Курстық жұмыс: Бейнелеу өнері | Бейнелеу өнері сабағында пейзажды оқыту
Мазмұны
Кіріспе
I. Пейзаж жанрының шығу тарихы
а) XVI – XVII ғасыр бейнелеу өнері
б) XIX ғ. Орыс бейнелеу өнері.
в) Қазақстан бейнелеу өнері
II. Бейнелеу өнері сабағында пейзажды оқытудағы
методика
Тақырыптың педогогикалық, эстетикалық маңызы.
Ұлылардан ұлағат.
III. Дипломдық жұмыстың жүйесі
а) Тақырып пен сюжеттегі ізденіс
б) Картон мен кенепте жұмыс істеу
в) Дипломдық жұмыстың орындалу мақсаты
Қортынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Адамның табиғатқа деген махаббаты әрине шексіз.
Қылқалам шеберлері, ақын – сазгерлер, әншілер әрқашанда табиғатқа деген сезімдерін өлең, ән, сурет, мүсін және би арқылы жеткізуге тырысқан. Өнер — өмір, ізгілік пен әсемдік бұлағы. Өнер — өмір көрінісі, ол халық ескерткіші. Өнер адамзат өмірінде, тарихында үлкен роль атқаратын өрісі кең, ұшы – қиыры жоқ, қиын да қызықты жол. Ол шынайы талант, шындықты, шыдамдылық пен табандылықты, ақыл мен парасатты, терең ой мен көркемділік, сұлулықты талап етеді. Өнер туындысы болып есептелетін барлық тарихи ескерткіштер мен классикалық шығармалар туындыларын көргенде, біз оның тек әдемілігіне ғана қызығып қоймай, оның мазмұнына мән бере отырып, ұрпаққа қалдырылған рухани байлықты көреміз. Өнердің қоғамдық тәрбиелік мәнін жан жақты түсіну үшін – оның әсемдік, әдемілік заңдарын жақсы түсіну шарт. Сондықтан біз халық өнерін айнала қоршаған әдемілікті, сұлулықты жете түсініп, сүйуіміз керек, өнердің тылсым ғажайып сырларын ашып, оны үйренуіміз қажет.
Нағыз суретші ауыл табиғатын жазған сайын, оның Отанға, еліне деген сүйіспеншілігі арта түседі. Адамзат өмірінде «өнер» атауы саналылығымен, көркемдік ойлаумен ерекшеленеді. Адамзат өмірінде өнер деген жалпы ұғым болса, ал «көркем өнер» атауы өнерден рухани, эстетикалық көркемдік пен жоғары мәдениетті талап етеді.
Өнердің сан алуан түрі бар. Олардың барлығы халыққа қызмет етеді. Өнерді бағалаушы да, қолдаушы да, жасаушы да, жоюшы да — халықтың өзі.
Өнер — бұл көне заманнан келе жатыр, ол адамзат қоғамының алғашқы құрылыс дәуірінен басталған. Испаниядағы аты әлемге айналған Альтамира үңгірінде салынған хайуанаттар суреттерінен бастап, қылқалам шебері Пикассо Сезан туындыларына дейін өнер тарихы күрделі де қиын кезеңдерді артта қалдырған.
Келе — келе сурет өнерінің дамуының арқасында сәулет, мусін, кескіндеме өмірге келді. Адамдар сәулетті сарайлар, қалалар, ірі қорғаныс құралдарын салды, ғажайып мүсіндер тұрғызды. Біздің эрамызға дейінгі I-VI ғасырларда кеңінен дамыды. Осы кезеңдерде адам жасаған ұлы өнер туындылары бірінен кейін бірі өмірге келіп жатты.
Фараондар салған Египет пирамидалары, Греция еліндегі әйгілі «Зефс» және «Радос» мүсіндері, Ұлы Қытай қорғаны және Есіл «Алтын адамы», т.б. Бұлардың барлығы — бейнелеу өнерінің құдіретін өмірге тәнті еткен қайталанбас асыл мұралар еді.
Өнер – қуаныш көзі, ол – адамның ақылшысы, жан серігі, рухани азығы.
I. Пейзаж жанрының шығу тарихы
«Пейзаж» — француз сөзі, ол көркемөнер жанырының бір түрі. Пейзаж бірден жанр болып құрылған жоқ. Ол үлкен даму жолынан өтті. Пейзаж фон арқылы кескіндеме, графикада және басқа да жанр түрлерінде жұмыс істейді.
Табиғатты бейнелеу неолит кезеңінде кездескен. Релиеф, роспистерде ескі шығыста кездесті. Египет храмдарында, сосын фрескаларда көрініс тапты. Алғашқы пейзаждар Қытайда пайда болды. Олар кітап сияқты ұзыннан ұзақ болып жібек маталарда салынды.
XVI ғасырдың басында «пейзажист» деген түсінік пайда болды. Бірінші болып Альберт Дюрер Нидерландық суретші Иоахим Патинурдан үйренді десек болады. Дюрердің өзін пейзаж жанрында жұмыс істеген бірінші пионер десек те болады. Әсіресе қызық акварельдер: «Триента», «Нюрнберг», «Инсбург».
Екінші қадамды Дунай мектебін бітірген суретшілер жалғастырды десек артық айтпаймыз. Пукас Кран бірінші болып адамның ойын табиғатқа басқаша көзқараспен қарауға бағыттады. («Иронимнің кешірім сұрауы», « Египет жолында дем алу»)
Табиғат көрінісі көрерменге үлкен эмоцианалды күшпен әсер етеді, сондықтан да ол әдемілікті, қоршаған ортаны бейнелейді. Қоршаған орта, табиғат көрінісі бәрі-бәрі Дунай суретшілерін қай кезде де өзіне тартты: Альберх Альтдорфер (« Орманды табиғат және Әулие Георги ») және Вольф Губердің («Предальпистті пейзажы») графика.
Дунай мектебінің шеберлері мен Швейцариялық бірнеше суретшілерді қатар қойып айтсақ та болады.
Бұлар – Ганс Лей, Урс Граф, Николас Мануэль Дейн.
Ганс Лейдінің суреттерінде рамантикалық ауа бар. Неміс қайта өрлеу дәуірі бүкіл әлемде көркемсурет саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. XVI ғасырдың аяғында Германияның өнері құлдырайды. Тек XIX ширегінде ғана Еуропалық дәрежеге көтеріледі. Германия суретшілерін Италия суретшілері XVI ғасырдың соңғы төрт жылдығында артқа сырғытты, бірақ ортақ сындырғы жаңа тәсіл Италияда XVII ғасырға келіп тірелді. Дүниеге 10-30-шы жылдары Флорида мектебі келді, 30-60-шы жылдарда Голандақ, Испандық, Франциялық мектептері дүниеге келді. XVII ғасырда ешқандай мектептер өз бетінше Голландия мектебіндей дәрежеге жетпеді. Не үшін дейсіз ғой, өйткені олар өз елінің көркем табиғатын, өз астанасын, қаласын, табиғатының әдемілігін көрсетіп аялай білді.
XVII ғасырдың бірінші жартысында ең ірі көркем суретшілерінің бірі Ян-Ван Гоян болған (1596-1656). Оның шығармашылығы сол уақыттағы қағидалармен Голланд пейзажының ерекшеліктері жайын толық суреттей білді. Әрбір Голландық суретші-пейзажисттер өзінің тақырыбына мамандандырылған. Якоб Ван Рейсталдың шығармашылық туындыларынан майлы бояудың ерекше жоғары көтерілгенін байқаймез (1629-1682). Ол табиғатты салу барысында ерекше қуаты мен ерекшелігін сипаттап көрсетті. Оның көркемсурет құралының мағынасы байыпты, сырт көзге қарапайым, рухани мағынасына үңіле қарасақ, оның шығырмаларына сөз жетпейді. XVII ғасырдың соңғы ширегінде Голланд көркемсурет мектебі құлдырай бастады. Голландық суретшілер басқаларға еліктей отырып, өздерінің ұлттық дәстүрдегі суреттерін ұмыта бастады.
XVII ғасыр Франция көркемсурет мәдениетінде алдыңғы орында классицизм тұрды. Классицизімді бірінші бастап жүрген Никколо Пуссен (1594-1665). Пуссен айтқандай, тақырыбы қайырымды, мазмұны мен сюжетін көрсете білу керек.
Француз классицизмі өзінің эстетикалық, этикалық үлгісін антикалақ мәдениеттен үйренді. 40-шы жылдары Пуссеннің рухани эволюциясы өзгеріске ұшырады.
Орыс пейзаждарына келсек өзіндік эволюциясынан өткен. XIXғасытдың Ф.Алексеев, әкелі – балалы Воробьевтар, ағайынды Чернойовтар, М.Лебедев сияқты өз ғасырының шеберлері пейзажда қарадүрсін сипат ұстады. Ол олардың композицияларында, түстік және кеңістік перспективасынан да байқалады. Бұл суретшілердің жұмыстары бізге әсер бермейді, көңілімізде ұялап қалмайды.
Орыс Академия советі бейнелейтін – көп діни аңыздар, мифология немесе көне тарих оқиғалары, болып келетін, жүз жыл бойы сол дәстүр бұзылған емес.
Бірақ келе – келе Академия өмірінде өзгерістер көбейді. Оқушылардың арасында шаруалар мен қарапайым қызметшілердің балалары да кезіге бастады. Оларды бағзы аңыздар емес тұсындағы орыс өнері, халық тағдыры мен өз өлкесінің табиғаты көбірек толғандыратын. Олар өз өнерін, жастық жігерін, өз халқын, оның бақыт пен әділдік жолындағы күресіне арнауға құлшынды.
1863 жылғы 9 қарашада өздеріне ұсынылған көне стандинав аңызы «Валгаладағы той» деген тақырыпта 14 бітіруші студенттер бір ауыздан бастартты. Оларға Академиядан кетуге, мұқтаждық көруге тура келді.
Бірақ олар мойын ұсынбады. Өте тату жас суретшілер бәрі бірге тұрды. Портреттер мен картиналар салуға жұмыстар алып, күнкөрістерін айырды. 1871 жылы олардың алғашқы көрмелері өтті. Осыдан кейін оларды талантты, алғашқы суретшілер деп таныды.
Мұндай артельдің рухани басшысы И.Н.Крамской болды. Арада бірнеше жыл өткен соң әлгі артель ыдырағанда Крамской және басқа бір топ суретшілер «Көшпелі жолдастық» көрмелер ұйымдастырды. Ондай серіктестіктің мүшелері орыс халқының сол замандағы өмірін, Россия табиғатын көрсетуді бірден-бір мақсат тұтты. Олар сонымен қоса орыс өнерін қауымға кеңірек таныстыруға, оны тек Петербург пен Москва тұрғындарына ғана емес, шет аймақтағы бұқара арасында да насихаттауға ұмтылды. Сондықтан әлгіндей көрмені астанада өткізе сала, алыс аймақтарға аттандырды.
Мұндай жылжымалы көрмелер жыл сайын ұйымдастырылып тұрды. Бұған қатынасатын суретшілерді жұрт «көшпелілер» деп атады. Сол замандағы ең таңдаулы суретшілер: Репин, Суриков, Воснецов, Саврасов, Васильев, Левитан — әлгіндей серіктестіктің мүшелері болды. Ол серіктестік елу жылдан аса өмір сүрді. Ең соңғы көрмелері 1923 жылы өтті.
Қазақстынның бейнелеу өнері
20-30 жылдары (20 ғ.) Қазақстанның бейнелеу өнерінің кескіндемесі мен грфика шеберлігін меңгеру жолында алғашқы қадамдарын жасайды.
1920 жылдарының екінші жартысынан бастап кішігірім көркем сурет галереясы ашылды.
1928 жылы тұңғыш көшпелі көрме Семейде ұйымдастырылды.
1933 жылы Қазақстан суретшілерінің бірлестігінің Оргкомитеті құрылды.
1940 жылы Қазақстан Суретшілер одағы құрылды. Совет өмірі, қазақ халқының тарихи- революцциялық өмір жолы, жұмысшылар мен колхозшылар еңбегі атты тақырыптар сол кездің әр суретшісінің шығармашылығына міндетті түрде енгізілді. Алғашқы кескіндемешілер ішінен қазақтың професионалдық бейнелеу өнерінің негізгі салушыларының бірі — Ә. Кастеев (1904-1967)…..