Курстық жұмыс: Бюджет кодексі | Жергілікті бюджетті жоспарлау және болжау мәселелері » ZHARAR

0

Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………………………………………………..
1-бµлім.
1.1.Қазақстан Республикасының “Бюджет кодексіне” шолу…………………………………………………………………
1.2 Бюджетті жоспарлау мен болжаудың ролі және мақсаттары
1.3.Алымдар мен төлемдерді жоспарлау…………………………………………………………………
2-бµлім Жергілікті бюджеттің шығыстарын жоспарлау.
2.1 Бюджет кірісінің жіктемесі ………………………
2.2 Бюджет шығысының жіктемесі……………………………………………….
2.3. Әлеуметтік салаға бөлінетін бюджеттік қаржыларды жоспарлау…………..
2.4. Білім беруге арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру……………………………………………
Ќорытынды:………………………………………………………………………………………..

1.1 Қазақстан Республикасының бюджет кодекiсiн шолу.
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен және қабылдануы осы кодекске көзделген өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Бюджет кодексi бюджеттік және бюджетаралық қатынастарды реттейді және бюджет жүйесі жұмыс істеуінің, бюджет қаражаттарының құрылуы мен пайдалануының негізгі ережелерін, принциптері мен тетіктерін белгілейді.
Егер Қазақстан Республикасының бекіткен халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың тиісінше республикалық және жергілікті бюджеттерден тиісті қаржы жылына арнап ақша бөлу туралы актілері, осы атілердің қайтарымды негізде ақша бөлу туралы ерешелерін қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяталғаннан кейін күшін жояды.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енігзу туралы заңдар, тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттардың шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттардың шешімдері, сондай – ақ Қазақстан Республикасының үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың оларды іске асыру туралы актілері тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер заң актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына қайшы келетін ережелер көзделсе, онда Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының ережелері қолданылады.
Мемлекеттік бюджет – араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет;
Инвестициялық ұсыныс – инвестициялық жобаның (бағдарламаның) мақсатын, оған жету жолдарын көрсететіні және инвестициялық жобаны (бағдарламаны) одан әрі алдын ала іріктеуді жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін инвестициялық жоба (бағдарлама) тұжырымдамасы;
Кассалық алшақтық – қаржы жылы ішінде шығыстар көлемінің бюджетке түсетін түсімдер мен бюджет қаражатының бос қалдықтары көлемінен асып түсуі;
Жергілікті бюджет – облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті;
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган –жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, жергілікті бюджеттің орташа мерзімді кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің жобасын жоспарлау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган – жергілікті бюджеттен қаржылындыратын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік есеп және есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;
Кірістерді бөлу нормативі – кірістерді әр түрлі деңгейлердегі бюджеттердің арасында бөлудың проценттік арақатынасы;
Салалық (секторлық) бағдарлама – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, экономиканың жекелеген салаларының (секторларының) неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталған бағдарлама;
Басым (республикалық немесе жергілікті) бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі республикалық немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландыру жоспарланған инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізімі болып табылатын, республиканы немесе аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарына қосымша;
Бюджет қаражатын алушы – бюджет қаражатын игерудің барлық деңгейінде бюджет қаражатын пайдаланатын орталық және жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер, жеке және заңды тұлғалар, сондай – ақ қаржылық қызмет көрсететін, соның ішінде азаматтық – құқықтық мәмілелер негізінде қызмет көрсететін тұлғалар;
Аймақтық бағдарлама — мәслихаттар бекітетін, аймақтың (аумақтың) әлеуметтік – экономикалық дамыту міндеттерін шешуге бағытталған бағдарлама;
Түзетілген бюджет – тиісінше Қазақстан Республикасының Парламентінде немесе мәслихатта нақтыланбай, Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар енгізген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып бекітілген немесе нақтыланған бюжет;
Әлеуметтік – экономикалық дамудың орташа мерзімдік жосапры –Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе мәслихат бекітетін, республиканы немесе аймақты әлеуметтік – экономикалық дамытудың үш жылдық кезеңге арналған негізгі көрсеткіштері мен бағыттарын және оларды іске асыру жөніндегі шараларды айқындайтын құжат;
Трансфеттер – бюджетне және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, сондай-ақ бюджеттен, соның ішінде жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке төленетін өтеусіз және қайтарылмайтын төлемдер;
Бекітілген бюджет – тиісті қаржы жылына арналған, Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тисті мәслихат бекіткен бюджет;
Нақтыланған бюджет – атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат қабылданған өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет;
Қаржыландыру – бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу;
Қаржы жылы – бюджеттің атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып, 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі;
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық әукілетті орган – орташа мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын жоспарлау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган – ішкі мемлекеттік қаржы бақылауы функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган – республикалық бюджетті және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі бюджеттік есеп пен есептілікті атқару, жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеу функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының осы бапта көрсетілмеген басқа ұғымдары осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалған мәндерде пайдаланылады.
Қазақстан Республикасы бюджет заңдары ұғымдарының анықтамалары бюджеттік қатынастарға қатысты Қазақстан Республикасының басқа да заң салалары ұғымдарының анықтамаларымен сәйкес келмеген кезде Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының ұғымдары пайдаланылады.
Осы кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасының басқа да заңдар салаларының ұғымдары, егер осы Кодексте өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасы заңдарының осы салаларында пайдаланып жүрген мәнінде қолданылады.
Бюджеттің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
1) кірістері:
салықтық түсімдер;
салықтық емес түсімдер;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
ресми трансфеттер түсімдері;
2) шығындар:
3) операциялық сальдо;
4) таза бюджеттік кредит беру;
бюджеттік кредиттер;
бюджеттік кредиттерді өтеу;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо;
қаржы активтерін сатып алу;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
6) бюджет тапшылығы (профициті);
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану);
қарыздар түсімі;
қарыздарды өтеу;
бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы баптың 1-тармағында көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады. [3]
Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің сызбасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттердің басты белігі республикалық бюджетке шоғырланған.
Республикалық бюджет – бұл түсімдер мен бюджет тапшылығын және өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамалық актілер жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін Үкімет анықтайтын республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруға арналған Қазақстан Республикасының заңы мен бекітілген орталықтандырылған қоры.
Жергілікті бюджеттер – облыстық бюджеттер, қалардың, аудандарың бюджеттері.
Қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.
Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлердің өзара байланысына негізделеді және оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтығы, нақтылығы және жариялығы қағидаттарына негізделеді.
Бюджеттің бірлігі бюджет жүйесін ұйымдық – экономикалық орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Бірлік қағидаты КСРО – ның бюджет жүйесінде неғұрлым толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті органдарының дербестік алынумен және оларға қаржы ресурстарын иелену жөніндегі құқықтарының берілумен байланысты. Бұл қағида әлсіреді. Бюджеттердің бірлігі ел аумағында қолданылып жүрген мемлекет кірістерінің жалпы жүйесінің өмір сүруіне мемлекет шығыстарының бір келіктігінде көрінеді. Бұл қағида бюджеттік жоспарлаудың әдіснамасы мен ұйымдастырылуының бірлігіне, оның әлеуметтік-экономикалық болжаумен өзара байланыста кепілдік береді. Бюджет бірлігі қағидатының міндеті Парламент тарапынан бюджеттік қаражатарының қозғалысына тиімді бақлауды қаржы саясатын қамтамасыз етуге бағытталған және ең алдымен Қазақстан Республикамыз егеменді мемлекеттердің жалпы экономикалық және саяси негізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс көздерін пайдалану арқылы барлық деңгейдегі бюджеттердің зара іс-қимылына, төменгі деңгейдегі бюджеттердің теңгерімділігі үшін оларды қарждылық қолдауға, сондай-ақ ішінара қайта бөлудің мақсатты және аумақтық бюджет қорларын жасауға да негізделген.
Бюджеттердің бірлігі біріңғай құқытық негізбен, Қаржы министрлігі бекіткен біріңғай бюджеттік сыныптаманы пайдаланумен, бюджеттің бір деңгейінен басқа деңгейіне беріліп отыратын мемлекеттік қаржы стастикасы нысанының бірлігімен, бюджет рәсімінің қағидаттарымен ақша жүйесінің бірлігімен қамтамасыз етіледі. Бюджет жүйесінің бірлігі салық саясатын қоса бірыңғай әлеуметтік – экономикалық саясат арқылы іске асырылады.
Алайда бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесінің құруды маңызды қағидаты болып оытрған оның жеке буындарының дербестігін жоққа шығармайды. Бюджеттің дербестігі әртүрлі деңгейдегі бюджеттердің арасындағы кірістерді бөлуді тұрақты нормативтерін орнықтыру және бюджет қаражатының жұмсалу бағыттарын белгілеу құқығы арқылы қамтамасыз етіледі.
Биліктің әрбір органы өз бюджетін жасайды, бекітеді және оны атқарады. Бюджеттердің жеке түрлерінің арасындағы кіріс көздері мен шығыстарды бөлуді шектейтін айқын құқықтар белгіленген сонымен бірге бюджеттердің барлық түрлерінің шығыстары осы аумақтың әлеуметтік – экономикалық даму мәселелерімен және биліктің тиісті органдарының нақты функцияларымен, құзырымен анықталады.
Бюджеттің толықтылығы бюджетке үкіметтің барлық қаржы операцияларының оның жинайтын барлық кірістерін және жасайтын шығыстарын шоғырландыруда әрбір бап бойынша мемлекеттің барлық түсімдерімен шығыстары ескерілетін бюджетті жасауды білдіреді. Қазақстан Республиксының салық және бюджет заңнамаларында белгіленетін барлық түсімдердің, соның ішінде мемлекеттік акциялар пакеті бар акционерлік қоғамдардан және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың алынатын түсімдердің шығыстарын бюджетке жинақтап, жұмылдырудың объективтік қажеттігін қамтып көрсетеді. Осыған байланысты барлық ақша түсімдерін, сондай – ақ бюджет шығыстарының көлемі мен нақтылы бағыттарын айқындау қажет.
Бюджет іске асатындай болуы тиіс, нақты экономикалық және саяси ахуалды, өндірістің дамуы тенденциясын,жалпымемлекеттік қажеттілікті есепке алу қажет. Дүние жүзілік практикада бұл қағидат қазіргі кезде оны дәл қолдану бюджетке кірістерінің дербес көздері бар автономды түрде бөліп көрсетуге болатын аса көп шығыстарды жүктейтіндіктен орынды деп есептелмейді. Қазақстанда мемлекеттік қаражаттарды қалыптастырудың орталықтандырылған әдісі қабылданған, сондықтан 1998 жылдан бастап мемлекеттік бюджетке бюджеттен тыс қорлардың – зейнет ақы, әлеуметтік сақтандыру, жол, халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу қорларының қаражаттары енгізілген.
Бюджеттің нақтылығына ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынға Жолдауына сәйкес оларды Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуына индикативтік жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының өлшемдеріне сәйкес келтіру арқылы қол жеткізіледі. Сондықтан оның көрсеткіштері көп нұсқалық есеп – қисаптарымен негізделуі тиіс, бюджеттердің атқарылуына, ведомстволардың өткен кезеңдегі қаржы жоспарларында жасалған терең талдаудың нәтижесі, болжамдық бағалау есепке алынуы қажет. Дүние жүзілік практика бюджет ресурстарының қозғалысын ағымдағы жылға, анағұрлым ұзақ мерзімге үлгілеуді, сондай ақ оларды нақтылы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қаржы жылы ішіндегі түзетуді пайдаланады. Нақтылы қағидатына ең алдымен жеке қаржы жоспарының сметаларды және жалпы тиісті деңгейдің бюджет жобасын жасау процесінде қол жетеді.
Нақтылы қағидаты бюджет тізімдемесін бұрмалауды болдырмау және бұзылуын жою үшін ол бюджетте мемлекеттің қаржы операцияларының шыншыл көрсетілуін бекітілген сомалардың бюджеттік арналымдардың атқарылуына сәйкестігін алдын ала қарастырады. Нақтылы дамудың болжамдарымен бағдарламаларының көрсеткіштеріне негізделетін және бюджеттік резервтердің болуымен нығайтылған кірістердің барлық көздерімен шығыстар бағыттарының есеп – қисаптарының негізділігімен анықталады.
Бюджеттердің жариялылығы бекітілген бюджеттермен алдағы қаржы жылына арналған бюджет туралы заң мен өткен кезеңдегі олардың атқарылуы туралы есептердің жариялануы арқылы қамтамасыз етіледі.
Жариялылық елдерге адам құқығын, демократиялық өзгерістерді сақтаудың маңызды шарты болып табылады. Бюджет кірістерінің қалыптасуы бюджет ресурстарының бағытталуы сияқты шаруашылық жүргізу субъектілердің және қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін шалады. Сондықтан олар бюджеттің мазмұны, оны қалыптастыруды көздері, салық төлемдерін алудың тәртібі, сондай – ақ бюджет қаражыттарының бағыттары туралы болуы тиіс. Президент қол қойған Қазақстан Республикасынің бюджеті заң мәртебесін қабылдайды және оның атқарылуы бюджет рәсімінің қатысушылары үшін міндеті болады. Заң, өткен кезеңдегі бюджеттің атқарылуы туралы есеп баспасөз бетінде жарияланады. Осылайша бюджеттің кірістерімен шығыстарының көлемі, оның негізгі түсім көздері, шығыстарының бағыттары, тапшылық көлемі және оның жабудың әдістері жария етіледі.
Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және бірін бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында және “Бюджет жүйесі туралы”, “Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы”, “Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы” арнайы заңдарда және басқа да заң актілерінде қамтып көрсетілген.
Төменгі – жергілікті бюджеттердің қалыпты және тиімді жұмыс істеудің шарттары дербестікпен қатар теңгерімділік болып табылады.
Барлық деңгейлер бюджеттердің теңгерімділігі бюджет – қаржы саясатының қажетті талабы болып табылуы мүмкін. Бюджеттерді қарау ………..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com