Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік есеп қағидалары
Мазмұны
КІРІСПЕ
I ТАРАУ.
1.1. Бухгалтерлік есептің міндеті және оған қойылатын талаптар.
1.2. Бухгалтерлік есеп ғылым ретінде дамуы.
1.3. Қазіргі кездегі бухгалтерлік есептің мәні мен қағидаттары.
II ТАРАУ.
2.1. Бухгалтерлік есеп стандарттары және қаржылық есеп беру.
2.2. Бухгалтерлік есеп принциптері.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер:
КІРІСПЕ
Нарық экономикасы жағдайында, бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу мен тұтыну және кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп Бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген. Бухгалтерлік есеп Типтік шот жоспарында белгіленген жалпы принциптер мен ережелер және Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп жөніндегі» Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі өкілетті ұйымдары қабылдаған қаулылар мен ұсыныс, талаптарға сай жүргізіледі.
Меншік иелері мен экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорын еңбек коллективтері шикізаттар мен материалдарды тиімді жұмсап, өндіріс қалдықтарын азайтып, өнімнің сапасын жоғарылатып, оның өзіндік құнын кемітуді көздейді. Осыған орай, бухгалтерлік есеп тек шаруашылық қызметті көрсетіп қана қомай, оған ықпалын да тигізіп отыруына байланысты, оның мыңызы мен рөлі артпақ.
Бухгалтерлік есеп басқару процесінің бөлігіретінде, кәсіпорынның ағымдағы қызметін бақылау, оның стратегиясы мен тактикасын, жоспарлау, ресурстарын тиімді пайданалып, нәтижесін бағалауға, сонымен қатар дұрыс басқарушы шешім қабылдауға қажетті ақпараттармен қантамасыз етеді. Бухгалтерия қызметкерлері нарық жағдайында тез әрі дұрыс бағыт алу үшін, бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін жақсы меңгеруі қажет. Сондықтан бухгалтерлік есептің теориялық негіздері мен әдістемелік қағидаларын жас мамандарың жақсы менгеруі олардың кәсіби дайындығы мен іскерлік қабілеттерін қалыптастыруда маңызы зор болмақ.
Екінші рет қайта өңделіп баспаға ұсынылып отырған «Бухгалтерлік есеп» атты оқулық «Бухгалтерлік есеп» пәнінің жұмыс бағдарламасына сәйкес мемлекеттік тілде дайындалған оқулық. Оқулық автордың әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Маркетинг және жалып экономикалық пәндер», «Қаржы және аудит» кафедраларында қызмет істеп жүрген кездегі жинақтаған бірнеше жылдық дәрістік материалдары негізінде дайындалып, отандық және шетелдік әдебиеттерде жарияланған, теориялық және практикалық жағынан өте бай материалдарды пайдаланған.
Оқулықта «Бухгалтерлік есептің» теориялық негіздері: бухгалтерлік баланс құрылымы, шоттар мен екі жақты жазу жүйесі, құжаттама, бағалау мен калькуляциялау, сонымен қатар бухгалтерлік есеппен есеп бегуде қолданылып жүрген нысандар тереңдетіліп көрсетілген. Сонымен қатар оқу қуралында жаңа Типтіқ шот жоспарына сәйкес негізгі құралдар, материалды емес активтер, тауарлы материалды запастар, ақша қаражаттары есебі, есеп беретін адамдармен есеп айырысу есебі, есеп айырысу операцияларының есебі, еңбекақы бойынша есеп айырысу есептері корреспонденциялары келтірілген.
Материалдарды мұндай мазмұндау процесінде Қазақстан Республикасының кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттармен жақындасуындағы негізгі бағыттарды қарауға қолайлы мумкіндіктер жасалады.
Ұсынылып отырған оқулық, бухгалтерлік есепті жаңадан бастап үйреніп жатқан, бухгалтерлік есеп курстарындағы тыңдармандарға, жоғары оқу орындарындағы студенттер мен колледж оқушыларына, сонымен қатар кәсіпорындарда жаңадан үйреніп жүрген бухгалтерлерге арналған.
I ТАРАУ.
1.1. Бухгалтерлік есептің міндеті және оған қойылатын талаптар.
Бухгалтерлік есеп — басқарудың аса маңызды функцияларының бірі. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде оны бизнестің, кәсіпкерліктің тілі деп санайды.
Бухгалтерлік есеп оның алдына қойған міндеттерді орындай алатындай болып ұйымдастырылуы керек.
Қазақстан Республикасының 24.06.2002ж. №329-11«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» (өзгерістері енгізіліп және толықтырылу) заңына сәйкес:
— жедел басшылық ету мен басқаруға, сондай-ақ инвесторлардың, жеткізушілдердің, сатып алушылардың кредиторлардың, салық және банк органдарының пайдалануына қажетті шаруашылық процестері мен кәсіпорындардың, мекемелердің қызмет нәтижелері туралы толық және ақпараттарды қалыптастыру;
— мүліктердің қолда бары мен қозғалысына, материалдық, еңбектік және қаржылық ресурстардың бекітілген нормаларға, нормативтерге, сметаларға сәйкес жұмсалуына бақылауды қамтамасыз ету;
— қаржы-шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстар жайында мерзімді ескертурлер жасау;
— ішкі шаруашылық резервтерді анықтау және жұмылдыру;
— ішкі ресурстарды пайдалануды нақтылы бағалау бухгалтерлік есептің басты міндеттерді болып табылады.
Бухгалтерлік есептің алдына қойылған міндеттері орындау үшін ол мынадай талаптарға сай болуы тиіс:
1. Ақпаратты берудің мерзімділігі шаруашылық қызметіне жедел басшылық етуге, міндеттерді орындауға, ағымдағы жұмыстың кемшіліктерін, ресурстар шығынының нормадан ауытқуын анықтауға, бақылауды жузеге асыруға және т.б. үшін қәжет. Бұл талапты жузеге асырған кезде есептік ақпаратты өңдеу және алу үшін есептегіш техниканы пайданалудың манызы зор.
2. Есептік (нақты) көрсеткіштердің жоспар (тапсырма) көрсеткіштерімен салыстырымдылығы белгілген көрсеткіштердің есеп байланысын қамтамасыз етеді және осы көрсеткіштердің мерзімді бақылау жасауды қатамасыз етеді.
3. Дәлдік, объективтілік және қатаң негізді болу ескерілген барлық деректер дұрыс, дәл есептелген, тиісті құжаттармен негізделген болу керектігін аңғартады. Олар жұмыстағы жетістіктерді ғана емес, сондай-ақ кемшіліктерді де дұрыс көрсетіп беруге тиіс.
4. Толықтық. Есеп кәсіпорынның шаруашылық қызметіне толық сипат беруге тиісті. Сонда ғана шаруашылықты басқару кезінде оның деректерін қолданудан пайда болмақ.
5. Үнемділік. Бухгалтерлік есеп басқару мен басшылық етуге қажетті барлық көрсеткіштерді аз шығын жұмсау жолымен алуды қамтамасыз етуі тиіс. Бұған есептің қарапайымдылығы, оның үнемі жетілуі, қол еңбегін машиналыққа ауыстыру және есеп қызметкерлерінің іскерлік арттыруға мумкіндік жасайды. Мұның барлығы басқару аппаратын қысқартуға бағытталған.
6. Есептің қарапайымдылығы мен қолайлы болуы алынған ақпараттың мәнін ұжымның әрбір мүшесінің түсінуне, баскару үшін есептің деректерін пайдалану мүмкіндігіне, резервтерді іздеуге, қаржы жағдайын нығайту жөніндегі ұсыныстар әзірлеуге себепкер болады.
Басқарушылық-
қаржы-шаруашылық-
бұйрығы бойынша бекітілген-
Типтік шот жоспарында-
сай жүргізіледі-
отыруына байланысты-
Бухгалтерия қызметкерлері-
жаңадан бастап-
әдебиеттерде жарияланған-
қойылатын талаптар-
дәл есептелген-
әзірлеуге себепкер-
пайдалану мүмкіндігіне-
қолданудан пай-
көрсеткіштердің-
қамтамасыз ету-
ескертурлер жасау-
Осыған орай-
1.2. Бухгалтерлік есеп ғылым ретінде дамуы.
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы “Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес” – деген болса, оның әріптесі Р. А. Фаулки “Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы” – деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаттарын өлшейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында “Есептей алмаған, басқара алмайды” – деген сөздің бекер айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі қаржылық (сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді. Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпараттарды ішкі пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе. Яғни, басқарушы есептің мәліметін кәсіпорын басшылары қандай да бір шешім қабылдау үшін пайдаланса, қаржылық есептің мәліметін бұлармен қоса жабдықтаушы (мердігер) кәсіпорындар, банк мекемелері, салық органдары және тағы да басқалар пайдаланады. Кез келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрде жүргізілетін болса, басқарушы есептің жүргізілуі және оның тәртібі әрбір кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты.
1.3. Қазіргі кездегі бухгалтерлік есептің мәні мен қағидаттары.
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Елімізде жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет. Сондықтан да кез келген елде бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау сол елдегі ұйымдардың экономикалық жағынан тұрақты дамуына кепілдік береді.
Стандарт сөзі ағылшын тілінен аударғанда үлгі, норма деген мағынаны білдіреді. Ал бухгалтерлік есеп стандарттары дегеніміз кәсіпорындағы есеп жұмысын дұрыс жүргізудің және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесі болып табылады. Әрбір осындай ереже бухгалтерлік есептің әдістері мен тәсілдерін, мәні мен мағынасын және терминалогиясын анықтайды. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттарының қай-қайсысының болмасын өз мақсаты, қолданылу аясы (орны), анықтамасы, қолданысқа (күшіне) енген уақыты және мазмұны болады.
Мақсаты. Бұл бапта стандарттың қандай мақсатқа арналып шығарылғандығы және есеп мәселелері қысқаша баяндалады.
Қолданылу аясы (орны). Стандарттың пайдаланылатын жерлері мен қандай жағдайда (жерлерде) қолданылмайтындығы осы бапта жазылады.
Анықтамасы. Стандарттағы келтірілген негізгі терминдерге түсініктеме берілетін бап болып табылады.
Қолданысқа (күшіне) енген уақыты. Стандарттың қай уақыттан бастап күшіне енетіндігі осы бапта кәсіпорынның есеп саясатына түсінік беріледі…..