Курстық жұмыс: География | Америка Құрама Штаттары мен Қазақстанның саяси қарым қатынастары

0

Мазмұны

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………..

ТАРАУ І ҚАЗАҚСТАН – АҚШ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ…………………………………………………………
1.1 Қазақстан мен АҚШ дипломатиялық қарым-қатынасының қалыптасу кезеңі ………………………………………………………………………………………………………
1.2 Қазақстан және АҚШ: ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен жаңа мүмкіндіктері ………………………………………………………………………………………….

ТАРАУ ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН АҚШ АРАСЫНДАҒЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ БАҒЫТТАРЫ ………………………………………….
2.1 Білім саласындағы ынтымақтастық…………………………………………………….
2.2 Мәдениет саласындағы ынтымақтастық ……………………………………………..
2.3 Денсаулық саласындағы ынтымақтастық …………………………………………….

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………….
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ……………………………………………….
1 ТАРАУ АҚШ – ҚАЗАҚСТАН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ

1.1 Қазақстан мен АҚШ дипломатиялық қарым-қатынасының қалыптасу кезеңі

1991 жылғы 25 желтоқсан — Америка Құрамы Штаттары Қазақстан Республикасынның тәуелсіздігін мойындады. 1991 жылғы 26 желтоқсан — дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды. 1992 жылғы 15 қыркүйек – Қазақстан Республикасында Америка Құрама Штаттарының елшілігі ашылды. 1992 жылғы 30 қазан — Америка Құрама Штаттарында Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды. Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қ.Б.Саудабаев (2000 жыл, желтоқсан). Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дж. Ордуэй (2004 жыл, қыркүйек).
АҚШ-тың жаһандық даму мен әлемдік экономикадағы рөлін және жаһандық қауіпсіздікті орнықтыру жолындағы айрықша жауапкершілігін ескерер болсақ, осынау алып державамен достық және тұрақты қатынас республиканың ұлттық мүдделеріне сай келеді. Қазақстан-Америка байланыстары өскелеңділікпен дамып келеді, оның негізінде өзара мүдделестік, бір-бірінің мүдделерін құрметтеушілік, халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті проблемаларын екі жақты деңгейде және халықаралық ұйымдар аясында шешудегі өзара қолайлы шешімдерді іздестіру жатыр. Біз жоғарыда айтып өткендей, АҚШ Қазақстанның тәуелсіздік алғанын 1991 жылдың 25 желтоқсанында таныды, бір күн өткеннен кейін, екі мемлекеттің арасында дипломатиялық қатынас орнатылды [6].
Бүгінде Қазақстан мен АҚШ-тың ынтымақтастығын дамытуға бағытталған 94 келісімнен тұратын құқықтық берік база жасалды. Қазақстан басшысының 8 ресми және жұмыс салаларының арқасында екі жақты байланыстарды одан әрі дамытудың негізі қаланды [7].
Елбасымыздың Америкаға жасалған алғашқы сапары 1992 жылдың мамыр айының 18-і мен 20-сы аралығында өтті. Осы сапар аясында ол АҚШ-тың бұрынғы Президенті үлкен Бушпен, сол кездегі Мемлекеттік хатшысы Дж. Бейкермен кездесулерінің нәтижесі егемендігін енді алған ел Қазақстан мен АҚШ-тың терезесі тең әріптестікке ұмтылып отырғандығын бүкіл әлемге паш етті. Кездесу соңында Президенттер Қазақстан мен АҚШ арасында сауда және экономикалық қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеретін Америка-Қазақстан құжаттарына қол қойды. Н.Назарбаев Қазақстаннның ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуға және Стратегиялық шабул қаруы бойынша шарттың ережелерін орындауға әзірлігін толық қуаттады.
1991 жылғы желтоқсанда АҚШ-та жасалған «Қауіп-қатерді бірлесіп қысқарту» бағдарламасы қабылданды. АҚШ Президенті: Біз деді, Қазақстанның қауіпсіздігі Еуропа мен Азиядағы тұрақтылық үшін өте маңызды деп санаймыз. Президент Назарбаевтың ядролық қарусыз мемлекет ретінде ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартты сақтау жөніндегі мәлімдеген әзірлігін құптаймыз. Таяу күндерде Стратегиялық шабул қаруы бойынша шарттың хаттамасын Қазақстанмен, Украинамен, Беларуспен, Ресеймен және Құрама Штаттармен қол қою үшін жұмысқа кірісетін боламыз.
Республика Президенті Н.Назарбаев жауап сөз сөйледі: «Біз әлгінде ғана біздің елдеріміз арасындағы экономикалық қатынастарды реттейтін негіз қалаушы құжаттарға қол қойдық. Ол сауда келісімі, инвестицияларды қауіпсіздендіру туралы келісім, күрделі қаржыларды қорғау туралы келісім. Бұл құжаттар өз кезегінде біздің елдерімізге саудада өзара тең қолайлы жағдай режимін жасау жөнінде, сондай-ақ Қазақстанның ішкі заңдарының осы келісімнің және тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісім ережелерінің нормалары мен талаптарына сай келуі жөнінде міндеттемелер жүктейді. Оларда басшылыққа алынған принциптер Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылық байланыстарына өркениетті түрде енуі үшін және нарықтық экономиканы құруы үшін жақсы бағдар болып табылады. Және де, біз шетелдермен ең алдымен Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастықты дамыта, дүниежүзілік интеграциялық процестерге толығымен қатыса отырып, біз осы жолды ойдағыдай өтетінімізге берік сенімдіміз» [8]. Оған Қазақстанның адам құқығын қорғау саласындағы барлық халықаралық нормаларды орындауға, 1969 жылғы Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа ядролық емес мемлекет ретінде қосылуға әзірлігіміз негіз бола алады.
Біз барлық мемлекеттермен, соның ішінде мұсылман мемлекеттерімен Батыс мемлекеттерімен демократия принциптерінің негізінде тең құқылы әріптестер ретінде ынтымақтастық жасайтын боламыз. Деп атап көрсетті.
Одан соң Н.Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Бутрос Ғали мырзаға барып сәлемдесті. БҰҰ-да өткен баспасөз конференциясында шетелдік әріптестеріміз Президентке сан түрлі сұрақтар берді. Мұнда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі де нарық экономикасы да, БҰҰ-ның ұлтаралық жанжалдарды болғызбаудағы рөлі де, армян-әзірбайжан қақтығысы да, ТМД-ның болашағы мен ондағы Ресейдің рөлі де жан-жақты қамтылды. Осы сапар барысында Вашингтонда Қазақстан елшілігі ашылған болатын.
Экономикалық байланыстардың дамуында ерекше рөл атқарған маңызды фактор мұнай өнеркәсібі болды. Сол сапарда американдық Шеврон компаниясы «Тенгиз-Шевройл» бірлескен кәсіпорнын құру туралы шартқа қол қойылды. 1993 жылы Тенгиз кен орнын игеруге кіріскен американдық компанияның 1997 жылғы табысы 80 миллион доллардан асты. Нәтижесінде Қазақстанға «Мобил», «Амоко», «Экссон» сияқты американдық компаниялардың инвестиция ағыны келе бастады.
Президент Н.Назарбаевтың АҚШ-қа жасаған 1994 жылғы 13-19 ақпандағы екінші сапары ерекше орны алады.
Ақпанның 14-інде 1994 жылы АҚШ Президенті Билл Клинтон Қазақстан Президенті Н.Назарбаевпен кездесті, келіссөз аяқталғаннан кейін, екі елдің басшылары «Демократиялық серіктестік туралы уағдаласуға» қол қойды. Н. Назарбаев Б. Клинтонға Қазақстанның Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа ядросыз мемлекет ретінде қосылатыны туралы бекіту грамотасын тапсырды.
Бұдан кейін балған баспасөз конференциясында Американ елшілігінің басшысы былай мәлімдеді: «Бұл менің Қазақстан Президентімен тұңғыш кездесуім еді, бірақ ол өте жақсы өтті. Екі ел ынтымақтастығының ең маңызды жақтарының бірі ядролық қарудың таратылуына жол бермеу жолында олар қолданып жатқан күш-жігер Тәуелсіздіктің екі жылы ішінде Қазақстан қару-жараққа бақылау қою және «Қырғи-қабақ соғыстың» ең қауіпті мұрасын жою жөнінде өзіне қабылдаған халықаралық міндеттемелерді орындауды өзінің жетекші рөлін көрсетіп берді»[9].
АҚШ Президенті екі ел арасындағы серіктестікті нығайту және Қазақстанның жүргізіп жатқан реформаларына қолдау көрсету мақсатында Құрама Штаттар Қазақстанда 1993 жылы 91 млн. салыстырғанда, 1994 жылы 311 млн. беретінін жариялады. Бұдан басқа АҚШ 1994-1995 жылдарда ядролық қару-жарақты бөлшектеуге көмектесу үшін Қазақстанға тағы да 85 млн. доллар беретіні мәлім болды. «Біз сондай-ақ, екі ел арасындағы сауданы дамытуға және инвестицияларға жәрдемдесуге уағдаластық», деп хабарлады Билл Клинтон.
Елбасы Н. Назарбаев өз сөзінде «Президент Б. Клинтон және мен Қазақстан Америка қатынастарының даму серпін жоғары бағалаймыз. Біздің мемлекеттерімізде әртүрлі салаларда өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтіп, тереңдету үшін жақсы келешек бар деген бірауызды пікірде болдық. Біз қол қойған Демократиялық серіктестік туралы уағдаласу біздің қатынастарымызды сапалық тұрғыдан жаңа кезеңді білдіреді. Ол барынша ауқымды да ұзақ мерзімді сипатқа ие болуда. Бұл құжат саясат, экономика, әскери ынтымақтастық, ғылым мен техника, экология, денсаулық сақтау және басқа салалар сияқты бағыттарды қамтиды.
Уағдаласуда айтылған АҚШ тарапынан қауіпсіздік кепілдігі, сондай-ақ НАТО қабылдаған «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасы шеңберінде көпжақты ынтымақтастыққа қатысу Қазақстан болашақта егеменді мемлекет болды деген сенімімізді нығайта түседі » деді [10].
Президент Назарбаевтың содан кейінгі кезекті, яғни, 1997 жылғы 17-23 қараша аралығында өткен ресми сапар шеңберінде АҚШ-тың сол кездегі Президенті Билл Клинтонмен және Вице президенті Альберт Гормен, сондай-ақ, АҚШ әкімшілігінің бірқатар лауазымды тұлғаларымен өткен кездесулер барысында Каспий маңындағы мұнай-газ кен орындарын пайдалану жөніндегі келісімге, Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік іс- қимыл бағдарламасына және басқа да бірқатар маңызды деген құжаттарға қол қойылды. Нақ осы сапар барысында АҚШ-тың бұрынғы Президенті Билл Клинтон әлем алдында Қазақстанды АҚШ-тың Орталық Азиядағы стратегиялық әріптесі деп жариялады.
Қазақстан-Америка бірлескен комиссиясы құрылып, табысты жұмыс істеуде. 1994-1996 жылдарғы бастапқы кезеңде комиссияға Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен АҚШ Вице-президенті А.Гор жетекшілік етті. Қазақстан-Америка екі жақты уағдаластықтарын іске асыруды тал¬дай¬тын және бақылайтын комиссияның жұмысына екі елдің атқарушы билігінің жоғары лауазымды өкілдері қатысады. Халықаралық қауіпсіздік пен стратегиялық тұрақтылық мүд¬де¬сіндегі бір¬лес¬кен жұмыс, жаһандық жаңа сынақтар мен қа¬терлерге қарсы тұру, өңірлік жанжалдарды шешуге жәрдемдесу, сауда-экономикалық бай¬ланыстарды дамыту, саяси қайраткерлер мен азаматтық қоғам арасындағы байланыстарды кеңейту екі жақты ықпалдастықтың басым бағыттары болып табылады.
Қазақстан мен АҚШ осы жылдары екі жақты қатынастардың өзекті мәселелері және халықаралық проблемалар бойынша биік және жоғары деңгейдегі Қазақстан-Америка жемісті диалогын сақтай алды және оған сенімділік сипаты мен айрықша практикалық маңыз бере білді. Екі ел сыртқы саяси ведомстволары басшыларының арасында тұрақты негіздегі байланыстар жүзеге асырылып келеді. АҚШ президенттері Дж.Буштың, Б.Клинтонның, кіші Дж.Буштың әкімшіліктерімен өзара ықпал¬дас¬тық кезеңінде екі жақты, сондай-ақ көп жақты тұрғыда ондаған кездесулер өткізілді. Ми¬нистрліктер мен ведомстволар басшыларының кездесулеріне жүйелі сипат тән. Іскер адамдар арасындағы байланыстар жолға қойылып отыр.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2001 жылдың желтоқсанындағы АҚШ-қа ресми сапары екі жақты қатынастар үшін айрықша маңызды болды. Н.Ә.Назарбаевтың АҚШ Президенті Дж.Бушпен кездесуінің нәтижесінде “Қазақ¬стан-Америка жаңа қатынастары туралы” бірлескен мәлімдемеге қол қойылды. Бұл құ¬жат¬та екі елдің ұзақ мерзімді стратегиялық әріп¬тестікті нығайтуды жақтайтындығы атап өтілді. Сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ арасындағы энергетикалық әріптестік туралы декларация қабылданып, ол энергетика саласындағы екі жақты ынтымақтастықтың бұдан былайғы басымдықтарын айқындап берді.
2005 жылдың қазанында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райстың Қазақстанға сапары өзара қатынастардың сенімділік сипа¬тын қуаттады, Мемлекетхатшы елдің саяси бас¬шы¬лы¬ғымен жемісті келіссөздер жүргізіп, Л.Н.Гу¬ми¬лев атындағы Еуразия ұлттық универ¬си¬те¬ті¬нің студенттері алдында сөз сөйледі. Ол өз сө¬зін¬де Қазақстанның мемлекеттік құрылыс сала¬сындағы табыстарын атап өтіп, біздің рес¬пуб¬лика өңірде, халықаралық қауіпсіздікті сақтау мен экономикалық дамуда жетекші ұстанымда тұрғанын мәлімдеді және бұл ретте «АҚШ Қазақстанды Еуразия континентіндегі болашақ шешуші ел» ретінде танитынын атап көрсетті [11].
2006 жылдың 5-6 мамырында АҚШ Вице-президенті Р.Чейнидің Қазақстанға сапары екі ел қатынастарына жаңа серпін берді. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев пен АҚШ Вице-президенті Р.Чейни саяси, экономикалық және басқа мәселелердің кең ауқымы бойынша келіссөздер өткізді. Қазақстан және Америка тараптары энергетика, қауіпсіздікті және сауда-экономикалық ынтымақтастықты қамтамасыз ету салаларындағы екі жақты қатынастарды дамыту жолдарын талқылады. Қос мемлекеттің ниеттері екі жақты шарт-құқықтық құжаттарға қол қойылуынан көрініс тапты. Қазақстан Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен АҚШ Қорғаныс министрлігі арасындағы жаппай қырып-жою қаруының инфрақұрылымдарын жоюға қатысты келісімге түзетуге қол қойылды. Бұл құжатқа сәйкес жоғарыда аталған мақсаттарға АҚШ 158 млн. доллардан астам көлемде елеулі қаржы бөлетін болды.
Американ капиталының және әлемге танымал американ мұнай компанияларының белсене қатысуы арқасында Қазақстан өзінің мұнай өнер¬кәсі¬бін сапалық жаңа деңгейге көтеріп қана қой¬ған жоқ, сонымен бірге энергия ресурстарын әлем¬дік рынокқа жетекші экспорттаушылардың біріне айналды. Тікелей “Шеврон” және “Мобил¬дің” қатысуы жағдайында Каспий тұрба құбыры консорциумы құрылып, 2001 жылы мұнай құбыры пайдалануға берілді. 2006 жылғы 16 маусымда Қазақстан Баку-Тбилиси-Жейһан транскавказ мұнай құбырына қосылды, осынау ауқымды жобаны іске асыру АҚШ тарапынан жасалған күш-жігердің және саяси қолдаудың арқасында мүмкін болды. Мұнай экспортының Қазақ¬стан¬ның мемлекеттілігін және жаһандық энергети¬калық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі еліміздің өскелең рөлін нығайтудағы шешуші рөлін ескерер болсақ, АҚШ-пен бұл саладағы өзара тиімді ынтымақтастық екі жақты қатынастардың негізгі басымдықтарының және ұзақ мерзімді факторларының бірі болып қала береді.
Біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы өсе түсуде. 2006 жылдың бірінші жартысында ғана тауар айналымы көлемі 844,7 млн. долларға жетті, соның ішінде қазақстандық экспорт – 260,55 млн., импорт – 584,15 млн. долларды құрады, салыстыру үшін 2005 жылы тауар айналымы 1870,42 млн. доллар, соның ішінде Қазақстанның экспорты 666,02 млн., АҚШ-тан импорт 1204,4 млн. доллар болғанын айта кетейік. Қазақстандық экспорттың құрылымында жай металдар, химия саласының өнімдері басым түсуде. Импортта мәшинелер мен жабдықтар, күрделі техникалық аспаптар, химия өнімдері басым.
Қазақстан экономикасына АҚШ инвестиция¬лары тұрақты өсіп келеді. Егер 2003 жылы ол 1 млрд. 88 млн. доллар болса, 2004 жылы 3 млрд. 108,5 млн. долларға жетті. Үстіміздегі 2006 жыл¬дың бірінші тоқсанында Қазақстанға келген американ инвестицияларының көлемі 607,5 млн. долларды құрады. Республикада американ капиталының қатысуымен жұмыс істеп тұрған 374 кәсіпорын және 91 АҚШ компанияларының өкіл-діктері тіркелген. Демек, Қазақстан экономика¬сы¬на тартылған шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша АҚШ жетекші орында деп айтуға болады. Американ компанияларының осы жыл¬дардағы салымдары 12 млрд. долларды құрады.
Американ компаниялары коммуникациялар, көлік, тау-кен, өңдеу, химия, жеңіл өнеркәсіп, мә¬шине жасау, ауылшаруашылық, туризм салаларында Қазақстанмен ойдағыдай ынтымақ¬тасып келеді. АҚШ-тың көшбасшылығы даусыз, оның компаниялары қажетті технологияларға, құралдарға, тәжірибе мен сапалық басқарудың ең жаңа әдістемелеріне ие болып отыр. Соған орай байланыс және ақпараттық технологиялар саласындағы екі жақты ынтымақтастықтың перспективасы айшықты көрінеді. Қазақстанда қазірдің өзінде “Эм-Си-Ай”, “Спринт”, “Эппл”, “Моторола”, “Эй-Ти-энд-Ти” секілді американ компаниялары табысты жұмыс істеуде.
Қазақстанның аграрлық секторы ынтымақ¬тас¬тықтың перспективалы бағыты болып табылады. АҚШ ауылшаруашылық бизнесі мен фермерлі¬гі-нің өкілдерімен байланыста “Артур Дэниелс Мидлэнд”, “Джон Дирр”, “Катерпиллар”, “Ай-Си” секілді компаниялар танымал болған. Мұның өзі американ бизнесінің Қазақстан ауыл шаруа¬шылығына ең жаңа технологияларды ендіруді кеңейтуге деген қызығушылығының нақты дәлелі.
Жан-жақты Қазақстан-Америка ықпалдас¬ты¬ғының серпінділігі Қазақстан Президенті белгілеген “Болашақ” бағдарламасын, қазақстандық жүздеген студенттерді шетелдік жоғары оқу орындарына жіберу бойынша гранттар және студенттік айырбас жөніндегі жобаларды тиімділікпен іске асыруға мүмкіндік берді. Қазақстан студенттерінің басым бөлігі АҚШ-тың оқу орындарына баруда. Американ тарабы сондай-ақ Қазақстандағы нақты жобаларға өз кредиттері мен халықаралық қаржы институттарының қаражаттарын жұмылдыруда белсенді рөл танытуда. АҚШ демократиялық институттар мен азаматтық қоғамды дамыту саласындағы, әлеуметтік сектордағы, Арал мен Семейдегі экологиялық апаттар өңіріндегі, денсаулық сақтаудағы нақты бағдарламаларды шешуге жәрдемдесіп отыр.
Қазақстан мен АҚШ өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті, ең алдымен жаппай қырып-жою қаруын таратуға қарсы күрес мәселесі бойынша қауіпсіздікті нығайту ісіндегі жемісті диалогты ұстанып келеді. Біздің еліміздің халықаралық қауіпсіздікті нығайтуды және ядролық салада өзіне алған халықаралық міндеттемелерді мүлтіксіз орындауды берік жақтаушылығы әлем жұртшылығы тарапынан мойындалып, халықаралық қоғамдастыққа Қазақстанның халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін істеуге ұмтылатын мемлекет ретіндегі рөлін нығайтты. Қазақстанның ядро¬лық қарусыз мемлекет ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуын және Құра¬ма Штаттардың басқа да жетекші әлемдік дер¬жа¬валармен бірге республикаға тәуелсіздігін, еге¬мендігі мен аумақтық тұтастығын қамта¬масыз етуге кепілдік беруін айрықша атап көрсеткен жөн [13].
Қазақстан мен АҚШ-тың әскери ынтымақ¬тастық саласындағы басымдықтары 2003 жылы қол қойылған Қазақстан мен АҚШ-тың Қа¬рулы Күштері арасындағы Бесжылдық ынты¬мақтастық жоспарында анықталған. Мұның өзі ҚР Қарулы Күштерін нығайтуға жәрдемдесудің маңызды бір құралы болып табылады. Осының негізінде “Шетелдік әскери қаржыландыру”, “Халықаралық әскери оқыту және әзірлеу” бағ-дарламалары және екі жақты ынтымақтас¬тықтың басқа да бағдарламалары жүзеге асырылады. 2006 жылы АҚШ біздің елімізге 4,22 млн. доллар сомасына әскери құрал-жаб¬дық пен тренинг беруді жоспарлап отыр. Каспий мен Қазақстанның батыс өңірінің қауіп¬сіздігі мұнай мен газды жеткізуді қамта¬ма¬сыз ету үшін де маңызды екенін ескере оты¬рып, Каспий маңы және Орал өңіріндегі мұнай кен орындарын игеруге жетекші компаниялары қатысатын АҚШ патрульдік катерлер мен радарлық жабдықтар беру ниетінде.
Біздің елдеріміздің арасында халықаралық лаңкесшілдікке қарсы күресте сындарлы өзара ықпалдастық жолға қойылған. АҚШ Қазақ¬станның Ауғанстан мен Ирандағы лаңкестікке қарсы халықаралық коалицияның күш-жігеріне көрсеткен қолдауын жоғары бағалайды, мұны 2006 жылғы 25 ақпандағы Қазақстанға сапары барысында АҚШ Қорғаныс министрі Д.Рамсфельд қуаттады. 1991 жылы Қазақстан өзіне мұраға қалған ядролық қаруды Ресейге қайтаруы, ал 2002 жылы Орталық Азиядағы төрт елмен ядролық қарудан ада аймақ құру жөнінде келіссөз жүргізуі американ тарапынан айрықша бағаланып отыр. Д.Рамсфельд атап өткеніндей, “егер Ирак Қазақстан моделін ұстанып, БҰҰ-ның 17-ші қарары қабылданған¬нан кейін Қазақстан істегендей қарусызданған жағдайда, соғыс та болмас еді”. Америка басшылығы 27 әскери қызметші инженерден тұратын взводты бітімгершілік миссиясын атқару үшін Иракқа жібергені үшін республи¬каға талай рет алғыс сезімін білдірді [14].
АҚШ Президенті Дж Буш пен Қазақстан Бірлескен мәлімдемесінде былай көрсетілді:
«Біз ғаламдық экономика мен демократиялық мемлекеттер қауымдастығына барынша өскелең дәрежеде интеграцияланып келе жатқан XXI ғасырдағы бейбітшіл, өркендеген және Егемен Қазақстанның жалпы көрінісіне қол жеткізу мақсатында екі ел арасындағы ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастықты нығайтуға деген ұстанымымызды мәлімдейміз. Осы мақсаттар үшін біз терроризмге қарсы күресте және қырып жоятын қаруды таратпау, демократиялық, саяси нарықтық және экономикалық реформалар, сондай-ақ, нарықтық инвестициялар мен энергетика қорларын дамыту жөніндегі өз ынтымақтастығымызды алға бастыра береміз»[15].
Бұл мақсаттар одан әрі біздің терроризм мен жаппай қырып-жоятын қаруды тарату қатерінің Америка Құрама Штаттары Қазақстанның ғана емес, сонымен бірге бүтіндей алғанда, бүкіл әлемнің қауіпсіздігіне қатер төндіретіндігін мойындайтынымызды айғақтайды. Осыған орай, екі жақ ондай қатерлерге қарсы тұрып, Қазақстанмен оның Орталық Азиялық көршілерімен, Құрама Штаттармен, сондай-ақ, екі жақтың еуропалық достарыменен, әріптестерімен және одақтастарымен арадағы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығымызды дамытуға ұмтылады. Осы мақсаттарға жету үшін олар ынтымақтастықты НАТО- ның «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасы шеңберінде де екіжақты негізде дамыта түсуге ниетті.
Тараптар терроризмге қарсы соғыстағы бірлескен қимылды халықаралық коалиция шеңберінде де, ол аяқталғанға дейін жалғастыра беруге деген ниетімізді айғақтайды.
Тараптар өзіміздің кең өкілеттіліктегі Ауғанстан үкіметінің ел ішінде және көршілермем бейбітшілікке қол жеткізуіне қолдау жасайтынымызды атап көрсетеді. Сондай-ақ, тараптар Ауғанстанды қайта құруда бірге қызмет етуге, ынтымақтастыққа дайын екенімізді мәлімдейді.
АҚШ пен Қазақстан Қазақстанның ядролық мәртебеден өз еркімен бас тартқан бірінші ел екенін мойындай отырып, біз жаппай қырып жоятын қаруды таратпауға деген өзара ұстанымымызды айғақтайды. Тараптар барлық иеленуші елдердегі қарулардың ядролық, химиялық, және биологиялық……