Курстық жұмыс: География | Каспий мәселелері
Мазмұны
I.Кіріспе…………………………………………………………………………………………… 2-4
II.Негізгі бөлім:
1)Каспий мәселелері бойынша жалпы сипаттамасы және экологиялық жүйедегі орны,пайдалану ерекшеліктері……………………………………………. 4-9
2)Каспий мәселелері туралы мәліметтер мен қазіргі жағдайы…………..9-17
3)Каспий теңізінің табиғи ресурстарын тиімді пайдалануды жақсарту жолдары және болашағы…………………………………………………………………17-23
III.Қорытынды мен ұсыныстар.
1)Каспий теңізінің мәселелерін қолға алу шаралары……………………….24
IV.Қолданылған әдебиеттер………………………………………………………………25
1.Каспий мәселелері бойынша жалпы сипаттамасы және экологиялық жүйедегі орны, пайдалану ерекшеліктері.
Каспий теңізінің Қазақстанға қарайтын секторының аймағы 100 мың шаршы метрге жуық .Болжам бойынша теңіз табанының осы бөлігінде 10 миллиард тонна мұнайдың,2 триллион текше метр газдың мол қоры жинақталған.
Каспий жағалауында орналасқан,оны ортақ меншігіміз деп санайтын бас мемлекеттің бірлескен шешімімен іске асырылатын үлкен мәселе – теңіздің құқықтық мәртебесін анықтау,оны бөліске салу және пайдалану.Әзірге,бұл бес мемлекеттің ортақ мәмлеге келген шешімі біреу – Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі олардың қатысуымен ғана анықталады. «Мәселені түбегейлі шешеді» деп күтілген үстіміздегі жылдың сәуір айында бес ел басшыларының қатысуымен Ашхабад қаласында өткен саммиттің де бұл шешімге алып-қосары болмады.
Мемлекетаралық теңіздердің,су қоймалардың құқықтық мәртебесін анықтау,оларды бөліске салудағы әлемдік тәжірибеге назар аударсақ ,бұл шаруаның екі негізгі басшылыққа ала отырып,іске асырылатынына көз жеткізуге болады.
Біріншісі – теңіз қойнауындағы табиғи қазба байлықтар, биоресурстар жағалаудағы мемлекеттердің ортақ меншігі болып саналады,олардың кемелерінің су айдынындағы жүрісіне шек қойылмайды.
Екіншісі – теңіз географиялық меридиандар бойынша ұлттық бөлшектерге бөлінеді,шекара өзара келісімдермен бекітіледі.
Теңіздегі шекара сызығын жүргізу шаруасындағы мемлекетаралық келісімдерде аталған негіздер төмендегідей әдістер арқылы өмірге енгізіледі: орта сызық ,белгілі қатынастарға байланысты бөліс және әділетті шешім.
Әлемдік тәжірибеде жиі қолданылатын әдіс – орта сызықтың әрбір нүктесі жағалау немесе жағалауға жақын орналасқан сызықтың қарама-қарсы нүктесінен бірдей қашықтықта орналасуы шарт.Бірақ нақты жағдайда теңіз жағалауының бағытын жиі өзгертіп,бұрылыс болып келуіне байланысты,шекара ықшамдалған орта сызықпен белгіленеді,оның екі жағынан шектес жатқан аудандар екі ел арасындағы айырбасқа салынады.
Орта сызық арқылы шекара белгілеудің тағы бір кең қолданылатын түрі-мемлекеттер сызықтың бойындағы жекелеген нүктелерді есепке алмауға келіседі.Осындай келісімдер Сауд Аравиясы – Бахрейн (1958ж),Италия – Югославия (1968 ж),Иран – Катар (1969 ж),Италия-Тунис (1971 ж),Дания-Канада (1973 ж) және Иран-Оман (1974 ж) аралықтарында жасалынған.Кейде талас тудыратын су аймақтары екі жаққа бірдей бөлінеді,оған Британия-Франция келісімін жатқызуға болады.
Теңіздегі орта сызықтың бойында орналасқан мұнай-кен орындарын бірлесіп игеру тәжірибесі Норвегия-Исландия (83 ж) арақатынасынан байқалады.
Су айдынын да бөліске салып,шекара сызығының координаттарын белгілейтін екінші әдіс- әрбір мемлекеттің жағалау сызығы ұзындығының қатынасымен анықталатын бұл әдіске тиісті су айдынының ауданы көрсетіледі.Соңғы әдіс ең әділетті шешім ретінде теңіздерді бөліске салу мәселелерін қарайтын халықаралық сотта қолданылады.Каспий теңізінің солтүстік және орта аймағын жетілдірілген орта сызық арқылы бөліске салу Ресей-Қазақстан (1998 ж),Ресей-Әзірбайжан (2001 ж) және Қазақстан-Әзірбайжан (2001 ж) келісімдерінде көрініс тапты.Қазіргі кезде бұл келісімдерді нақты іске асыру шаралары талқыланып,жұмыс басталды.Оның сәтті,ойдағыдай аяқталуы үш елдің саяси жігеріне,төзімділігі және түсінушілігіне байланысты болмақ .
Басты кедергі – геологиялық және табиғаттағы өзгерістердің салдарынан теңіз деңгейінің жылдар және ғасырлар аралығында тұрақсыз болуының,орта сызықты анықтау үшін есептеулерде бастама болып танылатын жағалау геометриясының теңіздің ені мен ұзындығының ұдайы өзгеріп отыруы.Осы және мемлекетаралық келіссөздерде орта сызықты белгілеу үшін теңіздің қандай деңгейін,қай жағалауды есепке алу керектігі жөнінде талас тудырады.Мысалы,орта сызықтың Ресей және Қазақстан қолдап отырған теңіз деңгейін 27 метр деп танып жүргізілуімен,Түркістанның ұсынысы мен деңгейдің 28 метр деп қабылдануы бойынша өтетін орта сызықтың арасында ұлттық меншіктің көлемін анықтауда үлкен айырмашылық бар.Теңіз деңгейінің қандай белгіде қабылдауына байланысты әрбір мемлекетке тиісті су айдыны ауданының өзгеруі ондағы қазба байлықтар қорының азаюына немесе ұлғаюына әкеліп соғады.
Тіпті,теңіз деңгейін бір белгіде қабылдап отырған Ресей және Қазақстанның өзіне орта сызық арқылы бөлінетін ұлттық бөлшектердің ауданын анықтауда әр қилы көзқарас бар.Ресейдің есептеуінше: Ресейге 72 мың км2,Қазақстанға 86 мың км2,ал Қазақстанның көрсетуінше: Ресейге 68 мың км2,Қазақстанға 111 мың км2 тиесілі.
Дегенмен,аздаған қайшылықтарына қарамастан, Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан,кейінгі уақытта Түркіменстан Каспий теңізін бөліске салуда,пайдалануда ұқсас көзқараста болса,әзірге бұл мәселеде келіспей отырған Иран ғана.
Сонда Каспий теңізін бөліске салудағы түпкілікті шешім қандай негізде қабылдануы мүмкін?Мемлекетаралық келіссөздердің соңғы жетістігі – бөлістегі басты мәселе теңіздегі су қабатын немесе табанын бөлуде емес,оның қайнауындағы табиғи қазба байлықтарды бөлу керектігіне ортақ түсініктің пайда болуы.
Оны су айдындарында шекара жүргізудің халықаралық құқық ,қағидасына сәйкес мына негізде жүзеге асыруға болатын сияқты.Қысқаша мәні мынада: Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан келісімдерін нұсқа ретінде қабылдап,Иран,Әзірбайжан,Түркіменстан Каспий теңізінің ғылыми дәлелденген соңғы 1000 жыл аралығындағы ең жоғарғы және ең төмендегі деңгейіне сәйкес жүргізілген орнықты жағалау геометриясынан бастап есептелетін орта сызықпен су айдынындағы шекараларын белгілейді.Бұл ұсыныс бойынша келісімдерде теңіз деңгейіне байланысты екі жағалау сызығы және екі орта сызық есепке алынады.Нәтижесінде,екі орта сызықтың арасы мемлекетаралық аймақ деп танылып,ондағы кен орындары тұтас немесе бөлшектері ортақ меншік ретінде саналады.Содан кейін әрбір мемлекеттің тұсындағы екі жағалау сызығының орташа мәні анықталып,мемлекетаралық аймақтағы кен орындарының қоры оған тікелей қатынаста білінеді.
Бұл ұсынысты сонымен бірге өткен жылдары бекітілген Ресей,Қазақстан,Әзірбайжан келісімдеріндегі орта сызықты жүргізу жұмыстарында әбден қолдануға болады.Қазіргі таңда ресми тіркелген жағалау сызығының ұзындығы төмендегідей: Қазақстан-2320,Ресей-695,Әзірбайжан-850,Түркіменстан-1200,Иран-900 шақырым.
Каспийді бөліске салу келіссөздерінде бұған дейін талай рет талқыға түскен ұсыныстарынан мына ұсыныстың айырмашылығы-оның тұрақты,талас тудырмайтын екі негізден туындайтыны: теңіз деңгейімен байланысты жағалау сызықтарының геометриясы және олардың дәлелді ұзындықтары.
Әрине,Иранмен шекаралас емес Қазақстан оның ымырасыз пікіріне көңіл аудармаса да болар еді.Бірақ ,теңіз жағалауындағы бес мемлекетті біріктіретін,ұлттық бөлшектерге бөлінбейтін үлкен,тек бірлесіп шешетін жағдай – Каспий экологиясы.
2.Каспий мәселелері туралы мәліметтер мен қазіргі жағдайы.
Ауданның экологиялық жағдайы Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуіне және жағалаулық теңіз экожүйесінің антропогенді әсерге ұшырауына байланысты болады.Ғалымдардың болжамдары бойынша теңіз деңгейінің көтерілуі жағалаулық сызықтың 2400-2700 км ұзарып,су астында қалған жерлерге тағы да 1,2-2,2 миллион гектар қосылуына әкелуі мүмкін.
Су астында қалу қаупі әсіресе Каспийдің Солтүстік және Солтүстік – Шығыс жағалауындағы мұнай кен орындарына төніп отыр.Су астында қалу қаупі төніп отырған 43 мұнай кен орындарының 32-сі Атырау,ал 11-і Маңғыстау облысында орналасқан.
Каспий теңізі дүние жүзіндегі бекіре тәрізді балықтардың ең ірі мекен ету ортасы болып табылады.Сондықтан Каспий мәселесі тек мемлекетаралық қана емес,ғаламдық мәселе болып табылады.Каспийдің биологиялық алуан түрлілігін сақтау бүкіл әлемдік қауымдастықтың жұмысы.1995 ж Тегеранда Каспий маңындағы мемлекеттердің өкілдерінің кездесуі өтті.Бұл кездесудің мақсаты Каспий аймағының экологиялық тұрақтылығы мен оның ресурстарын пайдалануды басқару концепциясын жасау болып табылады.Бірақ кез келген экологиялық бағдарламаның іс жүзіне асуына,оның ірі мұнай-газды аймақ ретінде маңызының артуы күрделендіріледі.
XX ғасырдың соңғы он жыл ішінде әлемде мұнай бизнесінің дамуымен ерекшеленеді.Геологиялық және геофизикалық зерттеулер барысында Солтүстік Каспий ойпатында мұнай мен газдың аса мол қоры бар екендігі анықталды.Шетелдік және жергілікті мамндардың қатысуымен 100 мың шаршы шақырымдық алаңнан сейсмикалық мәліметтер жинақталды.Сөйтіп,өткен жылдың тамызында «Сұңқар» бұрғылау платформасы Шығыс Қашағанда бұрғы салды.Күні бүгін бұрғы тісі 4500 метрді тесіп өтіп,тағы 500 метр бойламақ .Содан кейінгі кезекте Батыс Қашаған.
Жергілікті ғалымдардың Каспий теңізінің бағалы балықтарын қорғау жөніндегі үні батыл естіле бастады.Бұл топта геология,минерология ғылымдарының докторы, академик М.Дияров, А.Қарақұлов, белгілі экологтар Ә.Бекешов, И.Көшенов,Л.Чернова т.б. табиғат жанашырлары бар.Мәселен, «Каспий табиғаты» үкіметтік емес экологиялық ұйымның мінбері,Атырау қалалық мәслихатының депутаты Ибрагим Көшенов Республика парламентінің мінбесінен дабыл көтерді.
Табиғат жанашырлары неге шапқылап жүр?Себебі,Қазақстанда балық шаруашылығы саласының болашағы Жайық – Каспий бассейнінің сақталып қалуына тікелей байланысты болуда.Өйткені,Республика бойынша ауланған балықтың жалпы мөлшерінің 80%.Атырау облысының үлесіне тиеді.Дүние жүзінде сирек кездесетін осынау қара уылдырықты өндіретін де осы Атырау облысы.Ал қара уылдырық беретін бекіре балықтары уылдырық шашып өсіп-өнетін мекені Жайық өзені.Мұнай өнеркәсібі кеңінен дамымаған,экологиялық жағдай таза кезінде Жайық өзенінде жылына 410500 тоннаға дейін бекіре балықтары ауланған.Облыста соның ішінде Каспий теңізіне таяу жерде мұнай өнеркәсібінің өркендеуіне байланысты бекіре тұқымдас балықтарды аулау көрсеткіші азая түскен.Биыл 300 тоннаға ғана рұқсат берілді.Бұдан экологиялық өзгерістерден бекіре балықтарының тіршілігіне елеулі әсер еткенін байқауға болады.Себебі: «Тереңөзек», «Мартиний», «Қапастікен» алаңдары теңізге таяқ тастам жерде жатыр.Әрі жел көтерілген кездері бірнеше ұңғы су астына қалып қойып отыр.Мұның бәрі балықтарға әсер етпейді деуге болмайды.
XX ғасырдың басында Дж.Рокфеллер Каспий теңізінің солтүстік жағалауында,Кавказдағы Баку қаласының маңында алғашқы мұнай өндіруші мұнара тұрғызған болатын.Сол кен орындары үшін алғашқы халықаралық тайталас «үлкен ойын» деп аталған еді.Бір ғасыр өткен соң Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін сол кезең қайта оралып,мультиұлттық коорпорациялар мен ғаламдық саяси күштер арасында Каспий аймағының мұнай мен газ кеніштерін бақылауға алу жолындағы (кеніште) күрес өрбіп келеді.Бүгінде Каспийдің Қазақстандық бөлігінде орасан газдың қоры табылуына байланысты бұл тайталастың дүбірі Рокфеллер заманыдағыдан әлдеқайда күшті. Ресей, Түркіменстан, Әзірбайжан, Қазақстан және Иран мемлекеттері басшылары қысқа мерзім ішінде Каспий теңізін бөлу мәселесіне нүкте қойды.Алайда көптеген сарапшылар мұндай аса күрделі мәселенің қас пен көздің арасында шешіле қоятындығына күмән келтірген болатын.Ақыры сол сарапшылардың пікірі расқа шықты.Сонымен бес мемлекеттің басшылары Каспийдің құқықтық мәртебесін айқындау мақсатындағы саммиттен ешқандай мәмілеге келе алмай бос қайтты.Бұл жерде айрықша атап кететін мәселе,Қазақстан,Ресей,Әзірбайжанның пікірі бір нүктеге тоғысады да,ал Иран мен Түркіменстанның мүдделері ортақ деуге толық негіз бар.Ресми Иранның ұстамы бойынша әр мемлекет теңіз акваториясының 20 пайызына иелік ететін болады.Егер Каспий бөлінісі Иран ұйғарған жолмен жүзеге асса,теңіздің бүкіл оңтүстік бөлігі Иранға өтуі тиіс.Ал ол жерде Әзірбайжанның мұнай кеніштері бар.Теңізді теңдей бөлуге Әзірбайжан ғана емес,өзге мемлекеттерде қарсы.Иран тіпті,көршілерінің көңіліне де қарамай,теңіздің 50 пайызын өзіне тиесілі де,қалған 50 пайызы Ресей,Қазақстан,Әзірбайжанға бұйырсын деген астамшылық жобасын парламенттеріне мақұлдатқан көрінеді.Бұл алаушылыққа Ресей мен онымен пікірлес Әзірбайжан мен Қазақстан көнер ме?
Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың «Бұл мәселені тезірек шешіп,тарихқа ене қояйын деп ойлаған жоқпын.Алайда Каспийді бөлісу төңірегінде біз ойлағаннан да бетер,аса күрделі мүдделер жатқаны саммитке қатысушыларды амалсыз тығырыққа тіреді.» деген сөзінен Каспий мәселесі төңірегінде әлі талай ырғасудың болатынын айқын аңғаруға болады.Каспий маңы елдерінің экологтары қала берді,дүние жүзінің табиғат жанашырлары тегіннен-тегін шулап жүрген жоқ .Шындығында да Каспий айналасы нағыз апат ошағына айналып отыр.Каспийді бөлісуді армандаған бес мемлекет делегациясы осы ұлы теңіздің болашақ экологиялық тағдыры туралы жұмған ауыздарын ашпағандығы өкінішті.Енді Каспий статусы қашан айқындалатынын ешкім тап басып айта алмай отыр.Әрине,жалпы алғанда мұндай халықаралық көлемде аса маңызды шаруаның бірден оң шешім тауып,шешіле кетуі мүмкін де емес.Дегенмен,Ашхабад басқосуы алдағы жақсы күндерде үміті қадам жасап бергендей.
Ғалымдардың тұжырымдауы бойынша теңіздің биомассасы 500 миллиард АҚШ доллары екен.Бұған ешқандай еңбек шығындалған жоқ ,Алланың күшімен молайып жатыр.Осы жерде салыстыра кетейік, «Атыраубалық АҚ» қоғамы ендірген қара уылдырықтың 1 тоннасы 1 миллион 200 мың доллар болса, 1 тонна мұнай бар болғаны 60 доллар екен.Яғни,бекіре тұқымдас балық уылдырығының 1 килосы мұнайға қарағанда 20 мың есе қымбат болып шықты.
Осыған қарамастан теңізге шабуыл үдеп барады.Шығыс Қашаған бұрғыланып жатыр,Ресей болса Каспий қайраңындағы Хвалынск учаскесінен мұнай тауып үлгерді.Қоры анау-мынау емес,300 миллион тонна.Сонымен бірге алапат апаттың алғашқы хабаршылары да шыға бастады.Шалығы аралында итбалықтар қырғыны бір ай бойы жалғасуда.Қазірдің өзінде оның шығыны 300-ден асып жығылады.Астарханьдағы Каспий балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының қызметкері Лев Хураськин,Василий Кузнецов,Яна Болтырева зерттеу жүргізді.Тіпті өлген итбалықтар алыстағы Шотландияға дейін жөнелтілді.Осы институттың «Медуза» кемесі Солтүстік Каспийдің ең терең аймағынан өлген итбалықтарды көрген.Ол Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының мамандары Каспий теңізінің «Гогольск» аралы маңынан өлген балықтардың үлкен тобы бар екенін хабарлады.Негізінен сазандар дейді мамандар.Сондай-ақ мамыр айының алғашқы күндерінде «Актюбинск» кемесінің теңізшілері Каспийдің солтүстік шығыс жағалуынан өлген балықтардың сүйектерін көрген.Алайда балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының Атырау филиалының директоры Н.Кимнің пікірінше,ол балықтардың сүйегі емес,тас кертік шабақтары да болуы мүмкін.Қалай болғанда да …..