Курстық жұмыс: География | АВСТРАЛИЯ ТАБИҒАТЫ

0

Мазмұны

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………….6
1- ТАРАУ. АВСТРАЛИЯ ТАБИҒАТЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ………….7
1.1. Географиялық орнының физикалық географиялық ерекшелігі……..………. 7
1.2. Геологиялық құрылымы……………………………………………………………………9
1.3. Тектоникалық құрылымы мен жер бедері…………………………………… 11
2-ТАРАУ. АВСТРАЛИЯНЫҢ ФЛОРАСЫ, ТОПЫРАҒЫ ЖӘНЕ ФАУНАСЫ ………………………………………………………………………………………………..14

2.1. Флорасы……………………………………………………………………………………….14

2.2. Топырағының таралу ерекшеліктері………………………………………………………..17

2.2. Жануарлар дүниесі…………………………………………………….……………………..19

Қорытынды…………………………………………………………………………21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………………..22
1- ТАРАУ. АВСТРАЛИЯ ТАБИҒАТЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1. Географиялық орнының физикалық географиялық ерекшелігі

Дүние жүзі материктеріне талдау жасай отырып оның ішінде Автралия материгінің көлемі жағынан Астралия материгі -Жер бетіндегі ең кіші материк. Ол іргелес аралдарымен қоса түгелдей оңтүстік жарты шарда жатыр. Басқалардан кейін ашылып, қонысталынған бұл материктің аты латыншаІ australis — оңтүстік деген сөзінен шыққан.
Оңтүстік тропик Австралияны одан солтүстікте материктің шағын, онтүстікте көпшілік бөлігі жататындай етіп кесіп өтеді. Материктің шеткі бөліктері: солтүстікте — Иорк мүйісі (10°41’о.е.) оңтүстікте-Оңтүстік-Шығыс мүйіс (39°11’о.е.), батыста — Стип-Поинт мүйісі. (113˚ ш. б.), шығыста — Байрон мүйісі (153°34′ ш. б.). Аустралия солтүстіктен оңтүстікке 3200 км-ге батыстан шығысқа 4100 км шамасында созылып жатады көлемі — 7631,5 мың км2.
Солтүстікте Австралияның жағасында Мелвилл, Батерст Грут-Айленд және басқа ұсақ аралдар, оңтүстікте — материктік кайраңның шегінде жатқан Тасмания, Кинг, Флиндерс және Кенгуру аралдары жатыр батыстағы ең ірі арал-Дерк-Хартог, шығыста-Фрейзер.
Австралия Тынық және Үнді мұхиттарының суымен ұласып жатыр. Ол ешбір материкпен құрлық арқылы байланыспайды. Сондықтан Аустралияны, сондай-ақ оның көлемінің шағын екендігін еске ала отырып, кейде материктік арал деп те атайды
Австралиядан солтүстікте және шығыста, Тынық МҰХИТТЫҢ оңтүстік-батыс бөлігінде материктік, маржандық.және жанар тау текті көптеген ірілі-үсақты аралдар жатыр. Бүкіл осы apaдардың жиынтығын Мұхиттық аралдар деп атайды.
Мұхиттық аралдардың жалпы көлемі шамамен 1,3 млн км2. Әдетте, Мұхиттық аралдарды бірнеше бөлікке бөледі. Аустралияға ең таяу жатқан Жаңа Зеландиядан басқа, батыстағы ең ірі аралды Меланезия деп атайды. Меланезияға Жаңа Гвинея Соломон аралдары, Жаңа Каледония т. б. кіреді. Ең оңтүстікте жатқан Жаңа Зеландия ерекше көзге түседі. Меланезияға Жаңа Гвинея Соломон аралдары, Жаңа Каледония т.б. кіреді. Меланезиядан солтүстіктегі және 177° ш. б. батысқа қарай жатқан ұсақ аралдарды (Мариан, Каролин, Маршалл т.б.) Микронезия деп атайды. Тынық мұхиттың орталық және оңтүстік бөлігінде 177° ш.б. шығысқа қарай барлық аралдар Полинезияға жатқызылады. Олар Гавай, Лайн, Қоғам және т.б.. Бұл тарихи және этнографиялық жағынан осылай бөлінген бірақ ол Мұхиттық аралдардың генетикалық және физикалық-географиялық белгілеріне қарай бөлінуге сәйкес келмейді.
Жаңа Гвинеядан, шығыста Фиджи аралдарын коса, Жаңа Зеландияға дейінгі аралдар доғасы аралдарды және материкті бөліп, жататын су бассейндерімен бірге Тынық мұхит геосинклинальды белдеуінің жалғасы болып табылады. Климаттың құрылуы және органикалық дүниенің түзілуі жөнінен ол Австралиямен тығыз байланысты, Шығыс Азия аралдары Евразияға қандай қатынаста болса, ол да Аустралияға сондай қатынаста болса да. Шетелдік әдебиетте оны кейде Неоаустралия деп те атайды. Бұл аралдық доғаны Ав¬стралиямен бірге қарастыруға болады. Тынық мұхиттың ашық бөлігінің аралдары пайда болуы жөнінен Тынық мұхит платфор-масымен (талассократонмен) байланысты және оларға өмір бойы құрлықтың ірі алаптарының әсері тимеген. Олардың табиғатының өзіндік өзгешелігі бар және Австралия материгінің табиғатымен ешқандай байланысы жоқ.
Австралияға солтүстігінен эпиконтиненттік Тимор және Арафур теңіздері, сонымен бірге Карпентария шығанағы ұласып жатыр. Тайыз сулы өңір материктің Үнді мұхитымен ұласып жатқан батыс және оңтүстік жағалауларын бойлап созылып кетеді. Шығысынан Австралияны жер қыртысы мұхиттық немесе өтпелі типтегі терең қазан шұңкырлар болып табылатын (5000 м-ден аса) Маржанды, Тасман теңіздерімен ұласады.
Үстінде материктік және маржан аралдары бар су асты қыраттары мен жоталарын бөлетін Фиджи, Жаңа Каледония т. б. қазан шұңқырлардың тереңдігі кем түспейді. Сырт жағынан, ішінара теңіздер жағынан да аралдар доғасын бойлап ең тереңдігі 9, тіпті 10 мың м-ден асатын науалар (Меланезия, Витязь, Тонга, Кермадек т. б.) созылып кетеді.
Австралияны солтүстік және солтүстік-шығыстан ұласып жатқан теңіздердін, бетіндегі судың температурасы жыл бойы + 27, + 28°-қа тең Маржанды теңіздіқ онтүстігінде ол қыста 19°С-ге дейін, Тасман теңізінде +16, +12°С-ге дейін төмендейді. Маржан¬ды теңізден жылы Шығыс Аустралия ағысы шығып, материктің жағасын бойлап оңтүстікке қарай бағыт алады. Судың тұздылығы барлық жерде 34,5—35,5%-ге тең. Судың тұрақты жоғары температурасы Маржан кұрылыстарының дамуына қолайлы жағдай туғызады, олар Маржанды теңізде өте-мөте тараған. Оның алабында материктік кайраңның шетін бойлап 2300 км-ге Үлкен Тосқауыл риф созылып кетеді. Оңтүстікте оның ені 150 км-ге жетеді. Оның кедір-бұдыр, эрозиямен тілімденген бетін толысу кезінде су басады. Рифті қиып өтетін енсіз каналдар ашық теңізден тереңдігі 50 м-ден аспайтын Үлкен лагуна дегенге апарады. Онда кеме жүзе алады, сондықтан да рның жа-ғаларында Аустралияның ірі порттары орналасқан. Соңғы жылдары маржан ғимараттары әдеттен тыс көбейіп кеткен «тікенді тәж» деп аталатын теңіз жүлдыздарының шабуылынан қатты зардап шегуде. Олар Үлкен Тосқауыл рифінің бір бөлігін құртып та жіберген және бұл бірегей табиғи қүрылымды түгелдей құрту қаупін төндіреді.
Үнді мұхитындағы судың температурасы оңтүстікке қарай бірте-бірте төмендейді. Материктің батыс жағалары манында Батыс Аустралия суық ағысы өтеді, бірақ ол қыста ғана пайда болады және ауа мен судың температурасына күшті әсер етпейді.

1.2. Геологиялық құрылымы

Австралия Гондвана құрамынан дербес материк ретінде юра кезеңінің соңында бөлінді. Оның құрлығының сол кездегі пішіні қазіргіге толық сәйкес келмейтін. Солтүстік Шығысы Жаңа Гвинеяның оңтүстік бөлігіне дейін созылып, оның үстіне солтүстік-батыс бөлігін Үнді мұхитының суы алып жататын Шығыс және онтүстік-шығысынан ежелгі Австралия платформасына дейін Шығыс Австралия (Тасмания) аймағыньщ тептегіс қатпарлы құрылысы жанасып жатыр. Ол онтүстік-шығысында байкалдық құрылымнан шығыс шеті солтүстік-шығысындағы герциндік құрылымға дейінгі әр түрлі жастағы түзілімнен тұрады. Оңтүстікте Бұл аймак сол кезде материкпен жалғасқан Тасманияға дейін созылып жатты.
Мезозой кезінің басында Бұл қатпарлы аймақ платформа сипатына ие болды да Австралияның ежелгі платформасымен тығыз тұтасып кетті. Материктің шығысынан оны Тынық мұхит платформасынан беліп түрған Жаңа Гвинея-Жаңа Зеландиялық аймақтың Тынық мұхит геосинклинальдық белдеуі қоршайтын.
Платформаның архей фундаменті шығыңқы жатқан неғұрлым ежелгі учаскесі батыста, 120˚-меридианның екі жағында жататын. Солтүстік және батысында протерозой немесе теменгі палеозойда дамуы басталған майысу жатыр. Олардың шегінде интенсивті шөгінділер жиналуы болған. Матерпктің орталық белігінде едәуір кенініректе Амадиес майысуы қалыптасқан.
Бор және палеогон кезеңі ішінде ежелгі және жас платформалардын, түйіскен аралығында Карпентария шығанағы, Үлкен Артезиан Бассейні (Орталық жазык) мен Муррей (Марри) өзені бассейнінің синеклизалары пайда болды. Бұл синеклизалар материктің шығыс бөлігін батысынан ұзақ уақыт беліп тұрған теңіз трангрессиясын алып жатты.
Материктің кепшілік бөлігінің сол кездегі климат жағдайы аз зерттелді. Оның батыс жартысының ішкі аудандары аридтілігімен ерекшеленеді деген болжамдар бар.
Австралияның оқшаулығы, батысы мен шығыс аудандарының байланыссыз жатуы, аридтік жағдайдың басымдылығы органикалык, дүниесінің дамуында оның жоғары эндемизм мен архаизмділігіне себепші болды. Сірә, бор дәуірінің соңында—Австралиядағы кайнозойдың бас кезінде қалталы және жұмыртқалағыш сүтқоректілердің кейін құрып біткен алғашқы өкілдері пайда болса керек. Бұл уақытта қазіргіге жақын флора дами бастайды.
Мезозойдың соңы мен кайнозой дәуірінің ішінде тау қалыптасу процесі Тынық мұхит шеңберінің шегінде болды. Бұл Жаңа Гвинеядан Жаңа Зеландия аралдарына дейінгі аралықта тау құрылысы қалыптасуына алып келді, сондай-ақ Австралияның жас және ежелгі шегіндегі платформалардың белгілі салдарлары да болды. Ежелгі платформалардың үлкен бөлігінде кайнозой бойында рельеф ертедегі болған докембрий рельефінің негізінде дамыды. Көтерілу жүріп өтті және Австарлияның батысында денудация күшейді. Әсіресе күшті өзгеріске ішкі платформалық цокольдық таулардың түзілуі жүрген платформаның орталык, бөлігі ұшырады, мұнда архей және протерозойдыц шығыңқы жатқан орнында терең ойыс Амадиеспен (авлакогенмен) бөлінген Макдоннел мен Масгрейв таулары көтерілді.
Палеогон кезеңінде оңтүстікке, Үлкен Аустралия шығанағының солтүстігіне карай Юкла ойысының түзілуі жүріп, ол теңіз суына батты. Неоген кезінде теңіз құрғап, оның орнында Налларбор жазығы пайда болды.
Жаңа платформаның палеозойлық құрылысының тегістегтген орнында ең жаңа қозғалыстар нәтижесінде Үлкен Суайырық жота-сы, Флиндерс пен Маунт-Лофти таулары көтерілді/ Көтерілу Тас¬ман теңізі жағалауларының төмен түсуімең жарықтар пайда болуымен және әсіресе онтүстік-шығыста базальт вүлканнзмдерінің күшті байқалуымен коса жүрді. Онтүстікте төмен түсу Басс бұғазы мен Тасманияның бір бөлігінің пайда болуына алып келді
Неоген бойы мен антропогеннің бас кезінде климат жағдапы әлденеше рет өзгеріске түсті: аридтану кезеңі ылғалдану кезеңімен ауысты. Плювиалдық кезеңнен Австралияның қуаң аудандарында тек ішінара тұзды суға толған немесе толық сорға айналған гидроморфтық қызыл түсті қабаттар, күрғаған өзен арналары көя қазан шұңқырлары ғана сақталған. Теңізден босаған жас жазықта Аустралияның неғүрлым ірі өзендер жүйесі калыптасты.
Тынық мұхит белдеуі шегінде тау түзілуімен банланысты Оңтүстік-Шығыс Азия мен Австралия арасындағы құрлық недәуір ұлғайды, Зонд архипелагы Жаңа Гвинея мен Австралияның ірі аралдары арасында
Австралияға Азиялық жануарлардың келуі үшін құрлықтың мұндай ұлғаюы жеткіліксіз еді, алайда, ол материкте адамдардың пайда болуын толық камтамасыз етті. Ежелгі адамдар ішінара құрлықпен таяз сулы бұғаздар арқылы, ішінара салдармен Кіші Зонд аралына, содан кейін Жаңа Гвинея мен Аустралияға еткен Олармен бірге сірә, кейбір өсімдіктер де, сондай-ақ Аустралияның жабайы фауналар кұрамындағы сүткоректілердің жалғыз өкілі динго иті де келуі мүмкін.
1.3. Тектоникалық құрылымы мен жер бедері.
Платформалық құрылымның басым болуы Австралияда көбінесе жазық рельеф пен үсті тегіс сериялардың төменгі палеозойдан неогенге дейін таралуын алдын ала белгілеп берді.
Материктің жартысынан көбін алып және Арафур теңізінің Үлкен Австралия шығанағы мен тағы басқаларының эпиконтинентальды бассейндеріне жапсарлас жатқан ежелгі Австралия платформасы архейлік және теменгі протерозойлық фундаментке ие онда алтынның, уранның, полиметалл рудаларының, бокситтің кендері бар. Фундамент материктің батысында, орталық бөлігі мен солтүстіпнде жер бетіне шығып жатыр. Қалған территорияда ол протерозой және палеозой жасындағы жамылғы шегіндінің астында жатыр. Бұл жамылғының ең қалың жері материктің соптүстігі мен батысындағы ежелгі синеклизаларда болады (Каннинг Ким-берли, Перт және басқалары).

Оңтүстікте, жас синеклиз Юкланың Австралия мен жақын жатқан аралдардың тектоникалык, картасы шегінде, шығыста, Үлкен Артезиан алабы майысуының жас платформамен шекарасы бойында мезокайнозой теңіз шөгінділерінің қабаты жатыр. Протерозой жамылғысының шөгінділерінде темір рудасының қоры (Хамерсли жотасы), неғұрлым жас шөгінділерде көмір және біршама жуықта табылған мүнай мен газ қоры бар. Австралияның Бұл бөлігі жер бедерінің басым типтері ежелгі қыртыстын, желге мүжілген қабаттарымен аяқталып, денудация жасымен сәйкес қабат-қабат жатқан биіктігі 400—600 м цокольды жазыктар болып табылады, Бұлармен жоғарғы протерозой мен палеозой жамылғысының таралу аимағындағы кабатты жазықтар араласып жатады. Материктің батыс шеті мен оның орталық бөлігінде, яғни ең жаңа тектоникалық активті аймақтарда жақпарлы эпиплатформалы таулар; солтүстік-батысында Хамерсли, оңтүстік-батысында Стирлинг пен Дарлинг, материктің орталығында Макдоннелл мен Масгрейв көтеріліп тұр. Ежелгі және эпипалеозой платформасының жас майысуының жүйесіне биік жас және аласа кабатты аккумулятивті (Налларбор, Орталық жазық, Муррей — Дарлинг жазығы, Карпентария шығанағының жағалау жазығы, Жаңа Гвинеяның оңтүстігіндегі жазық) жазықтар үйлесіп келеді. Материктің шығыс және оңтүстік-шығыс шеті мен Тасмания, сондай-ақ Муррей жазығынан батыс пен солтүстік-батысқа қараған ауданда байкалдық, ерте палеозойлық.

Автралия мен оған жақын жатқан аралдардың пайдалы қазбалары.
антропогендік көтерілуінің нәтижесінде түзілген орташа және ала¬са катпарлы-жақпарлы таулар бар.
Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Австралияның тау құрылысының өн бойында полиметалл, мыс, қалайы, алтын кен орындары бар. Тау бөктері майысуының палеозойлық қатпарлы құрылымдарында тас көмір мен қоныр көмірдің, сондай-ақ мұнай мен газдың көп корлары шоғырланған.
Шығыс Австралияның тау жер бедерінің негізінен солтүстікке карай 28° оңтүстік ендікте ені неғүрлым үлкейе түсетін Үлкен Суайрық жотасын құрайды, ол оңтүстікке карай тарыла береді. « Ең биік шыңдары әк тасты Қөгілдір таулар мен Австралия …..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!