Курстық жұмыс: Биология | Бактериялар

0

Курстық жұмыс: Биология | Бактериялар казакша Курстық жұмыс: Биология | Бактериялар на казахском языке

Микроорганизмдер таралуы және олардың табиғаттағы мекендеу орындары.
Бактериялар ( таяқша ) бұл табиғатта ең кеңінен таралған микроорганизмдер тобына жататынын және сол арада өте үлкен және алуан түрлі болтын, дүниедегі микроскопиялық тірі ағзаларға жататын дарақтар болып табылады. Ең ұсақ түрлерін алатын болсақ, олардың денелері шар тәрізді, мөлшерлері ең кемінде 0,1мкм. Бактериялардың ең кен таралған түрлеріне жататындар ол таяқша тәрізді ағзалар, мқлшерлері: қалындығы орташаланған есеппен 0,5-1 мкм, ұзындығы 2-3 мкм; сол арада кәдімгі «алып» болатын түрлері де кездесуі мүмкін, олардың диаметрлері орташаланған есеппен 5,0-10 мкм; ұзындығы 30-100мкм. Бактериялардың тіпті майда болатын мөлшерлері ең сипатты ерекшеліктеріне жатады. Бактериялардың көпшілігінде ядросы жоқ (ядролық мембранамен оқщауланған ядросы болмайды).
Бактериялардың ядросының аналогы ретінде нуклеоид болып табылады. Ол құрамында ДНҚ бар плазма түрінде кездеседі және цитоплазмадан мембранамен оқшауланбайды. Сонымен қатар бактериялар клеткаларында митохондриялар және хлоропласталар табылмайды. Кәдімгі ядросы жоқ ағзаларды прокариоттар (ядросы жоқ клеткалар деп атайды), немесе протоциттер (яғни жай құрылымды клеткалы ағзалар жатады).
Бактерияларды — шынында прокариотты ағзаларға жатқызады. Прокариоттарға мынадай микробтар тобы жатады: эубактериялар, спирохеталар, микоплазмалар, миксобактериялар, актиномецеттер, көк жасыл бактериялар жатады. Бактериялар пішінді таяқшалар тәрізді (жұмыр) не шар тәрізді (коктар), спириллалар (вибриондар, спирохеттер).
Актиномициттер және оларға туысты ағзаларға жататын дарақтарда ұзын және бұтақталған клеткаларды гифтерді, олдар мицелийді жіпшелерді немесе гифтердің ірілеуін түзеді.
Микоплазмалардың клеткаларында тығыз қабы болмайды, сондықтан олардың пішіндері кез келген түріне айналу мүмкін.
Тұңғыш рет микробтар әлемін ашқан голандиялық жаратылыстанушы А. Левенгук болған екен. Ол лупаны бірнеше рет жетілдіріп, оның ұлғайтылуын 160-270 есе арттырып лупа микроскобты ойлап тапты. Левенгук заманынан кейін микробтар әлемін зерттеу үшін микробиологиялық техника бірнеше есе қадамға алға басты.
Жарық микроскоптар арқылы есе зерттелінетін объектілерді ұлғайтушы дәрежесі қазіргі заманғы электрондық микроскоптың ұлғайту күші 200000-500000 есе артып, өте майда мөлшердегі объектілерді зерттеуге мүмкіндік берді.
Орыс микробиологы С. Н. Виноградскийдің лабороторияда қолданған микробтарды зерттейтін бірнеше элективті жасанды қоректер арқылы тәсілі еңгізілді.
Осы тәсілді қолданып, ғалымдар таза судың топырақ қиыршығының, ауа сынамасыныда микробтар табылған.
Микробтар тағыда Франц Иосиф аралдарының жартастарында полярлы аймақтардың қарларында, мухитта және солтүстік полюсында табылған. Алуан түрлі бактериялар Сахара шөлінің топырағында, мұхиттың түбінде дәлелденген. Қызуы 80 градус шамасында қайнар көздерінің суларында бактериялар өмір сүруі дәлелденген.
Бактериялар өте ұсақ, мөлшеріне байланысты оңай түрде жарықтардан, саңылаулардан және тесіктерден өтеді. Бактериялар өте төзімді болады, қолайсыз жағдайда тіршілік етуге бейімделген: олар кеуіп қалуды, өте күшті тоңазытуды және қыздыруға шыдайды. Ал бактериялар споралары тіпті өмірде күнделікті қажетті өте маңызды қызметтерді атқарады.
Бактериялар кеңінен өсімдік өсіру мен мал шаруашылығына және тамақ өнеркәсібінің алуан тармақтарында қолданылып отыр. Микробиология кеңінен текстильдік және тері илеу өнеркәсібінде пайдалана бастады.
Қазіргі заманда, мысалы зығыр талшықтарын жұмсарту мен тері илеу бактериялар, ашытқы өнімдерсіз тіпті мүмкін емес болғаны рас.
Бактериялар маңыздылығы тіпті ғажап, әсіресе олардың адам, жануарлар мен өсімдіктер питогеннезін алсақ.
Топырақтағы бактериялар өсімдіктердің өсуі мен дамуына үлкен ықпалын тигізеді. өсімдік тамырларына көптеген бактериялар шоғырланады. Мұндай микрофлора өсімдік қоршаған ортамен байланысты пайдалы немесе зиянды болу мүмкін. Бактериялар өмір сүру кезінде адаммен қолданылатын заттарды бөліп шығарады. Сол заттар тізімінде антибиотиктер, аминқышқылдары, витаминдер, ферменттер және басқа қоспалар. Жыл сайын осы заттардың тізімі жалғаса береді; микробтар әлемі – ол сарқылмас өте маңызды заттардың қайнар көзі.
Бактериялардың геологиялық тіршілік атқару іс-қимылдары орасан зор болғаны мәлім. Бактериялар табиғаттаға зат алмасу шеңберіне тіпті белсене қатысады. Осы кезде барлық органикалық заттар және бірқатар бейорганикалық заттар аса маңызды өзгерістерге ұшырайды. Мұндай зат алмасу шеңбері – ол жер бетіндегі негізгі тіршілік атқарумен байланысты болады.
Бұрыңғы кезде бактериялық ағзаларды өсімдіктер әлеміне жатқызатын, ал қазіргі заманда бактериялар прокариоттар ретінде, ерекшелікті тірі жандар патшалығына жатқызады, ол өсімдіктер мен жануарлар патшалығынан өзгеше болатындығы дәлелденген.
Бактерияларды класификациялау және оларды зеттеу әдістемелері..
Бактериялар құрылыс ерекшелінгіне байланысты оларды зерттеу мақсатымен ботаникалық әдістемелерін жұмсау кезінде жақсы нәтижелерге жеткізбейді.
Бактериялардың құрамының жайлылығы және кәдімгі ядроның я тағы басқа органойдтердің жоқтығы және жыныстық көбею үрдісінің болмауы мен цитоморфологиялық тәсілдерді жұмсау, мысалы, ботаникалық жіктеуге қолдануында тәір нәтижелерді бермейді. Мұнда тағы басқа тарихи әдістемелерді қодануға мүмкіндік болмайды.
Қазіргі заманда бактериялардың көне заманғы дамуы туралы ешқандай мәліметтер сақталмаған. Тасқа айналған бактериялар қалдықтары өте аз, сондықтан осы ағзалардың эволюциялық даму үрдістеріне көмек беруі өте шамалы болғаны рас. Бактериялар табиғатта кең тараған сондықтан оларға космополитизм деген құбылыс сипатты болғаны мәлім. Қазіргі заманғы географиялық мәліметтер туралы және ерекшеліктер туралы мағлұматтар әзірше сипаттауға мүмкіндік бермейді.
Қазір микробтар туыстық жағынан дәлелдеу жасаудың ең қолайлысысы – ол эксперименталдық құбылмалылық әдістемесі. Осы әдістеме арқылы бірқатар бактериялар мен микробактериялар арасында, микококтар мен микробактериялар арасында және микробактериялар мен проактимомициттер мен актиномициттер арасында жақындығын дәлелдеу мақсатымен.
Бактериялар арасында түрлерін дәлелдеу үшін осы зерттеуге қойылған микробтарды жасанды қоректендіру орталарында өсіру (таза күйінде өсіру және жалғы клеткаларды я толығымен популяцияларды және сонымен қатар даму кезеңінде кездесетін көзге түсетін я анық көрінетін өзгерістер. Бактериялардың шапшаң өсуі, ағзаның құбылмалылығымен байланысты көптеген сұрақтарды шешуге, әсіресе тұқымқуалаушылыққа байланысты белгілерді дәлелдеу.
Культуралық өсу үрдістерін салыстыру өткізгенде олар бірқатар жасанды қоректерде айырмашылықтарды дәлелдеу мүмкіншіліктерді береді.
Бірқатар микробтар алуан түрлі түсті пигменттерді түзеді екен: қызыл, қөк, жасыл, қоңыр, қара, және аралас түсті.
Көптеген микробтар пигмент түзбейді, олардың колониялары түссіз болады. Пигмент атаулысы ол тұрақты белгі, мұндай ьелгі ьактериялар жіктеулерінде пайдалынады. Жіктеу морфологиялық, физиолдогиялық және биохимиялық белгілері арқылы дәлелденген, бірақ кез келген белгілер жіктеу жасауға жарамайды.
Соңғы жылдарды химиялық құрамына көп көңіл бөлінеді. Бірқатар зерттеушілер пікірі бойынша клеткалы қабықтарының нуклеин қышқылдарына, басқа пікірлері бойынша протоплазмасының белоктар мен нуклеин қышқылдарының құрамына қарай, ал үшінші пікірі бойынша тек қана дизоксирибонуклеинқышқылының құрамына қарай.
Микробиологияда филогенетикалық тәсілі ұтымды түрде қолданылуы мүмкін. Эксперименталдық құбылмалылығы тәсілі бойынша культуралардың полиморфизимнің және өзгерткіштігін зерттеп жіне осындай көрсеткіштерге қарай зерттелген варианттартоптардың туыстылығы туралы бағалау өткізу пайда болды.
Медициналық бактериялық практикада серологиялық тәсіл кеңінен қолданылады. Серологиялық тәсілі көмегімен (антиденелер және солармен байланысқан имунитет реакциялары микробтардың уыттылығын келтіру, микробтарды агглютинациялау және т.б.) тәсілі – бактериялардың патогендігін диагностикалау үшін. Осы тәсіл өте сезімтал, оның көмегімен өзара жалпы сипаттамаларды айқындауға жарамды.
Бірнеше бактериялар және актиномицеттер идентификациялау фаголизис әдісін қолдану әдісін ұсынып жатыр. Осы әдісті фагтар бірқатар бактериялар клеткалар ыдырату қабілеті. Фагтар қатарында поли және моно валенттік заттар кездеседі. Түрлерді дифференциялауға тек қана моноваленттік фагтар жарамды болады.табиғи жайда дарақтардың таралуымен және ағзалар қауымдасьықтарымен олардың құрылымдық және функцияларының қызметтерінің зерттеу биология тармағының бірі – экология болып табылады.
Микробтар әлемін зерттеумен микроорганизм экологиясы атты ғылым тармағы шұғылданады.
Микроорганизмдердің мекен жайлары. Микробтардың табиғи мекен жайлары ретінде ол жануарлар мен адамдардың денелері болып табылады. Алдын ала микробтар дененгің тері жабындысында мекендейді, сонымен терінің микрофлорасын түзіп шығады.адам ішек қарын жолдарында ешқандай ауруларды қоздырмайтын сүт қышқыл бактериялар мекендейді. Ондай ара қатынастар жиі түрде бұзылуы мүмкін. Мысалы адам мен жануарларға эпибионт (ол басқа ағзаның беткейінде өмір сүріп, егер жарақаттар мен сызаттар арқылы тіндерге енсе, онда іріндерді қоздыруы мүмкін, мынадай спораларды түзбейтін бактериялар) болуы мүмкін, мысалы, псевдомондакар.
Бірқатар немесе көптеген қорғаныс механизмдер я тосқаулдар бүлінсе, онда әлсіреген ағза кәдімгі қоректену ортаға айналады, мұнда потогенді микробтар дами бастайды. Олар адам мен жануарлардың тіндері мен мүшелерін зақымдай бастайды.
өте ұсақ бактериялар – риккетсаялар. Қан арнасында оба ауруының қоздырғыштары ерсиния пестис. Тырысқақ ауру қоздырғышы вибрион. Көптеген коккалар өкпе қабынуының қоздырғыштары….

Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!