Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстан Республикасындағы лизингтік несиелеу » ZHARAR
Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………………………………………………..9
І Бөлім Лизингті несиелеудің мәні және даму тарихы
1.1 Лизингтің мәні және даму кезеңдері………………………………………………..10
1.2 Лизингтік несиелеудің даму қажеттіліктері……………………………………..14
ІІ Бөлім Қазақстандағы лизингтік несиелеудің жүргізілу барысын талдау
2.1 Орталық Азия жағдайындағы Қазақстанның лизингті ауыл шаруашылығына несиелеудегі ролі……………………………………………………..19
2.2 «ҚазАгроҚаржы» компаниясы арқылы лизингке ауылшаруашылық техникаларын несиеге алу…………………………..22
2.3 Агроөнеркәсіптік кешендегі лизинг қатынастарының ерекшеліктері……………………………………………………………………………………….23
ІІІ Бөлім Қазақстан Республикасындағы лизингтік несиелеудегі негізгі мәселелерді басқару
3.1. Лизингте шетелдік алдынғы қатарлы үлгілерін Қазақстанда тәжірибе енгізу мәселелері………………………………………… 26
Қорытынды………………………………………………………………………………………29
Қолданылған әдебиеттер………………………………………………………………… 30
Кіріспе
Бүгінде еліміздегі экономокалық реформалар барысында көптеген өзгерістер болып жатыр. Әр түрлі заңдар қабылданып, құқықтық мемлекетімізді нығайта түсер түбегейлі шаралар жүргізілуде. Сондай өзгерістердің бірі, еліміздің нарықтық экономикаға көшуімен ілесіп келген күрделі құбылыстардың бірі — «лизинг» тақырыбының кең орын алуы.
Қазіргі кездегі нарықтық экономиканың заңына байланысты еніп отырған бұл ұғымның маңызы зор. Нарықтық экономикалық қатынастың заңы қатаң, икемің және ақшаң болса ғана өмір сүре аласың. Ал мемлекет мойнындағы дотацияға сүйеніп келген шаруашылықтар, зауыт, фабрикалар мұндай қатаң талап тезіне төзе алмай, өмір сүруден қалып, тоз — тоз болып кетті. Яғни белшесінен борышқа батып, банкротқа ұшырады. Олар жаңа экономикалық қатынасқа орай бұрынғы шаруашылықтар орнына қайта құрылған өндірістік кооперативтер. Алайда, олардың құрал — саймандары яғни техникасы бүгінгі күннің талабына сай емес, сапалы өнім беруге жарамсыз. Міне, еліміздің экономикасының өркендеуіне әсер ететін осындай мәселелерді шешуде инвестициялық құрал ретінде мүлікті жалдау шартының бір түрі лизингті қолдану оң нәтиже беретіні сөзсіз. Бұл тақырыптың өзектілігі мынада — ол әлем экономикасында шапшаң дамып келе жатқан қызметтер шеңберіндегі коммерциялық, кәсіпкерлік қызметінің салыстырмалы жүйеде жаңа түрі деп атауға болады.
Бұл тақырыптың мәнісін біз енді — енді түсіне бастағандаймыз. Экономикалық қатынастардың осындай жаңа түрінің біздің қоғамымызда қолданысқа ене бастағанына онша көп уақыт өте қойған жоқ. Өйткені арнайы мамандар болмаса шынайы лизингтің қандай болатындығын іскер кәсіпкерлердің өздерінің нақты біле бермейтіндігі жасырын емес. Сондықтан да лизингті іскер топтар арасында кеңінен түсіндіріп, болашақ экономика мамандарына ұғындыру бүгінгі таңда еліміздегі экономикалық білім беру ісіндегі маңызды міндеттердің біріне айналып отыр. Осы тұрғыдан келгенде «Лизинг орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқаратын қызметі теңдессіз. Себебі ол қазіргі кезде лизингтің теориясы мен тәжірибесін зетрттеп жатқан республикамыздағы бірден — бір мамандандырылған оқыту консалтингтік фирмасы саналады.
Сонымен ауылшаруашылық тауарларын өндіруші үшін лизинг екі өте маңызды мәселелерді шешеді: техника сатып алынады және қаржыландырады. Осының нәтижесінде шаруа (фермер) қожалықтары мен басқа да ауылшаруашылық кәсіпорындарын нарық жағдайындағы бәсекелестікке шыдамдылығы артады.
Сонымен қатар лизинг қымбат машиналарды пайдалануға мүмкіндік береді және жоғары дәрежеде фирмалық сервиспен қызмет көрсетеді.
І. Бөлім. Лизингті несиелеудің мәні және даму тарихы
1.1 Лизингтің мәні және даму кезеңдері
«Лизинг» ағылшын тілінен аударғанда «жалға беру» деген ұғымды білдіреді. Лизингтік операция деп ұзақ мерзімді пайдаланылатын заттарды (ғимарат, машина, ұшақ, автокөлік, компьютерлерді) жалға беруді айтады.
Лизинг, жоғары тиімді және ерекше икемді инвестициялық құрал ретінде, өндірісте ғылыми техникалық прогреске жетуді жүйелі қолдануға мүмкіндік береді. Экономикалық тұрғыдан қарағанда лизинг бірнеше қызмет атқара алады. Біріншіден, инфляция жағдайында ақша бірлігінің алу қабілетінің төмендеуі кезінде, шығындардан ақша қаражаттарын қорғауда, ол негізгі қорға қаражат салудың нысаны болып табылады. Екіншіден, лизинг өндірісі метериалды — техникалық қамтамасыз етуде ең озық әдістердің бірі болып табылады. Лизингті мәміледе 3 қатысушы болады.
Лизинг беруші — бұл өзіндік және сырттан тартылған қаражаттар есебінен лизингке берілетін мүлікті өз меншігіне сатып алатын және оны лизингтік келісім — шарт негізінде лизинг алушыға беретін лизингтік келісімнің қатысушысы.
Лизинг алушы — лизингтік келісім — шарт негізінде кәсіпкерлік мақсат үшін лизингке берілетін мүлікті қабылдайтын лизингтік келісімге қатысушы тұлға.
Сатушы — лизинг нысанасын сатып алу — сату шарты және лизинг шарты негізінде оны бұдан кейін лизинг шартының талаптарымен лизинг алушыға беру мақсатында лизинг берушінің меншігіне өткізетін лизинг мәмілесіне қатысушы. Сатушы бір мезгілде лизинг нысанасының лизинг алушысы ретінде іс — қимыл жасай алады.
Лизинг түрлері әртүрлі:
Жедел лизинг — анағұрлым қысқа мерзімге беріледі. Оның объектісі болып моральдік тозу қарқыны өте жоғары машиналар мен құрал -жабдықтар табылады.
Қаржылық лизинг — анағұрлым ұзақ мерзімге беріледі. Ол мерзім машиналар мен құрал — жабдықтардың амортизициялық тозу мерзімімен сәйкес келеді. Бұл жерде мәміле аяқталмай, күшін тоқтата алмайды. Онда мүлікті лизинг алушымен сатып алыну мүмкіндігі көрсетілген.
Қалдық құны бойынша лизинг — пайдалануда болған құрал жабдықтарды жалға беру. Сондықтан лизинг объектісі бастапқы құнымен емес, қалдық құны бойынша бағаланады.
Қайтарымды лизинг — қаржы лизингісінің бір түрі. Дайындаушы (иеленуші) мен, жалға беруші бір адам болып табылатын лизинг нысаны. Оның мәні мынада. Машинаның немесе жабдықтың иесі оларды лизингілік фирмаға сатады, бұл фирма кейіннен оларды тікелей бұрынғы иесіне жалға береді. Мұндай коммерциялық мәміле жалға алушыға күрделі шығындарды үнемдеу және сонымен бірге көптеген машинаны пайдалану мүмкіндігін береді.
Импорттық лизинг — лизингілік фирма шетелдік компаниядан жабдық сатып алып, кейіннен отандык жалгерге жалға беретін мәміле.
Өтемдік лизинг — қаржы лизингісінің бір түрі. Жалгер жалға алу ақысы ретінде лизингілік фирмаға жалға алынатын машиналар мен жабдықты пайдалана отырып, ендірген тауарды жеткізетін лизинг нысаны. Мұндай лизингілік операциялар кәсіпорындардың импорттық техникалық құралдарды сатып алу және жалға алу үшін қажетті валютасы болмауына байланысты олардың шетелдік лизингілік фирмалармен өзара іс-қимылында өте-мөте тиімді.
Халықаралық жанама лизинг — жалға беруші мен жалгер бір елдің зары ұйымдары болып табылатын, алайда алғашқысының (жалға берушінің) капиталы сайып келгенде ішінара шетелдік фирмалар мен қаржы мекемелеріне (әдетте, банктерге немесе шетелдік лизингілік компанияларға). тиесілі болатын мәміле.
Халықаралық тікелей лизинг — барлық операциялар әр түрлі елдердің кәсіпорындары мен ұйымдары арасында тікелей жасалатын мәміле.
Оралымды лизинг — Көлік құралдарын, құрылыс техникасын, приборларды, аппаратураны және басқа техникалық құралдарды қысқа мерзімге (бір жылға дейін) жалға беру. Аталған құралдардың пайдаланылғаннан кейін иесіне — лизингілік фирмаға (жалға беретін кәсіпорынға) қайтарылатыны оралымды лизингінің ерекшелігі болып табылады.
Экспорттық лизинг — лизингілік фирма ұлттық фирмадан жабдық сатып алып, кейіннен оны шетелдік жалгерге беретін мәміле.
Қазақстан Республикасының «Қаржы лизингі таралы» заңына сәйкес мынадай негізді нысандары мен түрлері реттеледі.
1. Лизингтің нысандары:
1). Ішкі лизинг. Ішкі лизингті жүзеге асырған кезде лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылады.
2). Халықаралық лизинг. Халықаралық лизингті жүзеге асырған кезде Халықаралық лизинг беруші немесе лизинг алушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайды.
2. Лизингтің түрлері:
1). Қайтару лизинг — лизингтің бір түрі ол бойынша сатушы лизинг нысанасын лизинг берушіге осы лизинг нысанасын қайтарып алушы ретінде лизингке кері қайтарып алу талабымен сатады;
2). Банк лизинг — мұнда лизинг беруші банк болып табылады;
3). Толық лизинг — ол бойынша лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетуді және оның ағымдағы жөндеуін лизинг алушы жүзеге асырады.
Лизинг нысанасы.
1. Үйлер, ғимаратттар, машиналар, жабдықтар, құрал — саймандар, көлік құралдары, жер учсаскелері және кез келген басқа да тұтынылмайтын заттар лизинг нысанасы бола алады.
2. Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды.
3. Заң актілерінде заттар мен жер учаскелерінің жекелеген санаттарын лизинг нысанасы ретінде пайдалануға өзге де шектеулер белгіленуі мүмкін.
Осы заңда жоғарыда аталып өткен ұғымдардан басқа мынадай ұғымдар бар:
Лизинг мәмілесі — лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған келісілген іс — қимылының жиынтығы;
Лизинг қызметі — лизинг берушінің лизинг шартының талаптарын орындау жөніндегі қызметі;
Тұтынылмайтын заттар — пайдаланылған кезде тозатын, бірақ пайдалану процесінде табиғи қасиеттерін жоғалтпайтын жылжымалы және жылжымайтын мүлік;
Сублизинг — шарттық қатынастар, оларға сәйкес лизинг алушы лизинг берушінің жазбаша келісімімен лизинг нысанасын үшінші бір тұлғаға ақыға уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсаттар үшін пайдалануға береді;
Сақтандырушы — жаза негізінде өзіне лизингалық келісіммен байланысты болатын тәуекелді өзіне алатын жақ;
Кредитор — лизинг берушінің келесіде лизингке беретін мүлікті сатып алуды қаржыландыратын тұлға — банк;
Делдал — осы мәміленің тараптары болып саналатын тұлғаларға лизингалық келісіммен байланысты қызмет көрсетуші тұлға;
Кез келген лизингтік компания лизингтік істі жүзеге асыру үшін мемлекеттік лицензияға ие және Қазақстан Республикасының 2000 жылдың 5 шілдесіндегі «Қаржылық лизинг туралы» Заңына сәйкес әрекет етеді. Осы заң қаржылық лизингтегі болған процесстердің қарым — қатынасын реттейді және де инвестицияны тарту үшін де бағыталған.
Лизинг инвестициялық саясаттың тиімді құрамы ретінде өндірістің құлдырауы кезеңінде дамуы үшін үлкен мәні бар. Қызметтің бұл түрі өзінің экономикалық табиғатына қарай халықтық экономиканың сауығуына және дамуына, ол халықаралық деңгейде шетелдік серіктестіктермен жаңа байланысты құруға және нығайтуда үлкен салым салуға қабілетті.
Жалпы лизингтік келісімнің құрылу сызбасы.
Клиенттің лизингтік компанияға өтініш беруі.
Лизинг беруші мен лизинг алушы арасындағы келісім. Жобаны сараптау.
Несиелік комитетте жобаны қабылдау туралы шешім.
Қаржылық лизинг туралы келісім шартты қорытындылау.
Сатып — алу сату келісім шартын қорытындылау.
Сақтандыру келісім шартын қорытындылау.
Лизинг алушының лизинг берушіге аванстық шарт бойынша есеп айырысу.
Жабдықтаушыға келісімшарт бойынша есеп айырысу.
Жабдықтаушының лизинг алушыға құрал — жабдықтар жеткізіп тұруы.
Мерзімді лизингтік төлемдерді өтеу.
Қазіргі кезде лизинг дегеніміз кәсіпкерлік қызмет деген әр түрлі ойлар бар. Мысалы, Ресей ғалымы В.А.Горемыкин лизингті банкілік немесе коммерциялық қызметтерге қарағанда кәсіпкерлік қызметтің жоғары деңгейіне жатқызады, өйткені ол қаржылық бизнесте, өндірісте және құрал -жабдық пен мүлік нарқында кең көлемді білімді қажет ететінін айтады.
Лизингтік несиелеу ежелден белгілі. Тарих көрсеткендей, олардың дамуы б.д.д. 2 мың жыл бұрын Вавилонда бастау алған. Біздің заманымызда лизинг XX ғасырдың 60-ші жылдары АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Швейцарйя және т.б. дамыған индустриалды елдерде пайда болып, кейін шығыс Еуропаның көптеген елдерінде аз дамуын жалғастырды. Басында АҚШ-та лизингтің кең тараған объектісі қоршаған ортаны қорғауға арналған мамандандырылған құрал — жабдық болды.
Ал кей бір әдебиеттерде көптеген ғалымдардың ойы бойынша қазіргі мағынадағы лизинг 1952 жылы АҚШ-тың Сан — Франциско қаласында ең бірінші Лизинг компаниясының ашылуымен тұспа — тұс келеді.
Калифорния штатының тұрғыны Босх атты мырза 20 мың доллар капиталы бар лизинг фирмасын құрады. Екі жылдан кейін бұл фирма құны үш милион доллардан асатын машиналар мен құрал — жабдықтарды жалға беріп отырды. Осыдан кейін Босх мырза 400 мың доллары бар екінші бір лизинг фирмасын ашады.
Қазақстан мен Ресейде, сонымен қатар ТМД елдерінде Қазақстан Республикасының өзінің дамуын 1989 жылдан бастады деп айтуға болады. Шет елдегі лизингтік ұйымдық нысандарының ішінен мұнда әзірше тек қана қаржылық лизингті несиелеумен айналысатын коммерциялық банктер дамып отыр.
Алғаш рет Қазақстан заңдарында «лизинг» термині Қаз ССР-нің «Қаз ССР-дегі кәсіпкершіліктің дамуы және шаруашылық қызмет еркіндігі туралы» заңдылық 21 — бабында қолданылды. Кейін «лизинг» термині келесі нормативтік құқықтық актілерде: 1994 жылғы 18 наурыздағы «Қазақстандық фрахталық компаниялар құру туралы», 1994 жылғы 10 қазандағы «Азия лизинг мемлекеттерінің қатысуымен лизингтік компаниялар құру туралы», 1998 жылғы 15 сәуірдегі «Ауыл шаруашылығында лизингті ұйымдастыру шарттары мен тәртібі жөніндегі ережені бекіту туралы», сондай — ақ басқа да нормативтік актілерде көрініс тапты.
Кейбір мамандар «лизинг» сөзінің өзі пайдалануға XIX ғыасырдың соңғы ширегін де енгізілген деп есептейді. 1877 жылы «Бели» телефон компаниясы тұтынушыларға телефон аппараттарын сатпай, оларды уақытша пайдалануға беру туралы қабылдаған шешімі себеп болған. Соған қарамастан, лизингтің қазіргі кездегі түсінігіндегі отаны АҚШ деп санауға болады.
2004 жылғы сараптамаға сәйкес бүгінгі күні Қазақстан нарығында лизингтік қызметтер өзінің 15 лизингтік компаниясын құрған. Көп бөлігі Алматы қаласында құрылған, дәлірек айтқанда: БТА Лизинг, Халақ Лизинг, Центр Лизинг, Альянс Лизинг, Альфа — Лизинг, Медикал Лизинг Групп, Нур-Инвест, Қазтранс Лизинг, АТФ Лизинг және Темір Лизинг, ал қалған төрт компания Астанада: Казагрофинанс, Астана — Финанс, Агромаш Лизинг, Астық Лизинг Компаниясы және біреуі Қарағанды қаласында жайласқан, ол — Қарағанды лизинг Компаниясы.
14 жыл ішінде Қазақстандағы лизингтің даму кезеңдері:
I — кезең (1989 — 1999 ж) — республикада лизингтік бизнестің пайда болу кезеңі. Бұл аралықта бірінші лизингтік компаниялар құрыла бастады және комерциялық банктерде белгісіз көлемдегі лизингтік операциялар жүзеге асыра бастады.
II — кезең (1992 — 1994 ж) — экономикадағы қолайсыз жағдайдың салдарынан, ішкі нарықтағы кризистік жағдайдан лизингтік бизнестің құлдырау кезеңі.
III — кезең (1995 — 2000 ж) — Қазақстандағы лизингтік бизнестің мемлекет тарапынан қолдауымен реттеуінен жандану кезеңі.
IV — кезең (2000 жылдың екінші жартысынан бастап, 2003 жылға дейін) «банктік лизинг» түсінігін заңдылықтарға енгізумен байланысты, банктік лизинг компаниясын құруда, коммерциялық лизинг секторының жылдам қарқындауы мен жандану кезеңі.
Осылайша Қазақстандағы лизингтің дамуының бастапқы кезеңі мемлекеттік лизингтің дамуымен байланысты болды.
1.2 Лизингтік несиелеудің даму қажеттіліктері
Лизинг әлемнің көптеген елдерінде өз дамуын тауып, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың пайдалы әдістерінің бірі болып саналғанымен, Қазақстанда әлі де болса оның даму нысандары мен жолдары анықталуда. Қазіргі экономиканың дағдарыстық жағдайында көптеген кәсіпорындар өндірістің техникалық жаңаруына ірі мөлшердегі қаражаттарды салуды жүзеге асыра алмай отыр. Осыған байланысты барлық меншік нысанындағы отандық өндірістің қолдауға, соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлікті және өндіріс аясын дамыту үшін қосымша жеке инвестициялар тартуға мүмүкіндік беретін лизингтік бизнесті дамыту қажеттілігі туындауда. Шағын кәсіпкершіліктің инвестициялық лизингтік жоспарына қолдау көрсету осы процеске қатысатын негізгі субъектілерін анықтауға негізделуі керек, олар ретінде лизингтік компаниялар түсуі керек.
Лизингтік қызметтер стратегиялық маңызды салаларының тез дамуына жағдай жасай отырып, экономиканың өндірістік секторын нығайтады. Сонымен қатар, лизинг несиелендірудің баламалы формасы ретінде банктер мен лизингтік компаниялар арасындағы бәсекені күшейтеді, несие процентінің төмендеуіне әсер етеді, ал бұлардың өзі өндірістік салаға капитал ағымын ынталандырады.
Дәстүрлі жойға алумен салыстырғанда лизингте несиелеудің ерекшеліктері қандай? Біріншіден, мәміле нысанын лизинг беруші емес, өз есебінен құрал — жабдықты иеленетін лизинг алушы таңдайды. Екіншіден, лизинг мерзімі құрал — жабдықты физкалық тозу мерзімінен (1-20 жыл) жақын. Үшіншіден, келісім — шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін клиент жеңілдетілген ставкамен жол мерзімін ұзарта немесе қалдық құнымен сатып ала алады. Төртіншіден, әдетте лизинг беруші қаржылық мекеме — лизингтік компания болып табылады.
Жалдық төлемдер ай сайын, әр тоқсан немесе жарты жыл сайын жүзеге асырылады.
Жал төлемнің ставкасы әдеттегі коммерциялық қызметтер жағдайындағы сатып алу бағасынан жоғары және құрал — жабдықтың сипаты мен келісім — шарт мерзіміне байланысты белгіленеді.
Қазақстанда лизингтің дамуының өзектілігі сол, еліміз әзірше шикізат ресурстарының әлемдік бағаларына тәуелді және бұл тәуелділік көмірсутекті шикізат экспортының көлемінің ұлғаюына байланысты алдағы орта мерзімді болашақта сақталып әрі өсе түсуде. Ұзақ мерзімде ел экономикасын мұнай бағасының тұрақсыздығынан қолдау мақсатында Қазақстанда мұнай мөлшерінен көлемі 3 млрд. АҚШ долларынан асатын Ұлттық қор қалыптастырылады.
«Біздің іс жүзінде барынша тиімділік беретін үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуіміз қажет», — деп атап көрсетілген Президенттің Қазақстан халқына жолдауында.
Қазақстан экономикасын шикізат ресурстарының бағалары тұрақсыздығынан қорғаудың тағы да бір тетігі отандық өндірістің дамуы болып табылады. Бұл жағдайда елдегі құрал — жабдықтардың 80% тозғанын, алдағы бірнеше жылда оларды алмастыру қажетігін ескерген жөн. Осы мәселені шешудің бір жолы лизингке несие алудың басқа түрлерімен салыстырғанда кешенді сипаты бар сыртқы — экономикалық, несиелік және инвестициялық операциялар элементтерін біріктіретін лизинг болмақ.
Жалпы, лизингтік саланың дамуы экономикалық дамуға бірнеше бағыттар бойынша әсер етеді. Ол шағын және орта кәсіпорындарға өз өндірісін құру мен жетілдіруге мүмкіндік бере отырып, шағын және орта ……
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
Дереккөз: zharar.com