Курстық жұмыс: География | ҚР- ның Жер қорының жалпы сипаттамасы | курстык жумыс ҚР

0

Мазмұны

1. ҚР- ның Жер қорының жалпы сипаттамасы
2. ҚР – ның Жер қорының қазіргі кездегі құрамы
3. Жер қорының алқыпты құрамы

ҚАЗАҚСТАНРЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕРҢОРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ
Қазақстан Республикасының жер қоры 272,5 млн. га құрайды. ТМД елдерінің арасындаоның территориясы Ресей Федерациясынан кейін екінші, ал дүние жүзінде тоғызыншы орын алады.
Қазақстанның бүкіл жер қоры өте қуаң климатпен сипатталатын табиғи аймақтарда орналасқан. Жалпы түрде айтқанда, бүл ңауіпті егіншілік аймағы. Республиканың оңтүстік аймақтарында тек суармалы егіншілік қана мүмкін. Дала және құрғақ дала аймақтарында төлімі егіншілік дамығанымен, ол топыраңтағы ылғалды сақтап қалу маңсатымен күрделі шаралар кешенін талап етеді. Батыс және оңтүстік-батыс аймақтарында орасан зор территорияны аридтік табиғи жайылымдар алып жатыр. Соңғылары көбінесе қой, жылқы және түйе шаруашылығын жүргізуге пайдаланылады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚОРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ.
Қазіргі кезде Қазақстанда 20 млн. га жыртылған жер мен 35 млн. га жайылып эрозияға ұшыраған, немесе осы жағынан қауіпті. Соны мен қатар 17 млн. га жер су мен ирригациялың эрозиядан зақымданған. Реформаға дейінгі жылдары елде жыртылған жердің бір жанға шаққандағы мөлшері 2,8 га еді. Бұл өлем бойынша осы көрсеткіштің шамасынан 7 есе артық болған екен. Бірақ қазіргі кезде жыртылған жердің көлемін одан өрі кеңейтудің қажеті жоқ және мүмкіншілік те күрт шектелген. 90-жылдардағы дағдарыс республика жер қорының құрылымына түбегейлі өзгерістер енгізді.
Республиканың бүкіл жер байлығы біртұтас жер қорын (ЖҚ) құрайды. ҚР Жер кодексі бойынша ЖҚ 7 категорияға бөлінеді:
1) Ауылшаруашылық маңсатындағы жер;
2) Елді мекендердің (ңалалар, қала типіндегі поселкелер және ауылды елді мекендер) жері;
3) Өнеркәсіп, транспорт, байланыс, қорғаныс және өзге ауылша-руашылық емес маңсаттағы жер;
4) Айрықша қорғалатын табиғи территориялардың, сауықтыру, рекреациялық және тарихи — мәдени мақсатындағы жер;
5) Орман қорының жері;
6) Су қорының жері;
7) Босалқы жер.
Әрі қарай осы 7 категорияны (ҚР Жер Кодексінің Ш-Бөлімі) нақты түрде сипаттайтын мөліметтер келтіріледі.
Біріншікатегорияға ауыл шаруашылығының мұқтаждықтарына берілген немесе осы мақсатқа арналған жер алаптары жатады. Бұлар ауылшаруашылық өндірісімен айналысатын көсіпорындарға, серік тестіктерге, кооперативтерге, шаруақожалықтарына және басқада шаруашылық құрылымдарға жеке меншікке сатылған, уақытша немесе тұрақты пайдалануға (иеленуге) берілген жерлер. Бұнда ауылшаруашылың өнімдерін өндіруге тікелей пайдаланылатын ауылшаруашылық алаптарымен (жыртылған жер, шабындық, жайылым, жеміс-жидек көпжылдық кешеттері) қатар, ауыл шаруашылығының өзі міндеттерін ойдағыдай атқаруға қажетті ішкі шаруашылық жолдар, коммуникациялар, түйық оңашаланған су көздері, мелиоративтік жүйелері, құрылыстар және басқалары орналасқан жерлер кіреді. Ауылшаруашылық алаптары, негізінен мал азығын өндірілетіндері, тек ауылшаруашылың мақсатындағы жерлердің арасында ғана болмайды. Олар басқа категориялардың құрамында да кездесе береді.
Ауылшаруашылық алаптарының жалпы ауданы 220 млн. га астам. Олардың ішіндегі ең құндысы жыртылған жер. Тың және тыңайма жерлерді игеру кезеңінде оның көлемі айтарлықтай кеңейіп, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің құрамындағы үлес салмағы 16 % -ға, ал жалпы жер қорындағы үлес салмағы 13 % — ға дейін жетті.
Бірақ та соңғы жылдары жыртылған жердің ауданы күрт қысқарды. Қалған ауылшаруашылық алаптар көбінесе өнімділігі төмен табиғи қалпындағы жайылымдар мен шабындықтарды қамтиды. Олардың тек шамалы бір бөлігі ғана түбегейлі және үстіртін жақсартылған. Орасан зор ауданды жайылымдарды орынды пайдалану мөселесі оларды суландыру мүмкіншілігіне де байланысты.
Ауылшаруашылық алаптары ерекше қорғауды талап етеді. Қай ел болса да, аграрлық саясатының ең басты принциптерінің бірі болып ауыл шаруашылығының жерге деген приоритеті табылады.
Бірінші кезекте бұл принцип ауылшаруашылық алаптарға, әсіресе ең өнімдісі — жыртылған жерге қатысты. Оларды тек ерекше жағдайда ғана ауылшаруашылың емес мақсаттарға пайдалануға болады. Егер де ондай қажеттілік туа қалса (пайдалы қазбаларды шығаруға) сапасы өте темен және ауданы барынша үнемделген жер учаскелері бөлінеді. Осымен қатар а.ш. өндірістің шығындарын етеу төртібі белгіленген. Алаптарды бір түрінен екіншісіне ауыстыру да арнайы ережелермен реттеледі.
Өткен ғасырдың 90 жылдарында орын алған дағдарыспен бірге ақылы жер пайдалану жүйесін заңдастырудың нәтижесінде елдің жер қорында елеулі өзгерістер пайда болды: ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің ауданы 2,4 есе қысқарса, босалқы жерлер 7 есе ұлғайды; едәуір мал азығы алаптарын ауыл тұрғындарының жеке үй (қосалқы) шаруашылықтарын дамыту мақсатымен ауыл әкімшіліктерінің қарамағына берудің нәтижесінде, елді мекендердің жерлері 10 еседей өсті; ауылшаруашылық өндірісіне жарамсыз тоғайлы және бұталы жерлердің есебінен орман жерінің қоры аздап кебейді.
Жер категорияларындағы осындай өзгерістер бәлкім салық ауыртпалығын жеңілдету мақсатымен байланысты.
Төртінші кесте мен екінші суреттің мәліметтеріне қарағанда ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер республика жер қорының тек 33 % — ақ құрайды, ал 47,7 % — босалқы жерлер.
4-Кесте Жер қорының категорияларға бөліну динамикасы
Жер категориялары Аудандарь і, млн. га
1990 ж 2002 ж
1 2 3
1. Ауылшаруашылық мақсатындағы жер 220,7 86,2
2. Елді мекендердің жері 2,1 20,5
3. Өнеркәсіп, транспорт, байла-ныс, қорғаныс және езге ауыл-шаруашылық емес мақсаттағы жер 19,8 2,3
4. Айрықша қорғалатын территориялардың жері 0,8 1,4
5. Орман қорының жері 10,0 22,4
6. Су қорының жері 0,8 3,6
7. Босалқы жер 17,5 124,7
Барлығы 271,7 261,1
Республиканың сыртында пайдала-нылатын жер 0,5 0,9
Басқа мемлекеттер пайдаланатын жер 0,8 11,3
Республиканың территориясы 272,5 272,5
Ауылшаруашылық мақсатындағы жердің басым бөлігі мемлекеттік емес заң тұлгалары (ауылшаруашылық кәсіпорындар, серіктестіктер, кооперативтер) мен кұқық иелерінің — шаруа (фермерлік) қожалықтарының қарамағында. Бүкіл жердің 64 % біріншілерінің, ал 32 % ПІФҚ пайдалануында.
Ауылшаруашылық мақсатындағы жердің динамикасы 4-кестеде келтірілген.
Елді мекендердің жері 2002-ші жылдың 1- қарашасында жер қорының 7,9 % құрады. Бұл категорияның басым бөлігі (90 %) ауылшаруашылық алаптары.
Соңғы мәліметтер бойынша көптеген ауылды елді мекендердегі мал азығы алаптары тым белсенді түрде пайдаланылуда. Шаруа (фермерлік) қожалықтары мен басқа да ұсақ ауыл шаруашылық кәсіпорындарының өндірістік орталықтары тұрғын үйлерімен бірге орналасқан. Осының салдарынан бұнда санитарлық — гигиеналық және басқа да жағдайлары күрт нашарлауда. Сонымен бірге ауыл әкімшіліктерінің қарамағына берілген мал азығы алаптары дұрыс пайдаланылмай жатыр. Осыған байланысты елді мекендер жерлерінің тиімді пайдалануын ұйымдастыру мақсатымен, бүкіл ауылды елді мекендердің территориясын аймактау және жер шаруашылығын реттестіру қажеттілігі туып отыр.
Үшінші категорияның құрамында өнеркәсіп кәсіпорындары 5,2 %, автомобиль көлігі — 2,6 %, темір жол транспорты — 2,0 % және байланыс кәсіпорындары — 0,04 % алады. Бұл категориядағы жердің басым бөлігі (90,1%) қорғаныс және басқа ауылшаруашылық емес ұйымдардың қарамағында.
Айрықша қорғалатын табиғи территориялардың аумағы 1378 мың га шамасында. Негізінен бұндағы жерлер қорықтар мен ұлттың саябақтардың құрамына кіреді. Қазіргі кезде Республикада 8 қорық және 5 ұлттық саябақ ұйымдастырылған. Солардың ішінде ең ірілері болып Қорғалжын (Ақмола облысы) мен Үстірт (Маңғыстау облысы) қорықтары және Алтын Емел (Алматы облысы) ұлттық табиғи паркі саналады. Бұлардың әр бірі ең кемінде 200 мьщ гектардан астам территорияны алып жатыр. Қорықтық жерлердің 262,0 мың га орман қорында қамтылған.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылымдар академиясының зерттеулері негізінде болашақта 2 млн. га шеңберіндегі территорияда 14 жаңа қорыңтарды ұйымдастыру қажетті деп танылған.
Орман қоры жерінің бүкіл. территорияның құрамындағы үлес салмағы -8,6 %. Ауылшаруашылық тауар өндірушілердің орман қоры жеріндегі алаптарды пайдаланудан бас тартуына байланысты, соңғы 12 жылдың ішінде бұл категорияның көлемі 12,3 млн.га артты.
Су қоры жерінің 95,4 % су алып жатыр, соның ішінде көлдер -73,4 %, өзендер мен жылғалар — 4,6 % және жасанды су қоймалары — 17,4 %
Босалқы жердің құрамында , өнімділігі төмен алаптармен қатар, сапасы тәуір біраз жерлер де қамтылған мөліметтерге қарағанда, бұл категорияның құрамында 108,0 млн.га ауылшаруашылық алаптары бар екен. Солардың ішінде: 1,8 млн.га жыртылған жер (соңғысының 0,09 млн.га суармалы) және 2,4 млн. га шабындық. Реформаға дейінгі кезеңде бұл категориядағы жерлердің 50 % -дан астамы шөл және шөлейт аймақтарындағы өнімділігі нашар табиғи жайылымдар еді. Ал қазір, бұл категорияның жерлері республиканың барлық облыстары мен аймақтарында пайда болды, сонымен бірге жоғары деңгейде игерілген және табиғи жағынан қолайлы аудандарда да жоқ емес. Босалқы жерлердің басым бөлігі Адтөбе (18,4 млн.га), Қарағанды — (18,9 млн.га) және Шығыс Қазақстан (16,6 млн.га) облыстарында орналасқан.
Олар жер байлығының орасан зор қоры болып табылады. Бірақ бұндай жерлердің дұрыс пайдалануын ұйымдастыру үшін, оларды бағалау, жаңа топырақ, геоботаникалық және су шаруашылығы жөніндегі іздестіру жұмыстарын жүргізу, осылардың нәтижелерінде оларды пайдалануға қатысты ұсыныстарды жасау қажет.
Босалқы жерлерде орман мен орманды бұталы көшеттердің үлесіне 5,2 %, су астына2,8 % жер келеді. Едәуір территорияны (18,4 %) ауылшаруашылық емес алаптар— құм, сор, ащы жерлер және басқалары алып жатыр.
ЖЕР ҚОРЫНЫҢ АЛАПТЫҚ ҚҰРАМЫ
Төменде жалпы жер қорының алаптың құрамы келтірілген
Ауылшаруашылық алаптарының құрамында жыртылған жердің үлес салмағы тек 10,2 % ңана құрайды, демек 5,7% қысқарған 1995-2000 жылдарға қатысты жердің сапалық сипаттамасы жөніндегі материалдарды талдау нәтижелері бойьшша, жыртылған жер көлемінің айтарлықтай қысқаруына(4,5 млн.га) қарамастан, оның құрамында әлі де 1,5 млн.га жуың сапасы төмен жерлер бар екен.
Дағдарыс жылдары жыртылған жердің біразы тыңаймаға аударылып, немесе ауылшаруашылық мақсатындағы жердің құрамынан біржолата шығарылып тасталды. Кейбіреулерінің пікірі бойынша бұның себебі шығындардың өтелмеуі немесе жер кұнарлылығының төмен болуы. Бірақ, жыртылған жер көлемінің бұндай күрт қысқаруы тиісті деңгейде негізделді деуге болмайды. Оған дәлел босалқы жерлердің құрамында пайда болған 1,9 млн.га, құнарлылығы жоғары жыртылған жер, тіпті 92 мың.га суармалы жерлер де бар. 2000 ж. 1 қарашасында тыңайма жерлердің жалпы ауданы 8760 мың га шамасында болған еді. Соңғы жылдары оларды айналымға қайтару жөніндегі облыстық бағдарламаларды жүзеге асыруға байланысты олардың көлемі едәуір қысқарды. Осы бағдармалар бойынша жыртылған жерге қайтаруға белгіленген тыңайманың ауданы 2282,8 мың га құрауға тиісті. Сонымен бірге 63 7,7 мың гектары көпжылдық шөппен шалғындалып, жақсартылған жайылымға ауыстырылуы жоспарланған.
Бірақ та жыртылған жерлерді дұрыс бағалау және ұтымды пайдалану тек бұл жерлерді түгендегеннен кейін ғана мүмкін.
Көпжылдық көшеттердің жалпы ауданы 123,0 мың га шамасында, олардың 105 мың га бақ және 18 мың га жүзімдік астында. Республикада бақ өсіру шаруашылығы әрі қарай дамуын қажет етеді, ал ол үшін жеміс — жидек ағаштарының сорттық құрамын жетілдіру, алынған өнімдерді сақтау және өңдеу женіндегі бірқатар шараларды жүзеге асыру керек.
Шабындықтардың ауданы республикада 5 млн.га астам, олардың 63,2 мың га жаңсартылған және 767,9 мың га жайылма суарудағылары, Бүкіл шабындықтардың 39,6 % (2,0 млн.га) ауылшаруашылық мақсатындағы, ал 2,2 млн.га (43,6 %) босалқы жерлердің құрамына кіреді.
Жайылымдардың 118,7 млн.га ( 62,8 %) суландырылған, 4,8 , млн.га (2,5 %) жаңсартылған болып есептеледі. Ауылшаруашылық кәсіпорындарының пайдалануына тек 32,4% (61,2 млн.га) ғана берілген, Жайылымдардың басым бөлігі (101,3 млн.га) босалқы жерлердің құрамында, олардың 51.7 млн.га суландырылған. Пайдаланылмай жатқан жайылымдардың біразы орман қорына енгізілген………….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!