Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік баланс аудиті

0

Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………………………………………………….3
1. Бухгалтерлік баланс және оны талдау тәсілдері…………………………………………………4
1.1. «Ұлар» ЖШС техника – экономикалық сипаттамасы……………………………..4
1.2. Бухгалтерлік баланстың түсінігі мен түрлері………………………………………6
1.3. Бухгалтерлік баланстың құрылымы мен мазмұны………………………………..13
2. Бухгалтерлік баланс аудиті…………………………………………………………..16
2.1. Бухгалтерлік баланстың талдау тәсілдері мен аудитін жетілдіру шаралары……16
2.2. Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есепті құру үшін қажетті шараларды енгізуді жақсарту жолдары……………………………………19
Қорытынды ………………………………………………………………………………27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі………………………………………………………….28

КІРІСПЕ
Елімізде мемлекеттік меншікке негізделген кәсіпорындарды жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асырылуы, жаңадан қалыптасқан шаруашылық жүргізуші субьектілердің табысты қызмет етуі мақсатында тиісті экономикалық және құқықтық инфраструктураның құрылуы, республиканың кең шеңберлі халықаралық байланыстары, қаржы нарығына шығуы, шетелдік инвестициялардың көптеп таралуы бухгалтерлік есеп жүйесін кезеңдеуді талап етеді.
Қазақстанда қабылданған бухгалтерлік есептің жаңа жүйесі кәсіпорындарды ішкі және сыртқы инвесторлар үшін ашығырақ көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік, жалпы еліміздің экономикасын көтеруге оң әсерін тигізеді. Еліміздегі кез – келген кәсіпорынның шаруашылық қызметі бір – бірімен тығыз байланысты – жабдықтау, өнім өндіру өндірілген өнімдерді, тауарларды сатып — өткізу сияқты шаруашылық процесстерінен тұрады.
Бүгінгі таңда әлемдік ғаламдану жағдайында ел Президентінің басты бағыт деп анықтаған Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету маңызды рол ойнап отыр. Экономиканың бәлекеге қабілеттілігі мен транспатренттілігінің негізгі белгісі болып, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарға сәйкес болуы керек екенін ескеру керек.
Қаржылық Есептіліктің Халықаралық Стандарттары бұл Қазақстан тұтас экономикасының, Қазақстандық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігі мен инвестициялық тартымдылығының құрамдас бөлігі, сондай – ақ экономиканың жедел дамуы мен капиталды интеграциялауға қызмет ететін, қаржылық есептілікті жалпы және біріңғай түрде түсінуге қажет қазіргі заманғы стиль. Ал ҚЕХС білу және онымен жұмыс істеу қазіргі заман талабына сай бухгалтер мен аудитордың ғана емес, басшының да қажетті, сапалы бедел белгісі болып табылады.
Субъектінің қарамағындағы қаржылық ресурстары мен өзіне қабылдаған міндеттемелері туралы ақпараттарды қаржылық жағдай жөніндегі қорытынды есеп нысанында пайдаланушыларға ұдайы тапсырып отыру – бухгалтерлік есептің негізгі мақсатының бірі болып табылады. Ондай қорытынды есеп дәстүрлі түрде «баланс» деп аталады. Ол активтердің, меншікті капиталдың және міндеттемелердің жағдайын ақшалай өлшеммен белгілі бір мерзімге көрсетеді. Сөйтіп, бухгалтерлік баланс дербес есеп жүргізуші кез келген шаруашылық жүргізуші субъектінің нақты бір уақыт сәтіндегі қаржылық жағдайын көрсетеді.
Курстық жұмыстың өзектілігі – қаржылық есептің құрамдас бөлігі бухгалтерлік баланстың көрінісі мен тәсілдерін қалыптастыруға негізделген. Баланс өтімділігін талдау мен өзгерістерін қарастыру және шетел тәжірибесін зерттеу курстық жұмыстың басты негізгі мақсаты мен міндеті.
1. БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНС ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛДАУ ТӘСІЛДЕРІ
1.1 «Ұлар» ЖШС техника – экономикалық сипаттамасы
«Ұлар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2000 жылы құрылды. Мемлекеттік тіркеу куәлігі № 10135 – 1917 – ЖШС 19.01.2000 жылдан бастап.
Семей қаласында осы кезеңнен бастап тұрақты жұмыс істеп, даму үстінде. Қазіргі уақытта бұл кәсіпорын қаламыздағы дамыған өндіріс орны деп танылады және оның бірнеше қоймалары мен негізгі орындары да бар. Осы кәсіпорын құрылғаннан бастап, өздерінің көрсететін қыметтерінің сапалылығын айқындап, сапалығының ішкі бақылау жүйесі және де оны әр жыл сайын жетілдіріп отыруды қолға алған.
Сонымен қатар қызмет көрсету үшін Семей қаласы бойынша сату орындары орналастырып, қоймалары кәсіпорын аумағында орналастырылған.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің негізгі мақсаты – клиенттердің тұтыну деңгейін қамтамасыз етуге байланысты қыметтер көрсетіп, оларға жоғарғы сапалы өнімдерді ұсыну. Жеңілдіктер жасау.
«Ұлар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қазіргі таңда тағамдардың 300 ден аса түрін нарыққа шығарады. Тағамдардың ассортименті жыл сайын өзгеріп тұрады.
Қазіргі таңда «ҰЛАР» ЖШС-нің негізгі бірлесе жұмыс жасайтын кәсіпорындары ірі дүкендер мен қаладағы сауда орындары, сонымен қатар негізгі тұтынушылардың қажеттіліктерін өтеуде эффектіивті жұмыс жасау орындары.
Кәсіпорынның алға қоятын барлық өнімдері куәліктерге сай тексерілген таза өнімдер.
Негізгі қызмет түрлері мыналар:
• сапалы, куәландырылған өнім ұсыну;
• өнімді жеңілдікпен сату;
• Тапсырыстар қабылдау;
• қала бойынша жедел жеткізу;
• клиенттің ұсыныстары мен талаптарын орындау;
• Өнімнің әртүрлілігін қамтамасыз ету.
«Ұлар» ЖШС-нің негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері төмендегі кестеде көрсетілген.
Кесте 1 — «Ұлар» ЖШС-нің негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері
№ Көрсеткіштер 2007 ж 2008 ж Ауытқу
Абс.(+/-) %
1 2 3 4 5 6
1 Өнімдерді сатудан табыс, мың теңге
200253
215160
+14907
+7
2 Өндірілген өнімнің өзіндік құны, мың теңге 169199 178583 +9384 +5
3 Жалпы табыс, мың теңге 31054 36577 +5523 +17,7
4 Кезең шығыны, мың теңге 2122 2854 +732 +34,4
5 Салық салуға дейінгі табыс, мың теңге 28932 33723 +4791 +16,5
6 Корпоративтік табыс салығы 6450 6780 +330 +5,1
7 Таза табыс, мың теңге 22482 26943 +4461 +19
8 Сатылған өнімдердің 1 бірлігіне шығындар 84,5 83 -1,5 -2
9 Сату рентабельділігі, % 15,5 17 +1,5 +9
10 Негізгі құралдардың орта жылдық құны, мың теңге 217000 278300 +61300 +28
11 Ағымдағы активтердің орта жылдық құны, мың теңге 198300 212150 +13850 +7
12 Қор қайтарымдылығы, теңге 1,08 1,29 +0,21 +19,4
13 Қор сыйымдылығы, теңге 0,92 0,77 -0,15 -16,4
14 Ағымдағы активтердің айналымдылығы 1,01 1,02 +0,01 +0,9
15 Жұмысшылар- дың орта тізімдік саны, адам 190 280 +90 +15
16 Еңбекөнімділігі, мың теңге 712603 727913 +15310 +2
17 Еңбек ақы қоры, мың теңге 67260 90780 23520 +35
18 Дебиторлық қарыздар, мың теңге 3125 4356 +1231 +39,3
Бұл кестедегі “Ұлар” ЖШС – нің екі жылдық техника – экономикалық көрсеткіштері көрсетілген. Оларға нақты тоқталатын болсақ, кәсіпорын табысты болғанын байқауға болады. Жалпы өнімді сатудан түскен түсім 2008 мен 2007 жылды салыстырғанда 14 907 мың теңгеге немесе +7% өскендігі байқалады. Оған тауарға сұраныстың өсуі, яғни жаңа тұтынушылардың әсері мол. 2008 жылды 2007 жылмен салыстырсақ, ол +5%- ға, яғни 9384 мың теңгеге өскен. Жалпы табыс сомасы 2008-2007 жылдар аралығында – +17,7%, яғни 5523 мың теңгеге өскен, ал кезең шығындары 2008 жылы 2007 жылға қарағанда +34,4%, яғни 732 мың тг. өскен, бұған өнім өндірумен байланысты шығындардың өсуі әсер етті Салық салуға дейінгі табыс 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда +16,5%-ға, яғни 4791 мың тг. өскен. Корпоративтік табыс салығы 2008 мен 2007 жылдарды салыстырғанда 5,1%-ға, яғни 330 мың теңгеге өскен. Таза табыс көлемі 2008-2007 ж. салыстырғанда 19%-ға, яғни 4461 мың тг. өссе, сатылған өнімдердің бір бірлігіне шығындар 2008-2007 жылмен салыстырғанда -2%-ға, яғни 1,5-ке азайғанын көруге болады. Сату рентабельділігі +9%-ға, негізгі құралдардың орта жылдық құны +28 %-ға, яғни 61300 мың тг. өскен, оған комбинаттың жаңа негізгі құрал түрлерінің алғаны әсер еткен. Ағымдағы активтердің айналымдылығын 2008 ж мен 2007 ж салыстырсақ +7%-ға, яғни 13850 мың тг. өскен. Қор қайтарымдылығы 2008 ж мен 2007 ж. салыстырғанда –0,21% -ға, яғни 19,4 тг.өскен. Қор сыйымдылығы 2008 мен 2007 жылдарды салыстырып қарасақ, -16,4%-ға, яғни -0,15 мың тг. азайғандығын көреміз. Ағымдағы активтердің айналымдылығы 2008 ж. мен 2007 ж. салыстырсақ, +0,9%-ға, яғни 0,01 өскен. Жұмысшылардың орта тізімдік саны 2008 ж. мен 2007 ж. салыстырсақ 15%-ға немесе 90 адамға көбейген, еңбек өнімділігі +2% немесе 15310 мың тг. өскен, еңбекақы қоры +35% немесе 23520 мың тг. және дебиторлық қарыздар +39,3%, яғни 1231 мың теңгеге өскенін байқауға болады.
1.2. Бухгалтерлік баланстың түсінігі мен түрлері
Субъектінің қарамағындағы қаржылық ресурстары мен өзіне қабылдаған міндеттемелері туралы ақпараттарды қаржылық жағдай жөніндегі қорытынды есеп нысанында пайдаланушыларға ұдайы (жүйелі түрде) тапсырып отыру – бухгалтерлік есептің негізгі мақсатының бірі болып табылады. Ондай қорытынды есеп дәстүрлі түрде «баланс» деп аталады. Ол активтердің, меншікті капиталдың және міндеттемелердің жағдайын ақшалай өлшеммен белгілі бір мерзімге көрсетеді. Сөйтіп, бухгалтерлік баланс дербес есеп жүргізуші кез келген шаруашылық жүргізуші субъектінің нақты бір уақыт сәтіндегі қаржылық жағдайын көрсетеді.
Қаржылық жағдай деп шаруашылық жүргізуші субъектіге қатысты активтердің нақты бары мен оларға қарама – қарсы қойылған олардың құралу көздерін (меншікті капитал мен міндеттемелерді) түсіну керек:
Σ Α = Σ MK + M.
Бухгалтерлік баланс көптеген қаржылық коэффициенттерді (өтімділік, қаржылық оралымдылық, орнын толтыру коэффициенті) есептеуге негіз болады. Сонымен бірге баланс кәсіпорын өндірісін және оның жаңа өндірістерді игеру саясатын бағалауға, сондай – ақ активтерін бағалауға мүмкіндік береді.
Бухгалтерлік баланстың төмендегі түрлерін (типтерін) ажыратып көрсетуге болады:
Кәсіпорын қызметінің басталуымен ұштастырылатын кіріспе баланс. Осы кәсіпорында бухгалтерлік есепті жүргізудің бастамасы болып табылатын баланстың бұл түрінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Көп жағдайда ол өте аз өзгеріске ұшырайды (дифференцияланады). Ол түсінікті де өйткені кәсіпорын жаңадан ғана құрылған кезде оның шаруашылық қарым – қатынастары әр түрлілігімен ерекшелене алмайды. Мүлкі негізінен ақша салымы және ұйымдастыру шығындарынан тұратын активтерімен көрсетілетін болғандықтан, ол өте қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Кіріспе балансты құруды белгілі бір мерзіммен (айдың 1-ші күні) ұштастыру мүмкін емес. Кәсіпорын өзінің шаруашылық қызметін бастайтын балансы оның жарғысы тіркелген күнге құрылады.
БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНС
Негізгі құ- ТМБ,ақша Несиелер, Несиелер, Жарғылық
ралдар,Ма- қаражаттары, Кейінге қал- Кредитор- капитал,
териалдық Қаржылық дырылған лық борыш- қосымша
емес актив- инвестиция- салықтар тар,төленуге төленген
тер, инвес- лар,Дебитор- және бас- тиісті есеп- капитал,
тициялар лық борыш- қалар телінген шы- қосымша
және бас- тар және ғыстар және төленбеген
қалар басқалар басқалар капитал,
резервтік
капитал,
бөлінбеген
таза табыс
1 схема. Бухгалтерлік баланс
Жылдық (қорытынды) баланс – есеп беру мерзімінде кәсіпорынның қаржылық жағдайы жөніндегі ақпараттар көзі болып табылады. Ол есепті жылдың аяғында (есепті жылдан кейінгі жылдың 1-ші күніне) құрылады. Есепті жылдың аяғына ең дұрыс (сенімді) баланс құрудың міндетті постулаты – бухгалтерлік есепте нәтижесін толық көрсете отырып, кәсіпорынның мүліктеріне және қаржылық міндеттемелеріне міндетті түрде түгелдеу жүргізу. Жылдық бухгалтерлік баланс негізінен есеп регистрлерінің, Бас кітаптың мәліметтері негізінде құрылады.
Жойылу балансы – шаруашылық жүргізуші субъект әртүрлі себептерге байланысты жойылған сәтте құрылатын баланс. Жойылу баланысының кәдімгі баланстан негізгі айырмашылығы оның баптарының бағалануымен айқындалады.
Бағалау сатып — өткізу бағасы бойынша жүзеге асырылады, көп жағдайда ол бастапқы баланстық құнынан әлдеқайда төмен болады. Әдетте қорытынды баланста болатын кейбір баптар, мысалы, бюджеттік бөліп – таратушы «Алдағы кезеңнің есебіне жататын табыстар», «Алдағы кезеңнің есебіне жататын шығыстар», «Күмәндә борыштар бойынша резервтер» және «Болашақ төлемдердің резерві» баптары жойылу балансында тіпті болмауы мүмкін. Басқа жағынан қарағанда жойылу балансында бұрын болмаған баптар пайда болуы мүмкін, мысалы, «фирма бағасы (гудвилл)». Кәсіпорынның меншікті капиталдары жойылу балансында кейде жеке баптарбойынша көрсетілмейді. Себебі жойылу кезеңінің басында кәсіпорынның барлық меншікті капиталы арнайы ашылған «Жою» шотына аударылады. Бұл шотта мүліктік баптарды бағалаудағы айырмашылық, сонымен бірге жоюға байланысты шығыстар көрсетіледі. Шоттың қалдық сомасы (сальдосы) жойылу балансының активінде немесе пассивінде көрсетіледі.
Брутто-баланс – реттеуші баптар енгізілетін баланс. Реттеуші баптарға негізгі құралдардың тозуы, материалдық емес активтердің амортизациясы және тағы басқалары жатады.
Нетто-баланс (немесе тазаланған баланс) – реттеуші баптар алынып тасталған баланс. Оны кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау кезінде пайдалану ыңғайлырақ. Мұндай баланстың мәліметтері кәсіпорынның қарамағындағы шаруашылық қаржыларының нақты сомасын сипаттайды (көрсетеді).
Ішкі баланс (мейлінше егжей-тегжейлі) қаржылық талдау жасау, жоспарлау, басқару және кәсіпорын мен оның филиалдарының, құрылымдылық бөлімдерінің шаруашылық қызметіне бақылау жасау үшін пайдаланылады.
Сыртқы баланс сыртқы пайдаланушылар үшін құрылады. Сыртқы падаланушылар үшін ол ең басты ақпарат көзі болып табылады. Ондай баланстың мазмұны, құрылымы және сыртқы пайдаланушыларға тапсырылу тәртібі заңмен, шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп саясатымен, пайдаланушылардың талабымен айқындалады. Баланс салық органдарына,…

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!