Курстық жұмыс: География | Шетелдік Азия

0

Курстық жұмыс: География | Шетелдік   Азия казакша Курстық жұмыс: География | Шетелдік   Азия на казахском языке

Кіріспе
Азия дүние бөліктерінің ішіндегі ең үлкені болып табылады. Оның ауданы 43 млн. км². Теңіз деңгейінен орташа биіктігі 950м. Ең биік шыңыЭверест 8848 м. Шетелдік Азия физикалық – географиялық ауудандастыруда макроаймақтар немесе елдер тобына ажыратылатады. Бұларды субконтинент деп атайды. Олар: Орталық Азия, Шығыс Азия, Биік Азия, Оңтүстік Батыс Азия, Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Азия.
Жұмыстың мақсаты – Шетелдік Азияға жалпы сипаттама бере отырып, оның физикалық – географиялық аудандарының физикалық – географиялық ерекшеліктеріне талдау жасау.
Жұмыстың міндеті – Шетелдік Азияның физикалық – географиялық аудандарын облыстарға бөлу. Облыстардың рельефі, климат жағдайларына, фаунасы мен флорасына, пайдалы қазбаларына сипаттама жасау.
Жұмыстың өзектілігі – Шетелдік Азияның физикалық – географиялық аудандастырудың маңызын, осы аудандарды тиімді пайдалану мүмкіншіліктері мен жолдарын қарастыру.
Жұмысты орындау барысында Шетелдік Азияның физикалық – географиялық аудандарын сипаттауда Т.В. Власованың « Материктердің физикалық географиясы » кітабы негізгі әдебиет көзі болып табылды.
І–тарау Оңтүстік Батыс Азия
1.1 Аравия және Месопотамия түбектері
Дүние жүзіндегі ең үлкен түбек. Онда Африканың тропиктік шөлдерінің жалғасы ретіндегі шөлдер басым. Оған Сирияның бір бөлігі, Ирак және Иордания енеді. Тектоникалық жағынана бүкіл облыс жердің опырылуына байланысты Африка платформасынан бөлініп, Қызыл теңіз бен Аден бүғазының пайда болуына әкелді. Қазіргі рельеф неогеннің екінші жартысында қалыптасқан. Қызыл теңіз жағалауындағы таулы аудандар үшін таяуда болып өткен әрекеттер салдарының көптеп көрініп жатуы тән. Талай жерді жауып жатқан вулканды жыныстар тау құрылымында үлкен орын алады. Олардың арасында сөнген вулкандар бой көтеріп тұрады. Аден бұғазының жағалаулық ойпатында бой көтерген осындай бірінің кратеріне Аден қаласы орналасқан. Аравия түбегінде Қызыл теңіздегі жағалаулық аралдарда вулкандар бар. Аравия ішкі бөлігін теңіз деңгейінен әртүрлі биіктікте орналасқан және геологиялық құрылымы мен рельеф әркелкі олардың қалыптасуына шөлдік және мүжілу процестер рөл атқарады. Ішкі Аравияның едәуір көтеріңкі бөлігі – Орталық Аравия үстірті Хиджаз бен Эль–Асира таулық көтерілуінен шығысында орын тепкен. Ол кей жерін ыстық лавалар жауып жатқан кристал жыныстардан қүрылған. Үстірттің биіктігі 1500−2000 м. Аравия түбегңнің қойнауы мұнайға өте бай. Оның таралуы Бор және Юра әктастарынан таралуынан қалыптпсқан жайпақ антиклиналдарға байланысты. Персия шығанағы жағасындағы Катар ауданында Сауд Аравиясы шегінде және Даммама ауданында мұный Юра әктастарында жатыр. Аравия территориясының үлкен бөлігіде жыл бойы континентті тропиктік ауа басым, сондықтан мұнда жауын – шашын мүлде болмайды, температура амплитудасы күрт өзгереді, жазда температура өте жоғары болады. Жазда бүкіл облысты орталығы Инд бассейнінде жатқан ауқымды бари дипрессиясы қамтиды. Осы жерде қалыптасатын континентті тропиктік ауа өте құрғақ. Тек жағалауларда ғана оның ылғал ұстағыштығы төмегі қабаттарда күрт азаяды. Жылдың суық кезінде облыс субтропиктік максимум әсеріне ұшырайды. Бүкіл жыл бойы ауа массасының алмасу жағдайы ылғалдың түсуіне қолайсыз. Тек қиыр солтүстікте ғана полярлық фронттың өтуіне байланысты қысқа мерзімді қысқа жаңбыр болады. Ал Қиыр Оңтүстік Батыста муссондық сипаттағы желдер әкелетін жауын – шашын жазда болады. Оның жылдық мөлшнрі Йемен тауларында 750 мм жетеді. Бұл бүкіл Аравия облысының ең ылғалды ауданы. Аравияны сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі – жер асты сулары. Олар көптеген жерлерде қайнардан шығып жатады. Аравия түбегінің барлық дерлік оазистерін көгертіп тұрған жерасты суы. Орманды өсімдіктер мен өте бай мәдени өсімдіктер, сондай –ақ Хадрамаута, Оман, Сауд Аравиясының оңтүстік батысындағы таулы аудандардағы суармалы жерлерге тән. Ішкі тау беткейлерінде және ішкі аңғарларда ормен бірте – бірте жойылады, жерлерде саванна типтес өсімдіктер көрініс береді. Қызыл Теңіз бен Персия шығанағының жағалаулық ойпаты толып жатқан оазистер бар шөлді территория болып табылады. Оазистерге тән ағаш құрма пальмасы облыстағы жер өңдеумен айналысатын арабтардың тіршілік ету көзі. Кейбір жерлерде жақсы суландырылған жағалаулық жерінде кокос пальмасы кездеседі. ВАравияның облысынң фаунасы көрші Евразия мен Африка облыстарының фаунасына жақын. Тұяқтылардан Аравияда шөлдің болмашы өсімдігін қорек етіп жүретін шөлге бейімделген қарақұйрық, бөкен, онагр жабайы есегі кездеседі және Африкалық фаунаның түрі даман да бар. Бұл жерге тән құстар: шіл, қараторғай, құр, түйеқұс кездеседі. Барлық жердегідей облыста аридтік ландшафт басым, Аравияда бауырмен жорғалаушылар жылан, кобра, агама, хамелеон кең тараған. Мысық тұқымдастардан жазықтарда шақар каракал, тауларда – қабылан бар.
Месопотамия облысына Тигр мен Евфрат өзендерінің төменгі және орта ағысында жатқан физикалық – географиялық осы облыс түгел дерліктеи Ирак жерінде жатыр,оңтүстік шығыста Иранға,солтүстік батыста Сирияға енеді. Генетикалық жағынан Оңтүстік батыс Азия африкалық платформаның бір бөлігі болып табылады. Оңтүстік Батыс Азияны Үнді мұхитының солтүстік батыс бөлігінің жас теңіздері үш жағынан шайып жатады. Олар : Қызыл теңіз, Аден және Оман шығанықтары тау етегіндегі иінді суға толтырған персия бұғазы және тектоникалық ойыстаға Аравия теіңізі. Осы теңіздердің бәрі қатты қызатын континенттер әсерін көреді, муссондық әрекетке ұшырайды және суының теампературасының жоғарылығымен оның тұзды болуымен ерекшеленеді. Оңтүстік Батыс Азия тропиктік шөлдер мен шөлейтті ландшафттар басым келетін аридтік территориялардан тұрады. Жазықтықтық рельеф,оңтүстікте тропиктік шөл климатына ауысатын құрғақ субтропиктік климат,және екі үлкен транзиттік өзеннің болуы –осы облыс табиғатының негізгі ерекшеліктері.месопотамия Альпілік қатпарлы белдеу мен Аравия платформасы аралығындағы шеткі иін орнында пайда болған. Иілу мезозойда басталып ,кейін неогенде одан әрі жалғасуы неғәйбіл.Едәуір ежелгі жыныстар жер бетіне тек шеткі жақтарда шығады; Ішкі аудандар палеоген мен неогеннің құм және әктастарынан, Тигр мен Евфраттың төрттік дәуірдегі аллювиалды шөгінділерінен жасалынған.Осы жиынтықтың бәрі жалпы алғанда бірнеше метр қалыңдыққа дейін жетеді.Месопотамияда орасан зор мұнай қоры бар.Ол Оңтүстік Иран ойпаты,Персия шығанағы мен Арабия түбегінің жағалаулары қосылатын үлкен мұнайлы аймақ шегіне енеді. Жазда МесопотамиядаАзор максимумының шығыс шетінен солтүстік –батыс желдері әкелетін тропиктік ауа басым болады.Қыс мезгілінде Жоғарғы Месопотамия Атлант мұхитының циклондары енетін аудандардың бірі.
Месопотамия жерінде Тигр және Евфрат өзендерінің сулы болуына олар өз бастауын алатын Армян тау қыратында қардың еруі жағдай жасайды. Армян тау қыратына шыққан соң Тигр мен Евфрат Жоғарғы Месопотамияда жақсы өңделген алқапты құрайды. Өзендердің әрқайсысы таудан ағып шығатын мол сулы салаларды өосып алатын. Төменгі Меопотамия ойпатына енер жерде Тигр мен евфраттың ағысы баяулайды, аңғарлары кеңейіп тармақтанып кетеді. Эзен аралық кеңістікте көлдер мен батпақтанған Учаскелер пайда болады. Шатт – эль – Араб бассейнінде жаңбыр мен қардың еруіне байланысты су тасқыны жыл сайын болып тұрады. Месопотамия территориясының үлкен бөлігінде шөлдік және шөлейттік топырақ пен өсімдік басым. Ағаштар өзен бойларында кездеседі. Онда су жайылған жерлерге аллювиалды топырақта Евфраттық терек өседі. Сондай – ақ қамыс және астық тұқымдас өсімдіктер аралас талдар мен жыңғылдар бар. Оңтүстігінде құрма пальмасы кездеседі. Ылғал мол түсетін Жоғарғы Месопотамия үшін шөлейтті жерлер тән. Көктемде эфемерлер жайқалып тұрады. Жылдың қалған уақытында ландшафтты қуаң шөп пен тікенді бұталар басым. Биіктіктер беткейлеріндн бірлі жарым ағаш пен бұта: емен, пісте және басқалар кездеседі.
Жабайы фауна аралс фауналы лблыстардың фаунасына ұқсас. Өзен бойындағы су басқан қопаларда су құстары жыртылып – айрылады. Онда жабайы шошқалар да тіршілік етеді. Беті ашық шөлді кеңістіктерде кемірушілер, бауырмен жорғалаушылар, бунақ аяқтылар мекендейді.
ІІ – тарау Орталық Азия
2.1 Солтүстік Монғолия
Бұл МХР – дың солтүстігін алып жатыр. Солтүстік Монғолияның рельефінде тау жоталары үлкен абсолюттік биіктікте жатқан қазаншұңқырлармен және жазықтармен алмасып келеді. Тау жотлары үш негізгі жүйеге Хентей, Хангай және Монғол Алтайы мен Гоби Алтайы жүйелеріне жатады. Ең биігіне Монғол Алтайы жатады. Солтүстік Монғолия тауларында, әсіресе Монғол Алтайында тектоникалық қазаңшұңқыпрлар көп, оларды кейде көлдер алып жатады. Солтүстік Монғолияның қойнауларында пайда болуы ең алдымен протерезойдың және төменгі палеозойдың крисстал негізінен жыныстармен байланысты пайдалы қазбалар бар. Олар темір рудалары, алтын болып табылады. Кейбір қазаншұңқырлардың мезозой және палеозой шөгінділерінде таскөмір қоры бар. Солтүстік Монғолия қысқы Азия максимумының алабында зжатыр. Жер шарындағы ең шұғыл, ең үлкен контрастары, жауын–шашынның жылдық мөлшерінің аз болуы және жазғы максимумының айқын білінуі, ұзақ қыс, ыстық жаз тән. Жазғы орташа температура +18 , +19°С. Өтпелі маусымдар мен жаз уақыттары үшін қысқа қарама – қарсы аралықта ауа райының үлкен құблмалылығы тән. Тәулік ішінде ауа райы бірнеше рет өзгереді. Солтүстік Монғолия өзендері ұзақ мерозім бойы ноябрьден апрельге дейін қатып жатады, оларда көетемгі су тасуы болмайды, бірақ жазғы тасқын жақсы білініп……..

Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!