Курстық жұмыс: География | Үндістан елі
Мазмұны
КІРІСПЕ
1 Үндістан мемлекетінің экономикалық-географиялық жағдайының ерекшеліктері
1.1 Үндістанның аумағы мен әкімшілік бөлінуі. Мемлекеттің қалыптасу тарихы және геосаяси жағдайы ………….8-10
1.2 Үндістанның табиғаты мен табиғат ресурстарына экономикалық баға беру ……………………10-13
2 Үндістан мемлекетінің шаруашылық салаларының дамуы
2.1 Халық мен мәдениеті …………………………………………………………….14-15
2.2 Үндістанның негізгі шаруашылық салалары …………………………..15-17
2.3 Үндістандағы қазіргі кездегі туризмнің дамуы …………………………17-19
3 Сыртқы экономикалық байланыстары
3.1 Үндістанның шет елдермен және Қазақстанмен қарым-қатынасы ……………………………………20-25
Қорытынды………………………………………………………………………………………..26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ………….…………………..……………………27
Қосымша ……………………………………………………………………………………………28-31
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі: Үндістан мемлекетінің экономикалық-геграфиялық ерекшелігі қандай? Мемлекеттің аумағы және геосаяси жағдайы қандай? Мемлекеттің қалыптасу тарихы қандай? Халқы мен еңбек ресурстарының ерекшелігі қандай? Шаруашылықтың негізгі қалыптасқан түрі қандай? Мемлекеттегі туризмнің қазіргі күйі қандай? Үндістанның шет елдермен және Қазақстанмен өзара қарым-қатынасының негізгі ерекшеліктері қандай?
Үндістан – Оңтүстік Азияда орналасқан республика, құрамына 25 штат пен 7 одақтас аумақ кіреді. Астанасы – Дели қаласы. Үндістан шығысында Бангладеш Республикасымен (шекарасының ұзындығы 4053 км), Мьянма Федерациялық Республикасымен (шекарасының ұзындығы 1463 км), солтүстігінде Қытай Халық Республикасымен (шекарасының ұзындығы 3380 км), Непалмен (шекарасының ұзындығы 1690 км), Бутанмен (шекарасының ұзындығы 605 км), батысында Пәкстан Федерациялық Республикасымен (шекарасының 2912 км) шектеседі. Елдің оңтүстігін Үнді мұхитының суы шайып жатса, Полк бұғазы елді Шри-Ланка аралынан бөліп жатыр. Батысында Араб теңізінің суы, шығысында Бенгал шығанағы қоршап жатыр. Үндістан Республикасының шекарасының жалпы ұзындығы – 14103 км, жағалау сызығының ұзындығы – 7000 км. Үндістан Республикасының жалпы ауданы – 3 млн 288 мың км². Үндістан – федералды құрылым мен парламенттік жүйе басқаруындағы ұлттық демократиялық республика.
Үндістан – халқының саны бойынша да, жер көлемі бойынша да алып елдердің бірі. Тарихы да алуан тарау, өте бай. Қазіргі Үн¬дістан жерінде адамзат тас ғасыры¬нан бері тіршілік кешкені архео¬логиялық деректермен дәлелденген.
Үндістанның экономикалық-географиялық жағдайы оның шаруашылығының дамуына қолайлылығымен ерекшеленеді. Елдің оңтүстігін жанай өтетін Жерорта теңізінен Қызыл теңіз арқылы Тынық мұхитқа баратын теңіз жолдары елді Үнді мұхитының жағалауында орналасқан мемлекеттермен және Аустралиямен байланыстырып тұрады. Ұлыбританияның Үндістан отары бөлінгеннен кейін (1947 ж.) оның орнына құрылған Үндістан, Пәкстан, Бангладеш арасындағы құрлықтағы шекарада табиғи кедергі жоқ. Алайда Үндістан мен Пәкстан арасындағы аумақтық мәселелер әлі күнге дейін (2002 ж.) шешілмей келеді, сондықтан да бұл екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты қиындатып отырғаны рас. Ал Үндістан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара жолы қиын, зәулім таулы Гималай жоталары бойынша өтеді.
Менің курстық зерттеу жұмысымның мақсаты: Үндістан мемлекетіне экономикалық-географиялық ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1) Үндістан мемлекетінің экономикалық-геграфиялық ерекшелігі қандай?
2) Мемлекеттің аумағы және геосаяси жағдайы қандай?
3) Мемлекеттің қалыптасу тарихы қандай?
4) Халқы мен еңбек ресурстарының ерекшелігі қандай?
5) Шаруашылықтың негізгі қалыптасқан түрі қандай?
6) Мемлекеттегі туризмнің қазіргі күйі қандай?
7) Үндістанның шет елдермен және Қазақстанмен өзара қарым-қатынасының негізгі ерекшеліктері қандай?
Зерттеудің әдіснамалық негізі: Ғ. Гарапова «География», Ә.Бейсенова, К.Каймулдиналардың «География» атты кітабы бойынша.
Зерттеудің теориялық құндылығы: Үндістан мемлекетінің физика-географиялық және экономика-географиялық сипаты туралы қазақ тіліндегі әдебиеттер қатары толықтырылды.
Зерттеудің практикалық мәні: Үндістан мемлекеті туралы мәлімет алу үшін қажетті практикалық құрал болып табылады.
Курсттық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қосымшадан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Үндістанның экономикалық-географиялық жағдайы
1.1 Үндістаның аумағы мен әкімшілік бөлінуі. Үндістан мемлекетінің қалыптасу тарихы мен геосаяси жағдайы
Үндістан – Оңтүстік Азияда орналасқан республика, құрамына 25 штат пен 7 одақтас аумақ кіреді. Астанасы – Дели қаласы. Үндістан шығысында Бангладеш Республикасымен (шекарасының ұзындығы 4053 км), Мьянма Федерациялық Республикасымен (шекарасының ұзындығы 1463 км), солтүстігінде Қытай Халық Республикасымен (шекарасының ұзындығы 3380 км), Непалмен (шекарасының ұзындығы 1690 км), Бутанмен (шекарасының ұзындығы 605 км), батысында Пәкстан Федерациялық Республикасымен (шекарасының 2912 км) шектеседі. Елдің оңтүстігін Үнді мұхитының суы шайып жатса, Полк бұғазы елді Шри-Ланка аралынан бөліп жатыр. Батысында Араб теңізінің суы, шығысында Бенгал шығанағы қоршап жатыр. Үндістан Республикасының шекарасының жалпы ұзындығы – 14103 км, жағалау сызығының ұзындығы – 7000 км. Үндістан Республикасының жалпы ауданы – 3 млн 288 мың км². Үндістан – федералды құрылым мен парламенттік жүйе басқаруындағы ұлттық демократиялық республика. Нью-Делидегі орталық үкімет қорғаныс, коммуникация, банктік іс пен қаржы, халықаралық сауда мен шетелдік іс сияқты ұлттық көлемдегі барлық мәселелер бойынша бірыңғай юрисдикциясы бар. Мемлекеттік басқару қоғамдық тәртіп, білім беру, денсаулық пен ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша бірінші болып жауапкершілік алады. Ағымдағы оңшыл үкімет – бір неше саяси партиялардың коалициясы, себебі Бірлескен Озық Альянс құру үшін. AusTrade мәліметін ағылшын тілінен аудыру.
Сауда қатынасы мен статистика. Үндістан – БСҰ Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына мүше және бейбітшілік пен қосылмау қағидаларына негізілдеген жақсы дамыған ішкі саясаты бар. Бұдан басқа, ел Бірлескен Ұлттар Ұйымының және ұлттар Достастығының мүшесі. Үндістан – Оңтүстік-Азияның Аймақтық Ынтымақтастық Қауымдастығы мүшесі.
Үндістан Республикасы Ұлыбританиядан тәуелсіздігін 1947 жылы 15 тамызда алған. Заңдары ағылшынның жалпы құқығына негізделіп жасалынған. Ұлттық мейрамы 26 қаңтарда – республиканың жарияланған күні (1950 ж.). Үкімет билігі президент (мемлекет басшысы) пен министрлер кеңесінен басқарушы премьер-министр қолында. Заң шығарушы екі палаталы парламент (сансад) тарапынан жүзеге асырылады. Жоғарғы палата – халықтық палата, төменгі палата – штаттар кеңесі. Ең ықпалды саяси партиялары: Үндістан Ұлттық конгресі (ҮҰК), Бхаратия джаната партиясы.
Үндістан – халқының саны бойынша да, жер көлемі бойынша да алып елдердің бірі. Тарихы да алуан тарау, өте бай. Қазіргі Үн¬дістан жерінде адамзат тас ғасыры¬нан бері тіршілік кешкені архео¬логиялық деректермен дәлелденген. Әлемнің ежелгі өркениетінің орталығы болған Үндістан жерінде неше түрлі ғажайып мәдени ескерт¬кіштер сақталған. Ақыл-ойының жүйріктігі, философиясының терең¬дігі, танымы мен мәде-ние¬тінің сұң¬ғылалығы, әдебиеті мен көп¬теген басқа өнер түрлерінің жет¬кен шың¬дары бойынша да Үн¬дістан барша әлем таңғаларлықтай ерекше ел. Көпұлтты ел халқының 80 пайыздан астамы индуизм, 10 пайыздан артығы ислам дінін тұ¬тынады. Мемлекеттік тілі – хинди тілі[1].
Үндістанның экономикалық-географиялық жағдайы оның шаруашылығының дамуына қолайлылығымен ерекшеленеді. Елдің оңтүстігін жанай өтетін Жерорта теңізінен Қызыл теңіз арқылы Тынық мұхитқа баратын теңіз жолдары елді Үнді мұхитының жағалауында орналасқан мемлекеттермен және Аустралиямен байланыстырып тұрады. Ұлыбританияның Үндістан отары бөлінгеннен кейін (1947 ж.) оның орнына құрылған Үндістан, Пәкстан, Бангладеш арасындағы құрлықтағы шекарада табиғи кедергі жоқ. Алайда Үндістан мен Пәкстан арасындағы аумақтық мәселелер әлі күнге дейін (2002 ж.) шешілмей келеді, сондықтан да бұл екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты қиындатып отырғаны рас. Ал Үндістан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара жолы қиын, зәулім таулы Гималай жоталары бойынша өтеді. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанды Үндістаннан тар аймақ – ауған жері бөліп жатыр. Осы бір тар аймақта Памир, Гиндикуш және Гималай тау жүйелері тоғысады, бұл құрлық көлігіне кедергі туғызады.
Қазіргі Үндістан аумағында өтеертедегі ежелгі адамзат өркениеті пайда болған. Б.з.д. III мыңжылдықтың ортасынан б.з.д. II мыңжылдықтың бірінші жартысына дейін Үндістан аумағында харапп өркениеті дамыды. Бұл өркениетті веда тілін алып келген үнді-арий тайпалары қиратты. Б.з. VI ғ. Үндістанның солтүстік-батысы Парсы империясының I Дарий қоластына өтті. Х ғ. соңындағы мұсылмандар басып алғанға дейін Үндістан аумағында үнді мәдениеті мен діні басым түрлі мемлекеттер тіршілік етті.
Үндістанның басым бөлігіндегі мұсылман иелігін Темірлан шапқыншылығы алмастырылды. (1398 – 1399 жж.). Осы кезде ислам діні дамыған Дели сұлтандығы өзінің бірқатар иеліктерінен айырылды. Темірланның немересі Бабыр шах 1526 ж. Делиді басып алып, Үндістан аумағында Ұлы Моғолдар империясының негізін салды. Бұл империяның шарықтау шегі ХVII ғ. басына тура келеді. Осы кезде Үндістан аумағына бірқатар Еуропалық державалар көз аларата бастады. Бұл аймаққа келген ықпал үшін Франция мен Англия арасындағы тартыс Англияның пайдасына шешілді. Жаңа колониялы белсенді игеру Британия тарапынан XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. басында іске асырылды. Үндістандықтардың соңғы қарсылығы 1818 жылы жойылды. 1858 жылы сипайлар көтерілісін басып тастаған ағылшындар Ұлы Моғолдар империясының жойылғанын паш етті. ХХ ғ. 40-жылдарының басында өткен Махатма Ганди бастаған ұлт-азаттық қозғалысы 1947 жылы елдің тәуелсіздігіне алып келді.
Иә, балалық шақтан санамызға сіңген пақырлар мен пілдер отаны — Үндістан. Талай ғасыр Ұлы Моғол¬дар билік жүргізіп, гүлдендір¬ген ғажап ел. Талай жылдар ағылшын отар¬шыл¬дарының езгісіне түсіп, осыдан 60 жыл бұрын ғана бодан¬дық бұғауынан босанған азат ел. Ға¬шықтар тілін ән мен би арқылы ұқ¬тырған, аты аңызға айналған әмір¬ші Ақбар махаббат сим¬волы – Тәж-Махалды тұрғызған шежірелі ел.
Данышпен Махатма Ганди: “Дү¬ниені өзгерту үшін өзіміз өзге¬руі¬міз керек” дегендей, тарихи тағ¬дыр¬ларында көп ұқсастық бар Қа¬зақстан мен Үндістанның өркениет әлемінің баспалдағына шығып, жаңа өзгерістердің бел ортасынан табылуға деген ұмтылысы олардың мүдделерін де ортақтастырып отыр¬ғаны анық. Қазақстан Республика¬сы¬ның Президенті Нұрсұлтан На¬зар¬баевтың мемлекеттік сапа¬рының Үндістан Республикасының мемле¬кет¬тік мерекесі – Тәуелсіздік күні¬мен тұспа-тұс келуінің де аса маңызды мәні бар.
26 қаңтар — Үндіс¬тан халқының ғасырлар бойғы бо¬дандық бұғауынан босап, ағылшын отаршыларынан азаттық алып, Үн¬дістан Республикасын жарияла¬ған күні. Елдегі ерекше атап өті¬ле¬тін мемлекеттік мереке. Сондық-тан Үндістан үкіметі бұл айтулы ұлттық мерекеге өздері үлкен сенім артқан, халық¬аралық дәрежеде аса беделді де құрметті мем¬лекет басшыларын ғана шақырады. 2007 жылы бұл ме¬рекеге Ресей президенті Владимир Путин қатысса, өткен жылы Фран¬ция президенті Николя Саркози шақырылған болатын. Ал биылғы жылғы аса маңызды 60 жылдық мү¬шел¬тойға Қазақстан Республика¬сы¬ның Президенті Нұрсұлтан На¬зар¬баев құрметті қонақ ретінде арнайы шақырылып отыр. Бұл үндістан-дық¬тар тарапынан біздің елімізге және оның басшысына жасалған үлкен құрмет пен Елбасының ха¬лықаралық дәрежедегі зор беделі¬нің белгісі екендігі сөзсіз[2]. Қазақстанда көптеген ғалымдары Үндістан тарихы туралы қызықты деректерді жариялап отыр. ХVІІІ ғасырдың ортасынан 1947 жылға дейін екі ғасыр бойы Үндіс¬тан өз тәуелсіздігін алғанша азаттық күресін жүргізіп келді. Сол күрестің ХХ ғасырдың басындағы көшбас¬шыларының бірі Махатма Ганди болды. Үндістанның Ұлттық конгресі партиясының басында тұрған ол күш көрсетпеу жолымен қарсыласу бағытын уағыздады. Міне, осы ұлы тұлғаның түрлі мін-берлерде айтқан сөздері, баспасөз бетінде жарық көрген мақалалары А.Төлеуованың аудармасымен қазақ тілінде тұңғыш рет жарық көріп отыр.
Тұсаукесер рәсімінде сөйлеген сөзінде Е.Ертісбаев Қазақстанда Үндістанды тану орталығының ашылуы мен М.Гандидің сөздерінің қазақ тілінде шығуын маңызды оқиға деп бағалайтынын айтты. Үндістан елшісі А.К.Мукерджи де бұл шараға өз қуанышын білдірді. Орталық ішінде Үндістаннан жет¬кізілген жүздеген кітап, осы ел қа¬ла¬ларының фотокөріністері, көп¬теген суреттер, компьютер, музы¬калық орталық, сондай-ақ М.Ган¬дидің қола мүсіні де бар екен. Осының бәрі Үндістан жағы бөлген қаражатқа алыныпты. Сөйтіп, қазақ жерінде Үндістан¬ды тануға мол мүмкіндік беретін орталық ашылды. Мұның көзі қарақты қазақстандық үшін берері мол болмақ.
1.2 Үндістанның табиғаты мен табиғат ресурстарына экономикалық баға беру
Үндістанда 3 негізгі табиғат зоналарын бөліп қарауға болады. Шығыс және батыс Гат тау тізбектерімен қоршалған Декан таулы үстірті Үндістан түбегін түгелдей дерлік алып жатыр. Үнді-Ганг жазығы өз кезегінде екі бөліктен тұрады. Шығысында Ганг және Брахмапутра өзендерінің аңғарында ылғалды тропиктік орман, ал батысындағы Тар шөлі құрғақ аймаққа болып табылады.
Елдің солтүстігін әлемдегі ең биік Гималай таулары алып жатыр. Үндістан аумағында: Чогори (8611 м) – әлемдегі екінші шың және Қарақорым тау жүйесінің ең биік нүктесі, Канченджанга (8586 м) – әлемдегі үшінші шың, Нангапарбат (8126 м) орналасқан.
Басты өзендері: Ганг, Үнді, Брахмапутра және Годавари.
Пайдалы қазбалары: көмір (көмір қоры жөнінен төртінші орын), темір кені, табиғи газ, мұнай, марганец, титан кені, хром, алмас, слюда, әктас.
Егістік жерге аумағының 55%-ы тиесілі, ормандар мен бұталар барлық жерінің 23%-ы алып жатыр.
Елдің кең-байтақ аумағы климаттық жағдайдың өзгешелігімен сипатталады. Жыл ішінде үш маусым бір-бірімен ерекшеленеді: Үндістанның көп бөлігінде қыс айлары іс жүзінде құрғақ, тек солтүстік-батыста циклонға байланысты қысқы жауын-шашын тіпті жазғы жауын-шашыннан молырақ болады. Наурыз айынан бастап ауаның температурасы жылдам өседі де, мамырдың соңында ең жоғарғы шегіне жетеді (кейбір аудандарда +40ºС-қа дейін). Маусым айында жаңбырлы маусым басталады. Ауаның температурасы шұғыл төмендеп, ылғалдылығы 95% және одан жоғарыға көтеріледі. Қыркүйек айында муссон кетеді де, ауаның температурасы 25 – 27ºС шамасында тұрақтайды. Кейбір аудандарда циклонның келуі дауылға, тіпті тайфунға ұласады (желдің жылдамдығы сағатына 100 км-ге жетеді).
Табиғи ресурстар – табиғат жағдайларымен салыстырғанда өндірісте тікелей қолданып, оның шикізат және энергетикалық базасын құрайды.
Ежелгі адамдар тамаққа өсімдіктердің аздаған түрі мен жануарларды қолданды. Кейінірек егін шаруашылығына топырақты өңдеп, қола мен темір өндіре бастады. Қазіргі шаруашылықта ашылған барлық химиялық элементтермен қатар атом ядросының энергиясы қолданылады. Тіпті су мен ауаның өзі ағаш пен кен сияқты шикізатқа айналады[3].
Олардың түрлерін анықтап, тиімді пайдалану үшін ғалымдар классификациялар жасады.
1-Сызба табиғат ресурстарының классификацисы
1-сызба. Табиғат ресурстарының классификациясы(жалғасы.)
Табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға:
1) барланған кен орындарынан барлық құнды заттарды негұрлым толық алу;
2) жаңа кен қабаттарын ашу;
3) өндірілетін өнім бірлігіне жұмсалатын шикізат пен отынды үнемдеу үшін алдыңғы қатарлы технологияны пайдалану.
Экономикалық тұрғыдан бағалаусыз табиғат ресурстарды тиімді пайдалану мүмкін емес. Мысалы, пайдалы қазбаларға баға бергенде:
1) мөлшері (қоры);
2) сапасы (құрамы және пайдалы элементтердің үлесі);
3) шөгінді қабатының және өндірудің жағдайы (тереңдігі, қабаттарының қалыңдығы);
4) өндірілетін өнім бірлігіне жұмсалатын шығын мөлшері;
5) жердің игерілуі мен қоныстануы;
6) көлік жолдары мен өнімді тасымалдауға жұмсалатын шығын;
қоршаған табиғи ортаны мсақтап қалу мүмкіндігі есепке алынады………