Курстық жұмыс: Банк ісі | Қаржы және несие

0

Мазмұны

Кіріспе
Бөлім 1. Қаржы — ақша
1.1. Ақша туралы жалпы түсінік
1.2. Қаржы
Бөлім 2. Несие
2.1. Несие. Несие түрлері.
2.2. Несиелік ақшалар және олардың Қазақстан Республикасындағы түрлері мен қызметтері
Қорытынды
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

Кіріспе
» Несие мен үшін ең бастысы –ол қажеттілігіңді дәл уақытында қанағаттандыру» Ротшильд.
Ақшадан кейін ізінше несиені ойлап табу және шығару – адамзаттың данышпандық табысы .
Себебі несиені пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық қажетін және жеке қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады. Қарыз алушы кәсіпорынның несие алу арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға, не болмаса қажетті заттарды болашақта емес қазір алуға мүмкіндігі туады.
Сонымен қатар болашақта экономистерге несиенің не себепті шыққаны жәнеде ең бастысы экономикада оның ролі қандай? Соны білу тиіс.
Ақшаның өмір сүруіндегі обьективтік қажеттілік ол тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделеді. Кез-келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар мен ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша-жалпыға бірдей эквивалент.
Несие. Несие бұл белгілі бір мерзімге және белгілі бір пайыздық өсімақысымен берілетін ақша қаражаты. Қазіргі таңда несие беру тәртібі әртүрлі өйткені, несие алу сомасына байланысты.
Қазақстанда несие аты қазір халыққа белгілі бір қаржы көзін көрсетеді. Халықтың несие алу мақсаты өз қаржылық жағдайын жақсарту болып табылады.
Еліміз тәуелсіздік алған соң экономикалық жағдайды жақсартудың бір тірегі бұл несие. Өйткені, халқымыздың бәрінің бірдей әл- ауқаты жақсы емес. Сондықтанда несиенің ролі өте зор. Несие туралы айта келетін болсақ, мысалы: батыста және басқада экономикасы тұрақты мемлекеттерде несиенің экономикаға және халықтың әл-ауқатына тигізетін әсері өте зор, сондықтан да сол елдердің халқы өз көңіліне сай, яғни өзіне ұтымды несие түрін таңдайды пайыздық өсімақысының аздығы, мерзімінің ұзақтығы және тұрақты төлемдік мөлшермен берілуі. Біздің елде мұндай жетістіктерге қол жетікізе қойған жоқпыз.
Біздің халық нсие алуға шошынады, өйткені қазіргі таңда олардың пайыздық өсімақысының жоғарлығы және оның тұрақсыздығы. Әрі мерзімінің қысқалығы сонымен қатар тәуекелділіктің өте жоғарлығы, яғни кепілге қойылатын мүліктің несие мөлшеріне қарағанда өте арзан бағаланатындығы. Әрі несие алатын азаматтың несие талаптарынан, заңдарынан және міндеттерінен өте аз хабардар болуы.
Бұл жеткіліксіздіктерді жою үшін несиенің тиімді және тиімсіз жақтарын халыққа тиянақты жеткізу қажет. Несие ала отырып әрбір азамат сол несиені тиімді жолға салса. яғни белгілі бір нәтижелерге жетсе алғысты төбеден төгер еді. Сондай нәтижелерге жету үшін несиенің тиімсіз жақтарын жою қажет. Банктердің қазіргі таңдағы жүргізіп отырған несиелік саясатындағы басты нәрсе ол несиелік тәуекелді азайту екендігі белгілі.
Қаржы ақшаның жинақталып белгілі бір қорды құраған бөлігі. Арнайы белгілі бір мақсаттармен жинақталған қаржылар өз мақсаттарына пайдаланылып белгілі бір игілікті істер асырады. Оған мысалы мемлекеттік бюджет. мемлекеттік несиелер, арнайы мақсаттарда жинақталынған қорларды жатқызуға болады.
Несиелік ақшалар- ақша қызметінің белгілі бір түрін атқаратын құралдар яғни чектер, вексельдер, депозиттік сертификаттар т.б
Курстық жобаны жазудағы негізгі мақсат — қазіргі несиелеу, қаржыландыру процестерінің жүргізілу әдістерімен және ондағы саясаты қандай, нені негізге алады, тәуекелділікті қалай азайтуда, осы сұрақтарға жауап беру.
Курстық жобаның негізгі міндеттері;
1. Мемлекеттің жүргізіп отырған қаржы-несие саясатының мақсатын анықтау
2. Қаржы-несиелік саясатындағы басты көңіл бөлінетін несиелік тәуекелдерді азайтудың әдістерін қарастыру.
3. Қаржы-несиелік саясатты жаңашалаудың жолдары / инновациялау/.
4.т.б сұрақтар
Куртық жоба ірі кең көлемді екі бөлімдерден тұрады.
Бірінші бөлімде — жалпы ақша , олардың түрлері туралы, ақшаның қаржыға айналу процесін ұйымдастыру әдістері туралы, ақша-қаржы саясат маңызы мен мазмұны туралы баяндалған.
Екінші бөлім кеңінен несиеге арналады. Мұнда несиенің түрлері, несие ақшалар олардың Қазақстан Республикасындағы айналысы туралы баяндалады.
Қорытындыда қаржы- несиелік саясатты дамыту жолдары көрсетілген
Бөлім 1. Қаржы
1.1. Ақша туралы жалпы түсінік
Ақша тауардан дами отырып тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.
Ақша — жалпыға эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Ақша қоғамда ең алдымен өндірілген барлық тауарлардың құнын өлшейтін құрал, яғни тауарлардың бағасын белгілегенде айырбас құралы қызметін атқарады. Себебі әр түрлі тауарлардың құны бір-бірімен теңгермелі, ал сан жағынан салыстырмалы . Бірақ тауарда болатын ішкі қарама-қарсылық өндіріс кезінде тікелей құнның көрінуіне мүмкіндік бермейді. Тауардың құны тек айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен ғана көрінеді. Алайда тауарларды бір-біріне теңестірілетін ақша емес, керісінше, толық құнды ақшаны (алтынды) қоса алғанда бүкіл тауарларды өндіруге жұмсалатын қоғамдық еңбек қана айырбаста тауарларды теңгермелі етеді.
Сонымен ақшаның бірінші атқаратын қызметі – ол өндірілген өнімнің құнын өлшеуші құрал. Тауар құнын өлшеу үшін алтын ақшаның қолда болуының қажеті жоқ. Ақша құн өлшемі қызметін қолдағы ақша емес, қиалдағы, яғни ойдағы ақша ретінде, орындайды. Себебі тауардың құнын өлшеу оны ақшаға айырбастаудан бұрын өтеді, ал құнның тауарлы формасын ақшалай формасына айналдыру үшін тауардың бағасын белгілеу жеткілікті.
Тауардың ақша болып көрінетін құны – тауар бағасы. Баға деген құнның ақшалай көрінетін бейнесі. Енді өндірілген өнімнің құнын ақшамен анықтау керек делік, яғни оны айырбасқа түсіру үшін бағасын белгілеу керек. Ол үшін баға масштабын қолдану қажет. Баға масштабы деп ақша өлшемі ретінде мемлекет белгілеген белгілі бір металдың (алтын, күміс, мыс) мөлшері мен массасын айтады.
Ақшаның құн өлшемі ретіндегі қызметі мен баға масштабының арасында айтарлықтай өзгешеліктер бар. Құн өлшемі – ол ақшаның экономикалық қызметі, яғни құн өнімді шығаруға жұмсалған еңбек шығынын анықтайды. Ал баға масштабы тауардың құнын анықтау үшін емес, оның бағасын белгілеу үшін мемлекет заңды түрде бекіткен – құқықтық сипаттағы техникалық құрал.
Тауардың мемлекет бекіткен бағасының өз құнынан ауытқуы салдарынан металл (күміс, алтын) ақша айналымы кезінде бекітілген ресми баға масштабы өзінің экономикалық маңызын жоятынын айта кеткен жөн. Қазір әр мемлекеттің өзінің нарықтық бағаға негізделіп жасалған іс жүзіндегі баға масштабы бар. Соның негізінде ақшаның құн өлшемі қызметі жүзеге асады.
Айналыс құралы, басқаша айтқанда, тауарлар бір-бірімен айырбасталғанда ақша делдалдық қызмет атқарады. Ақша пайда болғаннан кейін тікелей тауар айырбастау (Т-Т) тауар айналысы (Т-А-Т) формасына айналады. Бұнда екі акты бар: біріншісі Т-А – ол тауарды сату немесе тауарды ақшаға айырбастау, ал екіншісі А-Т – ақшаға басқа өажетті тауарды сатып алуын немесе ақшаны тауарға айырбастауды бейнелейді. Ақшаның бұл қызметі тауар айналымында сапалық өзгерістер енгізді. Атап айтқанда:
Біріншіден, Т-А – процесі өнім өндірушінің өнім дайындауға жұмсаған еңбегін қоғам таныды деген мағынаны білдіреді.
Екіншіден, бір нарықта тауарды сатып, басқа бір нарықта керек тауарды сатып алуға мүмкіндік туады.
Үшіншіден, тауарды ақшаға айналдырып (Т-А), керек тауарды сатып алуды кейінге қалдыруға болады.
Ақшаның айналыс құралы қызметінің ерекшеліктері:
а) тауар мен ақшаның біріне-бірі қарсы қозғалысы;
ә) бұл қызметті ойдағы ақша емес, қолма-қол ақшаның орындауы;
б) бұл қызметін ақша тауарлар айырбасталғанда оларға ілесе жүріп, ілезде шапшаң орындайтындықтан, айырбаста нақты ақша материалы (алтын) емес, оның орнына қолданатын ақша белгілерінің жүруі.
Ақша неғұрлым тез айналса, сол ғұрлым айналысқа аз мөлшерлі ақша қажет. Егер де айналыстағы ақша массасы тауар массасынан көп болса, онда айналымдағы кем бағалы ақша құнсызданады. Оны ғылым тілінде «инфляция» деп атайды.
Тауар айналысы дамыған сайын тауарды сату уақыты оған ақша төлеу уақыты мен сәйкес келе бермейді. Төлемді кешіктіре отырып, сатылған тауарларға ақы төлегенде ақша төлем құралы қызметін атқарады. Сатып алушы тауар үшін ақшаның төлем мерзімі басталған кезде ғана төлейді. Демек, бұл – тауар несиеге сатылды деген ұғым. Тауар несиеге сатылғанда сатушы – несие беруші (кредитор), ал сатып алушы борышқор (қарыздар) деп аталады. Сатып лаушы ақшаның орнына сатушыға қарыз міндеттемесін жазып береді. Қарыз өтелгенде ақша төлем құралы қызметін атқарады.
Ақшаның төлем құралы қызметі тек тауар айналысын қамтумен шектеліп қоймай, сонымен бірге ақша қаржылық және несиелік қатынастарға да қызмет көрсетеді. Барлық төлемдерді төмендегідей түрде топтастыруға болады:
а) тауарларға және көрсетілген қызметтерге ақы төлеу;
ә) еңбек ақы, зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақы төлеу;
б) мемлекеттік қаржы міндеттемелерін өтеу;
в) банктік, мемлекеттік, тұтыну несиелері бойынша қарызды өтеу;
г) сақтандыру міндеттемелерін төлеу;
д) құқықтық-сот сипатындағы ақыларды төлеу және т.б.
Ақшаның төлем құралы қызметінің айналыс құралы қызметінен өзгешеліктері. Бұл қызметінде ақша сатып алу-сату процестерін аяқтайды және қолма-қол ақшамен қатар несие ақшалары да жүреді.
Ақшаның айналыс және төлем құралдары қызметін орындауы үшін қажетті мөлшерде белгілі-бір уақытқа ақша қорын жинау керек. Әр түрлі жағдайларға байланысты тауар айналысы (Т-А-Т) тоқтап (Т-А) қалуы мүмкін. Осының нәтижесінде ақша айналысы да тоқтап, белгілі бір тауарларды сатқаннан соң ақша жиналып қалады. Әрине ақша қорын жинау әр түрлі нақты себептерге байланысты. Мысалы, ауыл шаруашылығындағы жұмыстар жыл мезгілдеріне байланысты жүргізіледі. Көктемде егін егі үшін алдын ала қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу немесе жөндеуден өткізу, тұқым және жанар-жағар майларды дайындау және т.с.с. жұмыстарға ақша қорын жинау керек. Бұл экономикалық себептер. Сонымен қатар пайдакүнемдік, әшекей бұйымдарын жинау, жеке қор жинауға құмарлық, т.с.с. әлеуметтік себептер де ақша жинауға әсер етеді.
Ақша қорын жинау заңды және жеке тұлғалардың жинақтар түрінде болады. Бұл дегеніміз хылықтың банктердегі салымдары, мемлекеттік облигациялары, ұымдардың банктердегі шоттарындағы ақша қаражаттарының қалдығы.
Ақшаның қор жинау қызметі арқылы ұлттық табысты қалыптастырып қайта бөлу процесі жүреді.
Ақша айналымы әлемдік нарықта қамтиды. Бұл ақшаның дүниежүзілік қызметінің алғы шарты. Ақша халықаралық сауда саттықта қызмет көрсетеді. 1867 жыл Париж келісімі бойынша дүниежүзілік ақшаның қызметін алтын атқарады деп бекітілген.
Ақша реформасы деп- мемлекеттік ақша жүесіне өзгеріс енгізуді айтады. Ақша реформасы жүргізілгенде бір ақша жүйесін екінші ақша жүйесімен ауыстырады, я болмаса сол ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгертеді.
1922-1924 жж ақша реформасын жүргізүге мына жағдайлар әсер етті.
Біріншіден, 1917 ж. қазан төңкерісін кейін патшалық Ресеиден қалған тауар-ақша айналымын елдегі азамат соғысы мен шетел әсерлік интервенциясы одан әрі бұзылуына жол ашты.Оның мәні -өндірушілерге азық тұлік алымын продразверстка салу, яғни шаруалар өндірген өнімінің өз қажетінен артығын, тіпті кей жағдайда өзіне қажетті бөлігін де мемлекетке нақты бағамен өткізу.Алайда өткізген өніменің шаруалар қолма-қол ақша ала алмай қарызға береді.Осының салдарына нарықта сатылатын тауарлар күрт азайып, бағалары өсті.Халық азық түлікпен және керекті заттармен тек карточкамен қамтамассыз етілді, жалақы заттай түрде берілді.Мысалы,1917ж. жалақының 5— заттай төленсе, ал 1920 ж. ол көрсеткіш — 93- — жетті.Ақшаның қызметі тек жалақының есептеудің шектеліп қолма-қол ақшаны тек әскер қатарындағылар ғана алды.Сөйтіп,тауар-ақша айналымы тарылды .Ақшаның мәні төмендеді, ақша жүйесі одан әрі бұзылды.
Екіншіден, ақша айналымына жүйелі түрде көп мөлшерде ақша шығару да ақша жүйесінің бұзылуына әсер етті.
Ақша реформасының екінші аяқтау кезінде,яғни 1924 ж.5 ақпанына бастап елдің барлық жерінде төлем құралы ретінде пайдалынатын бағасы 1,3 және 5 сом болатын қазыналық билетке айналымға шығарылады
10 қазыналық билет 1 червонец тең, демек 1 сом 0,774 г алтыңға тең, яғни червонецтің 1/10 бөлігі,
1924 ж. 15 ақпанынан бастап 1923 жылдан шығарыла бастаған ақшаның кеңестік белгілері айналымға шығарылмай және оның сақтаудағы қоры жойылады. 1924 ж. 22 ақпанынан бастап бурын дайындап қойған бағасы 10,15,20 және 50 тиын болатын күміс тиындар және бағасы 1,2,3,4,5 мыс тиындар аиналымға шығарылады . 1924 10 наурызынан бастап айналымдағы ақшаның кеңестік белгілерін нақты курспен сатып алу басталды; есеп 1 сом қазыналық билет немесе 1 сом алтын 1923 ж. үлгідегі 50 мың ақша теңгерілді немесе 1 сом соғысқа дейінге 50 млтд сомға тең .
Сөйтіп ақша реформасы 1922ж. қазанынан басталып, 1924ж. наутызында аяқталады оның маңызы мынада елдің; ақша жүйесі қайта қүрылып , жана сипатқа ие болды реформаға дейін бюджетінің кемшілігін толтыру мақсатынан қағаз ақша шығарылса, енді тауарлармен және алтының қамтамассыз етілген несие ақшаоары шығарылатын болды. 1924 ж. аяғына кемшіліксіз бюджет қалыптасты.1925 жыыылдан бастап ақшаны тек Мемлекеттік банк шығарылатын болды;
Ұлы Отан соғысынан кейінгі халық шаруашылығын өркендетудің бесжылдық жоспарларын артығымен орындаудың нәтижесінде, елдің ақша айналымы, мемлекеттік бюджет, ұлттық табыс және т.б. аса зор көрсеткіштерге жетіп, 60-жылдардың бас кезінде олар жүздеген миллиард және триллион соммен есептелді. мұндай үлкен сомамен есеп жүргізу қаржы-банк және шаруашылық мекемелерінің жұмысын күрделілендірді. Аса ірі көлемдегі құн көрсеткіштерін есептеуге қоладынп жүрген баға масштабы өте ұсақ болды.
Есеп жұмысын жеңілдету мақсатында КСРО үкіметі 1961 жылдың 1 қаңтарынан баға масштабын 10 есе ірілендіру, сомның алтын құрамын өсіру және айналымдағы ақшаны жаңа ақша үлгісіне өзгерту туралы шешім қабылдады.
Баға масштабын өзгерту шаралары мына тәртіппен жүргізілді:
• 1961 ж.1 қаңтарынан айналысқа жаңа үлгідегі 1, 3, 5, 10, 25, 50 және 100 сом мемлекеттік банктің билеттері (банкноталар) және 1, 2, 3, 5, 10, 15, 20 және 50 тиын майда монеталар шығарылды;
• ескі үлгідегі ақша белгілері мен майда тиындар жаңа үлгідегі ақшаға 10 сом ескі ақша 1 сом жаңа ақшаға арақатынасымен айырбасталды;
• ақша айырбастау процесі үш ай мерзімде жүрді, сондықтан 1961 жылдың І тоқсанында айналымда ескі және жаңа ақшалар бірдей жүріп, ақша операциялары бекітілген арақатынаспен жүргізілді;
• сол арақатынаспен тауарлар мен қызметтердің бағасы, халықтың еңбек ақысы және басқа табыстары, сондай-ақ халықпен, кәсіпорындар мен ұйымдардың арасындағы есеп айырысу осы ірілендірілген баға масштабымен қайта есептелді.
Баға масштабын ірілендіру нәтижесінде ақшаның сатып алу мүмкіншілігі 10 есе ұлғайып, халықтың табысы (жалақысы, зейнетақысы, шәкіртақысы және т.б.) сонша есе азайды. Тек ақша есебі жеңілдетілді. Тауар бағалары мен тарифтердің 10 есе кемуі майда тиындарды кең мөлшерде пайдаланып, сауда жүйесіне автоматтарды кең көлемде енгізуге мүмкіндік туғызып, айналым және есептеу шығындарын азайтты. Жаңа ақшаның форматы кіші болғандықтан, оларды алып жүру де ыңғайлы болды.
Баға масштабын ірілендірумен қатар ақшаның алтын құрамын және оның шетел валютасына қарағанда курсын арттыру жүргізілді. 1961 жылдың 1 қаңтарынан рубльдің жаңа алтын құрамы бұрынғы 0,222168 г орнына 0,987412 г алтынға теңгерілді. Бұл 1913 жылғы оның алтын құрамынан
Қазақстан Республикасында 1993 жылы ақша реформасын жүргізудің негізгі себебі — ақша белгісін тұрақтандыру. Себебі КСРО ыдырағаннан кейінгі екі жыл аралығында кеңестік рубль (сом) бұрынғы одақтас республикалардың орнына құрылған тәуелсіз елдерде біртектес ақша ретінде қолданылды. Ол елдерде 1986 жылы басталған экономиканы қайта құру кезінде өндіріс құлдырап, айналыстағы ақша массасы өсіп, инфляция қарқыны шарықтады. Тауарлар мен азық-түлік негізінен шетелдерден тасылды. 1990 ж. қолма-қол ақша эмиссиясы 25 млрд сом болды, ол 1981-1985 жж. эмиссияланған қосымды сомадан әлдеқайда көп еді.
1991 ж. қаңтарындағы «КСРО Мемлекеттік банкнің 1961 ж. үлгідегі 50 және 100 сомдық ақша белгілерін төлемге қабылдамау және оларды айырбастау тәртібі мен азаматтардың салымдарынан қолма-қол ақша беруді шектеу туралы» КСРО Президентінің Жарлығы және КСРО Министрлер Кабинетінің қаулысына сай 1991 ж. үлгідегі 50 және 100 сомдық купюралар шығарылды. Ескі ақшаларды жаңасына айырбастау процесі жеке адамдар үшін үш күнде өтті. Кейін 1992 ж. айналысқа 200, 500, 1000 сомдық кеңестік үлгідегі ірі купюралар шығарылды.
Республикалар өздерінің егемендігін жариялаған бойда оларда 15 ұлттық банктер құрылып, олар бір-біріне тәуелсіз орталық банк ……….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!