Курстық жұмыс: Экономика | АЙМАҚТЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ (ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МЫСАЛЫНДА)

0

Мазмұны

КІРІСПЕ
1. АЙМАҚТЫҚ ДАМУДАҒЫ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ МЕХАНИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Қаржы саясатының экономикалық мазмұны, міндеттері, мақсаттары және қағидаттары
1.2 Аймақтық ұдайы өндірістегі қаржы саясатының рөлі

2. АЙМАҚТЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ (ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МЫСАЛЫНДА)

2.1 Аймақтың қаржылық саясатындағы жергілікті бюджеттің экономикалық маңыздылығы
2.2 Аймақтың қаржылық дамуының көрсеткіші ретіндегі жергілікті бюджеттің қазіргі жағдайын талдау (Оңтүстік Қазақстан облысы мысалында)

3. АЙМАҚТЫҢ ТИІМДІ ҚАРЖЫЛЫҚ САЯСАТЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Мемлекеттің аймақтық саясатын қалыптастыруды жетілдіру және стратегиялық жоспарын жасау әдістерін одан әрі дамыту жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. АЙМАҚТЫҚ ДАМУДАҒЫ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ МЕХАНИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері, мақсаттары және қағидаттары
Экономикалық дағдарыстан шығу және одан әрі серпінді даму мемелекеттің сындарлы және негізгі саясаты арқылы болуы мүмкін. Жүргізіліп отырған қаржы саясатының басты субъектісі мемлекет болып табылады. Ол қоғамның ұзақ перспективаға арналған қаржысын дамытудың басты бағыттарының стратегиясын жасайды және алдағы кезеңге арналған міндеттерді, қаражаттарды және оған жетудің жолдарын анықтайды.
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны экономикалық зандардың іс-әрекетін ескере отырып және қоғамның даму міндеттеріне сәйкес қаржыны жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде қаржы саясатының өзіне тән белгілері болады, ол экономиканың жай-күйін, қоғамның материалдық және мәдени өмірінің толғағы жеткен кажеттіліктерін және мәдени өмірінің толғағы жеткен қажеттіліктерін және басқа факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны айтарлықгай күрделі, өйткені ол шаралардың ауқымды кешенін, оны дәйекті жүзеге асыру стадияларын қамтиды, олар:
■ экономикалық заңдарың әрекеті, экономиканың жай күйі,
қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының перспективалары
негізінде елдегі қаржының ғылыми негізделген тұжырымдамасын
әзірлеу;
■ экономикалық саясаттың тиісті мақсаттары мен міндеттері негіздей отырып, қаржы саясатының стратегиялық және тактикалық шараларының тұжырымдау;
■ белгіленген іс-әрекеттерді қаржы механизмі (экономикалық қайта
құрудың түбегейлігіне қарай оны жаңғырта және түзете отырып)
арқылы іс жүзеге асыру.
Осы негізгі үш буынның бірлігі қаржы саясатынның мазмұнын анықтайды. Демек экономикалық завдардың іс-әрекетін есепке ала отырып, қоғамға дамытудың міндеттеріне байланысты қаржыны ұйымдастыру мен пайдалану мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны болып табылады. Қазіргі кезенде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:
а) елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде қаржы ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету;
ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық шаруашылықгың секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау;
б) экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.
Елдегі жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес мемлекеттің қаржы саясаты мен қаржы жүйесінің кызметі нарық жағдайында қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыруға, оларды бюджетке толық және дер кезінде түсіріп отыруға, әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік бағдарламаларында қаралған шараларды үздіксіз қаржыландыруға және материал, еңбек және ресурстарын мақсатты әрі ұтымды пайдалануға бақылауды күшейтуге бағытталған. Бұл мақсаттар Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық дамуының, қоғамдық өмірдің барлық салаларын қайта құрудың стратегиясын қаржымен қамтамасыз ету қажеттігінен туындайды/1/.
Таяудағы мақсат ретінде — мемлекеттік бюджет теңгерімділігіне жету және экономиканы тұрақтандырудың негізінде ұлттық шаруашылықтың қаржы жағдайын сауықтыру проблемасын шешу.
Қаржы саясатын жүзеге асырудың негізіне жалпы және жеке (өзгеше) қағвдаттардың толып жатқан қатары қойылуы тиіс.
Қаржы саясатын жүргізгенде оның мына қағидаттарын жүзеге асырудың зор маңызы бар:
• қолда бар нақаы қаржы ресурстарын негіздей отырып,
бюджеттерді жасау, бекіту және атқару кезінде қоғамдық
өндірістің барлық қатысушыларының, әлеуметтік, ұлттық және
кәсіби топтардың мұдделерін сақгау;
• қаржы қатынастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
• қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен шығыстардың теңгерімділігі;
• қаржы резертерін жасау (бюджет жүйесінде кірістердің шығыстардан және салалық қаржыларда қаржы резервтерінің асып түсуі);
• мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектіледің арасында
қаржы ресурстарын оңтайлы бөлу;
• Қаржы саясатының тиімділігін қамтасыз ететін жалпы қағидаттарға мыналар жатады:
• объективті экономикалық заңдарының іс-әрекетінін есепке алу;
• нақгы тарихи жағдайлары есепке алу;
• өткен жылдардың өзіндік тәжірибесін және дүниежүзілік тәжірибені есепке алу;
• жеке (өзгеше) қағидаттарға мыналарды жатқызуға болады:
• қоғамда қаржы жүйесінің ұтымды құрылымын, қаржы қатыныстардың жоспарлы ұйымдастыруды және қаржы механизмінің дұрыс құрылуын қамтамасыз ету; қаржы жүйесінің барлық салаларымен буындарындағы кірістер мен шығыстардың тепе-тендігі;
• бюджеттегі кірістердің шығыстардан асып түсетін қаржы
резервтерін жасау;
• салық жуйесін ұтымды құру арқылы экономикалық және
әлеуметтік дамуының манызды бағыттарына қаржы ресурстары
шоғырландыру;
• негізгі қаржы ресурстарын мемлекет қарамағына жұмылдыру
оларды мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында тиімді бөлу;
• қаржы және кредит-ақша саясатының тепе-тендігі.
Әрбір экономикалық категорияның өзінің өзгешелігі болады, тиісті қатынастарды білдірудің белгілі бір түрлі, нысандары мен әдістері арқылы көрінеді. Тап осы ұғымдар — қатынастарды іске асырудың түрлері, нысандарымен әдістері — экономикалық өмірде тиісті поцестерді басқарудің тетіктері, механизмі ретінде болып келеді. Қаржы өзгеше бөлгіштік категория ретінде түрлі мақсатты ақша қорларын жасау және пайдалану арқылы жасалынған өнімді бөлу және қайта бөлуге қатысады. Сондықган осы процесте қоданылатын механизм — бұл ақшалай табыстар мен қорларды қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты қаржы қатынастары көрінісінің түрлері, нысандары мен әдістері.
«Механизм» термині экономикалық ұғымда бір нәрсені іс-қимылға келтіретін, белгілі бір қызметке түрткі болатын кұралды білдіреді. Бұл мағынада термин басқаруда қолданылады және оның мәні экономикалық, соның ішінде қаржы саясатының да міндеттермен анықгалатын басқарушы субъектінің басқарылытын объектіге ықпалының мазмұнымен байланысты.
Қаржы шаруашылық жүргізудің бүкіл жүйесімен және оның жоспарлау, болжау, экономикалық ынталандыру, ұйымдастыру және басқару сияқгы құрамды бөліктерімен етене байланысты. Оның үстіне, қаржы қоғамдық қатынастар жүйесінің серпінін (динамикасының) аныктаушы негұрлым жалпы ұғым ретіндегі әлеуметтік механизмнің ұқсас құрамды бөліктерімен де өзара іс-әрекет етеді.
Қаржы механизмі- экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын қамтиды.
Қоғамдық шаруашылықгың жеке бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай және қаржы қатынастарының сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржы механизмі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы механизмі, сондай-ақ мемлекет қаржысының механизмі болып бөлінеді. Өз кезегінде, бұл сфералардың әрқайсысы жеке құрылымдық буындарды қамтиды. Мысалы, мемлекет қаржысының механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінеді. Аумақтық бөлініске сәйкес республиканың, биліктің жергілікті органдарының қаржы механизмі деп бөлуге болады/2/.
Жалпы шаруашылық механизмі секілді қаржы механизмінің де өзіне тән ішкі құрымы бар және ол айтарлықгай күрделі. Оған қаржы қатынастарының әр алуандығына сәйкес келетін түрлі элементтер кіреді. Қаржы механизмі экономикалық жүйе шеңберінде қаржы қатынастарының ұйымдық нысандарының жиынтығын, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын, қаржыны және қаржы жүйесін басқарудың нысандарын, қаржы заңын қамтиды.
Аймақтағы инвестициялық процестердің материалды-қаржылық баланстылығын қамтамасыз ету. Бұл міндетті шешуі, өндірістік емес саланың және аймақгың экономикалық құрылымына тәуелді.
Аймақтық әлеуметтік экономиканың дамуының маңызды факторы оның қаржылық жағдайын нығайту болып табылады. Коммерциялық банктердің және аймақ әкімшілігінің бірлестікке деген ықыласы: аймақтың экономикалық тұрақты дамуы, коммерциялық банктердің дамуының негізгі шарты, қаржы ресурстары — инвестициялық фактор болып табылады.
Аймақтық жоспарлаудың келесі маңызды қағидасының мәнісі мақсаттық бағытталумен анықталынады. Оның ғылыми негізделінуі әлеуметтік сипаттағы мақсаттардың басым болуынан туындайды, өйткені әлуметтік сектор дамудың әртүрлі мәселелерін шешу көбінесе көлденең көзқарасты талап етеді. Сондай ақ осы сеқторда нарықгық қатынастары элементтерінің пайда болуын ескерту қажет. Бұл аталған мәселені шешу жөніндегі жұмыстардың ұйымдастарылу әдістемелік мазмұнын тұтастай өзгертеді.
Қаржылық өзара байланыстардың тап осындай көптігі оларды (элементттерді) ұйымдастырудың көптеген түрлерін, нысандарын және әдістерін қолдануды ала анықтайды.
Қаржы механизмі кұрамын сипаттау үшін оның буындары ретінде анықгалатын жүйелі талдаудың қосалқы жүйесі (бөлігі), блогы, элементі сияқгы ұғымдарын пайдаланған орынды. Нақты өмірде, шаруашылық және қаржы механизмдерінде абстрактты экономикалық (құндық) категориялар нақгыланады және нақтылы нысандар түрінде болады (сурет 1). Қаржы механизмінің қосалқы жүйесі (бөлігі) оның неғұрлым маңызды қозғаушы күші болып табылады, олар: қаржылық жоспарлау, қаржы тұтқалары мен ынталандырмалары, ұйымдық құрылым және қаржы жүйесінің құқықгық режимі, қаржыны ұйымдастыру. Қаржы механизмінің блогы (буыны)- бұл жалпы мақсатты бағыттылық белгісі бойынша біріккен біркелкі өзара байланысты элементтердің жиынтығы. Қаржы механизмнінің элементі — бұл қарапайым шаруашылық нысан, ол арқылы қоғамдық өндіріске қатысушылардың мүдделері айрықша түрде білінеді. Қоғамдық өмірде қаржының және әрекет жасау әдістерінің өзара іс-қимылы арқылы көрінеді. Нақгылы нысандар деп жоспарлана алатын, түрін өзгерте алатын, адамдар есепке алатын категориялар ұғынылады. Нақгылы нысандар — бұл экономикалық категориялардың іске асу нысандары. Жалпы қаржылар арқылы емес, бірақ оның нақгылы нысандары (қаржылық қосалқы категориялар) — бюджет, кірістер, шығыстар арқылы экономикалық заңдарды адамдар өз мақсаттарына пайдаланады. Бұл мағынада жоғарыда аталған нақгылы нысандар ұдайы өндіріс процестерін басқарудың құндық категориялары болып табылады.

Қаржы механизмінің жүйесі

Қаржы механизмі
Қосалқы жүйелер
Қаржылық жоспардау (болжау) Қаржы
тұтқалары мен ынталандырмалары Ұйымдық
Құрылым және құқықтық және құқықтық режім
Блоктар
Қаржы болжамдары, жоспарлары және баланстары
Қаржы көрсеткіштері
Қаржы нормалағымды (ағымды қаржыландыруда қолданылатындарыары мен нормативтері)
Қаржы ресурстарын бөлудің нормативтері (макроэкономикалық нормативтер: салықтардың мөлшерлемелері, қорларға аударылған аударымлардың нормалары)
Ұдайы өндірісті және ынталандыруды қаржымен қамсыздандыру қорлары
Қаржыны басқаруды ұйымдастыру
Қаржының қатынастарын реттейтін заңнамалық және нормативтік актілер
Қаржылық бақылау
Сурет 1
Әдіс — бұл басқару функцияларын орындау жөніндегі іс-әрекетінің тәсілі, әрі бұл жағдайдағы анағұрлым ұтымды тәсіл. Ықаал ету әдістері белгілі бір категориялардың ішкі мағынасындағы (бағадағы, қаржыдағы, табыстағы, пайдадағы, салықгардағы, кірістердегі және басқалардағы) экономикалық зандардың көрінісінің әр түрлі нысандарына колданылады.
Экономикалық реформалар мен нарықгық қатынастар тұтқалардың іс-әрекетінің жүйесі болып табылатын қаржы механизмінің құрылымы мен элементтеріне әсер етпей қойған жоқ.
Нарықтық реформалардың терендей түсуі жағдайында сапалық жағынан жаңа қаржы механизмі қолданылады. Бұл шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың бюджет жүйесімен, сақтық конпанияларымен өзара қарым-қатынастарына қатысты.
Қаржы механизмі коғамның өндірістік қатынастарының барлық жақтарын қамтиды. Сондықган пәрменді жақсы жолға қойылған қаржы механизмінің көмегімен өндіріске белсенді ықпал жасау, оның тиімдігінің арттыру және экономиканы өсіру үшін оны қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге болады.
Қаржы механизмін оның қоғамдық ұдайы өндіріске ықпал жасауы тұрғысынан қарағанда оның фунқаионалдық буындары: ресурстарды жұмылдыру, қаржыландыру және т.т. бөлініп шығады.
Қаржы механизмінің әрбір сферасы мен буыны бірыңғай бүтіннің кұрамды бөлігі болып табылады. Ол өзара байланысты және өзара тәуелді. Сонымен бірге салалар мен буындар біршама дербес іс-әрекет етеді. Бұл жағдай каржы механизмі құрамдастарының үнемі қиысуын қажет етеді. Қаржы механизмнің құрамды (құрыльшдық және функционалдық) буындарыньщ іштей үйлесуі оның ұтымдылығының (әрекеттілігің) манызды шарты болып табылады.
Қаржы механизмінің сфералары мен буындары жеке элементтердің күрделілігімен және тарамдашылық дәрежесімен ерекшеленеді. Мысалы, бюджет механизмі салықгардың көп түрінен тұратын жүйе, оған қаржыны пайдаланудың сан алуан бағыттары мен қаржыландыру әдістерінің болуы тән. Шаруашылық жүргізуші субъектілерде қорланымдардың жеке нысандары арасындағы қарым-қатынас анықгалады, табыс (пайда) бөлініске түседі, қорлар құрылып, пайдаланылады. Сақтық ұйымдарға резервтік қор жүйесі кең дамыған.
Қаржы механизмі элементтерінің — қаржы қатынастарын ұйымдастырудың нысандарының, түрлерінің, әдістерінің, үйлесуі «қаржы механизмінің конституциясын» құрайды, ол механшмнің әрбір элементінің сандық параметрлерін белгілеу жолымен, яғни алудың мөлшерлемелері мен нормаларын көлемін, шығындардың деңгейін жоне басқаларды анықтау арқылы қозғалысқа келтіріледі. Сандық параметрлер мен оларды анықгаудың сан алуан әдістері қаржы механизмінің ең шамдағай бөлігі болып табылады. Олар түзетулерге жиі ұшырайды, өндіріс жағдайлары мен қоғам алдында тұрған міндеттердің өзгерісін сергек сезіп отырады. Мысалы, табысты (пайданы) бөлудің әдістері және кәсіпорын мен мемлекет арасында оның бөлінуінің ара қатысты әлденеше рет өзгерді, салықгардың мөлшерлемелері түзетілді және т.т.
Қаржы механизмін калыптастығына оның толығырақ сәйкестігін қамтамасыз етуге тырысады, бұл саясаттың мақсаттары мен міндеттерін толық жүзеге асырудың кепілі болып табылады. Сонымен бірге қаржы механизмі мен оның элементтерін жеке және ұжымдық мүдделермен неғұрлым толық үйлестіруге деген үнемі ұмтылушылық сақгалынады, бұл — қаржы механизмі тиімділігін кепілі.
Қаржы қатынастары көрінісінің нысандары экономиканы басқарудың секторы, экономикалық аймақ, сала, ішкі сала, шаруашылық жүргізуші субъект, әкімшілік — аймактық құрылым) неғұрлым толық нақаылануы мүмкін. Сондыктан анагұрлым толық нақтылы нысандар — экономикаға (әрі қарай тәптіштеледі), әлеуметтік -мәдени мақсаттарға, (білім беру, денсаулық сақгау, әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру және басқалары, ғылымға, басқаруға) жұмсалатын шығындар бөліп көрсетіледі. Бастапқы буын деңгейінде — фирмаларда, компанияларда, ұйымдарда, мекемелерде сан алуан қаржы қатынастарын реттеу үшін басқарудың нақтылы нысандары мен әдістерінің сан алуан түрлері қолданылады.
Шаруашылық және қаржы механизмдерінде қаржы-экономикалық
нормативтер мен лимиттер пайдаланылады. Нормативтер
шығындардың немесе ресурстарды бөлудің есептік түрде негізделген
мөлшерлері, лимиттер — ресурстарды пайдаланудың шекті мөлшерлері
(көлемдері) қаржылык жоспарлауда пайдаланылады. Олардың
көмегінен жалпымемлекеттік, ұжымдық және жеке мүдделердің
бөлгіштік қатынастарындағы оңтайлы ұштасуы, экономикалық және
әлеуметтік дамудың перспективалық және ағымдағы жоспарларының
тапсырмаларын іске асыру үшін мемлекеттің, аймақгың, басқарудың
салалық және ведомстволық органдарының, шаруашылық құрылымдардың ресурстарға деген қажеттіліктері қамтамасыз етіледі.
Қаржы саясатының түбегейлі өзгерумен байланысты қаржы механизмі қайта құрудың мақсаты — нарықгық қатынастарды дамыту негізінде қоғамдық өндірістің тиімділігіне ықпалын күшейту, қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету. Қаржы механизмін қайта құрудың негізіне ұлттық шаруашылықга қаржылық өзара байланыстарды ұйымдастыруға деген қағидалы жаңа көзқарас койылған, ол жұмыстың тұпкілікті үшін кәсіпорындардың, ұйымдардың, аймақгардың шаруашылық ынтасы мен жауаптылығын барынша дамытуды қамтамсыз етеді.
Нарықгық экономикада өндірістік құрал жабдықтарды жақсы пайдалануда кәсіпорындардың ынталылығын арттыру үшін ерекше қаржыәдістерін қолданудың, олардың қаржы қызметін қатаң реттемелеудің қажеттігі болмай қалады. Нарыктық бәсеке кәсіпорынды өндіріс тиімділігі, қаржыны жоспарлаудың сапасын артыру, қаржы ресурстарын пайдалануға ішкішаруашылық қаржылық бақылауды тереңдету туралы үнемі қамқорлық жасап отыруға итермелейді. Сонымен бірге мемлекет тарапынан нарықтық қатынастарды қаржылық реттеудің маңызы артады. Ол кәсіпорындар табысына (пайдасына) салық салу (мөлшерлемелерді, салық жеңілдіктерін өзгерту, салық салу объектілерін саралау арқылы), қосымша салықтар еңгізу (мысалы, экспортталатын және импортталатын тауарлар үшін кеден бажы, басқа табыстарға салынатын салық), азаматтардың табысына салық салу, мақсатты
бағдарламаларды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады.
Қаржы механизмі қоғамның өндірістік қатынастарының барлық жақтарынан өтеді. Сондықтан шынайы, жақсы жолға қойылған қаржы механизмінің көмегімен өндіріске белсенді түрде ықпал жасауға, оның ……

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!