал экспорт, импорт көрінісі: экспорт – 776 миллиард доллар, импорт – 1223 миллиард доллар.
Салық жылы, немесе қаржы жылы 1 қазаннан басталады.
АҚШ-тың бюджеттік құрылымының негізгі Ата заңға (Конституцияға) сәйкес өңделеді. Ата заңға Конгреске бюджетті қалыптастыруға құқық беретін арнайы ереже қарастырылған.
Негізгі заңға сәйкес Конгресс салықтарды бекіту мен алу, әкімшіліктің қаржы жағдайын қадағалауға, реттеуге құқылы, сонымен қатар Конгрестік екі палатасы да бюджет саясатын даярлауға жауапты. Федералдық бюджет типі ұзақ уақыт бойы қалыпсыз сипатта болып келеді. ХХ ғасырдың басына дейін негізгі түсімдер көзі болып кеден баждар мен акциздер саналады. Тек 1909 жылы ғана табыс салығы тұрақты түрде жүйеге енгізіліп, бүгінгі таңда аталмыш салық федералдық бюджеттің құрылымдық жүйесін қалыптастыруда аса маңызды орынға ие.
Жалпы АҚШ-тың бюджет процесі тарихы үш негізгі кезеңнен өткен:
1) 1921 жылға дейін;
2) 1921 жылдан 1976 жылға дейін;
3) және 1976 жылдан бері.
1921 жылға дейін АҚШ-тың барлық атқарушы билік органдары өздерінің жеке бюджеттік сұрауларын тікелей конгреске жолдап отыратын. Осы уақатқа дейін АҚШ-та бірыңғай федералды бюджет болмаған. Тек 1921 жылы алғаш рет қабылданған «есеп беру және бюджет туралы» американдық жиынтық заңға сәйкес бюджет реформасының бағыты анықталып, конгресс бюджеті алғаш рет президент қарауына ұсынды. Осылайша америка президенті атқарушы билік басында бола тұра федералды бюджетті өңдеу мен (даярлау) оның орындалуына жауапты болып бекітілді. Осы мақсатпен оған 1921 жылы бюджет бюросы (болашақта әкімшілік-бюджеттік басқарма) қаржы министрлігіндегі жеке дара өз бетінше бөлім ретінде қарауына өтті.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, әсіресе 60-жылдары федералды бюджет ауқымы бірден жоғарылап кетті, үкіметтің ұзақ мерзімді қаржылық бағдарламалар тенденциясы арта түсті. Бюджеттік қаржыландырудың тиімді бағытын қарастырудың жаңа деңгейін іздестіру қажеттілігі туындай бастады. Нәтижесінде бюджет бюросының орнына 1970 жылы ӘББ (әкімшілік-бюджеттік басқармасы) құрылды, бюджеттік процесті орталықтандыру арттырыла түсті, келесі кезекте бюджет тұжырымдамасын президент, ӘББ-директоры, қаржы министрлігінің қатынасуымен, экономикалық кеңес төрағаларымен және федералды резерв жүйесінің басқару кеңесімен ақылдаса, кеңесе отырып даярланатын болды.
1976 жылдың 1 қазанынан бастап «бюджет үстінен бақылау туралы», 1974 жылы конгресс қабылдаған заң күшіне енді. Бұл заңға сәйкес АҚШ-тың конгресінде орталық бюджеттің қаралу және бекітілу тәртібіне біршама өзгерістер негізілді. Конгресс палаталары бюджет жобасын мақұлдап қана қоймай, оны қайта қарау, президенттің бюджеттік ұсыныстарына келіспеушілік таныту, ұсынылып отырған кірістер мен шығыстар деңгейін өзгертуге, жаңа бағдарламалар енгізуге, салық жүйесін өзгертіп, заң жобасын қосуға құқылы болды. Осылайша бірнеше тарихи даму кезеңдерді өткізе отырып, бүгінде АҚШ-тың бюджет құрылымы өзіне тән ерекшеліктеріне ие.
Конгресс салықтарды бекіту мен алу, әкімшіліктің қаржы жағдайын қадағалауға, реттеуге құқылы. Конгрестің қос палатасы да бюджет саясатын даярлауға жауапты. Құрама штаттардың федеративті құрылымы бюджетті-салықтық процестердің маңыздылығымен ерекшеленіп: үш бірдей құрылымдардың мықты өзара әрекеттестігімен, яғни мемлекеттік шығыстар, мемлекеттік табыстар және бюджетаралық қатынастардан тұрады.
Мемлекеттік шығыстар жүйесі бюджет жобасын даярлау, олардың атқарушы органдарды толықтыруы, Конгресте бекітілуі мен орындалуына бақылау жасау сияқты мәселелерді қамтиды. Жалпы Р.Рейган ұсынған америка экономикасын сауықтыру бағдарламасы төмендегідей бағыттардан тұрады:
• корпарациялық және жеке табыс салықтарын төмендету;
• әлеуметтік бағдарламаларды қысқарту арқылы үкімет шығындарын азайту;
• кәсіпкерлік саланы қайта реттеу;
• инфляцияны блдырмауға бағытталған қатаң ақша-несие саясатын жүргізу.
Рейган саясатының алғашқы қадамы – салықтарды төмендетумен байланысты. Конгресс табыс салықтарын 25% төмендету және әлеуметтік қызмет көрсетулер бойынша федералды шығыстарды азайту туралы заң қабылдады.
Әлеуметтік саясат саласында «жаңа федералды» бағдарламасы пайда болды. Бұл бағдарламаға сәйкес федералдық, штаттық және жергілікті билік органдарының функциялары бөлінді. АҚШ үкіметі екі бірдей қайырымдылық бағдарламасының орындалуына жауапты болып бекітілді, олар мынадай бағдарлама: көп балалы отбасыларға жәрдем және тамаққа берілетін талон.
Федералдық үкімет болса, кедейлерге көрсетілетін медициналық жәрдем үшін жауапты болды. Ал, қалған әлеуметтік бағдарламалар жергілікті билік органдарына табыс етіліп, бұларды төрт жыл бойы қосымша түрде қаржыландырып отыратын федералды қор құрылды.
Рейган билігінің алғашқы мерзімі аяқталар шақта инфляция 4% дейін төмендеді. Федералды резерв жүйесі ақша қаражаттарын ұстау саясатын босатыңқырады. Пайыздық мөлшерлемелер әлдеқайда төмендеп, үйлер мен автокөліктер сатып алуды қаржыландыру жеңілдене бастады. Жұмыссыздық деңгейі 8% төмендеді. Дегенмен салықтардың төмендеуі экономикаға құйылатын инвестиция көлемін өсірді деген болжам ақтала қоймады.
Сонымен қатар мемлекеттік бюджеттің тапшылығы өсе түсіп, әскери мақсаттағы шығындар мен елдің төлем балансының жоғарылауы нәтижесінде тапшылық 100 млрд доллар көлеміне дейін жетті. Жалпы Рейган саясатының негізгі мақсаттары – федералды үкімет саласында, әсіресе әлеуметтік мәселелер бойынша шараларды қысқарту, табыс салықтарын азайту, қарулы күштер қуатын өсіру. Рейган өзінің бір сөзінде «Біздің әкімшіліктің негізгі мақсаты – Америкаға жаңа жетістіктер, ал азаматтарына жаңа мүмкіндіктер туғызуды қамтамасыз ету. Бұл мақсаттарға жетудің тәсілі біреу ғана: жеке басқа бостандық, нарықты бақылаудан босату, үкімет билігіне шектеу қою», — деп айтты. Бюджет тапшылығы 1983,1985,1986 жылдары ойға сыймас дәрежелерге көтіріле берді, егер 1980 жылы федералды бюджет тапшылығы 73,8 млрд доллар құраған болса, нәтижесінде «Рейганомиканың» АҚШ мемлекеттік бюджетіндегі тапшылығы 152 млрд долларға дейін жетті; бұл ЖІӨ -нің 5% астамы болатын. Осылай бола тұра, жұмысшылар үшін жаңа 17 млн жұмыс орны пайда болды. Қорыта келе Рейган және оның әкімшілігі экономикалық саясатты жүргізу нәтижелері екі жақты деуге болады, олар: оң және теріс нәтижелер.
Оң нәтижелері – инфляция шегерілді; экономика қарқынды өсті, жұмыссыздық деңгейі төмендеді; жаңа жұмыс орындары пайда болды.
Теріс нәтижелері – федералды бюджет тапшылығы өсті, бюджет тапшылығы салдарынан мемлекеттік қарыз өсті, ақша-несие саясатына кері әсер етіп, доллар бағамы жоғарылап кетті, АҚШ-тың сыртқы балансы бұзылды, осылайша АҚШ қарызы бар мемлекеттер қатарына қосылды.
Аталмыш бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарызға сараптама үшін
мысал ретінде әрбір 3-4 жыл аралығын кесте арқылы көрсетуге болады.

Р-с
Көрсеткіштер
Жылдар
1981 1985 1990
1 Федералды мемлекеттік қарыз,млрд доллар 1004 1827 3210,9
2 Федералды бюджет тапшылығы, ЖІӨ-ге, % 2,5 5,1 3,9
3 Пайыз мөлшерлемесі,% 14 7,5 7,5
4 ЖІӨ-нің өсуі, өткен жылға, % 2,5 3,7 1,3
5 Инфляция деңгейі,% 9,4 3,4 4,4
6 Жұмыссыздық деңгейі,% 7,6 7,2 5,5

1-кесте. АҚШ-ғы бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыз деңгейі (1981-1990)

80-ші жылдардың аяғына таяу АҚШ экономикасы бәсең ырғақпен қозғала бастады. 1989-1992 жылдары ЖІӨ-ң орташа жылдық өсімі небәрі 1%-ті құрады.
Биілік басына Р.Рейганнан кейін келген Дж. Буш Рейган саясатының қағидаларын қолдай отырып жалғастыра бастады.
90-шы жылдардың өзекті мәселесіне айналған бюджет тапшылығы жан-жақты жана шешімдермен тоқыраудан шығудың жаңа жолдарын қажетсіне бастады. Нәтижесінде 1992 жылы Дж. Буш президент тағым демократ Б.Клинтонға ұсынды.
Мемлекеттік кірістер жүйесі – мемлекеттегі әрекет етуші салықтар жиынтығы емес, кірістерді жинауды жинауды толық және дер кезінде қаражаттардың бюджетке түсуіне бақылау жасайтын механизмдері. Маңызды да күрделі міндет – бұл бюджетті салықтық федерализм құрылымын құру және оған қолдау көрсету болмақ, себебі бюджетаралық қатынастар аясында экономикалық саяси, этникалық т.б. факторлар мен мүдделердің қилы түрлері кездесп отырады.
Осылайша, қазіргі таңда АҚШ-та бюджет жолдауын және федералды бюджет жобасын әкімшілік-бюджеттік басқарма (ӘББ) даярлайды.
ӘББ-нің міндетті федералды бюджет саясатымен нақты бюджетті салықтық шараларды жедел түрде өңдеу, федералдық министрліктермен ведомстволардан қаржы жағдайларына түзетулер енгізіп, тәжірибелі түрде басқару болып табылады.
Конгресте шығыстарды бекіту процесі айтарлықтай іс-әрекеттерімен ерекшеленеді. Аталмыш процесс үш сатыдан өтетіндігімен ерекше. Алғашқы саты: конгрестің «профильді» комитетінде қаражат бөлінуге тиісті бағдарлама бекітілуі тиіс. Осыдан кейін қаржы бөлу бойынша комитет қаражаттарды бөлу мәселесін талқылауға кіріседі. Осылайша, алдымен конгресс бағдарламаның принциптілік түрде жүзеге асуына рұқсат береді, одан кейін бағдарламаның құны, ұзақтығы қарастырылады, ақырында жалпы бөлінген қаражаттар туралы заң негізінде нақты қаржыны бөлінген қаражаттар, яғни нақты ақшалар бөлінеді.
Бағдарламаны бекітудің үш сатысы да ұсынылып отырған бағдарламалардың үстінен үш рет бақылау жасап, тексеріп шығуға мүмкіндік береді.
АҚШ-та қаржыларды басқару Қаржы министрлігі мен ӘББ-на жүктелген.
Қаржы министрлігінің негізгі міндеттері: қаржы және салық саясатын даярлау, қаржы заңдылықтарының орындалуына бақылау жасау, үкіметтің қаржы агентті ретінде іс-шаралары жүзеге асыру, тиын ақшаларды соғу, құю, ақша белгілерін эмиссиялау.
Министрлік бөлімшелерінің бірі – Ішкі табыстар қызметі (ІТҚ). Ол федералды бюджетке түсіретін салықтар мен түсімдерді қамтиды. ІТҚ-ның бақылауын тиімдірек жүргізу мақсатында үш деңгейлі мекемелер құрылған – ұлттық, аймақтық, округтік.
Табыстарды жинау мәселесімен сонымен қатар кеден қызметі мен алкагольды ішімдіктер, темекі өнімдері және қару-жарақтар (атыс қарулары) бойынша бюро да айналысады.
Кеден қызметі кеден кірістерін жинаумен кеден ерекшеліктерінің орындалуын қадағалайды. Жалпы АҚШ территориясы 9 кеден округіне бөлініп, 300-ге жуық жедел кеден пункттерінен тұрады. Ал, алкогольды ішімдіктер, темекі өнімдері мен атыс қарулары бойынша бюро осы заттардың өндірілуі мен сатылуына байланысты заңдардың орындалуын қадағалайды, сондай-ақ бұлардан түсетін кірістердің салыққа түсуіне бақылау жасайды.
Министірлікте ішкі займдар және мемлекеттік қарызды басқару мәселелерімен айналысатын қызмет органдары да бар.
АҚШ-та мемлекеттік құнды қағаздардың көп түрлері бар, олардың көмегімен уақытша бос ақшалар іске жұмылдырылады. Мысалы: жинақ облигациялар бөлімі жинақ облигациялар сату бойынша жетекшілікті жүзеге асырады, ал мемлекеттік қарызды басқару бөлімі займдар бойынша пайыздар төлеу, қарыздардың күрделі сомасын өтеумен айналысады.
Министрлік құрамына ақша айналысы мен бақылау қызметі де кіреді. Оған ұлттық банктер қызметін бақылау жүктелген, ал олардың саны 4600-ге жуық. Бұл қызмет жаңа ұлттық бантердің ашылуына, АҚШ банктерінің ұлттық түрге ауысуына, филиалдар ашуға рұқсат береді. Федералды бюджеттің табыс бөлігін салықтар мен басқа төлемдер құрайды.
Ал, шығыстар құрылымы бірнеше бағыттар бойынша таралады: ұлттық қорғаныс, халықаралық қатынастар, ғылым мен ғарыш, технология, энергетика, табиғи ресурстар мен қоршаған орта, ауыл шаруашылығы, транспорт, білім беру, кәсіби-техникалық даярлау, еңбекпен қамту, денсаулық сақтау, медисэр (65 жастан жоғары адамға медициналық қызмет көрсету), табыстарды қолдау, әлеуметтік сақтандыру, ардагерлерге қызмет көрсету мен жәрдемақы, тәртіп сақтау, жалпы басқару, мемлекеттік қарыз бойынша шығындар.
АҚШ-ғы соңғы күрделі бюджет тапшылығы 80-ші 90-шы жылдармен байланыстырылады. 1991 жылы АҚШ-тың таза қарызы 700млрд.доллар құрады (ЖІӨ 10%).
АҚШ-тың 70-ші жылдардағы экономикалық қиындықтары жүргізіліп отырған саясаттың, яғни нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесінің қолайсыздығын байқатып, экономиканы реттеудің консервативтік нұсқасын қолдануға көшу қажеттілігі туындай бастады. Бұл үлгіні тәжірибе жүзінде билік басына сол жылдары келген Р.Рейган (1981-1988ж.ж.) жүргізді. Бұл бағдарлама АҚШ – экономикасының тарихында «Рейганомика» деген атпен қалды.
1981 жылдың 18 ақпанында Р.Рейган «Америка үшін жаңа өмір» атты экономикалық бағдарламасын конгрестің қарауына ұсынды. Аталмыш бағдарламаның авторы әкімшілік-бюджеттік басқарма (ӘББ) директоры – Д.Стокмен болатын. Бағдарламаның айтарлықтай бөлігі федералды бюджет жобасына түзетулер енгізулер болып саналды. 1984 қаржы жылында-ақ федералды бюджетті теңестіру көзделді.Бюджетті теңестіру ЖІӨ 19,3% деңгейінде қарастырылды. Стокмен әлеуметтік қажеттілікке деген федералды шығындар көлемін азайту арқылы теңестіру жолын ұсынды.
Билл Клинтон (Уильям)Джефферсон 1946 жылы 19 қарашада АҚШ-тың Арканзас штатында туылған. АҚШ-тың мемлекеттік қайраткері елдің 41 президенті, Вашингтон, Оксфорт университеттерінің, заң мектебін тамамдаған. Жас кезінен саясатпен айналысқан, 1976 жылы Арканзас штатының губернаторы қызметін атқарған. Губернатор қызметінде жүргенде реформа жасап, өндіріске салық жеңілдігін енгізді. Осындай іс-шаралар арқылы 1987 жылы АҚШ губернаторы ұлттық қауымдастығының төрағасы болып, жалпы американдық көлемдегі саясаткерге айналды.
1991жылы ол Демократиялық партия атынан АҚШ президенттігіне өз кандидатурасын ұсынды, сөйтіп, 1992 жылдың қарашасында өткен сайлауда өз қарсыласы Дж. Бушты айқын басымдылықпен жеңіп шықты.
1992 жылы АҚШ президенті Б.Клинтон өзінің алғашқы Конгреске жолдаған экономикалық баяндамасында: «американдық халық өзгерістерді қалады, мен қолдау сұрадым, бәрін қамтитын қысқа және ұзақ мерзімді стратегия, стратегиялық бағытым – халқымның экономикалық болашағын қайта жандандыру. Халқым бірге болса, біз бірге жүреміз, алға басамыз» деген сөздерден бастады. Б.Клинтонның әкімшілігі тез арада іске кірісіп, тура жол таба білді.
Экономиканы тұрақтандыру жоспары негізгі үш бағдарламадан тұрды:
1. Экономиканы ынталандырудың қысқа мерзімді бағдарламасы, бұл іске 30млрд. доллар қаражат бөлінді. Басты міндет – білім беру, кәсіби даярлау мен қайта даярлауды дамыту арқылы жұмыс орындарының санын көбейту.
2. Төрт жылдық мерзімге есептелген ұзақ мерзімді инвестициялық бағдарлама. Бұл жердегі мақсат – жеке инвесторларды ынталандыру мен оларға жеңілдіктер беру, шаруашылықтың маңызды деген салаларына мақсатты күрделі салымдар. Бұл шараларды жүзеге асыру үшін 140млрд доллар қаражат бөлінген.
3. Ұзақ мерзімді экономикалық өрлеудің қажетті шарты ретінде бюджет тапшылығын қысқарту бағдарламасын даярлау.
Клинтон экономикалық стратегиясының басты ұстанымы – федералдық тапшылықты қысқару болды.
1993 жылдың тамызында күшіне енген 1-ші бюджеттік бағдарлама айтарлықтай ауқымды болып, федералды бюджет тапшылығын 1993-1998 жылдар аралығында, яғни 5 жыл ішінде 616 млрд долларға қомақты түрде қысқарту көзделген болатын. Клинтонның бюджеттік саясаты келесі негізгі құрамдардан тұрады: жеке табыс салығы, корпарациялық табысына салынатын салықтар, әсіресе мөлшерлемелердің жоғары аймақтары көтерілді.
Бұл Клинтонның өзінің айтуынша табысы жоғары салық төлеушілердің небәрі 1,2% үшін ғана нақты түрде салықтар жоғарылады, себебі, табысы мол адамдар, салықты да көп төлеуге тиіс болды.
Салықтардың жоғарылауын төмендегі кесте арқылы байқауға болады.

Жылдық салық салынатын табыс, мың доллармен
Буш әкімшілігі кезіндегі салық мөлшерлемесі 1993 жылғы Клинтон
реформасынан кейінгі
салық мөлшерлемесі
36,9 дейін 15 15
36,9-89,2 28 28
89,2-140,0 31 31
140,0-250,0 31 36
250,0-ден жоғары 31 39,6

2-кесте. АҚШ-ғы жеке табыс салығының шкаласы

Осылайша Клинтон және оның кеңесшілері салық саясатына айтарлықтай өзгерістер енгізді, әсіресе жеке табыс салығының мөлшерлемесін жоғарылату өз нәтижесін берді: салықтық түсімдер жоғарылай түсіп, 1996 жылы табыс салығы бойынша түсімдер ЖІӨ-ге 8,6% құрады.
Сонымен қатар салықтық жеңілдіктер бойынша да мәселелер назарға ілініп, жағдайы төмен отбасына бекітілген салық жеңілдігінің мөлшері өсті, егер бұрын 18,5% болса, келесі жерде 30,6% дейін өсті, ал екі балалыларға бұрынғы 19,5% жеңілдік орнына 40% дейін көтерді.
Клинтон американың аралас экономикасының әлеуметтік инфрақұрылымын сақтап қалуды ғана көздеп қоймай, сонымен қатар қоғамдық денсаулық сақтауды да қолға ала бастады.
Бюджеттік жаңа саясат «тапшылыққа қарсы градуализм» деген атқа ие болды, оңды нәтижелер көрініс …….