Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешектерін есепке алу

0

Мазмұны

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………..3
1 ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ………………………………………………………….5
1.1 Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру…………………………………………..5
1.2 Дебиторлық қарыздың жіктелуі, түрлері………………………………………………..8
1.3 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі………………13
2 ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАРДЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАСҚАДАЙ ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР…………………………………………………20
2.1 Дебиторлық қарыздардың құрамы мен құрылымын талдау…………………..20
2.2 Күмәнді дебиторлық қарыздар……………………………………………………………..26
2.3 Берілген аванстар есебі………………………………………………………………………..30
3 ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАРДЫҢ КӘСІПОРЫН
ҚЫЗМЕТІНДЕГІ РӨЛІ……………………………………………………………………………..32
3.1 Дебиторлық борыштардың жабылу жағдайлары…………………………………..32
3.2 Дебиторлық борыштардың 1С «Бухгалтерия» бағдарламасында
көрсетілуі және түгендеу актісі………………………………………………………………….35
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………….37
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………………………39
ҚОСЫМШАЛАР………………………………………………………………………………………41

Кіріспе
Нарықтық экономика кезінде кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық жұмыс істеу процесінде тұрақты түрде қарсы агенттермен, бюджетпен, салық мекемелерімен есеп айырысуды жүргізу қажеттілігі туады. Өндірілген тауарларды тиеп жіберу немесе кейбір қызмет көрсету арқылы, кәсіпорындар, әдетте, қолма-қол төлем ақша алмайды, яғни сатып алушыларды несиелейді. Сондықтан өнімдерді тиеп жіберген уақыттан, кәсіпорынға төлем қаражаты түскен уақытқа дейін кәсіпорын дебиторлық берешек түрінде әрекетсіздікте болады, оның деңгейі көптеген факторлармен анықталады: өнімнің түрімен, нарық сиымдылығымен, өндірілген өніммен нарықтың молықтырылу деңгейі, шарттың жағдайы, кәсіпорынның қолданатын есеп айырысу жүйесі және басқалар. Соңы фактор қаржы менеджеріне ерекше маңызды.
Жеткізілген өнімдер үшін есептесудің негізгі түрлері қолма қол ақшаменен және ақшасыз төлем түрінде жүргізіледі. Түрақты экономикада ақшасыз төлем басым болады, яғни чек, вексельдер арқылы, ақшасыз есептесу және ағымдағы шоттарға аудару арқылы төлеу түрінде жүргізіледі. Түрақсыз экономика жағдайында алдын ала есеп айырысу түрі басыңқы болады.
Қолма қол төлеу арқылы есептесу теңгемен, несиелік карточканың көмегімен орындалады.
Айналым саласындағы қаражаттарды қысқартуды ынталандыру факторы айналым қаражаттарын толықтыруға керекті банкілік несие, ол айналым капиталын ұтымды пайдалануға мүмкіншілік тудырады.
Дебиторлық қарыз қаражаттары, кәсіпорынның айналымынан уақытша қаражатты аударуын көрсетеді, ол өз кезегінде, қосымша ресурстарға қажеттілікті қажет етіп және қаржы жағдайын қиындатып жіберуі мүмкін.
Өнім өндіруші кәсіпорындардың дебиторлық қарызының едәуір бөлігін тиелген тауар қаражаттарды құрайды. Тиелген тауарлар қаражаты шарасыз пайда болады, өйткені, қоймадағы дайын өнімдер, шартта көрсетілген уақытта тұтынушыларға тиеліп жіберілуі тиіс: Бірақ тиеліп жіберген тауарлардың құрамында әртүрлі мағыналы қаражаттар болады. Олардың бір бөлігі тиеліп жіберген тауарлардың үлесіне тиісті, бірақ төлем уақыты жетпеген. Бұл жағымдығы тез өтетін құбылыс. Төлем мерзімі өткеннен кейін, кәсіпорынның төлембеген қаражаттары, тиеп жіберген тауарлар түріне айналады. Соңғысы, тұтынушының төлем қаражатының жоқ екендігін көрсетеді.
Кәсіпорында басқару жүйесін жетілдіру, шығындарды төмендету, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды басқарудың қажеттілігін кәсіпорын басшылары мен менеджерлері тез түсінеді. Бұл жерде туындайтын мәселе біреу ғана, ол осы шараларды қалай жүзеге асыру жолдарын қарастыруды талап ету, есептеу жолдарын жетілдіру. Өнімнің өзіндік құнын есептеу жолдарын жетілдіру, қолда бар қорылар бар жағдайында сатып алу көлемін қалай жоспарлау керек, қандай процестерді жетілдіруге ең алдымен қаражаттарды инвестициялау керек және т.б. осындай басты мәселелерді шешу диссертациялық жұмыстың негізгі өзекті мәселесі болып отыр.
Сонымен қатар, кәсіпорында әртүрлі деңгейдегі менеджерлерге нарықтың күшейген бәсекелестік жағдайында басқарушылық шешімді қабылдауға мүмкіндік беретін, қаржы ресурстарын басқару жүйесін жасаудың объективті қажеттілігі де бар.
Қаржы ресурстарын басқару жүйесіннің тәжірибесі кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру процесін талдауға мүмкіндік береді. Қаржы ресурстары туралы ғылыми зерттеулер ұзақ уақыт бойы жүргізіліп келеді.
Осы мәселелерге төмендегі қаржы ресурстары мен оны басқару мәселелеріне қазақстандық келесі ғалымдар өз еңбектерін арнаған: Джуманов А.М., Жуйриков К, Ильясов К.К., Касенов М.Р., Купешов Ш.К., Мельников В.Д., Мырзалиев Б.С., Сатыбалдин А.С, Сабден О.С., Отаров Э.К., Тажибаев С.Д. және т.б.
Сондықтан да нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін жетілдіру арнайы кешенді зерттеуді талап етеді. дебиторлық қарыздар дегеніміз, бұл — иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.
Зерттеу жұмыстың басты мақсаты – дебиторлық қарыздарды басқару мәселесін зерттеу.
Қойылған мақсатқа сәйкес ғылыми зерттеуге мына міндеттері қойылды:
— дебиторлық қарыздың кәсіпорын қызметіндегі рөлі;
— дебиторлық қарыздың жіктелуі, түрлерін;
— дебиторлық қарызының басқару әдістерін зертеу;
— Қазақстан Республикасындағы компанияларды дебиторлық қарызды басқаруды бағалау және талдау.
Ұйымның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық борыштардың айналымы жатады. Яғни дебитолық борыштардың есептелген уақыты мен отелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық борышы оған байл анысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады. Дебиторлық борыштар сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан баға жеңілдіктерін (скидки) және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сома бойынша есептеледі. Бір жылдам астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық борыштар ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар» болып есептеледі. Дебиторлық борыштардың пайда болған (есептелінген) уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын сатқанда кейде сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді. Ұйымдардың мұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарларының көлемін арттыру болып табылады.
1 ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру
Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары — Дебиторлық борыштар (Алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борыштар бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі «Алынуға тиісті шоттар» бөлімінің шоттарында есептеледі.
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелінетін) дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:
— ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленетін) төлем;
— тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
— вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
— негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
— ұйымның лауазымды адамдарының (тұлғаларының) дебиторлық борышы;
— басқадай дебиторлық борыштар. Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексель бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша борыштар (дебиторлық борыштар) иелік ету құқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты актив болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ «дебиторлық борыш» дегеніміз, бұл — иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.
Ұйымның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық борыштардың айналымы жатады. Яғни дебитолық борыштардың есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық борышы оған байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады. Дебиторлық борыштар сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан баға жеңілдіктерін (скидки) және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сома бойынша есептеледі. Бір жылдам астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық борыштар «Ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар» болып есептеледі. Дебиторлық борыштардың пайда болған (ессптелінген) уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді.
Кәсіпорындар өздерінің тауарларын сатқанда кейде сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді. Ұйымдардың бұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарларының көлемін арттыру болып табылады. Сонымен қатар баға жеңілдіктерін (скидки) пайдалану ұйымның күмәнді борыштарының сомасын қысқартуға үлкен әсер етеді. Халықаралық тәжірибеде баға жеңілдіктері (скидки) терминімен (сөзімен) бірге сауда жеңілдігі термині (сөзі) қатар қолданылады. Өз экономикасын нарықтық жолмен жүргізіп келе жатқан елдердегі ұйымдар сауда жеңілдігін тауарларды сатудағы жарнама ретінде пайдаланады. Ұйымдардың сауда жеңілдігін қолдануының мақсаты баға жеңілдіктерін (скидки) пайдаланғандағы жағдаймен бірдей деп айтуға болады.
Кейбір жағдайларда сапасының төмендігінен немесе тауарлардың ақау болу себебінен сатылған тауарларды қайтаруға тура келеді. Бұндай тауарларды қайтарып алу сатушы ұйымдар үшін тиімсіз болады. Сондықтан да кәсіпорын сатып алушы заңды немесе жеке тұлғаның осы тауарлар бойынша борыш сомаларының мөлшерін қысқарту туралы талабын қабылдауға келісуіне тура келеді. Әрине аталған жеңілдікті жасау ұйымның келіп түсуге (алынуға) тиісті табыстарының көлемін азайтатындығы сөзсіз. Бұл жағдайда ұйымның бухгалтериясында жасалынған жеңілдік сомасына:
Д-т: Баға шегерімі — шоты
К-т: Алынуға тиісті борыштар — шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
Етер сатылған тауар ұйымға қайтарылған болса, ол үшін жазылатын бухгалтерлік жазу мына түрде бейнеленеді:
Д-т: Сатылған тауарлардың қайтарылымы — шоты
К-т: Алынуға тиісті борыштар — шоты
Кәсіпорындардың бухгалтериясы дебиторлық борыштар есебін жүргізу барысында мына төменде аталған құжаттарды (есептік тіркелімдерді) қолданады:
нөмірі 7 — Журнал-ордер – «Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борышы» деп аталатын шотының кредиті бойынша;
нөмірі 8 — Журнал-ордер — «Алынуға тиісті қосылған қүн салығы, «Есептелген пайыздар», «Басқадай дебиторлық борыштар» және «Берілген аванстар» деп аталатын шоттардың кредиті бойынша;
нөмірі 9 — Журнал-ордерге қосымша тізімдеме — «Берілген аванстар» шотының дебиті бойынша;
нөмірі 10 — Журнал-ордер — «Күдікті қарыздар бойынша резерв», «Алдағы кезең шығындары» шоттарының несие (кредиті) бойынша;
нөмірі 11 — Журнал-ордер — «Сатып алушылар және тапсырыс берушілердің борышы» шотының және «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы» шотының кредиті бойынша жүргізіледі.
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер және басқадай дебиторлармен есеп айырысудың есебі бойынша жоғарыда аталып өткен тіркелімдерден басқа дебиторлық борыштардың есебіне талдамалық (аналитикалық) есептің карточкалары, ажырату парақшалары (қағаздарын), бухгалтерлік анықтамалары және тағы да басқа тіркелімдер (құжаттар) қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың жиынтығын анықтау үшін керек. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартында (соның ішінде Америка Құрама Штаттарының бухгалтерлік есеп стандартында) ұйымның бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барысында қолданатын барлық бланкілері үшін міндетті ортақ есеп беру формалары қарастырылмаған. Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырыңда, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін таңдап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, олар негізгі есеп тіркелімдерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып бөлінеді және олар басқадай операцияларда қолданылады. Дебиторлық борыштар шоттарында есептелетін сомалардың дұрыстығы мен олардың толықтығын бақылау үшін түгендеу жүргізілуі қажет.
1.2 Дебиторлық қарыздың жіктелуі, түрлері
Нарықтық экономика кезінде кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық жұмыс істеу процесінде тұрақты түрде қарсы агенттермен, бюджетпен, салық мекемелерімен есеп айырысуды жүргізу қажеттілігі туады. Өндірілген тауарларды тиеп жіберу немесе кейбір қызмет көрсету арқылы, кәсіпорындар, әлбетте, қолма-қол төлем ақша алмайды, яғни сатып алушыларды несиелейді. Сондықтан өнімдерді тиеп жіберген уақыттан, кәсіпорынға төлем қаражаты түскен уақытқа дейін кәсіпорын дебиторлық берешек түрінде әрекетсіздікте болады, оның денгейі көптеген факторлармен анықталады: өнімнің түрімен, нарық сиымдылығымен, өндірілген өніммен нарықтың молықтырылу деңгейі, шарттың жағдайы, кәсіпорынның қолданатын есеп айырысу жүйесі және басқалар. Соңғы фактор қаржы менеджеріне ерекше маңызды.
Жеткізілген өнімдер үшін есептесудің негізгі түрлері қолма қол ақшаменен және ақшасыз төлем түрінде жүргізіледі. Тұрақты экономикада ақшасыз төлем басым болады, яғни чек, векседдер арқылы, ақшасыз есептесу және ағымдағы шоттарға аудару арқылы төлеу түрінде жүргізіледі. Тұрақсыз экономика жағдайында алдын ала есеп айырысу түрі басыңқы болады.
Қолма қол төлеу арқылы есептесу теңгемен, несиелік карточканың көмегімен орындалады.
Айналым саласындағы қаражаттарды қысқартуды ынталандыру факторы айналым қаражаттарын толықтыруға керекті банкілік несие, ол айналым капиталын ұтымды пайдалануға мүмкіншілік тудырады.
Дебиторлық қарыз қаражаттары, кәсіпорынның айналымынан уақытша қаражатты аударуын көрсетеді, ол өз кезегінде, қосымша ресурстарға қажеттілікті қажет етіп және қаржы жағдайын қиындатып жиберуі мумкін.
Дебиторлық қарыздың әртүрлі түрлері бар: тиеліп жіберген тауарлар; тауарлар үшін және көрсеткен қызмет үшін дебиторлармен есеп айырысу; алынған векселдермен есеп айырысу; еншілес кәсіпорындармен, бюджетпен, басқадай операциялар бойынша персоналдармен есеп айырысу; жеткізушілерге және мердігерлерге берілген аванстар; жарғы капиталына құрылтайшылардың жарна қарызы және т.б.
Өнім өндіруші кәсіпорындардың дебиторлық қарызының едәуір бөлігін тиелген тауар қаражаттарды құрайды. Тиелген тауарлар қаражаты шарасыз пайда болады, өйткені, қоймадағы дайын өнімдер, шартта көрсетілген уақытта тұтынушыларға тиеліп жіберілуі тиіс. Бірақ тиеліп жіберген тауарлардың құрамында әртүрлі мағыналы қаражаттар болады. Олардың бір бөлігі тиеліп жіберген тауарлардың үлесіне тиісті, бірақ төлем уақыты жетпеген. Бұл жағымдығы тез өтетін құбылыс. Төлем мерзімі өткеннен кейін, кәсіпорынның төленбеген қаражаттары, тиеп жіберген тауарлар түріне айналады. Соңғысы, тұтынушының төлем қаражатының жоқ екендігін көрсетеді.
Төленбеген шоттардың үлкен үлесті салмағы және басқадай қарыз түрлерінің болуы — кәсіпорындарға түсетін қаражаттардың негізгі көздерінің бірі болып есептелінеді, осыған сәйкес дебиторлық қарыздарды басқару туралы шешім қабылдауды қажет етеді.
Алдыменен, барлық дебиторлық қарыздың сипаты бағаланады, дебиторлардың құрамы талданады, олардың құрамындағы үмітсіз қарыздар анықталады. Бұндай бағалау әртүрлі мезгілде пайда болған дебиторлардың топтары бойынша жүргізіледі.
Үмітсіз қарыздарды арнайы құрылған ресурстар есебінен, сонымен қатар күдікті қарыз резерві есебінен жабуға болады.
Дебиторлық қарыздарды талдау және басқару процесінде кәсіпорындар болжау ретінде, сондай икемді шарт жүйесін жасауы керек, онда өнімдерге (толық немесе жартылай) алдын ала төлеу, немесе аралық шотты ұсыну, немесе инфляция индексіне сәйкестендіріп икемдік баға құру керек және бұл шаралардың қаржы нәтижесіне әсері бағалануы тиіс.
Тұрақсыз экономика кезінде шығындарды болдырмау мақсатымен өнімдерге алдынала төлемді кең практикалану мақсатымен есептегі қаражаттың айналымдығына бақылау жүргізіледі. Айналымдық көрсеткіш, қарызды қайтару дәрежесін көрсетеді.
Дебиторлық қарыздағы қаражаттың айналымдығы келесі формула арқылы есептелінеді:
К айналым коэффициенті;
Ө — тиеліп жіберілген өнімнің көлемі;
Қ — орташа дебиторлық қарыз.
Дебиторлық қарыздағы қаражаттың айналымдағы күнмен есептелінеді, яғни бір айналымның ұзақтығын көрсетеді. Онда:
Ак = (Дқ х Кс ) / Ө
АК — айналымдағы күн;
Дқ — дебиторлық қарыз;
Кс — кезеңдегі күн саны.
Дебиторлық қарыздағы қаражаттың нақтьлы айналымдығын талдау нәтижесінде кәсіпкер белгілі бір кезең уақытындағы алынған мәліметті басқа шаруашылық субъект көрсеткіштермен салыстыра отырып, мүмкінді өз уақытында төлеу мүмкіншілігін және барлық дебиторлық жағдайы бағалайды.
Айналым капиталының құрамындағы маңызды қор айналымының құрамына дебиторлық қарыз және ақша қаражаты жатады. Олардың спецификалық түрлеріне, қозғалыс жылдамдығына, пайда болу заңдылығына қарай айналым қаражаттарының бұл түрлері нормаланатын айналым қаражаттары сияқты алдынала есептелінбейді және есепке алынбайды. Бұл элементтерді басқару басқа әдістермен орындалады. Шаруашылық етуші субъектілердің осы құралдармен басқаруға …..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!